Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Прима қобызда ойнауға үйретудің музыкалық-педагогикалық кейбір аспектілері

Бұл мақалада прима қобыз мектебінде шебер орындаушыларды қалыптастыру үшін оқытудың қазіргі педагогикалық-психологиялық бірқатар аспектілерінің маңызы туралы жазылған.

Прима қобыз мектебінде шебер орындаушыларды қалыптастыру үшін оқытудың қазіргі педагогикалық-психологиялық бірқатар аспектілеріне сүйену нәтиже береді деп есептейміз.

Шығармашылық қабілеттің кез келген адамға туғаннан берілетінін бәріміз білеміз. Алайда, бұл қасиеттің ары қарай жалғасын тауып дамуы тікелей тәрбиеге байланысты екені де баршамызға мәлім.

Аса дарынды жапондық музыкант-педагог Шиничи Сузуки жеке тұлғаның дамуын үшбұрышты құрастырумен салыстырады. Оның негізі – өмірдің басталуы, себебі адамның шығармашылыққа деген қабілеті бала кезінде барынша анық байқалады. Ер жеткен сайын оның қабылдау қабілеті кеми береді, яғни үшбұрыш барынша тарыла береді. Үшбұрыштың шыңы – адамның бастапқы қабылдау қасиетінің қарқыны мен үйлесімділігін жоғалтқан сәттегі әр түрлі қасиеттері мен сипаттарынан құралған мінездер жиынтығы. «Үшбұрыштың тарылуынан» құтылуға бола ма? Шығармашылықтың таңдаулылардың ғана еншісінде болғанын болдырмауға бола ма? Басқалар секілді Сузуки де болады деп есептейді. Заманауи музыкалық педагогиканың қол жеткізген жетістіктері де мұны растайды. [2,74]

Ең бастысы – адам өзінің ішкі еркіндігін қолдап және дамыта отырып, үздіксіз оқу арқылы тәрбие мен оқытуды негізге алғаны дұрыс. Сол кезде адам шығармашылық әрекеттерге қатысты қорды тікелей өзі жинақтайды, ал үшбұрыш жоғары қарай тарылмайды.

Музыкант дайындау адамда жеке тұлғалық, кәсіби музыканттық білімді, дағдыны, қасиеттерді кезең-кезеңдеп дамытуға тікелей байланысты. Алайда, бұл ретте оқытудың ең алғашқы кезеңінде негізі қаланып, базасы жасалатын басты компоненттердің маңызы анық аңғарылатын болады. Алғашқы кезеңде олқылықтар жіберілсе, арнайы музыкалық білімнің ортаңғы және жоғарғы кезеңінде әр түрлі кемшіліктерді түзеу үшін қайта құрулар, дәлелдеулер мен жаттаулар секілді тәсілдер қалыптасып, орнығады. Музыкалық білім беру саласындағы мұндай қиындықтар мен кемшіліктер «мектеп – колледж ЖОО» жүйесіндегі музыкант мамандарды дайындаудың мақсатты түрде жасалған әдістемесінің осалдығымен, кейбір нақты кезеңдердегі оқыту әдістемесі мен мазмұнының және педагогикалық әсер етудің әлсіздігімен түсіндіріледі. Сондықтан соңғы жылдары музыканттарды дайындау барысында сабақтастықты, жалғастықты сақтау туралы мәселе қойылуда. Музыкантты дайындау барысында оқыту мен тәрбиенің сабақтастығын сақтау – өте күрделі үдеріс. Бұл үдеріс әлеуметтік жеке қасиеттердің, базалық музыкалық білімі компоненттерінің біртіндеп қалыптасуы мен тұрақталуынан және сапалық тұрғыдан қайта толысуынан тұрады. Мұның өзі педагогикалық әсер етудің жан-жақты жүйесінің кешенді қызметімен қамтамасыз етіледі.

