Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Араб тілі терминдері жүйесіндегі терминологияның өзекті мәселелері

Негізі терминдерден құралған, терминологиялық бірліктерді зерттейтін терминология пән ретінде ХХ ғасырда қалыптасып, тілдің лексикалық қорын байытудың көзі болып саналады. Әдеби араб тілі лексикалық тұрғыдан العامة اللغة жалпы тіл және арнайы қосалқы тілдерден тұратын المتخصصة اللغة арнайы тіл болып екіге бөлінеді. Егер тілдің аталмыш «екі» тілінің фонетикасы мен грамматикасы біркелкі болса, лексикасы айтарлықтай әртүрлі деуге болады. Сондықтан лексиканы жалпы қолданылатын және арнайы (терминологиялық) лексика деп бөліп қарастырамыз. Араб тілі терминологиясында зерттеу нысанына айналған мәселелердің бірі термин және терминологияны білдіретін унификацияланған лексикалық бірліктерді, термин дефинициясын, терминге қойылатын талаптарды қарастыру болып табылады. Терминология аясында қарастырылатын өзекті мәселелердің қатарына «термин» және «терминология» терминдерін беру, әсіресе синонимдерге бай тілдердің біріне жататын араб тілінде көрсету жатқызылады.

Бір терминологиялық саланың лексикалық қоры екінші терминологиялық саланың лексикалық қорынан өзгеше болуы мүмкін. Терминологияның универсалдығы лексиколог, тілші, лингвист, терминжасаушы және терминтанушы ғалымдардың назарын әлі де аударуымен түсіндіріледі. Терминтанушы С.В. Гриневтың айтуына қарағанда, «Бүгінгі таңдағы ғылымитехникалық саланың дамуының әсерінен тілде пайда болған жаңа сөздердің 90% жоғары бөлігі арнайы лексиканы құрайды. Әртүрлі ғылым салаларындағы терминдер саны жалпы қолданылатын сөздер санынан жоғары» [1, 8]. Арнайы лексикалық бірліктердің жалпы қолданыстағы лексикалық бірліктерден саны жағынан артуы арнайы лексиканың қарқынды дамуының айғағы болып табылады. Терминологиялық лексиканың жалпы қолданылатын лексика тілінің бір бөлігі ретінде ерекшілігі оның шектеулі қолданысы мен функционалдануы. Егер информатика саласының тілін қарастыратын болсақ, мұнда қарапайым қолданушы үшін беймәлім (тригтер, көп дәрежелі интерфейс, фазалық манипуляция және т.б.) терминологиялық бірліктердің үлкен көлемі байқалады. Араб тілінің информатика және басқа да салаларының терминдері бұл салаларда жұмыс істемейтін қызметкерлер үшін түсініксіз. Заманауи ақпараттық технологиялардың дамуымен интернет және компьютер салаларындағы арнайы лексикалық бірліктер басқа салалардағы қолданушылар үшін түсінікті бола бастады. Мәселен, «الصلب القرص» қатты диск, المرن القرص» жұмсақ диск, «المفاتيح لوحة» клавиатура, « خطأ التشغيل في» жүктеудегі қате сияқты терминологиялық бірліктер аталмыш саланың жалпы тілде қолданылатын сөздерге айналғаны анық.

Терминдер мен басқа да лексикалық бірліктерден жасалатын (номендер, терминоидтер, прототерминдер, квазитерминдер) арнайы лексика жеңіл реттеледі және онда тілдің дамуы мен халықтың материалды және рухани мәдениетінің тарихымен байланыс байқалады [1, 8]. Терминдер мен терминологияның басқа да мәселелерін қарастырмастан бұрын, терминнің негізгі мағынасына тоқталайық. Терминдер туралы концепциялар мен ой-тұжырымдар конференция, семинар және дөңгелек үстелдерде талқыланып, лингвист және терминолог ғалымдардың назарын аударып, ғылыми мақалалар, тезистер, диссертация мен монографиялардың және басқа да зерттеу жұмыстардың нысаны болып отыр. «Термин» ұғымы болып күрделі емес болып көрінгенімен, әлі күнге дейін көпшілік мақұлдаған тұжырымдамасы мен анықтамасы жоқ. Терминнің барлық анықтамаларын қарастыруға ұмтылған терминтанушы И. Атанасова олардың (терминдердің) санының 3000 асқанына көз жеткізді (толығырақ [2]). Ал терминнің біріңғай анықтамасының болмауы бірқатар факторлармен түсіндіріледі:

