Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазіргі қазақ қуыршақ театрларының дамуындағы фестивальдердің маңызы

Ғылыми мақалада қазақ қуыршақ өнерінің дамуындағы театр фестивальдерінің маңызы мен олардың көркемдік деңгейі төңірегінде ой қозғалады.

Уақыт талабына сай қазақ қуыршақ театрының бәсекелестікке қабілетін арттыру, көркемдік деңгейін көтеру мәселелері туындап отыр. Бүгінгі таңда республикамызда оннан астам қуыршақ ұжымы халыққа мәдени-рухани қызмет етуде. Олардың өнерін ғылыми-практикалық тұрғыда саралап, кәсіби пікір білдіріп жатқан зерттеулер саусақпен санарлық. Орын алған осы олқылықты шешуде елімізде өткізілетін қуыршақ театрлары фестивальдерінің шығармашылық өресі қандай, маңызы мен мәні нендей, олар өнер ұжымдарының дамуына үлес қоса ала ма деген сұрақтар қарастырылады. Әлемдік қуыршақ өнеріндегі бүгінгі үдерістерден қажеттісін алып, тәжірибе алмасу үшін өткізілетін қуыршақ бұл фестивальдерінің көркемдік деңгейі сарапталып, теориялық-тәжірибелік мәні бағамдалады.

Ағылшындық қуыршақ режиссері Честерсон: “Қуыршақ театрының философиясы – көңіл бөлуге тұрарлық үлкен философия. Қуыршақтар арқылы бүгінгі адамзатқа қатысты барлық нәрсені айтуға болады. Кішкене ғана кеңістікке ұлы ойлар сыяды” [1], – деп, тегін айтпаса керек. Өкінішке орай, қазіргі қазақ қуыршақ өнері драмалық театрлардың тасасында қалып, қоғамнан өз орнын ала алмай келе жатқандықтан, "адамзатқа қатысты барлық нәрсені айту" мүмкіндігінен шеттеп отыр.

Уақыт талабына сай қазақ қуыршақ театрының да бәсекелестікке қабілеттін арттыру, көркемдік деңгейін көтеру мәселелері де осыдан туындаған. Бүгінгі таңда республикамызда оннан астам қуыршақ ұжымы халыққа мәдени-рухани қызмет етуде. Олардың өнерін ғылыми-практикалық тұрғыда саралап, кәсіби пікір білдіріп жатқан зерттеулердің қарасы саусақпен санарлық.

Орын алған осы олқылықты шешуде елімізде өткізілетін қуыршақ театрлары фестивальдерінің шығармашылық өресі қандай, маңызы мен мәні нендей, олар өнер ұжымдарының дамуына үлес қоса ала ма деген сұрақтар төңірегінде ой өрбітсек. Әлемдік қуыршақ өнеріндегі бүгінгі үдерістерден қажеттісін алып, тәжірибе алмасу үшін өткізілетін бұл фестивальдердің көркемдік деңгейіне үңілудің, теориялық-тәжірибелік мәнін бағамдайтын кездің келгені анық.

Халықаралық аренада мемлекеттің алар орны оның экономикасының ғана емес, мәдени-әлеуметтік жағдайының кемелдігімен өлшенеді. Қазіргі таңда қазақ елінің қуыршақ өнерін әлемдік деңгейде тек Ақтөбе облыстық «Алақай» қуыршақ театры ғана таныстырып жүр. Оннан астам қуыршақ ордасы бар еліміз үшін бұл өте аз көрсеткіш. Жыл сайын елімізде халықаралық қуыршақ театрларының карнавал-фестивалі Алматы қаласының әкімшілігі, Алматы қаласының Мемлекеттік қуыршақ театры және Дүниежүзілік Қуыршақтар Ассоциациясы ұйымдастыруымен өтеді. Дәстүрлі фестиваль биыл да жалғасын тапты. Еуропа, ТМД және отандық ең үздік спектакльдері заманауи қуыршақ өнерінің жетістіктерін мәлім етті. Белгілі мәдениет қайраткерлері қазылық еткен аталмыш фестиваль жоғары деңгейінде өтті деуге негіз бар. Италия, Испания, Ресей, Тәжікстан, Румыния, Израиль сынды елдермен қатар сынға түскен театрлар ішінде Алматы Мемлекеттік, Ақтөбе, Петропавл, Талғар және Оңтүстік Қазақстаннан келген қуыршық ұжымдары болды. Азулы мемлекеттердің маңдай алды өнерпаздарымен шығармашылық сайысқа түсу қазақ қуыршақ артистеріне де қызықты болғаны сөзсіз.

