Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Әбіш Кекілбаев шығармарларындағы жол концептісі

«Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығындағы жол концептісі» деп аталатын мақалада қазақтың танымал жазушысының шығармашылығы концептосфера аспектісінде қарастырылып отыр. «Дала балладалары» деп аталатын циклдан «Құдық» және «Аңыздың ақыры» романы негізінде автор «жол» концептісінің ерекшеліктерін және ұлттық-мәдени құндылықтарын анықтай отырып, жол концептісінің шығармада қандай рөл атқаратынын, автордың көркемдік өзгешелігін, бейнелеу мәнерін түсінуге мән беріп, ұсынылып отырған тақырыпта жол концептісінің мағыналық элементтерінің жеке даралығын, әр алуандығын анықтауды мақсат етіп қойып отыр.

Концептосфера туралы сөз бұдан бұрынырақта, нақтырақ айтқанда ХХ ғасырдың басында қозғалды. Бірақ концептосфераның қазақ әдебиетіндегі орны туралы сөздер жақында айтыла бастады. Орыс әдебиетінде концептосфера туралы ұғымды Д.С. Лихачев енгізген.

Концепт ұғымын 1928 жылы орыс әдебиетіне Аскольдов-Алексеев әкелсе, қазақ әдебиетіндегі концептосфера деген ұғымды зерттеген тұлғалардың бірі Қ.К.Ахмедьяров.

Концептосфера – концептілердің біртұтастығы болса, концепт – когнитивті лингвистиканың негізгі ұғымдарының бірі болып табылады. Концепт ойлайтын, бақыланбайтын категория. Концепт ұғымын түсіндіру төңірегінде ғалымдар әр қилы түсініктер мен болжамдар беруде. Солардың бірі : концептол жадтың, ментальды лексиконның, концептуальды жүйенің, білім квантының оперативті бірлігі.

Қазіргі уақытқа дейін қазақ жазушыларының шығармаларындағы дала, гүл, тау, махаббат, шындық концептілері туралы зерттеулер жүргізіліп келсе, жол концептісі туралы зерттеу әлі тың тақырыптар қатарында қалып келеді.

Қазақтың қай жазушысын, қай шығармасын алып қарасаңыз да, жол туралы сөз қозғалмайтын шығарма жоқтың қасы.

Бірақ мен өз зерттеуімде ХХ ғасыр қазақ әдебиеті, оның ішінде дарынды жазушылар Әбіш Кекілбаев пен Оралхан Бөкей шығармаларындағы жол концептісін негіз етіп алып отырмын.

Енді осы жазушылардың бірі Ә.Кекілбаев шығармаларына келіп тоқтасақ.

Қоғам және мәдениет қайраткері Ә. Кекілбаев шығармашылығындағы халқымыздың дүниетанымы‚ тіршілік ету қағидалары мен философиялық этикалық құндылықтары жөнінен мағлұмат беретін еңбектерінің әдеби‚ тарихи‚ мәдени тұрғыдан алатын орны ерекшеленетіндігі оның шығармашылығын жан-жақты және терең зерттеу қажеттілігін тудырып отыр.

Қазақ әдеби сынының Әбіш Кекілбаев ағамыздай заңғар таланттардың шығармашылық ізденіс-табыстарын уақытында бағалау тұрғысында әлжуаз болғанын, салғырттық танытқанын, сондай бейтараптық күйінен әлі де арыла алмай отырғанын үлкен өкінішпен айтпасқа уәжіміз жоқ!..

Ә. Кекілбаев шығармаларында дүние ұғымының кең мағыналығы, әлемге философиялық тұрғыда қарау өлшемдері көрініс тауып, танымдық ізденістерінде ұлттардың дамуы мен мәдени өркендеуі, орта мен табиғатқа байланыстылығы эстетикалық категориялар тұрғысынан таразыланып көрсетілсе, басқа шығармаларында қазақтардың көшпенділік тірлігі, мал шаруашылығының ерекшелігі қоғамдық қатынастарына және мәдениетіне, менталитетіне ықпалын тигізбей қалмайтындығы көрсетілуде.

