Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Əлидің романтизмі

Автор бұл мақаласында Орта Азияның ояну дəуіріндегі антропологиялық эстетика мəселесіне тоқталады. Ол қоршаған ортаның түрлі құбылыстарын, табиғатын жəне адам тұрмысын, оның шығармашылық мүмкіндіктерін антропологиялық жүйеде түсіндіру романтикалық əдебиеттің негізгі белгісі деп біледі. Сонымен бірге Құл Əлидің «Қисса Жүсібінен» бастап, ортағасырлық түркі əдебиетінде басты көркемдік əдісжалпыға ортақ шығыс романтизмі болғанын дəлелдеуге күш салады. Ізденуші осы пікірінің дұрыстығын көрсету үшін Ю. Нигматуллина, Х. Усманов, Ф. Фасеев, И. Конрад, Ш. Абилов сияқты ғалымдардың зерттеу еңбектеріне иек артады.

Мақалада қайта өрлеу дəуірінің эстетикасына тəн белгілер жан-жақты сөз болады. Мəселен, онда жердегі сұлулықтың көктегі сұлулық арқылы танылатындығы, Жүсіп портретін жасауда өсімдік пен жануарлар əлемінен алынған теңеулердің маңызды рөл атқаратындығы, алтын күміс сияқты қымбат дүниелердің идеялық эстетикалық қызметі, т.б. назардан тыс қалмайды. Күннің бейнесі, сəулесі, ай, алтын жəне күміс іспетті сөздердің қолданысқа түсуі шығыс қағидасына жəне оның əдебиетіне көрсетілген құрмет екені мəлім. Ғалым Тұрандық қолөнер шығыс əлемінде өзінің байлығымен, шеберлерімен танымал болғанын Отырар, Баласағұн маңында табылған заттар арқылы дəлелдейді.

Сопылар мен Сократ ашқан антропологиялық эстетика Орта Азияның ояну дəуіріне дейін ұзақ даму жолынан өтті. Əрбір тарихи кезең мен қоғамдық даму сатылары түрлі мазмұнға ие болды. Феодалдық формацияның билеуші өкілдері мен ислам идеологиясы біреулердің бай болып, екіншілердің жоқшылық күй кешуі адам табиғатына негізделеді деп тұжырымдады. Қайта өрлеу дəуірі философиясының, ғылымы мен əдебиетінің өкілдері бұл пікірмен келіспеді жəне əлеуметтік бөлінісіне, ұлтына, дініне қарамастан күллі адамзаттың антропологиялық бірлігі идеясын қарсы қойды. Адамның антропологиялық маңызы, оның шығармашылық мүмкіндіктерге сенімі Омар Хайямның мына сөзінде анық айтылған: «Біздің мақсатымыз əлемдегі биік шыңмен тең». Жеке тұлғаның адамгершілік қасиеттерін əлемнің тұтқасы санаған Саади Ширази ХІІІ ғасырдың өзінде былай жазған:

Адамзаттың баласы – біртұтас Тозаңнан жаратылған.

Денеңнің бір бөлігі жараланса да Барлық денең қалтырайды.

Ешуақытта адамзат мұңы үшін қайғыра алмасаң, Халқың сені қалай қадір тұтпақ

Қайта өрлеу дəуірінің антропологиясы, яғни адам табиғатынан тамаша нəрсе табуға ұмтылу Əлидің «Қисса Жүсіп» поэмасында көрініс тапқан. Автор ислам схоластикасының теоцентризмінен біржола бас тартпаса да, тарихи дамудың негізі «адамда» деп таниды. ХІІ-ХІІІ ғасыр басындағы түркілердің қоғамдық өмірін жəне сол дəуір адамдарының болмысын көп зерттеген Құл Əли адамды «бар нəрсенің өлшемі» ретінде түсіндіреді.

