Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Публицистикалық стильдегі сөз жанрларының прагматикалық аспектісі

Бұл мақалада – медиамәтін тілінің жанрлық ерекшелігі, сондай-ақ публицистикалық стильдің прагматикалық аспектісі жүйелі түрде жан-жақты қарастырылады. Заманауи сөз жаңа формат пен мәселенің әр қиырын, түрлі бағытын қамтиды. Сөз жанрларының көркемдік күші – адам жанының тереңіне еніп, қоғамдық мәселелерді қозғап, қоғамға ой салып үндейді. Публицистикалық стильдің ауызша түрі бүгінгі мәдени коммуникацияның жоғары формасын құрайды.

Әдеби тіл – қоғам өмірінің сан-саласын қамтитын, қоғам мен әлеуметтің қажеттерін өтейтін қатынас құрал. Сала-сала бойынша қызметінің түрлері көбейген сайын әдеби тілдің функционалдық стильдің тармақтары қалыптасып, бір-бірінен ара-жіктері ашылып, дамиды. Осы даму барысында функционалды стильдердің сөз жанрлары көбейеді, сөз байлығының қатары түзіледі, жиі қолданылатын сөздер тобы анықталады. Ал әдеби тіл әр стилі деңгейлік дәрежеде жан-жақты зерттелді деп айта алмаймыз. Сондай зерттеуді қажет етіп тұрған функционалдық стильдік тармақтың бірі – публицистикалық стиль, атап айтсақ, оның негізін құрайтын сөз жанрлары болып табылады.

Ізденіс барысында қарастырылған мәселелердің шешімін іздеуде белгілі публицистердің теориялықтанымдық еңбектері басшылыққа алынды.

Қазіргі таңда ғалымдардың «сөз жанрларына» анықтама беріп, зерттеп-зерделеуінің мәні – ең алдымен бұл тілдік заңдылық жаңа антрополингвистика бағытының құрылымдық элементі тұрғысынан мәдени және тілдік құндылықтарды сақтаудың негізгі кілті болып табылады.

Сөз жанрлары мәселесіне қатысты ең алғаш ғылыми тұжырымдамаларды ғұлама ғалым, фиолософ М.М.Бахтин еңбектерінен кездестіруге болады. Бұл тілдік құбылысты ол әлеуметтік нақтылықты тілдік ақиқатпен байланыстыратын, қоғам тарихынан тіл тарихына итермелейтін қозғаушы категория деп есептейді.

Жанр ұғымы кейбір ғылыми еңбектерде мәтін типі деген терминдік атаумен айтылып келеді. Егер мәтіннің типтеріне, яғни, түрлерге ажырауының басты себептерін қарастыратын болсақ, онда оның тілдік бірліктері іріктеліп, сұрыпталып, топтасып қолдану ұстанымына байланыстылығы екендігі бірден айқын байқалады. Мәтіннің типтерге, түрлерге бөлінуі сөздің жанрларға жіктелетіндігін толық көрсетеді. Орыс тіл ғылымында жанр туралы зерттеулер өткен ғасырдың сексенінші, тоқсаныншы жылдарында басталған болатын. Жанр туралы ғылыми жүйеленген анықтама, ережелер әлі толық тұрақталған жоқ. Әдебиеттану тұрғысынан алып қарағанда «жанр – міндетті» түрлер ретінде қарастырылды, ал қазақ тіл ғылымында сөзтану ғылымы зерттелінбегендіктен, жанр мәселесі тіпті айтыла қойған жоқ. [1, 42]

Публицистика жанрларының туып, дамуы тілдік стильдердің тармақтарын қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. Яғни тілдік стильдердің пайда болып, жеке өріс алуы тілдегі белгілі жанрлардың дамуымен, өзіндік өріс алуымен тығыз байланысты. Мысалы, ХХ ғасырдың бас кезінде публицистика жанрының өркендеуі газет-журналдардың көптеп шығарылып, олардың өзіндік тіл ерекшеліктері қалыптасуымен тығыз байланысты болды.