Музыкалық білім беру мен тәрбиелеудің өзара сабақтастығын жетілдіру алдымен оқушының келешектегі дамуының іргетасы болып табылатын алғашқы кезеңдегі оқытудың сапалы болғанын талап етеді.

Сабақтастық музыкалық білімін жаңа бастаған музыкант үшін өзінің музыкалық қабілетін барынша жүзеге асыра алатын жағдаят болып табылады.

Басты мақсат – балаларды аспапта ойнауға үйретумен қатар, барлық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, олардың музыкаға деген махаббатын ояту, музыканы сүюді үйрету және бұл сезімнің өмір бойы өздерімен бірге болатынына сендіру.

Қазір оқушының жеке тұлға ретіндегі қалыптасуы мен тәрбиесі оның жұмысының айрылмас бөлшегіне айналған педагог-музыканттардың қоғамдағы маңызы арта түскені бәрімізге белгілі. Әрине, педагогтің таланты, біліктілігі, эрудициясы, психологизмі, терең білімі мен шеберлігі сабақтың деңгейі мен нәтижесін көтеретіндігі сөзсіз.

Музыка-педагогикалық үдерісте кәсіби орындаушылықты талдау, диагностикалау және кемшіліктерді жоюдың жолдарын болжау «дәстүрлі» болып табылады. Көп нәрсе педагогтің кәсіби шеберлігіне байланысты, ол жұмыс жасау барысында туындаған кемшілікті көре білу және оны түзетудің жолдарын қарастыруы тиіс. Бұл ретте бірінші «аурудың» себебін анықтау керек, содан соң «емдеу» жолдарын ойластыру керек.

Педагог таза техникалық тұрғыдан да, музыкалық тұрғыдан да басты мақсатты, одан шығатын міндетті және жалпы келешекті білуі керек. Сондықтан әрбір сабақ бүгін не істеледі, кеше не істелді, ертең не істелмек деген жоспарлау принципіне негізделуі тиіс. Мысалы, интонацияға байланысты айтсақ, оқушыға сол қолының шынтағына баса назар аудару керек екендігін ескертуСебебі аз қозғалатын шынтақ ойын ойнауды қиындатады, саусақтардың табиғи орналасуына кедергі жасайды. Ал саусақтардың табиғи орналасу ретінің бұзылуы интонацияның дұрыс алынуына кедергі жасайды, аспапта ойнау техникасы баяулайды, аспаптың үні нашар шығады.

Сыныптағы сабақтың өту барысына жағымды психологиялық орта үлкен әсер етеді. Егер оқушы мұғалім тарапынан өзіне көрсетілген жылы қабақты, өзіне мұғалімнің көрсеткен сенімін сезінсе, қиыншылықтарды қиналмай жеңеді.

Қобызда ойнауды үйрету үдерісі екі жақты, яғни бұл үдерісте мұғалімнің алатын орны бар, алайда біз осы үдерістегі оқушыға қатысты факторларды да ескеруіміз керек: оның мінезінің ерекшеліктері, оның психоэмоциональдық жайы, дарыны. Бұл жерде ең бастысы оқушының шығармашылық бастама көтеруге, өз бетімен жұмыс жасауға дайындығы мен ептілігі, яғни оқушының әрекетінің біртіндеп қалыптасуы.

Музыкалық педагогиканың ең үздік принциптеріне сүйене отырып қобызшы-мұғалім өз оқушыларын барынша өз бетімен жұмыс жасауға, сабақ барысында және үй тапсырмасын орындау барысында неғұрлым өз бетімен ойлану дағдыларын дамытуға күш салуы керек. Осы бағытта барынша жан-жақты, терең, жүйелі, мақсатты түрде жасалған оқу және тәрбие жұмысы керек. Сонда ғана оқушынының көркем-шығармашылық тұрғыдан дамуына жол ашылады. Біздің ойымызша, таза оқудидактикалық әдіс-тәсілдерден басқа мұғалім оқушының бойында шынайы шығармашылық әсер тудыра алуы қажет және осы алған әсер оқушының қуанышына негіз болғаны дұрыс. Мұндай сезім, әсіресе, оқушы музыканы түсініп, образға еніп орындау кезінде ерекше күшжігермен жүзеге асады.

