Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Функционалды грамматиканың негізгі нысаны – функция термині туралы

Бұл мақалада функционалды грамматиканың негізгі зерттейтін нысаны функция термині қарастырылады. Жалпы тіл ғылымындағы функция терминіне берілген ғылыми концепцияларды тереңдетіп қарастыру арқылы функция мәніне ғылыми тұжырым жасау көзделінді.

Мақалада бұл салаға қатысты зерттелінбеген істер мен проблемалар өте көп, функционалды грамматика саласы бойынша қарастырылатын мәселелер, осы ғылымның зерттеу нысаны, оған қатысты ғылымитеориялық мәселелер, жалпы ғылыми теориясын жасау, практикалық мәнін ашу, мақсаты мен міндеттерін көрсету – бүгінгі қазақ тіл ғылымының кезек күттірмейтін міндеттерінің бастылары екен. Сөз сөйлеудегі функция табиғаты өте күрделі. Дәстүрлі грамматика белгілі қалыптасқан грамматикалық жүйенің негізі бола отырып, оның болашақтағы дамуының жаңа сатыларын, негіздерін үйретеді, бұрынғы дәстүрлі грамматика бірқалыпты сол күйінде қалып қоймайды, яғни тілдің дәстүрлі грамматикадан, функционалды грамматикаға бет алуының алғы шарттарын негіздейді. Функционалды грамматика тілдің дәстүрлі жүйесінің негізін нысанаға ала отырып, сөйлеу процесінде сөйлеу актілері бойынша қандай функция атқарады немесе атқарып тұр деген мәселені тануға, соны оқып-үйретуге, меңгеруге талап қояды. Сондықтан функция терминінің маңызын ашу мен оның түрлерін анықтау, маңызды құбылыс ретінде тану оның маңызды сипатын айқындауда басты міндет ретінде алынады.

Функционалды грамматика мәселесі, ғылыми-теориялық базасы нені зерттейтіні, функционалды грамматика дегенді қалай түсінуге болады, тағы да басқа толып жатқан мәселелерге қатысты ғылыми концепциялар ұсыну қазіргі қазақ тіл ғылымының басты міндеттері болып саналады.

Функционалды грамматика тілдік жүйеден алынған білім дағдыларының әмбебаптық күрделі болмысын, жалпы оның табиғатын қайта негіздеуге үйретеді. Қазақ тілші ғалымдары А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, С.Аманжолов, Н. Сауранбаев сонымен қатар шетелдік және орыс ғалымдарының дәстүрлі грамматика мен функционалды гарамматиканың негізгі категорияларын ғылыми тұрғыдан жүйелеген А.В.Бондарко, Г.А.Золотовой, Р.Якобсона, И.Я.Харитонова, В.Ю.Апресяна, Е.С.Кубряковой, Н.В.Берницкой, Е.И.Панина, В.Ю.Апресяна, Н.Н.Болдырева, Е.С.Кубрякова E.A. Kruisinga, F. Wood, H. Sweet, H. Poutsma, S. Harman, M. Ganshina, Ilyish, C.N. Leech, M.Y. Blokh және тағы басқа еңбектерді атауға болады. [1, 2,3].

