Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қадыр Мырза Әлидің ғибратты әңгімелеріндегі лексикалық қайталамалар және олардың стильдік қызметі

Бұл мақалада жазушы Қадыр Мырза Әлидің «Ғибратнама» жинағына енген ғибратты шағын әңгімелеріндегі лексикалық қайталамалар қарастырылады.Туындының оқырманына әсерлі болуы үшін жазушы түрлі әдіс-тәсілдерді қолданады.Қайталамалар осындай әдіс-тәсілдердің бірі болып табылады.

Мақалада қайталама терминінің қазақ тіл білімінде зерттелуі жайлы қарастырылып, қайталамалардың термин ретінде және стильдік категория ретінде орнығуы жайлы айтылады. Лексикалық қайталамалардың контактілі, дистантты түрлерінің мәні ашылып, олар жазушы әңгімелерінен алынған мысалдармен дәйектеліп отырады. Сондай-ақ лексикалық қайталаманың сақина қайталама және еспе қайталама түрлеріне түсінік беріліп, олардың мәтіндегі қызметі мысалдармен дәлелденеді.

Лексикалық қайталамаларды уәжді қолдана отырып, мәтіннің эмоционалдық бояуын күшейтіп, стильдік мақсатта ұтымды қолдана білу – ұлы қаламгердің шеберлігі.

Түйін сөздер: қайталама, лексикалық қайталама, контактілі қайталама, дистантты қайталама, еспе қайталама, сақина қайталама.

Жазушы өзінің туындысының оқырманға әсерлі болуын мақсат ететіні белгілі. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін түрлі-әдіс тәсілдер қолданылады. Көркем шығармадағы қайталамалар осындай әдіс-тәсілдердің бірі болып табылады. Қайталамалардың мәтіндегі қызметі сан қырлы. Бұл тәсіл көркем мәтінді құру, ондағы белгілі бір оқиғаны дамыту, мәтін сюжетіне түрткі болу, мәтін оқиғасын шиеленістіру, микромәтіндерді бір-бірімен байланыстыру сынды қызметтерді атқарады. Қайталамалардың осындай жан-жақты қызметі оның табиғатынын күрделілігін көрсетеді.

Қаламгер қайталамарды уәжді қолдана отырып, мәтінді әсерлі бояуға қандырып, оқырманға әсер етеді.

Қайталамалар «қайталақтау, қайталау» терминдерімен аталып, негізінен әдебиеттану саласында айшықтаудың түрі ретінде кеңінен қарастырылғаны белгілі. (А. Байтұрсынов, Қ. Жұмалиев, З. Қабдолов еңбектерінде). Бұл әдістің «қайталама» терминімен аталып, лингвистикада орнығуына және стильдік категория ретінде қарастырылуына профессор Р. Сыздықтың құнды пікірі себеп болды. Ғалым Р. Сыздық «Сөз құдіреті» атты еңбегінде: «Орыс тіл білімі мен әдебиет теориясында «повтор» деп аталатын құбылысты бізде көбінесе «қайталау» деп алып жүр. Сірә, қайталау (повторение) – қимыл есімінің атауы, ал қайталама – абстракт есім атауы – термин болмақ. ... Шығарма тілін көріктеуде қайталама құбылысы – өте ұтымды, әсерлі тәсіл қатарынан табылады. Ол стильдік категоряға жатады» деп тұжырымдайды [1, 87].

Қайталамаларды лингвостилистикалық категория ретінде жан-жақты қарастырған ғалым О. Бүркіт болды. Ғалым өзінің «Қайталамалардың лингвостилистикалық жүйесі» атты зерттеу еңбегінде қазақ тіліндегі қайталамалардың жалпы және тілдік сипатын, фонетикалық және лексико-семантикалық, грамматикалық сипатын, стилистикалық табиғатынқарастырады.

Аталған еңбекте профессор қайталамаларға мынадай анықтама береді: «Қайталамалар – күрделі жүйе мен құрылымдардан тұратын, парадигмалық және синтагмалық қасиеттерге ие болатын, дыбыстың, сөздің, сөз тіркесінің, сөйлемнің, микромәтіннің, абзацтың, тіпті мәтіннің қайталанып келуі арқылы жан-жақты стильдік қызмет атқаратын, өз ішінен бірнеше түрге бөлінетін, қызмет ауқымы мен тек-түр жағынан әлдеқайда ауқымды келетін лингвостилистикалық категория» [2, 13].

Осы мақаламызда жазушы Қадыр Мырза Әлидің ғибратты әңгімелеріндегі лексикалық қайталамаларды қарастыра отырып, олардың стильдік қызметін талдамақпыз.

