Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Үш тілді тұлғаның басым тілі және оның тілді меңгерудегі интерференциялық көрінісі

Мақалада шет тілі, яғни ағылшын тілін үйрену барысында пайда болатын синтаксистік интерференцияның туындауы жайлы мәселелер қарастырылған. Билингв – қазақтың ана тілінің әсерімен немесе әсерінсіз туындаған сөйлемдердегі қателерді анықтау. Қазақ тілі ана тілі болып, ағылшын тілі – үйренуші тіл болып табылатын билингвтің ауызша және жазбаша тілінде байқалатын қазақ-ағылшын синтаксистік интерференциясын зерттеу, сонымен қатар жай сөйлем деңгейіндегі нақты интерференциялардың шығу көзін, түрін және сипатын анықтау болып табылады.

Мақалада, сонымен қатар тілдік қарым-қатынас нәтижелері қарастырылады, нақтырақ айтсақ, үйреніп жатқан ағылшын тіліне қазақ-ағылшын билингвизм кезінде ана тілінің интерференциясының түрлері мен тектерін анықтау, онда бұл жерде бірінші кезекте билингвизм немесе қос тілділік деп аталатын кең әрі күрделі түсінікті қарастыру мәселесі қарастырылды.

Үш тілді тұлғаның басым тілі және оның тілді меңгерудегі интерференциялық көрінісі 181

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасындағы тілдік жағдаятқа және көптілділікке қатысты мемлекет саясаты жөнінде, ана тіліміз бен шет тілдерінің ішкі субъективті өзара ықпалдастығының ерекшеліктері мен билингвалды я полиглот тілдік тұлғаның қалыптасуына қатысты кең ауқымды сұрақтар қарастырылуда. Қазіргі тілдік жағдаят қазақ тілінің үштұғырлы тіл саясатында алатын орнына байланысты әр түрлі мәселелерді қарастырса, тілдік қатынас негіздері, өзге тілді меңгеру теориясы сияқты тіл білімі ғылымдарының шет тілін, оның ішінде, үштұғырлы тіл саясаты компоненттерінің бірі – ағылшын тілінің тіл үйренушілер тарапынан меңгерілуіне қазақ тілінің психолингвистикалық ықпалдастық ерекшеліктерін қарастыруын талап етеді. Екіншіден, аталмыш ықпалдастық билингвтің шет тілін үйренуіне оң, сондай-ақ кері әсерін де тигізбей қоймайтын негізгі факторлардың бірі болмақ. Бұл салада жүргізілген зерттеу жұмыстардың аздығы қазақ тілді аудиторияларда ағылшын тілін үйретуге байланысты мәселерді шешуді қиындатып отыр. Нақ осы уақытта әлемнің түрлі елдерінің экономикалық, саяси және мәдени байланыстарының үдей түсуі тілдік қызметті өзгертті және әлі де өзгертіп келеді, тілдік саясат объектілерінен ана тіліміздің қайта жаңғырып, сақталып және кең таралуына және шет тілін оқып меңгеруге байланысты осы сәтте тілдік жоспарлау аясында ана тіліміз – қазақ тілін белсенді дамытуға, сондай-ақ, халықаралық қарым-қатынас тілі болып саналатын ағылшын тілін үйренуге басты назар аударылып келеді. Ана тіліміз қазақ тілін ауызша да жазбаша да сауатты түрде меңгеруіміз ағылшы тілін үйренуде үлкен көмек болады, өйткені, екі тілдік жүйені саналы түрде салғастыра білу ана тілінің ықпалын бәсеңдетеді. [1, 25-30]

Мысалы, іскерлік ортада ағылшын тілінің барынша қолданылуы оның қажетті деңгейін білумен тығыз байланысты. Осы мәселелерге орай тілдік саясаттың құралы болып табылатын ағылшын тілін барлық білім беру жүйесіне енгізуді жүзе асрыу барысында субъектілер экстралингвистикалық және психолингвистикалық проблемалармен бетпе-бет келеді. Бірінші орындағы мәселелерге тілді үйрету сапасы, оқу құралдарының сапасы, тілді үйренуге жасалған жағдай және т.б., ал екінші орындағы мәселелерге тілді үйренудегі туа бітетін қабілет, тілді меңгеру дәрежесі, ана тілінің ықпалы және т.б. жатады.

