Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ақпараттық бағдарламалар тіліндегі саяси эвфемизмдер

Мақала қазіргі тіл білімін зерттеу саласындағы өзекті бағыттардың бірі БАҚ құралдарының тілін талдауға арналады. Автор еліміздегі мемлекеттік және тәуелсіз арналардан беріліп жүрген ақпараттық, ақпараттық сараптамалық бағдарламалардың мәтіндерінде кездесетін саяси эвфемизмдердің БАҚ тілінің ауқымды бір бөлігін құрайтындығын айта келе, олардың қолданыстағы мағынасын талдап көрсетеді. Мақалада саяси эвфемизмдерді теледидар тілінің негізгі ерекшеліктерінің бірі етіп көрсетеді және мысалдар арқылы саяси эвфемизмдердің БАҚ тіліндегі синонимдік қатарын көрсетуге тырысады. Сондай-ақ мақалада ақпаратты көрерменге тікелей жеткізу мәтіндерінде саяси эвфемизмдер бұқара халықты үрейлендірмеу, қандай да бір оқиғаны жеңілдете жеткізу, оқырманға оқиға туралы оң баға беру функцияларын атқаратынын айтады.

Сондай-ақ автор, ақпарат құралдарының тілінде қолданылатын саяси эвфемизмдер бұл – тіл мәдениетін, сөйлеу мәдениетін көтеруге септігін тигізері, тілді әдеппен жұмсай білуге үйрететеді және газет бағаналарындағы эвфемистік формалардың әлеуметтік сипаты басым болады деп есептейді. Мақалада газет публицистика тіліндегі эвфемизмдердің әлеуметтік сипатымен ерекшеленетінін, сөздің эвфемистік мағынасын да тілдің «өз ішінде» ғана емес, тілдік ұжымның этикалық-моральдық, дүниетанымдық ерекшелігімен, экономикалық, қоғамдық-саяси өмірімен байланыстыра қарау құбылыстың мәнін айқындай түсетіндігін айтады және эвфемизм сөздің ұғым-түсінігін сыпайылап әдемілеп, ұштап тілдік құбылыстардың ерекше стильдік қызметте жұмсалуына себепші болады.

Грушиннің пікірінше: «Ақпарат дегеніміз – бұл белгілі бір объектінің немесе оқиғаның жай-күйі туралы ақпарат алушының білімінің белгісіздігін жоюдың амалы» [1,5].

Журналист құнды материалды, яғни ақпаратты құқықтық, саяси, эстетикалық, діни, этикалық, көркем қызметтегі бағыттардан алады. Бұл құнды категориялар қоғамда жасалады. Журналист оны мәніне, халқына, сұранысына қарай нақты факті ретінде қолданады. Ол ақпарат жасау барысында қалың аудитория мүмкіншілігін ескереді. Бұл – басты шарт. Ол өз материалын қарапайым ауызекі сөйлеу тілімен құрастырғанның өзінде «өліп қалды», «соғыс басталды», «өртеніп кетті», «атып кетті», «түрмеге түсті», «бандит», «қарақшы» деудің орнына бүркемелеп, басқаша атайды. Мысалы: «өліп қалды» – «қаза тапты», «соғыс басталды» – «дүмпу болды», «бас көтерді». Сөздерді бұлай қолдануды қазіргі қазақ тілінде саяси эвфемизмдер деп атайды.

Эвфемия құбылысы мен табу өзара тығыз байланысты. Әдетте табу дегеніміз – әлдеқандай себептермен (наным-сенім, саяси, әкімшілік, т.б.) тыйым салынған атаулардың басқаша сөзбен аталуы, ауыстырылуы. Адамның өзге де заттар мен құбылыстардың аттарын өз атымен атамай, басқаша ат беру ең алдымен ерте замандағы мифологиялық ойлаудың формасымен тығыз байланысты.

Қазақ тіліндегі табу мен эвфемизмдердің тілдік табиғатын зерттеуге арналған Ә. Ахметовтың «Қазақ тіліндегі табу мен эвфемизмдер» [2, 305], азербайжан тіліндегі табу мен эвфемизм құбылысына арналған Х.М. Джаббаровтың «Табу и эвфемизмы в азербайджанском языке» [3, 27], Н. Исматуллаевтың «Эвфемизмы в современном узбекском языке» [4, 153] деген еңбектерін, И.Л. Циртаутастың «К вопросу о табу и эвфемизмах в казахском, киргизском, узбекском языках» [5, 23-31], Ш.Ч. Саттың «Табу и эвфемизмы в тубинском языке» мақалаларын [6, 42-45 бб.] атап айтуға болады.

