Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Рәбиға Сыздық және қазақ тіл ғылымының өзекті мәселелері

Ғылыми мақалада қазақ тіл ғылымының көрнекті өкілі, ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздықтың қазақ тіл біліміндегі орны, зерттеу бағыттары мен алатын орны, ғалымдық тұлғасы сөз болады. Қазақ лингвистикасы ғылымы өзінің даму тарихында түрлі көзқарастар мен ғылыми тұжырымдардың, теориялар мен зерттеулердің куәсі болған. Сондай дәйекті тұжырымдар мен ғылыми зерттеулердің авторы, қазақ тіл ғылымында ғана емес, ұлт психологиясын дамытуда, болашақ ұрпақты тәрбиелеуде, жалпы қазақ халқының ұлттық болмысында өзіндік қолтаңбасы мен өрелі биіктігі бар Р. Сыздық – ғалым ретінде де, адамдық болмысы жағынан да қайталанбас тұлға. Академик тынымсыз ізденісі арқылы тіл ғылымының өзекті мәселелері қатарында аталатын әдеби тіл нормалары мен олардың қалыптасу ерекшеліктері, тіл мен сөйлеу мәдениетінің нормативті қалыптары, жазу мен емле заңдылықтары, Қ. Жұбановтың қазақ тіл біліміндегі орны, А.Байтұрсынов және тіл білімі мәселелері, лингводидактика және қолданбалы лингвистика, Абай тілінің ерекшеліктері, түркітану мәселелері, тарихи лексикологияның негізгі қырлары, көркем мәтін лингвистикасы және оны талдау, тіл білімінің жаңа бағыттары, қазақ тілінің синхрондық және диахрондық жағдайы, тілдегі мақсатты-стильдік саралану секілді тілдік проблемаларды көтеру арқылы жалпы теориялық және практикалық тұрғыдан маңызды тұжырымдардың жасалуына әлі күнге дейін ат салысып келеді.

Бүгінгі қазақ тіл ғылымы – бірнеше ғасырлар бойы дамып жетілудің жемісі. Өзінің даму тарихында аталмыш ғылым сан-салалы көзқарастардың, ғылыми тұжырымдардың және білікті зерттеушілердің куәсі бола отырып, дамуын тоқтатпай, бүгін де өрге ұмтылуда. Осы орайда тіл білімінің өзекті мәселелерін өткір айта және өзінің ғылыми зерттеулеріне арқау ете білген, зерделі тұжырымдарымен өз орнын тапқан, қазақ тілінің өзіндік болмысын танытқан, тіл білімінің даму, өзгеру, жаңару үрдісінен қалыспай келе жатқан ғалымдардың орны ерекше.

Ел болып, еңсе тіктегеннен кейін тіл ғылымын салааралық зерттеу, тіл тарихын жаңаша қарастыру, тіл біліміндегі лингвистикалық еңбектердің мәні мен маңызын ашу, қазақ тіл білімінің теориялық мәселелері мен практикалық қырларын ұштастыру, тілдегі түрлі бағыт-көзқарастармен таныса отырып, қазақ тілінің ұлттық болмысын, ұлттұтастырушылық қызметін ашу, саралау, тілді адаммен байланыста қарастыру т.б. мәселелер – ХХІ ғасырдағы қазақ тіл білімінің зерттеу нысанына айналған өзекті басымдықтар. Жоғарыда аталған өзекті мәселелерді шешу тіл білімінің өткен тарихымен және бүгінімен ұштастырылады. Себебі ғылым міндетті түрде ғалым есімімен, зерттеу еңбектерімен ғылыми тұжырымдарымен тікелей байланысты. Ал ғалымның еңбектерін жүйелеу, оның жан-жақты зерттеу бағыттарын ашу, өзектілігін таныту түптеп келгенде ғылымның даму тарихын зерттеу, тану, зерделеу, саралау болмақ.

