Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Образды салыстырулардың лингвопоэтикасы

Образ – шығармашылық ой жемісі. Ойлау үрдісіне тән сипаттарға образ да ие болады. Яғни, образ тек қана ақиқатты суреттеп берумен шектелмейді. Өмір шындығын жинақтай отырып, жекелеген оқиғаларды, құбылыстарды бейнелей отырып, адам баласын толғандырып келе жатқан мәңгілік сауалдардың мәніне де үңіледі. Образ жасауда қолданылатын көркем сөздер мазмұны жағынан ерекше эстетикалық құрылымға ие болады. Әрине, шығарманың өзегі соның мазмұн-мағынасында демекпіз. Образдарды бірбірімен салыстыру үшін кейіпкерлердің жан дүниесін, көңіл-күйін, іс-әрекеттерін, әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін, типтік бейнесін қарастыру керек. Көбінесе шығармалар тіліне образдың ішкі-сыртқы характерін айқын көрсететін диалогтар мен монологтар тән. Жалпы образды салыстыруда кез-келген жазушының өзіндік бір ерекшелігі көрінеді. Сондықтан бұл мақалада образды салыстырудың лингвопоэтикалық ерекшеліктері жанжақты талданады.

Қазақ тіл білімі ғылымында тілді тұтынушы тұлға арқылы зерттеуге жіті көңіл бөлініп отырған бүгінгі таңда, көркем шығарманың тілі мейлінше қарастырылып келеді. Дегенмен, әдебиеттің негізгі үш тегінің (поэзия, проза, драма) бір – драмалық туындылардың тілін зерттеу мәселесі толық шешімін тапты деп айта алмаймыз. Сондықтан драмалық шығармалардағы образдар тілінің лингвопоэтикасын қарастыруды жөн көрдік. Драмалық шығармаларда белгілі-бір идеялық-эстетикалық таным образды суреттеуде көрініс табады. Жазушы көркем образдың тілі арқылы өмір шындығын, қоғамдық құбылыстарды, табиғатты адам тағдырын бейнелеп көрсетеді. Көркем образда екі түрлі ерекшелік-жинақтау, жалпылық сипаттарды топшылап түйіндеу және даралау, жеке қасиет – белгілерді нақтылы түрде көрсету – осы екеуі іштей астасып, қабысып жатады десек, олар да тек сөз арқылы сыртқа шығады. Көркем сөз дүниесіндегі жаңалықтардың бірі – образдар саласында. Образ тіл элементтері арқылы жасалады. Сондықтан образ – тілдік тұлғалар мен тәсілдерде өзгерістер мен жаңалықтар әкеледі. [1, 125] Образды салыстырулардың лингвопоэтикасына тоқталмас бұрын «Образ» деген терминнің мағынасын ашып алған дұрыс сияқты.

Образ – шығармашылық ой жемісі. Сондықтан ойлау үрдісіне тән сипаттарға образ да ие болады. Яғни образ тек қана ақиқатты суреттеп берумен шектелмейді. Өмір шындығын жинақтай отырып, жекелеген оқиғаларды, құбылыстарды бейнелей отырып, адам баласын толғандырып келе жатқан мәңгілік сауалдардың мәніне де үңіледі. Образ – нақты ұғым. Қандай құбылысқа негізделсе де, образ ол құбылысты дерексіз, тиянақсыз әлденелерге бөлшектемей керісінше, оның тұтастығын, өзіндік бітімін сақтап қалады. Әдебиетте адам бейнесін жасаудың амалы алуан түрлі. Ол сөздегі суретпен ғана бітпейді, көркем бейне жасауға қажет өмірлік материалды жинақтаудан әдеби тұлғаны даралауға дейін барады.

Жинақтау дегеннің өзі – әдеби тип жасау әрекеті. «Типтендіру деген суреткердің іс жүзінде өмір шындығын өз дүние танымы тұрғысынан белгілі бір уақытпен кеңістікке, әлеуметтік орта мен дәуірге сай талғап-тануы, таңдап іріктеуі және жинақтауы, сол арқылы өзі жасап отырған көркем бейнені сомдауы, тұлғаландыруы, даралуы болып табылады» дейді академик З.Қабдолов [2, 89]

Образ жасауда қолданылатын көркем сөздер мазмұны жағынан ерекше эстетикалық құрылымға ие болуы тиіс. Әрине, бұдан шығатын қорытынды, шығарманың өзегі соның мазмұн-мағынасында демекпіз. Образдарды бірбірімен салыстыру үшін кейіпкерлердің жан дүниесі, көңіл-күйін, іс-әрекеттерін, әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін, типтік бейнесін қарастыру керек.