Эвфемизмнің тұрақты белгілері, біріншіден, тыйым салынған сөздерді (мифологиялық, діни, саяси, әкімшілік, идеологиялық, т.б.) басқа атаулармен ауыстыру, екіншіден, белгілі бір тілдік ұжымда айтуға ұят саналатын сөздерді (кейбір дене мүшелері, жыныстық қатынасқа байланысты атаулар, физиологиялық зат алмасумен байланысты атаулар, т.б.), үшіншіден, сөйлеуші ұғымында, түсінігінде «дөрекі», «әдептілікке» жатпайды-ау деген сөздерді басқаша сөздермен (қарапайым лексика) ауыстыру, төртіншіден, тыңдаушыға «жайлы», «жағымды» болып көрінетін сөздерді таңдау, талғау. Міне, бұл аталғандарды эвфемизмдердің тұрақты белгілері деп атауға болады. Қоғамдық сананың өзгерілуі, мысалы, мифологиялық ойлау жүйесінің орнына прагматикалық ойлаудың басым сипатқа ие болуы, сондай-ақ діни сананың орнына ғылыми сананың орнығуы эвфемизмдердің өзгеруіне, ескіруіне, жаңарып-жаңғырып отыруына қатты әсер ететін фактор екені сөзсіз. Сондай-ақ эвфемизмдердің мағыналық-семантикалық тұрғыдан бірде көнеріп, бірде жаңарып отыратын ерекшелігі ең алдымен қоғамның әлеуметтік құрылымындағы өзгерістермен де тығыз байланысты.

Эвфемизмдер – тілдің сөздік құрамын байытады, синонимдік қатарын көбейтеді;

  • функционалдық-стильдік айырымдарды тереңдетеді;
  • тіл мәдениетін, адамның жеке мәдениетін қалыптастыруға әсер етеді;
  • сөз этикеті нормаларын қалыптастыруға ықпал етеді.

Міне, бұл айтылғандар эвфемия құбылысын екі өлшемде – жан-жақты және тереңдете зерттеудің өзектілігін көрсетеді.

Әдеттегі эвфемизмдер жеке адамдар арасындағы коммуникативтік қолайсыздықты бол-

дырмауды көздейді де, жеке бастық қатынасқа тән сипатқа ие болады. Ал телеақпараттық хабарлардағы эвфемистік формалардың әлеуметтік сипаты басым болады. Мысалы, жеке коммуниканттар арасында адресатқа «еңбек ардагері», «құрметті демалыстағы адам», «зейнеткер», «қария» деп сөйлеу пенсионер деуден әлдеқайда сыпайы форма болып табылады.

Ақпараттық хабарлар тілінде, әсіресе, мемлекеттің сыртқы, ішкі саясаты, экономиканың әлеуметтік саласындағы саясат, қауіпсіздік, құқық қорғау, т.б. салалар эвфемизациялаудың объектісі болып табылады. Әдетте, жеке бастық қатынаста әлеуметтік қатынаста болсын, адамның психологиялық күйіне ауыр тиетін кейбір сөздер эвфемистік форманы қажет етеді. Мысалы, қылмыстық атаулармен байланысты көптеген сөздер эвфемизмдердің қатарында қаралып жүр. Түрме, қамау тәрізді көрермен психологиясына қолайсыз әсер тудыратын сөздер арнайы сөздермен бүркемеленіп беріледі. Яғни телеарналардан көрсетілетін бағдарламаларда журналистер қамау, қамауға алу, түрмеге отырғызу, абақтыға жабу сияқты нақты номинатив терминдерді көрермен алдында қолданудан қашқақтайды. Олар көрерменге психологиялық жағымсыз әсер қалдыратын атауларды өз тілдеріндегі арнаулы терминдермен атайды.

Отырғандардың тәртібі жақсы болса, күніне 2-3 сағат таза ауаға шығарылады («Хабар», «Талап пен тәртіп», 21.10.05).

