Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жазушы Дулат Исабеков шығармалары

Бұл мақала жазушы Дулат Исабековтің күнделікті мерзімді басылымдарда жиі жарияланып тұратын публицистикалық-көсемсөздік шығармалары жайында болып отыр. Қандай да бір повесті немесе әңгімені екі-үш күнде жазып тастау әлдеқайда күрделі тірлік екені түсінікті. Ал газет-журналдарға арналған, күнделікті өміріміздің, қоғамымыздың дамуының саналуан мәселелерін талқылап, орайы келгенде ой-пікір-лерін ортаға салуға бағытталған дүниелерді қағазға түсіріп, оқырман назарына ұсыну процесі, жоғарыда айтылғандай, ары кетсе бір аптаға созылатын іс болса керек.

Суреткерлердің шығармашылық жұмыс тәртібі, осы процесс барысындағы әдебі мен әдеті – әлі де терең зерттеле қоймаған мәселе. Жыл мезгілдерінің суреткер үшін оңтайлы, жайлы кезеңдерінде қаламгер жемісті жұмыс істейді.

Қаламгерлердің шығарма жазу барысында көптеген психологиялық сәттерді бастарынан өткізетінін, қашан туындысын жазуды аяқтап, оқырман қауымға ұсынғанға дейін қатты мазасызданатындарын айқын аңғарса керек. Осындай пәлсапалық ой-тұжырымдармен басталған бұл мақала қазақтың тағы бір көрнекті жазушысы, қоғам қайраткері дәрежесіне көтеріле білген ерекше тұлғалардың бірі Әнуар Әлімжановтың азаматтық бейнесін сомдауға арналған.

Дулат Исабековтің шығармаларының тақырыптары және ол туындыларының көркемдік ерекшеліктері туралы сөз қозғамас бұрын жазушы өзіндік қолтаңбасымен жазылған туындыларымен ерекше үлес қосқан осы кезеңдегі әдебиеттің жай-күйіне қысқаша шолу жасай кеткенді жөн көріп отырмыз.

Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің қаламдарынан туған шығармалардың бірсыпырасы 1941-1945 жылдардағы Ұлты Отан соғысы туралы естеліктерге құрылғаны назар аудартады. Мұндай тақырыптардағы туындылар соғыс кезінің ауыртпалығын басынан кешірген әйелдің (мысалы, К. Қазыбаевтың «Құпия» атты повесі), алыс қазақ ауылындағы сол кезеңнің күрделі қиыншылықтарына куә болған азаматтың (мысалы, Оралхан Бөкеевтің «Бәрі де майдан» деп аталатын повесі) әңгімелері түрінде жазылған.

Аталған шығармалардың барлығы да алыстағы қазақ ауылдарының жоқшылық пен ашаршылық жайлап алған кейпін шебер суреттей білуімен, адамдардың барынша аянышты тағдырларын аша білуімен бағалы дей аламыз.

Жетпісінші және сексенінші жылдардағы қазақ әдебиетінің тағы бір ерекшелігі әңгіме жанры да өркендеу жолында дамығаны белгілі.

Бұл кезеңдегі әңгіменің ауыр салмағын, негізінен әдебиетке сол кезде келген жас қаламгерлер көтергенін ерекше атап көрсету қажет. Мәселен, олардың ішінде алдыңғы дәуірде әдебиетке келіп, біраз тәжірибе жинақтап қалған Шерхан Мұртаза, Әкім Тарази, Әбіш Кекілбаев, Мұхтар Мағауин және Мағзом Сүндетовтермен қатар сол кездегі жас ұрпақтың өкілдері болып саналған Әнес Сараев, Оралхан Бөкеев, Смағұл Елубаев, Оразбек Сәрсенбаев, Ілия Жақанов, Дулат Исабеков, Т. Нұрмағамбетов, Төлен Әбдіков, Марат Қабанбай сияқты ерекше талантты қаламгерлер тобы бар болатын.