Әбіш Кекілбаевтың прозасы, жалпы алғанда, өмір құбылыстарына байсалды ой-парасат көзімен қарауға шақырып, өткен мен бүгіннің ажырамас, диалектикалық бірлігін тереңірек түсінуге көмектеседі.

Гуманист, сыншыл, мысқылшыл Әбіш ағамыз қоғамды жайлап алған жұлынқұрт мінезқұлықтың бет пердесін ашып, оларды өз шығармаларына арқау етіп, оқырманын баурап алатындай шығарма жазуымен ерекшеленеді.

Ә. Кекілбаевтың басты ерекшелігі – оның толассыз ізденгіштігі мен зерттеушілігі, сол қазынасын жиылған жүк құсатып тең-тең етіп қоймай, түйдек-түйдегімен оқырманына, еліне, жұртына тасқындатып төгіп жатуында.

Ә. Кекілбаевты біздің қазақ оқырманы, қазақ қоғамы ең алдымен ақын, жазушы ретінде таныды. Кекілбаев толғанса – роман, көсілсе көсемсөз туады деп айтушылар да көп. Өндіріп, өнімді жазатын суреткер деп аузым толып айта аламын. Туындыларының көрінісі көркемдігімен, кейіпкер бейнелері шежірелі шешендігімен, оқиғасы тарихи деректілігімен қатар өріліп, астарлы сөз, ой дариясының тұңғиығына шомылдырады.

Жазушы Әбіш Кекілбаевтың көркем шығармаларының қай-қайсысы болсын оқырманын бей-жай қалдырған емес. Соның ішінде орны бөлек туындысы «Аңыздың ақыры».

«Аңыздың ақыры» оқырманның таным дүниесін байытып, пәлсапалық күрделі ойларға бастап қана қоймайды, сонымен қатар әркімнің де жүрегіне ертеңгі шуақты күнге деген сенімнің үмітін ұялататыны сөзсіз.

Тарихи өткен дәуір көріністері суреттелетін бұл романында Ә.Кекілбаев аңыз желісін арқау етудегі қазақ әдебиетінде бар үлгіні жаңғырта, өзгеше стильді қолданады. Шығармада аңыз желісін көркем туындыда пайдалану негізінен поэмаларда болатын. Әсіресе, шығарманы тұтас аңызға құру осы поэмаларға тән құбылыс еді. Прозалық шығармаларда, оның ішінде хикаят, романдарда белгілі эпизодтарда ғана аңыз желісі баян етіліп, оқиғаға кірістірілетіні рас. Ал, Әбіш Кекілбаев өзінің роман, хикаяттарында аңыз желісін негізге ала отырып, тарихи дәуірдің шындығын айтудың басқаларға ұқсамайтын өзгеше жолын іздейді.

Оның өзгешелігі шығармадағы жол концептісінен де байқалып тұрады.

О. Бөкейдің кез келген шығармаларында жол концептісі анық көрсетіліп, толықтай суреттеледі. Шығарманың негізгі ойы мен оқиғалар желісі жол үстінде жүріп жатқандай сезіледі. Жолды толықтай кең көлемде суреттеп, жол үстінде кездесетін жайттар мен жолаушылар да туындыға ерекше бір көрік беріп тұрғандай болса, Ә.Кекілбаев шығармаларына тән басымдылық жолды үстіртін баяндап кету, оқиғаның басында жолды сөз еткенімен, оқиға желісі одан әрі басқа арнаға бұрылып, кейіпкердің діттеген жеріне келіп жеткенде ғана жолдың аяқталғанын, жолаушының осы әңгіме үстінде жол жүріп келгенін кейіннен барып білесіз. «Аңыздың ақыры» романында жазушы алыс сапардан отанына оралып келе жатқан патшаның көңіл-күйін айналада болып жатқан табиғат құбылысымен салыстырмалы түрде жарыспалы әдіспен баяндайды. Бірде жазушы жол әбден қажытқан әміршінің бейнесін, көңіл-күйін әңгімелесе, бірде жол бойы боран соғып жел тұрған ауа райының құбылысын бейнелеумен жалғастырып кетеді [1, 5].

