Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақ тіліндегі «сүйек» лексемасының семантикалық парадигмасы

Мақалада қазақ тіліндегі «сүйек» лексемасының лингвомәдениеттанымдық, этнолингвистикалық, семантикалық, этимологиялық, ассоциациялық ерекшеліктері қарастырылған.

«Сүйек» концептінің философиялық мәнін қазақ халқының ұлттық рухани дүниетанымындағы ата тек, ру, түбі бір, намыс, ар-ождан, ұят сияқты семантикалық мәнге ие сарысүйек, сүйек жақын, сүйек шатыс, сүйектес, сүйегін қорлау, сүйегіне таңба салу, сөз сүйектен, таяқ еттен өтеді, сүйегі менікі, еті сенікі, сүйегі асыл, сүйек тістеген ит, сүйек тамыр сияқты паремиологиялық қор мен фразеологизмдер, архаизмдер, диалектизмдер құрайтыны анықталып кешенді семантикалық талдау жасалды.

Қазақ тіліндегі «сүйек» лексемасы – тілдік санадағы бейнелі-ассоциациялық және бағалауыштық қасиеттерге ие күрделі семантикалық парадигма құрайтын концептуалдық бірлік екені айқындалды.

Тіл ғылымының бүгінгі даму бағыты полипарадигматикалық ұстанымдар негізінде, яғни тіл білімі этнолингвистикалық, лингвомәдениеттанымдық, лингвоелтанымдық, когнитивтік-концептуалдық, социолингвистикалық, психолингвистикалық, коммуникативтік-прагматикалық, функционалдық, гендерлік лингвистика аясымен сабақтаса отырып кешенді сипатта қарастыруды негізгі меже етіп отыр. Тілтанымның осындай көп бағыттағы кешенді парадигматикалық сипаты бүгінгі кемелдену процесіндегі адамның ақыл-ой санасының антропоөзектік ұстанымдармен тікелей байланысты. Аталған антропоөзектік бағыттағы зерттеу парадигмалары адам санасында ғалам бейнесін құраушы концептуалды жүйені, таным модельдері арқылы ашылатын білімнің кодын, болмыс пен сол болмысты қабылдаушы сана арасындағы тілдік әрекеттерді, тіл мен сол тілдің иесі адам санасының тұтастығын, тілдік сананың білім қоры мен күрделі ассоциативті-вербальды құрылымын, болмысты рух пен ой бірлестігінде танытушы кешенді жүйе ретінде дәйектейді. Әлем бейнесін құраушы концептуальдық жүйедегі сөздердің мағыналық өрісі мен шеңбері күнделікті өмір сүру тәжірибесінің нәтижесіндегі аялық білім қоры мен этноментальдық дүниетаным жиынтығы арқылы айқындалады.

Тіл ғылымында аялық білім теориясына Е.М.Верешагин мен В.Г.Костомаров тоқтала келе: «аялық білім – білім қоры, адамның өмірлік, әлеуметтік тәжірибесінің қоймасы, білім адам санасында түрленеді, өңделеді және тірек сөздермен, терминдермен, номинативті және фразеологиялық тұрақты тіркестермен, тілдік бірліктермен өзара байланысып ары қарай олар игерілген ақпаратты сақтау қызметін атқарады» [1, 219] деген тұжырым жасап, тіл мен аялық білім жүйесін бірлікте қарастыруды алға тартады.

Қазіргі тіл біліміндегі концептологиялық жаңа бағыт ұжымдық санадағы ментальды бейненің дара белгілерін саралай отырып, кез келген тілдің этнолексикасы мен аялық білім жүйесінде сақталған әлемнің ұлттық мәдени бейнесін ашуға мүмкіндік береді.

«Концепт тілдік ақпараттарды кодтайтын (сөзге айналдыратын, таңбалайтын), сөздің ішкі мазмұнын, мәнін танытатын, оның затқа, реалийге қатысын, шындықты бейнелеуін көрсететін және сол ақпаратты келер ұрпаққа жеткізетін тілдік таңбалар жиынтығы» [2, 38].

