Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Аксиологиялық лингвистикалық талдаудың аспектілері

Мақалада лингвистикалық аксиологиялық аспектілер баяндалады. Тіл біліміндегі құндылықтарды лингвистикалық аксиология қарастырады. Зерттеу парадигмасында аксиологиялық талдаудың басты ұғымдарына: бағалау, баға, құндылық, құндылықты мағына, құндылықты бағдарлау жатады. Осы мақалада құндылықтар классификациясы мен бағалауға түсінік беріледі. Жоспарлы негізде аксиологиялық талдау жүргізіліп, тіл білімі саласында маңызы бар тұжырым ретінде алынады.

Жалпы аксиологиядан біз тілге қатысты «лингвистикалық аксиологияны» қарастырамыз. Аксиология мен тіл білімінің арақатынасы бізге тілдің аксиологиялық аймағын қарастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар «Адам – Тіл – Әлем» жүйесінде адам және қоғам болмысы қалыптасуының негізгі мағыналары арқылы көрініс табуы назарға алынады. Бұл бағыттың мақсаты – тілдік тұлғаның ішкі әлемін танудың әдісі мен технологиясын анықтау, тілдік мәліметтер арқылы тұлға мен қоғамның құндылыққа деген көзқарасын зерттеу.

Адам өмірінде құндылықтар табиғи, мәдени, танымдық, этикалық, эстетикалық және т.б. болып келеді. Сондай-ақ, тіл жүйесіндегі лингвистикалық құндылықтар да болады. Тіл арқылы сөйлеуші адам құндылықтар әлемінде өз орнын тауып, басқа да субъектілермен байланыс орнатады. Құндылықтар өзара байланыста болып, құрылымдық жүйе құрады. Құндылықтарды біз негізгі және қосымша деп екі үлкен топқа бөліп қарастыратын болсақ, онда негізгі құндылықтар адам үшін ең маңызды, тіпті ол үшін өз өмірін де қиюға дайын болатын құндылық болып табылады. Осыған орай лингвистикалық аксиология мына жүйеде қызмет етеді: «Адам – Тіл – Қоғам – Мәдениет – Әлем». Бұл жүйе әлеуметтік маңызды әлем құрып, бір жағынан тілде қолданылса, екінші жағынан сөйлеу актісінде дирскурстық бірліктер немесе мәтін арқылы адамдар қарым-қатынасын білдіреді.

Жалпы аксиологиядан біз тілге қатысты «лингвистикалық аксиологияны» қарастырамыз. Аксиология мен тіл білімінің арақатынасы бізге тілдің аксиологиялық аймағын қарастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, «Адам – Тіл – Әлем» жүйесінде адам және қоғам болмысы қалыптасуының негізгі мағыналар арқылы көрініс табуы назарға алынады. Бұл бағыттың мақсаты – тілдік тұлғаның ішкі әлемін танудың әдісі мен технологиясын анықтау, тілдік мәліметтер арқылы тұлға мен қоғамның құндылыққа деген көзқарасын зерттеу.

Тілді зерттейтін ғылым үшін әлеуметтік бағыттың алатын орны ерекше. Бұл туралы зерттеуші Е.Д. Поливанов былай дейді: «Тіл білімі өзінің зерттеу объектісіне тікелей қатысты болуы үшін, ол әлеуметтік ғылым болуы керек» [1, 178]. Яғни, тілді зерттеуде біз әлеуметтік ортаны, қоғамды, басты объект ретінде қарастырамыз. Тілді әлеуметтік тұрғыдан зерттеуде тіл тарихи-әлеуметтік факт ретінде қарастырылады; тілді бағалау арқылы аксиологиялық талдау қарым-қатынас құралы болады; әлеуметтік-экономикалық және тілдік құбылыстардың өзара байланысын анықтау назарға алынады. Тілді әлеуметтік бағытта зерттеу кезінде тіл мен әлеуметтік факторлардың байланысы ғана емес, сонымен бірге тілде әлеуметтік құндылықтар мен әлеуметтік ұстанымдар, тұлғааралық қарым-қатынас кезіндегі әлеуметтік аспект, тіл мен әлеуметтік өмірдің семиотикалық және прагматикалық аспектілерде бір-біріне ықпал етуі секілді ұғымдардың көрініс табуы басты орынға шығады. Әлеуметтік лингвистиканың тілді зерттеуде, мәтінде немесе дискурста тілді қолданушының қоғамда алатын орны мен дәрежесі ескеріледі. Тілдесушілердің сөздері арқылы дискурсты талдауда қоғамдағы жағдайды бағалау жүзеге асады.

