Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Хорезмидің «Мухаббат-наме» дастанының қолжазбаларындағы лексикалық айырмашылықтар

Ғылыми зерттеуде дастанның көшірмелері арасындағы лексикалық ерекшеліктер, көшірмешілер тарапынан кеткен қателіктерді дұрыстау, түпнұсқаға жақын мәтінді анықтау мәселесі қарастырылады. Зерттеудің ғылыми жаңалығы дастанның нұсқаларындағы айырмашылықтарды дәлелдеп, авторлық қолжазбаны анықтауға мүмкіндік береді. Текстологияның мәселелерін қозғап, оны тиімді шешудің жолдарын ұсынады. Хорезмидің «Мухаббат-наме» дастанының қазақ тіл біліміндегі маңызына ерекше мән береді. Дастан тіліндегі сөздердің мақсатты және мақсатсыз өзгерісіне тоқталады.

Лексика тіл білімінің өзге салаларына қарағанда, құбылмалы келеді. Халық пнн халық, адам мен адам тіл арқылы қарым-қатынасқа түсетіндіктен, үздіксіз сөздік қордың дамып, мағынаны білдіретін сөз форманың түрленіп отыруы заңдылық. Тілдер дами барысында ата тілден бірнеше топтарға жіктеліп, дивергенциялау кезеңін бастан өткереді. Бұл кезеңдегі туыстас тілдер дилектілік айырмашылқтар арқылы ажыратылады. Сол себепті сөздер бірде тұлғасын сақтаса, енді бірде қолданыстан шығып қалады, бірқатар сөздер дыбыстық немесе мағыналық өзгеріске түссе, енді бірі сөз мағынасы жекелеген түбірде сақталады. Бұл кез келген тіл тарихында кездесетін жайт.

Алтын Орда дәуірінің құнды жәдігері Мн ескерткішін зерттеу барысында бұл аталмыш тілдік үдерісті айналып өтпегенінің куәсі болдық. ХІҮ ғасырдың әдеби мұрасы Мннің ғылымға төрт нұсқасы белгілі екенін алғашқы тарауда айтылған болатын. Ғылымда ұйғыр қолжазбасы деп аталып жүрген алғашқы көшірмесі түпнұсқадан кейін 79 жыл өткен соң жазылған. Араб жазуымен хатқа түскен екінші көшірме 1508-1509 жылдары, яғни түпнұсқадан 156 жылдан кейін көшірілген. Ал Стамбул қаласынан табылған соңғы екі нұсқаның жазылған уақыты беймәлім. Есептесек, түпнұсқа мен мерзімі белгілі екі қолжазбаның арасындағы уақыт 150 жылды қамтиды.

Қазіргі әдеби тіліміздің құнарлы құндылығына айналған орта ғасырдың жазба ескерткішінің лексикасы араб-парсы тілдерінен енген кірме сөздердің жиі қолданылуымен ерекшеленеді. Бұл айырмашылық түркі халықтарының ислам дінін қабылдауымен тығыз байланысты. Исламмен келген араб әдебиетінің озық үлгілері түркі мәдениетіне, әдебиетіне ерекше ықпалын тигізді, түркі әлеміне жаңа тақырып, тың серпін әкелді. Мн дастаны сондай көркем туындылардың қатарында. Ақын өзінің махаббат туралы хикаясын шығыс поэзиясындағы арабпарсы элементтері жарыса қолданылатын аруз өлең өлшемімен жазған.

Зерттеліп отырған дастанның қолжазбаларында бір-бірінен ерекшеленбейтін, өзгеріске ұшырамаған 45 бәйіт бар. Текстологияның негізгі мақсаты түпнұсқаға жақын көшірмелері арасындағы өзгерістерді табу болғандықтан, әр қолжазбадағы өзгеріске ұшыраған сөздерді талдауды жөн көрдік.

Соңғы жылдары түркітанушы ғалымдар ғасырдан ғасырға, атадан балаға мирас болып келе жатқан әдеби мұрамыз Мн ескерткішін қыпшақ-оғыз аралас тілінде жазылғанын анықтады. Біз де осы пікірді қуаттай келе, әр көшірменің мәтінін салыстыра отырып, түркі сөздерінің диалектілік ерекшеліктерін көрсететін сөздерге тоқтағалы отырмыз.