Қазақ халқының ұлттық ойлау жүйесі мен этномәдени дүниетанымынан мол ақпарат беретін «тағдыр», «өмір», «өлім», «Отан», «ба-

қыт», «намыс», «қанағат», «дастарқан», «дом-

быра», «жүрек», «жан», «ағайын», «өз//өзге» сияқты т.б. ұлттық концептонимдер қазақ тіл білімінде жеке тақырып ретінде зерттеліп мән мазмұны ашылғаны белгілі.

Осындай ұлттық құндылық элементтерін бойына аса мол жинақтаған «сүйек» лексемасы қазақ тіл білімінде күні бүгінге дейін жеке концепт ұғым ретінде немесе тілдік құрылымдық тұрғыдан жеке тақырып көлемінде арнайы ғылыми айналымға түспегені белгілі.

«Сүйек» лексемасы өзі өмір сүретін семантикалық өріс ішінде интегралды мазмұндас сөздерді өзіндік ортақ белгілері арқылы жинақтау қабілетімен қатар, коммуникативтік қажеттілігіне, жұмсалымдық қызметіне, дифференциалды мазмұнына байланысты да кешенділік сипатқа ие тірек ұғым бола алатындықтан жеке концепт ұғым ретінде қарастыруға толық негіз бар.

Қазірге біз осы мақала көлемінде ғана «сүйек» лексемасын осы қырынан қарастыруды меже тұтып, оның лингвомәдениеттанымдық, этнолингвистикалық, семантикалық, этимологиялық, ассоциациялық құрылымдық ерекшеліктеріне ғана қатысты сөз қозғауды мақсат етіп отырмыз.

«Сүйек» концептісінің тілдік ұжымның когнитивтік санасында қатталғандығының бір көрінісі, бұл лексеманың қазақ қауымының баршасына түсінікті болып жалпыхалықтық лексикадан берік орын алуы, тіліміздің сөздік құрамның толығуы мен дамуына өзіндік үлесін қосып, тіркесімділік қабілетінің мол болуы және жаңа сөз жасауға ұйтқы болғанына қу сүйек, ақсүйек, сүйекқап, сүйек-саяқ, сүйекте, сүйектелу, сүйектес, сүйекті, сүйекші, сүйектілік, сүйек-шатыс, сүйек жаңғырту, сүйегіне таңба болу, сүйекті аққурай, сар сүйек, сүйегі сыну, сүйегі шытынау, сүйекті жемістер сияқты көптеген мысалдар айқын дәлел бола алады.

«Сүйек» концептінің философиялық мәнін қазақ халқының ұлттық рухани дүниетанымындағы ата-тек, ру, түбі бір, намыс, ар-ождан, ұят сияқты семантикалық мәнге ие сарысүйек, сүйек жақын, сүйек шатыс, сүйектес, сүйегін қорлау, сүйегіне таңба салу, сөз сүйектен, таяқ еттен өтеді, сүйегі менікі, еті сенікі, сүйегі асыл, сүйек тістеген ит, сүйек тамыр сияқты паремиологиялық қор мен фразеологизмдер, архаизмдер, диалектизмдер айғақтайды.

«Сүйек» концептінің этнографиялық лексика ретіне қолданылып жүрген сакральды мағынаға ие болмысын қыз алысу, құдандалы болу, сүйек жаңғыртты, ант сүйек, ақсүйек, сүйек тасу, сүйек құны, сүйекке түсу, сияқты салт-дәсүр мен ырым-жоралғылық, әдет-ғұрыптық сипаттағы этнографизмдік атаулар жүйесінің семантикалық мазмұны танытады.

«Сүйек» концептісі қазақ ғылымында терминдік сипат алып бас сүйек, кемік сүйек, көз сүйек, сүйек кемігі, сүйек майы, піл сүйегі сияқты күрделі сөздер құрамында анатомиялық атау ретінде терминологиялық лексика құрамында да ұшырасады.

«Сүйек» концептісінің сөзжасамдық қабілеті мен коммуникативтік-жұмсалымдық (тіркесімділік) қызмет аясының кеңдігіне ақсүйек, сүйекші, сүйектес, сүйек шатыс, сүйегі шымырлады, сүйегі қақсады, сүйегі жасыды, сүйегі сырқырады, сүйегі сынды сияқты атаулар мен тіркестер нақты дәлел болады.