Оқушының музыкалық белсенділігін, өз бетімен жұмыс жасауын арттырудың кейбір формалары оқушыға өз күшін байқауға және бекітуге, өз орындауын басқалармен салыстыруға, мысалы мұғаліммен, сол арқылы алдына аса күрделі емес әр түрлі жаңа міндеттер мен мақсаттар қоюына мүмкіндік береді.

Өз бетімен жұмыс жасауды қалыптастыру, тұрақтандыру және дамыту жұмыстырының нәтижелі болуына оқушының жеке жоспарының болуы маңызды. Қажетті материалдарды сәтті талғап алу оқушының барынша қызығып жұмыс жасауына түрткі болады. Бұл жерде қайсыбір гамманы, этюдті, пьесаны, концертті қаншалықты орындау керек деген мәселе туындауы мүмкін. Бұл мәселеге қатысты нақты бір қағида жоқ, болуы да мүмкін емес, себебі әр сәтте бұл мәселені әр түрлі шешуге болады. Алайда, өз бетімен жұмыс жасау оқушының музыкаға деген құштарлығын арттырып, жеке дамуына әсер етеді. Оқу жоспарын жүзеге асыру барысында ағымдағы жұмыстар да назардан тыс қалмағаны дұрыс, мысалы, үй жұмысын тексеру, материалдардың кейбір фрагменттерін сыныпта орындату және т.б.

Сыныпта шығармамен жұмыс жасау тек оны тыңдаумен шектелмейді, мұнда оқушының ойнауына қатысты ескертулер де, пікір айту да маңызды боып табылады. Оқушының өз бетімен қажет дыбыстық үндестікті, дұрыс аппликатураны табуы, дыбысталудың тамаша үлгісін табуына қол жеткізу керек. Этюд немесе пьесаның сыныпта алғашқы орындалуынан бастап үйде орындағанын қосқанда сабақтан сабаққа мақсатты түрде орындау дағдысын ұштағаны дұрыс. Егер мұғалім оқушының тапсырманы ойлана отырып, шын беріле орындағанын байқаса, тіпті біршама қателері болса да оқушының жетістігін атап, мақтағаннан кейін ғана оның кемшіліктерін жөндеудің жолдарын айтқаны дұрыс. Мұндай тәсіл оқушыны қанаттандыратыны сөзсіз. Сондықтан мұғалімнің оқушының үй тапсырмасын орындағанына баса назар аударғаны маңызды болып табылады. Оқушының өздік жұмысты орындау дағдысын дамыту оқушы мұғалімінің нұсқауы қандай көркемдік мақсат көздейтінін қабылдап, елестетіп, түсінгеніне тікелей байланысты. Мұғалімнің орындау үрдісінің жалпы заңдылықтарын ашу мақсатында нақтылықтан абстрактіге принципін үнемі қолданып отырғаны да маңызды болып табылады. Мұндай жинақтауды оның мәнін ашатын мысалдармен толықтырып отыру керек. Жинақталған материалды оқушы тез меңгеріп алуы үшін мұғалім әр түрлі ойындар арқылы тапсырмалар бергені дұрыс.

Нотаны парақтан оқу шеберлігі қобызшыны қалыптастыру үшін маңызды сәт болып табылады. Оны қалыптастыру және жетілдіру жұмыстарын қозғалыс-моторикалық әрекеттермен, қобызда ойнаудың технологиясымен, техникасымен, нормаларымен, ережелерімен және ойнау үрдісінің түрлерімен байланыстыру керек.

