Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Символ және метафора

Қазіргі таңда лингвистикада, әсіресе қазақ тіл білімінде символды зерттеу аймағы кеңейе түсуде. Символдың мәнін, сипатын, негізгі белгілерін және басқа да лингвистикалық құбылыстардан айырмашылығын анықтау мақсатында біз оны өзге троп түрлерімен, соның ішінде метафорамен салыстырып, олардың өзара ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажыратуды дұрыс көрдік. Символдың ең басты қасиеті – оның образдылығы. Осыған байланысты, көптеген ғалымдар символ ұғымын бейне арқылы анықтайды. Көптеген анықтамаларда “образ – символ – таңба” концептілерінің жиынтығы беріледі. Метафораны зерттеу барысында да, символды зерттеуде де салмақ филологиядан ойлау, таным мен санамен байланысты ғылымдарға қарай түседі. Метафора арқылы ойлаудың тек ұлттық-спецификалық әлем бейнесін ғана емес, соған қоса универсалды образдың негізгі бастауларын көруге болады.

Символ құрудың қажеттілігі – адам баласын өзгелерден айрықшалап тұратын нәрсе. Символдар әлемінің пайда болуын біз салтжоралармен түсіндіре аламыз. Салт-жоралар символдар түрінде қызмет атқарған және оларды білу тұлғаның әлеуметтік маңыздылығы мен мәдениетті білу деңгейін анықтаған. Соған байланысты, біз символдарды өз-өзімен пайда

болып өмір сүретін құбылыс емес, адам санасының жемісі ретінде қарастырамыз.

Аверинцев: «символ – образ, взятый в аспекте своей знаковости, и знак, наделенный всей органичностью и неисчерпаемой многозначностью образа» деп айтқан.

Карасик символ жайлы былай деген: «...многозначность символа представляет собой не только возможность ее вариативной интерпретации, но и последовательную множественность интерпретаций. Обобщая различные характеристики художественного символа, выделанные в различных работах, посвященных его осмыслению, можно дать ему следующее определение: это перцептивный образ, характеризующиeся смысловой глубиной, обозначающий идею, которая обладает высокой ценностью, генерирующий новые смыслы, допускающий множественное истолкавание, отсылающий к сверхчувственному опыту» [1, 260].

В.А.Маслова символға байланысты бірнеше көріністерді анықтады: 1) символ таңбаға барабар ұғым (қолдан формалданған тілдерде); 2) өмірді өнер мен образды түрде қабылдауға бағытталған универсалды категория (өнердің эстетикасы мен философиясында); 3) мағынасы конвенциалды (яғни сөздіктерде орнықтырылған) болып келетін мәдени объектінің басқа объектінің мағыналық аналогы болуы (мәдениеттануда, социологияда және басқа да гуманитарлық ғылымдарда); 4) өзінің алғашқы мағынасының басқа да мазмұнның формасы ретінде қолданылуы (көптеген гуманитарлық салаларда – философия, лингвистика, семиотика және т.б. – кездесетін символдың кең мағынасы); 5) И.Кант, Ф.В.Шеллинг; Г.В.Ф.Гегель, И.В.Гете символға нағыз ғажап мазмұн ретінде түсініктеме береді [2, 95].

З.К.Темиргазинаның айтуы бойынша: “Символ – (от греч. simbolon – знак, условный знак) – это вещь, награжденная смыслом. Например, дерево предметно, вещно, осязаемое и зримо, имеет форму и цвет. В русском национальном сознании береза выступает символом родины, России” [3, 43].

Символдың ең басты қасиеті – оның образдылығы. Осыған байланысты, көптеген ғалымдар символ ұғымын бейне арқылы анықтайды. Көптеген анықтамаларда “образ – символ – таңба” концепттерінің жиынтығы беріледі. Символ және таңба семиотиканың ең басты ұғымдары ретінде қолданылып, шын мәнінде екеуіне де ортақ қасиеттерді қамтиды: екеуі де үш компонентті модель түрінде құралған (білдіретін – білдіргіш және семиотикалық байланыс; означаемое – означающее и семиотическая связка), конвенционалды және т.б. Бірақ таңбаның мағынасы символға қарағанда конвенционалды ғана емес, соған қоса, дәл болу қажет, мысалы, жол тәртібіне байланысты таңбалар жол үстіндегі апаттардың болмауына септігін тигізу мақсатында жасалған. Н.Д.Арутюнованың айтуы бойынша, таңбалар конвенционаланады (конвенционализируются), ал символдар канонданады (канонизируюся). Егер таңбаның мәні – таза нұсқау болса, ал символдың мәні әлдеқайда кең [2, 99].