Көбінесе шығармалар тіліне образдың ішкісыртқы характерін айқын көрсететін диалогтар мен монологтар тән. Оған мысалды Д.Исабековтың «Ертеңгі күту» пьесасындағы Тағай мен Радиктің мына сөздерінен алуға болады. Бұл диалогта көптеген лингвистикалық ерекшеліктер кездеседі.

Тағай: Арық қойдың етіндей сөзіңде маңыз жоқ, бәрі көпірген көбік «Жаман ит қораға қарап үреді», не жұрт пайдасын, не бас пайдасын ойламайтын қияли сеніңше, бәрінен безініп, мына сен сияқты көрінген көп аттыдан көшеде таяқ жеп жүруім керек пе? Менің қызметім, менің ғылыми атағым, алар сыйлығым, егер ала қалсам, сенің мойныңа қамыт боп киіліп, бетіңе таңба боп түсе ме? «Семіздікті қой ғана көтереді» деген рас екен-ау. Мына басыңдағы да сол семіздікті көтере алмағандықтың кесірі.

Радик: Папа! Сіз бұл сөзімді өз баламның сөзі деп ұқпаңыз, сырт адамның пікірі деп ұғыныңыз. Сонда пайымдауға жеңілірек болады. Мен аялдамада тұр едім. Бір кезде дәл жанымнан сатыр-сұтыр етіп, үш жігіт жүгіріп өтті. Жалт қарасам, олар бір жігітті қуып бара жатыр екен. Көшенің қақ ортасына жеткенде олардың бірі әлгі жігітті өкшелеп кеп, аяғынан шалып құлатты. Ол асфальтқа ұшып түсті. Әлгі үшеуі үш жақтан бір жігітті ал кеп тепкілесін. Басынан, белінен, ішінен... Аяу деген ұғым үшеуінен мүлде алыс сияқты. Ата жауды да адам бұлай қорламас болар еді. Қан деген тарау-тарау боп, асфальтпен ағып жатты. Папа, мен шыдай алмадым. Көзіме қан толып, әлгі жігітке ара түсу үшін жүгіріп бара жатқанда, ертеңгі тірлік, милиция, әкемнің беделі дегендерді ұмытып кетіппін. Біреуді ажалдан, азаптан құтқару үшін ертең не болатынын ойлап, арғы-бергісін таразылап тұру керек пе? Олардың біреуін келген бетте бір қойып, мұрттай ұшырғанымды білем. Әрі қарай не болғаны есімде жоқ. Көз алдымнан жарқ еткен найзағайды ғана білем. Соның соңғысы... мына кимешек пе, сәлде ме, бірдеңе [3, 97]

Бұл диалогтардан «Жаман ит қораға қарап үреді», «Семіздікті қой ғана көтереді» – деген мақалдармен, «көрінген көп аттыдан, мұрттай ұшыру» – деген тұрақты сөзтіркестерін, «ажалдан, азаптан, кимешек, сәлде» – деген синоним сөздер арқылы автор образдардың бейнесін салыстыра ашып отыр. Әкесі мен баласының арасындағы ойлау жүйесінің екі басқа екенін аңғару қиын емес.

М.Әуезовтің «Еңлік-кебек» пьесасындағы Еңліктің мына бір монологы кейіпкердің өзімен-өзі сөйлескендей күй кешіп, табиғатқа сыр шерткенін көрсетеді: Еңлік: Асыға ма алыпұшқан үмітім. Бар тілекпен бір сапарға бет қойдым...Жазғырармысың, бұлдыр күн? Жазығым бар ма?.. Жазығым бар ма, кінәлімін бе, әлде мен? Атам, анам, туған үйім кеш мені. Бауырыңда өскен балапан бағын тілеп ұшам деді қияға. Кінәлімін бе, кәрі тас?! Ойласаң менің мұңымды, ұқсақ керек барымды! Төкпеген жас, шешпеген шер бар ма еді баурыңда. Игілік пен сәт сәскеде келтір жалғыз арман жанымды... Жалғыз тірек жарымды!..

«Еңлік-Кебек» [ 1, 23]

Сонымен қатар Д.Исабековтің «Қараспан процесі» пьесасы тұрмыстық драманың негізінде жазылған шығарма. Бұл пьесасында автор кейіпкерлерге мынадай сипаттама береді. Ащы юмормен, астарлап жеткізілген бұл суреттеулер арқылы кейіпкердің қандай адам екенін білуімізге болады. Осы сипаттаулар арқылы образдарды бір-бірімен салыстырады.