Қуыршақ театры туралы тұңғыш жазбаша мұра Италияда сақталғаны белгілі. 1550 жылы өмір сүрген қуыршақ театрының басты кейіпкері – Пульчинелла кейін дүние жүзі театрларында негізгі тұлғаға айналды. Ұлттық қуыршақ театрының басты кейіпкерін арқау еткен италияндықтардың «Пульчинелла» қойылымы өзінің орындау шеберлігімен тамаша өнер көрсетті. Жоғары техникалық шеберлік, жалғыз актердің бірнеше рольді сомдауы, ең бастысы, театрдың кішкентай көрермендерімен қатар ересектерді де елітіп әкетті. Италянша ойналған қойылым болса да көрермен оны іс-әрекетінен-ақ түсініп отырды. Бірнеше кейіпкерлермен сайысқа түсетін Пульчинелла балалармен сөйлесуді де ұмытпады. Көрермен мен қойылым арасында тікелей қарым-қатынас болды. Шағын декорациямен безендіріліп, өзінің біртұтас жүйелілігімен шешімін тапқан қойылымнан қазақ қуыршақ өнерпаздарының үйренер тұстары да аз кездескен жоқ.

Бәйгеге Қазақстанның атынан қатысқан қойылымдар ішінен «Алақай» қуыршақ театрының «Ат тұяғын тай басар» қойылымын ерекше атап өтуге болады. Режиссері: Е.Пермяков, суретшісі: Ә.Құрманалина. Спектакль мазмұны қазақтың тұрмыс-тіршілігінен алынған. Бас кейіпкері – Құлыншақ жеке тұлға болып қалыптасу жолында кездескен қиыншылық тар мен тосқауылдарға төтеп бере отырып жетілу кезеңін бастан өткереді. Яғни, үйірінен саяқ кеткен құлыншақ сыртқы жаудан қор ғана алатын бесті айғыр болып оралады. Спектакль психологиялық параллелизмге негізделген. Сәби мен құлыншақтың дүниеге келуі, қоршаған ортаға таңғала жүріп, бейімделуі қатар бейнеленеді. Қойылымдағы кейіпкерлердің киімдері суретші мен режиссердің көп ізденгінінен дәлелдейді. Музыкамен көркемдеуші Ә.Ермекбаев спектакль оқиғасының мазмұнын ашатындай әуен тапқан. Жұртшылыққа кеңінен таныс халық әндері мен бесік жырын, қауіп-қатер төнген тұстағы қолданылған күйлер де спектакльдің ажарын аша түскен. Мұның бәрі спектакльдің көркемдік құндылығын арттыруға мол септігін тигізіпті.

«Ат тұяғын тай басар» спектаклі балалар тәрбиесі үшін аса маңызды қойылымдардың бірі. Қазақ халқының әдет-ғұрпы, салт-дәстүрлерін бейнелеп, жас көрермендерді ұлттық мәдениетіміздің нәрімен сусындатуда көп жетістіктерге жеткен. Қуыршақ өнерінің сан түрлері қамтылған бұл қойылым үлкенге де, балаға да сыйқырлы ертегі әлеміне еніп кеткендей әсер ететіні сондықтан.

