Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Функционалды грамматиканың концептуалды негізі

Мақалада тіл білімінің жаңа қырларының бірі – функционалды грамматика, оның негізгі ұғымдары: семантикалық категория, функционалды-семантикалық өріс, категориялды жағдаят туралы сөз етіледі.

Дəстүрлі құрылымдық жүйе мен функционалды грамматиканың өзара сабақтастығы мен аражігі автордың көзқарасы бойынша талданады.

Функционалды грамматиканың басты ұғымдары мен категориялары ақыл-ой танымының нəтижесінде болмысты қабылдау мен түйсіну процесі арқылы анықталады. «Болмыс – ұғым – тіл» үштігі – триада – жүйелі тілдік ұғымдық категориялар негізінде қарастырылады.

Функционалды грамматиканың негізгі объектісі «мазмұннан тұлғаға – тұлғадан мазмұнға қарай» тілдік құралдарды зерттейтін бағыт екендігі сөз етіледі. Оның грамматиканың белгілі бір семантикалық категорияларға негізделген тілдік бірліктерді, категорияларды жəне басқа да құбылыстарды біріктіретін жүйе ретінде тілдің табиғатын толық ашуда үлкен маңызға ие екендігі айтылады.

Қазіргі таңда тілдің толық табиғатын ашу үшін түрлі ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп, лингвистиканың жаңа қырлары жан-жақты зерттеу нысанына айналуда. Тіл білімі теориясында лингвистикалық талдаудың құрылымдық-жүйелік аспектілері коммуникативті-функционалды аспектілермен бірлікте қарастырылуда. Соның ішінде функционалды-семантикалық категорияларды жан-жақты сипаттауға бағытталған, функционалды принципке негізделген тілдік жүйе – функционалды грамматикаға деген қызығушылық артып келеді. Аталған грамматикалық теорияны сипаттайтын ұғым функционалды-семантикалық өріс болып табылады. Бұл – белгілі бір семантикалық категорияларға негізделген тілдік бірліктерді, категорияларды жəне басқа да құбылыстарды біріктіретін жүйе.

Дəстүрлі грамматикада тілдің құрылымдық жүйесі негізге алынды. Тілдік бірліктердің жасалу жолдары жеке-жеке алынып, белгілі бір сөз табына қатысы қарастырылды. Ол сөз табының белгілі категорияға тəн формалары айқындалды. Мысалы, сөздерді жіктеген кезде оған морфология немесе синтаксис тұрғысынан грамматикалық сипаттама берілді. Олар іштей жеке түрлерге, топтарға бөлінді. Атап айтқанда, морфология саласында сөздер сөз таптарына бөлінсе, синтаксисте сөз тіркестері мен сөйлемдерге бөлінді. Əрбір деңгей бойынша бірыңғай жүйеге негізделген белгілі бір объектіге талдау жасалады, яғни, моножүйелік талдау. Сондықтан мұндай құрылымдық принципті негізге алатын грамматика жүйелілік, құрылымдық жүйелі грамматика болып саналады.

Функционалды грамматика – грамматиканың түрлі тілдік құралдарын семантикалық категориясы мен семантикалық функциясы негізінде қарастыратын кешенді жүйе. Мұндай тəсіл бойынша түрлі деңгейдегі бірліктердің əрекеттесуін зерттейтін лингвистикалық талдау функционалдық негізде жүзеге асады. Талдау нысаны болатын құралдар əр түрлі бірліктермен (морфология, синтаксис, «құрылымдық лексика» аясында) ықпалдасады. Тілдік құралдарды зерттеу түрлі жүйелік негіздемесі бар нысандарды талдайды, яғни полижүйелі талдау. Сондықтан функционалды грамматика – сан қырлы жəне өзінің доминанты бойынша жүйелі-біріктіруші грамматика.

Функционалды бағыттағы грамматикалық зерттеулерде бірінші кезекте «функция – қызмет» ұғымына баса назар аударылады. Тілдік бірліктердің функциясы тілдің қызметіне сай белгілі бір міндетті атқаруға қабілетті тілдік жүйе. Сондай-ақ тілдік қызмет – тілдің нəтижеге жетуі, жүзеге асуы.