Қазақ тіл білімі ғылымында ғана емес, ұлт психологиясын дамытуда, болашақ ұрпақты тәрбиелеуде, жалпы қазақ халқының ұлттық рухани болмысында өзіндік қолтаңбасы мен өрелі биіктігі бар Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының және Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың иегері Рәбиға Сәтіғалиқызы (Ғалиқызы) Сыздық секілді қайталанбас қазақ қызының өмір жолына, белестері мен бағындырған асуларына, ғылымда салған сара жолына ден қойып, зерттеу барысында оның бүкіл болмысын ашар тегінен дарыған, жастайынан ортасы қалыптастырған тұлғалық қасиеттерін айтпай өтуімізге болмас. «Рәбиға Сыздықтың адами қасиеттері мен ғалымдық табиғаты арасындағы тамырластық төркінінде осындай бір үйлесім үлгісі мен сұлулық сыры бары анық» [1, 7], – дегендей, Р.Сыздық – қазақ тілтаным ғылымында аса ерекше аталатын көрнекті тұлғалардың бірегейі. Ғалым бұл биіктікке өзінің табиғи туа біткен дарыны, жоғары танымдық қасиеті мен тынымсыз ізденісі арқылы жетіп отыр. Ғылымның ауыр жолында алмастай жарқыраған қазақтың біртума қызының қазақ тіл білімінде зерттеген тақырыптары мен салалары сан қырлы. Шешімін таппаған тартысты, даулы мәселелер, екі ұшты тұжырымдарға дәлелді ой айтып, тұшымды пікір келтіре білген ғалым әлі күнге дейін тіл білімін жаңаша, салааралық сипатта байланыстыра зерттеумен айналысып келеді. Рәбиға Сыздық туралы сөз болғанда, ең алдымен, оның қазақ тіл білімі мен қазақ әдебиеті мәселелері арасындағы «алтын көпір» екені ойға оралады. Себебі ол қос әлемді біртұтас, ажырамас бірлік ретінде қарастырып, бүтін дүние тудыра білді. Әдеби мұралардың, ақын-жазушылардың тілін зерттей отырып, қазақ лингвистикасында өзіндік қолтаңбасын қалдырды. Бұған мысал ретінде, 1950 жылдардан бергі көкірек көзінен өткізіп, ғылыми танымның биік деңгейіне жеткізген Абай тілін зерттеуі, түркітану мұраларын талдауы, ақын-жазушылар тілінің көркемдік әлемін саралауы – ғалымның алғашқы ерекшелігі. Тілдің бейнелік сипатын, сөз құдіретін, ұлт қазынасын саналатын қасиетті ана тіліміздің болмысын ашуда Р.Сыздықтың өзіндік қолтаңбасы мен мұралары жетерлік.

Р. Сыздықтың қазақ тіл білімін зерттеу арналары (автор құрастырған)

Сурет-1. Р. Сыздықтың қазақ тіл білімін зерттеу арналары (автор құрастырған)