Ал Алматы Мемлекеттік қуыршақ театры «Алтын балапан» спектаклін көрермен назарына ұсынды. Алтын жұмыртқаны тауып алатын қасқыр оқиғасынан өрбитін сюжет түлкінің келуімен шиелінесе түседі. Қойылым жас ерекшелігіне қарай балақайларға арналғанымен, сахнада қойылу шеберлігі төмен болды. Қуыршақ театры болғаннан кейін басты орын-

да қуыршақ болып, актерлер қуыршақ техникасына сай шебер ойын көрсете алмады. Спектакльде актерлер аң бейнесіндегі киімдерді киім ойнайды. Бұл спектакль дүниетанымы енді ғана қалыптасып келе жатқан бүлдіршін көрерменге арналған екен. Қойылым тамашалауға келген естияр балаларға қызықсыздау болды.

Өзге елдің өнерпаздары қуыршақтың қырсырын меңгеріп, асқан шеберлікпен ойнап, көрерменге айтар ойын жеткізіп жатты. Біздің режисерлер де түрлі әдістерді, заманауи технологияларды меңгеріп, уақыт талабына сай тың дүниелерді сахнаға шығарса. Бұл қазақ қуыршақ театрының әлемдік деңгейде көрінуіне бірден-бір септігін тигізетін мүмкіндік. Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі бірқатар қуыршақ театрлары фестивальдерін ұйымдастырып жүр. Солардың қатарында «Ортеке» қуыршақ фестивалін атап айтуға болады.

2013 жылы «Ортеке» ІІІ Халықаралық қуыршақ театрларының фестивалі Астана қаласында өткізілді. Бұл өнер мерекесі Бас қала – Астананың 15 жылдық мерейтойына арналды. Оның негізгі мақсаты – отандық қуыршақ театры өнерінің дамуына ықпал ету, артистеріміздің кәсіби және орындаушылық деңгейін арттыру. Ең бастысы кәсіби қуыршақ өнерін насихаттап, отандық қуыршақ өнерін дамытуға ықпал ету еді.

Фестивальге Қазақстан Республикасының, жақын және алыс шет елдердің кәсіби қуыршақ театрлары қатысты. Ресей Федерациясы (Чувашия) мен Беларусь Республикасынан (Гомель) екі театры және еліміздің осы саласы бойынша әр түрлі халықаралық фестивальдер мен конкурстарда көрініп жүрген: Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Петропавл, Астана, Ақтау қуыршақ өнер ұжымдары қатысқан фестиваль өз деңгейінде жоғары дәрежеде өтті.

Фестивалдің шымылдығын Ақтөбе облыстық «Алақай» қуыршық театры қазақ халық ертегісінің негізінде сахналастырылған «Дала аңызы,Уа Алдар!» спектаклімен ашты. Театр сахнасына қойылған бұл қойылымды режиссер Бекболат Парманов халықтық жәрмеңке, салтдәстүрдің озық үлгілерін көрсететін фольклорлық мотиві мол туынды етіп жасаған. Алдар көсенің қулығы мен тапқырлығы, жәбірленгендерді жебеген әрбір тапқырлығы спектакльге негіз болған қойылым көрерменге мерекелік көңіл күй сыйлады.

Ал Алматы Мемлекеттік қуыршақ театры болгар халық ертегілерінің негізінде жазылған

М.Долгачеваның «Как лечить львиный страх» спектаклін көпшілік назарына ұсынды. Шат көңіл, жарқын жүз, балалардың тез қабылдауына арналған қойылым алғашқы сәттен бастап көрерменді елітті. Сахнаға шыққан актерлік квартеті спектакльдің соңғы нүктесіне дейін көрерменмен жылдам әрі тығыз қарым-қатынаста ырғақты төмендетпей, көтеріңкі нүктеде аяқтады. Жалпы балаларға базарлық болатын көңілді спектакль әлі талай бүлдіршіндерге қуаныш сыйлайды деген ойдамыз.

Гомель Мемлекеттік қуыршақ театры славян халықтары ертегілері негізінде В.Ткачевтің «Чародейный рюкзачек» ертегі – импровизациялық қойылымын көрсетті. Камералық спектакльдің өзіндік атмосферасы бар шағын шығармашылық топтың жұмысына белгілі «Маша мен аю» ертегісі негіз болған. Барлық қажетті қуыршақтарын рюкзак ішіне сыйдырған көшпелі театрдың артистері үлгісінде келіп көрермен алдында спектакль көрсетеді. Көрермендердің ең кіші тобына арналған қойылымда режиссерлік ширақтық, жүйелі сахналардың тізбегі, қуыршақтардың сахнада пластикалық тарқатылмауы жайлы ескертпелер болды.

