Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Өздік жұмыстарды ұйымдастырудың жаңа бағыттары

Студенттердің өз бетімен орындайтын өздік жұмыстарында жас қаламгерлердің шығармашылығы мен көркемдік ізденістерін талдап, қолданудың маңызы зор. Олардың көркем туындыларындағы жаңа бейнелеу әдіс-тәсілдерінің, көркемдік құралдардың қолдануы кейбір талантты туындыларда болашақ әдеби дамуға аса қажетті үлгілерді әкелуі мүмкін. Студенттер өз жұмыстарында көп талданылмаған шығармаларды қарас тыра отыра осы ізденістер өзегіндегі басты көркемдік идеяларға барлау жасайды.

Студенттер замана талаптарын жақсы біледі. Бұл бағытта таластың болуы мүмкін емес. Бірақ ұстаздар тарапынан да ескеруге тиісті мәселелер бар. Ең алдымен, олардың таңдаған тақырыптарын дұрыс талдауына, әдіснамалық көмек көрсету. Өйткені шығармаларды талдау барысында уақыттарын текке жіберіп алмаула-рын түсіндіру керек

Cтуденттердің дүниетанымы тез өзгеріп келеді. Талғам мен тілектері жоғары. Олардың көбі әдеби әлемдегі озық қазыналарды еркін аралай алады. Сондықтан олардың алдына жоғары талап қойып жаңа танымдардың сұлбасын байқауға әбден болады. Тек, ең алдымен, алдарына қойылатын мақсаттарды түсіндірсе болды. Замана талабына сай жаңа ізденістердің небір көріністерін бірден тауып, талдап көрсете алады.

Қазақ әдебиеті тарихынан модульдік жүйедегі өздік жұмыстарды ұйымдасты-руда негізінен көрнекті қаламгерлер шы-ғармашылығына басымдылық беріледі. Мұның теориялық та, қолданбалы да мәні бар. Алдымен, олардың шығармалары мен шығармашылығы туралы көп жазылған. Материалдар мол. Қажетіңді тез тауып, тапсырманы орындауға мүмкіндік мол.

Бірақ, әдебиет тек қана ғұламалар мен таланттар жазған туындылардан тұрады деп түсіну мүлде қате. Әдебиетте көрнекті қаламгерлер таба алмай жүрген көркемдік-идеялық, түрлік (формалық)-стильдік жаңалықтарды, талантты жастардың, болмаса белгісіздеу қаламгердің өз шығармашылығында пайдалануы әбден мүмкін. Бұл жаңалықты саналы түрде, әдейі қолданбаса да шығарма мәтіні ішінде күтпенген жерде кездесетін мұндай жаңалықтардың орны бөлек. Тіпті оған автордың мән бермеуі де мүмкін. Сыншы, зерттеушілер тарапынан да бұл жаңалықтың, детальдің бағаланбауы да ғажап емес. Ал осы көркем идея әдеби процеске жіті көз тігіп отыратын талантты қаламгердің қаламына іліксе, бұл жаңа өрнек бірден көзге түсіп көпшіліктің назарын аударады. Бірте бірте соның ашқан «аралы», жаңалығы тәрізді қабылданып та кетеді.

Ә. Кекілбаев қолданған «мәңгүрт»ке байланысты астарлы мағына кейін Ш.Айтматов шығармасында өзгеше символға, әлемдік көркем ұғымға айналады. Мұндай мысалдарды әлем әдебиетінін де көптеп кездестіруге болады. Мәселе кімнің бірінші қолданғанында емес, адамзат руханиятының алтын қазынасына, оның дүниені, болмысты бейнелеу әрекетіндегі көркем танымының пернесіне айналуында.