Қазақ сөзінің даму тарихы мен мағынасын саралау – ғалым зерттеулерінде басымдыққа ие бағыттардың бірі. Ғалымның еңбектерін қарастырып отырған шақта кез келген адам өзінің ана тіліне, оның құдіретіне деген сүйіспеншілік сезімін сезінеді. Ғалым зерттеулерінің «Сөз құдіреті», «Сөздер сөйлейді», «Сөз сазы», «Абайдың сөз өрнегі» деп аталуының өзі де ғалым апамыздың сөз өнеріне, сөз байлығын қадірлей білуге деген құрметі болып саналады. Осы арқылы болашақ ұрпаққа ұлттық тәрбие беру көзі ретінде этнолингвистика саласына елеулі үлес қоса білді. Ол өзінің 1997 жылы жарық көрген “Сөз құдіреті” атты еңбегінде М.Әуезовтің 20жылдардағы әңгімелері тілінен бастап, Шерхан Мұртаза, Әбіш Кекілбаев, Мұхтар Мағауин, Сейдахмет Бердіқұлов, Оралхан Бөкеев, Асқар Сүлейменов, Тахауи Ахтанов, Қабдеш Жұмаділов, Кәдірбек Сегізбайұлы тәрізді қазақ көркем сөзінің қас шеберлері қаламынан шыққан туындыларға лингвостилистикалық тұрғыдан талдау жасап, олардың сыры мен сымбатын ашып береді. Сөз шеберлерінің шығармаларын сөз таңдау, сөз қолданыс, сөз әрлеу тұрғысынан зерттейді. “Сөздер сөйлейді” еңбегі ғалымның аса бір зеректікпен орындаған жұмысы болды. Тілшінің өзі айтқанындай: «Белгілі бір сөздің, не сөз тіркесінің бұрынғы және қазіргі қолданысына, яғни сөз мағынасының өзгерісіне, даму эволюциясына назар аудару. Бұл ана тіліміздің барша байлығын айқындай түсуге жол ашады» [2, 159]. Онда ақын-жыраулар тілінде кездесетін сан алуан тұрақты тіркестер мен мақалмәтелдер құрамындағы көне сөздердің байырғы мағыналары ашылып, олардың семантикалық өрім-өзгерістері сараланады. Еңбектің тарихи лексикология бойынша өте қажетті оқу құралының біріне айналуы сондықтан. Ғалым бұл кітапқа еңбегінің көп сіңгенін жазады. Кітапта қазіргі тіліміздегі бастапқы мағынасы күңгірттенген немесе мүлде ұмытылған, тарихи тұрғыдан түркі-моңғол, түркі-иран тілдеріне ортақ сөздердің әуелгі мәні анықталып, олардың түп төркінін анықтаудың жолдары мен тәсілдері, шарттары айқындалады. Бұл – екінші ерекшелік.

Үшінші ерекшелік – ғалымның сөздерді тікелей зерттемей, алдымен сөздерді «сөйлетіп», одан кейін ғылыми талдауға баруы. Сөзді қастерлеу мен қадірлеудің айрықша нысаны – сөз астарына көп мағына беру. Сөздің этимологиясын, оның қазіргі күнгі қолданысын талдау келе, қазақ тілінің байлығын, оның мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін жүйелі саралап береді. Қалың жұртшылыққа батырлар жырларындағы, лиро-эпостардағы, ХҮ-ХІХ ғасырда өмір сүрген қазақ ақын-жырауларының тіліндегі, бағзы мақал-мәтелдердегі мағынасы күңгірт, түсініксіз сөздер мен сөз тіркестерінің мәнін ашып берген «Сөздер сөйлейді» атты зерттеу еңбегін «Қазақ тілінің тарихи сөздігі» десек те болғандай. Осы зерттеуден екінің бірі бір кездері «бұршақ» сөзінің мағынасы аспаннан жауатын затқа да, өсімдік атауына да (мысалы, лобия бұршағы) еш қатысы жоқ «шағын бүлдірге жіп, шылбыр» екенін, «қарындас» сөзінің тек әйел адамға ғана емес, ер адамға да, жалпы туыстыққа байланысты атау болатынын, «жетім» сөзінің «құл» мағынасын білдіретіні сияқты аса қызық тілдік фактілер топтастырылған.

Төртіншіден, қажырлы еңбегімен уақыт тезіне төтеп беріп, аузынан нәрлі сөзі, қолынан құнарлы қаламы түспеген, өн бойынан ұлтына деген құрметі, ғылымға деген қызығушылығы өшпеген Рәбиға апай кеңес кезінің өзінде-ақ тіл білімінің көрнекті өкілі – А.Байтұрсынов жайында тұңғыш зерттеу монографиясын жазып, елеулі ерлік жасады десек, артық айтқандық болмас. Р.Сыздық – А.Байтұрсыновты тұңғыш зерттеуші ғалым ретінде, ұлттық санамыздың ояну тарихына үңілу, ұлттық ғылым қалыптасуының сара жолын ашу т.б. мәселелерді алға тартып, ұлттық сипатқа ерекше мән берді. Белді ғалымның «Ахмет Байтұрсынов» [3] атты монографиясы, баспасөз бетінде жарық көрген бірнеше ғылыми мақалалары – біз үшін, болашақ тіл мамандарына үлкен үлгі-өнеге болса, қазақтың қайсар қызы Рәбиға апайымыз үшін – халқы алдындағы парызын өтегендік деп білеміз. «Міне, қазақ халқының абзал ұлдарының бірі, ХХ ғасырдың бас кезіндегі үркердей шағын топ – демокарттық бағыттағы қазақ интеллигенциясының ең ірі, ең беделді өкілі, бір емес, екі рет заңсыз жазғырылып, сталиндік режимнің құрбаны болған Ахмет Байтұрсыновты осылай танимыз» [3, 50], дей отырып, төмендегідей батыл қорытындыларын жасайды:

  • Қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы, жаңашыл ағартушы;
  • Араб графикасына негізделген қазақ жазуының реформаторы;
  • Қазақ әдебиеті мен мәдениетін зерттеуші тұңғыш филолог-ғалым және Қазақстан ғылымын алғашқы ұйымдастырушылардың бірі, қоғам қайраткері;

«Ахметтану», «Байтұрсыновтану» ғылымдарының қалыптасуына негіз болған, одан әрі дамып-жетілуіне алғышарт жасаған Рәбиға Сыздық бұрынғы зерттелген дүниені қамтымай, жаңаша проблемалық мақсаттарды алға тарта білді. Ол проблемаларды былайша саралап, нақтылап, ғылымның жаңаша сипатына, жаңаша ғылыми жүйеге бағдар берді:

  • Ұлттық санамыздың ояну тарихына көз жіберу;
  • Ұлттық интеллигенция тарихына үңілу;
  • Ұлттық ғылымымыздың мәдениеттану, филология, лингвистика, педагогика сияқты тарамдарының пайда болып, қалыптасу тарихын зерттеу;

Бесіншіден, Р.Сыздық – түркітану саласында да елеулі еңбек сіңіріп, ұлттық құндылықтарымызды зерделеген дара тұлға. Білімі мен білігі, ақылы мен парасаты, ғалымдық табиғаты мен адамдық болмысы ұштасқан академиктің түркі мұраларын зерттеуі халқының бағалы туындылармен қайта қауышуына мүмкіндік бергені сөзсіз. Профессор Р.Сыздық түркітану ілімінде де өзіндік жолы бар зерттеуші. Бұл ретте оның «Язык Жами’ат-тауарих Жалаири» және «Ясауи «Хикметтерінің» тілі» [5] атты монографияларын ерекше атауға болады. Қадырғали Жалаиридің “Жами’ ат-тауарих” атты шежіресінің рухани мәдениет жағынан да, тілдік тұрғыдан да қазақ халқының байырғы дәуірінен қалған мұра екенін дәлелдеп шықты. Осы арқылы қазақ халқының рухани мұрасын байытуға айтарлықтай қомақты үлес қосты. Зерттеуді Жалаиридің дұрыс аты-жөні мен ныспысын анықтаудан бастаған ғалым, екі нұсқаны лингвотекстологиялық тұрғыдан салыстыра отырып, шежіре тілінің стилистикалық, лексика-фразеологиялық, графикалық және орфографиялық ерекшеліктерін зерделейді. Ғалым өзінің «Ясауи «Хикметтерінің» тілі» атты монографиясында хикметтердің Самарқант нұсқасы негізінде оның тіліне лексика-грамматикалық, текстологиялық тұрғылардан талдау жасаған. Р.Сәтіғалиқызы осы нұсқаның бастапқы түпнұсқаға ең жақын көшірме болып табылатындығын жазады. Зерттеу барысында ғалым лексикалық тұрғыдан да, грамматикалық тұрғыдан да Ясауи тілінің негізі қыпшақ-оғыз әдеби тілі деген қорытындыға келеді. Қос еңбек қазақ халқының рухани болмысы мен мәдениетін, әдебиетін танытуда баға жетпес мұра екені сөзсіз.