Жанр дегеніміз – белгілі бір газет, журнал материалдарының, радио, теледидар хабарының көріну, өмір сүру формасы. Нақтылап айтсақ, болмыс-құбылысты жазып суреттеп айтып берудің, оқиға, фактілерді көрсетудің ғылыми белгілеген, жұрт таныған кескінпішіні болады, ол «жанр» деп аталады. [2, 24]

А.Байтұрсыновтың тіл білімінде «речь» деп айтылып келе жатқан жанр түрін «сөйлеу» деп атағаны белгілі. Сөйлеу жанры – комму-

никанттардың кәдімгі сөйлесу әрекеттерін жүзеге асыратын коммуникативтік оқиғалардың бір түрі десек, ол публицистикалық стильдің бір түрі, оған барлық әдеби жанрлар, оған қоса, ең алдымен, публицистикалық шығармалар (қоғамдық және саяси) жатады. Бұл тілдік жанрлар теориясының, сөйлеушінің (жазушының) сөйлеу барысындағы қарым-қатынасына, коммуникативтік мақсатына орай, әмбебап екендігін көрсетеді.

Кез-келген публицистикалық шығарма, лингвистикалық тұрғыдан алғанда – мәтін. Публицист оқырман аудиториясына ықпал жасайтындай етіп мәтін құрастырады және сол мәтін арқылы күнделікті болып жатқан саяси үрдістердің шұғыл, деректі-эмоционалдық көрінісін сипаттайды. Публицистикалық мәтін ең кемі екі сөйлемнен тұрады, және ол синтаксистік тұтастықты құрайды, сонымен қатар, оның белгілі бір категориялары да бар. [3, 12]

Сөз жанрлары құрылымдық генезисі тұрғысынан жай және күрделі болып бөлінеді. Жай сөз жанрлары күнделікті қолданыстағы ауызекі сөйлеу тілімен шектелетін болса, күрделі сөз жанрлары – жоғары дәрежедегі антрополингвистика бағытының құрылымдық элементі болып табылады.

Публицистикалық стильде ықпал ету қызметі эмоционалды-экспрессивті сөздермен, көркемдік бейнелілік амал-тәсілдер арқылы прагматикалық мақсатпен жүзеге асады. Публицистикалық стильдің жанрларының бірі – репортаж, француз тілінен шыққан, мерзімді баспасөзде жарияланатын радио мен телеарналар арқылы берілетін оқиға туралы хабарлау. Репортер – ағылшын сөзі. Ақпарат агенттері қызметкерлерінің әр оқиға мен құбылысты жедел жеткізу мәтіні репортаж болып беріледі, оған ресми баяндау, қысқа сұхбат, тарихи хронология жатады.

Публицистикалық ақпарат жанрларының бірі сұхбат ағылшын сөзінен шыққан «беседа» деген мағынаны білдіреді. Қоғам қайраткерлерінің интервьюшімен жүргізетін мәліметтік, дерек алу мақсатындағы мәтін түрі. Сұхбат көбіне сұрақ пен жауапқа құрылады. Сұрақ –жауап диалогтік қатынасқа құралады, сұхбатта сұрақтың түрлері көп кездеседі, сұраулы сөйлемдер, сұрақтың нақтылығы, сұрақтың маңыздылығы, сұрақ жаудыру сияқты сан түрлі сұраққа қатысты стильдік сұрақ процесі туындайды, сұрақта сұраулы сөйлемдер қолданылады. Соның ішінде сұхбат жанрына риторикалық сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемнің бұл формасы хабар ретінде айтылған пікірді білдіреді. Мысалы, «Үзеңгі жолдас» сұхбат бағдарламасында сұхбат алушы осы риторикалық сұрақтың әр түрлі стильдік сұрақ тәсілін жиі қолданады. Сұхбаттың монолог, хабарлама, суреттем, мұхбатнама және ұжымдық деген түрлерінің болуына байланысты, публицистикалық стильде сұрақтың прагматикалық салмағы ерекше байқалып отырады. Тележурналистика cөз жанрлары үш топқа бөлінеді:

  • Ақпараттық жанрлар;
  • Талдамалы жанрлар;
  • Деректі-көркем жанрлар.