Осынау екі буынның күшімен көркем әңгіме тақырыптық және көркемдік жағынан біраз байып, адам характерін ашуда ілгері басқандығын байқатты. Бұрынғыдай тақырыптарын саудаламастан, ішкі Қазақ халқының ұлы ағартушысы Ахмет Байтұрсынұлы өзінің 1926 жылы жарық көрген “Әдебиет танытқыш” атты зерттеу еңбегінде:

“Көсем сөз шешен сөз сияқты әлеуметтік айтқанын істету мақсатпен шығарылатын сөз. Шешен сөзден мұның айырылатын жері – шешен сөз ауызбен айтылады. Көсем сөз әлеумет ісіне басшылық пікір жүргізетін сөз болғандықтан да көсем сөз деп аталады. Көсем сөз кезіндегі әлеуметке керек іске мұрындық болып, істеу ыждағатымен айтылады”, – деп жазған болатын.

Біздің пайымдауымызша, осы жерде әңгіме жазушы Дулат Исабековтің әдеби–көркем шығармалары туралы емес, кунделікті мерзімді басылымдарда жиі жарияланып тұратын публицистикалық – көсемсөздік шығармалары жайында болып отырған секілді. Өйткені, қандай да бір повесті немесе әңгімені екіүш күнде жазып тастау әлдеқайда күрделі тірлік екені өзінен-өзі түсінікті [1, 68]. Ал, газетжурналдарға арналған, күнделікті өміріміздің, қоғамымыздың дамуының саналуан мәселелерін талқылап, орайы келгенде ой-пікірлерін ортаға салуға бағытталған дүниелерді қағазға түсіріп, оқырман назарына ұсыну процесі, жоғарыда айтылғанындай, ары кетсе бір аптаға созылатын іс болса керек.

Жалпы суреткерлердің шығармашылық жұмыс тәртібі, осы процесс барысындағы әдебі мен әдеті – әлі де терең зерттеле қоймаған мәселе. Ұлы орыс ақыны А.С.Пушкиннің айтуынша, “суреткердің көңіл –күйі, жан сарайының тазалығы, мінезінің ашықтығы мен тыныштығы көп жағдайда шығармашылық жұмысының жемісті болуына тікелей әсер етеді” екен. Сонымен бірге жыл мезгілдерінің суреткер үшін оңтайлы, жайлы кезеңдерінде қаламгерлер жемісті жұмыс істейтін болса керек. Жоғарыда аталған А.С.Пушкин жылдың куз маусымын ерекше ұнатқан екен. Оның шығармаларының басым көпшілігі осы мерзімде дүниеге келіпті.

Көнегрек шешені Демосфеннің, сонымен қатар, В. Гюгоның шығармашылық жұмыс жасап жатқан кезде, щығармасын сәтті аяқтап шығуы үшін өздерінше ырым жасап, шаштары мен сақал – мұрттарын жартылай қырып, ұсталарын сыртқа лақтырып тастайды екен де, туындыларын аяқтаған соң ғана өздерін ретке келтіреді екен [2, 74]. Мұның барлығы да қаламгерлердің шығарма жазу барысында көптеген психологиялық сәттерді бастарынан өткізетінін, қашан туындысын жазуды аяқтап, оқырман қауымға ұсынғанға дейін қатты мазасызданатындарын айқан аңғарса керек.

Бір сөзбен айтқанда, дәл қазіргі күндері өзінің оқырмандарын толғандырып жүрген мәселелердің барлығы жайында өз толғаныстары мен тұжырымдарын ортаға салып отыруды өзінің міндеті мен парызы санайды.

Біз Дулаттың осындай ойлы мақалаларының (оның публицистикалық – көсемсіздік шығармаларын, шартты болса да, жалпы атаумен осылай атағанда жөн көрдік) бірнешеуіне ғана тоқталып өтейік.