Алтыншыдан, қазақ әдеби тілінің тарихын зерттеуде өзіндік бағыт-бағдарды ұстануы. Қазақ әдеби тілі, оған берілген сан түрлі анықтамалар, даму, қалыптасу дәуірлері, пайда болуына негіз болған аймақтары, түп-тамыры, ауқымы туралы қазақ лингвистикасында таластартыс, дау-дамай, ортақ ұстаным-пікірлерге келе алмаушылық орын алғаны белгілі. Атабаба дәстүрімен келе жатқан халық ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің ара-жігін ажыратпақшы ғалымдарымызға қарсы ғылыми бағытын ұстанып, тайсалмай, дәлелді ойларымен Р.Сыздық күрес алаңына батыл шыға білді. Ешбір ғалымның пікіріне қарсы шықпай, жақтаспай, өзіндік бағытпен алға жылжыған батыл апайымыздың қазақ әдеби тілі жөніндегі пікірі әлі күнге дейін өз маңызын жоймақ емес. Қазақ сөзін халықпен тағдырлас деп қарап, сөз асылын іздеуден танбады. Сөздердің этимологиясына, мағыналық қырларына, қолданыстан шығып қалған тұстарына мән беріп, сөзді ұғымдық тұтастандыруға ұмтылды. Ғалымның еңбегі тек сөзді тұтастандыруға ғана емес, қазақ лексикасын зерттеу арқылы ұлттық танымымызды, санамызды, ойлауымызды дамытуға, яғни ұлттұтастырушылық қызметті де бірге атқарды. Келесі ерекшелігі – Р.Сыздықтың Абай тілін зерттеп, зерделеуі. Қазақ халқының ұлы ақыны Абайдың туындыларын салааралық сипатта, яғни әдеби туындыны тілдік тұрғыдан талдауға бетбұрыс жасаған академик зерттеулері сан қырлы, яғни сөз қолдану, сөз таңдау, сөз құбылту, сөз үйлестіру, сөз үндестіру секілді аспектілерде жүргізілген. «Абайтану» ғылымының бір саласы ретінде дамыған Абай тілін зерттеу – профессор Р.Сыздық айрықша күш жұмсаған зерттеу нысанасы. Абай тілін танудың қырлары, «жүрекке жылы тиетін» тұстары мен ерекшеліктері, көркемдік әлемі Рәбиға Сыздықтың көкірек көзінен өтіп, сүбелі ғылыми еңбектер мен ғылыми зерттеу мақалаларына айналды. Осы беталыста академик Р.Сыздық тіл біліміндегі «Абай әлемін» құрды. Әрине, ғылым аяқталған кітап болып саналмайды, ешқашан да олай болған емес және болмайды да. Әрбір мәнді, маңызды жетістік жаңа мәселелерді алға тартады. Осындай жетістіктердің қатарында Р.Сыздың зерттеулерінің келесі айрықша белгісі ретінде қазақ тіл білімінің жаңа бағыттары немесе салааралық сипаттарын атауымызға болады. Когнитивті лингвистика, психолингвистикалық қырлар, этнолингвистика сынды тіл білімінің жаңа бағыттары – Р.Сыздық зерттеулерінің бірталайына тән аспектілер. Ғалым енді бірде: «Тегінде Абай уайымшыл емес, өмірді сүйген, тамашалай білген, әр нәрсеге үмітпен қарай білген суреткер. Мүмкін, сондықтан да Абайда жақсы сөзі 130 рет, жаман сөзі 46 рет, жақсылық сөзі 33, жаманшылық сөзі 18 рет, дос сөзі 60, достық 28 рет қолданылса, дұшпан 18-ақ рет, өмір 113 рет, өлім 26 рет аузына үйірілген болар» [6, 253], — деп ақын тіліндегі позитивті мағыналы сөздердің қолданыс жиілігін Абай оптимизмімен байланыстырады. Бұл – болашақ ұрпақты ұлттық қасиеттерге, ұлттық ойлау жүйесіне баулудың, адами қарым-қатынас ерекшеліктерін ұғындырудың бірден-бір жолы деп атасақ, қателеспеген болар едік.