Қоршаған ортаның құбылысын, табиғатын жəне адам тұрмысын, оның шығармашылық мүмкіндіктерін антрополгиялық жүйеде түсіндіру – романтикалық əдебиеттің негізгі белгісінің бірі. Осымен байланысты Ю.Г. Нигматуллина: «Жазушы дүниетанымындағы антрополгизм, яғни халық əдебиетінде қандай қалыпта көрініс тапса да, адамның мəңгілік болмысынан тамаша құбылысты іздеу көбінесе шығармашылықтың романтикалық түрінің негізі болып шығады екен», – деп жобалайды [1,152]. Шынымен де, «Қисса Жүсіп» дастанының негізгі кейіпкерлерінің – Жақыптың, Жүсіптің, Зылиханың өзара қарым-қатынасы адам болмысының шынайы, аса өнегелі заңдарының көрінісі ретінде романтикалық антропологизм рухында бейнеленген. Құл Əли Жүсіптің ақыл-парасатын суреттейді, мұнда Зылиханың махаббаты нақты өмірге жақын, табиғи. «Қисса Жүсіп» дастанының дəл осы тұсы қайта өрлеу дəуірінің романтизмі ретінде оның көркемдік əдісіне айналғанын айтуға мүмкіндік береді.

Кейінгі зерттеушілер Құл Əлидің «Қисса Жүсіп» дастанының əдеби əдісі туралы əрқандай тоқтамға келіп жүр. «Татар поэзиясының антологиясына» Х. У. Усмановтың жазған алғы сөзінде: «Құл Əли шығармасы – ортағасырлық татар əдебиетіндегі махаббат тақырыбына жазылған бірінші романтикалық поэма» [2, 202]. «Бұрынғы түрікмен əдебияты» оқулығында «дастанның кейбір эпизодтары реалистік қалыпта, ал кейбірі романтикалық үлгіде жазылғаны» айтылады. Ф. Фасеев бұл поэманың көркемдік əдісі мен жанрын екі арнада: романтикалықпсихологиялық жəне естелікті-дастандық бағытта қарастыру мүмкіндігін жоққа шығармайды. М.Залялиева «Қисса Жүсіп» дастанында дəріптеу принципі басым деп есептейді. Ш.Абилов Құл Əлидің «Қисса Жүсібінен» бастап, ортағасырлық татар əдебиетінде негізгі көркемдік əдіс – жалпыға ортақ шығыс романтизмі болды деген тұжырымға келеді. [3, 18]

Құл Əли туралы көлемді мақалалардың авторы əдебиетші Н. Хисамов басқа пікір ұстанады. Ол «Қисса Жүсіп» поэмасының əдеби əдісін қайта өрлеу дəуірінің романтизмі немесе романтизм əдісі ретінде қабылдауға келіспейді [4, 178]. Н. Хисамовтың көзқарасы бойынша Құл Əли шығармасының əдеби əдісі синкретті: əрі реалистік, əрі фантастикалық. Поэмадағы психологизм элементтері мен кейіпкерлер ісəрекетінің суреттемесі реалистік болып есептеледі. Поэманың əдеби əдісін шартты түрде «символдық» деп атасақ орынды болар еді», - дейді ол [4, 200].

Басқа зерттеулерге қарағанда, Н. Хисамовтың Əли дастанының əдеби əдісі туралы пікірінде қайшылық көп. Біз академик И. Н. Конрадтың концепциясына иек арта отырып, «Қисса Жүсіп» дастанының əдісін қайта өрлеу дəуірі романтизмі деп білетін ғалымдардың тұжырымдарына қосыламыз. И. Н. Конрад түрлі ұлттық əдебиет үлгілеріне салыстырмалы талдау жасап, Ш. Руставелидің «Жолбарыс терісін жамылған батыр» шығармасын Фирдоусидің, Низамидің, Навоидің, Ариосто мен Тассоның поэмаларымен қатар қарастырып, қайта өрлеу дəуірі əдебиетінде ерекше романтикалық жол – ренессанс романтизмінің болғанын алға тартады [5, 96].

Қайта өрлеу дəуірі романтизмінің ең үздік шығармалары, негізінен, əлем əдебиеті қорына зор табыспен енді. Антикалық дəуірден бастап бері қарай романтикалық өнер бейнесінің нысаны – кереметтік категориясы еді. Қайта өрлеу дəуірінде ол аса жоғары мəнге ие болды. Адами жаңаплатоншылыққа негізделген қайта өрлеу дəуірі романтизмінің əдебиеті адамдағы сұлулықтың маңызды белгілерімен ерекшеленеді: олар адамның ішкі-сыртқы бітіміне, оның мақсаттылығына, сезіміне, ақылы мен əрекетінің айқындығына иек артады.