А (315) Аның дек йирга қол сунды елик ким В (315) Аның даг йерга ел сунды көңүл ким Қазақша мағынасы:

Сондай жерге көңілімнің қолын создым Түсініктеме: Екі көшірмені салыстыра отырып, байқағанымыздай, қол және ел сөздері алмасып жазылған. Қол – қыпшақ сөзі, ел – оғыз тілінен енген. Түпнұсқаға жақынын анықтау үшін тармақтың соңындағы көңүл мен елик сөзі көмекке келеді. Көріп отырғанымыздай, елиг сөзі түркі тілдерінде қол дегенді білдіреді, бір тармақта қол сөзінің екі рет қолданылуы мүмкін емес, көркемдік тұрғысынан да қисынға келмейді, шамасы, көшірмеші түсініксіз сөзді синониммен алмастырам деп, ойды бейнелеуде бір мағынаны беретін екі сөзді қолданғанын аңғармаса керек. Екінші нұсқада образды суреттеу бар, Абайдың «жас жүрек жайып саусағын» деп келетін дәстүр сабақтастығын аңғаруға болады.

А (15) Қатық ташдин қылур гавхарни пайда В (15) Қатық таштын қылур гавхарни пайда С (15) Сынық таштын қылур гевһерни пейда Қазақша мағынасы:

Қатты тастан қылар гауһарды пайда Түсініктеме: Көне түркі сөздігінде көрсе-тілгендей, сынық оғыз тілінен енген [7,647], қатық сөзі қатаң дауыссызға аяқталғандықтан, қыпшақ тілінің сөзі болып есептеледі. Көшірмеші сөз мағынасын түсінбегендіктен, сөздерді шатастырған. Қателіктен туған дублеттер өлең ырғағына әсер етіп қана қоймай, мағынаның ауытқуына да себепкер болады.

Орта ғасырдағы ерекше беделге ие көшірмешілер – ақындығымен дүйім жұртты аузына қаратқан нағыз сөз ділмарлары еді. Сондықтан поэзия туындыларын көшіргенде, көңілінен шықпаған немесе түсініксіз сөздерді алмастырып, өзгертіп отырған. Кей жағдайда сәтті жасалған өзгеріс шығарманың көркемдігін арттырса, енді бірде көркемдік деңгейін әлсіретіп жататыны шындық.

А (7) Йети қат зар-нигар айвани вала

В (7) Йети қат зар-нигар айваны мина С (7) Тоқуз қат зер-нигар айвани вала Қазақша мағынасы:

Жеті қат алтындалған зәулім сарайды (ғаламды)

Түсініктеме: Жет қат көк – қазақ халқының мифологиялық түсініктерінің бірі. Мифтік ұғым халық тілінде «шексіз аспан, шырқау биік» мағынасында сақталып қалған. Мұсылман дінінде жеті қат туралы көп айтылады. Алланың аспанды жеті қабат етіп жаратқаны туралы Құран Кәрімде: «Алланың жеті аспанды қабатқабат жаратқанын көрмедіңдер ме?” (72-сүре, 14-аят), « Алла тағала аспанға “айды нұр, күнді шам қылды” (72-сүре, 15-аят) деп айтылады. Аспан әлемін үш, жеті, тоғыз т.б. бөлу әлем халықтарының көпшілігіне тән мифологиялық дәстүр болса да, Мн дастаны ислам дінін арқау еткен шығарма болғандықтан, жеті қат тіркесі кездесетін нұсқаны түпнұсқа ретінде санауымызға толық негіз бар. Сондай-ақ автордың қолтаңбасынан діни сауаттылығы, білімдарлығы аңғарылады.