Ақпараттық жанрлар тобына – телеақпарат, бейнесюжет, телеесеп, телерепортаж, телесұхбат жатады.

Телеақпарат – ең басты жанр, әрі ол экран кестесінің көп бөлігін алатын «Таңғы», «Күндізгі», «Түскі», «Кешкі», «Қорытынды» жаңалықтар екі тілде көлемі 20-30 минуттан беріліп жатады. Бекзаттық, жанжалдық хроника, саяси, экономикалық, әлеуметтік, спорт хабарламалары жаңалықтардың көп бөлігі құрайды. Жаңалықтардың модығынан көрермендердің көпшілігі бүгінде хабардың алдында берілетін қысқаша «лидке» көңіл аударып, сол арқылы өзіне керекті деген тұстарға ғана назар салады. Бүгінде уақыт талабына сай ұлттық және тәуелсіз телеарналар жаңалық хабарларына аса бір мүдделілік танытуда. Іскерлік және саяси бағытты ұстанған телеарналар жаңалықты беру кезінде шыншыл, әділ, бейтарап бағдарды ұстанады.

Бейнесюжет – «заметка» «белгі», «қысқа жазба» шындықтан алшақ болмаса да, көңілге қонымдысы «бейнесюжет» деген атау. Журналист өз шығармасын неден бастайды? Жанрдың негізгі функциональдық міндеті актуальды жаңалықтарды хабарлау, әрі оның өзегінде қоғамды толғандырып отырған, шұғыл, қоғамдық мәнге ие дерек жатады. Оны айқындайтын белгісі ондағы жаңалық пен берілуіндегі қысқалық. Журналист үшін маңыздылығы оқиғадағы деректі көріп қана қою емес, ол жайлы баға әрі түсініктеме беру. Бейнесюжеттің кең тараған қысқа түрі хроника әлде жаңалық болып табылады. Хроника – тарихи оқиғаны реттілік жүйелілікпен беру жайлы жазба. Сондықтан журналистикадағы хроника – дерек төңірегіндегі қысқаша хабарлама.

Талдамалы жанрда өмірлік маңызды құбылыстарды зерттеу айрықша мәнге ие. Бір текті деректерді жинақтау кезінде автор оларды қорытындылау мен маңызды мәселені барлық қырынан айқындауға ұмтылыс танытады. Танымдық нысанды кесіндеу, дәл белгілеу, танымдық-тәрбиелік міндеті, оқиғаны кең көрсетуіғ ауқымды түйін және қорытындысы, әдеби-стилистикалық қалпы, айқындаушыкөркемдеуш құралдарымен ерекшеленеді. Ал сценарийдегі тұтастық, белгілі бір ұстаным, идеяның негізінде жүзеге асады. Талдамалы жанрға «31 Арнадағы» «Саясат» бағдарламасын атауға болады. Оның авторы әрі жүргізушісі И.Жұбай «Саясат» бағдарламасы арқылы қазақ тіліндегі ақпараттық-сараптамалық нарыққа өзгеше тыныс ала келді. Автор маңызды оқиғаның төңірегіндегі өз пікірін аудитория алдына алып шығып, сол мәселеге өзіндік тұрғыдан келеді. Сондықтан талдамалы жанрлар құрылымында басты рөл: а) дәлел үшін негізгі тезисті ұсыну; ә) ұсынылған тезисті ашу үшін дәлел құрылымын жүйелеу; б) дәлел жүйесінен қорытынды шығару кезеңдеріне беріледі.