«Сүйек» концептісінің ұғымдық негізін заттық мағына құрайтындықтан, бұл заттық мағына тілдік санада ұлттық-мәдени мазмұнмен ассоциацияланып «этномәдени ұғымдар жүйесін» түзетіндіктен, түпкі нұсқасын (архетип) заттық концепт ретінде тануға болады. Бұл жөнінде зерттеуші ғалым З.К.Ахметжанова: «Заттық концептер тілдік санадағы образдық-ассоциативтік байланыс пен бағалауыштық қасиетке ие болып ұлт санасында мағыналық өзгеріске ұшырап қазақ халқының рухани болмысын құрайтынын» атап өтеді [3,75].

Қазақ әдеби тілінің сөздігінде «сүйек» лексемасының мынадай мағыналары берілген:

  1. Адам мен хайуанаттар денесінің қаңқасы (тура);
  2. Өлген адамның денесі, мәйіті (ауыс);
  3. Ата-тек, ру (ауыс);
  4. Киіз үйдің кереге, уық, шаңырақ, сықырлауықтан тұратын негізгі қаңқасы (этн) [4,395].

Сөздікте берілген анықтамалар негізінде

«сүйек» концептісінің мазмұн межесінің қалыптасуындағы семантикасын өзара иерархиялық қатынасқа негізделген семалар жиынтығын былай көрсетуге болады:

Өзексема адам мен хайуанаттардың тұтас денесінің өзегін құрайтын қаңқа.

Даралаушы сема – адам, хайуанатар, тұтас дене, қаңқа, мәйіт.

Даралаушы сема – ата-тек, түбір, негіз. Даралаушы сема – киіз үйдің қаңқасы.

Потенциалды сема – мықты, берік, қайратты, асыл.

Потенциалды сема – еті жоқ, құр сүйек. Потенциалды сема – билеуші тап өкілі, ал-

пауыт.

Потенциалды сема – салмақты, ауыр. Потенциалды сема – намыс, ежелгі, көне.

Потенциалды сема – қыз алысу, құдандалы болу.

Потенциалды сема – жуу, тазалау, арулау. Бұдан «сүйек» концептісінің ұғымдық мазмұнын құрайтын күрделі семантикалық құрылымды иеленетіндігін көреміз.

«Сүйек» концептісін құраушы ұғымдық мазмұнның семалық көрсеткіші о баста нақты «адам мен хайуанаттар денесінің қаңқасы, сүйегі, тірегі» деген заттық лексикалық мағынаға негізделіп, уақыт өте келе қауымдық сананың көрнекі-бейнелі ойлау әрекетінде абстрактіленіп, танылатын нысанның жекелеген ұғымдық қасиеттері, перифириялық (шеткергі) белгілері қайта өңделудің нәтижесінде сол затты жаңа қырынан танудың бастамасы болды.

Заттар мен құбылыстар туралы білім қорындағы ақпараттардың алмасуы, өңделуі – адамның танымдық әрекеттерінің жемісі. Мұндай танымдық әрекеттерге адамның субьективтік тәжірибесіне негізделген құбылыстар мен обьектілер арасындағы ассоциациялық қатынастар негіз болады. Берілген мазмұн компоненттерінің негізінде пайда болған жаңа мағына жаңаша ойлау үлгісінің көрсеткіші ретінде сөз болып отырған концептінің семантикалық аясын кеңейте түседі. Мұны тіліміздегі қу сүйек, ақсүйек бірліктері айқындайды. Қазақ халқының ұлттық дүниетанымында қу сүйек деп еті жоқ, құр сүйек, азып-тозған, жүдеген адамдарға айтылады. Мысалы: Құр сүйегі көрініп денесінен, Қалың шашты сиреген тобесінен. Қара суды қасықтап тамызсам да, Өтпейді оның өртенген өңешінен (С.Мәуленов).

Қу (құр) сүйек, сақалы қудай (сақалы ақ) тіркесінің құрамындағы қу сөзі қазіргі қазақ тілінде жеке дара қолданылмайтыны белгілі.