Ғылыми жəне басқа да арнаулы мəтіндердегі (олардың ішкі жіктеліміне байланысты) тілдік бірліктердің қызметінің ерекшеліктерін зерттеу – практикалық мəнге де ие маңызды теориялық мəселе. Егер тілші-ғалымдар осы мəселені жеткілікті зерттесе, қазіргі таңда тілді меңгертуге қатысты басы ашылмай жатқан көптеген мəселелерді шешуге болар еді. Əсіресе, тілді үйретудегі сабақтастық, құрылымдық, функционалдық жүйе жаңа бағытқа жол ашары сөзсіз.

Функционалды грамматиканың негізгі объектісі «мазмұннан тұлғаға, тұлғадан мазмұнға қарай» тілдік құралдарды зерттейтін бағыт болып табылады. Демек, қоршаған ортаны зерттеу мен сипаттауға бағытталған тілдік бірліктер тілдің табиғаты мен заңдылықтарымен тығыз байланыста, түрлі тілдік деңгейде ортақ құрылымдық жүйе ретінде, семантикалық функцияларына қарай біріккен грамматика ретінде түсіндіріледі. Сан алуан тілдік бірліктерді тек грамматика аясына сыйдыра зерттеу мүмкін емес. Грамматика ғылым ретінде тіл құрылымы мен бірліктерінің заңдылықтарын зерттейді. Ал тіл құрылымы «таза грамматикалық қабаттан» тұрмайды. Ол грамматикалық бірліктерді лексикалық түсініктерімен ортақ қарастырады, яғни барлық лексикалық құрылымды қамтиды. Тіл бірліктері құрылымдары (сөздің грамматикалық формасы, синтаксистік құрылымдар, «құрылымдық лексемалар») ішкі жəне сыртқы тілдік орта элементтерімен өзара байланыста жүзеге асады. Осы ортақ байланыстар грамматиканы зерттеу мен сипаттау барысында оның мəнін аша түспесе, кемітпейді. Себебі тілдік құрылымның категориялдық негізі ортақ болып қалады.

«Тіл білімі саласында «функционалдық» ұғымының мағынасы былай түсіндіріледі:

  1. тілдік бірліктерді қолдана отырып, олардың функциясын (қызметін) алынған нəтижеге қарай зерттеу;
  2. түрлі деңгейдегі тілдік бірліктердің өзара əрекеттесе отырып жұмсалуынан осы формалардан туындайтын мағынаны айқындау, яғни «мағынадан құралдарға қарай» бағытта зерттеу;
  3. осы екі бағыттың бірлестігі тілдегі семантикалық категорияларды көрсететін түрлі тілдік бірліктерді бір тұтастыққа, «өріске» жинақтау» [1, 62].

Функционалды грамматиканың басты ұғымдары мен категориялары ақыл-ой танымының нəтижесінде болмысты қабылдау мен түйсіну процесі арқылы анықталады. Болмыстың таным нəтижесінде қалыптасқан санадағы бейнесі тілдің ішкі заңдылықтарына сай тұлғаланып, түрлі тіл деңгейлерінен көрініс табады. «Болмыс – ұғым – тіл» үштігі – триада – жүйелі тілдік ұғымдық категориялар негізінде қарастырылады. «Тілдік зерттеулер негізінен екі бағытта жүргізіліп келеді: бірі ─ тілді басқа ғылым салаларымен (психология, мəдениеттану, əлеуметтану, когнитология, логика, философия, елтану, тарих) байланысты зерттеу; екіншісі ─ тілдің құрылымдық жүйесін тереңірек жəне ұлттық тілдің табиғатын толық ашып көрсету мақсатындағы тілдік бірліктердің тұлғасы мен мазмұндық жағын, олардың арақатынасын тілдің өз заңдылықтары тұрғысынан қарастыру»[2]

Профессор А.В. Бондарко функционалды грамматиканың жүйесін тану мен зерттеуде семантикалық категориялар мен оның тілдегі көрінісін негізге алады. Бұл грамматиканың концептуалды негізі: «семантикалық категория, функционалды-семантикалық өріс (ФСӨ), категориялық жағдаят (КЖ)» [3, 11]. ФСӨ пен КЖ шеңберіндегі түрлі грамматикалық тіл бірліктері мен категориялар, лексика-грамматикалық əрі лексикалық тілдік құралдар жүйесі аты аталған грамматиканың функционалдылық табиғатын кеңейте түседі.