Тәжірибелі, кәсіби және әдістемесі жеткілікті педагогтер нотаны парақтан оқуды қобыз ысқышының алғашқы қозғалысынан бастап, үнемі айналысады. Материалдар оқушының ерекшелігіне, оның техникалық мүмкіндігіне және музыкалық-эстетикалық қабілетіне байланысты «қарапайымнан күрделіге», «жекеден жалпыға» принципімен таңдалады. Бұл ретте басты мақсат – жеке дыбыстардың басын біріктіруден біртіндеп өзара біріккен дыбыстардың музыкалық мәнді орындауына қол жеткізу.

Талдау мен жаттау дағдыларын меңгере отырып, бірінші кезекте оқушының нота мәтінін қабылдауын қамтамасыз ету керек, содан соң барып топ болып екі, үш, төрт дыбысты қобызда орындату керек. Мұның бәрі олардың әуенді, жеке бөліктерді қалай меңгергеніне тікелей байланысты. Мұғалім оқушыға ол әуеннің мағынасын, әрбір элементті жаттаудың мәнін, түсіндіріп, оны әруақытта қолдап отыруы тиіс. Бұл жағдайда мұғалімнің ынталандыруы, уәжі мен нотаны үзіліссіз оқу дағдысын меңгертуі және ол үшін өзінің, өзгенің іс-тәжірибесіне сүйенуі, сондай-ақ психология және физиология ғылымдарының жетістіктерін пайдалануы нәтижеге жеткізеді. Қобызда ойнауға үйрету барысында оқушының жүйке жүйесінің қырларын, оның жас ерекшелігі мен психологиялық ерекшелігін ескерген дұрыс.

Жоғарғы сынып оқушысы бағдарлы рефлекстің не екенін, оның «қосылу» сәтінде не болатынын, зейіннің зейінге қарсылығын, оның ерікті және еріксіз болатындығын білу керек. Мұғалім күрделі құрылымды ұғымдар мен терминдерді оқушыға түсінікті, қарапайым формада түсіндіру керек. Мысалы, парақтан нота оқу барысында біртіндеп жүйке жасушалары туралы, кейбір дағдылардың ұзақ уақыттық жаттығулардың үзілісінен кейінгі бұзылуының физиологиялық негізі туралы және т.б.

Практика мен ғылымның көмегімен ойлаудың инерттілігі мен секірмелілігіне қол жеткізуге, ұзақ уақыттық зейінді қалыптастыруға, қолдың қозғалысынан ертерек болатын ойлау үрдісінің үзіліссіздігіне қол жеткізуге болады.

Мұндай стратегиялық тәсіл екі бағытта нәтижеге қол жеткізеді: қарапайым, күрделі емес тапсырмадан бастап топ болып ноталық мәтінді талдауға және үзіліссіз оқу (оқушы нотаны

тез және мағыналы түрде жаттау шеберлігін меңгерген кезде) және оқушының музыкалық білімін дамыту керек. Үзіліссіз оқу орындап отырған музыканы бар ерекшелігімен тыңдай алу, оның құрамындағы техникалық және көркемдік айқындылыққа жол ашатын элементтерді үйлестіре білу сәтінде анық байқалуы мүмкін.

Прима қобыздың дыбыс ерекшелігі – әуенділігінде – қобыз үнінің ерекшелігі, тек кантиленалық шығармаларда ғана емес виртуоздық техникалық қиын тұстарды да әндетіп ойналады, демек сол қол техникасы басты рөл атқарады. Осы қиын міндетті шешу үшін оқушыны шығарманың көркемдік, әдістемелік, теориялық маңызын түсінуіне жетелеу керек. Сол қол техникасы музыкалық-мазмұндық құралдардың кешені, сондықтан ол өзіндік мақсат болмауы тиіс. Осының барлығын оқушы терең түсінгеннен кейін ғана техникалық жағына кірісе алады. Әрине, бұл үрдіс бірден емес, біртіндеп және өте ұқыпты түрде жүзеге асырылады.

