Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

XV-XVIII ғасырлардағы ақын-жыраулар поэзиясы тіліндегі жаңа фразеологиялық оралымдар

Бұл мақалада эпостық және лиро-эпостық жырларда кездесетін окказионал фразеологизмдердің ерекшеліктері анықталып, жыраулар поэзиясындағы кей тосын тіркестердің қалыпты фразеологизмдер қатарына еніп, жалпы халықтық қолданысқа түсіп кеткендігі көрсетіледі.

Қазақ поэзиясының алқашқы үлгілерін жасаған жыраулар поэзиясында фразеологиялық варианттармен қатар тосын пайда болған окказионал тіркестер де көптеп кездеседі.

Жыраулар поэзиясы кедейлікке, әділетсіздікке, табиғатқа, өмір мен өлімге, заман ағысына, өнерге, адамгершілікке байланысты елбасы және билерге сын айту, туған жерді сипаттауға арналғандықтан, мұндай жырларда мазмұндық, тақырыптық, буын саны, ұйқас түрі, құрылысы жағынан ұқсастық басым болады. Дегенмен әр жыраудың өзіндік ерекшелігінің арқасында әртүрлі авторлық жаңа қолданыстар, яғни окказионал тіркестері пайда болып отырған.

Кей жағдайда ақын-жыраулар тіліндегі жеке авторлық фразеологизмдер көнеріп, тілдің пассив қабатына ауысады немесе қайта өңдеу, жаңарту арқылы окказионал варианттары пайда болады.

Ақын-жыраулардың ауызша тараған жыр үлгілері фразеологизмдерге бай. Олар қазақ тілінің лексика-фразеологиялық қазынасын танып қана қоймайды, сол кезеңдегі фразеологизмдердің даму өзгерісін көрсетеді. Халық жырының інжу-маржандары, эпостық жырлар мен ақын-жыраулар поэзиясы, батырлық жырлар ғасырлар бойы ауызша таралып, басым көпшілігі XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың бас кезінде жиналып, хатқа түскендіктен, қазіргі кезде кейбір жеке сөз тіркестері, тіпті өлең шумақтары әр басылымдаәр түрлі беріліп жүр. Бұл бір жағынан қазақ тілінде фразеологиялық варианттардың көптігін білдірсе, екінші жағынан окказионал фразеологизмдерді ажыратуда қиындық туғызады.

Жыраулар тоғауларында кедейлікке, әділетсіздікке, табиғатқа, өмір мен өлімге, заман ағысына, өнерге, адамгершілікке байланысты елбасылар мен билерге сын айту, туған жерді сипаттау дәстүрлі тақырыпқа айналған. Мұнда әр ақын-жыраудың толғау-жырлары мазмұндық, тақырыптық, буын саны, ұйқас түрі, құрылыс жағынан ұқсас келеді. Бірақ әрқайсысының өзіндік ерекше стильдері арқасында түрлі тың авторлық жаңа қолданыстағы окказионал тіркестерді тудырып отырған. Мысалы, Шал ақын:

Көк ала көл, нар қамыс, Қар үстінде от жанар. Баласы жаман туғанның,

Әкесін түйе үстінде ит қабар [1, 130] -десе,

Марғасқа жырауда: Ел жазылып жайлауда,

Жақсылар кеңес құрғанда. Мұртымыз өрге шаншылып,

Бұрын да сөйлер ме екенбіз. [1, 64] –

деп жырлады.

Осындағы Шал ақынның қар үстінде от жанар, Марғасқа жыраудың мұрты өрге шаншылу сияқты тосын тіркестерін тек өздерінің толғауларында ғана кездестіреміз.

