Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Болжал мәнді модаль сөздерден жасалатын сөз-сөйлемдер

Бұл мақалада модаль сөздерден жасалатын сөз-сөйлемдер жайында айтылады. Модаль сөзді сөзсөйлемдердің орыс тіл білімінде, түркологияда, қазақ тіл білімінде зерттелуіне шолу жасалған. Модаль сөзді сөз-сөйлемдер мағынасына қарай топтастырылған. Модаль сөзді сөз-сөйлемдер диологта, құрмалас сөйлемде кездесетіндігі, Модаль сөзді сөз-сөйлем жеке бір сөзден (жоғары, орта, баяу) интонация арқылы айтылатындығы, сөйлем типінде сөз-сөйлем жай сөйлем ауқымына енетіндігі айтылған. Бұл модаль сөздер құрмалас сөйлемнің не басыңқы, не бағыныңқы сыңарында және аралас құрмаластың ортасында келеді. Ал диалогта кездеспейтіндігі дәйектелген. Модаль сөзі сөз-сөйлемдер негізінде жай сөйлемде баяндауыш сөйлем мүшесі, құрмалас сөйлемде бағыныңқы, басыңқы сыңарда және аралас құрмаласта сөйлем ортасында келетіндігі айтылады.

Қазақ тіл білімінде модаль сөздер Е. Жанпейсовтің арнайы зерттелуі бойынша барлық академиялық жинақтан орын алған. Әрбір синтаксис мамандары өздері жазған оқулықтарында және жеке монографияларында сөйлемнің модальділігі туралы тоқталған. Бірақ ешбір зерттеуші, не оқулық авторлары модаль сөздердің де сөз-сөйлем болу қабілеті жөнінде ештеңе айтпайды. Ал одағайды зерттеген

Ш. Сарыбаев бір сөзбен болса да “Одағайлар диалогты сөйлемдерде тұрып, сөз-сөйлем болады” [1, 58], – деген болатын.

Енді модаль сөздердің өзінің мағыналық ерекшелігі туралы тоқталсақ, ол академиялық жинақта былай берілген: “Сөйлем мазмұнының ақиқат шындыққа қатысы жөніндегі сөйлеушінің пікірін білдіретін, сөйлемге реңк беретін сөздерді айтады”, – деп көрсеткен.

Орыс тіл білімінде, түркологияда модаль сөздердің сөз-сөйлем бола алатын қабілеті жөнінде көптеген пікірлер бар.

Енді қазақ тіл біліміндегі модальділік туралы, оның біз зерттеп отырған сөз-сөйлемге қатысы жайлы тоқталу орынды. Біздіңше, кез келген белгілі бір ойды білдіретін сөйлемнің ақиқат шындыққа тікелей қатысты болуы мүмкін. Немесе сол ойды айтушының көзқарасының тұрақты не тұрақсыз болуы, сол ойға сенері не сенбесі дегендей арақатынасы болары анық.

“Қазақ грамматикасында” “Модаль сөздер әдетте модальділікті білдіретін фонологиялық (интонациялық), морфологиялық, синтаксистік (әр түрлі сөйлем типтері) сияқты барлық амалтәсілдермен тығыз байланыста жұмсалады”, – дейді [2, 36]. Бұл жерде біз интонациялық және әр түрлі сөйлем типтері деген ойдың болуы. Яғни сөз-сөйлем жеке бір сөзден (жоғары, орта, баяу) интонация арқылы айтылады. Сөйлем типінде сөз-сөйлем жай сөйлем ауқымына енеді. Олай болса модаль сөздерден сөзсөйлем болуға негіз бар. Және былай деген ой бар: “Модаль сөздер, сондай-ақ, заттың мәнін жоғалтқан және диалогта придикаттық функциясын жоғалтқан бағыныңқы сөйлемнің баяндауышынан да пайда болады”, – дейді. Яғни диалогта кездесетіндігін анық айтып тұр. Сондай-ақ: “Модаль сөздердің айрықша бір синтаксистік ерекшелігі – олар диалогта келгенде жеке лексема күйінің өзінде сырт формасы және айтылу интонациясы жағынан өз алдына тұтас бір тиянақты сөйлем қызметін атқарып тұрады”, – дей келіп, олардың сөйлем мүшелерімен байланысқа түспейтіндігін, сөз тіркесін жасауға қатыспайтындығын ескертеді. Және: Диалогтық сөйленісте сөйлем түріндегі сөз рөлінде қолданылады”, – деп көрсетеді.

Яғни “Сөйлем түріндегі сөз” деген пікір сөз-сөйлем мәселесіне өте жақын келіп, сөзсөйлем деген атауы айтылмаса да, мағыналық жағын анық көрсетіп отыр.