Бұл жерде маңыздысы теориялық «қосымшалардың» барынша қысқа, мүмкіндігінше қарапайым және оқушының қабылдауына түсінікті болғаны дұрыс. Мысалы, сол қолдың техникасы туралы айтқанда, тамыры бар ағаштың бес түрімен салыстырған дұрыс: діңгегі – қол, ал бұтақтары – өткелдер, аппликатура, интонация, позиция және т.б. Сөйтіп, біртіндеп практикалық, әдістемелік, теориялық тарауларға бірнеше сабақтар арналады. Осы айтылғанның барлығы өзара тығыз байланыста өту керек. Егер әңгіме аппликатор туралы болса, онда оның қолдың барлық қозғалысы-мен байланысты екенін айту керек. Дұрыс үйретілмеген қозғалыс «ыңғайлы», бірақ нашар аппликатура болатыны белгілі, немесе, керісінше, жақсы, мақсатты аппликатура көбіне табиғи нормадағы жай-күйді, яғни саусақтардың біркелкі нақты қозғалысын қамтамасыз етеді.

Прима қобызшылардың кәсіби өсуіндегі портфолионың пайдасы. Көбінесе оқушылар кезінде ойнаған шығармаларын уақыт өте ұмытып қалады. Орындалған шығармаларын жинап портфолиоға салып, жеткен жетістіктерге талдау жасап отырса, даму, алға жылжу жүзеге асады. Бұл портфолио орындаушылардың күйшілік қорын байытуға септігін тигізеді. Сонымен қатар, жеткен жетістіктерінің жүйелі көрсеткіші болып саналады.

Прима қобызшылардың шығармашылық өсуіндегі мәдени күнделіктің маңызы. Әр орындаушының жеке мәдени күнделігін жүргізуі орындаушыны жан-жақты жүйелендіреді. Прима қобызшы мәдени күнделік жүргізетін болса, оның шығармашылығының шынайы дамуына, маңызды мәліметтерді жазып жүру арқылы кез келген уақытта ашып, пайдалануына, өткенді еске түсіруіне, шәкірт дайындауына дайын құрал. Сабақта үйренгенін, шығарманың орындаушылық талдауын күнделікке жазып жүру маңызды. Бұл орындаушыны шығарманы тез жаттауға, техникалық кедергілермен жұмысты жеңілдетуге, ассоцияцияны қолдануға, суретпен, белгілермен жазу арқылы образды ойлауға, мәдени күнделікті өзіне түсінікті бейнелермен жазу арқылы қиялды, шығармашылықты дамытуға, мақала жазуға, өз ойын реттеуге жетелейді. Мәдени күнделік – есте сақтауды, қиялды, ой ұшқырлығын, креативтілікті, шығармашылықты дамытудың тиімді жолдарының бірі.

Прима қобызшының кемшіліктерін түзетіп, реттелуіне рефлексияның әсері. [4,31] Орындаушының дамуы үшін рефлексияның маңызы зор. Концертте ойнағаннан кейін немесе сабақта педагогтің шығарманың сәтті тұстарын айта келіп, өз ұсынысын білдіруі прима қобызшыға оң әсерін тигізеді. Шәкірт үнемі өз жұмысының бағасын естігісі келеді. Дұрыс рефлексиядан кейін сахнада ол өзін барынша көрсетуге тырысады, өз ойын тыңдап, бағалай біледі, өз ойынына сенімді болады. Рефлексия орындаушының тұлға ретінде ізденушілігін, талпынысын, жауапкершілігін арттырады. Рефлексия прима қобызшының алға басуына, орындаушылықтың өзгеше жолдарын іздеуіне көмектеседі. Рефлексияның бір түрі кері байланыс көпшіліктің пікірін білу үшін арнайы сұрақтар арқылы жүргізіледі.