Телеәңгімелесу – хабарламаны тілдесу түрінде жеткізетін теледидардың өзгеше жанры. Телеәңгіме қоғамда қызығушылық тудыратын: саяси, экономикалық, әлеуметтік, адамгершілік-этикалық, ғылыми және өзге де тақырыптарға арналады. «Ақиқат ауылы» хабарында Б.Құсанбек саяси партияларды қалай құру керек деген әңгімені қозғады. Ол «Алаш» партиясының жетекшісі С.Ақатаевпен ашық әңгімелесті. Осы партияның жағдайынан еліміздегі басқа партиялардың хал-ахуалы да айқын көрінгендей. Бірқатар партиялардың өзінше еркін қимылдауға қаржысы жетпейді, оларды шын мәнінде қолдайтындар саны да аз.

Дөңгелек үстел басындағы әңгіме диалогтік топқа кіреді. Бұл ақпарат жжинау емес, пікірлер алмасу. Егер сұхбат пен баспасөз конференциясында тұлғаға журналистер сұрақ қойып, оған біржақты директивті, жағымды немесе эмонционалдық жауап алынса, ал «дөңгелек үстел» басындағы әңгімеде сұрақ бірнеше адамға қатар арналады. Екіншіден, әңгімеге қатысушылардың әрқайсысы мәселе төңірегінде өз пікірлерін білдіреді. Мақсат – проблеманы бірнеше кәсіби маманның көзқарасы таразысына салып, сыңаржақтылық пен тар ұғымнан арылу болып табылады.

Телешолу. Телешолуды ерекшелеп тұратын қасиеттері: ол аса қатаң фактологиялы, мұнда дерек автордың айқындаған мақсатына сәйкес іріктеліп, топтастырылады, екіншіден, шолушы деректі олардың байланысына қарай айқындап, араларындағы байланысты ашады, әрі оларды байланыстырып тұрған жалпылықты іздестіреді; үшіншіден, шолу материалды зерттеудегі ауқымдылығымен, оқиға ортасында жеке дерек қана болатын түсініктемеден ерекшеленіп тұрады; төртіншіден, шолу көпшілігінде хронологиялық шеңбермен шектеледі. Демек, телеэкрандағы шолушы хабар үстінде: 1) мәліметтерді хабарлау кезінде деректердің өзара байланысына зер салуы; 2) оқиға, деректердің тұтастығына көңіл қоюы. 3) біртектес деректерді жинақтап беруге үнемі көңіл аударып отырғаны қажет.

Тележурналистиканың деректі-көркем жанрларында шығармашылық үрдіс журналистің тәсіл қолдану мәдениеттілігін айқындайды. Оны құрайтындарға танымның әлеуметтік құбылысының жалпы методологиясы (қоғам жайлы біліктілік, журналист оны дәл жағдайға талдау кезінде қолданады) жалпы журналистік методология (журналистикадағы әлеуметтік құбылыс туралы ұғым, оның міндеті, ұстанымдары, көпшілік ақпарат қызметінің заңдылықтары), ақпаратты алу әдістері (үш қайнары: адам, ұжым, құжат, деректі іріктеу, олардың байланыстарын табу) баяндау әдісі (материалға мүмкіндігінше шыншыл түрде мінездеме беру) және кім кінәлі?, «не істеу керек» деген сұрақтарға дәлелді жауап табуы жатады. Телеочерк көркем публицистика жанрларының экрандағы күрделі түрлерінің бірі. Телеочерк деректі материалды зерттеу мен әңгіменің (нақтылы әрекетті эстетикалық игеру) қосылып, біртұтастыққа айналуы болып саналады. Ол жүйелі деректі негізде құрылады. Очерк драмалық шығармаларға композициялық жақындығымен де публицистикадағы өзге жанрлардан өзгешеленіп тұрады. Осында очерк, суреттеме, эссе құбылыстарды жағымды жағынан көрсетсе, ал сатиралық жанрлар фельетон, памфлет, қоғамдағы келеңсіз көріністерді әшкерелейді.[4, 290]