Құндылықтарды зерттейтін саланы аксиология деп атайды. Аксиология (грек, axios — құңды, logos — ілім) – құндылықтардың табиғаты, олардың әлеуметтік шындықта аталған орны және құндылық әлемінің құрылымы туралы философиялық ілім. Мәдениеттануда құндылықтар мәселесі ерекше орын алады, өйткені мәдениет адамзат жасаған барлық құндылықтардың жиынтығы деген түсінік кең тараған. Құндылықтардың болмыстық жалпы мәнін ашуға бағытталған аксиологияның философиялық қырынан, оның мәдениеттанулық өлшемі өзгеше болып келеді. Аксиология әртүрлі өркениеттердің жетістіктерін, мәдени құндылықтардың қалыптасуын, нақтылы даму тектерін және бағдарларын айқындайтын білімдердің нақтылы-тарихи жүйесі ретінде көрініс тапты.

Әлеуметтік және аксиологиялық тіл білімінің тілдік талдау жүргізуде операционалды аспектісі маңызды орында тұр. Ю.С. Степановтың көрсетуі бойынша: «Дискурс –ерекше идеалогия, ерекше менталдылық үшін тілді ерекше қолдану; тілді ерекше қолдану ерекше грамматика мен лексиканың ерекше ережелерінің пайда болуына әкеледі»[2, 38].

Соңғы жылдардағы бағалауыштық және әлеуметтік зерттеулер қоғамдық-саяси дискурста өзгерістер болғанын көрсетті. Бұл өзгерістер төменде берілген семантикалық жүйелерде көрініс тапты:

  • семантикалық деривация – концепт құрылымында жаңа базалық қабаттардың пайда болуы;
  • мағыналы модификация – когнитивті қабаттың құрамында белгілердің қайта құрылуы;
  • концептінің мағыналы құрылымының өзгеруі – сөз құрамының өзгеруі;
  • сөз өзгерісі – концептуалды мағынаның эволюциясы, мағынаның әлсіреуі, жоғалуы;
  • концептінің мағыналы құрылымының деидеологиялануы;
  • неологизмдер семантикасының идеологиялануы – әлеуметтік ортаға байланысты[3, 110].

Тіл концептосферасындағы өзгерістер алғашында жеке адам санасында, содан соң қоғам санасында көрініс табады.

Әлеуметтік қарым-қатынаста операционалды аспекті құнды негіздемелердің құрылу шарттарына сәйкес жаңа идеялардың пайда болуына әсер етті. Бұл концептуалды аксиологиялық ортада жақсы мәтіннің, шығарманың тууына негіз болады.

Дискурс қоғам пікірінде әлеуметтік маңызы зор мағыналы сөздердің шындық ортасын құрайды. Жаңа мағына әлемі жеке пікір арқылы туындайды. Мағына әлемі адамның қалауына, қажеттілігіне қарай өзгеріске ұшырайды. Мағына әлемі бір бағытты емес, сондықтан ол мағынаның арнайы қарым-қатынас тіл бірліктерін қолдануын қажет етеді.

Лингвистикалық аксиология әлеуметтік маңызы бар құнды қатынастарды бағалау әдісімен мәдениетте, уақыт пен кеңістікте зерттеуге негізделген. Лингвистикалық талдау тілдік құрылымдар мен жүйелерді талдауға бағытталған баяндау-мінездеу, ой ұшқырлығына негізделген тіл мен сөйлеу әрекетінің, сонымен қатар философияда, мәдениеттануда, семиологияда, әлеуметтік психологияда ерекше бағалау мағынасында жұмсалатын сөздермен берілген концептілерді талдауға құрылған. Осындай лингвистикалық аксиологиялық талдау міндетті түрде мағыналарды бағалауыштық тұрғыдан зерттеуге бағытталған болуы керек.

Н.Д. Арютюнованың пікірі бойынша бағалау – бұл когнитивті акт, соған сәйкес адамның өмірі мен қызметінде алатын орнын анықтау үшін субъектінің бағаланатын объектіге қатынасы белгіленеді[4, 124]. Осы орайда мәтіннің екі түрі анықталады: жалпыға ортақ пікірге негізделген мәтін мен жеке пікірді білдіретін мәтін. Жеке пікірді білдіретін мәтіндерде, «аксиологемалар», адамның ойын білдіретін құнды сөздер қолданылады. «Аксиологема» терминімен дискурсті әлемдегі бағалау ұғымын білдіретін кез-келген тілдік бірліктерді атауға болады. Бұл, ең алдымен, бағалауыштық пікірлер, тұрақты сөз тіркестері, біліктілікті білдіретін атауыштық сөздер.