Сондықтан әдебиеті тарихынан өздік жұмыстарды жоспарлау барысында өзіндік өрнегі мен айтар жаңа ой-идеясы байқала бастағы қаламгерлер шығармаларын бөлек модульге топтастырып, тақырып ретінде ұсынған жөн. Жұмыстың басты мақсаты ретінде жас қаламгерлер шығармашылығындағы жаңа көркемдік ізденістерге мән беруді көрсеткен жөн [1]. Біздің ойымызша өз бетімен орындалатын жұмыстардың тақырыптарын студенттердің өздері таңдаса тіпті жақсы. Өйткен өздері таңдаған тақырыпты қорғау барысында олардың аянбасы анық. Ал оларға бағыт пен бағдар көрсетіп көмектесіп отыру жоғары оқу орындары кафедраларының, ұстаз ғалымдарының негізгі міндеті. Осында ойланатын да біраз мәселелер бар. Ең бастысы, тақырыптарды алдын ала ұсынып, ғылыми кеңестерде бекітіп алғаннан кейін оны алмастыруға рұқсат етпеу.

Әдеби процеске абайлай еніп, біртіндеп орныға бастаған жаңа әдіс тәсілдер босқа қалмайды, жаңа таным өрнектерін әкеледі. Сол жаңалықтардың көрініс табар алаңы жастар шығармашылығы. Әрине олардың барша ізденістерін көркем үлгі, үлкен табыс деп қабылдауға болмайтыны түсінікті. Сондықтан студенттер таңдаған эстетикалық объектілер туралы ойлана қарауға, талдап, байқауға міндеттіміз. Оны түсіндіруде жаңаша ойлау мен таным технологияларын қолдануды шәкірттерге асықпай дәйекті түсіндіру тиімді нәтижелерге қол жеткізеді. [1]

Қоғамдық сана көңіл аудара бастаған әдеби құбылыс пен шығарманы көркемдік дамудың маңызды бөлшегі ретінде қарастыру көптен бері қолданылып келе жатқан тәсіл. Ол жазу стиліне байланысты бөлектене ме, идея мазмұнымен өзге көріне ме, әйтеуір қоғамдық санада қозғалыс туғызса әдеби сында жиі көтеріліп сөз бола бастайды. Көркем шығарма болмысындағы тосындау көрінген жаңалықтардың көпшілік ықыласы мен тығыз байланысы бар. Ол тек қана қазақ әдебиеті аясында ғана емес, әлемдік әдебиет төңірегінде де солай. Міне әдеби дамудың басты қозғаушы кұші ретінде осы процестің басты құрылымын студенттерге түсіндірудің маңызы да сондықтан да зор. Талапты студенттердің өздеріне айрықша ұнаған шығармалар туралы дауларға тайынбай араласуы сондықтан. Міне осы тұстарда оларға қолдау көрсетіп отырудың психологиялық маңызы үлкен.

Әдетте студенттер өздері ұнатқан шығармаларды әлемдік әдебиеттегі белгілі шығармалар мен құбылыстарға салыстыра талдауға ұмтылады. Олардың бұл әрекеттерінде қайшылықтар көп болса да шошынудың қажеті жоқ. Өйткені көркемдік танымға байланысты өз беттерімен орындалатын жұмыстарындағы басты мақсатты осы қызығушылықпен байланыстырудың мәні зор. Қазақ әдебиетіндегі шығармашылық ізденістерді әлемдік әдебиеттегі құбылыстармен салғастыра, салыстыра талдауға ұмтылу ғылыми тұрғыда деректі нәтижелерге жақындатары даусыз. Тек оны жүйелі түрде жұргізіп отыруға ұмтылу қажет-ақ. Студенттердің осы ұмтылыстарына көңіл аудару біздің әдебиеттануды замана талабына сай дең-гейге көтереді.