А (24) Ким ол Намрудниң мағзын чықарур В (24) Ким ол Намрудның мағзын ушатур Қазақша мағынасы:

Ол Намруд патшаның миын ұсатар Түсініктеме: Көріп отырғанымыздай, «шығарар» деген мағынаны білдіретін чықарур – оғыз тілінің сөзі, «ұсатар» ұғымындағы ушатур – қыпшақ сөзі. Көшірмеші өзінің таным-түсінігіне жақындатып, өзгеріске ұшыратқан тәрізді. Берілген мәтіннің мазмұнын түсіндірсек, Намруд Ибраһим пайғамбардың тұсында құдайдың әскерімен қарсыласамын деп енапат масамен соғысады, Намруд әскері масаға таланып, жеңіліске ұшырайды, ал жарымжан маса Намрудтың құлағына кіріп, қырық жыл миын азық қылып, өлтіреді. Енді логикалық тұрғыда ойласақ, маса миды шығармайды, керісінше, миды сорады, азайтады, ұсатады. Біздің зерттеуімізше, екіншісі түпнұсқаға жақын, тағы бір дәлел бұл тармақтың алдындағы «Берүр йарым сиңак елкинга сатур» тармағымен ұйқасады, жымдасады, көркем образды бейнелеу бар, демек, «ушатур» туралы болжамымыз ақиқат.

А (339) Хирадни аздурур ғамзаң хумары В (339) Хырадны өсрүтүр ғамзаң хумары Қазақша мағынасы:

Қылығыңа деген құмарлық ақылымды аздырады

Түсініктеме: Аздурур мен өсрүтүр сөздері түркі тілдерінде белсенді қызмет атқарады. Қазақ тілінің он томдық түсіндірме сөздігінде өсрүтүр сөзіне «есіртер, мас қылар, есір» деген анықтама берілген [5, 456]. Ал аздурур сөзінің мағынасы қазіргі тілімізде «аздырар, дұрыс жолдан тайдырар» деген мағынаны білдіреді [5, 75]. Зерттеуші ғалым Г. Убайдуллаева: « Өзге түркі тілдері деректерімен салыстырғанымызда, аздурур сөзінің ауыспалы мағынасын сақтағаны байқалады. А қолжазбасындағы хирадни аздурур (ақылын аздырар) сөзі бәйіт мағынасын дәл бере алмайтын сияқты», дейді [2, 45].

«Білім азбайды, ақыл тозбайды» деген қанатты сөзді мысалға алған ғалым пікіріне айтарымыз бар: қазақ тілінде «ақылы азған, танымы тозған» деген тұрақты тіркес бар. Мн дастаны образға бай, метафора мол екенін ескерсек, ақын ғашықтық сезімін жеткізуде хирадни аздурур деуі санаға сыйымды. Біздің ойымызша, образды тіркес алғашқы нұсқада басым, ендеше, түпнұсқаға таяу.

Зерттеу жұмысы көрсеткендей, бахшылар шығармадағы архаизм сөздерді өзіне ұғынықты сөзбен алмастырып отырған.

А (366) Халайық севганин халиқ севар хам В (366) Халайық таплайур халық севар хам Қазақша мағынасы:

Халық сүйгенді құдай да сүйеді

Түсініктеме: Екі қолжазбаны өзгеріске түсірген севганин және таплайур сөздері – тіркі тілдеріне ортақ сөз. М. Қашғаридың сөздігінде: «таплады – құптады, ұнатты» деген сөз бар [3,395]. Шамасы, бұл сөз сол кездің өзінде қолданыстан шығып қалса керек, көшірмеші оқырманға түсінікті болсын деген ниетпен севганин сөзімен ауыстырған. Онысы сәтті шыққан.

А (162) Башағы итланүр сандан ичинда В (162) Башакы тиклинүр сендан ичинда Қазақша мағынасы:

Төс ішіне оғының ұшы сіңіп кетеді Түсініктеме: Г. Убайдуллаеваның пікіріне сүйенсек: «Негізгі мәтіндегі итланур сөзі В нұсқасында тиклинур сөзімен берілген. Қазіргі оғыз тілдерінде итилән формасында өткірлену мағынасын беретін сөз бар. Өткірлену (заостриться) әзірбайжан тілінде итиләнмәк деп, түркімен тілінде ийтиленмек деп жазылады»,-дейді [2, 46].