Жазушының өз шығармасындағы жол концептісін бейнелеуге табиғаттың осы бір құбылысын, кең байтақ даланың сахара шөлін таңдап алуы да жайдан жай емес. Сахара шөліндей, оның сусымалы құмындай ауыспалы мінезі бар әміршінің қатал бетке өпкен желіндей суық мінезі бар екенін айтпақшы болған шығар. Осы жолдан талай жүріп өткен әміршінің сол жолды көрген сайын өткен өмірі, аянышты тағдыры, отбасымен сандалып күн кешкен кезі әрдайым есінен кетер емес. Бұл жол әміршінің өткен өмірінде кім болғанын ұмыттырмай еске салып, артық кеткен кезінде тәубесіне түсіріп отыратын өмірдің бір таразысы секілді. Жол үстінде келе жатқан әміршінің есіне әр түрлі оқиғалар түсіп, сол оқиғалар желісінің соңында мұнарасына, сарайына келіп жеткенін білдіреді. Әңгіме басы жол мен жол үстіндегі жолаушыларды сөз етумен басталғынымен жазушы шығарма желісін басқа арнаға бұрып, толықтай шығарманың жол үстінде өтуіне мүмкіндік бермейді. Ал әміршінің әскерімен жорыққа шыққан сәтіндегі жол бойындағы кезіккен табиғат көрінісін де жазушы азды көпті сөзбен баян етеді. «Пәлен ай бойы үдерте тартып келе жатқан ауыр қол ақыры жау астанасына да жақындады» осы сөйлеммен-ақ жазушы әміршінің жау астанасына дейінгі жүріп өткен жолды баян етеді. Тағы да бір кезінде жазушы жолды былай деп суреттейді. «Араға көп уақыт салмай, Жаппарды ертіп жолға шықты. Қайда келе жатқандарын Жаппар әлі білген емес». Бұл жерде жазушы жолды да қайда бара жатқанын да айтпай, жұмбақтап әкеліп, оқырманын қызықтыра түседі. «Әкесі түс ауғанша сазарған қалпы жүре берді, жүре берді» бұнда да жазушы өзіне тән аз сөзздің аясына көп мағынаны сидыра білді [1, 71]. Сазарған қалпы деген тіркестің өзі оның көңіл қошының жоқтығын, ешкіммен сөйлескісі келмейтінін, іштей бір ойдың мазалап келе жатқанын айтқысы келгендей. Бұл әдіс Ә.Кекілбаевқа тән, себебі оның басты ұстанымы адамның, яғни кейіпкерінің жан дүниесіне үңіле білуі, психологиялық жағдайын көрсету. Ал шығарма соңына қарай әміршінің таңы бір жорыққа шығуы айтылады. «Әмірші дереу жорыққа аттануға бекінді.... Дария артта қалды. Әлгінде анталай қарап тұрған қара тобыр да алыстай берді» алыстай берді дегенінен-ақ жол жұріп келе жатқаны белгілі болады. Бірақ жол бой, жолдағы оқиғалар сөз болмайды. Одан әрі жазушы жолдағы ауа райына ерекше тоқталып, ауа райының ауысып отыруына мән беріп, қолайсыз ауа райының жолаушыларға кері әсер етіп, көңіл –күйін түсіріп тұрғаны сөз етіледі. Бұл да болса Ә.Кекілбаевтың жол концептісін өзіне тән ерекше үлгімен жазуы деп білемін.

Келесі бір шығармасы «Шыңырау» повесіндегі жол концептісіне келіп тоқталсақ. Ә. Кекілбаев 1971 жылы «Шыңырау» повесін жариялады. Бұл шығарманың атына заты сай, адам жанының тұңғиығына терең үңілетін, оқырманға өмірдің қатал шындығын тағы да еске салатын аса бір ойлы туынды екені даусыз.