Қазақ қаламгерлері арасында замана талабына сай жаңа көркемдік танымды қолданушылар бар. Мәселен, М. Шаханов[2], Т. Әбдіков, Т. Нұрмағанбетов[3], Иран-Ғайып, Е. Раушанов, Р. Мұқанова, Д. Амантай[4], А. Алтай [5], Т. Әбдікәкімов, Г. Салықбай, Н. Бердалы т.б. шығармашылығы қоғам алдында пайда болған мәселелерді жаңа көркемдік танымда бейнелеуге ұмтылып келеді. Эстетикалық объектіні сезіну мен қабылдау ой мен парасатты байымдау замана талабына сай деңгейіндегі көркем өрнектерге ұласа бастады. Аталған қаламгерлердің шығармашылық ізденістері әлемдік әдебиетте өтіп жатқан көркемдік жаңалықтармен үндеседі деп айтуға әбден болады. Олардың шығармалары Қазақстаннан тыс елдерде де өз оқырмандарын табуда. Мәселен, М. Шахановтың жаңа сипатты романдары мен өлең толғауларының Америка, Франция, Жапония елдерінде сөз болуы осыны анық көрсетеді. Ал орыс тілінде жазатын қазақ жазушылары Б. Қанапьянов, Д. Нақыпов т.б. шығармашылығындағы көркемдік ізденістер мен табыстардың шетелдік сыншы, зерттеушілер тарапынан жоғары бағаланып отырғанын айрықша айтуға болады.

Қазақ жазушыларының эстетикалық объектілерді қабылдаудан пайда болған ой, сезімдерін бейнелеудегі табыстары жеміссіз емес. Алайда оны қаламгерлік стиль, бейнелік (образылық), таңбалық өрнек деңгейіне көтере алмауда алда тұрған қиындықтар да аз емес. Бірақ, жас қаламгерлердің замана талабына сай жаңа бейнелеу құралдарын (кең мәнінде) қолдануға ұмтылыстары қуантады. Өз беттері мен ғылыми жұмыстар орындаушы студенттердің соны ой мен сезімдерді жаңаша бейнелеуге ұмтылыушы қаламерлердің осы бағыттағы ізденістерін талдауға талпыныстары құптарлықтай. Бұл ізденістерде табыстар да жоқ емес. Біршама тиянақты орындалған жұмыстарда қаламгерлер ізденістерінің басты арналары уақыттың жаңа танымдарын өзгеше, дара суреттеуге бағытталуға тиіс деген тұжырымдар жиі айтылады. Демек: «Көркемдік таным табиғатын өзіндік мүмкіндігін жетілдіре отып, адам баласы жаңа ғасыр, ғалам сырын жете таныу, игеру жолында құлшына қызмет етуде»-деп айтқандай [4], жаңа бейнелеу технологияларын замана талабына сай әдіс-тәсілдермен көмкеру, әрлеу қажет екенін студенттер өз жұмыстары, тәжірибелері арқылы біле бастады деген сөз.

Әрине, замана талабына сай жаңа таным, жаңа әдіс-тәсілдер дегенде, көпшілікке таныс, белгілі қаламгердің бұрынғы оқырмандары, олардың дүниетаным, ойлары қайда қалады, олар да ескірді ме, -деген сұрақтардың да туындауы мүмкін. Алайда, замана талабынан туындай бастаған жаңалықтарды жастар тез қабылдайды, танымды тез өзгертеді деп айтуға болатын да шығар. Мұнда ойлануға тура келетін мәселелер аз емес. Студенттер өз жұмыстарында оның бәрін ескеріп жатпайды. Сондықтан, олардың жұмыстарымен орындау барысында танысу үстінде көптеген жайларды мұқият түсіндіруге тура келеді.

Қаламгердің, замана дамуының көкжиегне көз тігетіні шындақ.Ендеше оның талаптарын, заңдылықтарын, қоғамдық сана қабылдауын ескермеуге болмайды.. Сондықтанда адамзат баласы алдына замана тартып отырған барша ірі құбылыстарды көркем суреттеу, ұлттық дүниетанымға сай бейнелеп көрсету барлық қаламгерлер алдындағы қасиетті борыш болмақ. Осы деңгейден табылатын шығармалар ғана қазір де, болашақта да оқырманын табады ғой деген ойдамыз.