Сабақ беру сапасы мен сәйкес оқу құралдарын пайдалану ағылшын тілін сәтті меңгеруде, біздің ойымызша, басты рөлді атқарса, ана тілі мен үйретіліп жатқан тілді оқытудың бастапқы сатысында тіл үйренуші дағдысынан көрініс беретін аталмыш тілдердің өзара психолингвистикалық ықпалдастығы факторының да маңызы кем емес. Яғни, үйретіліп жатқан ағылшын тілінің фонетикалық, грамматикалық жүйесінің меңгерілуіне ана тілі – қазақ тілі жүйесінің қабаттасуы – интерференция ықпал етіп, тіл үйренушінің сөйлеу дағдысында жағымсыз сипатта көрініс береді. Осы мәселені дұрыс шешу мақсатында, ең алдымен, ана тілі ықпалының пайда болу себептерін анықтау мақсатында интерференцияны болжауға бағытталған бірнеше зерттеулер жүргізу өте қажет.

Осыған орай, біріншіден, қазақ және ағылшын тілдеріндегі жай сөйлем құрылымын салғастырылуы, сөйлемдерінің синтаксистік құрылымдарындағы айырмашылықтардың анықталуы – осы тілдердің типологиялық және генеалогиялық жағынан екі түрлі тілдік топтарға жататындығымен байланыстыруға болады. Әртүрлі тілдік жүйедегі тілдерге тән құрылымдық айырмашылық, әсіресе, синтаксис саласында айқын байқалады.

Қазақстан Республикасындағы тілдік жағдаяттарға талдау жасау негізінде қос тілді билингв тұлғалардың қалыптасу жағдайларын қарастыруға болады. Қазақ-билингвтің шет тілін үйрену жағдайы оның тілдік мінез-құлқына айтарлықтай әсер етеді. Егер билингвтің ана тілі болып саналатын қазақ тіліне үйреніп жатқан ағылшын тілімен байланысқа түсетін жалғыз тіл деп қарайтын болсақ, онда қателесеміз. Біздің еліміздегі қалыптасқан тілдік жағдаяттарды ескерер болсақ, онда ана тілімен қатар ағылшын тілін меңгеруде Қазақстанда кеңінен жайылып, қазақ-билингвтің санасында тұрақты қалыптасқан орыс тілінің де ықпалы болуы сөзсіз.

Қазақ тілді мәдениет, жанұялық-тұрмыстық, мектептегі қазақы орта және де қазақша тілі шыққан билингвтің санасында қазақ тілі басты орында тұрады. Яғни, тілдік басымдылық тілдік факторлардың күрделі комбинациясынан тұрады. Осыдан түйетініміз, біздің ең бірінші міндетіміз – тіл үйренушіде қай тілдің басым болып саналатынын анықтап, негізгі интерференция көзін айқындау болып табылады.

Басым тілді анықтау У. Вайнрайх жасап кеткен (тіл білудің салыстырмалы жетістігі бойынша, пайдалану әдістері бойынша, үйрену тәртібі және жас шамасы бойынша, сөйлеушінің қоғамдағы рөлі бойынша, қарым-қатынастағы рөлі бойынша) тілдік тұлға қарастырып отырған басым тілді анықтауға мүмкіндік берді. Алғашқы төрт критерийге сүйенсек, ағылшын тілін үйренудің бастапқы кезеңінде басымдылық қазақ тіліне беріледі, біріншіден, студент сол кезде орыс тіліне қарағанда қазақ тілін еркін меңгерген, екіншіден, оны ауызша да, жазбаша да қолданады, ал орыс тілін тек ауызша қолданады, үшіншіден, бала кезінен үйренген қазақ тілі кейінірек үйренген орыс тіліне қарағанда билингв санасында басымдылық танытады, төртіншіден, Қазақстан Республикасының тілдік саясатына сай «қоғамда ана тілін еркін меңгерумен өз этносының мәдениетін міндетті түрде білу керек» деген көзқарас белсенді түрде қалыптаса бастады.

Қазақ тілін білу қоғамдық баспалдақпен сәтті көтерілудің негізгі талаптарының бірі болып табылады және де билингв санасында оның маңызын қатайта түседі. Соңғы пунктке келер болсақ, оқудың алғашқы курсында билингв үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін потенциялды түрде пайдалана алады, ал қазақ тіліне көбірек сүйену орыс тілінде сөйлеудің қалыптасуының жеткіліксіздігінен болады. Өз қатарластарымен орыс тілінде қарым-қатынас жасау оның тілдік мінез-құлқын айтарлықтай өзгертуі мүмкін, оқу курсының аяқ жағында орыс тілінің басымдылығын байқауға болады, сонымен қатар қазақ тілінің ағылшын тіліне ықпалының көтерілгенін байқаймыз. Айта кететін бір жайт, бұл теориялық қорытынды соңғы және мүлдем даусыз тұжырым деп қорытуға болмайды, өйткені, бұл қозғалып отырған мәселе бұдан да ауқымды, арнайы зерттеуді талап етеді. Біздің билингвтің басым тілін анықтауға жасап жатқан қадамдарымыз берілген шет тілін үйрену кезінде-ақ түрлі дәрежеде екі тілді меңгерген билингвтің ағылшынша сөйлеуіндегі синтаксистік интерференцияның негізгі көзін тауып, анықтау қажеттілігімен байланысты. Сондайақ, қазақ тілінің психологиялық басымдығы шет тілін (ағылшын) үйрену үдерісінде интерференциялық ықпалымен байқалады. Орыс тілінің ықпалы аздау, сондықтан да қарастырылып отырған тілдік тұлға шартты түрде «қазақ-ағылшын билингв» деген біліктілікке ие болады да, бұл тұрғыдағы ықпалдастық ағылшынша сөйлеу үстіндегі синтаксистік құрылымының тілдік нормадан ауытқуы арқылы көрініс береді. Еліміздегі тілдік саясат аясында және де осы жұмыста көрсетілгендей ағылшын тілін үйрену барысында интерференттік қателерден сақтандыру проблемалары маңызды мәселеге айналып барады және бұл – біздің басты назар аударатын мәселеміз.