Кезінде жеке қолданыста болған ақынжыраулар тіліндегі окказионал фразеологизмдердің тең жартысына жуығы қазіргі қолданыста дәл сол қалпында кездеседі. Мысалы: алты ауыз, көз тастау, қабағына қар жану, тіл алу т.б. Бұлардың дәл қалпын сақтау немесе компоненттерінің бірінде аз-кем өзгешеліктер сақталып, ауыздан-ауызға тарап келгендіктен, әр дәуірдің адамдары өз қолданыстарына қарай икемдеп, бастапқы қалпын өзгертулері де мүмкін. «Қай елдің, қай жазушысының қай шығармасын алсаңыз да тілдің осы халықтық элементтерінің сан түрін табуға болады. Яғни қаламгердің қай-қайсысы да сөйлеудің халықтық формасын пайдалануға бейім». [2, 41]

Ал кейбіреулері әдеби тіліміздегі қалыпты фразеологизмдердің қатарына еніп, тұрақтылыққа ие болған. Мысалы: Ы.Алтынсариннің «тастан сарай салғызу», Есет бидің «қанды көйлек жолдас болу», Әйтеке бидің «алты атасын арқалап, жеті атасын жетелеу»,Сағындық шешеннің «аузына түкіру» секілді сөз тіркестерінен осы құбылысты байқаймыз.

Ақын-жыраулар поэзиясы тіліндегі біршама фразеологизмдердің мағыналары көмескіленген және қазіргі қолданыста көп айтылмайды. Мысалы: жауырынына қанды көбе симау; құрама шапшақ қымыз; мамық тосату; кірмембес ауыр қан; тобығына тондық ала байлау т.б.

Жыраулар тіліндегі окказионал фразеологизмдердің есім компоненттерінің бірі етістікпен байланысып келеді.

Көктен жаңбыр, таулардан сулар жүгіріп, Жайылар жер жүзіне қырдың суы... [3, 9]

Бүркеніп жалғыз отырсың, Бойға жеткен жас бала, Ұнатсаң айтқан сөзімді,

Күлімдеп көзің бері қара! [3, 13]

  • Ей, Дат, сенің атың заманында қойған Дат еді-ау, есіміңе жесімің лайықты емес, тек бір қоя салған ат еді-ау – деп қазақтың қарттары Даттың бетіне соғып жүре береді. [3, 22]

Бұл мысалдардағы таулардан сулар жүгіру тіркесіндегі «жүгіру» етістігі қазіргі кезде

«жүру» етістігімен ауыстырылған, сондай-ақ,

«бойға жету»-«бой жету», «бетіне соғу» «беті-

не айту» түрінде өзгертіліп қолданылады.

Есім формасындағы окказионал фразеологизмдер іштей: зат есім мен зат есім тіркесі; сын есім мен зат есім тіркесі; сан есім мен зат есім тіркесі болып бөлінеді. 1. Зат есім мен зат есім тіркесі арқылы жасалатын окказионал фразеологизмдер:

Атадан алтау туғанның Жүрегінің бастары

Алтын менен бу болар. [1, 58]

Аман болса ағайын, Үлкен-кіші жамайым, Бәріңнің жақсы аманың Өзіме келген тіл бағы

Өнері емес бабаның. [1, 26]

Әкенің айтқан аз сөзін Құтысына көңіліңнің

Төгіп алма, дәлдеп құй. [1, 211] Тәуекел дариясына бетім жудым, Ажалдан қорыққан болсам неге тудым. Сол асқа жиналғанға барайын деп,

Жаратып жалғыз көктің тілін будым. [3, 19]

Ең әуелі ашу керек іштің кірін, Іште толып жатпасын сасық ірің.

Аһ, дариға, іш тазарсын, іш тазарсын, Болмаса пайда бермес құры білім... [3, 344]

Толғамалы найзамен Толықсып жауға шапқанда, Бір озғанмын жұртымнан. Ер дұшпаны көп болар, Қатын дұшпан, жігіттер,

Не демес дейсің сыртымнан. [1, 186]

Жүректің басы, көңіл құтысы, тіл бағы көктің тілі, іштің кірі, қатын дұшпан сияқты тіркестер зат есімнің бір-бірімен тіркесуі арқылы туындаған тың қолданыстар.

  1. Сын есім мен зат есім тіркесі арқылы жасалатын окказионал фразеологизмдер:

Көшкенде көлік болмас түйе алдында, Ереуілде сауын болмас бие алдында. Ақырған аждаһадай аю келін

Біз түгіл құдайынын ұялды ма. [1, 132]

Сөз сөйлеймін бөлмелеп, Әр нұсқадан термелеп, Сөйлеген сайын кетеді

Қызыл тілім өрмелеп. [3, 239]

Төле Тайкелтірдің болашағын болжайды.