Тауықшы Молдабай – өз ісіне адал берілген, әділетсіздікке төзе алмайтын, ымырашылдыққа жанымен қарсы байырғы колхозшы. Моральдық жағынан ұстамды. Атеист. Ислам дінін жек көреді. Басқа діндерді мойындамайды да, білмейді де. Колхоз орталығындағы 1973, 1975, 1978 жылдардағы жиналыстардың делегаты.

Бөлімше меңгерушісі Құрал Отыншиев – 1975 жылдан бері бөлімше меңгерушісі. Сарыағаштығы Қапланбек зоотехтикалық-малдәрігерлік техникумын іштей екі жыл оқып, алдыңғы жылы сырттай бітірді. Қабілетті ұйымдастырушы. Қулығы жоқ, ақ көңіл, адал азамат. Былтырғы қуаңшылық жылы ауданнан келген уәкілдің: «Құрғақшылыққа қарсы қандай шара қолданып жатырсыңдар?» деген сұрағына сасып қалып: «Екі рет тасаттық бердік», – деген.

Оңғар Оймауытов – Шымкенттегі бір жылдық бухгалтерлер курсын бітірген. Бөлімшедегі жолдастық соттың негізін қалаушылардың бірі. Арақтың шаруашылыққа тигізер зияны-91 мың 734 сом 57 тиын екенін дәл есептеп шығарғалы бері, онымен жау боп кетті. Үйлену тойларының өзін де ішкіліксіз өткізу керек деген пікір таратып жүр. Диета сақтайды.

Көмешбай Жидебаев – зоотехник. Теориялық білімі болмағанымен, жақсы практик. Колхоз малын ұрықтандыруда СЖК әдісін алғаш қолданғандардың бірі. Интернационалист. Антифашист. Чили патриоттарына ынтымақтық білдірген митингіде сөз сөйлеп, түрмеде отырған Луис Корваланға ақша салып жіберу керек деп үндеу таратқан. Бірақ, ақша салудың реті келмеді, өйткені Луис Корвалан митингіден бір күн бұрын Москваға біржола келіп қалған еді.

Әліқұл Тазабеков – колхоздың ежелгі мүшесі. Қара жұмыстың қайсысына болса да, белсеніп кірісіп кетеді. Әдебиетті жақсы көреді. Бөлімшенің өмірін жырлайтын тарихи дастан жазып жүр деген қауесет бар. Қазір оқушы дәптерімен екі мың бес жүз бет болыпты. Орыс жазушыларын қатты құрметтейді. Бір баласының атын Мамин, бір баласының атын Сибиряк қойған [57, 57]

Сонымен қатар, автор пьесада қазақтың салт-дәстүрінде бар «жолашар» ұғымын да енгізген. (Кісі шақырып, жолашар жасайық. Жұрт шуылдап, жолыңды жу деп жатыр). Жолашар дегеніміз – адам бір жаққа кетуге жиналғанда, артындағы қалған адамдарға жолым болсын деп шай беріп, қонақ ету.

«Аралдағы адамдар» пьесасында мынадай бір ғибратты сөздер кездеседі:Сіздерден өтінерім – қазіргідей үлкен өзгеріс кезінде өздеріңізді алға жетелейтін лайықты жетекшіні таңдай біліңіздер, қарғалар бұлбұл, мәстектер тұлпар, түлкілер арыстан боп кетіп жүрмесін. Бәріміз өсірген бәйтерек кесел атаулыдан арылып келеді. Енді оған құрт түспесін бәріңіз қадағалаңыздар-деген сөздерден де шендестіре теңеуді көреміз.

Жалпы образды салыстыруда кез-келген жазушының өзіндік бір ерекшелігі көрінеді. Поэтикалық драмадағы образдар жүйесі шығарманың терең мазмұны, тілдік көркемдік құралдардың бай қоры арқылы жасалады.

 

Әдебиеттер

  1. 1 Тымболова А. Драмалық шығармалардың лингвистикалық поэтикасы. – Алматы: Елтаным баспасы, 2013. – Б. 328.
  2. 2 Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы: Санат, 2002. – Б. 360.
  3. 3 Исабеков Д. Бес томдық шығармалар жинағы. 5-том. – Алматы: Өлке, 2003. – Б. 360.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.