Зерттеу парадигмасында аксиологиялық талдаудың басты ұғымдарына: бағалау, баға, құндылық, құндылықты мағына, құндылықты бағдарлау жатады.

Терминдер жасау тарихында мағыналылығы жағынан алғашқы орынға «құндылық» ұғымы шығады. «Құндылық» ұғымын философиялық категория ретінде қарастыруды Г. Лотце философиясымен байланыстыру қалыптасқан. «Құндылықтарды анықтау» шынайы болуы қажет нәрсеге жатады, яғни, бар болу әлеміне. Құндылықтарды одан ары дамытуда Г. Лотце енгізген «мағыналылық» ұғымын қарастыру маңызды болды.

Жалпы алғанда адамзат құндылықтарды оған деген құштарлық, оны тануға деген ынта мен оны құрметтеу немесе керісінше әрекет деп түсінеді. Бұл тұрғыдан алғанда құндылықтар жалпыға ортақ мақсат, оған жету жолдары мен бастапқы нормалар қызметін атқарады. Қандай да бір заттың бар болуы шынайы құндылық ретінде интеллектуалды қатынасты емес, эмоциялық қарым-қатынасты білдіруі маңызды болып отыр. «Эмоциялық қатынастар: сезім, махаббат, жек көру, толқу, ұнату. Бұлар ой жүйесіне тәуелсіз этиканы анықтау құралдары»[5, 547].

«Құндылық» сөзінің генезисінде үш мағынаның бірігуі бар: 1) құндылықтық қатынас объектісі ретінде қолданылатын заттар (феномендер) құрамы; 2) осы қатынастың субъектісі болатын адамдардың психологиялық қасиеттері; 3) адамдар арасындағы қарым-қатынас, бұл арқылы құндылықтар ортақ мәнділікке ие болады. Құндылық ұғымының мәні мынада: құндылық болып белгілі бір нәрсеге деген қызығушылық, тілек, сондай-ақ, адам үшін, оның мақсаттары үшін маңызды объект танылады. Құндылық пен мақсаттың арақатынасы мынада:

«Генетикалық тұрғыдан құндылықтар мақсаттан туындайды. Ал мақсаттардың жүзеге асуы құндылықтарға қатысты болады»[6, 216].

Позитивті құндылық (жақсылық) – бұл объектінің ол жайлы ойына сәйкестілік. Г.П. Выжлецов құндылықты субъектаралық қатынас деп таныса, М.С. Каган субъект пен объект қарым-қатынасы жүйесінде құндылықтық қатынастың болатынын жазады[7, 205]. Құндылықтар: а) адамдардың өз мақсаты мен мінез-құлқының нормалары ретінде; ә) фундаментальды нормалар қызметін атқаруда; б) мәдениет мәнін ашуда; в) адамдар әрекетінің қызығушылық және орындалу шартына әсері; г) қоғам мен жеке адам негізінде сипатталады. Осыған сәйкес мынадай қорытындыға келеміз: құндылықтар қоғам мен адамнан тыс өмір сүрмейді; адамға қатыссыз ешбір зат өздігінен құндылық болмайды; құндылықтар адамның қызметіне, әрекетіне байланыстықалыптасады. Осылайша адам мен құндылықтар өзара тығыз байланыста болады екен.

«Жалпылай бағалау» ұғымына сай кез келген объект жақсы немесе жаман бағалануы мүмкін. Яғни «құндылықтар» аксиологиялық статусында құндылықтарды анықтаудың 5 дәстүрлі аймағы қарастырылады:

  • Шындық аймағы, бұл жерде құндылықтар «шынайы/жалған» терминдерімен анықталып, заттар мен құбылыстардың бар болуы мен олардың қасиеттерінің сапасына мән беріледі;
  • Сұлулық аймағы – эстетикалық аймақ. Мұнда құндылықтар «әдемі/ұсқынсыз» терминдерімен анықталып, адам өзі тудырған немесе адамның сол заттар немесе құбылыстарға байланысты туындаған ойларының бақылау әлеміндегі бағалау көрінісі;
  • Этика аймағы, құндылықтар «жақсы/жаман, жақсылық/жамандық» терминдерімен анықталады. Адамның әлеуметтік ортада, қоғамда өзін-өзі ұстауы.
  • Қанағаттану аймағы, «жағымды/жағымсыз» терминдерімен құндылықтар анықталады. Адамның адамдармен, заттармен, құбылыстармен қарым-қатынас кезінде жақсы сезімде болуы;
  • Пайда аймағы, бұл прагматикалық аймақ. Құндылықтар «пайдалы/пайдасыз/зиянды» терминдерімен беріледі. Бағаланатын объектінің әкелетін пайдасы мен зиянды жақтары анықталады.

