Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Күрделі ауру атаулары

Ғылыми мақалада адамға қатысты күрделі ауру атауларының морфологиялық тәсілдер арқылы жасалу жолдары жан-жақты қарастырылған. Қазақ тіліндегі ауру атауларының екі немесе одан да көп сөздердің бірігуі арқылы жасалатыны кеңінен баяндалған. Оған байланысты нақты мысалдар келтірген.

Ауру атауларының жасалу үлгілері әртүрлі болғанымен, олардың өзіндік жүйесі мен құрылымы бар екенін айта отырып, олардың жасалуының өзіндік сөзжасамдық моделіне тоқталған. Тілдің сөздік қорындағы мұндай лексикалық бірліктердің құрамында зат есім + зат есім, сын есім + зат есім, зат есім + етістік, етістік + етістік, есімдік + есімдік, сын есім + зат есім т.б. сөз таптары қолданыла беретіндігі айтылған.

Мақалада осы үлгімен жасалған біріккен ауру атаулары тілдегі ең үлкен топтарға бөліп қарастырылған. Біріккен ауру атауларының құрамындағы сөздердің бірігуінің мынадай ерекшеліктері бар: біріншіден, біріккен сөз құрамындағы компоненттер бір-бірімен валенттілігі жағынан байланыста тұрады, екіншіден, ауру атауының таңбалануы ұғымдық уәжділікке, семантикалық шектестікке, дыбыстық сәйкестілікке негізделеді.

Морфологиялық тәсілдің бірі – сөздердің бірігуі болып табылады, ал қазақ тіліндегі адамға қатысты ауру атаулары екі немесе одан да көп сөздердің бірігуі арқылы жасалады. Мысалы, жыланкөз ауру атауы екі сөздің жылан және көз бірігуі арқылы жасалып, белгілі бір аурудың түрін білдіреді.

Ауру атауларының жасалу үлгілері әр түрлі болғанымен, олардың өзіндік жүйесі мен құрылымы бар екені белгілі. Олардың жасалуының өзіндік сөзжасамдық моделі бар.

Тілдің сөздік қорындағы мұндай лексикалық бірліктердің құрамында зат есім + зат есім, сын есім + зат есім, зат есім + етістік, етістік + етістік, есімдік + есімдік, сын есім + зат есім т.б. сөз таптары қолданыла береді.

Ауру атауларында көбіне біріккен тұлғалы есімдер қолданылады. Олардың сипатын мынадай модельдер арқылы анықтауға болады:

  1. Сын есім мен зат есім моделі (С+З): қараталақ, суқараңғы, көктүйнек, аққұрт, қараөкпе, сарыкүйік, сарысу, ақбас, ақтаңдақ, алапес, алаөкпе, сарыбуын, шорбуын, қарабез, қарашірік, қаратүйнек, қаратұяқ, қарақаптал, қараталақ, ақауыз, ақбас, аққаптал, ақбайпақ, ақтопалаң, ақшелек, ақшешек, алабауыр, сорбуын, көктүйнек, көкшешек, көкбауыр, т.б. Осы үлгімен жасалған біріккен ауру атаулары тілдегі ең үлкен топты құрайды.
  2. Зат есім мен зат есім моделі (З+З): тұзкесел, құрқұлақ, безтамақ, майтабан, есекжем, енбау, жұлынқұрт, жауырынқұрт, қылтамақ, буынқұрт, бақайқұрт. жауырынтақ.
  3. Зат есім мен етістік моделі (З+Ет): қантышқақ, шашжегі, теріскен.
  4. Сын есім мен сын есім моделі (С+С):

көгала, көксау.

  1. Сын есім мен етістік моделі (С+Ет):

ақтышқақ, аққатпа.

  1. Зат есім мен үстеу моделі (З+Ү): желінсау, етеккір, жемсау.
  2. Сын есім, зат есім мен зат есім моделі

(С+З+З): ақтаңдақ.

Ауру атаулары белгілі бір сөз табына қатысты болғандықтан, олардың көбі дара зат есімдер мен күрделі зат есімдерден жасалған.

