Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетінің

Мақалада қазіргі кезде тілде өзекті орын алып отырған – көптілділік, тілдерді білу мәселесі қарастырылған. Көптілділік ұғымы, беретін мәні туралы анықтамалар келтірілген. Тілдерді білу, бірнеше тілді игеруде мемлекеттік тілге қатысты ғалымдар пікірлері мен тұжырымдары берілген, қазіргі білім беру саласында орын алып отырған үш тілді білу бойынша мәселелер қозғалған.

Мақала көптілділік ұғымы мен оның қазіргі кездегі маңызы бойынша ой-пікірлерді жүйелеу арқылы құрылып, тілдерді білу, мемлекеттік тілді игеруге қатысты мәселелерді қамтиды. Авторлар мақалада көптілді білу, тілдерді игеру кезіндегі мемлекеттік тілдің орны тәрізді тіл ғылымында негізгі орын алып отырған мәселелерге тоқталып, мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін қатынастардың аса маңызды құралы ретінде тілдерді білудің көптілді және көпмәдениетті құзіреттіліктерді игерген жеке тұлға қалыптастырудағы маңызына тоқталады.

Көп тіл білу біздің мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін қатынастардың аса маңызды құралы

болып табылады. Президентіміз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауындағы білім беру жүйесінде үш тілдің – мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін, ұлтаралық қатынас тілі ретінде орыс тілін және әлемдік экономикаға үйлесімді кірігу тілі ретінде ағылшын тілін меңгерген, бәсекеге қабілетті маман даярлау міндетін атап көрсеткенін білеміз. Бұл дегеніміз оқу орындарына жаңа міндеттер, жаңа талап қойып отыр. Негізгі мақсаты – өмірден өз орнын таңдай алатын, өзара қарым – қатынаста өзін еркін ұстап, кез келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласында білімі мен білігін көрсете алатын, көптілді және көпмәдениетті құзіреттіліктерді игерген жеке тұлға қалыптастыру.

Көптілді меңгерген, өзін-өзі әлеуметтік және кәсіби билеуге, өздігінен дамуға, өздігінен жетілуге қабілетті тұлға жауапкершілігі мол, өз мамандығы бойынша халықаралық стандарт деңгейінде тиімді іс-әрекетке қабілетті болуы, кәсіби деңгейінің өсуіне ынталы болуы, әлеуметтік және кәсіби бейімділігі жоғары, үш тілді: мемлекеттік тілді қазақ тілін, ұлтаралық қатынас құралы ретінде орыс тілін, дүниежүзілік экономикалық кеңістікке кірігу тілі ретінде ағылшын тілін еркін меңгерген тұлға болуы тиіс. Бұл міндетті шешудің маңыздылығы Қазақстанның жаhандану жағдайында ұлттық білім жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ұмтылысымен айқындалады.

«Көптілділік» термині орыс тілінен шыққан, қоғамда әр түрлі тілдердің таралуы, жеке тұлғалардың бірнеше тілдік құралдар арқылы сөйлесу мүмкіндігі ретінде түсінік беріледі. Біздің республика көптілді болып табылады, өйткені мұнда жүзден астам халықтар және Ресейдегі 130 ұлттардың өкілдері өмір сүреді. Ал бүкіл әлемде 3 мыңға таяу тірі тілдер бар деп саналады.

Энциклопедиялық сөздіктерде көптілділік белгілі бір көпұлтты аумақта бірнеше тілдердің әрекет етуі ретінде түсіндіріледі. Бұл ұғымды сөйлесу қажеттілігіне қарай адамның бірнеше тілді білуі мен қолдануы ретінде де ұғынуға болады.

Көптілділік жақын туыстас болуы мүмкін (мысалы, туыстас тідерді меңгеру: орыс-украинбелорус, татар-башқұрт-түрік және т.б.)туыстас емес, яғни, үш және одан да көп туыстас емес тілдерді меңгеру (мысалы, орыс-татарудмурт, татар-орыс-ағылшын және т.б.). Сонымен бірге, екі немесе одан да көп тілдерді мемлекеттік деп тану белгілі бір шағын әлеуметтік топ аясында бұқаралық құбылыс ретінде полилингвизмді нұсқайды. Осылайша, Татарстанда, мемлекеттік тілден басқа шет тілдері оқытылады, оны трилингвизм дамуы ретінде анықтауға болады, ал басқа ұлт өкілдері (чуваштар, марийцтер және басқалар) сонымен бірге ана тілін де меңгереді. Трилингвизм жағдайы республикада көп кездеседі.