Өмір бойы бас бостандығынан айрылғандар үшін арнайы камералар салуды біздің еліміз Ресеймен ақылдаспақшы («Хабар», «Талап пен тәртіп», 21.10.05).

Рақымшылыққа ілігу үшін қойылатын басты шарт олардың жасаған қылмысы ауыр қылмыс болмау керек («Қазақстан», 01.11.05).

Осы мысалдардағы қамалғандар сөзінің эвфемистік сипатын беретін қатар: «отырғандар», «бас бостандығынан айрылғандар» тіркестері арқылы «ұрды», «ұрлады», «соқты», «ұрлықшы», т.б. жағымсыз реңктегі қылмыстық атаулар бүркемеленіп қолданылған. Сөйлемде түрмеден олардың қылмысы жеңіл болса шығарады деуден гөрі «рақымшылыққа ілігу үшін» тіркесі сияқты саяси эвфемизмдер қазіргі теледидар тілінде кеңінен қолданылады.

Сондай-ақ «салық төлеуден қашты», «адам өлтіргенді» немесе «ұрлықшыларды ұстады», «ұрланған ақша», т.б. қылмыстық істерді тура мағынасында қолдану қай көрерменді болса да жалықтырады. Мысалы суыққолды болған қаржылар,қымқырған қаржы, жемқорлыққа бой алдырған – пара алған деген эвфемистік форманың «ұрланған» деген формасын адресат қиындықсыз түсінеді.

Бірақ кейбір ақпарат таратушы агенттіктерінің хабарлауынша, биліктен кеткен шенеуніктердің көбі жемқорлыққа бой алдырған («Қазақстан», С. Дауылбай, 13.12.05).

Жемқорлықтан бірінші орын полиция қызметкерлері болып отыр. Одан кейін қара тізімде жол полициясы мен өрт орталығы екен («Хабар», Арман Балтабайұлы).

Мемлекеттік басқару жүйесі, оған қызмет ететін идеологиялық аппараттардың қоғамдағы гуманизмге жат қатігездік іс-әрекеттерін анық айтудан, жалтарумен байланысты бүркеме эвфемизмдер қолданылады. Ондай ісәрекеттерді өз атымен атау үрей шақырып, қорқыныш тудырады. Сондықтан үрей, қорқыныш, қолайсыздық туғызатын атауларды эвфемизмдермен бүркемелеу негізін іс-әрекетті былайғы жұрттан жасырын құпия органдарда, аппараттарда, мекемелерде жиі қолданылады.

Бұл мәселенің анық-қанығы анықталған соң, құзырлы орындар арнайы шешім қабылдайды (Арман Балтабайұлы, 18.11.05).

Билік басына жаңа адамдар келгенімен билік келбеті өзгерген жоқ (Арман Балтабайұлы, 18.11.05).

Көлік иесі техникалық қызмет көрсету орнына жол полициясына немесе басқа да құзырлы мекемеден анықтама қағазын әкелуі керек («Информбюро», Д. Қонысбек, Солтүстік Қазақстан облысы, 31.10.05).

Мұндағы «билік басы», «құзырлы орындар», «құзырлы мекемеден» сияқты мемлекеттік орындар атауларын журналистер сөздік қайталауларға жол бермеу мақсатында қолданған. Осы мысалдарға ұқсас журналистер қызмет, мамандық атауларын да халыққа қарапайым тілмен түсінікті етіп жеткізуге талпынады.

Ал «қарға қарғаның көзін шұқымайды» демекші, алатаяқтылар бұл іске немқұрайлы қарады («КТК», «Күндерек», Кенже Жұман).

Оқиғаның болған жеріне келген тәртіп сақшылары істі лезде тындырды («КТК»,

«Күндерек», Жазира Бегалы).

Президент қалам тербегендерге ел қамын ойлауды тапсырды («Рахат» арнасы, Кенже Жұманұлы, 21.04.05).

Бұл мысалдардағы «алатаяқтылар» – МАИ қызметкерлері, «тәртіп сақшылары», «құқық сақшысы» – полиция қызметкерлері, «қалам

тербегендер» – жазушылар деген мағынаны білдіреді.