“Қазақ әдебиеті” газетінің 1994 жылғы 2желтоқсанда 48нөмірінде Дулаттың “Жыл толды үлкен жүрек тоқтағалы” деген айдармен “Ел намысын ту етіп... ” атты толғанысы жарық көрді. Жазушының бұл шағын шығармасы мынындай сөздермен басталады:

“Әне – міне дегенше Әнуар Әлімжановтың дүние салғанына да бір жыл боп қапты-ау! Адам шіркін қандай қызық жаратылған десеңші! Тірі кезімде бәріміз екіншісіне үлгере алмай аласұрып жүргеніміз. Кейде маңызды шаруаға 1 сағат уақыт таппай қиналатынымыз да бар. Егер демалысқа шыға қалып, үйренген ортадан айға жуық алыс жүре қалсақ, бұл жақтағы дүние сенсіз төңкеріліп, қирап бара жатқандай сезіліп, соның бір тұтқасын ұстап қалуға тырысқандай Алматыға асығасың. Бәрі сені күтіп тұрғандай, сен болмасаң, бір нәрсе бүлініп бара жатқандай болатынын қайтерсің. Асығып, аптығып келесің. Келсең түк те жоқ, баяғы аласапыран өмір, бірі бүтінделсе, екіншісі жыртылып жатқан қу тіршілік.

Сені іздеп жатқан, жоқтап жатқан ешкім жоқ. Іздейді, жоқтайды деп өзімізді өзіміз ғана жұбатады екенбіз. Сондай күйді Әнекең екеуміз біп сапар үстінде қатты сезініп едік”.

Осындай пәлсапалық ойтұжырымдармен басталған бұл мақала қазақтың тағы бір көрнекті жазушысы, қоғам қайраткері дәрежесіне көтеріле білген ерекше тұлғалардың бірі Әнуар Әлімжановтың азаматтық бейнесін сомдауға арналған [3, 48].

Дулат Исабеков Әнуар Әлімжановпен ерте араласқанын, әсіресе, соңғы оншақты жыл көлемінде жас алшақтығына қарамай құрдастай қалжыңдасып, байырғы достардай сырласып жүргендей айтады. “Жайшылықта бір-бірімізді тереңірек білуге тырыса бермейтін әдетіміз ғой. Үлкен улкендік жолымен, кіші кішілік жолымен, ішкі дүниемізде не жатқанымен шаруамыз болмай жүре береміз. Ал,сырласа кетсең, түсініспей жүрген кейбір кезеңдерін үшін өзіңненөзің ұяласың”, – дейді де, 1987 жылдың күзінде болған бір кездесу, сырласуға апарып соққан іссапар туралы әсерлі етіп әңгімелей жөнеледі.

Ол кезде Әнуар Әлімжановтың КСРО Бейбітшілік қорғау комитетінің Қазақстан бөлімшесінің төрағасы лауазымын атқарып журген кезі екен. Ал, КСРО Бейбітшілікті қорғау комитетінбелгілі драматург, публицист Генрих Боровик басқаратын кезі. Бір күні Әнуар Дулатқа телефон соғып, әлгінде ғана өзіне сол Г. Боровик хабарласқанын, бұрынғы Горький – Волгоград, ВолгоградГорький бағытымен Волга өзені бойымен он екі күн теплоходпен жүзетін, онда социалистік және социалистік емес бағыттағы елдер өкілдерінің көшпелі ғылыми конференциясы Ленин атындағы теплоходтың үстінде өтетін, соған шақыратынын айтады. Сол жолы екі жазушы теплоход үстінде өткізілген ғылыми конференцияға қалай барғанын, сонда бастан кешкен қызықты хикаяларын өте тартымды етіп баяндап береді.

О баста осы конференцияға қатысуға бірге келсе де, жеме-жемге келгенде Әнуар Әлімжанов: “Ішім ауырып, мазам болмай отыр, сен бар, мен каютада демаламын”, – деп қалып қояды. Дулатта ес қалмайды. “Бірге барайық”, – деп жалынады.

“Жиын басталып кетіпті. Мәскеу мен Ленинград журналистері, орталық телевизия мен орталық газеттің саяси шолушылары президиумның төрін жаулап алыпты. Өздері би, өздері қожа. Солар не айтса, сол болады. Өзгелер тек солардың аузына аузына қарап отыруы керек.