Башқұртстан Мемлекеттік қуыршақ театры көрсеткен В.Орловтың «Алтын балапан» спектаклі кәсіби шеберлікпен орындалған қойлымның бірі болды. Шағын кеңістікте талғаммен жасалған декорация көп функциональді, бірнеше міндеттер атқарып тұр. Орындаушылар шеберлігі қуыршақтарға жан бітіріп керемет пен ғажайыптан тұратын өнер әлеміне сүңгітіп жібереді. Спектакль балалар мен олардың атааналарына да қызықты болып шыққан.

Солтүстік Қазақстан облыстық қуыршақ театры алып келген «Армысың, Ақ кеме, бұл мен ғой!» атты Ш.Айтматовтың «Ақ кеме» повесі бойынша жасалған спектакльді жас режиссер Болат Абдрахманов қойыпты. Салмақты прозалық шығарманың ересектеу балалар аудиториясына арнап қойылуының өзі қуыршақ театрларымыздың ертегі, аңыз, әңгімеден бөлек сүйекті де сүбелі туындыларды балаларға тарту ете бастағандығын көреміз.

Қостанай облыстық қуыршақ театры «Еще раз о Красной шапочке» атты қойылымын көрсетті. Жақсы режиссерлік шешімі бар спектакльге жеңілдік, орындаушыларға шеберлік қырлары аздық етіп жатты. Бұл уақыт, тәжірибемен келетінін ескерсек, жас театр ұжымының жетістіктерін болашақта асыға күтеміз. Астана қуыршақ театры фестивальге И.Миччи, Дж.Робертс, Л.Вулвертонның «Арыстан патша» мюзиклін қазақ тілінде ұсынды.

Спектакль аң патшасы Арыстанның кішкентай баласы Симбаның атына сай өз дәрежесін алу жолындағы бастан кешкен қиындықтары, ер жету жолындағы кедергілерді жеңуі суреттейді. Спектакль көркем декорациялық киім киіп, сан алуан аңдардың қызықты костюмдермен ерекшеленді.

Маңғыстау облыстық қуыршақ театрының режиссері Н.Насырованың инсценировкасымен Т.Жарылғаповтың осы аттас пьесасы негізінде қойылған «Сұрмерген» спектаклі фестивальдің нүктесін қойды. Бұл қойылым бізге Табиғат Анамен адамдар арасындағы текетірес екіншілер үшін жақсылыққа алып бармайтын, кешірілмес қателіктерге соқтырарын ескертеді. Бүгінгі күннің осындай өзекті мәселесін өнер ұжымы қуыршақ театрының бейнелі тіл, бедерлі бояуымен беруге тырысқан. Театр таза қуыршақтарды ойнату шеңберінен шығып, бүгінде драма театрының үлгісін еркін қолдана бастаған. Бұл үлгіде ойын көрсетуге талпыныс фестивальде тек осы театрға ғана тән құбылыс болмағанын атап өтуіміз керек. Сахнада қуыршақ өнерінің таза үлгісін ұстап қалудан гөрі әр түрлі бейнелеу құралдарын, олардың өзгеше стильдік ерекшеліктерін араластыра спектакль жасау жиі көрініс берді. Суретші декорациялық шешімі мен костюмдерінің үлгісін жасау барысында ұтымды шешімдер таба алған. Режиссер актерлер құрамына көпшілік би сахналарына мән беріп, динамикалық қызуқанды жаңа сахналық қойылым жасауға тырысқан.