Кемелділіктің жоғары өлшемі деп ақын ажары келісті, жан-жақты білімді жəне рақымды адамды айтады. Адам табиғатының биік болмысы Жүсіп бейнесінде жинақталған. Оның

«Көркем Жүсіп» деген аты əлем əдебиетіне тегіннен -тегін енген жоқ. Жүсіптің ішкі жандүниесі мен сыртқы келбетінің сұлулығы ренессанс философиясы рухында түсіндіріледі. Грек, Шығыс платоншылары үшін нағыз керемет жаратылыс адам болса, Əли үшін де солай.

«Қисса Жүсіп» дастанындағы кереметтік категориясын беру формасы əртүрлі. БұлЖүсіптің ақылы, дене сұлулығы, білімділігі, адамгершілік тазалығы, əділеттілігі, сонымен бірге оның туысқандары мен мысырлықтарға жасаған игі істері.

Жүсіптің сыртқы сұлулығын Əли дəстүр шеңберінде суреттейді. Ол бұрынғы түркі фольклоры мен Шығыс романтикалық поэзиясында қолданылған образ жасау əдісін пайдаланады.

Қасыңның бұралаңы туған айдай, Тісің інжудей жалтылдайды.

Шашың жұпар судың тұнбасындай, Өзім өрсем арман жоқ,

Келбетің құйып қойған лағылдай. Иегің алмадай сұлу,

Ернің балдай, сөзің тəтті.

Қызыл ерніңнің демі жүрегімді өртейді, Саусақтарың сүйріктей,

Тырнақтарың меруерттей жарқырайды. Алақаның əппақ əрі жібектей жұмсақ.[6]

Көріп отырғанымыздай, Жүсіп портретін жасауда өсімдік жəне жануарлар əлемінен

алынған теңеулер, байланыстар маңызды рөл атқарады (қасы –ай, тісі – інжу, тырнағы – маржан, қолы – жібек, шашы-жұпар су, иегі-алма, ерні-бал, саусағы-бұтақтай сүйрік). Теңеулер тізімі терең шеберлікпен жасалған. Олар ортағасырлық Шығыс поэзиясына тəн белгі-бейнелермен ерекшеленеді.

Əлидің ұнамды эпитеттері – «күн дидарлы», «айдай» сөздері дастанда көптеп кездеседі. Ғашығының сұлулығына тамсанған Зылиха: «Оның жүзі толған айдай жарық»,дейді. «Айдай» етіп автор Зылиханы да суреттейді:

Тамаща Зылиха туралы сөз айтамын Айдай дидарын мақтаймын. [6]

Ай мен күннің бейнесімен автор кейіпкерлердің келбетін салыстырып қана қоймайды, олардың психологиялық күйін де береді. Ағалары аяусыз соққанда Жүсіп оларға:

Өлтіргілерің келсе – қазір-ақ құртыңдар,

Менің айдай жүзім солсын. [6]

Жүсіпке ғашық болған Зылиханың қайғылы образын жасауда эмоционалды-эстетикалық перде үшін де «ай» сөзімен қолданылған эпитет ең басты суреттеу əдісі болып табылады:

Қайғыдан Зылиха ұйқыдан айрылды, Айдай дидары реңі қашқан.

Тамақтан дəм татпады,

Күні-түні көз алдында – Жүсіп. [6]

Қайта Өрлеу дəуірі эстетикасы жердегі сұлулық тек көктегі сұлулық арқылы ғана танылады деп тұжырымдайды. Осы себептен Қайта Өрлеу дəуірі ақындарының шығармаларында адам табиғаты ғарышпен тең немесе одан жоғары қойылады. Шығармашылық адамдарының жаңа платоншылдық бейне мен адам əсерінен туған ғарыштық бейнелерге ұмтылысы осыдан. Мысалы Жүсіптің сұлулығы алдында күн мен ай ұялып, қызарады, сұлулығы көпес Мəлік Дұғардың уысына еніп, жерге кірген гауһардан жауған жаңбырдың, інжу маржан күннің бейнесінде беріледі. Қиын кездері Жүсіп адам секілді ренжіп, ашуланып, лағнат жаудыра алатын аспаннан көмек сұрайды. Əли дастанындағы ғарыштық бейнелермен берілген сұлулықты сезіп, қолмен ұстап білуге болады.