Қаламгер бұл повесінде сирек кездесетін ауыр кәсіптің адамдары – құдықшылар әулетінің тағдырларын алға тартады… Бұл ауылдан шыққан Дәріжан құдықшының да өмірі осы құдық қазумен өтіп еді… Осы шығармасының өзі де жолды суреттеумен басталады. Кейіпкердің бар өмірі жол үстінде, нәпақасын табу мақсатында алыс шалғай жерлерге жол жүріп, елдерге құдық қазумен байланысты екенін көрсетіп кетеді. Жазушының өз сөзімен айтқанда: «Еңсептің де жастық дәурені – алыс жолда ай батқанша жүріп-жүріп кеп, тек таң алдында ғана бел шешпей сұлай кетіп, көз шырымын алған суыт жүргіншінің таң ұйқысындай тым тәтті, тым қысқа болды» [2, 15].

Шығарманың кейіпкері Еңсептің де өмірі жолмен тығыз байланысты. Бұл шығармада да жазушы жолды суреттеуді басты мақсатқа алмайды. Тек кейіпкердің келесі бір ауылға барып жаңа құдық қазуы үшін кетіп бара жатқанын сөз етумен шектеліп қалады.

Ә.Кекілбаев шығармаларына тән қасиеттабиғатты, қоршаған орта мен ауылдарды байланыстырып тұратын жолды суреттеу емес, кейіпкердің ішкі жан дүниесін оның философиялық-психологиялық ойлау ерекшелігін суреттеу басым.

Әбіш Кекілбаевтың адамды шыңырау-ойлардың тереңіне батыратын «Шыңырау» повесін оқығанымызда – ойымызға американ ұлы суреткері, Эрнест Хэмингуейдің оқырманды теңіз-ойлар мен құрсау-сезімдердің тұтқынында ұстайтын «Шал мен теңіз» повесінің оралатыны айдан анық!.. Бұл – бекерден-бекер емес қой!.. Әлем әдебиетінің тарихында пәлсапалық-психологиялық тұрғыда мұншалықты дәрежеде кемел шеберлік танытқан суреткерлер саусақпен санарлық!..

Әбіш Кекілбаев – заманымыздың бір заңғар тұлғасы. Кекілбаев туралы сөз айту, оның шығармаларына ғылыми зерттеу жүргізу кімге болса да оңайға түсе қоймас. Өйткені, Кекілбаевтың өзі бір әлем. Қазір сол ғажайып әлемді зерттеп, оның ерекшеліктеріне тереңірек үңіліп, Ә. Кекілбаевтың шығармашылық өнері туралы оның ішінде шығармаларындағы жол концептісі жайында диссертация жазуды өзім үшін үлкен бір жетістік , мәртебе деп білемін. Кекілбаевтай шешендікпен сөйлеп, Кекілбаевтың шеберлігіндей жазу – бізге өте қиын, себебі ондай бақ тек Ә.Кекілбаевтың үлесіне тиген жеке тұлғалық ерекше қасиет деп айтсам артық болмас.

Бұл ғылыми зерттеуімде Ә. Кекілбаевтың жазушылығына сараптама жасау мақсатым емес. Сол жазушы еңбегінің қоғамға қажет болғандығын, жаңа қоғамның, жаңа мемлекеттің қалыптасуында Әбіш Кекілбаевтай талғампаз білімдардың шығармашылығындағы жол концептісіне көңіл бөліп олардың берілу жолын анықтау менің басты мақсатым еді.

Әбіш Кекілбаев еңбегінің әр саласы тараутарау зерттеулер мен көптеген мақалаларға арқау боларлық. Себебі, Ә. Кекілбаев көп қырлы жазушы. Оның шығармашылығы туралы бір диссертациялық жүмыс аздық етеді. Ә. Кекілбаев шығармаларын оның ішінде шығармаларындағы жол концептісін зерттеу тақырыбы қазіргі таңдағы тың, әлі беті ашылмаған, өзекті зерттеуге тұратын тақырыптардың бірі деп білемін.

 

Әдебиеттер

  1. Кекілбаев Ә. Дала балладалары. – Алматы: Жазушы, 2001. – Б. 248.
  2. Кекілбаев Ә. Шығармалар жинағы: 19 т. – Алматы: Жазушы, 1999. – І т. – 187 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.