Әріптері әр түрлі түбірлес сөзге қазақ тілінде жетіл туынды сөзі сәйкес келеді. Ал тиклинур сөзінің түбірі – тік. Қазіргі қыпшақ тілдерінде белсенді қызмет атқарады. Алайда тиклин формасы архаизм, сол себепті көшірмеші қолданыстағы синонимдес итланур сөзіне өзгертсе керек. Түпнұсқада тиклин формасы жазылғандығын М. Қашқаридың «Түркі тілінің сөздігі» атты еңбегіндегі әдеби әрі тілдік деректермен дәлелдеуге болады. Ол жерде тиклин – туынды түбіріне «ағаш тиклинди» мысалы келтірілген [3, 351]. Ағаштың егілгендегі оның жерге тіке отырғызылу әрекетімен байланысады. «Башакы тиклинүр сендан ичинда» тіркесін Алма Қыраубаева «ұшы бойлап өңменге барып тірелер» деп ерекше шеберлікпен аударады [4, 38-39]. Орта ғасыр ақындары муссахар және сөз ойнату тәсілін көп пайдаланған. Бұл да көшірмешінің сөз ойнату тәсілінің көрінісі деп білеміз.

А (13) Қара топрақдин сүнбүл төратти В (13) Қара топрақдын сунбүл йаратты С (13) Қара топрақтын сүнбүл йаратты Қазақша мағынасы:

Қара топырақтан сүнбүл жаратты Түсініктеме: «Төратти», «йаратты» сөздері «жаратты» мағынасын білдіретін оғыз сөздері. Бірақ «төратты» сөзі бұрын пайда болған архаизм. Яғни бұл түркі тілдерінің қалыптасу тарихында дауыссыз дыбыстарды айтқан кезде тілдің ортасының жоғары көтерілуі нәтижесінде дыбыстың жіңішке айтылуы, нақтырақ айтсақ, палатализация құбылысының болғандығын білдіреді.

Қай қоғамда болмасын халық пен халық тығыз қарым-қатынаста болады, сөйтіп, бір елден екінші елге мәдени, саяси, экономикалық байланысы ауысып отырады, бұл үдеріс сол халықтың тіліне де әсер етеді. Жер бетінде ешбір тіл таза, төл күйінде кездеспейді. Халық тіліне кірме сөздің енуі – заңды құбылыс, сөздік қорды байытпаса, кемітпейді. Бұл жайында белгілі ғалым М. Балақаев: «Әдеби тіл лексикасы дамуының екі түрлі жолы бар: 1) халық тілінің ішкі мүмкіндіктерін пайдалану жолы;

2) өзге тілден сөз қабылдау жолы. Осылар тілдің, әсіресе әдеби тілдің ілгері даму тарихында елеулі орын алады», деп тереңірек тоқталады. Сондықтан қандайда тіл болмасын оның сөздік қоры байырғы және кірме сөздерден тұрады. Тілден тілге сөздер ауызекі сөйлеу арқылы және жазбаша түрде ауысады. Ауызша тіл арқылы енген сөздер дыбыстық өзгеріске ұшырап, сол тілдің заңдылығына бейімделсе, ал жазба тіл арқылы енген сөздер өзінің фонетикалық қалпын сақтайды. Тілдегі бұл құбылысқа құранда

Хорезмидің «Мухаббат-наме» дастанының қолжазбаларындағы лексикалық айырмашылықтар 301 кездесетін араб тілінен енген сөздер айқын дәлел бола алады. Бірақ уақыт өткен сайын жазбаша тіл көмегімен енген сөздер фонетикалық, лексика-грамматикалық өзгеріске түсіп, ана тілдің төл сөзіне айналып, формасын өзгертеді.