Дастанда Жүсіп сұлулығы ренессанс гуманизмі рухында адам бейнесіне көшірілген, əсіреленген. Күн, ай жəне он бір жұлдыз Жүсіптің сұлулығына табыну үшін аспаннан жерге түседі.

Ай мен күннің жарқылын түсімде көрдім, Əлемнің он бір жұлдызын биікте көрдім, Бəрі маған бас иді. [6]

В.В. Бычков «Нұр мəселесі барлық елдегі халықтардың, атап айтқанда, Шығыста да, грекрим аумағында да дүниетаным жүйесінде маңызды рөл атқарды» [7, 68], – деп жазады. Дүние туралы теория Ибн Синаның философиялық еңбектері мен əдеби шығармаларында көрініс тапты. Нұр туралы діни-философиялық білімді сопылық ойшыл Сухраварди (1155-1191) дамытты. Оның ілімі бойынша, «Əлемде бар сұлулық, кемелділік, жомарттылық та нұрдан туындайды».

Нұр эстетикасы шығыс əдебиетінің əдеби қағидаларына үлкен əсерін тигізді. Х ғасырдың өзінде қытай тілінен түрік тіліне «Алтын жарық» деген атаумен дүниетаным эстетикасына енетін діни-өсиетті шығарма аударылады. Қайта өрлеу эстетикасында нұр бейнесі маңызды орын алады. Ж. Баласағұнның «Құтадғу білігінің» негізгі кейіпкері күнге байланысты есімге ие – Күнтуды (күн көтерілді) [8, 177].

Істе ол əділ, қатал, бірбеткей, Сөзге шыншыл, рухы биік. Көктегі күн мен айдай жарқырап,

Бəрінің бастамасы Күнтуды болды.

Əлидің «Қисса Жүсіп» дастанындағы нұр эстетикасының ізі айқын. Автор Жүсіптің сұлулығын «нұрлы жүзді» деп қайталап отырады. Мысалы, Жүсіп келбеті дүниеге күннен 100 мың есе көп нұрын шашады, нұрлы бет-жүзі күннің жарығынан асып түседі, оның сұлулығынан дүние тасқыны көкке көтеріледі.

Жүсіп сұлулығы жер мен көкті байланыстыратын күн сəулелерінің көз шағылыстырардай нұр шығаратын ағыны ретінде суреттеледі. Терең құдықта да Жүсіп сұлулығы мыңдаған күн сəулесінің ағынымен жарқырайды. Осы сұлулығымен Жүсіп Нілге шомылған соң да əлемге жарық береді:

Жүсіп пайғамбар көңілді, қуанышты келді, Келбеті жүз есе жарқырайды.

Жарқыл оның түсті халатына сəуле береді. Айналаның бəрі жайнай түсті. [6]

Эманация туралы жаңа платоншыл ілімнің негізіне енген жарық бейнелер шығыс философиясының бөлінбес бөлшегі болып табылады. Нұрлы символға бұрыла қарай отырып, шығыс ойшылдары бар дүниенің тылсым сырлары мен себептерін білуге тырысты. Олардың филосо-

фиялық көзқарастары Шығыстық қайта өрлеу дəуірінде өмір сүрген ақындар тəжірибесінде де болды.

«Қисса Жүсіп» дастанында кең қолданылатын нұрлы бейнелер Құл Əлидің «философиялық жарық берудің» білгірі болғандығын көрсетеді. Сəуле шашушы сұлулықтың биік көрінісі – миллиондаған күн сəулесі жібінен тоқылған Жүсіп бейнесі. Періште Жебірейілдің нұрымен қосылған жəне жіңішке жарық жіппен көкке көтерілген Жүсіп бейнесі Əлидің тұрмысқа деген даралық көзқарасын білдіреді.

«Қисса Жүсіп» поэмасының əдеби құрылымында нұрлы күн ұғымымен бірге алтынмен байланысты бейнелер де маңызды рөл атқарады. Ерте кезде сəуле күн бейнесі ретінде қабылданды.