Профессор О. Бүркіт: «Қазіргі қазақ поэзиясы өкілдерінің ішінде дыбыстық қайталамаларды ұтымды қолданып жүрген ақындардың бірі Қадыр Мырза Әли», деп тұжырымдайды. Ғалымның бұл пікірінің қаламгер поэзиясына ғана қатысты еместігін Қадыр Мырза Әлидің прозалық ғибратты әңгімелерін оқи отырып көз жеткіземіз. Қайталамаларды уәжді қолдана отырып, оқырманға әсерлі дүние ұсыну – жазушының даралығы, стилі, өзіндік қолтаңбасы деп білеміз.

Стильдік қайталамалар тілдің барлық саласын, атап айтқанда фонетика, лексика, грамматика саласын қамтып, мәтін түзу және мәтін дамыту қызметтерін атқара алады.

Стильдік қайталамалардың ішінен тоқталатынымыз – лексикалық қайталамалар. Қайталаманың бұл түрі ең ауқымдысы болып табылады. Лексикалық қайталамалар туралы профессор О. Бүркіт: «Қайталамалар түрлерінің ішінде толымдысы, қызмет ауқымының кең болып келетіні, әдеби тілдің функционалды стиль түрлерінің барлығанда дерлік қолданылатыны – лексикалық қайталамалар», деп түйіндейді.

Лексикалық қайталамалардың мәтін түзу мен мәтін дамытудағы қызметі ерекше. Қадыр Мырза Әлидің «Шағым» атты ғибратты әңгімесіндегі мына бір үзіндіге назар салайық:

«Солайы солай ғой! – деді. – Мен мұның бәрін түсінем. Бірақ ақылыма сыймайтын бір нәрсе, ол менің өз қасіретім. Асау шағымда алғаш рет мені өз құйрығымыздан есілген қылбұраумен шыңғыртып ұстап, өз терімізден иленген қайыс жүгенмен ноқталап, сол қайыстан өрілген қаныпезер қамшымен аямай шырқыратып еді... Енді, міне, сол баяғы өз терімізден иленген тасбауыр қайыс тұсаумен кіріптар қылады да қояды. Менің бүгінгі жауым – басқалар емес – өзімнің есілген қылым мен өз туыстарымның тілінген терісі. Бұдан асқан қандай қасірет болуы мүмкін?!»

Шағын ғана үзіндіде өз сөзі 6 рет қайталанып келіп отыр. Жазушы осы сөзді қайталап беріп, «өз» сөзіне ерекше акцент түсіріп, Момын Торының ішкі күйзелісін жеткізіп, әрі мәтіннің стильдік бояуын күшейтіп отыр.

Келесі бір мысалға назар аударсақ:

«Қаусырынғанда бешпеттің екі өңірін өзара ұштастырып ұстап тұратын екі Үлкен Түйме бар. Ол екі Түйменің қарсысында әдемілік үшін екі түймеорналасқан. Әр жеңге үшүштен шағын-шағын алты түйме тағы қадалған. Тоқ етерін атйқанда қызмет істейтін екі Түйменің төңірегінде түк бітірмейтін сегіз түйме бар.

Арамтамақтар қай жерде де жетіп жатыр». (Қ.М. «Түймелер»).

«Түймелер» атты осы бір шағын ғибратты әңгімеде «түйме» сөзі 6 рет қолданылады. Әр сөйлем сайын жазушы осы сөзді қайталамайақ, бір рет қана қолданып беруіне болар еді. Арамтамақтардың соншалықты көптігін жеткізу үшін автор «түйме» сөзін бастырмалата қайталап, ерекше назар аудартып отыр. Егер лексикалық қайталама тәсілі қолданылмаса, мәтіннің эмоционалдық бояуы солғын болар еді.

Сөйлем ішінде немесе микромәтіндердегі орнына қарай және редупликант пен редупликатордың бір-біріне ара-қатынасына қарай лексикалық қайталамалар контактілі және дистантты болып бөлінеді.

(Редупликант дегеніміз қайталаманың алғашқы сыңары болса, редупликатор екінші қайталанатын сыңары).

Контактілі қайталамалар – лексикалық қайталамалардың позициялық түрі. Контактілі қайталамалардың корреляттары бірінің соңынан бірі орналасып, редупликант пен редупликатор тығыз байланыста болады.Контактілі қайталамалар Қадыр Мырза Әлидің ғибратты шағын әңгімелерінде көптеп кездеседі. Контактілі қайталамалар мәтінде экспрессивті қызмет атақарады. Мысал ретінде төмендегі мәтін үзінділерінде ерекшеленіп берілген сөйлемдерді айта аламыз.

