Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Білім алушылардың кәсіби шеберліктерін шыңдау

Ғылыми мақалада жеке тұлғаның кәсіби шеберлігін арттырудағы ұжымның ықпалы, кәсіби дайындығы, білім мен біліктері, кәсіптің дұрыс бағытта жүруі тек іскерлік қызмет арқылы жүзеге асатындығы туралы баяндалған. Бұл тұстағы кәсіби шеберлікке жеке міндеттерді өз бетімен шеше білу қабілеті, оның берілген белгілі бір нұсқауларға жалтақтамай, өзіндік тәжірибесіне сүйене отырып, кез келген қиын жағдайлардан жол таба алумен байланыстылығы, сонымен қатар өзіндік білімін жетілдіру, ұдайы ізденісте болу кәсібінің бір бөлігі айтылған..

Кәсіби шеберліктің негізгі белгілері: кәсіптік білім, біліктілік, дағды, кәсіптік қабілет. Бүгінгі талапқа сай өз ісінің жетік меңгерген, еңбекқорлығымен, ұстамдық қабілетімен техниканы меңгереді десек те болады. Тек жаңашылдыққа деген талпыныс, үздіксіз ізденіс кәсіби шеберді өз ісінің биік шыңына жетелейді. Әрбір іс-әрекет барлығында бірдей нәтижелі болмайды. Нәтижелі болуы оның сол іс-әрекетінің тиімді жолын, әдісін табу керек.

Шеберлік – кәсіби немесе әуесқойлық білім-білік дағдыларын қандай да бір түрде істі терең түсініп, дамыған іскерлікпен үйлестіріп тиімді әрекеттерді жүзеге асырушылық.

Шеберлік жұмысқа, іс-әрекетке байланысты: белгілі бір көзқарас бойынша жұмыс пен қойылатын талап сапалары; іс-әрекеттің еркіндік деңгейі, жұмыс қалай іске асып жатыр екенін бақылау; оны зерттеуге жұмсалатын уақыт; тәжірибе мен білім деңгейі;

Шеберлік адамға қатысты: білім барысында және тәжірибе іс-әрекетінде ашылатын адамның қабілеттілігі;

Шеберлік әлеуметтік құрылыста: әдеттер мен тәжірибе, кәсіподақтар келіссөзі, еңбекті реттеуге байланысты еңбектің немесе жұмысбастылықтың кейбір түрлеріне басылатын таңба. Мұның бәрі ақы мен статустың жіктелген нормаларын шақырады. Әдетте істің ресми біліктілігінде бейнеленеді: «білікті», «жартылай білікті», «төмен білікті»;

Шеберлік кең әлеуметтік мағынада: әлеуметтік факторлардың ең жалпы кабілеттіліктері мен кұзіреттілігі, яғни әлеуметтік өмірге араласу әрқашан «білікті орындау» болып табылады.

Педагогика саласындағы шеберлік үнемі жетіліп отыруды қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу өнері. Ол өнерге бала-ларды сүйетін және өз қалауымен жұмыс істейтін әр педагогтің қолы жетуі мүмкін. Педагог өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті, өз пәнін терең меңгерген, ғылым мен өнердің тиісті салаларынан хабардар, жалпы, әсіресе балалар психологиясының мәселелеріне қанық, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін жетік игерген маман.

Кез келген жеке тұлғаның кәсіби шеберлігін арттырудағы бірлестіктің ықпалы, кәсіби дайындығы, білім мен біліктері, кәсіптің дұрыс бағытта жүруі тек іскерлік қызмет арқылы жүзеге асады. Мұндағы кәсіби шеберліктің міндеттерді өз бетімен шеше білу қабілеті, оның берілген нұсқауларға жалтақтамай, өзіндік тәжірибесіне сүйене отырып, кез-келген қиын жағдайлардан жол таба алумен байланысты. Сонымен қатар өзіндік білімін жетілдіру, ұдайы ізденісте болу кәсібінің бір бөлігі.

Қазіргі қоғам адамнан прогрессивті ойлай алатын белсенді әрекетті, жан-жақты болуды талап етеді. Өйткені адамның қоғамдағы алатын орны, атқаратын қызметі сол қоғамның дамуымен тікелей байланысты. Қоғамда «орындаушы» адамнан гөрі «кәсіби шебер» адамға деген сұраныстың көп екенін қазіргі өмір талабы дәлелдеп отыр. Бүгінге дейін негізінен кәсіби шеберлердің кәсіптік жұмысы сараланып қана келсе, енді осы бір қатаң түсінік түбегейлі өзгеріске ұшырап, мамандық кешенді түрде бағаланбақ..