Әлемдік деңгейдегі мәнді мәселелерге мәдениет пен өнер шеберлерікөз тігеді. Бірақ, ол нақты ұлттың төл мәдениеті мен әдебиетінің дамуынан, ішкі жағдайлардан тыс бола алмайтыны түсінікті. Мәселен қазақ әдебиетіндегі, кез-келген шығарма негізінен қазақ руханиятына қатысты жайларды бейнелейді. Әлемдік, жаһандық мәлелерге де сол арқылы келеді. Ғылыми жұмыстарды орындауға кіріспес бұрын студенттерге ең алдымен осы жайларды мықтап түсіндіру керек. Әлемдік әдебиет дамуы туралы ойларға, пікір таластарына бармас бұрын алдымен осыны түсініп алғандары жөн.

Әдебиетіміздің аса көрнекті өкілдері, Ә. Нұрпейісов [6]. З. Қабдолов [7]. Ә. Кекілбаев, М. Мағауин [8], Т. Нұрмағанбетов, Б Мұқай [9], Т.Әбдікәкімов т.б. шығармаларындағы көркемдік табыстар мен жаңа танымдарға қазақ елі мен ұлтының басындағы уақиға, құбылыстарды тереңдей, жан-жақты суреттеумен келген. Бірақ, бір өкініштісі, олардың шығармаларында келісті көрініс тапқан жаңа көркемдік-идеялық табыстарды, бейнелеу әдістәсілдерін әрі дамытушылар көп емес. Әркім өзінше жаңа тәсілдер іздегенмен, табылған жемісті байнелеу құраларын байқап көру, пайдалану аз. Қысқаша айтқанда, жеке ізденістер бар да, қол жеткізген табыстарға көңіл аудару, қолдану, дамыту жоқ. Бұл біздің алдымыздағы басты қиындықтың бірі болып тұр. Біздің әдебиетіміздің тарихына бұл мәселе баяғыдан таныс. Кезінде Б. Майлин, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов т.б. дәстүрін ұстаушылардың аз болмағаны белгілі.[6] Алайда, бүгінгі таңда осы дәстүрге көңіл бөлушілердің көп еместігі де көрініп-ақ тұр. Ешкімге ұқсамаймын, өзімше жазамын, өз стилімді, өрнегімді табамын деген мақсат теріс емес, алайда мықты мектептің әсері, ықпалы – өнер жолындағы үлкен күш, мұны ескермеуге болмайды. Мына озық технологиялар мен информациялар заманында адасулардан және «шайтан арба» (велесипед) жасап әуре болуден сақтайтын төле жол осы. Мықты мектептің қажеттігі әдебиет қана емес, өнер мен спортта да табысқа жетудің бірден бір құралы болып отырғаны құпия емес.

Міне, өздік жұмыстарда, мәселен текстологиялық тапсырмаларды орындау барысында студенттерге осы жайларды ұсынып, олардың шешімдері мен нәтижелерін тексеру, түсіндіру керек.

Шығармашылық табыс ретінде байқала бастаған көркемдік – идеялық ізденістерді көре білу, оның кейбір сырлары мен заңдылықтарын әдеби үдерісті, нақты шығармаларды талдау арқылы ұғыну студенттердің өз беттерімен орындалатын жұмыстарының аса маңызды шарты. Оны алғаш ұсынушы. Қолдаушы, дамытушы шығармашылық күштерді таба білудің де маңызы өте зор.

Көркемдігі жоғары шығармаларды табу оңай емес. Ол үшін өте көп оқу қажет. Ал мұдай мүмкіндік жоғары мектеп ұстаздарында көп бола бермейді. Жаңа ізденістерге көз тігіп, шығармашылық істерінде осы қиын жолға шығып отырған қаламгерлер туындыларының басты заңдылықтары туралы ойланып көру, пікір айту үлкен міндеттеріміздің бірі. Міне осы бағытта жақсы шығармаларды таңдауда студенттер көмегінің маңызы өте зорЖазушылардың шығармаларына айрықша қоғадық ықылас қалыптастыратын жаңа ізденістер. Міне осы ізденістердің алғашқы табыстарға жігерлендіретін пәрменді ықпалының қандай екенін студенттер өздік жұмыстарында айтып көреді.. Әсіресе әдебиеттану мен әдеби сын маңында жүргендердің сын, мақалаларындағы айтылған заңдылықтарға көңіл бөледі. Ал ол мақалалардағы ааторлардың шығарманы өзінше қабылдауы, қандай жағдайда жазылғаны ескеріле ме, мәселен, мерейтойлық мақала болса т.б. осыларды ескерудің қажеттілігін түсіндіру керек.

