Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Көркем аудармадағы аудармашы тұлғасы

Мақалада мәтінді аудару үдерісіндегі аудармашы тұлғасы қарастырылады. Аудармашылық қызметтің ерекше маңызы мен оның шығармашылық сипаты туралы сөз қозғалады. Белгілі бір тілде жазылған көркем шығарма аударма үдерісінде аудармашының шығармашылық ой елегінен өтіп, жаңа кескін-келбетке ие болатындығына назар аударылады. Көркем аударма – сөз өнерінің айрықша бір түрі, ал аудармашы – екі мәдениеттің тоғысуында өмір сүруші өнер иесі, айрықша суреткер ретінде сипатталады. Қорытындыда аудармашы ұдайы ізденіс пен тәжірибенің арқасында шыңдалатын шығармашылық тұлға болғандықтан, кез келген аудармада аудармашының шығармашылық даралығы, өзіндік қайталанбас стилі көрініс табады деген тұжырым жасалады.

Аударманың жаңа тілдік ортада қабылдануында оны қайта жаңғырту әрекеттері мен оны қайта жаңғыртушы аудармашының тұлғасы көрініс табады. Аударма өзге тілді ортада сөз өнерінің жеке бір шығармасы ретінде өмір сүріп, сол шеңберде қабылданып, бағаланады.

Салыстырмалы әдебиеттану тұрғысынан алсақ, ол түпнұсқамен, сол тілдегі басқа да аудармалармен және типологиялық құбылыс ретінде өзге тілдегі аудармалармен де салыстырыла алады, ал олардың арасындағы айырмашылықтар тілдік ерекшеліктерге, ортаға, уақытқа, оқырман қабылдауына, әдеби дәстүрлерге және т.б.әсіресе, аудармашының жеке даралығына байланысты. Осы ретте белгілі бір тілде жазылған көркем шығарма аудармашының шығармашылық ой елегінен өтіп, жаңа кескін-келбетке ие болады.

Түпнұсқа тілі мен аударма тілі арасындағы тілдік сәйкестіктерді анықтаудан бастап, аударматануда аудармашылық үдерісті көп қылы құбылыс ретінде ұғыну барысында тілдік қалыптар ғана емес, сондай-ақ әлем мен жағдаятқа тілдік көзқарас пен қатар жалпы мәдениет ұғымымен анықталатын тілдік емес факторлар шеңбері де салғастырылады. Осы үдерісте аудармашының шығармашылық тұлғасы басты рөл атқарады.

Кез келген тілдің тек өзіне ғана тән құралдары, ерекшеліктері мен қасиеттері бар. Қандай бір образды немесе сөзді аудармада дұрыс жеткізу үшін кейбір тұстарда оларды өзгертуге тура келеді. Бұл кезде сол образдың немесе сөздің сыртқы көрінісінің сәйкестігін сақтап қана қоймай, яғни аудармада түпнұсқаның ішкі көрінісінің сәйкестігін сақтау маңызды.

Сондықтан да аудармашы аударма жасалатын шет тілін, сол елдің мәдениетін, сонымен бірге өзге тілді, оның құрылым ерекшелігін, оның бөлшектерінің өз ана тілінің бөлшектерімен өзара байланыс қисынын көрсету үшін ана тілінің мүмкіндіктерін сарқи пайдаланатындай терең меңгеруі тиіс. Түрлі тілдер тасымалдаушылары арасында қабылданған сөйлеу нормалары туралы көзқарастардың бір-біріне сәйкес келмеуі де аудармашы үшін ауыр сын.

Кез келген аударманың деңгейі аудармашының білім деңгейінен, таланты мен тәжірибесінен хабар береді. Соған қоса аударма үдерісінде дұрыс шешім қабылдау аудармашының шығармашылық сезімталдық қабілетіне байланысты. Шығарманың сюжетін, кейіпкерлерін жасау автордың еншісінде болғанымен, аудармашы өзге тілде түпнұсқаны қайта жасап шығады. П.М. Топердің пайымдауынша, көркем аударма – шығармашылық саласы. Осы орайда аудармашы алдын ала тілдік құралдарды тәртіппен таңдап қана қоймай, өнер туындысын басқа тілдік, әлеуметтік, тарихи жағдайларда қайта дүниеге әкеледі [1, 27]. Осылайша ғалым көркем аударманың заңдылықтарын өнер саласына жатқызады.