Акмеология – кәсіби шеберлік шыңына жетудің жолдары, оның заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Бұл адамтану саласында жаңадан дамып келе жатқан жас ғылым саласы. Ол «акме» деген латын сөзінен алынған «шың» деген мағынаны білдіреді.

Бұл саланың зерттеу нысанасы:

  • ересек адамдардың өз бетінше даму заңдылықтары;
  • кәсіби шыңға ұя, белгілі бір табысқа жету факторлары;
  • өзін-өзі тәрбиелеуге, білім беруге және бақылай білуіне үйретуге қызықтыру;
  • кәсіби шеберлік шыңына жету үшін ересек адамдардағы түзету, жетілдіру және қайта құра алатын қасиеттерді тиімді пайдалана білу;

Акмелогияның негізгі зерттеу нысаны – ол ересек адамдарға өз кәсібін ғұмыр бойы жетілдіру бағытталған мәселелері. Демек, акмелогия ғылымы ересек адамдарды кәсіби оқытуға басқару мәселелерін, оның жас ерекшелігіне әсерін, қызығушылығын, оның өз бетінше жетілдіру, шығармашылық қабілетін кәсіби қызметінің шарықтау шегіне дейін жеткізетін саланы зерттейтін ғылым болды. Нағыз кәсіби шебер өзін-өзі дамытып отыратын тұлға.

Заман ағысына сай біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған маман иесі – уақыт талабы. «Тәуелсіз елге – білікті маман» демекші, кәсіби шеберліктің негізі – білім мен тәрбиені ұштастырумен қатар – кәсіби шеберліктің жаңа технологиясын меңгере білуінде және оны өз тәжірибесінде қолдана алуында. Кәсіби көзқарас бойынша, «технология» ұғымы – дәстүрлі оқыту әдістерінен басқа, ерекше үлгіде ұйымдастырылған «кәсіби шеберлік» деген пікір өз уақытында кәсіби-ғалымдар тарапынан сынға алынғаны белгілі. Осыдан шығарар қорытынды: әрбір кәсіби шебер мамандығын таңдап алған соң, ол жауапкершілігін бірге ала жүруі керек. Адам қажырлы еңбегімен табиғатты өзгертсе кәсіби шебер жалпы жасампаз еңбегімен жаңа адамды қалыптастырып, дамытып, жетілдіріп өмірге дайындайды. Дайындау барысында білім алушылардың педагогикалық іс-тәжірибесінің маңызы зор.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағдыға қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес әлеуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеге лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады» делінген. Елбасы қол қойған мемлекеттік білім бағдарламасында жоғары білім мен ғылымды ұштастыра жүргізу жан-жақты айқындалған. Осы міндеттерді жүзеге асыруда, біріншіден, педагогтың кәсіби білімін арттыру, екіншіден, жоғары оқу орындары білім алушыларға қойылатын талаптарды күшейту басты назарда болуы тиіс. Сондықтан педагогикалық білімі бар маманның кәсіптік-педагогикалық шеберліктерін шыңдаудың педагогикалық шарттарын, заңдылықтарын және ерекшеліктерін зерттеу айырықша мәнге ие.

Педагогикалық іс-тәжірибе кәсіптік оқыту педагогының кәсiби даярлығы жүйесiнде мынадай маңызды қызметтер атқарады: оқытушылық; дамытушылық; тәрбиелiк; диагностикалық. Осыған орай кәсіптік мектептегі педагогикалық іс-тәжірибе университеттегi теориялық оқыту мен білім алушылардың оқутәрбие мекемелерiндегi өзiндiк жұмысы арасындағы байланыстырушы буын болып табылады. Білім алушыларды алғашқы, әрi өте құнды педагогикалық iс-тәжiрибемен қаруландырады, теориялық бiлiмдердi бекіту мен тереңдету құралы ретiнде қарастырылады.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес жастардың бойында адамгершілік қасиеттердің: ұлттық мақтаныш, патриоттық сезім, адамдарға гумандық қарымқатынас, ұлттық үрдістегі өзіндік мәдениетін сыйлауды, адамгершілік мінез-құлықтың қалыптасуын талап етеді. Бұл болашақ кәсіптік оқыту педагогтарының жеке тұлғасын тәрбиелеуші ретінде қалыптастырудың жаңа тәсілінің дәріптелуін, кәсіптік-педагогикалық білім берудің заман талабына сай жаңа мақсаттарын жүзеге асыруға ерекше көңіл бөлінуін, тұлғаның қоғам дамуының белгілі бір деңгейге жетуін талап етеді. Осы мәселелердің іске асуы жоғары оқу орындарында, кәсіптік мектептерде педагогикалық іс-тәжірибені өткізудің дұрыс жолға қойылуына тәуелді.

