Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Тілді оқытудың кейбір тәсілдері

Мақалада қазақ тілін тілді үйретудің халықаралық стандартына сәйкес деңгейлеп оқытудың кейбір ерекшеліктері туралы айтылады. Автор қазіргі уақытта тілді оқыту үдерісінде мектеп пен ЖОО арасында байланыстың жоқтығын атап өтеді. Қазақстанда жүргізіліп отырған «Үш тұғырлы тіл» саясатының қоғамдағы орнын айта келіп, оқытушы ретінде мәтінді лексикалық талдауға қатысты өзінің кейбір әдістемелік тәсілдерін ұсынады. Автор өзінің мақаласында лексикалық тақырыпты таңдаудың талаптарына тоқталады. Кәсіби сөздер мен терминдердің қолданылу аясын, олардың тіркесімділік қабілетін, басқа да лексикалық қабаттарының (антоним, омоним, синоним, фразеологизм және т.б.) қолданылу ерекшеліктері туралы баяндалады.

Қазір қазақ тілінің қоғамдағы орны мен қолданыс аясы кеңейді. Балабақшадан бастап оқытылатын қазақ тілі мен ағылшын тілінің бүгінгі күнгі қолданылу жиілігі осыған дәлел. Қоғамның қай саласы болмасын бүгінде екі тілде де өз қолдауын тауып отыр. Бүгінгі таңда бұрынғыдай емес банкте, емханада, әртүрлі фирмаларда, тұрмыстық қажеттілікті өтеу орындарының барлығында да қазақ тілінде сөйлеп, керегіңді сұрап алуға мүмкіншілік туды. Мұндай қозғалысқа Үкімет басшысынан бастап қатардағы қарапайым азаматтардың ел алдына шыққанда қазақша сөйлеуі оң ықпал етсе керек. Қазіргі кезде ұлты басқа журналистердің түрлі бағдарламаларды қазақ тілінде еркін жүргізуі де тілді насихаттаудың ең бір ұтымды түрі болғандай. Елбасының сындарлы саясатының тағы бір нәтижелі көрінісі – елімізде үш тұғырлы тіл саясатының жүрізілуі.

«Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі, ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» деген болатын Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев. Шындығында, бүгінгі қазақстандық ғылым мен техниканың, әдебиет пен мәдениеттің, спорттың, экономиканың дамуын және әлемге танылуын ағылшын тілінсіз елестету мүмкін емес. Мұның бәрі жақсы, әрине. Бірақ, жаһандану үрдісі дендеп, біздің күнделікті өмірімізге, санамызға тереңдеп еніп, күнделікті өмірде көріп жүргеніміздей қоғамның кез келген саласында өз ықпалын тигізген мынадай заманда ана тілінің орны ерекше екендігін де естен шығармағанымыз жөн болар.

Қазір жоғары оқу орындарына мектептен келген оқушы қазақ тілін өз мамандығы аясында игереді. Тілді меңгертудің халықаралық стандартына сәйкес мектепте оқушы А1, А2, деңгейінде тілді меңгеріп келген болса, студенттік өмірді қазақ тілін В1 В2 деңгейінде меңгерумен бастайды. Ал С1,С2 деңгейі тілді білудің ең жоғарғы деңгейі болып есептеледі де, тілді әдеби деңгейде жетік меңгеруі ескеріледі. ЖОО оқуға келген студент қазақ тілін «Кәсіби бағдарлы қазақ тілі» деп аталатын оқу пәнінің аясында оқиды. Алайда, бүгінгі студенттің тіл меңгеру деңгейі мектеп пен жоғары оқу орнының аралығындағы В1 деңгейінің талаптарына сәйкес келмейді. Мұның өзі мектеп пен жоғары оқу орындарындағы қазақ тілін оқыту бағдарламаларының арасында байланыстың жоқтығын білдіреді. Соның әсерінен мектеп бітіруші тілді өз деңгейінде меңгермейді. Екіншіден, мектеп мұғалімдері ҰБТ-ға дайындау мақсатында дайын тест тапсырмаларын жаттатумен ғана шектеледі. Мұның өзі олардың лексикалық қорының баюына кедергі жасайды, сөйлеу тілінің қалыптаспауына, ойын жеткізу дағдысының қалыптаспауына кері ықпал етеді. Сондықтан мектептен ЖОО келген 1-курс студентінің тілі тым «қысқа» болады.