Ұлттық қасиетті бойға сіңіртетін рухани бастауларға: тіл, ойлау қабілеті, салт-дәстүр, тәрбие, психология жатса, бұл ұғымдар бірбіріне тәуелді. Тіл – ойды жүйелеуші, демеуші, жарыққа шығарушы болса, тәрбие – психологияны қалыптастырушы. Салт-дәстүр – ұлттық өмір сүру дағдысы, ұлттық психология – халықтың табиғи даралығы. Осы аталған тұтастықтардың барлығы Р.Сыздықтың лингвистикалық зерттеулерінде орын алып, өз маңызын жойған емес. Себебі, ғалымның әр зерттеуінің, әрбір ұлағатты сөзінің өн бойында ұлттық сананы, ұлттық ойлау жүйесін қалыптастыру, зерттеулеріне ұлт психологиясының құрамдас бөліктерін арқау ету басты назарына алған өзекті мәселелер екені айғақ.

Сурет-2. Рәбиға Сыздықтың Абай мұраларын тілдік бағытта зерттеулері

«Абайдың сөз өрнегі»

«Абай шығармаларының тілі»

Р.Сыздық қалыптастырған тіл білімінің

«АБАЙ ӘЛЕМІ»

«Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысы»

«Абай және қазақтың ұлттық әдеби тілі»

Сыздықты лингвистикалық бағытта зерттеуден туған тұжырымдар

Сурет-3. Р. Сыздықты лингвистикалық бағытта зерттеуден туған тұжырымдар

Мемлекетіміздің рухани құндылықтарының бастысы – білім-ғылым десек, бұл тұрғыдан, ұлтымыздың сүйікті қызы, қазақ тіл ғылымының көрнекті қайраткері Рәбиға Сәтіғалиқызының азаматтық, ғалымдық, ұстаздық келбеті, өзіндік мектебі айқын қалыптасқан дер едік. Бүгінде ақыл мен ойдың кемелденген, тәжірибе мен көрегендіктің толысқан, шынайы шеберліктің шыңына шыққан шағындағы ұстазымыз Рәбиға Сыздықтың жарты ғасырдан астам уақытты қамтитын ғылыми-шығармашылық белестері қай-қайсысымызға да өміршең өнеге, тамсанарлық тағылым. Ең алдымен ғалымның тұлғалық қасиеттері болашақ ұрпаққа үлгі болуы тиіс. Қазақ тіліне, сөзіне деген құрмет, ұлттық құндылықтарды сақтауға деген талпыныс – кез келген ғалымның бойынан табыла бермейтін тұлғалық қасиеттер. Осыдан келіп, ғалымның осы қасиеттерін лингвистикалық зерттеулері арқылы болашақ ұрпаққа жеткізу, санасына сіңіру, маңыздылығын таныту мақсатында талай жұмыстар жүргізу қажеттігі туындайды. Бұл – болашақтың, яғни біздің асыл міндетіміз.

 

Әдебиеттер

  1. Оразбаева Фаузия. Көп туса қазақ дәл сіздей қызды... [Мәтін] // Қазақ әдебиеті. – 2009. – №14. – Б. 7.
  2. Сыздық Р. Сөздер сөйлейді (Сөздердің қолданылу тарихынан). Толықтырылған 3-басылымы. – Алматы: Арыс, 2004. – 232 б.
  3. Сыздықова Р. Ахмет Байтұрсынов. – Алматы: Қазақ ССР «Білім қоғамы», 1990. – Б. 52.
  4. Сыздыкова Р. Язык «Жами ат-тауарих» Жалаири. – Алма-Ата: Наука, 1989. – 243 с.
  5. Сыздықова Р. Ясауи «Хикметтерінің» тілі. – Алматы: Сөздік-Словарь, 2004. – 552 б.
  6. 6 Сыздықова Р. Абай және қазақтың ұлттық әдеби тілі. – Алматы: Арыс, 2004. – 614 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.