Кәсіби шеберлік туралы зерттеу мәселесі теориялық тұрғыда ойластырылып және кәсіптік оқыту педагогтарын даярлау мәселелерi қазіргі таңдағы маңызды мәселе болып отыр.

Кәсіби шеберлікті шыңдауда педагогикалық іс-тәжірибенің жалпы тұжырымдамасы төмендегідей: а) тұлғаның кәсiби қалыптастыруындағы іс-тәжірибенің ролiн анықтайтын қазiргi философиялық зерттеулердi талдау арқылы; ә) педагогикалық іс-тәжірибе жөнiндегi жетекшi психологиялық-педагогикалық зерттеулердi зерделеу және жүйелеу арқылы; б) педагогикалық іс-тәжірибе кешенді тапсырмалар негізінде құрылымдау жолымен; в) тұтастай педагогикалық процесті қамтамасыз ететін педагогикалық мәселелердің жүйесін шешуге бағытталған, қисынды байланысқан іс-әрекеттердің жиынтығы ретіндегі кешенді тапсырмалар моделін жасау арқылы. Кәсіптік мектептің оқу-тәрбие процесінің қарапайым элементтерін игеретін педагогикалық мәселелерді ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері мен жалпы қағидалары анықталды.

Кәсіптік оқыту педагогы өз iс-әрекетiнiң мәнiн терең түсiнбей, қоғамдық-саяси, арнаулы ғылыми, психологиялық-педагогикалық бiлiмдер жүйесiн игермей, сондай-ақ теориялық бiлiмдерiн, практикалық мәселелердi шешу кезiнде шығармашылықпен қолдану iскерлiгiнсiз жүзеге асыра алмайды. Педагогикалық іс-тәжірибе болашақ мамандарды педагогикалық iс-әрекеттiң алғашқы және аса құнды тәжiрибесiмен қаруландырады, білім алушылардың педагогикалық iс-әрекетке кәсiптiк жұмысқа дейiн-ақ даярлығының көрсеткiш қызметiн атқарады. Мұның бәрi білім алушының педагогикалық іс-тәжірибені жетiлдiру мәселесінің теориялық және практикалық мәндiлiгiн қамтамасыз етедi.

Педагогикалық іс-тәжірибені табысты өткiзу үшiн, білім алушылардың кәсiби бiлiмдердi, iскерлiктер мен дағдыларды саналы игеруге шығармашылықпен және үлкен жауапкершiлiкпен қарау қажеттiгiне көздерiн жеткiзiп, педагогикалық практиканы өз бетiмен орындайтын педагогикалық iс-әрекет ретiнде қарастыру керек.

Жеке тұлға iс-әрекетiнiң өзгертушiлiк сипаты жөнiндегi, практиканың ролi жөнiндегi, оның басым мәнi және теориямен байланысы жөнiндегi iлiмдерге сүйенедi; іс-тәжірибе таным шынайылығының, практикалық iс-әрекетке жетекшiлiк жасау қызметiн атқаратын теория ақиқаттығының шешушi және жалғыз критерийi болып табылады деген принциптiк әдiснамалық қағидаларына негiзделедi.

Педагогикалық іс-тәжірибе мәселесінің қазiргi педагогикадағы жай-күйiн талдау көп жағдайда педагогтардың кәсiптiк даярлығын, шеберлігін жетiлдiруге арналғандығын көрсетедi, атап айтқанда, педагогтар шеберлiгiнiң негiзiне психологиялық-педагогикалық талдау жүргiзiлдi; педагогикалық шеберлiктiң кәсiптiк сипаттамасын зерттеу; педагогикалық практиканы ұйымдастыру зерделенуі; болашақ педагогтардың практика процесiнде кәсiбипедагогикалық iскерлiктерi мен дағдыларын қалыптастырудың ерекшелiктерi анықталуда.