Қаламгерлер шығармашылығын қолдайтын, қанаттандыратын стимул (ынталандыру) ретінде соңғы кездері үкімет тарапынан тағайындалып жатқан сан түрлі гранттар мен сыйлықтар, мүшәйралардың ролі зор болып табылады. Бұл белгілі бір әлеуметтік, тарихи маңызы бар тақырыптар туралы жазуға қаламгерлердің біраз тобын бағыттайтын үлкен фактор болып табылады. Әрі шығармашылық шабытты ғана емес, қолды байлайтын қаражаттық мұқтаждықты, біраз уақытқа болса да, шешуге жәрдемдеседі.[5]

Жаңа сипатты шығармалардағы жаңа бейнелеу әдіс-тәсілдерін, құралдарың ажырату оңай шаруа емес. Студенттер алғашқы жұмыстарында шығарманың ұнағанын ғана айтады. Несімен ұнады дегенге ауыз толтырып ештеңе айта алмайды. Ал олардың алдындағы басты міндеттің бірі – таңдалған шығарманың көркемдігі, жаңалығы туралы талдай жазып көрсету. Сол талдауларына сүйене отыра дүниеге жаңа өрнекткрдің келуіне жағдай жасаған жаңалықтарды түсіндіру.

Талантты қаламгерлердің маңдай тері, ұйқысыз түндері мен мазасыз күндері көп ізденістер арқылы дүниеге келетін шығарманы бірден қоғамдық сана жақсы қабылдайды деп айтуға болмайды. Тіпті, ұнағанның өзінде де алуан түрлі пікірлер таласының нысанасынан өтеді. Оның нағыз бағасын көрсететін уақыт. Ендеше, өздеріне әлдеқалай ұнаған шығарманы аса көркем туынды ретінде бағалай бастау студенттер арасында жиі кездесетін құбылыс. Ол үшін студентке ренжудің де, болмаса мақтаудың да қажеті шамалы. Одан да жаңалыққа көз тігіп, жаңа танымды дүниелерді, шығармаларды жасап жатқан қаламгерлер ізденістерін көрсетіп, қолдан келгенше олардың өз кемшіліктерін талдап түсінуіне, ізденістерін жалғастыра беруіне жағдай жасау қажет. Олар сол бағыттарын тынбай, тынымсыз жалғастыра берсе, осының өзі оларды тәрбиелеудің дұрыс жолы болып табылады. Көп оқу, тынымсыз еңбектену жаңа белестеріне алып шығары анық. Бұл біз үшін ең маңызды белестің өзі. Осы ізденістер негізінде жазылған өздік жұмыстарды жаңа көркемдік мақсаттағы ізденістердің басы деп атауға әбден болады.

Көңіл аударатын мәселенің бірі – жаңа таным дәлелі ретінде таңдап алынған шығарманың тілін, стилін, құрылымын талдауға айрықша көңіл бөлген дұрыс болады. Негізінде студенттер алғаншы жылдары шығарманың мазмұнын қайталауға тырысады. Шығарма көлемі мол болған сайын, құрлысы күрделі болған автор баяндайтын мазмұннан шықпайды. Өзге шығармаларман салыстыруға мүлде көңіл бөдінбейді. Тіпті талдау барысында өзіндік ой, танымын байқайқата бастайтын ойлар да көп болмайды. Кейбір талантты студенттер болмаса көбі алғашында мазмұндаумен ғана шектеледі. Осы бағыттағы талдаулармен шектелетін топтардың ізденістерін де талдап тексеру, әлсіз түстарн көрсетіп отыру өздік жұмыстар үшін аса маңызды шарт. Көркемдік ізденістерді тез табуға және тереңдей талдауға, өзіндік ой айтуға жағдай жасайтын тәсілдерді түсіндіру үйрету қажат. Сөйтіп бірте-бірте көрші елдер мен озық әдебиеттерде өтіп жатқан үдерістерді туған әдебиет мысалдарымен түсінуге жағдай жасалады.