Қазақ тілі – ана тілі, ал ағылшын тілі үйренуші тілі болып табылатын билингвтің ауызша және жазбаша тілінде байқалатын қазақағылшын синтаксистік интерференциясын зерттеу, сонымен қатар, нақты интерференциялардың шығу көзін, түрін және сипатын анықтау мынадай мәселелерді шешуді алға қояды:

  • Қазақстан Республикасының тілдік жағдаятын талдай отырып, интерференцияның негізгі себебін анықтау мақсатымен жаңадан қалыптасып келе жатқан билингвтің басым тілін айқындау;
  • билингвтің қостілді табиғатын түсіндіру мақсатымен классификациялаудың белгілі жүйелеріне сай қазақ-ағылшын билингвизмінің түрін анықтау;
  • салғастырылушы тілдердегі болымды, болымсыз және сұраулы сөйлемдердегі сөз тәртібін қарастыру және ұқсастықтар мен айырмашылықтар негізінде потенциалды интерференцияның саласын айқындау;
  • ағылшын тілінің сөйлем-демеулік жүйесіне (предлоги), олардың қазақ тілімен функционалдық сәйкестігіне, салғастырылушы тілдердегі белгілілік/ белгісіздік берілу жолына талдау жасау арқылы ұқсастықтар мен айырмашылықтар негізінде потенциалды интерференцияның саласын айқындау;
  • нақты интерференцияны анықтау мақсатымен эксперимент жүргізу;
  • эксперимент нәтижелерін анықтай отырып, синтаксистік интерференцияның объективті шығу көздері мен түрлерін, олардың себептерін анықтау. [2, 30]

Зерттеушілердің пікірінше, ағылшын тілін үйренушілердің синтаксистік тұрғыда жіберетін қателері тілді меңгерудің соңғы кезеңінде жүрген студенттерде яғни (upper-intermediate level) аз байқалған. Сонымен қатар қазақ тілділердің өзінде де орыс тілінің сөйлем құрылымының әсері сезіліп тұрады. Ағылшын тілін үйренушілер ішіндегі еlementary немесе beginner деңгейіндегі студенттердің интерференттік қасиеті соңғы этаптағы студентке қарағанда үш есеге дейін көп екендігі анық көрінеді.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздікке жеткеннен бері қостілділіктің дамуы және оның әл ахуалы күн тәртібінен түспей отыр. Қостілділікті дамыту – қазіргі заманның өзекті мәселелерінің бірі. Сондықтан да оны жан-жақты ғылыми тұрғыдан зерттеу қоғамның еншісінде. Тілді білу – оңай шаруа емес. Ешкім туылғаннан қостілді болып туылмайды. Бұл үрдіс қажеттіліктен туындайды. Қазіргі уақытта көп тіл білу – өмір қажеттілігі. Осы қажеттілік негізінде қостілділік пайда болып қалыптасады және қоғамда ұлт саны қаншама көп болса, ол үшін қостілділік пен көптілділік соншама керек.

 

Әдебиеттер

  1. Вайнрайх У. Одноязычие и многоязычие // Новое в лингвистике. – Выпуск VI. – Москва: Прогресс, 1972. – С. 25-30. 2 Карлинский А.Е. Основы теории взаимодействия языков. – Алма-Ата: Гылым, 1990. – 181 с.
  2. Бактыгалиевна Т.С. Влияние казахского языка на английскую речь билингвов на уровне простого предложения. Автореферат. – А., 2010. – 30 с.
  3. Исенова Б.С. Интерференция при изучении английского грамматического минимума в казахской школе // Языковые контакты и интерференция. – Алма-Ата: КазГУ, 1984. – С. 38-39.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.