Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Көркем мəтінді лингвопоэтикалық тұрғыдан талдау ерекшеліктері

Лингвистикалық поэтика – филологияның ерекше саласы ретінде эстетикалық сөз өнерінің үдерістерін зерттеуге бағытталатын ғылым. Онда көркем шығарманың сыртқы құрылымын дəстүрлі түрде сипаттап қоюдан мүлдем бөлек, көркем шығарманың ішкі жəне сыртқы табиғатын ашуда автор-суреткер, автордың түпкі ойы, автордың интенционалды əлемі дейтін мəселелер лингво-антропологиялық, эстетикалық, стилистикалық тұрғыдан үнемі талданып отыруы шарт. Осыған орай, поэтикалық тілдің түрлі деңгейлердегі бірліктерінің қарастырылуы, олардың көркем мəтінде жүзеге асырылуы, индивидуалды-авторлық поэтикалық жүйенің сүйенетін дəстүрлері көрсетілді.

Сондай-ақ мақалада лингвистикалық поэтикадағы метатілдің қалыптасуы мен даму үдерісін сипаттау адамның эстетикалық деңгейде сөйлеуінің қызметін төрт ғылыми өзек парадигмада талдауға мүмкіндік беретіндігі айқындалды. Сондықтан бүгінде сөз өнерінің ерекшеліктерін тілдік тұлға мəселесімен астастыра қарастыруды арттыру көзделуде. Мақалада жалпы көркем мəтіндерді лингвопоэтикалық тұрғыдан талдау ерекшеліктері жан-жақты қарастырылады.

Қазіргі таңда адамды тануға бағытталған ғылымдардың барлығы тоғысатын филология саласында антропологиялық əдіснаманың өркендеуіне байланысты жаңа лингвистикалық поэтика индуктивті білім ретінде қала отырып, өзінің антропологиялық-дедуктивті əдіснамасының өрісін кеңейтті. Осыған орай, бүгінде сөз өнерінің ерекшеліктерін тілдік тұлға мəселесімен астастыра қарастыруды арттыру көзделуде.

Лингвистикалық поэтика XX ғасырдың аяғы мен XXI ғасырдың басында филологияның ерекше саласы ретінде эстетикалық сөз өнерінің үдерістерін зерттеуге бағытталды. Онда көркем шығарманың сыртқы құрылымы дəстүрлі түрде сипаттаудан мүлдем бөлек, көркем шығарманың ішкі жəне сыртқы табиғатын ашуда автор-суреткер, автордың түпкі ойы, автордың интенсионалды əлемі дейтін мəселелер лингво-антропологиялық, эстетикалық, стилистикалық тұрғыдан үнемі талданып отырады.

Лингвистикалық поэтикадағы метатілдің қалыптасуы мен даму үдерісін сипаттау адамның эстетикалық деңгейде сөйлеуінің қызметін төрт ғылыми өзек парадигмада талдауға мүмкіндік береді: а) ғылыми тұжырымдамалар арқылы берілетін сөз өнері теориясының антропологиялық-эстетикалық парадигмасы; б) формальды-эстетикалық парадигма; в) функционалды-эстетикалық парадигма; г) неофункционалды-эстетикалық парадигма (қазіргі лингвоантропологиялық зерттеулер).

Бүгінгі таңда жаңа лингвистикалық поэтика ерекше антропологиялық-дедуктивті ғылым ретінде сипаттамалы-аналитикалық, немесе индуктивті əдіснамадан тыс зерттелуі де мүмкін. Поэтикалық тілдің түрлі деңгейлердегі бірліктерінің қарастырылуы, олардың көркем мəтінде жүзеге асырылуы, индивидуалды-авторлық поэтикалық жүйенің негізгі сипаттамасы лингвистикалық поэтиканың зерттелуінде сенімді дəстүрлерге сүйенеді.

Біздіңше, лингвопоэтиканың теориялық-əдіснамалық негізін мынадай идеялар мен тұжырымдар арқылы көрсетуге болады: а) В.М.Жирмунскийдің «дəстүршілдер» мен «формалистердің» шығармашылық бірліктегі жетістіктерінің лингвопоэтикалық тұжырымдамасы; б) Г.О.Винокурдың сөз өнерін эстетикалық тұтастық ретінде «ішкі форма» немесе мазмұндық тұтастыққа ие өзгеше форма дейтін филологиялық көзқарасы; в) В.В.Виноградовтың «автор образы» басты категория болып табылатын көркем сөз теориясы; г) Х.Х.Махмудовтың лингвистикалық поэтиканың бірегей тұжырымдамасын қамтитын «теориялық стилистикасы»; д) Ю.Н.Карауловтың үштікті, яғни тілдік тұлғаның үшсатылы диалектикалық дамуын көздейтін антропологиялық теориясы; т.б.