Студенттер замана талаптарын жақсы біледі. Бұл бағытта таластың болуы мүмкін емес. Бірақ, ұстаздар тарапынан да ескеруге тиісті мәселелер бар. Ең алдымен олардың таңдаған тақырыптарын дұрыс талдауына, әдіснамалық көмек көрсету. Өйткені, шығармаларды талдау барысында уақыттарын текке жіберіп алмауларын түсіндіру керек

Бүгінгі заман – басқа заман. Әсіресе, студенттердің дүниетанымы тез өзгеріп келеді. Талғам мен тілектері жоғары. Олардың көбі әдеби әлемдегі озық қазыналарды еркін аралай алады. Сондықтан өлардың алдына жоғары талап қойып жаңа танымдардың сұлбасын байқауға әбден болады. Тек ең алдымен алдарына қойылатын мақсаттарды түсіндірсе болды. Замана талабына сай жаңа ізденістердің небір көріністерін бірден тауып, талдап көрсете алады. Мен соған кәміл сенемін..

Алда тұрған міндеттің бірі – студенттердің эстетикалық дүниетанымының замана талабына сай болуын болуын қадағалап отыру. Бүгінгі таңда бұған мүмкіндік өте көп. Теледидар, интернет, өзге де БАҚ құралдары беттеріндегі жаңа таным, ізденістерге байланысты маңызды материалдарды бақылып отыру керек. Олардың мәнді жаңалықтардан көз жазып қалмауына қолдау көрсету қажет.

Студенттердің өздік жұмыстарында әдеби сын назарына ілігіп, қоғамдық сана көңіл аудара бастаған әдеби құбылыстарды таңдап алып талқылауға айрықша көңіл бөлген дұрыс болып табалады. Әсіресе жас қаламгерлердің, шығармашылығы мен талантты туындыларын таңдауда оларға барша мүмкіндіктер берген абзал.. Олардың шығармаларында бұршік жарып бой көтере бастаған жаңа таным бейнелерінің өрнектерін олардың бірден табатынына менің сенімім мол.

Ұсыныс ретінде төмендегі жайларды айтамыз. Біріншіден, өздік жұмыстарға тақырып немесе объект таңдауда студнттерге мүмкіндік берген жөн. Екіншіден, олардың талдаулары мен ізденістерінде байқалатын жаңа танымдарды аңғарып, атап көрсетіп, қолдап отыру керек.

 

Әдебиеттер

  1. Оразалин Н. Әдебиеттің иесі – халық, киесі – елдің рухы...// Әдебиет мәңгілік қозғалыста. – Алматы, 2009. – Б. 624-628. С.7.S.7.
  2. Айтматов Ч. О космоформуле карающей памяти // Шаханов М. Космоформула карающей памяти. – Алматы, 2001. –
  3. Нұрмағанбетов Т. Таңдамалы. – Т. 2. – Алматы: Өлке, 2006. 4 Амантай Д. Қарқаралы басында. – Алматы, 2009.
  4. Алтай А. Казино. – Алматы: Атамұра, 2008.
  5. Нұрпейісов Ә. Соңғы парыз. – Алматы: Жазушы, 1999. 7 Қабдолов З. Әуезов. – Алматы: Санат, 1997.
  6. Мағауин М. Жармақ. – Прага: Frt Fokus, 2007.
  7. Мұқай Б. Өмірзая. – Алматы: «Парасат» журналы, 2004.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.