«Ұсақ түйек ауыл арасындағы дау-шар емес, ел намысын жібермей, қысылғанда халқына пана бола алатын алғыр, ұтымды адам болып өскелі тұр екен», депті. (Ш.ш. 97)

Аласа жеңіл, салса ауыр демейтін нар Ақылың кең алдияр, ашуың тар. [4, 158]

Осындағы аю келін, қызыл тілі өрмелеу, ұтымды адам, ашуы тар, сондай-ақ кең өңеш; шырмауығы алтын, сабы жез; тауық жүнді, арам сідік сияқты сөз тіркестері сапалық сын есмідердің зат есіммен тірексуі арқылы жасалынған.

Шеңбердей белі бүгілген, Еңіреудей көзі үңілген Қоғадай жанын төгілтіп,

Шортандай бауырын жаратып... [3, 103]

Өздеріңдей хандардың, Қарын жуан билердің, Атандай даусын ақыртып, Лауазымын көкке шақыртып,

Басын кессем деп едім. [1, 183]

Шеңбердей белі, бауыры шортандай, атандай дауыс сияқты окказионал сөз тіркестері бір-бірімен қатыстық сын есім мен зат есімнің тіркесуінен жасалған.

  1. Сан есім мен зат есімнің тіркесі арқылы жасалған окказионал фразеологизмдер:

Жарлыны, кәне, байдан кем көргені, Бетіне бірдей қылып өң бергені.

Кигізіп төрт қарыс бөз, кесек жастап, Құдайдан осы емсе пе тең көргені. [3, 261]

  • Ей, жан көке, қайысып тұр қабырғам,

От жанып тұр үш жүз алпыс тамырдан. [4, 90]

Он бірінші тілек тілеңіз, Он бармағы қыналы. [1, 83]

Қара ағашты Ташкенттен Мырзаби деген би шықты. Екі иінінжеп шықты. [3, 268]

Он кісімен қонасың тым құрғанда. Жігіттер шамаң келсе, шалқып, толқы, Алпыс тәнің денеңде сау тұрғанда. [1, 141]

Етістікті окказионал фразеологизмдер екіге бөлінеді:

а) Атау тұлғалы есім мен етістікті окказионал сөз тіркестері: тас ілу, түн қату, шірік қану, мүйіз қысу, ыңғай жарату, ине жіберу, тас кесу т.б.

ә) Септік тұлғасындағы есім мен етістікті тіркестер: сүбесін суыру, ұрғашыға кенелу, қабырғасын қысу, денесі тозу, табасы қану, өкпесін тізу, қабырғасын жару, көзін қашау т.б.

3. Түрлі сөз таптарынан болатын, кемінде үщ немесе одан да көп компоненттерден құралатын окказионал фразеологизмдер: кеудесін жол қылу, ұя бөріктеу болу, іші жер сызу, айтқанына қоғам болу, ағыны тас ағызу, отынын басында үру, бұтын отқа қақтау, аузын ұстап, санын соғу, өкпең бауыр болсын, миы орта түсу т.б.

Ақын жыраулар поэзиясы тіліндегі окказионал фразеологизмдерді синтаксистік құрылысына қарай былай жіктеуге болады. Сөз тіркесінің байланысу түрлеріне қарай:

а) қиыса байланысқан окказионал фразеологизмдер: қан шықпас, қазба болу, бұта тырнау, түйін еті, шоқ байлау, қол келтіру, жең жастану, пішін кету, ыбырат алу, ас кету, тозаң тию т.б.

ә) матаса байланысқан окказионал фразеологизмдер: бауырының асты, көздің өті, өмірдің жүзі, пірдің қолы, орданың үсті, өгіздің

асты, қырдың басы, сәуірдің бұлты, күркелінің бауыры, кедейліктің ортасы, тілдің ұшы, отының басы, жүрегінің бастары, көктің тілі, ішітң кірі т.б.