Қазіргі әлемдік педагогикада топтық жұмыс қарым-қатынастың дамуына, топ мүшелерінің бір-бірін қолдауына, жақсы ықпал етуіне, әлеуметтенуіне, жеке тұлғаның дамуына жағымды әсер етеді деп есептеледі. Топтық жұмыстарға түрлі ансамбльдерде, оркестрде ойнау жатады. Консерваторияда қобызшылар ансамблінің жетекшісі аға оқытушы Л. Тажибаева. «Меруерт» ансамблі жыл сайын концерт беріп тұрады. Бұл прима қобызшылардың кәсіби өсуіне үлкен көмегін тигізеді. «Ансамбль сабағы музыканттың кәсіби дайындығына, басқа да арнаулы пәндермен қатар шығармашылық ынтасын арттырып және қалыптастырып, орындаушылық қызметте де жоғары нәтижелерге қол жеткізу тұрғысынан маңызды сабақтың бірі болып табылады. Ансамбль сыныбының міндеті – музыканттарды ансамбльдік орындау шеберлігін меңгеруге тәрбиелейді, қобызшылардың бірге ойнау дағдысы қалыптасып, көркемдік талғам және орындалатын шығарманың мазмұнын, музыкалық формасын, стилін түсіну қабілетін дамытады. Ұжымдық шығармашылық тәртібін, жауапкершілігін қалыптастырады. Ансамбль қозғалыстың үйлесімділігіне, жылдамдықтың ырғақтың бірлігіне, динамикалық біркелкілікке, әуездік және дыбыс шығару тәсілдерінің сәйкестігіне, орындаушылық жауапкершілікке тәрбиелейді,» – деп жазады Ғалия УразалиеваШілдебаева қобызшылар ансамбліне арналған «Назерке» шығармалар жинағында. [1,3]

Музыкалық-педагогикада бағалау маңызды категориялардың бірі. Шәкірттің орындаушылығын дұрыс бағалау үшін және шәкірт дайындық барысында өзіне қойылатын талапты ескеруі үшін алдын ала дайындалған бағалау критерийлері маңызды.[4,27] Орындаушы даму үшін оқу қандай критерийлермен бағаланатынын білгенде, сол талаптарды, шарттарды барынша орындауға тырысады, ізденеді. Зейінін критерийдің әр бағытына бөледі. Дайындық кезінде, оқу барысында осы критерийлерге сүйене отырып, солармен жұмысты ерекше ескереді. Мысалы төмендегідей критерийлер әзірлеуге болады:

Оқушының аты-жөні, курсы

Бағалау критерийлері

балл

Ескертулер

1.

Дыбыс сапасы

10

 

2.

Интонацияның дәлдігі

10

 

3.

Сол және оң қолдың техникасы

10

 

4.

Мәтінді білу

10

 

5.

Штрихтарды орындау техникасы

10

 

6.

Ысқыштың бөліктерін дұрыс пайдалану

10

 

7.

Сахнада өзін ұстауы, орындаушының артістігі

10

 

8.

Эмоционалды, жарқын, көрнекті ойнау

10

 

9.

Шығарманы түсіну, мазмұнын, табиғатын ашу

10

 

10.

Көркемдік жағы

10

 

Барлығы:

100%

 

 

Әдебиеттер

  1. Уразалиева-Шілдебаева Ғ. Қобызшылар ансамбліне арналған жинақ «Назерке».– Астана, 2005. – Б. 3.
  2. Судзуки Ш. Взращенные с любовью. Классический подход к воспитанию талантов. – М.: Попурри, 2005. – 192 б.
  3. Флеш Карл. Искусство скрипичной игры. – М.; Музыка, 1964. – 74 б.
  4. Мұғалімге арналған нұсқкаулық, Назарбаев Зияткерлік мектептері // ДББҰ педагогикалық шеберлігі, 2014. – Б. 27, 31.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.