І.Кеңесбаев қу сөзінің этимологиялық мағынасын былайша көрсетеді: «Түркі тілдері, оның ішінде, татар, қазақ тілдерінде қу – ақ, боз мағынасында жұмсалады: боп-боз болып семіп жүрген кісіні қазақ құп-қу боп жүдепті дейді» [5, 131]. Академик Ә.Қайдар да «қу» лексемасының «ақ, седой, боз, бледно-желтый» деген мағынасын негізгі деп таниды [6,227]. Сондай-ақ мұны аққу сөзінің құрамындағы қу тұлғасы да айқындай түседі.

Жалпы сүйек кальций, фосфор, тұз т.б. минералды заттардың қорынан түзілетіндіктен, оның табиғи түсінің өзі ақшыл, ақшыл-сары болып келеді. Демек, қазақ халқы өзінің ұлттық этномәдени дүнитанымында сүйекті табиғи қырынан тани отырып, арық, жүдеу, азып-тозған, денесінен қаңқа сүйектері көрініп тұрған жан иелеріне образдық-ассоциациялық тәсіл арқылы қу сүйек деп атау берген.

Тіліміздегі сүйек сөзі өзге түркі тілдер жүйесінде де қырғызша – сөөк, хакасша – соок, өзбекше – суяк, азербайжан тілінде – сүмүк, түрікше – kemik түрінде дыбысталады.

А.Қайдар қазақ тіліндегі сүйек-саяқ қос сөз құрамындағы саяқ (//cojko//соëо//соëк//соjуо) сөзінің түркі тілдеріндегі даму тарихына шолу жасай отырып, тұлғалық жағынан өзгеру заңдылығына назар аударады және оның сояу сөзімен төркіндес, яғни шығу төркіні бір екендігін көрсетеді. Егер салыстыратын болсақ: бояубояқ, сояу-саяқ. Мұндағы сояу тұлғасы түркімонғол тілдер жүйесінде «пілдің, қабанның азу тісі» деген мағынаны білдіреді екен. Академик Ә.Қайдардың пікірінше, сояу>саяқ сөздерінің түп-тамыры сай(сой-, сүй-) етістігі болуы мүмкін деп жорамалдайды [ҚТҚЭС, 176].

Ал қазіргі қазақ тілінде сой (soj) тұлғасы диалектизм сөз ретінде батыс аймақтарының жергілікті тіл ерекшеліктерінде сақталып, «тек, ру, тұқым» диалектілік мағынасында қолданылады. Мысалы,

  • Сүйегің қай ел? деді келіншек.
  • Қарқаралы дуанына қараған арғынмын

(І.Жансүгіров).

«Тұқым, тек» мағынасында Орал өңірінде қолданатын Сүйектес атауы да «шөбереден туған бала, шөпшек» дегенді білдіреді. Мысалы, Менің сүйектестерімнің бәрі осы колхозда (Орал, Орда).

Сондай-ақ «тек, ру, тұқым» мағынасын білдіретін сой атауы тек қана диалектизм сөз емес, ол көнерген сөздер қатарынан табылуы мүкін деген жорамалды академик Р.Сыздық өз зерттеуінде былайша дәйектейді: «Сой сөзі тек қана жергілікті сөз емес, бұл сөзді қазақ даласының қиыр оңтүстік-шығысынан да таптық. Аягөз маңында өмір кешкен Дулат Бабатайұлы (ХІХ ғасырдың орта тұсы): Алал сой мен емес, Пірдің сөзін тұтынған дейді. Сондай-ақ Абайдың баласы Ақылбайдың «Зұлыс» деген поэмасында «Үлбіреген ақ тәнді, көзі көкшіл, Неғылса ол да жақсы адам сойлы» дейді. Батырлар жырында кездесетін сой атауының төркіні де оғызқыпшақ тайпалары аралас өмір сүрген орта

ғасырдан келе жатқан сарқыншақтар болуы керек» дейді [7, 227].

Яғни бүгінгде пассив лексиканың қатарына өтіп, фольклорлық шығармалар мен ақын жыраулар тілінде ұшырасатын «сой» атауының семантикалық иерархиясы сүйек лексемасының

«тек, ру, тұқым» түріндегі ауыспалы мағынасымен төркіндес екеніне жоғарыда келтірілген мәліметтер айқын дәлел болады.