«Функция» туралы анықтамалардың лингвистикада мағынасының сан алуан түрлері кездеседі. Атап айтқанда «тіл қызметі», «функционалды стиль», «функционалды грамматика» т.б. Шындығында, бұл терминнің реферанциясы өте терең аса маңызды, сондықтан оның мәнін нақтылап түсіндіруді қажет етеді. Функция терминінің басты реферанциясы сөйлеу актісімен байлансты. Функционалды грамматиканың негізін қалаған ғалымдардың жалпы функция туралы талдаулары сөз сөйлеумен тұтас алып қарастылатын талдауларға негізделеді. Атап айтқанда, С. Дик, Н.А. Слю-сарева, Г.А. Золотова, В. Матезиус, М.А. К. Хэллидей, А.В. Бондарко сияқты ғалымдардың осы салаға қатысты терминдерге барген анықтамалары негзінде қарастырылады. [1,3]. Функция терминінің қызметі – оның лингвистиканың қай саласына, қандай тілдің сипатын тануға қолдануға байланысты анықталып отырады. Мысалы, тіл ғылымында тілдің қоғамдық қызметі; тілдің коммуникативті қызметі; тілдің байланыс орнатушы қызметі; тілдің эмотивті қызметі; тілдің аппелятивті қызмет; тілдің куму-лятивтік қызметі; тілдің стилистикалық қызметі; тілдің прагматикалық қызметі; тіл дің эстетикалық қызметі деген қолданыстар жиі ұшырасады. Лингвистикада тілдің қызметін интерпретациялау арқылы тіл ғылымы саласының жаңа бағыттары айқындалады. Тілдің атқаратын қызметі алуан түрлі болғандықтан бір салаға қатысты ерекшелігін анықтау жиі пайдаланылады.

Функционалды грамматика адамның ақылойы мен тілдің заңдылықтарын сақтай отырып, айтылған пікірі, әңгімесі, сөзі алуан түрлі семантикалық, прагматикалық категориялық жағдаяттарға тәуелді болады. Функционалды грамматиканың бүгінгі ғылыми теориялық мәселелері, ғылыми нысаны мен жаңа бағыттары, оның қазақ тіл ғылымында даму сипатының әлеуетін көрсету өзектілігін тағы да айғақтайды. Қазіргі қазақ тілінің функционалды грамматикасының табиғатын толық тану үшін кешенді көп аспектілік зерттеулер айтушының барлық аспектілік қырлары арқылы атап айтқанда, оның қоданысындағы тілді таңбалар сырын анықтаумен тығыз байланысты болып келеді. Ә. Хайдар тілдің кумулятивтік қызметін былайша түсіндіреді. «Тілдің халық өмірінде атқаратын қызметі көп-ақ. Солардың бірегейі – ұрпақ пен ұрпақ арасын жалғастыратын, өткен өмір мен бүгінгі болмысымызды, онымен болашақты ұластыратын «алтын көпір» бейнелі қызметі: Халық даналығының ұйытқысы – тілдің бұл қызметін ғылымда «кумулятивтік функциясы» деп атайды (Ә.Хайдар Халық даналығы). Бұл жерде айта кететін нәрсе мақал-мәтел не болмаса басқа да тілдік бірліктер қолданыста бір ғана қызмет атқармайды. Қазақ тілінің грамматикасын функционалдық тұрғыдан зерттеу, ғылыми моделін жасау өте күрделі, аумағы зор сала болып саналады.

Функционалды грамматиканы толық меңгеру үшін тілдің ішкі және сыртқы жүйесін игере отырып, атап айтқанда, парадигмалық, синтагматикалық көп сатылы қызметін, тілді қолданудың әр түрлі жолын функционалды-семантикалық өрісте анықталатындығын көрсетумен шектеліп қоймайды. Функционалды грамматиканың басты спецификасының артықшылығы мынада: адамдық фактор мен ұғым және танымға негізделуінде, сондай-ақ функционалдығы барлық тіл элементтерінің қоршаған ортаға тығыз байланыста болуымен қарастырылады. Сондықтан функционалды грамматиканың өзіне тән ерекшелігін анықтау үшін функция терминінің мәнін ашып алу керек [2,323]. Функция терминінің мәнін ашу тіл – адам қарым-қатынасы деген түсініктен де тереңірек қарастыруды қажет етеді. Тілдің атқаратын қызметі оның сөйлеуінен бұрын басталады деп айтылған пікірлердің негізі бар екенін функция термині тағы дәлелдеп береді.