  • Анықтамалардың терминнің толық мағынасын бере алмауы;
  • Ғылым салаларының дамуымен терминнің анықтамасы да кеңейіп дамиды;
  • Әртүрлі ғылым салалары үшін белгілі бір термин анықтамасы әртүрлі болады, яғни лингвист ұсынған термин анықтамасы әлеуметтанушы, логик немесе философтың анықтамасынан өзгеше болуы мүмкін және т.с.с.;
  • Бір лингвистикалық саланың өзінде бірнеше анықтамалардың болуы.

Тіпті бір зерттеушінің зерттеуінде бір терминнің бірнеше анықтамасы байқалады, мәселен, В.П. Даниленко он екі, Б.Н. Головин жеті анықтама көрсетті (толығырақ [3, 4]) және т.б.

Араб терминологиясының нақты анықтамасын табу үшін араб, ресейлік және отандық терминтанушы, лингвист, лексиколог ғалымдардың жұмыстары, араб және орыс тіліндегі сөздіктер қарастырылды. Лингвистикалық энциклопедиялық сөздік «термин (лат. Terminus шекара, шек) – арнайы саланың ұғымын білдіретін сөз немесе сөз тіркесі. Термин тілдің жалпы лексикалық жүйесіне тек терминологиялық жүйе (терминология) арқылы кіреді [4, 508]. Тіл білімі сөздігіне сәйкес, «термин арнайы заттарды белгілейтін арнайы белгіленген сөз немесе сөз тіркесі» [5, 380]. Ежелгі араб сөздіктерінде «Лисан ал-Араб» (العرب لسان [Lisan ul-‘Arab]), «Тадж ал-Арус» (العروس تاج [Tazh ul-‘Aruus]), «ал-Му’джам ал-Мухит» ( المعجم المحيط [al-Mu’jam ul-Muhiit]) терминді белгілеу үшін «المصطلح» [al-Mustalah] және «الاصطلاح» [al-Istilaah] сөздері қолданылады.

«Термин – арнайы сөз немесе сөз тіркесі, кәсібі қызметте, іс-әрекетте қабылданған және арнайы жағдайларда қолданылады; термин – нақты кәсіби білім саласында қолданылатын белгілі бір ұғымды білдіретін лексикалық бірлік; термин – арнайы мақсаттардағы тілдің негізгі ұғымдық элементі» [6, 14], «термин – тілдік белгі, ұғымды білдіретін және затты атайтын, нақты бір ұғымдар жүйесінде бекітілген, онда ол қосымша дефиницияға ие болады; лингвистикалық мағынада конвенционалды, синтагматикалық тұрғыдан тәуелсіз және өзінің жүйелік логикалық табиғатымен коннотациясынан айырылған [7, 248], «терминдер – ғылым-техниканың арнайы ұғымдарын белгілейтін номинативті мағынадағы сөздер мен сөз тіркестері» [8, 118], «термин – арнайы ұғымдарды атау үшін қолданылатын арнайы тілдің негізгі лексикалық номинативті бірлігі (сөз немесе сөз тіркесі)» [1, 26], «термин – тілдік бірлік, жай және жалғамалы терминнен тұрады және бір

саладағы белгілі бір ұғымды белгілейді» [9, 215],

«термин – ұғымдардың жасалуы, ұйымдастыру және дамуы үшін әдіс» [10, 83] және т.б.

Терминге нақты анықтама беру үшін оның тек дефинициясын емес, сонымен қатар оған берілетін талаптары мен ерекшеліктерін де ескеруіміз керек.