Жоғарыда келтіріліп отырған құндылықтар типологиясын жоққа шығаруға болмайды. Сонымен қатар құндылықтарды біз позитивті және негативті, жалпы және жалқы, субъектіге және объектіге қатысты деп бөлеміз. Мазмұны жағынан заттық, этикалық, эстетикалық және логикалық, жақсылық, сұлулық, шындық терминдеріне байланысты бөлеміз.

Өмір сүруіне қарай құндылықтар деректі және дерексіз; ортаға байланысты – әлеуметтік, мәдени, табиғи; адам өміріне қатысты – тұтыну құндылықтары және тұрмыстық болып бөлінеді. «Жалпы адамзаттық» құндылықтар мәдениеттің дамуын және тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар ұлттық (ұлттық аксиосфера), саяси-әлеуметтік, индивидуалды жеке құндылықтар (жеке аксиосфера) бар. Антропология мен психологияда құндылықтар діни және эмоциялық факторларға байланысты позитивті, негативті, абсолютті деп бөлінеді. Мәдениетте маңыздылығына қарай бірінші орындағы, екінші орындағы, үшінші орындағы құндылықтар деп қарастырылады.

Ю.Г. Вешнинский өз еңбегінде құндылықтарды бір жүйеге келтіріп, мысал бере отырып 13 типке бөледі[8, 26]:

  • мемлекеттік-саяси, әскери, азаматтық, құқықтық құндылықтар (күш, қауіпсіздік, заңдылық, әділеттілік, т.б.);
  • тарихи-мәдени құндылықтар (уақыт байланысын беретін барлық құндылықтар, мәденитарихи естеліктер, салт-дәстүрлер, т.б.);
  • қарым-қатынас құндылықтары (қоғам мен ұжымда құндылықтардың таралуы);
  • экологиямен байланыстырылатын табиғи құндылықтар (таза ау, таза су, денсаулық, халықтың өмір сүру ұзақтығы, т.б.);
  • ғылыми-танымдық құндылықтар ( білім, ғылым, біліктілік, білім беру жүйесі, т.б.);
  • жеке адам құндылықтары (адамның өзін қалыптастырудағы жеке құндылықтары);
  • діни құндылықтар (Құран, мешіт, иман, шіркеу, символ, т.б.);
  • әлеуметтік құндылықтар (халықтық, буржуаздық, интеллигенттік, париялық, т.б.);
  • эстетикалық-көркем құндылықтар;
  • аумақтық, жергілікті құндылықтар («Петербург жаны», «Арбат жаны», т.б.);
  • экономикалық құндылықтар (шаруашылық білімдер, заттық орта, халық – байлық мағынасында);
  • этикалық құндылықтар;
  • ұлттық құндылықтар (тіл, фольклор, салтдәстүр, т.б.).

Жүйелеу логикасына сүйенсек бұл тізімді басқа да құндылықтармен толықтыруға болар еді. Мәселен, қоғамның тұтыну құндылықтары (жаңа зат, сән, жайлылық, қол жетімділік, т.б.), ұжымдық құндылықтар, т.б.

Лингвистикалық аксиология үшін ең алдымен аксиологиялық парадигмадағы «бағалау» концептісін қарастыру маңызды. Бағалау – танымдық феномен ретінде сапаны анықтау формасы. Бағалау, жалпы алғанда, әлемді тану. Өмір сүру кеңістігіндегі субъектінің қабылдау, тану тәжірибесі.

«Адамды қоршаған ортамен, табиғатпен, әлеуметтік және басқа да шындықпен, адамдармен байланыстырып, құндылықтар әлеміне енгізетін бағалау болып табылады» дейді Нечепуренко [9, 175].

Ал А.Н. Барановтың пайымдауынша бағалау когнитивті жүйе ретінде мына бөлімдерден тұрады:

  • бағалау объектісін(зат) таңдау;
  • бағалаудың негізін таңдау;
  • зат пен оның белгілерін қарастыру;
  • бағалау белгісінің мағынасын көрсету;
  • бағаланып отырған заттың белгілерін көрсету;
  • шешім қабылдауда бағалаудың қатысуы

[10, 35].