Оған соңғы уақытта жазылған ғылыми зерттеулер дәлел бола алады. Тіл қолданыста жанжақты қызмет атқарады. Атап айтқанда, тілдің танымдық қызметін алып қарастырайық. Кейбір зерттеушіліер тілдің танымық қызме тін екі аспектіде алып қарастырады. Алғашқысы, ойлау органдарына байланысты, бұл ішкі ойлау қабілеті танымдық түсінікке негіздейді. Оның негізі ойлау ойлау әдіс-тәсілдерін пайдалану қызметі. Кейінгісі алғашқының негізінде өрбитін жоғарғы деңгейде қалыптасқан айтушының сөздердің танымдық білімінің жиынтығы. Функционалды грамматикада осы тілдің екі қызметі айтушының сөзінің мағынасын ашуға арналады.

Лингвистикалық білім жүйесінде тіл функциясы деген ұғым қалыптасуы функционалды грамматиканың негізгі ғылыми базасы болып қала береді. Тілдің өзі қандай жағдайда болмасын адам мен әлем, тіршілік, қоғам арасындағы байланысты, қарым-қатынасты орнатуда функция атқарудан бастайды. Осыдан келіп функционалды грамматикаға тірек болатын функция терминінің нақты мәні анықталады. Құрылымдық лингвистикада тілдік бірліктердің құрылуы, яғни парадигмалық топ құрауы басты мақсатқа алынады. Функционалды грамматика аясына енетін тілдік бірліктер семантикалық топ құрады, осының нәтижесінде тілдік бірліктер семантикалық топқа біріктіріледі. Семантикалық топқа жинақталған, семантикалық мағыналық тұтастыққа топтастырылған тілдік бірліктер адам ұғымында тілден тыс объективті шындықпен сәйкестеніп, «мағыналық мазмұн» (смысловое содержание) деп аталатын әрекет нысандарына ие болады [2,23]. Сөз сөйлеу кезінде түрлі деңгейге жататын тілдік құралдар белгілі бір мағынаны, ойды жеткізу үшін бірлесе, өзара әрекеттесе қызмет атқарады. Осылайша, әр түрлі тілдік бірліктердің бірлесе қызмет атқаруы ортақ семантикалық топ құрып, функционалды-семантикалық өрісте ұғымдық категорияларға негізделуі тілдік жүйедегі бірліктердің функциясының көп аспектілігін көрсетеді.

Барлық ғылымдар саласында функция термині кеңінен қолданылады. Функция адам ойына алған ісін жүзеге асыру болып табылады. Жалпы «функция» термині «functio» латын тілінен алынып, «орындау, атқару, жүзеге асыру» деген мағынаны береді. Функция туралы ережелер барлық ғылым саласында қолданылып, оларға тән анықтамалардың барлығы да ісәрекеттің жүзеге асуы және қызмет атқарылуын айтады. Функция туралы анықтамалардың лингвистикадағы мағынасының сан алуан түрлері кездеседі. Атап айтқанда, «тіл қызметі», «функционалды стиль», «функционалды грамматика» т.б. Шындығында, бұл терминнің мағынасы өте терең, аса маңызды, сондықтан оның мәнін нақтылап түсіндіруді қажет етеді.

Функция терминінің қызметі лингвистиканың қай саласына, қандай тілдің сипатын тануға қолдануға байланысты анықталып отырады. Мысалы, тіл ғылымында тілдің қоғамдық қызметі; тілдің коммуникативті қызметі; тілдің байланыс орнатушы қызметі; тілдің эмотивті қызметі; тілдің аппелятивті қызметі, тілдің кумулятивтік қызметі, тілдің стилистикалық қызметі, тілдің прагматикалық қызметі, тілдің эстетикалық қызметі деген қолданыстар жиі ұшырасады. Қазіргі лингвистикада, тұтастай алғанда, «функция» терминінің бірнеше мағыналық баламасы ұшырасып отырады. Ал,

