Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Интернет қарым-қатынасындағы бейресми есімдердің топтастырылуының кейбір мәселелері

Берілген мақала интернет қарым-қатынасындағы бейресми есімдердің топтастырылуының кейбір мәселелерін қарастырады. Мақалада интернет қарым-қатынасты зерттеген отандық және шетелдік ғалымдарға шолу жасалды. Ономастика ғылымының антропонимика саласы туралы да аз-маз айтылып, анықтама беріліп кетеді. Өйткені ол тікелей ресми және бейресми есімдерге қатысы бар және соларды зерттейтін ғылым. Сонымен қатар автор бейресми есімдердің пайда болу себептеріне, ерекшеліктеріне, бейресми есімдердің түріне жататын лақап есім мен бүркеншік есімдерге де анықтама беріп, олардың айырмашылықтары туралы айта кетеді. Бүркеншік есім мен лақап есімдерге бірнеше мысалдар келтіріліп, қандай мақсатта сол бүркеншік есім немесе лақап есімнің таңдалғаны туралы, қандай мағына беретіні туралы тоқталып, түсіндіріліп өтеді. Мақаланың соңында автор интернет қарым-қатынас, бейресми есімдер туралы өзінің қорытындысын айтады.

Сөз басында алдымен интернет сөзіне тоқтала кететін болсақ, интернет (ғаламтор) дегеніміз – компьютерлік желілердің ақпарат алмасуға арналған бүкіләлемдік қауымдастығы, бір-бірімен телекоммуникация арналары арқылы мәлімет алмасатын әртүрлі аймақтағы компьютерлік желілердің біріктірілген тарабы.

Интернет қарым-қатынас мәселелері, ерекшеліктері туралы шетелдік ғалымдар Ю.Д. Бабаева, Е.П. Белинская, А.Е. Войскунский, А.Е. Жичкина, Д.В. Иванов, Д.И. Кутюгин, J. Steuer, Sh. Turkle, K. S. Young [1, 72] және отандық Ә.С. Рахымберлина, Н. Г. Саниязова және т.б. ғалымдар зерттеген.

Интернет қарым-қатынастағы бейресми есімдерге тоқталмас бұрын олардың шығу себептеріне тоқталып кетсек. Интернет қарым-қатынастағы бейресми есімдердің шығу себеп-тері:

  • виртуалды әлемде жасырын, еркін түрде ақпарат алмасу үшін;
  • өзінің орындалмайтын арманын тым болмағанда виртуалды әлемде жүзеге асыру. Мысалы, тым болмаса виртуалды әлемде белгілі бір керемет әнші болу. Оны белгілі әншінің фотосын және сол әншінің есіміне ыңғайлап бейресми есімін таңдап қою. Арай деген виртуалды қарым-қатынасқа түсуші (коммуникант) “Аша Матай” жеген танымал әншінің сүйіп тыңдайды, кейін өзінің аты ол әншінің атына ұқсамаса да виртаулды әлемде сол адамға ұқсау мақсатында бейресми жасырын есімді қолданады.

жекелеген есімнің ұзақтығы және оны айтудың қолайсыздығына, қиындығына, басқа тілден енген есімге байланысты қысқартылған бейресми есімді пайдалану.

Негізінен барлық ресми және бейресми есімдерді ономастиканың бір саласы болып табылатын антропонимика саласы зерттейді. “Антропонимика” (грек. anthropos – адам және onyma – есім) – адам есімдерін (антропонимдерді), патронимдерді (әкесінің атын), фамилияларды, жалған аттарды, псевдонимдерді, криптонимдерді (жасырын аттарды) зерттейтін ономастиканың бөлімі. Антропонимиканың зерттеу обьектісі – антропонимдер, яғни ол ресми және бейресми есімдердің шығу себептерін қамтиды.