«Бимәлім. Оның не екенін, кім екенін, өзгелер түгіл, өзі де біле қоймайтын. Білмей өтулері де мүмкін еді. Кімнің ұсынысы, кімнің қолдауы екені бір Алланың өзіне ғана аян, Бимәлім аяқ астынан қадірменді қазылар алқасына мүше боп шыға келді. Сол-сол-ақ екен ол ешкімді, ешкім оны танымай қалды. Қазылар алқасында қанша мүше болса, сонша дауыс бар. Яки әркім бір қазына! Бимәлім де солай! Дауыс болғанда, қазына болғанда қандай! Осыны сезе қойған Бимәлім дүниенің тұтқасын бір өзі ұстап тұрғандай құбылып шыға берді». (Қ.М. «Опасыздық»).

«Екі жүз шақырымдай қашықтың арасына орналасқан жалғыз бекет. Шаршағаны бар, шөлдегені бар, әрлі-берлі өткендердің мұнда тоқтап, ат шалдырмайтындар аз. Біреулері шай ішеді, біреулері таңдайын шараппен жібітеді. Шарап демекші, бұл бекетте шарап құятын ыдыстар түгелге жуық қирап біткен: бүгінде қызылыңды да, ағыңды да кесеге құйып береді». (Қ.М. «Кесе мен Кесел»).

«... Ол ол ма, күрделі ортаны былай қойғанда, өңшең бір жұрағат жиналған бірыңғай жердің өзінде жалғыз Күрмектің көңілі үшін бүкіл Күріш Күрмекше сөйлеп, Күрмекше ішеді».(Қ.М. «Күрмек»).

Шынын айтқанда: бұл өзі кілемдер көрмесі ғана емес, көркемдіктің де көрмесі еді. Әркім әртүрлі пікір айтып, әркім әртүрлі түйіндеді. (Қ.М. «Кілем»).

«Ұлттық валюталардың бас қосқан мәжілісі өтіп жатты. Неміс Маркасы АҚШ-тың Долларына, АҚШ Доллары ағылшын Фунт Стерлингісіне, ағылшын Фунт Стерлингісі Кувейт Долларына бас иіп құрмет көрсетті. Ал Кувейт Доллары Алтынның алдында құрдай жорғалады десе де болады». (Қ.М. «Алтынның арызы»). Дистантты лексикалық қайталамаларда редупликант пен редупликатор бір-бірінен алшақ орналасады. Автор өзінің не туралы айтып отырғанын үнемі ескертіп отырғысы келгендей, әңгіме өзегі болып отырған сөздерді қайталапқолданып отырады. Мысалы:

Өз басым дүниеге қызықпаймын. Әйтсе де хрусталь нәрселерді ұнатам. Хрусталь люстрадан құбылып түскен жарық-нұр қандай! Хрусталь құтылардағы гүлдердің іреңі бір бөлек. Шанышқы не болмаса пышақ әйтпесе тіпті күміс қасық тиер тиместен хрусталь ыдыстар қандай әдемі дыбыс шығарады! Хрусталь фужер мен хрусталь рюмкелер ше?! Төмендеу жіңішке тұсынан, яки мықындарынан бүріп ұстап, ернеулерін қығыстырғанда қалай-қалай сыңғырлайды! Ғажап! Тіпті ғайыптан тайып, қолыңнан түсіп кеткен күннің өзінде ше?! Сыңғыр-сыңғыр етіп дүниеден өтеді! (Қ.М. «Хрустальдар»).

Осы шағын ғана мәтінде жазушы хрусталь сөзін 6 рет қайталап қолданады. Бұл – артық қолданыс емес, керісінше, әдейі, мақсатты қолданыс.

Оқырман назарын хрусталь сөзіне аудартқысы келгендіктен, оны қайталап қолданып стильдік жүк арқалатып отыр.

Дистантты қайталамалар микромәтіндерде қолданылған кездерде оларды байланыстыру қызметін атқарады. Төменде берілетін «Ханың соқыр болса...» атты ғибратты әңгімеде «король демекші» тіркесі 3 рет қайталанып, микромәтіндерді бір-бірімен байланыстырып тұр. Бұл микромәтіндердегі дистантты қайталамалар түріне жатады.

«Халық қалай болса, басшы солай бола бермейді. Ал басшы не істесе, халық соны істейді. Қалай дегенмен ханның аты хан, патшаның аты патша, корольдің аты король!