Педагогикалық тұрғыдан алып қарағанда, қостілділік лингвистикалық, психолинигвистикалық және әлеуметтік лингвистикалық аспектілерге сүйенеді. Соның ішінде педагогикалық аспектінің негізгі міндеті – екі тілді де оқытудың әдістері мен тәсілдерін жасау және тәжірибеде қолдану, оны меңгеру деңгейін зерттеу. Бұл түсінікке сөйлеу әрекетінің ауызша (аудиолау, сөйлеу), сонымен бірге жазбаша (оқу, хат) түрлері де кіреді. Бұл оқытушылар мен ұстаздар алдына жоғары әдістемелік біліктілік талаптарын қояды. Ал, социолингвист ғалым Б. Хасанов: «Тіл дамыту әдіснамасы әлеуметтік лингвистика құзырындағы нысан», деп атап көрсетеді [1, 17]. Тілдерді дамыту – еліміздегі мемлекеттік саясаттың аса маңызды бағыттарының бірі. Әлеуметтік лингвистика мемлекеттік тілдің болашағын дұрыс болжап, тіл саясатын дұрыс жоспарлауға бағыт-бағдар көрсетеді.

Профессор Б.Қасым әлемдік білім кеңістігіне енудің жолдары ретінде мынаны атап көрсетеді: «Қазақ тілін үштілділіктің көлеңкесінде (ағылшын, орыс) қалмайтындай, еңбек нарығында мемлекеттік тілді білуді талап етуді бірінші орынға қою, елімізде қазір керісінше, ағылшын тілін білуді талап етуде, ғаламдану үрдісінде ол да дұрыс шығар, бірақ бәсекелестікке төтеп бере алатын қоғамның мүддесі мен мақсатына қызмет ететін қазақ тілін сол деңгейге жеткізу, барлық білім беру жүйесінде мемлекеттік тілді оқытуды саннан сапаға көшіріп, оқулықтардағы олқылықтарды орнына келтіріп, білімді де білікті мамандармен қамтамасыз ету, біліктілігін арттыру» [2, 32].

Бүгінгі күні «үштұғырлы тіл» идеясына зиялы қауым ерекше назар аударып отыр. Бұл әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру мақсатынан туындап отырған сын екендігін әркім айқын сезінеді, мемлекеттік тіліміздің қолданысын ығыстырмайды деген сеніммен қарайды. Елбасының Қазақстан халқына 2007 жылғы Жолдауында үш тілдің орны мен мәртебесі анық көрсетіліп, атқарар қызметі айқын бөлінген: «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын кезеңдеп іске асыруды қолға алуды ұсынамын. Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуы тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі [3, 7]. Бұл жөнінде ғалым Н.Уәлиұлы: «...Ең алдымен, мемлекеттік тілдің үш тағаны (басқару, ақпарат, ғылым-білім саласындағы қызметі) түгелденуге тиіс. Үштұғырлы тіл формуласында ең бірінші осы мәселе шешімін табуы қажет және мемлекеттік тіл жоғары деңгейде болғаны абзал. Өйткені қазақ тілі мемлекет құрушы этностың тілі, мемлекеттің бірден-бір тірегі деп күллі Қазақстан жұртшылығы мойындағандықтан, Ата Заңымызда конституциялық мәртебе алды. Сондықтан оның тағдыры жөнінде жауапкершілікті, әлемдік қауымдастықтың алдында, ең алдымен мемлекет өз мойнына алуы тиіс», деп атап көрсетеді [4, 4]. Ғалым тілдерді білуді дамытуда мемлекеттік тілдің орнына баса назар аударады.Ең алдымен, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуге көңіл бөлу қажеттігін атап көрсетеді.