Сонымен, XXI ғасыр сөз өнерінің теориясы мен тəжірибесінде көркем мəтінді талдаудың əдебиеттанулық жəне лингвистикалық аспектілерін нақты ажыратып берді. Бұл көркем мəтінді екі бағытта талдаудың қажеттігін көрсетеді.

Əдебиеттанымдық зерттеулерде күрделі ұйымдастырылған тұтас дүниені бөлшектеп, ондағы кейбір элементтерді бөліп қарастырып, олардың арасындағы байланысты барынша жеке тану көзделеді. Əдебиеттану тұрғысынан жүргізілетін зерттеулерге көркем шығарманың құрылымын, тақырыбын, көтеріліп отырған мəселенің идеясын, əлемнің көркем бейнесін, композициясы мен сюжетін, сондай-ақ формасын, стилін, түрін, жанрын, контексін қарастыру кіреді. Көркем шығарманы əдебиеттану тұрғысынан талдаулар екі бағытта, біріншіден, оның эмоционалды мағыналық табиғатын қарастырудан, екіншіден, эстетикалық ерекшелігін зерттеуден тұрады. Демек, мұнда мазмұнға назар аудару интерпретацияны, ал формаға мəн беру көркем шығарманың стильдік тұтастығын тануға жетелейді.

Ал лингвистикалық талдауларда тіл басты нысанаға алынып, мəтін жалпы белгілердің пайда болу тұрғысынан қарастырылады. Лингвистикалық талдаулардың басты мақсатына көркем мəтіндегі тілдік фактілердің мағынасы мен қолданысын айқындау жатады. Лингвистикалық талдаулар филологтың əдеби шығарманы тану, түйсіну ұстанымынан туындайды. Ол шығарманы барлық шынайы болмысында сезініп, жазушының өзіндей қабылдауға жетелейді.

Лингвистикалық талдаудың нысаны əдеби талдауларға қарағанда кеңірек болады. Себебі лингвистикалық талдау бүкіл шығарманың көркемдік мəнін ғана емес, оның тілін тұтастықта қарастырады. Яғни, лингвистикалық талдаулар барлық функционалды стильдерді қатыстыра отырып, мəтінді тілдік элементтердің комбинациясы ретінде қарастырады. Сондай-ақ мəтінді лингвистикалық талдаулар формадан – мазмұнға, ал əдеби талдаулар мазмұннан – формаға қарай құрылады. Лингвист (көркем мəтінді зерттеп жүрсе де) нақты мəтінмен шектеледі, ал əдебиетші үнемі тарихи, əлеуметтік немесе философиялық сипаттағы зерттеулерін жүргізеді. Лингвистикалық талдаулардың негізінде мəтін адресаттың көзқарасы негізінде қарастырылса, əдеби талдауларда ол ең алдымен автордың ұстанымы тұрғысынан зерттеледі.

Мəтінді лингвистикалық талдаудың негізгі аспектілеріне Н.В. Шевченко мыналарды жатқызады: лингвистикалық түсіндірме, семантизация, мағынасы көмескі сөздерді түсіндіру, идеялық-тақырыптық жүк арқалайтын сөздер, жоғары фразалық бірліктердің функционалды мағыналық типтері, мəтіннің мүшелену тəсілдерін талдау, мəтін интеграциясындағы лексикалық, морфологиялық, синтаксистік деңгей [1, 103].

Қазіргі лингвист ғалымдар (көркем мəтінді зерттеу саласындағы) шығарманы жекелей жəне кешенді (филологиялық) талдауды ұсынады (Бабенко, 2003; Болотнова, 2007; Купина, 2003; Николина, 2003; Новиков, 2003; Одинцов, 2004).