Метафораға келетін болсақ, қазіргі таңда метафораны да зерттеу кеңейе түсіп, интенсивті түрде даму нәтижесінде түрлі білім аймақтарын қамтып жатыр. Метафораны зерттеу барысында салмақ филологиядан ойлау, таным мен санамен байланысты ғылымдарға қарай түседі. Метафора арқылы ойлаудың тек ұлттық-спецификалық әлем бейнесін ғана емес, соған қоса универсалды образдың негізгі бастауларын көре бастады. Метафора бір жағынан логикамен мықты байланыс орнатса, екінші жағынан мифологиямен байланыс тапты. Метафораның дискурстың көптеген түрлерінде болуы метафора концептісінің шекараларының жоғалуына алып келді.

Троптардың, әсіресе метафораның ролін түсінуде елуінші жылдардың аяғындағы «революциялық аударма» символ жайлы ойдың қалыптасуында үлекен ықпал етті. Осы төңкерістің екжей-текжейін қысқаша еске салайық. Таңбалық бірліктердің конденсациясы және орнына жылжуы сияқты ауытқуларды бір қырынан түсінілуін З.Фрейдтің өзі атап өткен, оларды ақырында Ж. Лакан «санасыз қалыптағы маңызды ережелер» деп атап кеткен. Афазияның екі түрін зерттеген Р. Якобсон ассоциациялаудың негізгі бұзылымдары (ұқсастығы мен араластығы) сөйлеуде метонимия (синекдоханы да қоса) және метафора түрінде көрініс табады. Бұндай ұқсастық/алшақтық құбылыстары шығармашылық трансформацияда да кездеседі. Якобсон метафора мен метонимияның универсалдылығын айта келіп, олар тілдің әртүрлі деңгейінде (парадигматикалық және синтагматикалық) ең маңызды семиоткалық механизм ретінде пайда болады деген қорытынды жасады. Якобсонның «Тілдің екі аспектісі мен афазияның екі түрі», «Метафорикалық және метонимиялық полюс» атты жұмыстары европалық структурализм үшін негізгі классикалық дереккөзге айналды [4, 86]. Якобсонның жаңалығының нәтижесі ретінде «негізгі троптарға» байланысты көптеген жұмыстар пайда болды, семантикалық транспозиция теориялары жасалды, синекдоха мен ирония зерттелді, «алғашқы троп» теориялары пайда болды.

Әрине, біздің мақсатымыз метафораға берілген анықтамаларға сүйене отырып, мақаланың негізгі мақсатының бірі – символ мен метафораның ұқсастығы мен айырмашылығын айқындау. Метафора мен символдың негізінде образ жатыр. Метафора да, символ да түсініктен гөрі, интерпретация объектісі бола алады. Символ да, метафора да хабар бермейді. Образдан бастау алғанмен де, метафора мен символ екі түрлі бағытқа кетеді. Метафорада образдың толықтығы сақталады. Образдың символикалық маңыздылығына оның тек жеке белгісі ғана ие бола алады – түсі, формасы, кеңістіктегі орны және т.б. Образдың символикалық элементтерге кеңеюі оның оқылуына мүмкіндік береді де, образ «мәтінге» айналады. Түстік символика өзінің тілін (кодын) құруы мүмкін. Бұл жағдайда символдың интерпретациясы кодтық түсінік негізінде оның мағынасына жақындай түседі.

Метафора шындықпен байланысты мазмұнның аймағында жүреді, символ мәңгілікпен, мистикалық тенденциядағы білімдерде жалған шындықты көрсетеді. Символдың бойында жасырын және айқындық, үндемеушілік те, сөйлеу де бар. Символ «шектен тыс» күйді айқындайды. Метафораның міндеті нақтырақ. Метафора шындықты түсінуді тереңдете түсетін болса, символ ол шындықтың шегінен ары қарай шығады. Метафора образдық мазмұнның шегіндегі тілдік мағыналарды білдірсе, символ идеяға негізделеді. Символдар кез келген нәрсені көрсете алмайды. Символ мен метафораның арасында тағы бір айырмашылық бар. Егер метафора семантикалық тұрғыдан кедейлене түсіп, анығырақ болса, символ өз бойында шығарманың идеялық мағынасын қамти отырып, керісінше мазмұнын кеңейтеді, бірақ сондай нақтылық та бермейді. Метонимиялық тәсіл арқылы бір ғана бөліктің көмегімен толық мағынаны бере отырып символ образды байыта түседі. Жеке адам өмірінде, қоғамның, діни немесе мәдени ұйымдардың өмірінде, бір тұқымның немесе күллі адамзаттың өмірінде белгілі бір қызмет (функция) атқарған уақытта образ символ бола алады. Символ болып қалыптасқан кезде образ жеке немесе қоғамдық сфераға енеді. «Біреу үшін» символ болуға болады, ал метафора қаншалықты субъективті болса да, «біреу үшін» бола алмайды. Ол жеке немесе қоғамдық сфераға жатпайды. Символ жеке сфераға енсе де, жеке тұлғаның өзі оны құрастыра алмайды. Символ уақыт өте келе құрылады. Биіктей отырып символ адам үстінен билік жасайды, ол адамға өмірлік жолын көрсетіп, әрекет ету модельдерін құрастырады. Сөйтіп, символ психологиялық, метафора семантикалық, ал символика императивті болып табылады.