Семантика теориясында қауымдық сананың дүниетанымдық көзқарастарының өзгеріп дамуына байланысты сөз мағынасының да өзгеріп, дамып отыруы заңды құбылыс. Сөз мағынасының өзгеруі мағынаның кеңеюі мен тарылуы, көп мағыналық пен омонимия, метафора, метонимия, синекдоха сияқты тәсілдер арқылы жүзеге асатыны белгілі.

Ұғымдар шектестігі негізінде алынған метонимиялық тәсілдің көмегімен «сүйек» лексемасының негіз, тірек болу, алғашқы, бастапқы сияқты даралаушы семасы негізінде ауыспалы мағынаға ұласып «ата-тек, ру, тұқым» мағынасын қалыптастырған. Тіпті осы ауыс мағына туыстас түркі тілдер жүйесінде түрік тілінде soy тұлғасы «тек, тұқым» мағынасында жұмсалады екен. Оған түрік тіліндегі soy asma, soyuna çeker, ata da soy gerek, ite de, soya çekmek, soydur çeker, boktur kokar фразеологиялық тіркестер негіз болады. Бұл дегеніміз бүгінде жергілікті бір аймақтық қолданысқа ғана ие болғанымен «сүйек» концептісінің тарихи тамырына көз жүгіртсек, түбі бір түркі тілдер дүниесіндегі көнеден келе жатқан базалық лексикалық қордан бастау алатынына көз жеткіземіз.

Семантика теориясында мағынаның дамуы мен күрделенуі (абстрактіленуі) адамның ассоциативті ойлау жүйесімен тікелей байланысты.

Ассоциация – жеке субьективті тәжірибеге негізделген белгілі обьект пен құбылыс арасындағы байланыс. Кең мағынада алғанда, ассоциация – айнала қоршаған дүние үзігін таныту үшін қолданылатын психикалық әрекеттер негізінде жүзеге асатын білім алудың көзі. [8, 11]. Олай болса, сөз мағынасындағы алуан түрлі өзгерістерді, сөздің келтірінді, ауыс мағыналарда, концептілік жүйеде қолданылуын семантика мен психолингвистиканың ассоциативтік байланыс заңы негізінде де түсіндіруге болады.

Осыған орай, «сүйек» концептісінің образдық-ассоциативті құрылымын «сөзі сүйектен өту»; «етінен өтіп, сүйегіне жету» сияқты фразеологиялық бірліктердің семантикасы арқылы

да айқындауға болады. Мысалы: Хакімнің сөзі мен айдаладағы Жолмұқан палуанның сүйектен өтер сөздерінен кейін «кессең, басым мінеки» деуге таяу қалған Құныс, енді ол ниетінен қайтуға бет бұрды (Х.Есенжанов). Берілген мысалдардан намысына тию, жанына бату деген ұғымды анық аңғарамыз. Олай болса, «сүйек» концептісі, ең алдымен, «адам бойындағы арождан, намыс, абырой» деген мағынасы арқылы қазақ және жалпы түркі халықтарына ортақ көне түркілік дүниетанымды айқындайды.

Немесе, Бауыр тартқан жүрек қайда? Намыс қызған сүйек қайда? (А.Байтұрсынов. Шығ. жинағы). Бұл мысалдағы «сүйек» лексемасы да семантика теориясындағы метонимиялық тәсіл арқылы, яғни ұғымдар шектестігі негізінде ассоциативтік байланысқа түсіп сүйекке жан бітіріп «адам» «тұқым», «ру», «туыс» мағыналарын меңзеп тұр.

Қазақ халқының ұлттық дүниетанымындағы ассоциациялық байланысы бойынша, намыс өлімнен де артық тұратын күш, сондықтан мұндай ізгі қасиеттер адамның өзімен бірге туып, бірге қалыптасатын, тумысынан берілетіндігі «сүйекке сіңген» (намыс қызған сүйек қайда?) «сүйекке таңба түсіру», «сүйекті қорлау» сияқты контекстік тіркестерде де нақтылана түседі. Ассоциациялық байланыс арқылы берілген бұл тұрақты тіркестердің семантикалық астарынан да қазақтың ұлттық құндылықтар жүйесінен берік орын алар этномәдени философиялық ұғым-түсініктерді аңғаруға болады.