Мəтінді бөліп алып жекелей талдау мəтіндегі тілдік құралдардың байланысын, уақыт пен кеңістік категориясын, лексикалық, синтаксистік, ритмика-мелодикалық, графикалық, мəтіннің образды қырын, мəтіннің мүшелену тəсілдерін, мəнмəтіндегі ақпараттың жəне өзге де жекелеген аспектілердің берілу тəсілдерін ұсынады. Талдаудың мұндай түрін жүргізуге жоғарыфразалық бірліктен тұратын бір абзац немесе тіпті бір сөйлем де жеткілікті.

Кешенді талдау мəтінді тұтастай талдауға негізделеді. Бұған барлық мəтінтүзуші факторлар мен мəтіндік категориялар, осы мəтіндік категорияларды құрайтын барлық тілдік құралдарды талдау жатады. Мағынасы мүлдем түсініксіз немесе жартылай көмескі сөздер мұнда жанама талданады.

Соңғы онжылдықта көркем мəтін түрлі əдіснамалық ұстанымдар тұрғысынан зерттеліп келді. Қарастырып келген мəселелері де əртүрлі болды. Ал XX ғасырда психолингвистика, семиотика, поэтика сынды аралас салалардың интеграциясына ұмтылушылық көркем мəтінді басқа қырынан қарастыру үрдісіне алып келді. Осы орайда, А.А.Потебня сөз бен көркем шығарманы салыстыра қарастырып, поэтика мен лингвистиканың арақатынасына ерекше мəн береді. Бұл негізгі үш компонентті – сыртқы форма (ойда сұрыпталған дыбыс), мазмұн (дыыстардың көмегімен түзілетін форма) жəне ішкі форманы (мазмұнда жинақталатын мəн) қамтиды. Ғалымның пікірінше, поэтикалық немесе кез келген көркем шығармада болсын сөзге тəн компоненттерді бөліп көрсетуге болады: мазмұн (идея) жəне көркем образ нысан болатын сыртқы жəне ішкі форма [2, 179].

Көркем шығарманың тілін талдауға үлкен үлес қосқан ғалымдардың бірі – А.В.Щерба. Ғалым көркем шығарманы талдағанда идеяны анықтап қою ғана емес, оның көркемдік қырын бағалау да үлкен мəселе дей келіп, көркемдеуіш тілдік элементтердің нəзік қырларын лингвистикалық талдауларсыз ашу мүмкін емес дейді (Щерба, 1957, 97 б.).

В.В.Виноградовтың еңбектерінде көркем əдебиет тілінің – филологиялық пəндердің қатарында ғылым болып қарастырылу идеясы көтеріледі. Ғалым лингвопоэтиканың көркем əдебиет тілін түрлі деңгейлерде (лексикалық, морфологиялық, синтаксистік) қараcтырылуына үлкен мəн береді. Ол лингвопоэтикалық зерттеулердің міндетіне көркем шығармадағы тілдік бірліктердің эстетикалық қызметін зерттеуді жатқызады. В.В.Виноградов тілді өзара байланысты екі контексте: ұлттың əдеби тілі мен стилінде жəне көркем шығарманың тілін жанрымен, стилімен əрекеттестікте қарастыру қажеттігін айқындайды. Ғалым «көркем шығарманың тілін зерттеу біруақытта əлеуметтік-лингвистикалық жəне əдеби-стилистикалық бағытта жүруі тиіс дейді»,-дейді [3, 29].

В.М.Жирмунский бірінші орынға көркем шығарманы зерттеудің əдістері мен тəсілдерін, яғни оның əдіснамалық негіздерін қояды. Мазмұн мен форманың бірлігін айтқан кезде, В.М.Жирмунский форманың өзгеруі жаңа мазмұнды ашуға əкеледі, мазмұнның өзгеруі де дəл солай формаға əсер етеді. Мұндай жағдайда, көркем шығарманың мазмұнын тілдік құралдардың қолданысымен тығыз байланыста ашу қажет деп баса көрсетеді. Ғалым поэтика мəселелерін қарастырғанда, поэтикалық тілге немесе сөзге ден қояды. «Поэзия – бұл сөз өнері, поэзия тарихы – сөз өнерінің тарихы»,-дейді [4, 21].

Сонымен, көркем мəтінді филологиялық зерттеулер шығарманың терең тілдік қатпарын, жазушы идиолектісінің өзіндік ерекшеліктерін айқындаулардан тұрады.