Ә. Сатыбалдиев аудармашы қызметінің шығармашылық сипаты туралы былай деген:

«Аудармашылық − нағыз творчестволық өнер. Ол әркімнің қолынан келе беретіндей еріккеннің ермегі емес. Аудармашы екі тілді де жетік білумен қатар әрі жазушы, әрі ғалым болуға тиіс. Аударма сапасы оның талантына, біліміне, жалпы мәдени дәрежесіне және тәжірибесіне байланысты» [2, 23].

Аударматануда аудармашыны көбінше әртіспен немесе пианистпен салыстырады. К.И. Чуковский аудармашы жұмысының шығармашылық сипатын, оның бойындағы әртіс-ке тән қасиеттерді ерекше атап көрсеткен [3, 51].

Кез келген аудармашы шығармашылық әлемнен орын алатын дара тұлға болып есептеледі. Өйткені аударма үдерісінің нәтижесінде оның өз шығармашылық мектебі, шығармашылық шеберханасы, өзіндік қолтаңбасы қалыптасады. Басқа мамандықтармен салыстыратын болсақ, аудармашы мамандығының ерекшелігі осы жеке даралық сипаттан тұрады. Аталмыш мамандықтың күрделілігі де, айрықша қызығушылық тудыруы да осының айғағы, себебі аудармашылық жұмыс барысында тез арада шешімін талап ететін, кейде күйзеліс жағдайына дейін апаратын интеллектуалдық мәселелер туындайды. Бұл жерде аудармашыға ешкім де көмектесе алмайды, бәрі де оның біліміне, мінез-құлқына, бір адамды басқа адамнан ажырататын психофизиологиялық қасиеттеріне байланысты. Аударма туралы, оның теориясы мен тәжірибесі туралы қажетті мәліметтермен қаруланған нағыз кәсіби маман туындаған мәселенің күрделілік деңгейін дұрыс анықтап, оларды шешудегі жалғыз дұрыс жолды таба біледі.

Осыған байланысты аудармашының жұмыс барысындағы мінез-құлқы айрықша деуге болады. Ол аударманы оқитын, оны қабылдаушы аудиторияның көзқарасын сезінуі тиіс, аударылатын мәтіннің мағынасы ғана аудармашы үшін ең басты мақсат болып табылады. Осы ретте аудармашының өз дауысы мен мінез-құлқы бейтарап күйде болуы қажет.

Аударма үдерісі туралы сөз қозғағанда, бір тілдегі мәтіннің өзге тілде тіларалық түрленуін немесе трансформациясын ғана емес, аудармашының аударма жасау барысында миында жүретін психофизиологиялық үдерісті де елестетеміз. Л.С. Бархударовтың пікірінше, аударма үдерісінде аударма теориясының ешқайсысында ескерілмеген жеке дара, бірен-саран сәйкестіктерді табу аудармашылық қызметтің шығармашылық сипатын көрсетеді. Алайда, аудармашы аударма теориясын меңгермеген болса, онда аударманың коммуникативтік қызметі де, сәйкестігі де жүзеге асуы мүмкін емес. Осы арада аудармашы қызметін коммуникативтік акт ретінде, ал аудармашыны тіл, мәдениет, елдің ұлттық дәстүрлерін жақсы меңгерген, дүниетанымы мол мәдениетаралық коммуникацияның делдалы ретінде бағалауға болады.

Түпнұсқа мен аударма мазмұндарының бірдей болуы мүмкін емес жайт болғанымен де, түпнұсқаның мазмұнын барынша толық жеткізу аудармашының басты міндеті болып саналады. Екі тілде жасалған мәтіндердің мазмұнының барынша ортақтығын білдіретін сәйкестікті, аудармашылық сәйкестікті, аударма үдерісінде аудармашының қол жеткізетін түпнұсқа мен аударма мәтіндерінің мағыналық жақындықтарын ажырата білу қажет.

Аудармашының аударма үдерісіндегі рөлі, оның тұлғасының аударма мәтінге тигізетін әсері туралы мәселе көпшілік назарын аудартып, пікірталастар тудырып келеді. ХХ ғ. екінші жартысында аударма теориясы мен тәжірибесінде аудармашы рөлін «көрінбейтін» тұлға ретінде бағалап, аударма үдерісінде барынша бейтарап болуын талап етті. Алайда осы пікірді аударматанушылардың барлығы бірдей қолдамады. Мәселен, белгілі американдық аударма теоретигі Д. Робинсон аудармашыны бейтарап аударма машинасы емес, оны мұндай рөлде көру мүлдем дұрыс еместігін жазады. Аудармашының жеке тәжірибесі, яғни оның сезімі, көзқарасы, мотивациялары, ассоциациялары аударма мәтінде мүмкін ғана емес, сонымен қатар қажетті элементтердің бірі деп санайды.