В2, С1 деңгейлері кәсіби лексиканы меңгеріп, өз мамандығы аясында сөйлеуге бет бұру деген сөз. Пәнді кәсіби қазақ тілі аясында оқыту барысында оқытушы мәтіндердің қоғамдықәлеуметтік, саяси, мәдени бағыттағы тақырыптық-танымдық мәтіндер ғана емес, таза мамандыққа, кәсіпке байланысты ғылыми-танымдық бағытта болуына да баса назар аудару керек.

Оқытушы лексикалық тақырыпты таңдау барысында өзінің алдына нақты оқыту мақсатын қою керек. Яғни, мәтін жалпы ғылыми тақырыпқа байланысты ма, әлде мамандыққа байланысты ма; алдағы уақытта бұл мәтінмен қандай бағытта жұмыс жүргізіледі – грамматикалық талдау ма, лексикалық талдау ма анықтап алу қажет.

Мәтінді газеттен немесе журналдан көшіріп әкеп, студенттің алдына тастай салуға болмайды. Бұл біріншіден, студенттің пәнге деген қызығушылығына кері әсер етсе, екіншіден, оқытушының да әдістемелік тәжірибесінің жоқ екенінің дәлелі болып табылады. Ал мұның өзі студент пен оқытушының бірігіп жұмыс жасауына кедергі болады. Оқытушы мәтінді студентке бермес бұрын өзі сол мәтінмен сабаққа дайындалуы тиіс. Сабаққа қатысты мәселенің барлығының шешімін тапқан соң ғана, яғни толық дайындықтан кейін ғана студентке жұмыс жасауға берілуі тиіс. Оқытушы өзі кіретін дәрісханадағы студенттердің деңгейін жақсы білуі керек. Кез келген мәтін дәрісханадағы студенттердің деңгейіне сәйкес ықшамдалған, икемделген болуы керек. Бұл дегеніңіз студенттің мәтіндегі ақпаратты түсінуіне, қабылдауына, аударуына және қайта әңгімелеп беруіне ыңғайлануы тиіс. Сонда ғана студент мәтін негізінде берілген жаттығуларды еркін орындай алатын болады. Екіншіден, оқытушы мәтіннің қай басылымнан алынғанын (кітап, газет, журнал және т.б) авторы кім екенін, мәтінде қандай мәселе қарастырылғанын айтып өтуі тиіс. Үшіншіден, мәтінмен және мәтін бойынша түзілген сөздікпен сабақта отырған әр студенттің қамтамасыз етілуін қадағалау керек немесе студент жұмыс істеп отырғанда қолында оқу құралы болуы шарт. Мәтін лексикалық талдау мақсатында алынса да, грамматикалық талдау мақсатында алынса да осы талаптар назардан тыс қалмауы тиіс.

Жалпы, мәтінді лексикалық талдаудың үш кезеңі бар деп қарастырады ғалымдар. Олар: Мәтіндегі жаңа сөздердің дыбысталуына, жазылуына баса назар аударту. 2. Жаңа сөздердің мағынасын, тіркесімділік жиілігін, қолданылу ерекшеліктерін түсіндіру. 3. Сол сөздерді қолдану арқылы жұмыс жасату (жұрнақтар арқылы түрлендіру, сөз тіркесін жасау, сөйлем құру және т.б.). Сөйлеу мәнерін қалыптастырудың тыңдалым, жазылым, айтылым, сөйлесім сияқты кезеңдерін қамту арқылы студенттің сөйлеу мәнерін, нақты тақырып бойынша ойын жүйелі жеткізу қабілетін ұштап, қалыптастырады.

Лексикалық талдау жасау брысында оқытушы алдымен мәтінді дауыстап оқиды. Студенттер оқытушының оқығанын қадағалай отырып, мәтін бойынша түсініксіз, жаңа, таныс емес сөздерді белгілей отырады. Содан кейін оқытушы екі-үш студентке дауыстатып оқытады да, мәтін бойынша студенттермен бірігіп сөздік құрайды. Содан кейін оқытушы мәтін бойынша құрылған сөздікпен мынадай жұмыс жасатады:

  • сөздікте берілген әрбір сөзге тоқталып, оның аудармасының сәйкестілігін нақтылау;
  • бар болса, кейбір сөздердің синонимдік қатарын беру немесе антонимін беру;
  • сөздердің басқа сөздермен тіркесімділік жиілігін анықтау.