Құл Əли дастанында алтынның идеялықэстетикалық қызметі əрқилы. Бір жағдайда алтын байлық көзі ретінде берілсе, енді бірде сұлулық символы ретінде беріледі. Ал кейде алтынның тамаша эстетикалық табиғаты оның маңызды қызметімен байланыстырылады. Жеке заттардың, əшекейлердің бағасын көрсеткені Құл Əлидің өз дəуірінде тауар-ақша қатынасында білікті маман екенін танытады. Мысалы, асыл тастармен жасалған алтын кесе 400 000 динар, Жүсіптің араб көпесіне сыйлаған алтын білезігі 200 000 динар, Ибн-Йамин ағасына сыйлаған лағыл білезік 1000 динар,екі пұт нан – 200 000 алтын шақша, 1 динар – 1400 ермакқа тең. Құны жоқ 18 ермакқа Жүсіпті ағалары құлдыққа сатқан:

Менде мата бар,-деді Мəлік жауап беріп, Алтын жоқ,

Тек қана 18 ермак бар.

Соны алыңыз. Үстіндегісін маған сыйға тартыңыз.

Мысырда көпес Мəлік Дұғар Жүсіпті адам айтқысыз бағаға – жарты миллион алтын динарға сатып жібереді. Бұл сəтті мəміле Жүсіпті кездестірместен көп уақыт бұрын оның түсіне енеді: қайырымды құл сатудан ол үлкен байлық пен дүниенің иесі атанады. Мəлік Дұғардың түсін жори отырып көріпкел былай дейді:

Осы құлды арзанға аласың, Бағалы сыйлыққа ие боласың, Зор байлыққа кенелесің.

Əрі қарай шаттығыңды көріп отырмын.

Əли дастанында асыл металдардың əлеуметтік-экономикалық мəні əдейі қозғалмайды. Автор алтынның адамдар қарым-қатынасын бұзатын əсерін көрсетпейді. Қайта өрлеу дəуірі

ақынын алтын ең əуелі жердің амандығының көзі ретінде, эстетикалық рахаттың бір түрі ретінде қызықтырады. Ол алтынды бақыт пен сұлулықтың белгісі деп білетін қайта өрлеу дəуірінің романтикалық эстетикасына адал болып қала береді.

Ай жүзді құл Жүсіптің сұлулығы да алтынмен өлшенеді. Көпес Мəлік Дұғар Жүсіп үшін оның таза дене салмағы қанша тұрса, сонша алтын сұрайды. Сөйтіп қалалық сауда базарының таразысының бір жағында Жүсіп, екінші жағында Мысырдың падишахы Кытфирдің алтыны түседі. Осы суретті Құл Əли былай береді:

Сен алтынды əкеліп өлше, деді Мəлік,

Оның таза салмағына құлдың салмағы жетсін. Тастың, тиынның салмағы көп болсын,

Əрбір үймеде баланың салмағы болсын, Əмірші бағамен келісті де үнсіз отырды. Қазынаға алтынды алуға кетті

Бес жүз мың алтын əкелді. [6]

Бірақ бұның бəрінің салмағы құлдың салмағына жете алмады.

Бұл өлең жолдары дүниенің тетігі адам деп білетін ілім негізінде бірінші кезекке адамды – Жүсіп сұлулығын қоятындығымен есте қалады. Құл Əли алтын да, күміс те, гауһар да, лағыл да адам сұлулығының өлшемі бола алмайды деп баса айтып, адам сұлулығын биік дəрежеде дəріптейді. Сауда орнындағы көріністі автор 3 рет суреттейді. Біріншіде таразы тостағанына 500 000 алтын салынды; екіншіде қазынада қалған барлық алтын мен күміс, үшіншіде Кытфир билеушінің бар байлығы: алмаз, жақұт, меруерт, маржан, мата, атлас, жұпар су. Бірақ қандай жағдай болса да Жүсіп сұлулығын материалдық байлықпен, асыл тастармен, сəн-салтанатты бұйымдармен өлшеуге, қатар қоюға болмайтыны анықталады. Билеуші аузынан нағыз өрлеу дəуіріне тəн тұжырым жасалады: бар əлемнің материалдық құндылығы адамның сұлулығына тең келе алмайды. Осылай Құл Əли адам сұлулығын абсолютке айналдырып жеткізеді, адам тұлғасына биік баға береді. ХІV ғасырда осындай ойды əзірбайжандық қайта өрлеу дəуірінің өкілі Насими да айтады: «Адам – ең бағалы, ұлы жаратылыс. Асыл тастар мен металл арасынан қазына іздеген адам қатты қателеседі». Бұл Құл Əли мен Насимидің ортағасырлық саяси жəне діншіл жүйесімен жасырын əрі ашық түрде айтысып жүріп жасаған адамның сұлулығы мен ұлылығы туралы батыл тұжырымы болды.