Сүйек фосфор, кальций, тұз тағы басқа минералды заттардың қорынан түзілетіндіктен, қаңқа сүйектері берік, мықты болып келеді де, тірек, қорғаныш қызметін атқарады. Осыған орай, академик Ә.Қайдар сүйек сөзінің түбірін сүй [süj] деп алып, мағынасын «негіз, сүйекше, тірек, бастапқы, алғашқы», ары қарай сүй-ек

<сүй+ек сүйек: қаңқа, тірек, шыққан тегі; сүйе<сүй+е – қолдау, демеу көрсету, қорғаныш болу» деп көрсетеді [4].

Олай болса, адам мен жануарлар денесіндегі сүйектердің мықты, берік, тірек, қимылқозғалыс және қорғаныш қызметін атқару семантикасына ие «сүйек» лексемасы тілдік сананың образдық-ассоциативтік байланысына негізделген метонимиялық, метафоралық, полисемиялық, фразеологиялық этнографизмдік сипатта қалыптасқан тұрақты тіркестер мен паремиологиялық қорға бай екен. Солардың кейбірінің мағыналарына назар аударатын болсақ:

Тіліміздегі сүйек тамыр тұрақты тіркесі ұлттық дүниетанымдағы ассоциативтік байланыс негізінде «ежелден жақын, берік дос» мағынасын білдіреді. Мысалы, Сүйек тамыр сүйенісіп күн көреді, Ауыз тамыр айтысып артығын алады.

Сүйегі асыл тұрақты тіркесі көп мағыналық сапаға ие:

а) мықты, қайратты. Сүйегі асыл дүр еді. Құдайдың өзі біледі. Он төртінші айдай боп, Түседі кімнің қасына (Қамбар батыр);

ә) атақты, текті. Асыл ғой деп сүйегі, Ардағын ел сүйеді. Адалдығың Арамның қытығына тиеді (Қ.Мырзалиев).

Сүйегі ауыр тұрақты тіркесі де ұлттық дүниетанымдағы ассоциативтік байланыс негізінде «салмақты», «сабырлы», «денелі» мағыналарын білдіреді. Сүйегі ауыр кісі ғой, анаумынауға қозғала қояр ма екен (А.Тоқмағамбетов). Мұндағы ауыр сөзінің берер ұғымдық мағынасы шеңберінде (жеңіл емес, салмақты) мінезі ауыр, сүйегі ауыр сияқты номинативті тіркестер жасалған.

Сүйекке түсу[кіру] этнографизмінің мағынасын төмендегіше түсіндіруге болады. Қаза болған адамның мәйітін «жер бесікке тапсыру» алдында тазалап жуындыруға арналған рәсім. Мәйіт денесі үш рет аударылып, тазаланып жуылады да құрғақ шүберекпен сүртіледі. Одан кейін алдына ала пішілген ақыретке (кебінге) еркекті үш қабаттап, әйелді бес қабаттап орап, үш жерден матамен байлайды. Біздің жолымыз сүйекке түсу болар (Ж.Аймауытов шығ).

Сүйек [cар сүйек] құда тіркесі де ұлттық дүниетанымдағы ассоциативтік байланыс негізінде «ежелден келе жатқан құда», «ескі құда» мағыналарын білдіреді. Сөзден кетіп бәтуа, Базынаң жүрмей татуға. Аңдысып құда сүйекпен, Көтеріп тастап иекпен, Қадір, қасиет, сый кетті (Д.Бабатайұлы). Тұрақты тіркес құрамындағы сары лексемасының өн бойында «кеңдік, айқын, басты, негізгі, ұзақтық» семасы негізінде тілімізде сары дала, сары алтын, сары бәйбіше, сары құда т.б. номинативті тіркестері қалыптасқан.