Қазіргі таңда бағалаудың типологиясын дәл анықтап беру мүмкін емес, себебі бағалау жүйе-сі бағалаудың бағытына, бағалауды жүргізу әдісіне, және де адамның іс-әрекетіне байланысты. Шартты түрде бағалаудың мынадай түрлерін ажыратып көрсетуге болады:

Жалпы бағалау, белгілі бір объектінің жағымды немесе жағымсыз жағын көрсетеді.

Көзқарасты білдіретін бағалау, белгілі бір затты немесе құбылысты бағалау кезіндегі сөйлеушінің шынайы көзқарасын білдіру. Мұнда

пікірдің шындыққа жанасу-жанаспауы қыстырма сөздер арқылы беріледі (мүмкін, менің ойымша, сөзсіз, бұған қарағанда, т.б.).

Нақты бағалау, қайта тексеруге жатпайтын бағалау түрі. Бағалаушының дәлеледемелерге қарап, өз пікірін нақты беруі.

Шартты бағалау, қайта тексеріп, қайта бағалауға болатын қабылдау мәліметтеріне негізделген бағалау.

Жеке бағалау, бір адамның пікіріне негізделген бағалау.

Топтық бағалау, бірнеше адамның пікіріне негізделген бағалау.

Шексіз бағалау, ешқандай жүйеге негізделмей, ешқандай ережеге сүйенбей адамның қалауына қарай бағалау.

Дарынды бағалау, ойлау жүйесі мен білімді бағалау.

Жүйелі бағалау, бағалаушының бір жүйе бойынша бағалау түрі.

Дәрежелі бағалау, бағалаушының дәлелдемелерге қарап отырып, объектінің немесе субъектінің қай дәрежелі екенін анықтауы.

Көңіл-күйге байланысты бағалау, бағалау кезінде бағалаушының көңіл-күйін білдіреді (қуаныш, реніш, өкініш, қорқыныш, таңдану, т.б.).

Бағалау арқылы біз құндылықтарды танимыз. Баға беру арқылы лингвистикалық аксиологиялық талдау жүргізіп, әлемнің тілдік суретінде аксиологиялық аспектілерді көрсетеміз.

Құндылық ұғымымен байланысты аксиологиялық талдауларға негізінен философтар мен әлеуметтанушылар көп көңіл бөлген. Бірақ 1917 жылы шыққан «Тіл біліміне кіріспе» еңбегінде Бодуэн де Куртене: «Ойлау мен тілдік (лингвистикалық) ойлау жүйесінің тұрғысынан фонемалар өздігінен ешқандай мағына бермейді. Олар тек семасиологиялық және морфологиялық түсініктерді білдіретін тілдік элементтер құрамына кіргенде ғана тілдік құндылықтар болып қарастырылады». Бодуэн де Куртене жекелеген тілдік бірліктер: фонемалар мен морфемалардың құндылығына көңіл аударған. Аксиологиялық аспектіде фразеологизмдер сияқты маңызды тілдік бірліктер арқылы берілетін құндылықтарды талдау ерекше қызығушылық туғызады.

 

Әдебиеттер

  1. Поливанов Е.Д. Круг очередных проблем современной лингвистики // Статьи по общему языкознанию / Е.Д. Поливанов. – М.: Наука, 1968. – С. 178.
  2. Степанов Ю.С. Альтернативный мир. Дискурс. Факт и принцип Причинности // Язык и наука конца ХХ века. – М.: Гнозис, 1995. – С. 35–73.
  3. Беляков, Серебренникова 2005; Стернин: цит. По Трошина 2008: 110–111.
  4. Арутюнова Н.Д. Типы языковых значений: Оценка. Событие. Факт. – М.:Наука, 1988. – 124 с.
  5. М. Шелер; цит. по: Краткая философская энциклопедия,1994: 547
  6. Ильин В.В. Аксиология. – М.: Изд-во МГУ, 2005. – 216 с.
  7. Каган М.С. Философская теория ценности. – СПб.: ТОО ТК «Петрополис», 1999. – 205 с.
  8. Вешнинский Ю.Г. Аксиология культурного пространства-времени (в границах постсоветского культурного пространства) // Мир психологии. – 2005.– № 4. – С. 226.
  9. Нечепуренко Т.Л. Социокультурный компонент языковой личности как предпосылка развития системы оценки – М.МГПУ, 2006. – С. 173–179.
  10. Баранов А.Н. Аксиологические стратегии в структуре языка (паремиология и лексика) // Вопросы языкознания. – 1989. – № 3. – С. 35.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.