Алтын, күміс, т.б қымбат дүниелердің бейнесін Құл Əли сарайлар мен айналадағы ортаны суреттегенде кеңінен қолданады. Зылиханың Жүсіппен кездесуі үшін салынған сарайдың ішкі көрінісі алтынмен, күміспен, гауһармен шағылысқан нұрымен, шұғыласымен, əдемі жабдығымен таң қалдырады. Бұл сарайдың күмбезі сары алтыннан, ал қабырғасы нұрлы шыныдан жасалған, алтын, күмісі жалтырап көз тартады. Сарай маңында алтын бұта өседі, алтын ағаштар, бақта алтын аттардың, күміс бұқаның мүсіні, тақ, Зылиханың күн сəулесімен əсемделген тəжі; ғашықтарға үлкен метал ыдыспен аспаз қызмет етеді. Мысалы:

Қызметшілердің ептілігі сарайға інжу дарытады, Алтын ағаштар айналада

Жапырақ жайсын, шалғын көтерсін, Ала жеміс өссін.

Бағандар арасында

Алтын жамылған бұта өссін. Күмістен жасалған

Бұтаның мүсіні орнатылсын.

Есікте алтын тұлпар,

Ер-тұрманы қымбат тастар. Əртүрлі жеміс беретін

Бір-бірінен асатын ағаштар болсын.

Осы сарай əр уақытта мақтаныш болсын. Қабырға бойы мыңдаған суреттер.

Əртүсті шыныдан терезе,

Алтын мен күміс жылтырасын. [6]

Əли суреттеген сарайдың эстетикалық əсері күшті. Əли үшін жарық беретін дүниеден ғажап ешнəрсе жоқ. Оның күн, сəуле, ай, жұлдыз, алтын, күміс, т.б асылдар бейнесін жасауы осымен түсіндіріледі. Типологиялық тұрғыдан қарасақ, түркі əдебиеті ақынының сəулелі эстетикасы грузин қайта өрлеу дəуірінің өкілі Шота Руставелидің «жарық» поэмасы мен «Жолбарыс терісін жамылған батырына» өте ұқсас. Екі ақынның сəулелі бейнелері жаңа платоншылардың философиясына негізделген.

Жүсіп сұлулығын беруде санмен жасалған əсірелеулер маңызды рөлге ие. Адам сұлулығын, кейіпкер сұлулығын , кейіпкер қайғысын, адамның күші мен байлығын санмен салыстыру Шығыс пен Батыс халықтарының əдебиеті мен фольклорында кеңінен таралған əдіс. Сандық əсірелеулер платоншыл, пифагоршыл философияға иек артатын қайта өрлеу дəуірі эстетикасында танымның негізгі қағидасы əрі оларды көркем бейнелеудің жолы болды. Бейнелі жүйені математикалық рəсімдеу əдісі араб, тəжік қайта өрлеу дəуірінің көшбасшысы Рудакидің (860940ж) шығармашлығында кездеседі.

Бұрымын түсірсе болғаны жүз жүрек шатыққа кенеледі.

Құл Əли ‘’Қисса Жүсіп’’ дастанында да тамаша дүние тудырады. Мысалы Жүсіп жүзі 100 мың күн сəулесін жалындатады , ағалары үшін Жүсіп 100 мың жаны болса да бəрін беруге даяр; сұлу кұлды Мəлік Дұғар көпестен алу үшін Құдыс қаласының бегі 12 мың əскерді жібереді; Жүсіпті сатып алу үшін Мысыр билеушісі Кытфир таразы тостағаныныа 500 мың алтын динар жəне қазынасындағы бар байлығын салады; сұлу құл Жүсіп үшін Зылиха