Тарихи даму дәлелдегендей, кез келген ел көршілес елдермен сауда-саттық, мәдени, әскери т.б. байланыста болып, қарым-қатынаста болғаны белгілі. Түркі халықтары да бұл заңдылық бастан өткеріп, лексикасы да кірме сөздермен толығып, дамып отырды. Оны түркітанушы ғалымдар түрлі кезеңдерге бөліп қарастырады. Солардың бірі ғалым А. Щербак түркі халықтары тілінің кірме сөздер арқылы лексикасының дамуын тарихи-саяси себептерге орай негізгі үш қабаттан тұрады деп есептейді. Олардың алғашқысына ХІ-ХІІ ғасырларға дейінгі санскрит, соғды, тоха, қытай тілдерінен енген сөздерді жатқызса, ортаңғы қабатқа ҮІІ-ІХ ғасырларда түркі халықтарының ислам дінін қабылдауына орай араб, парсы, моңғол тілдерінен енген сөздерді енгізеді. Соңғысы, жаңа қабат ХІҮ-ХҮ ғасырлардан бергі тайпалардың шекараларында орналасқан көрші елдердің тілінен енген сөздермен өлшенеді. Ғалым Жайық пен Орал аймағындағы елдерге фин-угор, кавказ халықтарына славян, түрік тіліне – грек, ұйғыр тіліне – қытай, тува тіліне – моңғол, якут тіліне – тунғұс-манчжур тілдерінің әсері болғанын айтады [6, 121-124]. Көрші елдер арасында тілдік ауыс-түйіс болуы – қалыпты жағдай. Бұл орайда А. Щербактың зерттеуінің мәні зор. Кейін түркі тілдерінің араб, парсы тілдеріне әсер жөнінде Ғ. Мұсабаев, І. Кеңесбаев т.б. ғалымдар іргелі еңбектер жазды. Соңғы кездері зерттеуші ғалымдар бұл мәселеге ерекше қызығушылық танытуда.

ІХ ғасырда түркі даласына ислам дінінің кең таралуы араб тілінің түркі тіліне ықпалы күшті болды, түркі әдебиеті араб тілінің сөзімен жаңа биікке көтерілді. Заман талабына сай араб, парсы, түрік тілдерін меңгерген ғалымдар мен ақындар шығармаларын үш тілде жазды, рухани мұралар қатары арта түсті. Біздің зерттеу жұмысымыз Мн дастаны да осы мұралар қатарын толықтырады. Дастанның кейбір бөлігі парсы тілінде болса, түркі тіліндегі бәйіттердің өзінде араб-парсы элементтері молы нан ұшырасады. Бұл туралы Э. Фазылов пен Б. Сағындықұлы кеңірек тоқталып, жеке сөз етеді. Қысқаша тоқтала кетсек, Г. Убайдуллаеваның зерттеуінде көрсетілген профессор Э. Фазыловтың зерттеуіне сүйенсек, Мн дастанында 544 түркі сөзі, 243 араб, 193 парсы сөзі кездеседі. Түркітанушы ғалым Б. Сағындықұлының есептеуін ескерсек, пайыздық нәтижесі мынадай [2,49]:

Ескерт

-кіш

Түркі сөзі

Араб сөзі

Парсы

Барлығы

Мн

544=55,2%

243=24,8%

193=20%

980=100%

Бұл кестеден-ақ қолжазбада кірме сөздерге қарағанда, түркі сөздерінің басым екенін аңғаруға болады. Мн дастанының көшірмелері арасындағы айырмашылықты ажырату барысында түркі сөздерінің мағынасы жуық кірме сөзбен алмасқанын байқадық:

А (304) Чечак чимган ара болмас тикансиз В (304) Чечак бустан ара болмас тикансиз Қазақша мағынасы:

Шалғында гүл болмас тікенсіз Түсініктеме: Чимган және бустан сөздері-

нің мағынасы жуық болғанымен, бір-бірінен айырмашылықтары жоқ емес. Бустан деп көбіне арнайы гүл өсірілетін жерлерді атаған, ал чимган сөзі арнайы күтімсіз табиғи гүлдер мен өсімдік өскен, жан-жануары, құстары бар ашық алаңқайды білдіреді, сондықтан чимганға қарағанда мағынасы тар. Э. Севортянның айтуынша: «бус.1. Засада» мағынасын білдіреді. Парсының бустан сөзі бір түбірімен төркіндес. Б. Сағындықұлы чимган сөзін қазақ тіліндегі шалғындық сөзімен байланыстыра қарастырады. Бұл екі сөздің бір-бірін алмастыра алмайтынын дастанда кездесетін чимган тәзәрви (А 392)(дала қырғауылы) тіркесінен байқауға болады. Ал бустан сөзінің бұндай тіркестерде кездесуі аса сирек. Демек, А нұсқасы түпнұсқаға сәйкес келеді.