б) меңгеріле байланысқан окказионал фразеологизмдер: басын бәйтерекке созу, ұясын бұлтқа салу, қолындағы аспанды тастау, сүтін бермеу, саясын жақтау, бақтан кішірейту, қазығына тігілу, жерге қағу, көкірегі ілімге толу, сусыны қанға қану, шашын семсермен тарау, бұтын созу, жұмыртқасын шайқалту, отын үрлеу, тұнық жырмен жуыну, тілімен түйілген түйін, бетін жұпармен жуу, тілі шындыққа талмау, саусағын жерге түсірмеу, аруағын боққа бұлғау, мінін балтамен шабу, амалға міну, тілімен қолға қонар, қазығын қалайыдан қақтыру, қанатын тігу, көлденең көмейге тұру, қолы бұлтқа жету, мұрты өрге шаншылу т.б.

в) қабыса байланысқан окказионал фразеологизмдер: саздай таптау, қотыр бура, сүтті жұрт, жел сөзді, кең өңеш, ашуы тар, но бармағы қыналы, қатын дұшпан, көк езу, төбесіне қобыз ойнату, кірпігі кіршік тарту, қанатын теріс соғу, білтеліге дпо салу, жігіттіктің алтын таңы, жауырынынан жел өту, ерні епті болу, керсеніне бал құю, сөзін жібектей өру т.б.

г) жанаса байланысқан окказионал фразеологизмдер: бауыры бұлақсыз болубұлақсыз бауыры болу; қолын қиядан көрсету-қиядан қолын көрсету; аспанда ат, пейіште нұрнұр пейіште, ат аспанда; ауруды қуантпас алтын төсек-алтын төсек ауруды қуантпа; иекке жаны келужаны иекке келу; сүйегім тұтам қалғаншатұтам сүйегім қалғанша; құдайға қолын жеткізу-қолын құдайға жеткізу т.б.

Қазақ поэзиясындағы окказионал фразеологизмдерді анықтау үшін ақын-жыраулар тілінде актив, қазіргі кезде сирек қолданылатын фразеологизмдерді, семантикалық жақтан өзгеріске түскен фразеологизмдерді, архаизм сөздермен келген, мағынасы күңгірт сөздерді ажырата білу керек. Мысалы:

Атадан тудым жалқы боп, Жақыннан көрдім талқы көп. [1, 58]

Ниет етсең, жетерсің Жетсең тауап етерсің. [3, 40]

Ер қарауын қарауын қарар деп, Алыстан қара шалар деп. [1, 28]

Арту, арту бел келсе, Атан тартар бүгіліп,

Алыстан қара көрінсе. [5, 122]

Кіндігімді кескен жұрт,

Кір-қоңымды жуған жұрт. [5, 71]

Осындағы талқы көру (қиындық көру), ниет ету (көңілі түсу), қара шалу (көзге ілу), қара көріну (көзге шелыну), кіндігімді кескен жұрт (туған жер) т.б. осы типтес тіркестер жыраулар тілінде актив қолданылған. Қазіргі «жер» сөзінің орнына XV-XVIII ғ.ғ. әдеби тілде норма болған «жұрт» сөзі және «кір» сөзінің орнына поэзия өлшемін, буын санын сақтау үшін жинақтық ұғымдағы «кір-қоң» сөзі қолданылып тұр.

Қазақ поэзиясының алқашқы үлгілерін жасаған жыраулар поэзиясында сол территориядағы жер-су аттарын ауыс мағынада қолдану жиі кездеседі. Оған Шалкиіз, Қазтуған жыраулардың «анайы тіл», яғни «туған жер» деген мағынаны білдіретін тіркесін жатқызуға болады. Ал Асан қайғы: Еділ бол да, Жайық бол, Ешкімменен ұрыспа. (Б.ғ.ж.3 т.28 б.),-десе, Дулат ақын: Кей жақсының мінезі, Еділ менен Жайықтай.(Б.ғ.ж.1 т.66 б.), деп, Еділ мен Жайықты адамның мінез-құлқына, кең пейілділігіне образды ауыстыру арқылы сәйкестендіріліп берген.

Ақын-жыраулар поэзиясы тілінде кездесетін фразеологизмдердің варианттылығы мәселесін қарастыру тұрақты тіркестердің поэзиядағы қолданысын ғана айқындап қоймайды, сонымен қатар бірнеше вариантта айтылып жүрген фразеологизмдердің нормалануын және даму дәрежесін, бірнеше вариантта қолдану себебін көрсетеді.