Көптеген терминтанушы зерттеушілердің еңбектерінде кездесетін терминнің бірқатар сипаттамаларын қарастырайық:

  • арнайылық (арнайы салаға тиісті болуы): термин арнайы тілдің бөлігі;
  • дефинициясының болуы: термин затты атамайды, ұғымға дефиниция береді;
  • жүйелілік: термин нақты бір терминжүйесіне тәуелді және онымен байланысты;
  • келіскендік: термин формасы мен оның мазмұны арасындағы байланыс;
  • эмоционалдықтан тыс және терминнің объективтілігі;
  • мәнмәтінге бейтараптылық: термин үшін өзі «өмір сүретін» терминологиялық сала маңызды;
  • өзінің терминологиялық саласында бірмағыналығы және т.б.

Терминге қойылатын талаптары бар бірқатар жұмыстарды сараптау барысында С.В. Гриневтің классификациясы жақын болғанын анықтадық. Бұл классификация бойынша талаптар үшке бөлінеді: синтаксистік, семантикалық және прагматикалық. Олардың әрқайсысы белгілі бір аспектіге тиесілі:

а) терминнің формасына қойылатын талаптар (синтаксистік аспект):

  1. тілдің нормаларына сәйкестігі;
  2. нақтылық: лексикалық, формальді нақтылық;
  3. деривациялық қабілет;
  4. терминдердің инварианттылығы және т.б.

ә) терминнің мазмұнына қойылатын талаптар (семантикалық аспект):

  1. термин жүйедегі терминнің бірмағыналығы;
  2. толық мағыналық;
  3. семантиканың қайшылықсыздығы;
  4. синонимдердің болмауы.

б) терминді қолдану ерекшеліктеріне қолданылатын талаптар (прагматикалық аспект)

  1. енуі (жалпы қабылдау және қолданылуы);
  2. интернационализациялануы;
  3. қазіргі заманға сәйкестігі;
  4. дұрыс айтылуы [1, 34-40].

Жоғары және басқа да терминтанушы зерттеушілердің көзқарастарына сәйкес, арабтану-

шы Д.Р. Хайрутдиновтың берген анықтамасына сәйкес «Термин – ғылыми білімнің минималды тасушы ретінде ғылыми мәтіндегі лексикалық бірлік (сөз немесе сөз тіркесі)» [11, 24].

М.Ф. Хиджази (حجازي فﻩمي محمود) « الأسس المصطلح لعلم اللغوية» атты еңбегінде (ауд.

«Терминологияның лингвистикалық негіздері»)

[12] әртүрлі еуропалық тілдердегі «термин» сөзіне салыстырмалы сараптау жүргізді. Ғалымның айтуына қарағанда, бірнеше тілдерде

«термин» сөзінің жазылуы мен айтылуы ұқсас, мәселен, ағылшын тілінде – term, неміс тілінде

  • terminus или term, француз тілінде – terme, итальян тілінде – termine, испан тілінде – termino, португал тілінде – termo, фин тілінде – termi, чеш, орыс, словак тілдерінде – termin» [12, 9]. Бір зеттеушілер термин сөзінің шығуын латын тілімен, ал екінші бір зерттеушілер грек тілімен байланыстырады. В.Н. Шевчукке сәйкес, орта ғасырларда латын тіліндегі terminus

«анықтау, белгілеу» мағынасын ескі француз тілінен terme аударғанда «сөз» мағынасын береді (толығырақ [6, 13]). Дегенмен, көптеген ғалымдар (М.Ф. Хиджази, А.В. Суперанская және оның теңавторлары) терминді латын тіліндегі terminus шек, шет, нәтиже мағынасын беретін termo грек сөзімен байланыстырады.