Король демекші, бір атақты король таз бопты. Адам сорлы басқасын жасырмаса да, кемшілігін жасыруға шебер ғой, таздығын көрсетпеу үшін басына киетін парик ойлап тауыпты. Амал қанша, короліміз парик киеді деп, төңірегі түгелдей соны киетін болыпты. Кейбіреулер тіпті өзінің табиғи бұйрасын ұстарамен сыпырып тастап, жасанды бұйрамен жүріпті. Король демекші, бір корольдің мойнында ырсиған үлкен тыртығы болыпты. Сонысын жасырамын деп, кеңірдегін керіп бүркеп тұратын биік жағалы қамзол ойлап тауыпты. Амал қанша, ыссылағанына, пысынағанына, тіпті тыныстары тарылғанына қарамай, басқалар да сондай қақырайған қатты жағасы бар қамзол киюге мәжбүр болыпты.

Король демекші, корольдердің біреуі соғыста оң көзінен айырылыпты. О! Бұл енді қиын! Оның бір көзі жоқ екен деп, өзіңнің бір көзіңді ойып тастайсың ба?! Амалсыздан қулыққа басып, ел бір көзін қысып жүретінді шығарыты. «Ханың соқыр болса, бір көзіңді қыса қара» деген қазақ. Демек бұл қасиет бізге тән.

Айтпақшы, бір корольдің тұсында халықтың тұрмысы сұмдық нашар болса керек. Елдің жағдайын тіптен жақсарта алмасын сезген король алдымен: «Алай істеймін! Былай істеймін!»... Кейін: «Алай болды! Былай болды!» деп өтірік айтуға көшіпті. Өтірікші корольдің алдында ақиқатты айту әдепсіздікпен бірдей. Ақырын-ақырын бүкіл ел өтірікшіге айналыпты!..»

Лексикалық қайталамалардың бірі түрі – сақина қайталама. Кей еңбектерде сақина қайталамалар жиектеу деп те қолданылады.

«Сақина қайталама дегеніміз – өлең тармақтарының, шағын микромәтіндердің, кейде сөйлемнің бір сөзбен басталып дәл сол сөзге аяқталуы. Олар сөйлем мен шағын микромәтіндерде айтылған сөзге түсінік беру, анықтау немесе дәлелдеу қызметтерін атқара алады» [2, 108]. Келтірілген анықтамадан сақина қайталамалардың анықтау, дәлелдеу сынды стильдік мақсатта қолданылатындығын білдік.

Бұл тәсілді, яғни сақина қайталамаларды Қадыр Мырза Әли поэзиясында («Ілияс Есенберлин» өлеңі) ғана емес, сонымен бірге прозасында да кеңінен қолданады. Сақина қайталамалар лексикалық қайталамалардың ішінде кеңінен қолданылатын тәсілге жатпағанымен, Қадыр Мырза Әлидің ғибратты әңгімелерінен қайталаманың бұл түріне мысал бола аларлықтай сөйлемдер бар. Төменде келтірілген мәтіндердегі ерекшеленген сөйлемдер сөзіміздің дәлелі.

  1. «Әр мүшенің өз орны бар. Бас дегенің Бас. Көз дегенің Көз. Әйтсе де Құйрықтың жөні бір бөлек! – деді Түлкінің қылықты Құйрығы бір отырыста». (Қ.М. «Құйрық пен құйыршық»).
  2. «Халық қалай болса, басшы солай бола бермейді. Ал басшы не істесе, халық соны істейді. Қалай дегенмен ханның аты хан, патшаның аты патша, корольдің аты король!» (Қ.М. «Ханың соқыр болса...»).
  3. «Ағылшын Бульдогы мойнындағы төрт елі қалың қайыс қарғысына мәз. Иесі жалғыз басты жас келіншек. Ол отырып бет-аузын жөндегенде, бұл да соның жанындағы жалпақ орындыққа шығып алып, айнадан көз алмайды. Сондағы қызықтайтыны – әлгі өзінің қайыс қарғысы. Әдемі десе әдемі.» (Қ.М. «Қарғы»).
  4. «Биялайдың ішінде төрт саусағың біріне бірі жақын тұрып жылу береді. Ал қолғапта әр саусақ өз алдына дара қалады. Жалғыздың аты жалғыз. Біраздан кейін тоңа бастайтыны сол!» (Қ.М. «Биялай мен қолғап»).
  5. «Біздерде қатардағы асық дегенің қатардағы асық қана! Ал Сақа дегенің Сақа! Патшамен пара-пар!» (Қ.М. «Алтылық табан және кішкене қызыл асық»).

Лексикалық қайталамалардың келесі бір түрі еспе қайталамалар. Еспе қайталамалар қазақ әдеби тілінің көркем стилінде кеңінен қолданылатын қайталаманың түрі. Еспе қайталама дегеніміз сөздің қатарлас орналасқан сөйлемдер жігінде, қатарлас абзацтар қиылысында, микромәтінде қайталануы.