Функционалдық-семантикалық өріс грамматикалық жəне «құрылымдық» лексикалық бірліктердің, сондай-ақ тілдің түрлі комбинациясын (лексика-синтаксистік) ортақ семантикалық функцияларға біріктіретін, бірге əрекеттесін категория. Бұл жағдайда өрістің құрылымы, оның компоненттерінің зерттелуі, олардың қатар орналасуы жəне бір-біріне ықпал етуі ерекше орын алады.

Əрбір өрістің белгілі бір семантикалық категорияларды түрлі формалармен білдіретін сан алуан түрі мен нұсқалары болады. ФСӨ екі жақты қарастырылады: олар мазмұн жоспары жəне ойды білдіру жоспары. ФСӨ туралы түсінік кеңістікпен байланысты. Шартты кеңістікте функция мен құрал өрістің орталық аумағын құрап, бір өрістің екінші бір өріспен қиысу аймағын айқындайды. А.В. Бондарко ФСӨ-ке негізделген грамматиканың жүйелілік принципін талдаудың келесі аспектілерін ұсы нады:

а) өрісті ерекше типтегі жүйе ретінде қарастыру (компоненттерінің құрылымдық-деңгейлік белгілері);

ə) зерттелетін бірліктерді құрылымдық талдау (моноцентрлік, полицентрлік);

б) ФСӨ мазмұнының жоспарын талдау

(ерекше белгілеріне қарай)

в) ФСӨ-тің өзара ортақ белгілерін (қиы-

суын) зерттеу;

г) семантикалық функцияны жүйелі зерттеуді ұйымдастыру[3, 5].

Сонымен, А.В.Бондарко өз еңбектерінде ФСӨ-ке төмендегідей анықтама береді: Функционалды-семантикалық өріс – тілдегі грамматикалық көрсеткіштердің лексикалық, лексикаграмматикалық əрі сөз тудырушы, сөз түрлендіруші лексемалардың екіжақты қырынан (мазмұн-форма) үндесе əрі үйлесе бірігіп келіп белгілі бір семантикалық ортада көрініс табуы.

Семантикалық категория функционалдық-семантикалық өріспен тығыз байланысты. Функционалды-семантикалық өрістің өзі семантикалық категорияларға жатады. «ФСӨ ішкі мазмұннан жəне соны беретін тілдік құралдардың бірлігінен тұрады. ФСӨ-нің ішкі мазмұнын семантикалық категориялар (темпоралдылық, аспектуалдылық, персоналдылық т.б.) құраса, сыртқы тұрпатын лексикалық, грамматикалық құралдар құрайды. ФСӨ-тің ішкі мазмұнын оның мазмұн межесі, ал тілдік құралдар бірлігін оның тұрпат межесі деуге болады». Функционалды-семантикалық өріс тілдегі грамматикалық тұлғалардың лексикалық, лексикаграмматикалық жəне лексика-семантикалық құралдармен өзара əрекеттестігі нəтижесінде ұйымдасатын семантикалық категория болып табылады. Семантикалық категория сөйлем мазмұнының көрінісіне, тілдік бірліктердің, сөз тіркесінің мағынасына байланысты айқындалады. Ғылыми ортада: уақыт (темпоралдылық), кеңістік (локативтілік), сан, сапа, посессивтілік, шарт, себеп жəне т.б. семантикалық категориялар бұрыннан анықталғанымен, тілді жүйелеудегі лингвистикалық талдау кезінде осы категорияларға үнемі айналып келіп отыру, бұл категориялардың мəнін арттыра түседі.