Араб терминологиясының келесі бір мәселесі – «термин» сөзінің берілуі. «Термин» лексикалық бірлігінің араб тілінде берілуі үшін

«اصطلح» етістігінен жасалған «المصطلح» және

«الاصطلاح» сөздері қолданылады. Ал бірқатар зерттеушілердің айтуынша, араб тілінде «терминді» тек «الاصطلاح» сөзімен беру керек, себебі грамматикалық тұрғыдан «المصطلح» қате деп саналады (толығырақ [13, 262]). Ежелгі араб ғалымдарының «الاصطلاح» терминіне артықшылық беруі, «المصطلح» араб тілінің грамматикалық кағадаларына сәйкес дербес болмауымен түсіндіріледі. Ал орта ғасырларда тек

«الاصطلاح» терминінің қолданылуы біраз күмән туғызуы М.Ф. Хиджазимен дәлелденеді:

«Ибн Манзураның «Лисан ал-Арабына» сәйкес, аз-Забидидің «Тадж ал-Арусына» сүйеснек,

«اصطلح» етістігі хадистерде «келісім беру, келісу» мағынасында қолданылатын, ал

«الاصطلاح», «المصطلح» терминдерінің Құран, Хадистерде, ежелгі сөздіктерде айтылмайды» (толығырақ [12, 7-8]), ал соңғы еңбектерге көз жүгіртсек (XV ғ.)оларда «المصطلح»-пен қатар, «الاصطلاح» термині де қолданылады, мысалы, аз-Зин ал-Ираки « مصطلح في الألفية الحديث», ал-Хафиз ибн Хаджар ал-Аскаляни

«الأثر أﻩل مصطلح في الفكر نخبة», Ибн

Фадлалла ал-Умари « بالمصطلح التعريف الشريف», ар-Ризак ал-Кашани « اصطلاحات الصوفية», Мухаммад ат-Тахауани « كشّاف العلوم اصطلاحات» (XVIII ғ.) (толығырақ [13, 262-263]). ар-Рази Ахмад ибн Хамдан, Али ибн Юсуф ал-Амади (Х ғ.) сияқты ғалымдар «термин» мағынасында «الألفاظ», «الكلمات» (ауд. сөздер) сөздерін қолданған, мысалы, « الزينة الإسلامية الكلمات في», « ألفاظ شرح في المبين والمتكلمين الحكماء» (толығырақ [12, 8]). Терминдерге араб тілінде жазылған бірқатар жаңа еңбектерді мысал ретінде қарастыратын бол-

виатура, «التعريب» арабизация және «الترجمة» аударма (калькалау) ежелгі ғалымдар үшін де белгілі болды [14, 42]. Демек, термин жасау әдістері ежелгі уақытта қалыптасып, қазіргі таңда да жалғасын табуда. Классикалық кезеңде араб терминологиясы тек қалыптаспай, сондай-ақ нәтижелі түрде дами бастады. Аббасидтер дәуірі – араб-мұсылман мәдениеті мен ғылымының гүлдену кезеңі. Араб халифтері сарайда ғалымдар мен тәжірибелі кеңесшілерді ұстауы араб халифатының ішкі саясатының бағыттарының бірі ретінде қарастырылды. Араб-

сақ, Сабри Ибрахим ас-Саид (

صبري إبراﻩيم

мұсылман мәдениеті әлемге тек рухани мен

العربي« )السعيد

المصطلح», Иман ас-Саиид

материалды мәдениеттің ескерткіштерін ғана

المصطلح عند رفاعة « )إيمان السعيد جلال( Джаләл асКасим »,الطﻩطاوي بين الترجمة والتعريب