«функционалды грамматика» термині тұрғысынан алып қарастырғанда: «мағына», «лексикалық функция» (И.А. Мельчук, Ю.Д. Апресян, И.М. Богуславский), «гуманитарлық мазмұн» (Г.А. Золотова), «ойлау қызметінің өнімі» (В.Г. Гак), т.б. да атаулары бар. Жалпы функционалды грамматика терминдері туралы айтқанды ғылыми терминдердің негізгі бағыттарынан бастау алады. Атап айтқанда, жүйелілік, дефинивтілігі, уәжділігі, терминге қатысты түсініктілігі, қысқалығы, жоғары дәрежеде танымылдалығы, сөздіктерге енгізілуі т.б. [3,4,5]. Функционалды граммтиканың терминдеріне талдау жасаған Л.В. Попованың айтуы бойынша Л. В. С. Дик, Н.А. Слюсарев, Г.А. Золотова, В. Матезиус, М.А. К. Хэллидей, А.В. Бондарко сияқты ғалымдардың еңбектерінде осы салаға қатысты 410 термин кездеседі деген статистикалық мәлімет беріледі[3,41].

Функционалды грамматикадағы негізгі тілдік бірліктердің атқаратын қызметі осы «функция» терминіне тікелей қатысты болып келеді. Атап айтқанда, тілдік бірліктердің функциясы айтушының тілдік бірліктерді таңдап іріктеуі мағынадан формаға қарай алынады, тілдің әр түрлі деңгейдегі бірліктерінің өзара әрекет етуі жинақталып функция атқаруы ортақ функционалды өрісте орындалып жатқаны қарастырылады.

Тілдің функциясы ішкі және сыртқы деп бөлінеді.

Ойлау кезінде түзелетін тілдің грамматикалық функциясы, ойдан бағытталған грамматикалық түзілім. Бұл сыртқы көру деген ішкі қабылдаудан тұрады.

Айтушының немесе тыңдаушының тілдің грамматикалық құрылымдық жүйесін пайдалану әлеуеті. Бұл жерде айтушы мен қабылдаушының жан-жақты қабылдау, сезіну, пайдалану сияқты қабілеті мен ерекшеліктері толық есепке алынып отырылады.

Жалпы функционалды грамматикада функцияның атқаратын 2 қызметі бар.

  1. Біріншісі әлеуетті функция деп аталады.
  2. Екіншісі нәтижелі функция деп аталады.

1. Әлеуетті функция дегеніміз тіл жүйесіндегі әр түрлі деңгейде тілдік бірліктер қызметінің айтушының айтар ойына қарай таңдап алынатын таңбалары болып табылады.

2.Нәтижелі функция дегеніміз айтушының әлеуетті функциясына қатысқан тілдік бірліктердің толық орындалуы болып саналады.

Тілдік бірліктердің функциясы дегеніміз сөйлеушінің айтар ойын жеткізуге қажетті мағыналық тілдік бірліктердің өзара ортақ синтагмалық топқа жататындығының айқындалуы, сол бірліктердің өзара мағыналық-тұтастық құрайтындығы мен әлеуетті функцияның нәтижелі функцияға айналуының нақты айғағы болып табылатындығымен анықталады.

Лингвистикада тілдің қызметін интерпретациялау арқылы тіл ғылымы саласының жаңа бағыттары айқындалады. Тілдің атқаратын қызметі алуан түрлі болғандықтан, бір салаға қатысты ерекшелігін анықтауда жиі пайдаланылады. Мысалы, сан есімдерді алып қарағанда ол тек бір ғана функция атқарады деп айтуға болмайды. Тілдік бірліктердің мағыналық функция атқаруы тіл ғылымының белгілі, нақты саласына қатысты зерттеу нысанын таңдап алуына байланысты бірнеше қызмет атқара алады. Сан есімдер сөзжасам үлгілері мен тәсілдерінде өз қызметін тұйықтаған. Бір кездері олар өте белсенді қызмет атқарса, қазір олар өз белсенділігін бәсеңдетіп, басқа сөз таптарымен салыстырғанда қолданыста сөзжасамдық қызмет атқармайды.