Аудармашының елеулі рөлін жақтаушылардың пікірінше, кез келген аударма түпнұсқаның бір ғана интерпретациясын білдіреді, сондықтан да аудармашы өзінің интерпретациялық іс-әрекетіне батыл кірісуі керектігін алға тартады. Алайда, оқырманның түпнұсқа авторы туралы пікірі аудармашының интерпретациялық көзқарасына байланысты қалыптасады. Сондықтан да ол өз интерпретациялық қызметін саналы түрде ой елегінен өткізе отырып атқаруы тиіс деп санаймыз.

Әр аудармашының өзіне тән аудару тәсілдері бар, қазіргі заманғы зерттеу әдістері арқылы аудармашының жеке сөз бен сөз орамдарын, синтаксистік құрылымды, терминологияны және т.б. таңдауда аңғарылатын құштарлықтарын айқындауға болады. Мұндай талдау оның жұмыс сапасын бағалау үшін маңызды. Өйткені, қандай да бір ой әр тілде түрліше көрініс таба алады. Мәселен, ғылыми мәтіндерді аударуда ой дұрыс әрі түсінікті жеткізілу маңызды. Көркем аударма түпнұсқаға жақын болып қана қоймай, аударылған шығарманың эстетикалық күш-қуатын сақтауы тиіс.

Көркем аударманы ең биік өнер деп санаған К. Чуковский аударма өнерінің шеберлері жайлы: «Шебер аудармашылар орта кәсіпті аудармашылардан синонимдердің бай қорына ие болуымен айрықшаланады.

Синонимдерді жинақтай отырып, аудармашы оларды тәртіпсіз үсті-үстіне үюі тиіс емес. Ол синонимдерді стиль бойынша дәл қолдансын, өйткені әрбір сөз сентиментальды, салтанатты, әзіл-оспақты, іскери стильге ие» [3, 62], – деп, синонимдік қатарды ретіне қарай қолдану аудармашылық шеберліктің бір қыры екендігін алға тартады. Сонымен, аударма үдерісінде тілдегі синонимдік қатарды орынды қолдана білу де аудармашы шеберлігінен туындайды. Осы тәрізді тәсілдер аудармада түпнұсқаның көркемдік күш-қуатын, эстетикалық әсерін жеткізуге септігін тигізеді.

Көркем аударма өзге тілде қайта жаңғыртылған әдеби шығарма болғандықтан, ол – сөз өнерінің айрықша бір түрі, ал аудармашы – екі мәдениеттің тоғысуында өмір сүруші өнер иесі, айрықша суреткер. Аудармашының ажырамас талантының бір қыры – аударма сюжетін жеткізуде түпнұсқаның беретін әсеріне тең әсер қалдыра білу.

Автор мен аудармашы арасындағы шығармашылық айырмашылыққа келсек, көркем материал жазушы ойының қайнар бұлағынан шыққан көркем материалды аудармашы дайын күйінде қабылдап, өз шығармашылық шеберханасында талдаудан өткізіп, ана тілінде қайта жасайды. Түпнұсқа шеңберінде осы барлық өмірлік оқиғалар, сезім мен күйініш-сүйініштер, образдардың портреттері мен олардың рухани-психологиялық әлемі аудармада қайта жаңғырады. Мысалы, кескін-келбеті, киім киюі, дауысы, сөйлеу нақышы, өзін ұстау мәнері сияқты адамның мінез-құлқын құрайтын барлық нақтылықтар абстрактілі құбылыстармен бірлікте, үндестікте болуы тиіс. Осы тұрғыдан алсақ, аудармашы да – жазушы. Ол шығарманы жазған жазушыға бағына отырып, бойына бір ғана мәдениетті емес, бірнеше мәдениетті, мәнерді сіңіріп, жазушы ретінде еңбек сіңіреді.

Тіларалық байланыс кезінде автор мен оқырман арасында аудармашы тұлғасы көрініс табады. Тіл табиғатының жүйелі сәйкессіздіктері сияқты мәселелермен қатар өзгенің мәтінін аударуда аудармашының дүниетанымында қалыптасқан тұлғалық, әлеуметтік және басқа да факторлар шығармашылық қайта жаңғырту үдерісіне өз ықпалын тигізеді. Мәтінді түпнұсқа тілін білмейтін оқырманға таныстыру үдерісінде аудармашының рөлі мен жауапкершілік деңгейін бағалау қиын. Бұл жерде аудармашылық этика туралы сөз қозғау орынды. Аудармашы өз шығармашылық даралығын аударатын авторының еншісіне қарай шектеуге тырысуы тиіс.