емес, сонымен қатар медицина, астрономия, математика сияқты ғылым салаларында да

العلمي« )قاسم السارﻩ( Сара

المصطلح

»,تعريب

жаңа ашылуларды берді. Осының нәтижесінде محمد رشاد ( ал-Хамзауи Рашад Мухаммад المنﻩجية العامة لترجمة المصطلحات « )الحمزاوي حسن ( Фахми Хусейн Хасан »,وتوحيدﻩا وتنميطﻩا المرجع في تعريب المصطلحات « )حسن فﻩمي т.б. және »العلمية والفنية والﻩندسية пайдаланылады. »المصطلح« атауларында «المصطلح» лексикалық бірлігінің араб тілінің грамматикасына сәйкессіздігіне келетін болсақ, ол көптеген зерттеушілердің пайымдауынша «дербес емес», себебі ырықсыз етіс есімшесі негізгі сөзсіз қолдана алмайды, есімше негізгі сөзге тәуелді, дегенмен, араб тілінде ырықсыз етіс субстантивациясы жиі қолданылатын процесс. Мысалы «المعجَم» сөздік (тура ауд. диакритикалық нүктелермен), «المكتوب» хат (ауд. жазылған), «المقولة» пікірлер (са лыс. «الفارابي مقولات» ал-Фараби трактаттары) и др.

Сонымен, қазіргі араб тілінде «термин» сөзін «الاصطلاح» (VIII бап масдары) және المصطلح» (VIII бап етістігінің ырықсыз етіс есімшесі) екі синоним сөз береді, ал жиі қолданылатыны «المصطلح».

Араб терминологиясы тарихында В.М. Белкин классикалық және қазіргі деп екі кезеңді көрсетеді. Классикалық кезең – тіл білімі, тарих, мұсылман ғылымдары бойынша термин жүйелердің қалыптасу кезеңі, грек тіліндегі химия, математика, астрономия және философия термин жүйелерінің енуі және қолданысқа түсуі. Араб тілінің қазіргі терминологиясы өз ресурстарымен дамуы үшін сөзжасам мен лексика-семантикалық деривация әдістері арқылы дамиды, сонымен қатар жаңа калькалау, аббревиатура және т.б. әдістер қолданылады [8, 119]. Дегенмен, «الاشتقاق» сөзжасам, «المجاز» лексика-семантикалық деривация, «النحت» аббребұл кезеңде араб тілінің терминологиясы жаңа лексикалық бірліктермен толтырылды. Әрине, қазіргі араб терминологиясы орта ғасырларда беймәлім болған жаңа ұғымдармен байланысты.

Араб тілінде де бірнеше нұсқа беріледі, мәселен, «المصطلح علم» [‘Ilm ul-Mustalah], « علم الاصطلاح» [‘Ilm ul-Istilaah], «المصطلحية» [alMustalahiya], «المصطلحات علم» [‘Ilm ulMustalahaat]. Бірқатар зерттеушілер бірінші нұсқаның қолдануын: «المصطلح علم» [‘Ilm ulMustalah] (тура ауд. «термин туралы ғылым») (Хиджази «Терминологияның лингвистикалық негіздері» (المصطلح لعلم اللغوية الأسس) [12], ал-Қасими «Терминологияға кіріспе» ( في مقدمة المصطلح علم) [9], «Терминология: теориялық негіздері және ғылыми практика» ( علم العلمية وتطبيقاتﻩ النظرية أسسﻩ :المصطلح) [13]. Араб тілі терминдердің теориялық және практикалық бағыттарын бөлуге ұмтылмайды, себебі теория практикадан немесе практика теориядан бөлек қызмет ете алмайды.

Жоғарыда көрсетілген тұжырымдарға сәйкес теориялық пен практикалық жақтан терминдерді қарастыратын ғылымды араб тілінде «المصطلح علم» [‘Ilm ul-Mustalah] деп атауды жөн көреміз.

Сонымен, терминдер арнайы лексикаға тиесілі және арнайы қосалқы тілдерде «өмір сүреді». Арнайы қосалқы тілдің белсенділігі бірнеше факторларға байланысты, оның ішінде саланың дамуы және ғалымдар мен халықаралық ынтымақтастықтың жетістігі. Кез-келген саланың дамуы терминологизация (сөздердің терминдерге ауысуы), детерминологизация (терминдердің жалпы лексикаға ауысуы), ретерминологизация (терминнің бір саладан екінші салаға ауысуы) жаңа терминдердің пайда болуына әкеледі.