Қазылар алқасының құрамына Санкт-Петербург Мемлекеттік театр өнері академиясы Қуыршақ театры факультетінің деканы, қуыршақ театрының белгілі маманы, профессор Николай Петрович Наумов жетекшілік етті. Қуыршақ ісінің хас шебері деп танылған ұстаздың талқылауда спектакль туралы айтқан құнды пікірлері біздің актерлеріміз, режиссерлеріміз, жалпы қуыршақ театрымен айналысатын барша қауымға қызығушылық туғызды.

Республика театрларының шығармашылық келбетін көрсеткен фестиваль қазақ топырағында кішкентай бүлдіршіндерге жасалынып жатқан қуыршақтар патшалығындағы халжайдан хабардар етті.

Қорыта келе, елімізде жыл сайын өтіп жатқан қуыршақ фестивальдерінің қазақ қуыршақ театрының дамуында алар өзіндік орны бар. Өзге елдердің қуыршақ театрларымен сынға түсіп, театрлардың шығармашылық деңгейінмен танысып тәжірибе алмасады. Бүгінде

еліміздегі қуыршақ театрларына тың серпіліс керек. Мәселен, Филипп Жанти (Philippe Genty) – француздық режиссер қойылымдарында драмалық элементтерді, пантомималық қимыл-әрекеттер, би және вокал, алуан түрлі спецэффекттер және сиқыр атмосферасын араластыра жеткізеді. Кейіпкерлерін бүгінгі қоғаммен байланыстырады. Жанти өзінің «Жылжымайтын кейіпкерлер» атты қойылымында:

«Моя мечта походит на утопию. Я уверен, что мы не добьемся мира между людьми, народами или социальными группами, пока не будем жить в мире с самими собой. К этому я и стремлюсь в своих спектаклях, что, возможно немного наивно. В «Неподвижных пассажирах» присутствует политический подтекст. Я говорю о кризисе, о торжестве алчности, о крушении утопий, о национальной идентичности, о ношении паранджи... Но меньше всего на свете я хотел бы растерять свою поэтическую силу» [2], – деп пікірімен бөліседі. Советтік жылдар мен күні бүгінге дейін есімі дүниежүзіне белгілі режиссер Жантидің әрбір қойылымы үлкен ізденіспен өмірге келеді. Бүгінде қазақ қуыршақ театрының шығармашылығы тікелей әлемдік өнер процестерімен тығыз байланыста дамуды талап етеді. Театрдың кішкентай көрермендерін бүгінгі заман талабына сай қойылымдармен театрға шақыруымыз керек.

Елбасымыз биылғы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауында: «Жалпықазақстандық мәдениетті дамытуға жаңаша серпін берген жөн. Мәдени саясаттың ұзақ мерзімді тұжырымдамасын әзірлеу қажет. Онда қазақстандықтардың бәсекеге қабілетті мәдени ментальдігін қалыптастыруға, заманауи мәдениет кластерлерін дамытуға бағытталған шаралар белгілеу керек» [3, 2], – деп мәдениеттің дамыған 30 елдің қатарына кіру тұжырымдамасындағы айрықша бағыт екенін белгілеп берді. Біздің ендігі мақсатымыз дамығын 30 елдің қатарына кіру мақсатында мәдениетімізді дамыту. Болашақ ел тізгінін ұстайтын тұлға тәрбилеу. Тұлғалық өнер биік деңгейде болғанда ғана ұлттық құндылық болады және оның баға жетпес нарқы болады.

ХХІ ғасырда рухы биік мәдениетіміз бен біліми әлеуетімізді қалыптастыруда қуыршақ театрының маңызы зор. Рухы мен мәдениеті биік, білімі терең деңгейдегі жастары бар ел ғана жаһандану деген алып мұхиттың үстінде өзінің келбетін жоғалтпайды.

 

  1. Әдебиеттер
  2. http://platonovfest.com/programm/31, Биография Филиппа Жанти. 
  3. 2 «Егемен Қазақстан» // №11 (28235) 18 қаңтар, 2014.
  4. 3 А.Мұқан. Ортеке ІІІ Халықаралық қуыршақ театрларының фестивалі // Театр. кз: ТҚО. – Бас. 12. − Алматы: Өлке, 2013. – 15 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.