ФСӨ функционалды грамматиканы құруда маңызды рөл атқарғанымен, оның қырларын толық көрсете алмайды. ФСӨ тіл жүйесіндегі парадигмалық қатынастармен байланысты, алайда сөйлеуде парадигмалық қатынастар синтагматикалық қатынастармен қалай тіркесетінін категориялық жағдаят арқылы анықтауға болады. А.В. Бондарко ФСӨ-тің дамуы категориялық жағдаятқа байланысты екенін анықтап, оны жеке теория ретінде қарастырады.

Оның сипаттамасында, категориялық жағдаят:

а) белгілі бір семантикалық категорияларға негізделген жəне сонымен ФСӨ құратын;

ə) айтылым арқылы берілетін жалпы жағдаяттың бір аспектісін категорияларының бірі (аспектуалды, темпоралды, модальді, локативті) арқылы көрсететін типтік мазмұнды құрылым.

Категориялық жағдаят пен ФСӨ зерттелетін тілдік құбылыстарды екі жақты сипаттайды. Мұнда оның мазмұндық құрылымы айтылыммен бірлікте қарастырылады. Мазмұндық құрылым қандай да бір грамматикалық тұлғаға (шақ, рай жəне т.б.) байланбайды, керісінше айтылымның түрлі құралдарымен байланыста болады. Категориялық жағдаяттың айтылым мазмұнында басымдық танытуы айтылымның (сөйлемнің) түріне, мазмұндық белгілеріне байланысты. Мысалы, сөйлем (айтылым) тұрмыстық, посессивтік, квалитативтік, компаративтік т.б. болуы мүмкін.

Семантикалық категориялардың қиысуы (өріске қатысты) КЖ–қа сай түйіседі. Мысалы, аспектальды-таксистік, аспектальды-модальдық жəне т.б.

«Сөйлеу негізінде тілдік бірліктердің негізгі ақпараттық мазмұнын беретін бөлігі категориялық жағдаятқа жатқызылады. Категориялық жағдаят бірнеше топқа бөлінеді. Олар «жалпы жағдаят», «жекелеген жағдаят». Мысалы, «жалпы жағдаяттың» құрамында: а) модальдылық (іс-əрекеттің айқындылығы);

ə) таксистік (бір мезгілде бірінен соң бірі өтетін екі қимыл);

в) темпоралдылық г) аспектуалдылық,

д) жақтылық (белгілі бір жақ) категорияларының семантикалық элементтерімен өзара байланыста беріледі.

Ал, «жекелеген жағдаят»:

а) семантикалық категорияны білдіретін факторлар;

ə) нақты сөйлеу сəтіне байланысты сигникатифті мағынасының белгілі бір аспектісін көрсетеді;

б) құрылымында етістік болады;

в) жағдаятқа қатысты сөз сөйлеуші түрлі тілдік деңгейлерге сүйенеді» [5, 18].

Бүгінгі таңда функционалды грамматика таза грамматикалық деңгеймен шектеліп қалмайды, ол сөйлеу адресатына сүйене отырып, коммуникативті жағдайға тəн негізгі (узуалды) синтаксистік формаларды, сонымен қатар коммуникативті, құрылымды жəне басқа да белгілерді де анықтайды. Қорыта келгенде, функционалды грамматиканың негізгі ұғымдарын зерттеп, оның қызметін жан-жақты зерттеу қазақ тіл білімінде жаңа бетбұрысқа жол ашады.

 

Əдебиеттер

  1. Қапалбеков Б. Жұмсалымдық мағыналық өріс – ұғымдық категориялардың ұлт тіліндегі көрінісі // əл-Фараби атындағы ҚазҰУ Хабаршысы. – 2004. – №5. – Б. 52-62.
  2. Жолшаева М. Қазақ тіліндегі аспектуалды семантика: форма жəне мазмұн. Фил. ғылым. док. ғылыми дəрежесін алу үшін дайындалған диссертациясының авторефераты. − Алматы, 2009.– 50 б.
  3. Бондарко А.В. Принципы функциональной грамматики и вопросы аспектологии. − Москва, 2001. − 208 с.
  4. Бондарко А.В. Теория значения в системе функциональной грамматики (на материале русского языка). − Москва, 2012. − 736 с.
  5. Қазақ тілінің функционалды грамматикасының өзекті мəселелері. − Алматы: Қазақ университеті, 2013. – 137 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.