Тілімізде екі сөздің бірігуі арқылы жасалған ауру атаулары көп кездеседі.

Біріккен сөздердің болмысы құрамының екі негізден тұрып, бір ұғымды таңбалауы арқылы айқындалады.

Сөзжасамдық семантика аясында саралағанда, сөздердің бірігуінің мәнісі – болмыста танылған ұғымның белгісі мен қасиетін, ерекше номинативтік белгісін тілімізде бұрынан

бар негіз сөздердің мағыналық уәжділігі негізінде таңбалау. Атау екі себепші негіздің бірігуі арқылы жасалады да, бір таңба ретінде даяр қалпында жұмсалады [1, 248]

Күрделі туынды сөздердің әуел баста еркін тіркестерден жасалғаны жайлы профессор Р. Әмір былай дейді: «Сөз тудыру, сөздің грамматикалық мағынасын құбылту үшін пайда болған тіркестер сөз тіркесі қатарына жатпайды: қызыл балық, ақ боз, ақ баттауық, көк ала. Мысал ретінде келтірілген сөздер – күрделі сөздер. Бұлардың компоненттері бастапқыда синтаксиске тән тәсілдер арқылы қосылғанмен, қазір бір ұғымды құрайтын сөз қалпына енген. Көп жағдайда осылай құралған тіркестер жүре келе бірігіп, біріккен сөздерге айналып кетеді [2, 11]

А. Салқынбай біріккен сөздердің бірігіп жазылуының екі түрлі факторына тоқталады: ыстың атауы болғандықтан, бірігіп жазылады;

2. Заттың номинативтік белгісі т

1. Болмыстағы нақты заттың не құбыл олық айқындалып, ерекше таңба ретінде танылған атаулар бірігіп жазылады [3, 251]

Біріккен сөздер бір ұғымды таңбалайды, мағыналық құрылымы – күрделі, синтаксистік жүйесі – тұтас, морфологиялық құрамы – бүтін. Біріккен сөздің мағынасы оның құрамындағы компоненттердің мағыналары арқылы уәжделеді және белгілі бір атауға ие болады. Мысалы: «ақтаңдақ» деген ауру атауы «ақ»,

«таң» және «дақ» сөздерінің мағынасы арқылы, яғни денегі түскен дақ түсінің ақ болып келуі негізгі номинативті белгіге айналуы нәтижесінде жаңа екіншілік атаулық мағына қалыптасады. Сол сияқты, төмендегідей біріккен ауру атаулары да құрамындағы себепші негіздердің мағыналары арқылы уәжделіп тұр: шорбуын, жарымес, құрқұлақ, көршиқан, қантышқақ, майтабан, суқараңғы, жыланкөз, қылтамақ, енбау, жемсау, айкезбе, айырбақай т.б.

Біріккен ауру атауларының құрамындағы сөздердің бірігуінің мынадай ерекшеліктері бар. Біріншіден, біріккен сөз құрамындағы компоненттер бір-бірімен валенттілігі жағынан байланыста тұрады. Ауру атауының таңбалануы ұғымдық уәжділікке, семантикалық шектестікке, дыбыстық сәйкестілікке негізделеді.

Екіншіден, біріккен ауру атауларының құрамындағы сөздердің біріншісі көбінесе екінші сыңарының сын-сапалық, қасиеттік белгілерін айқындайды. Мысалы: көкжөтел, сарауру.

Үшіншіден, біріккен ауру атауларының құрамындағы сыңарлар ерекшеленбей, бір интонациямен айтылады. Төртіншіден, біріккен ауру атауларының құрамындағы сыңарлар жаңа сөз жасауда өзіндік сөзжасамдық парадигма құрауға қабілетті. Мысалы:

өкпе

түйнек

Қара қаптал

без талақ

Қара тұлғасының бірігіп келуі арқылы жасалған туынды атаулар: қараөкпе, қарашірік, қаратүйнек, қаратұяқ, қарақаптал, қарабез, қараталақ.