Антропонимика ғылымына елеулі үлес қосқан ғалымдардың бірі Бестужев-Лада И. В өз еңбегінде қазіргі кездегі бейресми есімдердің бірнеше түрлерін бөліп көрсетеді: [2, 26]

  1. Квалитативті есімдер – субъективті баға берілген есімдер, олар толық немесе қысқартылған есім нұсқасы жасалады.
  2. Аугментативті есімдер – ұлғайтқыш жұрнақтардың көмегімен жасалған есімдер.
  3. Пейоративті есімдер – менсінбеушілік, кемсітушілік мағынасында жасалған есімдер.
  4. Деминутивтік есімдер – еркелету мағынасында кішірейткіш аффикстері арқылы жасалған есімдер.
  5. Гипокористік есімдер – ресми есімдердің қысқартылған түрі.
  6. Патронимдер – әкесінің атынан туындаған бейресми есімдер (лақап есім, тек, әкесінің аты).
  7. Лақап есім – қалжың немесе күлкі түрінде адамға қойылған есім (әдетте адамның кейбір мінез-құлқына, сыртқы келбетіне, кәсібіне және т.б. қарап беріледі) [2, 26].

Жоғарыда аталған классификация негізінде біз Интернет қарым-қатынасындағы бейресми есімдердің классификациясын жасай аламыз. Өзімде әлеуметтік желіде белсенді отырғандықтан көптеген виртуалды қарым-қатынасқа түсушілердің бейресми есімдерін байқаймын. Олардың көбісі өзімнің парақшамда бар таныстарым, ал қалғандары достарымның достары немесе өзге сырттай танитын адамдардың бейресми есімдері. Бұл жұмыста Vkontakte, Facebook, Mail.Ru секілді әлеуметтік желілерді қарастырып, ондағы коммуниканттардың бейресми есімдерін жоғары аталған классификация негізінде топтастырдық.

  1. Аугментативті бейресми есімдерге келесідей бейресми есімдерді жатқыза аламыз: Бибол – Биболды.
  2. Пейоративті бейресми есімдерге келесі бейресми есімдерді жатқыза аламыз: Қаржаубай – Коржик, Маржан – Морж, Моржик;
  3. Демунитивті бейресми есімдерге келесілер жатады:

Айгерім – Аконай, Айкош; Құралай – Куралайка, Бауыржан – Баука.

  1. Гипокористік бейресми есімдер келесідей: Толқын – Тоқа, Маржан – Мако, Бауыржан – Баука, Раушан – Роша, Раука.
  2. Лақап есімдер келесідей: Азамат – Аю, әлеуметтік желіде күнделікті киетін бас киіміне байланысты: Красная шапочка, Пижама,

Дериваттарды (лақап есімдерді) қысқарту арқылы жасау жолы есімнің басын, ортасын не соңын қысқарту арқылы жасалады. Бұл дериваттардың бірнеше түрі кездеседі:

  1. аферезис;
  2. синкопа;

3) апокопа; [3, 47].

Осының негізінде Интернет қарым-қатынастағы қазақ бейресми есімдерден мысалдарды келтіруге болады:

а) аферезис – Бек (Жәнібек), Гули (Бақыт-

гуль), Бақыт (Гүлбақыт),

Қайрош (Жасқайрат).

ә) синкопа Гүлден (Гүлдәурен)

б) апокопа – Арай (Арайгүл), Бақыт (Бақытгүл), Рауа (Рауа-Бану), Кано (Қанат), Нұрсұлтан (Нур).

Бұлардан бөлек бүркеншік есімдер болады.