«Сүйек» лексемасының тіліміздегі «құда» сөзімен контекстік семантикада синоним сөз болатынына төмендегі тіркестердің мағыналары айқын дәлел болады.

Сүйек алысты. Қыз алысып,қыз берісті, құдандалы болды. Іздеп келіп алыстан, Бұрыннан да емес жат. Құдандалы қат-қабат, Талай сүйек алысқан (С.Дөнентаев шығ.жин.).

Сүйек-шатыс жекжат, қыз алысып қыз берісетін құдалар. Кәрімнің Ертаймен сүйекшатыс жерлері болуы мүмкін.

Сүйек жаңғыртты. Бұрыннан құдандалы болып келе жатқан кісілер қыз берісіп, жек-жаттықты қайтадан жаңалады. Осы ауыл Аманның немере, шөбере туыстарымен ерсілі-қарсылы құда, бертін келе сүйек жаңғыртқан соң, қарым–қатынастары сиректеп алыстан, сырттан тілек болып жүреді (Ғ.Мұстафин.Дауыл.).

Адам түрлі эмоциялық күйді бастан кешіруіне орай, табиғатынан берік, мықты сүйектің жұмсарғыштық қасиетіне «сүйегі балқыды» (Шіркін-ай, сұлу қыздың пейіліне, Сүйегім, денем балқып тұрдым еріп. К.Әзірбаев), өзге де қалып-күйдің көрінісіне сүйегі шымырлады, сүйегі жасыды, сүйегін қорлады, сүйегі сырқырады, сүйек тістеген ит (күйеуді мысқыл етуден туған әзіл сөз) тұрақты тіркестері дәлел болады.

Қазақ халқының ұлттық дүниетанымында адам мен хайуанаттардың тұтас денесін ұстап тұрар негізгі өзегін білдіретін «сүйек» лексемасының философиялық мәні әлем ағашымен (бәйтерек) ассоциацияланады. Адамның басы жоғары әлем, кеуде тұсы ортаңғы әлем, кеудеден төмен тұсы төменгі әлемді бейнелейді. Әлем халқы болмысты үш әлемге бөліп қарастырған, түркі халықтары әлемнің негізі ретінде «бәйтеректі» алады. Осы арқылы түркі халықтары адам мен табиғатты, уақыт пен кеңістікті ажырамас бірлікте қарастырған.

Қорыта айтқанда қазақ тіліндегі «сүйек» лексемасы тілдік санадағы бейнелі-ассоциациялық және бағалауыштық қасиеттері бір-бірімен астасқан ар-намыс, ата-тек, ескі туыс, ағайын, құда болу (сүйек алысу, сүйек жаңғырту), адамның түрлі эмоциялық күйі сияқты күрделі семантикалық өріс шеңберін құрайтын концептуалдық бірлік.

«Сүйек» концептісінің қазақ дүниетанымындағы болмыс-бітімі мен кешенділік сипатының семантикалық шеңберін парамеологиялық, фразеологиялық, архаизмдік, этнографизмдік, терминдік, диалектизмдік, сөзжасамдық тіл бірліктері құрайды.

 

Әдебиеттер

  1. 1 Верещагин Е.М., Костомаров В.Г. Лингвострановедческая теория слова. – Москва, 1980. – 320 с. 2 Краткий словарь когнитивных терминов / Под. ред. Е.С. Кубряковой. – Москва, 1996. – 245 с.
  2. Ахметжанова З.К. Лингвокультурная концептология в Казахстане // Восточнославянские языки и литературы в историческом и культурном контекстах: когнитивная лингвистика и концептуальные исследования. Выпуск 13. – Киев, 2012.– 215 c.
  3. Қазақ әдеби тілінің сөздігі. – ХІІІ т. – Алматы, 2011.
  4. Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі. – Алматы, 1966. – 254 б.
  5. Кайдар А.Т. Структура односложных корней и основ в казахском языке. – Алматы, 2005. – 295 с. 7 Сыздық Р. Қазақ тіліндегі ескіліктер мен жаңалықтар. – Алматы, 2009.
  6. 8 Леонтьев А.А. Общие сведения об ассоциациях и ассоциативных нормах // Словарь ассоциативных норм русского языка. – Москва, 1997.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.