Ақ тұлғасының бірігіп келуі арқылы жасалған туынды атаулар: аққатпа, ақауыз, ақбас, аққаптал, ақбайпақ, ақтопалаң, ақтышқақ, ақшелек, ақшешек, ақтаңдақ.

Ала тұлғасының бірігіп келуі арқылы жасалған туынды атаулар: алапес, алабауыр, алаөкпе.

Сары тұлғасының бірігіп келуі арқылы жасалған туынды атаулар: сарбуын, сарсу.

Құрт тұлғасының бірігіп келуі арқылы жасалған туынды атаулар: буынқұрт, аққұрт, бақайқұрт, жұлынқұрт, жауырынқұрт.

Сау тұлғасының бірігіп келуі арқылы жасалған туынды атаулар: көксау, жемсау, желінсау.

Буын тұлғасының бірігіп келуі арқылы жасалған туынды атаулар: шорбуын, сарбуын, сорбуын.

Тамақ тұлғасының бірігіп келуі арқылы жасалған туынды атаулар: қылтамақ, безтамақ. Көк тұлғасының бірігіп келуі арқылы жасалған туынды атаулар: көктүйнек, көкшешек, көгала, көксау, көкбауыр.

Сондай-ақ, мысалдарда көз, құлақ, табан, тамақ, емшек, ішек, іш, шаш жауырын тұлғаларының бірігіп келуі арқылы жасалған туынды атаулар да бар: жауырынтақ, құрқұлақ, жыланкөз, шашжегі, майтабан.

Н. Оралбай біріккен атаулар деп сыңарлары дыбыстық жағынан өзгеріссіз қалыпта тұрып, мағына тұтастығына көшкен сөздердің аталуын айтады. Профессор біріккен сөздердің

6 мағыналық тобын көрсетіп береді. Олар: өсімдік атаулары, жан-жануар, ауру атаулары, көне атаулар, туыстық атаулар, ойын атаулары. Әрі біріккен сөздер тек осы 6 мағыналық топтан тұрмайтынына, олардың әлдеқайда көп екеніне, оның бәрін келтірудің мүмкін еместігіне тоқталып өтеді. Мағына жағынан біріккен атаулардың ішінде ауру атаулары да бар, мынадай мысалдар келтіреді: айкезбе, айырбақай, ақауыз, ақбайпақ, ақбас, аққаптал, аққатпа, аққұрт, ақтаңдақ, ақтопалаң, ақтышқақ, ақшелек, ақшешек, алабауыр, алагүлік, ашбаспақ, бақайқұрт т.б. Келтірілген біріккен сөздердің мағыналық топтары олардың мағына түрлілігін дәлелдейтіні анық [4, 133]

Тілімізде екі сөздің сіңісуі арқылы жасалған, кіріккен ауру атаулары да кездеседі.

Кіріккен атаулар деп өзінің құрамындағы сыңарлардың дыбыстық өзгеріске түсіп, бірбірімен жымдасып, ықшамдалып кірігуінен жасалған түрі аталады. Ал бір сыңары ғана дыбыстық өзгеріске түскен кіріккен зат есім сөздердің сыңарларын ажырату онша қиын емес. Мысалы: көгала (көк+ала), теріскен (тері+іс+ -кен), алапес (ала+без) т.б.

Қорыта келе, қазақ тілінде күрделі ауру атауларын көптеп кездестіруге болады. Әсіресе, адамға қатысты ауру атауларының өзіндік жасалу жолдары мен тәсілдері бар.

 

Әдебиеттер

  1. Шойбекова Ғ. Туынды сөздердің мағыналық ерекшелігі мен уәжділігі. (семантикалық тәсіл). Филол. ғыл. канд. автореф.: 10.02.02. – Алматы, 2006. – 28 б.
  2. Салқынбай А.С. Қазақ тілі сөзжасамы. – Алматы: Қазақ университеті, 2003. – 271 б.
  3. Шәкенов Ж. Қазақ тіліндегі күрделі сөздер тұлғалар. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 120 б. 4 Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 213 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.