Көп жағдайда бүркеншік есім мен лақап есімдерді шатастырамыз. Бүркеншік есім ол тұлғаның өзі қалап, өзінің бет-бейнесін жасыру үшін қоятын бейресми есім. Ондай есімдерді де Интернет қарым-қатынаста кеңінен кездестіруге болады. Бүркеншік есім арқылы коммуникант өзінің қандай тұлға екенін, қандай болғысы келетінін, табиғатын көрсетеді. Ол бүркеншік есім танымал не беймәлім болуы мүмкін. Мысалы, “Злой казах”, “Амал жок”, “Арманынан айырылған адам”. Алғашында қарым-қатынасқа түсуші өзінің суреткерлік қарымына сеніміне нық болмаған жағдайда бүркеншік есімдерді қолдануы мүмкін. Сонымен қатар “Амал жоқ”, “Арманынан айырылған адам” деген бүркеншік есімдеріне қарағанда өмірінде белгілі бір нәрсеге көңілі толмағандығы, көңілі қалғандығы немесе өмірден түңіліп, өзіндік әлеміне кеткен адамды айтуымызға болады. Демек өзінің ішкі сезіміне, түйсігіне сәйкес бүркеншік есімді ойлап табады. Тағы бір “Wonderful life” деген бүркеншік есім. Қазақшасы “Ғажайып өмір”. Бұл коммуникатор Vkontakte әлеуметтік желісінде отырады. Мен ол адаммен қарым-қатынасқа түсіп, оның не себепті ондай бүркеншік есімді пайдаланғаныны туралы ақпарат жинадым. Нәтижесінде ол қарым-қатынасқа түсуші адам оны әдейі бейресми есіміндегідей (бүркеншік есім) өмір сүргісі келгені үшін таңдағанын айтты. Ал лақап есімдерді көбінесе адамдар қояды. Оны коммуниканттың бет-бейнесіне, тұлғасына, дене бітіміне байланысты белгілейді. Мысалы, “Қайқы бел”, “Ботақан”, “Түйе”, “Философ”, “Әнші балапан”, “Қара аю” “Кірпі”, ”Қонжық”, ”Mad” және тағы басқалары. Яғни лақап атты индивидтің өзі емес басқа адамдар тақса, бүркеншік атты, жасырын атты (криптонимдерді) белгілі бір себептермен адамның өзі таңдап алады.

Қорыта келгенде интернет қарым-қатынастағы бейресми есімдердің түрі сан алуан деп айтсақ болады. Кейбір адамдар коммуникаторлар лақап есімді таңдап қойса, кейбіреулері бүркеншік есімдерді таңдағанды ұнатады. Әр коммуникант бейресми есімдерді белгілі бір себеп-салдарларға, мақсат-мүддеге байланысты қолданады. Көп жағдайда коммуниканттар өздерін келесі жағдайдар үшін қолданады:

  • өздерін еркін сезіну үшін;
  • ой түбінде жатқан виртуалды армандарын орындау үшін бейресми есімдер қолданады;
  • өздерінің табиғатын көрсету үшін және бүкіл виртуалды әлемге жариялау үшін;
  • өз есімдері ұзақ, айтуға өте қолайсыз болғандықтан таңдайды.

Жалпы интернеттегі бейресми есімдер туралы кейбір адамдар интернет қарым-қатынасының дерті десе, кейбіреулер оны интернет қарым-қатынастың сәні, сонымен ол қызық және онсыз ақпарат алмасу болмайды деп санайды. Өз пікірім бірінші айтылған пікірді яғни дерті дегенді қолдаймын. Өйткені бейресми есімдерді бет-перде ретінде қолданып іс-әрекет, қарым-қатынас жасағанда шынайылық жойылады деп ойлаймын. Адамдар бірбіріне сенуден қалады, адамдарға шынайы қарамайды, тіптен сенің көңіліне кірбің ұялатуы мүмкін. Өйткені ол коммуникатор бейресми есімді қолданып отыр және оны тіптен тауып, жазалай алмайсын. Нәтижесінде өзіңе негативті, жаман әсер, сезім ұялатып, көңіл-күйіңе теріс әсер етуі мүмкін.

 

Әдебиеттер

  1. Аникина Т.В. Имя собственное в интернет-коммуникации // Известия Уральского государственного университета. – 2010. – № 2 (75). – C. 71-76.
  2. Абдрахманова Т.М. Структура и семанитка неофициальных личных имен казахского, русского и немецкого языков: дис...канд. филол. наук. – Алматы, 2007. – 170 с.
  3. Фоменко О.А. Неофициальные имена собственные в современном американском английском языке: лингвокультурологические аспек. дисс... канд. филол. наук. – Краснодар, 2003. — 193 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.