А (441) Шакарму ерниңиз, йа қанд, йа жан В (441) Шакарму ла’лыңыз, йа қанд, йа жан Қазақша мағынасы:

Шекер ме ерніңіз, әлде қант па, ей, жаным Түсініктеме: Ерниңиз – түркі сөзі, ла’лыңызараб сөзі. Байқағанымыздай, Хорезми діни түсінікке негізделген тұстарда ғана араб сөзін қолданып отырған, мәселен: уйалур лә’лиңиздин аби хәйван (Лағыл ерніңізден мәңгілік суы да жолда қалады) (А 442). Сондықтан бұл бәйітке ерниңиз сөзі лайықты деп ойлаймыз. Екі себеп бар: біріншісі дәмге қатысты теңеу бар, екіншіден, қант, жан секілді түркі тіліндегі белсенді сөздерді түркі сөзімен байланыстырса керек.

А (214) Йүзүннүң нурына миң нур йетмас В (214) Йүзүнниң нурына хеч нур йетмас Қазақша мағынасы:

Жүзіңнің нұрына еш нұр жетпейді

Түсініктеме: Контекстік мағынасы ұқсас келетін хеч (парсы сөзі) мен миң (түркі сөзі) ауысқан. Мазмұны жағынан лексикалық дублет жасап тұрса да, нұр санауға келмейтін зат есім болғандықтан, еш сөзімен тіркесуі түпнұсқаға жақындатады.

А (505) Жамалиң мадхидин афақ толды В (505) Жамалиң сөзидин афак толды

С (505) Жемалиңг медһидин афақ толды

Қазақша мағынасы:

Жамалыңды мадақтаудан дүние толды Түсініктеме: Екі көшірмедегі сөзи мен мадхи

нұсқасының дұрысы мадхи болуы тиіс деп санаймыз. Себебі сұлулықты, әдемілікті сөз етуге емес, мақтауға дүние толды. Логикалық тұрғыдан ойласақ, қисынға келеді.

А (455) Қара кирпүкүңга күндүз теңалмас В (455) Қара кирпикиңа навак теңалмас Қазақша мағынасы:

Қара кірпігіңе оқ теңелмес.

Түсініктеме: Көшірмелер арасындағы өзгеріске ұшырамаған сөздер көп жағдайда түпнұсқаға жақын мәтін болып есептеледі. Кей сәттерде аударманың қателігі мәтіннің мазмұнын өзгертеді. Көріп отырғанымыздай, кейінгі зерттеушілер күндүз сөзін кәдімгі күндізгі уақыт немесе құндыз деп аударуы мәтіннің мәнін өзгерткен, шындыққа жанаспайды. Шын мәнінде, оқ деген мағынаны білдіретін парсының навак сөзі дұрыс болып саналады. Сұлу қыздың кірпігін оққа, найзаға теңеу түркі әдебиетінде жиі кездесетін образды бейнелеу (найза кірпік, кірпігі оқтай т.б.). Сондықтан кез келген мәтінді баспаға бермес бұрын тиянақты зерттеген дұрыс.

А (410) Күйүрди халқны чехраң йоласы В (410) Күйүрди көңлүми чехраң йуласы Қазақша мағынасы:

Нұр жүзіңнің сәулесі жүрегімді күйдірді Түсініктеме: Көне ескерткіштерде көп қол-

данылатын көңіл сөзі жүрек ұғымының орнына жұмсалады. Сыршыл сезімді суреттеген тармақта халық сөзінің мүлдем қатысы жоқ.

А (548) Барурмын астанаңдин йар хайрбад В (548) Барурман ешикиндин ош хайырбад С (548) Барурмин аситаныңгдин хайрбад Қазақша мағынасы:

Босағаңда жатып өлдім, қайырсыз дос Түсініктеме: Мн шығармасының мазмұны

бойынша сұлу қыздың елі, қаласы туралы сөз қозғалмайды, бірақ сол қыздың үйінің есігін, ауласындағы топырағын суреттеу детальдары кездеседі. Бұл жердегі астана сөзі елдің астанасы емес, парсының босаға деген мағынасын береді. Көшірмеші кейін есік сөзіне алмастырса керек.