Сонымен қатар педагогика ғылымында жинақталған теорияны оқып-үйрену, университет білім алушыларының педагогикалық іс-тәжірибесін ұйымдастырудың бастапқы деңгейін зерттеу, бізге білім алушылардың педагогикалық іс-тәжірибесінің тиімділігін қамтамасыз ететін келесі шарттарды анықтауға мүмкіндік берді:

  • іс-тәжірибе барысындағы сабақтастық және білім алушылардың курстан курсқа өткендегі іс-әрекетінің көлемі мен мүмкіндігінің артуы;
  • білім алушылардың іс-тәжірибе барысындағы нақты рөлі мен функцияларын анықтау;
  • білім алушылардың іс-тәжірибенің алғашқы күндерінен-ақ оқу-тәрбие жұмысына белсенділігін арттыру шараларын ұйымдастыру;
  • іс-тәжірибе бағдарламасына студентпрактиканттардың оқушылармен өз бетінше тәрбие жұмысына жетекшілік етуге арналған тапсырмалар жиынтығын қосуы;
  • білім алушылардың кәсіби өзін-өзі тәрбиелеуін ұйымдастыру деңгейіне байланысты дифференциалдық келіс;
  • іс-тәжірибе бағдарламасына педагогикалық іс-тәжірибенің тиімділігін арттыру шарттарын енгізу. Студенттердің педагогикалық істәжірибесінің тиімділігін арттыру тек шарттарды анықтауды ғана емес, сондай-ақ осы үрдіске педагогикалық жетекшіліктің ғылыми негізделген жолдарын да талап етеді. Осыған

орай бiздiң жұмысымызда білім алушыларды оқу-тәрбие іс-тәжірибесі кезеңiнде оқытудың әдiстерi мен тәсiлдерiнiң жүйесi зерттелiп, әзiрлендi.

Жеке тұлғаның кәсіптік жұмысының мәнін үйлесімді өзгерту, яғни басты қызметтік нұсқауды орындау емес, күтетін нәтижеге жету үшін жұмыс үрдісін белгілі бір кәсіппен үйлестіру. Кәсіби шеберліктің негізгі белгілері: кәсіптік білім, біліктілік, дағды, кәсіптік қабілет. Бүгінгі талапқа сай өз ісінің жетік меңгерген, еңбекқорлығымен, ұстамдық қабілетімен техниканы меңгереді десек те болады. Тек жаңашылдыққа деген талпыныс, үздіксіз ізденіс кәсіби шеберді өз ісінің биік шыңына жетелейді. Әрбір іс-әрекет барлығында бірдей нәтижелі болмайды. Нәтижелі болуы оның сол іс-әрекеттің тиімді жолын, әдісін табу керек. Кәсіби құзыреттіліктің сипаттамасын шебер тұлғаның, жаңашыл кәсіби шебердің, зерттеуші мұғалімнің кәсіби дәрежесіне көтерілген мұғалімдердің жиынтық бейнесі ретінде қарастырады. Қазіргі кезеңдегі ең өзекті мәселенің бірі – бәсекелестікке қаблетті, еңбек нарығында сұранысқа ие бола алатындай кәсіби мамандар дайындау. Бүгінгі күні жоғары оқу орындарының әлемдік өркениетке ұмтылып, дүниеге іргелі ел ретінде танылып, тәуелсіздіктің тұғырын берік орнатып отырған Қазақстан Республикасының болашағында білімді, білікті, саналы азаматтар тәриелеу міндеттері қойылған. Бұл міндет кәсіби шеберлікті меңгеруші жастардың шығармашылықтарын арттырып, өздігінен білім алуға және алған білімін іске асыра білуге үйретуді міндеттейді. Қазіргі әлеуметтік – экономикалық өзгерістер жағдайында біздің қоғамымызда өздігінше шешім қабылдай алатын және оны жүзеге асыра алатын әлеуметтік белсенді, шығармашыл тұлғаға сұраныс күшейеді.

 

Әдебиеттер

  1. Күнпейіс Ж. Технология пәнін оқытуда мектеп оқушыларының дүниетанымын қалыптастырудың негіздері //Монография. – Түркістан, 2011.
  2. Қоянбаев Р. Педагогика. – Алматы, 1997.
  3. Қазіргі заманғы мұғалім // Қазақстан мектебі. – 2003. – №6.
  4. Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі // Білім әлемі. – Алматы, 2004. – №4.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.