Конференция қызған шақ. Социализмнің дүниежүзілік системасы, оның қанат жаюы, социалистік ориентация, сол жолдағы Лаос, Камбоджа, Таяу Шығыселдері мен Үнді мұхитындағы мемлекеттер, Қытай, Үнді-қытай проблемалары, Латын Америкасының алдында тұрған түбегейлі өзгерістер, оларға КСРОның тікелей көмегі және бағыт сілтеуі, тағы тағылар жөнінде талай-талай пікірлер ортаға салынды.

Қазақстан проблемасы да айтылды. Өзге ұлттардың және шетел өкілдерінің маған қойған сұрақтарына мәскеуліктер жауап беріп жатты. Қазақстандағы алғашқы демократиялық қозғалысқа оң көзқарас білдірмек болған шетел шолушыларына дүрсе қоя берген кездері де болды”.

Осындай сәтте кенет Әнуар Әлімжанов кіріп келіп, өрекпіген сөздер мен даудамайды бір сағаттай үнсіз тындап отырады. Бір кезде ол қолын көтеріп, Ресей журналистері мен газет редакторларына, сонда отырған кеудесіне нан піскен айтулы шешенсымақтардың ойпікірлеріне жан-жақты дүниетанымы, шешендігі, білгірлігі мен алғырлығы арқылы ойсырата соққы береді [4, 98].

“Менің айызым қанып, кеудемді мақтаныш кернеп кетті. Барлық намыстан жоғары тұратын ұлттық намыс екен. Ол теплоходтағы бүкіл делегацияға қарапайымдылықтың, парасаттылықтың үлгісін көрсетіп, кішкентай ұлт деген ұғымның жоқ екенін, оны біз халық саны мен территорияға қарап бағалайтын консервативтік догманың әсерімен айтуға үйреніп қалғанымызды, аз ұлттан да үлкен ойдың иелері шыға алатынын, менмендік топастықтың көрінісі екенін дәлелдеп өтті”, – деп жазады Дулат Исабеков.

Сырттай қарағанда, ұсақ-түйек нәрсе секілді. Мәселен, бүгінде кіммен кім айтыспай жатыр, кіммен кім пікірталастырмай жатыр?

Алайда, Дулат осынау бір көріністің өзінен үлкен ой түйіп, Әнуар Әлімжанов секілді қаламгердің тұлғасын бір-ақ мақаламен сомдай білген. Дулат Исабеков өз замандастарының бейнесін жасау мақсатында жазған мақалаларының бірі “Жазумен өткен қырық жыл” деп аталады. “Егемен Қазақстан” газетінің 2001 жылғы 21 – ақпандағы 39 – нөміріндежарық көрген бұл материалы белгілі жазушы Бексұлтан Нұржекеевке хат түрінде жазылған. Қолына қалам алған қаламгерлердің немесе басқа өнер адамдарының елу, алпыс немесе жетпіс жасқа толған мерейторларында жазылатын мақалалардың көпшілігі әдетте жаттанды сөздерден тұратын, құлаққа әбден сіңген сөз тіркестерінен құралған үйреншікті “тәсілімен” жазылған болып келеді ғой. Ал, Дулаттың бұл мақаласы жазушының шеберлігін тағы да паш еткендей, жатық тілмен, сүйкімді стильмен, әдемі де, әсерлі әдіспен өрілгеніне көз жеткізу қиын емес.

 

Әдебиеттер

  1. Ергөбек Қ. Баянғұмыр. – Алматы: Жазушы, 1991. – 110 б.
  2. Исабеков Д. Таңдамалы. – 2 томдық. – Алматы: Жазушы, 1993. – Б. 45-48.
  3. Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті. – Алматы: Білім, 1998. – 210 б.
  4. Исабеков Д. Жазумен өткен қырық жыл // Егемен Қазақстан, 21 ақпан. – 2001. – №39.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.