Қайталаманың бұл түрін және осы терминді алғаш алғаш ұсынған ғалым – А. Байтұрсынұлы. Ғалым «Әдебиет танытқышта» қайталаманың осы түріне түсінік бере келіп, еспе қайталаманы көп қолданған жағдайда, көркемдік орнына мылжыңдық пайда болу мүмкіндігін айтады [4, 171].

Еспе қайталама туралы З. Қабдолов «Сөз өнері» еңбегінде: «... ой мен сыр шынында да бір түрлі есіле түйдектеліп, еселеніп келеді де, алдыңғы ұғымның аяғы, соңғы ұғымның басына қайталана көшіп, өлеңге әсем әуез, әдемі әсер дарытқандай болады», дейді [5, 240].

Профессор О. Бүркіт еспе қайталамалардың мәтінде атқаратын құрылымдық және стильдік қызметі жайлы: «... еспе қайталамалар тек өлең өрімінде ғана қолданылмайды, оның өнімді қолданылатын жері – прозалық шығармалар. Прозалық шығармалардағы еспе қайталамалар күрделі құрылымдық қызмет атқарып, мәтін жүйесінің біртұтастығын қамтамасыз етеді», -дейді [2, 110].

Еспе қайталамалар микромәтіндерде сөйлемдерді бір-бірімен мағыналық жағынан байланыстыру қызметін атқарса, қатарлас сөйлемдер жігінде орналасқан жағдайда семантикалық байланыс қызметін атқарады. Мысалы:

«Отырардың орнын қазып, неше түрлі қызыққа кездескен археолог ағайындар кешқұрым от басы, кәдімгі ошақ қасында күндегі әңгімелерін одан әрі жалғастырып отырды.

Ошақ. Ошақтың үстінде қазан. Қазан астында от.

Ұлылық атаулыға дауа жоқ. Мына ошақтың үш бұтына қараңызшы: пышақпен кескендей тепе-тең. Ал соның бірі қысқалау болса, мына қара қазан бірден аударылып кетпес пе еді?!»(Қ. М. «Ошақтың үш бұты»).

«Сандардың арасынан шатақ шықты. Сен жалпы санға кірмейсің! – деді Бірлік Нольге. – Ноль деген сөз – жоқ деген сөз! Сенің орның бұл жерде емес, сонау босаға! Бар! Домалай бермей, сонда отыр!

Мен неге сан емеспін! Санмын! Сан болғанда да сенен гөрі құндырақсанмын!(Қ. М. «Бір және Ноль»).

«Қазір екінің бірі дипломатка ұстайды. Ол – сандықтар әулетінің соңы.Соңы болмаса да, кенже буыны». (Қ. М. «Дипломатка»).

Осы мысалдардағы ерекшеленіп берілген сөйлемдер, еспе қайталаманың көрінісі. Бір сөйлемнің соңы екінші сөйлемнің басы ретінде келіп отыр. Бұл сөйлемдердегі еспе қайталамалардың редупликаторы редупликант сыңарына қарағанда басқа сөзбен тіркесіп келіп отырады. Еспе қайталамалар бұл микромәтіндерде сөйлемдерді бір-бірімен мағыналық жағынан байланыстыру қызметін атқарып тұр.

Қадыр Мырза Әли ғибратты әңгімелерінде кездесетін лексикалық қайталамалардың түрлеріне тоқтала отырып, автордың лексикалық қайталамаларды уәжді қолдана отырып, прозалық мәтіндерінің стильдік бояуын арттыра білгендігіне көз жеткіздік. Қайталамаларды ұтымды қолдану, стильдік мақсатта пайдалану – ұлы қаламгердің шеберлігі.

 

Әдебиеттер

  1. Сыздық Р. Сөз құдіреті. – Алматы: Санат, 1997. – 224 б.
  2. Бүркіт О. Қайталамалардың лингвостилистикалық жүйесі. – Алматы: Ғылым, 2001. – 274 б.
  3. Утанова А.Қ. Қазіргі қазақ прозасындағы қайталамалар (Б. Майлин, Ғ. Мүсірепов, Ә. Кекілбаев, Ә. Тарази шығармалары бойынша) Филол. ғыл. канд. ... дис. – Астана, 2004.
  4. Байтұрсынұлы А. Әдебиет танытқыш. Зерттеу мен өлеңдер. – Алматы: Атамұра, 2003. – 208 б. 5 Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы: Қазақ университеті, 1992. – 352 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.