Терминдер жасалу мәселелеріне жалпы лексикадағы термин орнының мәселесі де жатады, яғни жалпы тілдегі сөз бен термин дифференциациясы. Жалпы қолданбалы лексика үшін терминология лексикалық бірліктермен байытылу қоры ретінде қарастырылатындықтан, тілден бөлек қарастырылмайды.

Терминнің терминдік жүйеден жалпы қолданбалы лексикаға ауысуында зерттеушінің алдында термин термин болып қала бере ме, әлде қалмай ма? деген сұрақ туындайды. Дегенмен, термин өзіне сай ерекшеліктері мен сипаттарына ие болса да, жоғарыда көрсеткеніміздей, тілден бөлек өмір сүрмейді. А.М. Ахмед айтуынша, жалпы тілге енген термин сол салада айналысатын мамандар тілі мен терминологиялық лексиканың қоры ретінде ғана қолданылмайды [7, 261], бір терминологиялық саладан екінші салаға ауысқан термин екі лексиканың қоры ретінде қарастырылады.

Ғылыми тұрғыдан дамыған, реттелген терминологияның кез-келген тілде болуы күмән туғызатыны анық, тіпті бірқатар ғалымдар арасында қарама-қайшылыққа да әкеледі. А.В. Суперанская мен оның теңавторларының пікірі бойынша, «әлемде 2000-нан астам тіл болғанымен, дамыған ғылыми терминология тек 60 тілде бар. Ал терминологиялық белсенділік ең бастысы саланың дамуымен тығыз байланысты» [6, 5].

Тек терминологиялық бірліктердің қалыптасып жиналғаннан кейін терминологиялық жүйе қалыптасады. Ал термин бірліктері тек кірме сөздер мен калька арқылы ғана емес, сонымен қатар басқа да термин жасау жолдары арқылы қалыптасады.

 

Әдебиеттер

  1. Гринев С.В. Введение в терминоведение. – М.: Московский лицей, 1993. – 309 с.
  2. Атанасова И. О характеристике термина // официальный сайт балканской русистики http://www.russian.slavica.org/ article1190.html
  3. Шелов С.Д. Термин. Терминологичность. Терминологические определения. – СПб.: СПбГУ, 2003. – 280 с.
  4. Лингвистический энциклопедический словарь/ Гл. ред. В. Н. Ярцева. — М.: Сов. энциклопедия, 1990. — 683 с.
  5. Словарь по языкознанию. / Под общ. ред. Э.Д. Сулейменовой. – Алматы: Ғылым1998. — 544 с.
  6. Суперанская А.В., Подольская Н.В., Васильева Н.В. Общая терминология: Вопросы теории. – М.: Наука, 2003. – 248 с.
  7. Амер Мухамед Ахмед. Научно-технические термины-неологизмы в современном русском литературном языке: На материале словарей 70-80-х гг.: дис. … канд. филол. наук: 10.02.01. – М., 1994. – 304 с.
  8. Белкин В.М. Арабская лексикология. – М.: Наука, 1975. – 200 с.
  9. علي القاسمي. مقدمة في علم المصطلح. – القاﻩرة: مكتبة النﻩضة المصرية، .1987 – 265 ص. 9
  10. قاسم السارﻩ. تعريب المصطلح العلمي \\ مجلة عالم الفكر. – .1989 – ص. -81 129 10
  11. 11 Хайрутдинов Д.Р. Географическая терминология: арабские, русские, английские параллели: дис. ... канд. филол. наук: 10.02.20. – Казань, 2009. – 171 с.
  12. محمود فﻩمي حجازي. الأسس اللغوية لعلم المصطلح. – القاﻩرة: مكتبة غريب، .1993 – 259 ص. 12
  13. علي القاسمي. علم المصطلح: أسسﻩ النظرية وتطبيقاتﻩ العملية. – القاﻩرة: مكتبة لبنان ناشرون، .2008 – 819 ص. 13
  14. إيمان السعيد جلال. المصطلح عند رفاعة الطﻩطاوي بين الترجمة والتعريب. – القاﻩرة: مكتبة الأداب، .2006 – 230 ص 14

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.