360 киім түрін сатып алады; баласы жоғалғаннан кейін 10 тəулік ішінде пайғамбар Жақып 360 рет есінен адасады. Зылиха салдырған сарай 10 мыңдаған ою-өрнектермен безендірілген. Шеруде Жүсіп 800 мың əскерге басшылық етеді. Жүсіп 40 ердің күшінен асып түсетін күшке ие, 72 тіл біледі. Зылиханаң əкесі Таймустың құдіреті мен байлығы да сандық əсірелеумен беріледі: əскері 100 мың ер; қызының жасауын 1000 түйемен , 1000 қашырмен береді, 1000 құл мен кəнізак жібереді. Кытфир Зылиханы 100 мың жақсы ниетпен қабылдайды. Сандық ассосиациялар, əсірелеулер əсіресе ХII-ХIV ғасырлардағы түркі əдебиеттерінде мол қолданылады. Мысалы авторы белгісіз «Кесікбас кітабында» Кесікбас 50 рет қажылыққа барады; дəудің жер асты патшалығында тұтқында 500 мың мұсылман зарығып отыр; зардап шеккен діндестерін құтқару үшін жер асты патшалығына түскен батыр Əлиге бірден 300 мың дəу бас салады. «Кесікбас кітабы» мен Хисам Кəтибтің «Жұмжұма сұлтан» (басы кесілген сұлтан туралы əңгіме) арасындағы сандар қолданудағы сабақтас байланысты байқау киын емес. Өз сарайының өткен айбындылығын айтқанда сұлтан оның 40 мың басшысы, 18 мың бегі, 10 мың құлы, 10 мың салық төлеушісі, 10 мың əйелі, 10мың шарап əкелушісі, тағы басқа болғандығын санамалайды.

Құл Əлидің ренессанстық шығармашылық қолтаңбасы сəулет өнерінде, мүсінде, бейнелеу өнерінде, сөз өнерінде айқын көрінеді. Шығармада əр қандай өнер түрлерінің көрініс табуы – ақынның романтикалық, көркем ойының белгісі. Құл Əлидің эстетикалық-романтикалық принциптерінің бастысы – дəріптеушілік. Ол «Қисса Жүсіп» поэтикасының барлық деңгейінде басымдық танытады. Осылайша поэмада суреттелген сарайлар өзінің ерекше сұлулығымен, биіктігімен, қымбат əшекейлерімен таңқалдырады. Ақын үлкен шеберлікпен сарайдағы жарықты, бөлмелерді, жануарлардың, құстардың мүсіндерін, адамдардың бейнесін жеткізеді.

Сарай алтын, күміс жəне əр түсті əйнектерден, қымбат ағаштардан салынған. Сарайдың іші ақық тас, лағыл, інжу, маржанмен əшекейленген.

Үлкен үйдің тірегі бір қатардан табылсын, Оның бəрі асыл тастан жасалсын.

Інжу, маржан, гауһарға толып сыртына Барлық бояу-түсмен жарқырасын.[6]

Сарай гауһар шырақтармен сəулеленген, қымбат бағалы тастармен безендірілген, аң терісі жайылған сарай.

Еденге түрлі тері төселіп,

Гауһардан шырағдандар жылтылдайды.

Сарайдың ауасы ерекше. Мускус, амброг иісі аңқып тұр. Əр жерде мусукус иісі шығып тұрды,

Гүлденіп бəрі сонда келмек енді.[6]

Келтіріп отырған мысал шығыстың иіс эстетикасы Құл Əлиге мəлім болғанын дəлелдейді. Ол оны тек қана сарайды суреттегенде қолданбайды. Сонымен қатар өз қаһармандарының ішкі жəне сыртқы құндылықтарын бейнелегенде пайдаланады. Мысалы Зылиханың еріні қош иісті, Жүсіптің шашы – жұпар су, Жүсіп Мысырға келгенде қоршаған орта қош иісті заттарға толады.

Құл Əлидің сарайды бейнелегенде қолданған теңеулері қымбат заттар мен бағалы тастар жайлы болып келетінін жоғарыда айтып өттік. Күннің бейнесі, сəулесі, ай, алтын жəне күміс сияқты сөздердің қолданысқа түсуін шығыс қағидасына жəне оның əдебиетіне көрсетілген құрмет деп білеміз. Белгілі дəрежеде олар Алтын Орда кезеңіндегі қала тұрғындарының материалдық жəне рухани мəдениетінің ерекшеліктеріне негізделген. Тұрандық қолөнер шығыс əлемінде өзінің байлығымен, шебер жұмысшыларымен, əбзелші, қолөнершілерімен танымал болды. Олар қару-жарақ, үй заттарын, алтыннан жасалған сəн заттарын жасайтын. Бұл деректі археологиялық қазба барысында табылған заттар дəлелдейді. Олар Сарайшық, Отырарда табылған. Сонымен қатар олар Түркі халқының ұлылығы мен байлығы жайлы баяндайды.