А (139) Қуйаш тек давлатиң табанда болсун В (139) Қуйаш таг давлатиң пайанда болсун Қазақша мағынасы:

Күн сияқты дәулетің баянды болсын Түсініктеме: Ә. Нәжіп араб тілінің табанда сөзін «жарқырау, нұрлы» деп аударады. Біздің ойымызша, «аяғы, соңы» деген мағынаны беретін парсы тіліндегі пайанда сөзі дұрыс әрі баянды дегенді білдіреді. Себебі дәулет, байлықты нұрлы деуден гөрі күн секілді баянды, ұзағынан болсын деген жөн секілді, санаға да қонымды.

А (251) Айыт, ей мехрин аз, ’ишваң фараван В (251) Айыт, ай мехри аз хуснуң фараван Қазақша мағынасы:

Ей, мейірімің аз, қылымсуың көп де Түсініктеме: Хусн парсы тілінен аударғанда «көрік» дегенді білдірсе, арабтың ’ишв сөзі

«қылымсу» ұғымын береді. Тілдік логика бойынша сұлулығың мол (фараван) деп айтылмай ды, көшірмеші мағынасын түсінбей жазса керек-ті. Сондықтан А нұсқасын дұрыс деп таптық.

Сонымен Мн дастанының мәтіндерінен байқалғандай, жазба жәдігерлік арасындағы лексикалық ерекшеліктердің көпшілігі мағыналары бір-біріне жақын синоним сөздердің өзгертілуінен туындаған. Шығарманың өн бойында синонимдерден басқа омонимдер, антонимдер кездескенімен, айырмашылықтар байқалмайды. Синонимдік қатар түзген сөздер құрамы әр түрлі. Олардың бірқатары түркі сөздерінен (қолелиг) тұрса, енді бірі түркі және кірме сөздерден (ерин-дудағ), сонымен қатар кірме сөздердің синонимдерімен (хусунжамал) жасалған. Бәйіттегі кей сөздерге қарап бахшылардың контекстік мағынасы ұқсас лексикалық дублеттермен шатастырғанын білдік. Кірме сөздердің өзгерістерінен байқалатын бұл қателікті көшірмешінің араб пен парсы тілдерінің лексикасын жетік білмегендігінен деп есептейміз. Мн дастанының нұсқаларындағы айырмашылықтарға қарай отырып, көшірмешілердің түпнұсқадағы мағынасы күңгірт сөздерді өз дәуірінің жаңа сөзімен, дилектісімен ауыстырып отырған. Бұл бір жағынан, оқырманға түсінікті болу үшін жасалған әрекет десек, екінші жағынан, көшірмеші өз қолтаңбасын қалдыру мақсатында өзгерістерге түсіруі ықтимал. Зерттеу жұмысы дастанның өн бойында қыпшақ сөздерінің молдығын дәлелдеді. Және архаизм сөздер басым нұсқа (А нұсқасы) негізгі мәтінге жақын болатындығына көз жеткіздік.

Хорезмидің «Мухаббат-наме» дастанының қолжазбаларындағы лексикалық айырмашылықтар 303

 

Әдебиеттер

  1. Сағындықұлы Б. «Мухаббат-наме» ескерткішінің (ХІҮ ғ.) мәтіні. – Алматы, 2007.
  2. Убайдуллаева Г.Ж. «Мухаббат-наме» дастанының текстологиясы. Канд. дисс. – 2002.
  3. Қашқари М. «Түрік сөздігі: (Диуани лұғат-ит-түрік): 3 томдық шығармалар жинағы / Қазақ тіліне аударған, алғы сөзі мен ғылыми түсініктерін жазған А.
  4. Егеубай. 2-том. – Алматы: ХАНТ баспасы, 1998.
  5. Хорезми. Махаббатнаме (ауд. А.Қыраубаева). – Алматы: Жалын, 1985.
  6. Наджип Э.Н. Хорезми Мухаббат-наме.Москва: Издательство восточной литературы, 1961.
  7. Кононов А.Н. Грамматика языка тюркских рунических памятников (ҮІІ-ІХ вв.). – Ленинград: Наука, 1980. 8 Древнетюркский словарь. – Ленинград, 1969.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.