Н.Д.Арутюнова «Метафора теориясы еңбегінде: «Символ метафораға қарағанда, дейктикалық қызметті атқарады. Символ предикат ретінде жұмсалынбайды. Олар белгілі бір мағынаға сілтеме жасайды, бірақ оны басқа нысананы сипаттау үшін қолданбайды. Оған метафораның екі субъектілігі тән емес. Символдың күңгірт трансценталдық (ақыл-санамен түсініп білуге болмайтын) мағынасы бар. Символ шексіздікті сезінуді көрсетеді. Ал метафораның міндеті мүлдем басқа. Ол шындықтың жасырын мәнін ашатын образ жасауға бейімдейді»[5, 24].

Символдылық пен көркемділік бір нәрсе емес, олар бір образға айнала алады және керісінше бөлек өмір сүре отырып жеке мағына үстей алады, ал метафора мен символды салыстыратын болсақ, символ метафора емес, оның ішінде көркем метафора да болуы міндетті емес. Метафора өз кезегінде арнайы көркем және жалпы тілдік бола алады. Дегенмен ол символдың көркем болуына кедергі жасамайды, бірақ оның бойында бұндай қасиеттің болуы міндетті емес.

Сонымен бізге белгісіз бір затқа нұсқайды, алайда дәл сол мезетте белгісіз нәрсені анықтау үшін бізге белгілі бір қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Метафора болса ешқандай өзге нәрсеге нұсқау жасамайды. Ол өздігінен басқа заттарға ауыспай, көп ойландыратын өте терең ұғым болып табылады. Егер символ метафора болмаса, ол метонимимя, синектоха да бола алмайды және ол троптың түріне жатпайды.

Қорыта келе, ғаламды көркемдікпен тануға бағытталған метафора және символ бір мақсатқа негізделгенмен, әрбірі өзіндік сипатымен, өзіндік болмысымен айқындалады. Ол сипатты төмендегідей анықтауға болады:

  1. Сөз мағынасының метафоралық тәсіл негізінде ауысуында ұқсастық орын алса, символда ол жоқ, бұл басты айырмашылық.
  2. Символ белгісіз бір нәрсеге нұсқау жасайды, ал метафора белгісіз нәрсені көрсетпейді. Керісінше, метафораға белгілілік сипат тән.
  3. Метафора шындықты тануды тереңдетеді, ал символ одан алшақтатады.
  4. Метафора тілдегі мағынаны білдіреді, ал символ жалпы идеяны көрсетеді.

Сонымен, символ мәңгілік пен өтпелілікті белгілеуге ұмтылады. Метафора шындықты тануды тереңдетеді, ал символ одан алшақтатады. Метафора тілдегі мағынаны, ал символ жалпы идеяны танытады. Метафора мен символ негізінде образ жатыр. Яғни, образ тәрізді метафора да, символ да әлемді көркемдікпен (бейнелі түрде) танудан туындайды. Бірақ образдан туындағанмен, метафора мен символ әр бағытта дамиды.

 

Әдебиеттер

  1. Карасик В.И. Языковая матрица культуры. – Волгоград: Парадигма, 2012 – 260 б.
  2. Маслова В.А. Лингвокультурология. 2-е изд. – М.: Academia. 2004.
  3. Темиргазина З.К. Современные теории в отечественной и зарубежной лингвистике. – Павлодар, 2002.
  4. Якобсон Р. – Questions de poetique. – П., 1973.
  5. Арутюнова Н.Д. Теория метафоры. – М., 1990 – 512 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.