Мысалы, ахуал сөзін орыс тілді өзге ұлттың өкілі емес қазақтың қалада өскен баласының да түсіне қоюы екіталай. Сондықтан бұл сөздің жағдай, жай-күй сияқты сөздермен синоним екенін айтып өту қажет. Қолғабыс ету етістігі де осындай түсіндіруді қажет етеді. Мысалы, қолғабыс ету, жәрдемдесу, көмектесу, көмек ету, жәрдем ету т.б.

Мысалы, географияда «күрт» сөзі жиі қолданыста болады. «Күрт» сөзі тез деген мағынаны береді. Теңіз деңгейі күрт төмендедіАуа райы күрт суытып кетті. деген сөйлемдерде өз орнында тұрғанмен, Ойын күрт өзгертті. Аузына сол сөз күрт түсті. деп айта алмаймыз.

Мәтіннен жинақталған сөздерменн оқытушы осындай бағытта үйге тапсырмалар бере алады. Ол тапсырмалар мынадай формада болуы мүмкін:

  1. Қабылдау, душар болу, көңіл бөлу, қамтамасыз ету, қолғабыс ету, ұшырау, шабу етістіктерін зат есімдермен тіркстіріңіз.
  2. Берілген зат есімдермен қатыстық сын есім жасаңыз да, оларды басқа сөздермен тіркестіріңіз: экономика, өркениет, ұлт, экология, химия, тұрмыс, геология, тұрмыс, мұнай, қасірет.
  3. Берілген сөздерге қарсы мағыналы сөздерді жазыңыз: қауіпті, тұзды, қасіретті, қалдықты, сулы, иісті, дәмді, қайғылы, мұнайлы, құнарлы, шөлді, пайдалы.

Оқытушы жаттығуларды жаздыртып қана қоймай, олардың есте қалуын жаттату арқылы қадағалау керек. Сонда студент мәтінді қайта әңгімелеуде, сол тақырыптың айналасында өздігінен пікір айтып, ойын түйіндеуде, өзге біреумен пікір алмастыруда да қиналмайды.

Мәтіннің мазмұнын әңгімелеу де ерекше дайындықсыз жүзеге аспайды. Ол үшін оқытушы алдын ала әртүрлі жаттығулар дайындап, студенттерді мащықтандыру керек.

Келесі тапсырмалар осы мақсатта беріледі:

  1. Мәтіннің әрбір бөлігін оқып, мазмұнын беруге негіз болатын тірек сөздерді жазып алыңыз.
  2. Күрделі сөздерді ықшамдап, басқа сөздермен ауыстырыңыз. Мысалы, ақ халатты абзал жандар – дәрігерлер; ғылым мен техника өкілдері – ғалымдар; теңіз жануарлары мен өсімдіктері – теңіз фаунасы мен флорасы.
  3. Тірек сөздерді пайдаланып, мәтін мазмұнына байланысты сұрақтар құрастырыңыз.
  4. Тірек сөздерді пайдаланып, жаныңыздағы жолдасыңызбен сұрақ-жауап тәсілімен жұмыс жасаңыз.
  5. Студенттерді сол тақырыптың аясында, дайындықсыз сөйлеуге машықтандыру.

Кез келгеніміздің тәжірибемізден байқап жүргеніміздей дәрісханада отырған студенттің барлығы бірдей тапсырманы орындайды десек қателесеміз. Мұндай жағдай, өкінішке орай, қазірде де кездеседі. Олардың деңгейі мұндай жұмыс орындауға жете бермейді. Оның себебі әр түрлі. Қалай болғанда да біз оларды назардан тыс қалдырмауымыз керек. Оларға көбіне өзара бірігіп істейтін жаттығулар мен тапсырмаларды берсек, біріне-бірі көмектесу арқылы тілге қызығушылығын туғызуға, өз бетінше жұмыс жасауға талпынысын туғызуға болады. Мүмкін оларға жаттығулардың да жеңілдетілген түрін беру керек болар. Жалпы, студенттің сөйлеу тілін дамыту үшін мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, шағын қысқа өлеңдер, қысқа ертегілер жаттатып, айтқызған дұрыс.

 

Әдебиеттер

  1. Оразбаева Ф.Ш. Тіл әлемі // Мақалалар, зерттеулер. – Алматы: Ан-Арыс, 2009. – 368 б.
  2. Пассов Е.И. Коммуникативный метод обучения иноязычному говорению. – 2-е издание. – Москва: Просвещение, 1991. – 223 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.