Сөз жанрларының ішінде рахмет айтуға байланысты да бірнеше топқа топтастырылатын түрлері де жиі кездесіп отырады. Мысалы, оларға тура, жанама, көпшілікке арналған, тілден тысқары тұратын факторлар арқылы анықталатын түрлерін жатқызуға болады. Айтушының интенциясы, ниетіне байланысты рахмет айтудың мынадай түрлері кездеседі:

  1. Этика нормасына сай немесе сай келмейтін түрлері;
  2. Айтушының ниетінің эмоционалды түрде берілуі.

Мысалы, Ата – деді жуан үнмен, ...алы-

ңыз пиманы алыңыз...

Рахмет, деді шал төсегін қомдап, бағанағыдай емес, даусы жұмсақ, қамқорлық байқалған соң жігіттердің мойындарынан да мың батпан жүк түскендей.... (О.Бөкеев).

  1. Cөйлеушінің өз иминджін сақтау мақсатында ғана рахмет айту түрлері кездеседі.
  2. Қабылдаушының эмоциясын байқау үшін айтылатын рахмет түрлері.
  3. Ситуацияға байланысты рахмет айту ниеті.
  4. «Рахмет айту міндетіне» деген интенцияны қолдану.
  5. Дайын стереотип түрінде айту т.б.

Сөз жанрларында рахмет, алғыс айтамын, көп рахмет, рахым етсін, алғыс жаудырамын, мен сізге қарыздармен, өтеуі болар, сізге қалай рахмет айтарымды білмеймін деген дайын стереотиптер кездеседі.

Қазіргі уақытта зерттеушілердің сөз актілері, сөз жанрлары, айтылым, дискурс, сценарий, фрейм, концепт деген атауларды қолдануы да осы мәселені терең талдау пен пайымдауларды ғылыми тұрғыдан бір жүйеге келтіруді талап етеді.[5, 22]

Публицистикалық мәтін құрау үшін аса қажетті категориялардың бірі пресуппозиция. Ол – семантикалық құбылыстарға байланысты және айтпаса да сезіліп тұратын мәліметтер.

«Астарлы қолданыстар публицистің субьективті шындыққа жағымды, жағымсыз бағалауыштық ойын білдіру үшін қажет». [6, 22]

Зерттеуші Ф.Жақсыбаева: «Газет–публицистикалық стиль әр түрлі жанрлармен беріледі. Газеттік-публицистикалық стиль әр түрлі жанрлармен беріледі. Газеттік-публицистикалық стильдің жанрларын екі жанрлық-стилистикалық топқа бөлуге болады. Олар: таза газеттік жанр – ақпараттық жанр және әсер ету функциясын атқаратын – аналитикалық жанрлар», – деп екі топқа бөліп қарастырады. [7, 14]

Журналистикадағы жанрдың жіктелу белгісін орыс зерттеушісі А.А.Грабельников былайша жіктеп көрсетеді:

  1. Мақалалар мен корреспонденцияларда, бейнелеу және таным пәндерінің сипатына қарай, тікелей фактілер мен оқиғалар, ал интервью, рецензияларда сипатталған оқиғалар көрсетіледі.
  2. Журналистикадағы жанрлар нақты ақпараттық, түсіндіруші, бағалаушы қызмет функциялары бойынша жіктеледі.
  3. Шындықты қорыту және пікірді бейнелеу көлемі бойынша жіктеледі.
  4. Көркемдеп суреттеу құралдары бойынша (әдеби тіл, стиль, образдылық) жіктеледі.