Аударма үдерісінде образдарды қайта жаңғырту мақсатында аудармашы негізінен төмендегідей үш шартты сақтағаны абзал:

  • образдың сыртқы портретін жасау;
  • образдың қызмет шеңберін қоғамдық ортамен байланыста суреттеу;
  • образдың ауызекі тілін қайта жаң-ғырту. Аудармашының басты шығармашылық өнерінің бір қыры – осы үш шартты өзара бірлікте сақтау, өйткені осы шарттардың әрқайсысы жекелей алғанда ешқандай мағынаға ие емес. Егер де аудармашы образдың сөзін, сөйлеу мәнерін ести алмаса, онда көзделген мақсатқа қол жеткізілді деуге болмайды. Аудармашы образдың ішкі жан дүниесін ашатын детальдарды суреттеуге қажетті сәйкес сөздерді іріктеуге аса мән беруі тиіс. Мұның барлығы да аудармашыдан еңбекқорлық, ізденімпаздық пен қатар асқан ыждаһаттылықты талап етеді.

Аудармашы әлемге өзі аударатын шығарма авторының көзімен қарай білуі тиіс. Аудармашы өзінің дүниетанымына ұқсас авторды дұрыс таңдай білуі оның шығармашылығын шабыттандыра түсіп, жұмысын біршама жеңілдетеді. Бұл жерде аудармашы мен жазушы арасында рухани үндестіктің болуы заңды құбылыс. Осыған байланысты Қ. Нұрмаханов:

«Бір авторды стилі, рухы, творчестволық табиғаты жағынан жақын бір адам аударсын, сонда аударма сапасы тәуір болып шығады» [4, 19], – деген тұжырымды алға тартады.

Көркем аудармада интерпретатор рөліндегі аудармашы түпнұсқа шығарманы интерпретациялау, яғни оны түсіну, түсіндіру, яғни талқылау қызметтерін атқарады. Бұл жерде автор мен аудармашы туындыларының, атап айтқанда, түпнұсқа мен аударма арасында толық математикалық сәйкестіктің болуы мүмкін емес.

Сонымен, аудармашы түпнұсқа мәтіннің интерпретаторы және аударма мәтіннің авторы ретінде аударма мәтінге түпнұсқаны өзіндік ұғынудың элементтерін қосады. Бұл жерде түпнұсқадан ауытқудың себептері негізінен қандай да бір лексикалық бірліктердің мағынасындағы елеусіз немесе едәуір өзгерістерге тіреледі.

Аударма үдерісінде аудармашының ұстанатын басты қағидаларын атап өтсек:

  • аудармашы түпнұсқаның мағынасын жетік түсінуі керек, алайда аудармашы оқырманға түсініксіз болатын жайттарды алдын ала ескере отырып, түсіндіре білуі тиіс;
  • аудармашы түпнұсқа тілі мен аударма тілін жетік меңгеруі қажет;
  • аудармашы аудармада түпнұсқаның мағынасы мен идеясын толық жеткізе білуі тиіс;
  • аудармашының тілі қабылдау үшін түпнұсқа авторының тілі сияқты шынайы және жеңіл болуы шарт;
  • аудармашы сөзге шешен болуы тиіс, ал аударма мәтін өз шынайылығын, табиғилығын сақтауы қажет.

Сонымен, аударматануда аударма үдерісі бірауыздан шығармашылықтың бір саласы ретінде қарастырылады. Демек, аудармашы қос тілдің қыр-сырын меңгерген, жазушылық қабілет пен жан-жақты білімге ие, ұдайы ізденіс пен тәжірибенің арқасында шыңдалатын шығармашылық тұлға екендігін ескерсек, аудармада аудармашының шығармашылық даралығы, өзіндік қайталанбас стилі көрініс табады.

 

Әдебиеттер

  1. Топер П. Традиции реализма (Русские писатели XIX века о художественном переводе). Вопросы худо-жественного перевода. – М., 1955.
  2. Сатыбалдиев Ә. Сөз қазынасының кеніші. – Астана: Аударма, 2008. – 328 б. 3 Чуковский К. Высокое искусство. – М.: Советский писатель, 1964. – 356 с. 4 Нұрмаханов Қ. Дәстүрлі достық. – Алматы: Жазушы, 1972. – 289 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.