Теледидар хабарларында жиі кездесетін

«атқамінер мырзалар», «депутат мырзалар»,

«билік басындағылар» тәрізді, яғни ақпараттың нақтылығы жоқ, ешкімнің аты-жөні айтылмайтын сөз топтарын әмбебап штамптар деп атадық. Штамптың соңғы типін қолданушылар әлдекімді сынаған болып, шындыққа ара түскен болып, белгісіз біреудің көлеңкесімен күресіп жүреді.

Жоғарыда айтылған перифраз штамптар, әмбебап штамптар ақиқатты боямалап көрсетудің, шындықты бүркемелеудің, ақиқатты айналып өтудің эвфемистік формалары. Субъект (сөз иесі) белгілі бір мақсатпен, себептермен ақиқатты тура айтпай, айналып өтеді немесе шындықты бүркемелейді. Яғни, ақиқат шындық (денотат) табуға айналады. Ал жоғарыда сөз болған перифраз штамптар, жылтырақ штамптар, әмбебап штамптар сол табудың эвфемистік субституттары болып табылады.

Кейбір басшылар құр шөппен ауыз сүртіп, ел ахуалын түзеген сыңай танытады.

Бұл мәселенің нақты түйіні – билік басындағылардың шешімінде болса керек.

Елбасының Жолдауын жоғары бағалаған депутат мырзалар ауыл-ауылға үлкен жауапкершілік арқалап қайтты.

Сондай-ақ бағалауыш мәнде қолданылатын тіркестер теледидарлық хабар тілінде көп кездеседі. Қоғам өміріндегі кез келген құбылыс әлеуметтік-идеологиялық бағалаудың нысаны бола алады. «Бағалау дегеніміз = тіл ойлау шындық немесе ақиқат (реальды өмір) трихотомиясының нәтижесі болса, ал бағалаудың семантикалық категориясына бағалауыштық жатады. Сондықтан да баға – адам санасында үнемі тоқтаусыз жүріп жататын процесс және ол адамның ойлау қабілеті арқылы іске асатын интеллектуальды-психикалық акт болып табылады» 7,63 б.. «Атқамінерлер», «ат төбеліндей шенеуніктер», «ұлықтар», «ортан қол шенеунік» тіркестері негативті әлеуметтікбағалауыштық мәнде, ал «іс басында отырғандар», «лауазым иесі», «төменгі шенеуніктер» – позитивті әлеуметтік-бағалауыш мәнде қолданылатын тіркестер болып саналады.

Бұл істің мән-жайын шешуде ауыл атқамінерлері де дәрменсіз болып шықты («Қазақстан», «Елден хабар», Ә. Шаймерден).

Ат төбеліндей шенеуніктердің халық мүддесіне тиіп-қашып қарайтыны көңілге кірбің ұялатады («31 арна», «Информбюро», Шынар).

Ұлықтар Астанаға көшуден неге қашқақтайды? Астананың суығынан ба екен, әлде оңтүстік астананың той-думанын қимай ма?

Мерзімді баспасөз, теледидар, радио хабарлары тілінде жиі жұмсалатын, тұрақты қолданылатын сөз орамдарының ерекше түрі бар. Олар – эвфемистік перифраздар. Олардың біразы мына тәрізді: «қанатты метал» – алюминий, «қара алтын» – мұнай, «ақ алтын»

  • мақта, «ақ ұлпа» – қар, «дала аруы» – жүгері, «теңіз алыптары» – киттер, «қыр баласы» – ауыл баласы, «солтүстік еркелері»
  • страустар, «алла үйі» – мешіт, «саналы сандық» – компьютер, «темір тұлпар» – машина, «Алтайдың ар жағынан келген қандастар» – оралмандар, түрме т.б.

Австралияның оңтүстігінде теңіз алыптары (киттер) қырылуда («Хабар», 25.10.05).

Онсыз да ата-баба тәжірибесінен білетін қыр баласы осы кәсіптен мол пайда табамын деп ойлайды («Елден хабар», М. Баймолда, 10.11.05).

Қария қолындағы қанаттылардың қатерден аман екеніне сенімді («НТК», 1.11.05).

Ауыл қара домалақтары кешкісін жарапазан айтуға шықты («НТК»).

Темір тұлпарды ерттеп мінген Гуля апай мұнсыз жұмыс бітпейді дейді («Хабар», Руслан Оспанов, 08.03.05).