Жалпы адам неғұрлым көп тілдерді білген сайын, соғұрлым мүмкіндіктері де арта түседі. Өз ана тілінен басқа бір шет тілді меңгерген адамның келесі тілдерді меңгеруі әлдеқайда жеңіл болатынын психолог ғалымдар дәлелдеген. «Қандай да болмасын бір өзге тілді білетін адамға екінші тілді меңгеру біріншіге қарағанда айтарлықтай жеңіл және тез болады. Себебі, бірінші өзге тілді меңгергенде, адамда ана тіліне қосымша үйренуші тіл сезімі қалыптасады, сонымен қатар, жалпы тіл ерекшеліктерін айыра білу қабілеті дамиды, осы қабілеттің арқасында адам тек қана үйренетін тілдің емес, жалпы тілдердің арасындағы ерекшеліктерді айыра алады» [5, 22].

Көптілді меңгеру деген ұғым қазақ дүниетанымында бұрыннан бар түсінік. Мұны ел басқарушыға қойылатын талаптардың бірі «жеті жұрттың тілін білу» екендігінен байқауға болады. Себебі ата-бабамыз көптеген хандықтардың көшбасшысына жеті өнерді меңгерген адамды лайық деп танып, сайлаған.

«Елін қорғауда – бес қаруын толық пайдалана білу», «ата-бабасының салып кеткен әдет-ғұрып, салт-дәстірін білу», «тұрмысты елді мекеннің географиялық орналасуына сәйкес ұйымдастыра білу» және «көршілес мемлекеттермен сауатты саяси қатынас жасай білу» т.б. Тарихи деректер сүйенсек «жетпіс тілді білген» Әбу Насыр әл-Фарабиден бастап жеті тілді меңгерген көптеген ұлы тұлғалар бар. Солардың бірі ұлы ақын Абай атамыз діни сауатын араб тілінде ашып, орыс тілін өз бетінше меңгерген және де А.С. Пушкиннің, М.Ю. Лермонтовтің т.б классиктердің шығармаларын аударды. Сол ұлттың тілін білу арқылы ұлан ғайыр қазақ даласына орыс мәдениетін таратқан. Сондықтан үлкен көштен қалмаудың бірден бір жолы көп тіл меңгеруде.

Көптілді және билингвалды білім беру үлгісін енгізудің идеялық негізіне Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың: «Бізге кейбір пәндерді мектепте оқыту бір мезгілде қазақ тілінде де, орыс тілінде де жүргізілуі туралы ойласу керек. Бұл – біздің бүкіл білім беру жүйеміз үшін жаңа міндет», деген сөздері басшылыққа алынған [6, 1]. Елбасымыз 2006 жылғы Жолдауында Қазақстандықтардың жаңа ұрпағы кем дегенде үш тілді біліп, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін сөйлеуі шарт екендігін, көптілділік біз үшін қалыпты жағдайға айналуы керектігін айтса, 2007 жылғы Жолдауында: «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуы тиіс», деген болатын /3/.

Әлемдік білім беру іс-тәжірибесінде көптілді және билингвалды білім беру жаңалық емес, атап айтқанда, АҚШ пен көптеген Еуропа елдерінде, әсіресе соңғы жылдарда бұл бағытта жетістіктерге қол жеткен. Әлемдік білім берудің іс-тәжірибесі негізінде де (АҚШ, Франция, Англия, Германия елдерінде) мемлекеттік тілді білу арқылы жүзеге асыру басшылыққа алынады.

Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған Тілдерді қолдану мен дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында Қазақстан халықтарының тілдерін дамытудың стратегиясы көрсетілген және ол мынадай негізгі төрт мақсатқа негізделген:

Бірінші мақсат: мемлекеттік тіл – ұлт бірлігінің басты факторы.

Екінші мақсат: мемлекеттік тілді кеңінен қолдануды көпшілікке тарату.

Үшінші мақсат: дамыған тіл мәдениеті —

зиялы ұлттың күш-қуаты.

Төртінші мақсат: қазақстан халқының лингвистикалық капиталын дамыту.

Қазақстан халқының лингвистикалық капиталын дамыту мақсаты мемлекеттік тілге қоса еліміздегі басқа да тілдерді оқып-үйренуді міндеттейді. Бұл мақсаттың аясында қазақ жұртын мекендейтін халықтардың тілдерін дамыту міндеттелген. «Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте!» деген Қадыр Мырза Әлидің әйгілі өлеңінде лингвистикалық капиталдың негіздемесі жатыр.

Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған Тілдерді қолдану мен дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында еліміздегі өмір сүріп жатқан халықтардың мәдениеті мен дәстүріне құрметпен қарайтын, үш тілде еркін меңгерген, көпмәденилік тұлғаны тәрбиелеу ісіне көп мән беріледі. Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті білім беру стандарты тіл үйренушілерге кәсіби білім беруде және оқу үрдісінде көпмәденилік білім беруді енгізу мүмкіндігін қарастырады. Тілдік пәндерді оқу барысында білім алушылар әр ұлт пен әр тілдің өзіне тән ерекшеліктерімен танысып, әр тілдің ұлттық нормаларының көптүрлілігіне, оларды бағалауға немесе салыстыруға болмайтынына көз жеткізеді және тілдерге тән бұл ерекшеліктерге түсіністікпен қарай отырып, әр азамат өз бойында басқа ұлттарға деген құрметтеушілік сезімді қалыптастырудың маңыздылығын түсінеді. Көпмәденилік білім беру туралы сөз қозғаған кезде әр түрлі тілдер мен мәдениеттер арасындағы қарым-қатынастар мәселелеріне ерекше көңіл аударған жөн, өйткені бұл білім беру саласындағы қазақ тілін оқыту мәселесінің кеңінен қанат жаюына және бұл арқылы елдегі басқа ұлттар мен мәдениеттерге деген сыйластық қарым-қатынастың дамуына ықпал етеді.

Жер жүзінің өркениетті елдерінде білім – ең алдымен экономиканың негізгі өндіруші саласы болып есептеледі. Ендеше, білім мен ғылымды дамытпай, мемлекетті алға сүйреу мүмкін емес. Еңбек ресурстарының бәсекелестігі тікелей білімге қатысты. Әсіресе, қазіргі әлемдік жаһандану кезеңінде жастарға берілер білімнің мазмұнының ұлттық құндылықтарға, мәдениетаралық түсінік-пайымға, ақпараттық жетістіктерге, сонымен бірге, әрине, халықаралық тілдерді меңгеру үрдісіне де қатысы орасан. Б. Хасанұлы Қазақстандағы «тілдердің үштұғырлығы» саясатына қатысты: «Көпұлысты тілдік қатынас сұранысы – үштілділік. Қазақстандағы қостілділікті де, үштілділікті де тек қана Қазақстанның мемлекеттік тілі негізінде дамыту шарт», деген болатын [1, 48]. Үштілділіктің қазақ тілі сыңарын алдымен дамытуды басты назарға ұстай отырып, жүргізілген тіл саясаты еліміздегі әлеуметтік-тілдік ахуалдың тұрақтылығын, мемлекеттік мәртебесіндегі қазақ тілінің кеңінен қанат жаюын қамтамасыз етеді.

Көптілді болу – уақыт талабы. Тіл арқылы өсіп келе жатқан ұрпақты әмбебап, жаһандық құндылықтарға қосу, әлемдік кеңістік пен көршілес мәдениеттер өкілдерімен қарым-қатынас жасап, сөйлесе білу дағдыларын қалыптастыруға болады. Көптілділік қазіргі әлемнің басты мәселесі – адамдар арасындағы келісім мен өзара түсінушілікті шешуге көмектеседі. Елдің ертеңі өресі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтарын өсіру үшін бүгінгі ұрпаққа ұлттық рухани қазынаны әлемдік озық ой-пікірімен ұштастырған сапалы білім мен тәрбие берілуі қажет.

 

Әдебиеттер

  1. Хасанұлы Б. Ана тілі – ата мұра. – Алматы: Жазушы, 1992. – 272 б.
  2. Қасым Б. Мемлекеттік тілді кәсіби мамандыққа бағыттап оқытудың өзекті мәселелері // «Мемлекеттік тілді жетілдірудің өзекті мәселелері» атты Республикалық ғылыми-әдістемелік конференцияның материалдары: Абай ат.ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. – Алматы, 2004. – №4 (10). – 7-9 б.
  3. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы // Ана тілі. – 2007. – №7 (896). – 1,7-10 б.
  4. Уәлиұлы Н. Орыс тілінің тұрманы түгел // Ана тілі. – 28 ақпан, 2008. – №9. – 4 б.
  5. Беляев Б.В. Очерки по психологии обучения иностранным языкам. – 2-е изд.: пос. для преподавателей и студентов. – М.Просвещение, 1965. – 227 с.
  6. Назарбаев Н.Ә. Тіл тағдыры – ел тағдыры // Ана тілі. – 2006. – №46 (831). – 1-2 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.