Жалпы функция туралы айтқанда ғылымда белгілі тілдің ең маңызды функциясы таңбалық функция (обазначения) туралы айта кету керек. Адамдардың бірлескен еңбек жағдайындағы бір-бірімен қарым-қатынас жасағанда ойлау ұғымы қалыптасты. Сондықтан адамдар бірбірімен ойларын бөлісу үшін материалдық форманың жасалу қажеттілігі туындады. Сондық-

тан сигналды функция (коммуникативті) тілдегі екінші маңызды функция болып саналады. Тілдің үшінші маңызды функциясы сөздердің мағынаға, түсінікке құрылған формалары болып табылады. Тілдің құрылымдық грамматикасы тіл функциясын атқармады деп айтуға болады. Ол функционалды грамматиканың ішкі заңдылығын қалыптастыра отырып, ұғымдық, танымдық мағыналық мазмұн жасады. Мысалы, зат есімдер тілдің даму тарихында үнемі жаңа сөздермен толығуға белсенді қызмет атқарып келеді. Күнделікті тұрмыста, өмірде пайда болған жаңа заттар мен ұғымдарға атау қажеттілігі зат есімдерді жасайды да, адамзат игілігінде белгілі қарым-қатынасында қызмет атқарады. Функционалды грамматиканың негізгі терминологиялық аппараты ретінде алынып отырған «функция» терминін жаңадан пайда болған ұғымдық атау деп айтуға болмайды, осы сала бойынша бұл терминнің маңыздылығы адамзат ұғымы мен танымы арқылы жасалған тілдің сөйлеу қызметінде белгілі ортақ ұғымдар мен түсінікке жинақталуы деп тану керек. Басқа бағыттағы ғылыми зерттеулерде ұлттық тілдің танымдық, этностық, кумулятивтік т.б. қызмет атқарады. Жалпы функционалды грамматика тұрғысынан есім сөздерді алып қарастырғанда, атап айтқанда зат жайлы ұғыммен бірге сын, сапа ұғымдарын да бойына жинаған грамматикалық топ ретінде алғанда оның басқа ұғымдық, танымдық қасиеттерін тану мүмкіндігі ашылады.

Сонда тіл құрамындағы алғаш рет зат ретінде танылған деректі-дерексіз ұғымдарға адамзат санына, сапасына, басқа қасиеттеріне, ұғымына сай салыстырғанда белгілі бір затқа не заттар тобына тән қасиет пен белгіні анығырақ білдіретін болады. Осыдан келіп нысанаға алынып отырған функционалды грамматиканың ұғымдық, танымдық мәні айқындалып, сол ұғымды анықтайтын негізгі тілдік бірліктердің өзара әрекеттесіп, айтушы сөзінің мағыналық-мазмұнды ой бөлісуінің негізгі күрделі тұтастығын танытатын функция атқарады. Демек, функционалды грамматика бойынша қарастырылатын тілдік бірліктердің функциясы ұғым, таным, логикалық мағынамен біртұтас жүйеде кешенді функция атқаратынын көрсетеді. Алайда терминдерге қатысты іргелі зерттеулерге қарамастан бұл сала бойынша даулы мәселелер әлі талай зерттеулерді қажет етеді.

 

Әдебиеттер

  1. Матезиус В « Functional Analiysis ofPrest DAY English on General linguistig Boss. 1975
  2. Бондарко А.В. Проблемы функциональной грамматики. Полевые структуры. СПб., Наука, 2005
  3. Попова Л. В. Проблема качества лингвистического термина (На материале авторских терминосистем функциональной грамматики) : Дис. ... канд. филол. наук : 10.02.19 : Омск, 2004 198 c.
  4. Қазақ грамматикасының өзекті мәселелері. –Алматы: «Кие» лингвоелтану инновациялық орталығы, 2007. – 482 б. 5 Қазақ тілінің функционалды грамматикасы. – Алматы, ЖШС «Ануар-KZ», 2010. – 720 б.
  5. Қазақ тілінің функционалды грамматикасы: – Алматы: Қазақ университеті, 2013. – 178 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.