Осы орайда белгілі ғалым М.Серғалиев:

«Жазушының қайсысына да қажетті ең басты талаптардың бірі сөз саптау тұрғысынан өзгеге ұқсамайтын ерекшелігінің болуы. Халық тілін байытуға классиктер ғана емес, жазушылықты мұрат еткен адамның қай-қайсысы да үлес қосуға тиіс. Оның аты-сөз қолдануда, жекелеген сөз жасауда, сөз мағынасын жіті аңғарып, жаңа қырымен пайдалануда өзіндік таңбасы болу керек деген сөз» деген пікір айтады. [6, 6]

Шалкиіздің «мүйізі бұлтқа жете жаздады» деген авторлық тың тіркесі қазіргі кезде «мүйізі қарағайдай» деген вариантта кездессе, Дулат ақынның «етектеп жинау» деген окказионал фразеологизімінің соңғы кезде «қасықтап жинау» секілді варианты кездеседі. Мұндағы «мүйізі бұлтқа жете жаздау», «етектеп жинау» варианттары тілдің пассив қабатына кеткен. Ал лексикалық варианттары тұтас сөздердің алмасуы арқылы, яғни образдарының өзгерісі арқылы жасалады. Тілдің дамуымен қатар фразеологизмдер де дамып, ортамен бірге өзгеріп отырады. XV-XVIII ғ.ғ. ақын-жыраулар тіліндегі жеке авторлық фразеологизмдер көнеріп, тілдің пассив қабатына ауысады немесе қайта өңдеу, жаңарту арқылы окказионал варианттары пайда болады. Мысалы: Бұқар жырау тіліндегі киген тоның түлкі етер, жаулық жолын сүймеу, жаулық сағынбау, су тілесе, бал беру; Шал ақын тіліндегі мойынға бөз ілу, асына қылшық тұрмау, қара саба ас кету; Жанақ ақынның тіліндегі дақ салмай кету, тұқымы тұқыл болу; Дулат ақынның қасқыр тартып, қан шығу, мүйізі танадай болу, жырдан алқа тағу; Шалкиіз жыраудың көз үстінде қасы болу, сақалына сары шіркей ұялау; Махамбеттің қатын дұшпан, тептер үшін тебісу, сүйегім тұтам қалғанша деген тәрізді тіркестері көнеріп, көбісінің компоненттер аясы кеңіп, я тарылып, жаңа мағынаға ие болған окказионал варианттары кездеседі.

Бұл тұста ауызекі сөйлеу тіліндегі мақалмәтелдердің қалыптасуы, олардың құрылымдық жүйесін талдай отырып, компонент құрамындағы қолданыс ерекшеліктерін сөз еттік. Сондай-ақ эпостық жырлар мен лиро-эпостық жырларда кездесетін окказионал фразеологизмдердің айырым белгілерін көрсетіп, жыраулық поэзия өкілдерінің шығармашылығындағы жеке қолданысқа тән сөз орамдарының тілдік құрылымын морфологиялық талдау жасау арқылы ашып көрсетуге тырыстық.

 

Әдебиеттер

  1. Бес ғасыр жырлайды: ХV ғасырдан ХХ ғасырдың бас кезiне дейiнгi қазақ ақын жырауларының шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1984. – Т.1. – 256 б.
  2. Айтбаев Ө. Аудармадағы фразеологиялық құбылыс. – Алматы, 1975. – 41 б.
  3. Бес ғасыр жырлайды: ХV ғасырдан ХХ ғасырдың бас кезiне дейiнгi қазақ ақын жырауларының шығармалары. – Алматы : Жазушы, 1984. – Т.2. – 336 б.
  4. Бес ғасыр жырлайды: ХV ғасырдан ХХ ғасырдың бас кезiне дейiнгi қазақ ақын жырауларының шығармалары. – Алматы : Жазушы, 1985. – Т. 3. – 352 б.
  5. XV-XVIII ғасырлардағы қазақ поэзиясы. Редакциялық коллегия. – Алматы: Ғылым, 1982. – 193 б. 6 Серғалиев М. Көркем әдебиет тілі. – Алматы: Мектеп, 1995. – 172 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.