«Сарайды рəсімдеуде пұтқа табынушылықтың шығыстық стилі ерекше байқалады», – деп пайымдайды əдебиеттанушы Н.Ш. Хисамов [4, 201]. Егер оқырман бір сəтке болсын сарайды бағалы металсыз, қымбат заттарсыз елестетсе, ол бірден Құл Əлидің табиғи суреті мен фаунасы, туған табиғатының көрінісі екенін түсінеді. Орман, тал-шілік, жеміс ағаштары, бұтақта əн салып тұрған құстар, сылдырама бұлақтар, үйір жылқылар, жайылып жүрген қара мал – осының бəрі туған жердің ерекшелігі. Оғыз-қыпшақ фольклорының дəстүрімен, басқа да пұтқа табынушылықпен байланысты көріністер поэмада бар. Мысалы, Зылиханың сарайының кірер жерінде күміс бұқалардың ескерткіші тұрады. Оның төркіні жерді мүйізімен ұстап тұрған бұқа жайлы мифпен тікелей байланысты.

Бұл жайтқа ілтипат көрсетуді ғалым А.Тагирджанов ешқашан ұмытпайды. Ғалым салыстырмалы талдау жасау арқылы «Қисса Жүсіптің» басқа ұлттық нұсқалардан айырмашылығын табады. Ол Құл Əлидің бейнелеу амалдары Фирдоусиге, Ансариге ұқсамайтынын айтады [9, 152].

Дастанда суреттелген сəулет өнерінің пейзажы үлкен махаббатқа толы екенін түсінуге болады.

Сарайлардың адамға жақындығы, күн сəулесінің жарығы, сəулет ескерткіштерінің жарығы, сəулет ескерткіштерінің табиғатпен үндесуі, алтының жылтырауы осының бəрі Құл Əлидің романтикалық көркем əдісі екені анық.

Жоғарыда атап өтілгендей, қайта өрлеу дəуірі кезінде көптеген қалаларды салу барысында əртүрлі ғимараттар тұрғызылды – сарайлар, мешіттер, ер балаларды оқытатын ғимараттар, моншалар т.б. «Қисса Жүсіп» дастанында қонақ күту үшін салынған арнайы сарайлар жайлы жазылған. Бұл сарайлар діни, мəдени мерекелер үшін емес, ғашықтардың жүздесуі үшін Жүсіптің əкесі Жақыппен жəне ағаларымен кездесуі үшін салынған.

Барлық суреттеулер мен сипаттамаларды шығыстық қала мəдениетін жақсы білетін, жиһангез, ақылды білімді адам жазғаны бірден көрінеді. Керемет сарайлар, мешіттер, əшекейлер шамдық жəне византиялық шеберлердің күшімен тұрғызылған.

 

Əдебиеттер

  1. Нигматуллина Ю.Г. Национальное своеобразие эстетического идеала. – Казань, 1970 2 Усманов Х. Татарская поэзия.// Анталогия Татарской поэзии. – Казань, 1957
  2. Абылов Ш. «Йосыф вəзəлəйха» поэмасын өйрəнгəндə. – Совет мəктəбə. – 1975. – №8
  3. Хисамов Н.Ш. Сказочные мотивы в поэме «Кисс-и Иусуф» Кулали // Материалы IV конференции молодых научных работников. – Казань,-1976.
  4. Конрад И.Н. Запад и Восток. – Москва, 1972
  5. Али. Қисса Юсуф. – Архив БФАН РФ ф. 3. – Он. 28. – Ед. хр.14.
  6. Боровков А.К. Лексика среднеазиатского тефсира ХІІ-ХІІІ вв. – Москва, 1956
  7. Баласағұн Жүсіп Хас-Хаджип.Құтты білік. – Алматы, 1986.
  8. Тагирджанов А.Т. Влияние поэмы Фирдоуси «Йусуф и Зулайха» на «Кисса и Йусуф» Али и «Йусуф и Зулайха» Шаяд Хамзы // Палестинский сборник. – 1970. – Вып. 21.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.