Күнкөріс үшін осы ауыр темірді қолға алдық дейді әйелдер қауымы («Астана», «Осы сағатта», 14.04.06).

Кей аудандарда ақ ұлпаның қалыңдығы бір метрге жеткен екен («Оңтүстік астана», Данияр Меңлібеков, 24.12.04).

Бұл мысалдардағы эвфемистік перифраз сөздердің лингвистикалық дәрежесі осы күнге дейін анық емес. Лингвистикалывқ зерттеулерде бұл газети фразеологизмдер, перифраздар, газети стандарттар, газети штамптар әртүрлі аталып жүр. Кейбір зерттеулерде перифраздар «көркем перифраздар» және «штамп перифраздар» делініп, парқы ажыратылып қарастырылып жүр. Саяси-әлеуметтік іс-шараларды нақты атамай, жалпылап жеткізу де ақпараттық хабарлардың үрдісіне айналған. Осындай сөздер теледидар лексикасының бір бөлігін құрайды.

Президент журналистердің сайлау алды науқанында журналистік этиканы сақтауға шақырды (Арман Балтабайұлы, «Хабар», 21.10.05).

Бүгін Азербайжан елінде үгіт-насихат науқаны аяқталды («Қазақстан» С. Дауылбай, 04.11.05.

Төрағаның сөзіне қарағанда қол жинау науқанында бірқатар заң бұзу оқиғалары да тіркелген («Қазақстан», М. Тұрмағамбетов, 26.10.05).

Саяси науқан жақындағалы бері Путиннің төбесі көріне қоймаған соң, ол ойын ақи-тақи паш етті («Мезгіл», 24.04.04).

Бірақ қоғамда ол дәл шешімін таппай, басы ашық мәселе ретінде қалып қойды.

Үкімет елдегі бұл игілікті істерді қалтасынан қаржыландырып отыр (Арман Балтабайұлы, 16.11.05).

Кәсіпорын болса Нұралыға көмек қолын созудан бас тартып отыр екен.

«Сайлау алды науқаны», «қол жинау»,

«саяси науқан» – сайлау мәселесіне қатысты,

«бір үстел басына жинау» – жиналыс өткізу,

«басы ашық мәселе» – белгілі мәселе, «қалтасынан қаржыландырып» – бюджеттен төлеп отыр, «көмек қолын созудан» – көмектесуден деген мағынаны білдіреді.

Ақпараттық хабар тілінің басым бөлігін саяси эвфемизмдер құрайды. Мұның басты себебі, саяси қоғам, халық өмірінде болып жатқан әлеуметтік мәселелерді бағалауыштық мәнде жеткізу, екіншіден, қоғамда болып жатқан қылмыстық істер, кереғар қылықтарды халық санасына ишараттап беру, үшіншіден, журналистердің уақыт ұту мақсатында дайын қалыптарды қолдануы. Алғашқы аталған екеуі кейде жаңа ұғымдар туындатып, байыптап, дамытуға әрекет жасаса, үшіншісі, керісінше, тілдің дамуына кедергі жасайды. Қоғамдық өмірдің әр алуан саласына тән терминдер, номенклатуралық атаулардың эвфемизмге айналуы тележурналистердің меншігінде.

 

Әдебиеттер

  1. Грушин Б.А. Массовое сознание: Опыт определения и проблемы исслед. – М.: Политиздат, 1987. – 367 с. 2 Ахметов Ә. Қазақ тіліндегі табу мен эвфемизмдер. – Алматы: Мектеп, 1995. – 305 б.
  2. Джаббаров Х.М. Табу и эвфемизмы в азербайджанском языке: Автореф. дис. канд. филол. наук: 10.02.06. – Баку, 1972. – 27 с.
  3. Исматуллаев Н. Эвфемизмы в современном узбекском языке. – Ташкент: Фан, 1964. – 153 с.
  4. Циртаутас И. (Сиэтл, США) К вопросу о табу эвфемизмах в казахском, киргизском и узбекском языках // Советская тюркология. – 1976. –№ 4. – С. 23-31.
  5. Момынова Б. Қазақ газетіндегі қоғамдық-саяси лексика. – Алматы: Арыс, 1998. – 131 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.