Кезінде көркем əдебиетті түсіну жəне қабылдау герменевтика ғылымының басты міндеттерінің бірі еді. Алғашқыда бұл термин теология саласында қолданылып, діни мəліметтерді талдап, түсіндіруде пайдаланылды. Кейінірек, герменевтика ғылымының аясы кеңіп, ол көркем сөз өнеріндегі туындыларды талдаптаразылауда қолданыла бастады.

Əдебиеттанушылар мəтінмен жұмыс барысында «не туралы?», «қалай?» деген сұрақтың төңірегінде ойланады. Кейін келе əдебиеттанудан көркем мəтіндердің тілдік ерекшеліктерін қарастыратын стилистика саласы бөлініп шықты. Себебі əдебиетте қойылатын «не туралы?, қалай?» сұрақтары «неге бұлай айтылады, басқаша емес?» деген сұраққа жауап бере алмас еді. Бұл көркем образ мəселесін жалпы лингвистикалық заңдылықтармен байланыстыра қарастыратын лингвопоэтиканың нысаны болып табылады.

Кез-келген мəтінді лингвостилистикалық тұрғыдан талдау семантикалық жəне метасемиотикалық екі деңгейден тұратындығы белгілі. Семантикалық деңгейде тілдік бірліктер (сөз, сөз тіркесі, синтаксистік құрылымдар) өздерінің тура мағынасында қолданылады. Метасемиотикалық деңгейде тілдік бірліктер контекстегі коннатациялар арқылы қосымша мазмұн тұрғысынан талданады. Алайда көркем шығарманы талдаудың күрделілігі оның мəнін анықтаумен шектелмей, толық көркем мазмұнды ашу деңгейіне қол жеткізуімен анықталады. Ал бұл тіл мен поэтиканың өзара байланысында ғана жүзеге асырылады.

Бүгінде көркем мəтінді терең талдау мəселелері И.В. Арнольд (1973, 2002); И.В. Тюббенет (1991); В.Я. Задорнова (1984, 1992);

Т.Б. Назарова (2003, 2010); А.А. Липгарт (1996, 2006) т.б. ресейлік филолог-тілшілердің еңбектерінде қарастырылып келеді.

Лингвопоэтикалық талдаудың мақсаты – қарастырылып отырған немесе өзге де тілдік бірліктердің (сөз – сөз тіркесі – грамматикалық форма – синтаксистік құрылым) эстетикалық əсер тудыратын өзіндік үйлесімділігін айқындау болып табылады. Лингвопоэтика көркем мəтіндегі эксплицитті мəннің қандай тілдік құралдар мен қолданыстар арқылы берілетіндігін жəне оның оқырманға эмоционалды-эстетикалық əсерін түсіндіреді. Мұндай жағдайда шығарманың сюжетті-композициялық табиғаты ескеріледі. Мəтін астарындағы ақпараттың ауқымдылығы интерпретатордың діттемі ретінде айқындалады. Лингвопоэтикалық талдау əдісі зерттеушінің мазмұннан формаға жəне қайтадан мазмұнға қарай зерттелуіне байланысты «кері» (челночный) сипатқа ие. Бұл екі талдау диалектикалық бірлікте бірін-бірі толықтырып отырады. Демек, лингвопоэтикалық талдау шығарманың тілдік тініне бойлап, мəтіннің барлық стилистикалық ерекшелігін ашудан тұрады. Алайда ол мұндай тілдік құралдар мен стилистикалық қолданыстарды зерттеумен ғана шектелсе, көркем шығарманың нағыз өнер туындысы ретіндегі қыры тасада қалуы мүмкін.

Сонымен, «лингвопоэтика» термині екі қарама-қарсы бағыттағы зерттеулерден тұрады: біріншісі, шығармадағы көркем қолданыстардың тақырыптық-стилистикалық табиғатын айқындау болса, екіншісі типологиялық лингвистикалық зерттеулер жүргізу.

 

Əдебиеттер

  1. Шевченко Н.В. Основы лингвистики текста. – М., 2003. – 160 с. 2 Потебня А.А. Эстетика и поэтика. – М., 1976. – 614 с.
  2. Виноградов В.В. Стилистика. Теория поэтической речи. Поэтика. – М, 1963. – 255 с.
  3. Жирмунский В.М. Теория литературы. Поэтика. Стилистика. – Л., 1977. – 407 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.