“Қазақ грамматикасында” осы модаль сөздердің жалпы саны алпыстан асатынын, ал мағынасына қарай сараптағанда осы аталған еңбекте оның мынадай топтарын атап өтеді: Болжал мәнді, міндеттілік мағына білдіретін, дерек негізінде айтылатын, қостау мағынасында айтылатын, сенім мағынасында, қалау (тілек) мәнді және күмән (күдік) мәнді білдіретін модаль сөздер [3, 95]. Осылардың ішінен сөзсөйлем жасалатындарын мағынасына қарай және қолданыстағы мүмкіндігіне қарай іріктеп

алып көрсетсек, олар төмендегіше болмақшы: Болжал мәнді модаль сөздерден мүмкін,

бәлкім, нәйеті сөздерін алуға ғана болады. Бұл модаль сөздер құрмалас сөйлемнің не басыңқы, не бағыныңқы сыңарында және аралас құрмаластың ортасында келеді. Ал диалогта кездеспейді.

“Мүмкін” модаль сөзінен де болжал мәнді сөз-сөйлем жасалады. Бірақ диалогта келген “Мүмкін” модаль сөзі баяндауыштық қатынаста тұрады, ал бастауышы жасырын тұрады.

  • Шынында, оның дәл осы іске араласуы мүмкін бе?
  • Мүмкін! (Қ. Салғарин).
  • Бұлттың қоюлануын қара, нөсер болып кетер ме екен?
  • Мүмкін! (“Жұлдыз”).

Осы “Мүмкін” модаль сөзі негізінде жай сөйлемде баяндауыш сөйлем мүшесі болады. Мысалы: Оның бүгін келуі де мүмкін, келмеуі де мүмкін деген сөйлемдегі мағына “Оның бүгін келу-келмеуі екіталай” деген. Яғни баяндауыш қызметін атқарып тұр. Сондай-ақ: Жеті қабат жер астындағы нәрсені білуі мүмкін (М. Жұмабаев). Осы сөйлемдегі “Мүмкін” сөзі де баяндауыш қызметін атқарып тұр. Олай болса “Мүмкін” модаль сөзін тек құрмаластың бір сөйлемі қызметін атқарып тұрмаса сөз-сөйлемге таңа беруге болмайды [4, 72].

Құрмалас сөйлемде “Мүмкін” болжал мәнді модаль сөзі бағыныңқы, басыңқы сыңарда және аралас құрмаласта сөйлем ортасында келеді [5, 83].

–Мүмкін, сенуден де қалған боларсың, рас айтам, сене гөр (С. Шаймерденов).

Бұл жердегі “Мүмкін” модаль сөзінен болған сөз-сөйлем “Менің білуімше” немесе “Менің іс-әрекетіме қарап” деген мағынаны білдіреді.

–Түстен кейін күн ашылып кетсе, қонақтар бүгін түндегі ұшақпен келіп қалар, мүмкін… (“Жұлдыз”).

Бұл жердегі “Мүмкін” сөз-сөйлемі “Немесе ертеңгі ұшақпен” деген мағынаны болжап тұр.

  • Жәмила, ішіктің көгілдірін аларсың, мүмкін, қоңырын (“Жұлдыз”).

Бұл жерде аралас құрмалас сөйлем құрамында (ортадағы сөйлем) келіп “Көгілдірі ұнамаса” деген мағынаны білдіріп тұр.

Көпшіліктің пікіріне құлақ асу керек болар, бәлкім (“Жұлдыз”).

Бұл “Бәлкім” сөз-сөйлемі құрмаластың басыңқы сыңарында келіп, “Біз өз пікірімізбен қайшылық тудырып алармыз” деген мағынаны білдіреді.

  • Бәлкім, сенікі дұрыс деп-ақ деп ойлалық, сондағы дәлелің осы ғана ма? (“Жұлдыз”).

Бұл жердегі “Бәлкім” сөз-сөйлемі істің дұрыс екеніне сенімнің аз екенін болжап тұр. Себебі осы құрмаластың үшінші сөйлемі күдік тудырып тұр.

  • Бәлкім, сіздің жолыңызбен жүргенімде дәл осындай күйге түспес пе едім (“Жұлдыз”).

Бұл құрмалас сөйлемдегі “Бәлкім” сөзсөйлемі өмір мұратын таңдауда кезінде дұрыс болжам жасалмағанына өкінішін білдірген айтушының ойын байқатады.

  • Бәлкім, осы жігіттің етегінен ұстасам, бақытты болатын шығармын (“Жұлдыз”).

Бұл жердегі “Бәлкім” сөз-сөйлемі келешек өмірдің бақытына болжам жасаған мағынаны білдіреді.

Нәйеті, қолынан түк келмейтіннің өзі болмаса игі еді (“Ана тілі”).

Бұл сөйлемдегі “Нәйеті” сөз-сөйлемі “Ісәрекетіне қарағанда мардымды ештеңе байқалмайды” деген көңіл толмастық мағынаны білдіреді.

 

Әдебиеттер

  1. 1 Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы: Ғылым, 1998. – 581 б. 2 Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы: Санат, 1999. – 240 б.
  2. 3 Сауранбаев Н. Қазақ тілі. Педучилищеге арналған. – Алматы: ҚазМем ОПБ, 1953. – 219 б. 4 Қазақ тілі грамматикасы. – Алматы: Ғылым, 1967. – І бөлім. – 263 б.
  3. 5 Әміров Р. Жай сөйлем синтаксисі. – Алматы: Ғылым, 1983. – 237 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.