Жанр осы белгілердің біреуімен ғана емес, олардың жиынтығымен де анықталады. Кейбір жанрлардың жалпы сипаттамасы бар. Соған байланысты жанрды үш топқа бөлуге болады:

  1. Ақпараттық: оған мақала, есеп, репортаж бен интервью жатады. Олар фактілер мен құбылыстарды жедел көрсетеді.
  2. Аналитикалық: корреспонденция, мақала, рецензия, хат, шолу. Оларда фактілер, оқиғалар, қорытындылар мен пікірлер зерттеледі және талданады.
  3. Көркем-публицистикалық жанр: ұғымдық, образды-көркемдік құралдарды біріктіреді, эмоционалдығы күшті болады. [8, 213]

Ал, М.М. Бахтиннің пікірінше, сөйлеу жанрлары дегеніміз, «айтушы үшін өзі жасамаған, оған берілген», «айтылымның берік тақырыптық композициялық және стилистикалық типтері», «сөйлеу тұтастығын жасаудың типтік модельдері». «Егер сөйлеу жанрлары болмаса сөйлеу қарым-қатынасының болуы мүмкін емес еді». [9, 242]

Әр сөз жанрларының өзіне тән ерекшеліктері бар. Функционалды стильдердің ішіндегі публицстикалық стильдегі сөз жанрларын алып қарастырайық. Публицистикалық стильдегі сөз жанрларының әрқайсысының өзіне тән ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар. Публицистикалық стильге жататын сөз жанрларының ұқсастықтары қоғамда болып жатқан оқиғаларды халыққа жылдам жеткізуді қамтамасыз етеді, жазылған немесе айтылған пікірдің шындығына оқырманның көзін жеткізіп қана қоймайды, сол берілген оқиға туралы көпшіліктің көзқарасын қалыптастырады. Публицистикалық стильдің жанрлары әр түрлі болғанмен, сипаты ортақ, тілдік бірліктерді таңдауы ұқсас, бірақ ықпал етуінің сапасы әр деңгейде болады. Ең бастысы, публицистикалық стильдің маңызды міндеті өмірде болып жатқан оқиғаларды тез жеткізу, мәнін ашу, баға беру, халыққа ықпал ету сияқты коммуникативтік-прагматикалық қызмет атқаратын диапазонды кең стиль түрі болғандықтан, сөз жанрлары да көбейе түседі. Ал айырмашылығы – көлеміне, берілетін хабардың мазмұнына, көкейкестілігіне, айтушының проблеманы қандай дәрежеде жеткізуі сияқты прагматикалық бағдарына байланысты, сондықтан жанрлар тобы шоғырланып, өзінің маңыздылығын тағы да алға шығарып отырады.

 

Әдебиеттер

  1. Әлкебаева Д.А. Сөз мәдениеті. – Алматы: Қазақ университеті, 2011. – 196 б.
  2. Қожакеев Т. Жас тілшілер серігі. – Алматы: Рауан, 1991. – 223 б.
  3. Исақұлова Ш. Газеттегі шағын жанрлардың тілі. фил. ғыл. канд...автореф. – Алматы, 2010 – 32 б.
  4. Тұрсын Қ. Қазақ тележурналистикасы: қалыптасу, даму проблемалары. – Алматы: Білім, 2006. – 352 б.
  5. Әлкебаева Д.А. Қазақ тілінің публицистикасы: Оқу құралы. – 2-бас. – Алматы: Қазақ университеті, 2008. – 258 б.
  6. Ерназарова Г.Ш. Қазақ публицистика тілінің дамуындағы А.Байтұрсынұлы кезеңі: филол. ғыл. канд...автореф. – Алматы, 2004. – 28 б.
  7. Жақсыбаева Ф.З. Газет мәтінінің прагматикалық функциясы: филол.ғыл.канд...автореф. – Алматы, 2000. – 31 б.
  8. Грабельников А.А. Работа журналиста в прессе: Уч. пособие. – М.: Изд. РИП-холдинг, 2001. – 274 c.
  9. Бахтин М.М. Проблема речевых жанров. – М.: Прогресс, 1979. – 456 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.