Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Нұрлан Оразалин поэзиясындағы психологиялық параллелизм

Мақалада əдебиеттану ғылымының өзекті мəселелерінің бірі сөз болады. Бүгінгі əдебиеттануда түрлі бағыттар мен ағымдардың көкейкестілігі күн тəртібінен түскен жоқ. Соның ішінде қазақ əдебиетінде, əсіресе поэзиядағы ақындық, оның лирикалық табиғаты – терең зерттелмеген өзекті тақырыптардың бірі. Поэзиядағы психологизм мəселесі күрделі де жүйелі зерттеуді қажет етеді.

Мақалада Нұрлан Оразалиннің поэзиясы, адам жан дүниесін суреттеу, оны бар ерекшелігімен сезіну мен жырлаудағы шеберлік жəне психологиялық параллелизм əдісін пайдалану жолдары сөз болады.

Нұрлан Оразалин қаламынан шыққан шығармаларды талдау барысында, ақынның адам жан дүниесін суреттеудің шебері екеніне көз жеткіздік. Сонымен қатар Н. Оразалин жырларындағы психологиялық өрнектəсілдердің сипатына талдау жасауды ғылыми тұрғыдан зерттеу қажеттілігін сезіндік.

Бүгінгі таңда əдебиеттануда поэзиядағы психологизм мəселесі – күрделі де, жүйелі зерттеуді қажет ететін өзекті тақырыптардың бірі.

Поэзия əлемінде өзіндік өрнегі бар Нұрлан Оразалин қаламынан шыққан əр сөзге үңіле қарасақ, ақынның адам жан дүниесін суреттеудің, оны бар ерекшелігімен сезініп жырлаудың шебері екенін аңғарамыз.

Нұрлан Оразалиннің «Қара шал. Қара бақыр» өлеңіндегі мына шумақтарда:

Қайыршының қолында – қара бақыр, Жанарында – жазылмас жара жатыр.

Жүрегінде...

Кім білсін қандай майдан? Тану қиын...

Кел-дағы қара да тұр.

Көзбен көр де ішпен ұқ. Жақындама! Жəбірлеме!

Қорлама! Тақымдама!

Қарт майдангер – қайыршы мына отырған, Шөлмек пенен білетін атын ғана.

Қайыршының қолында – қара бақыр, Жанарында мұң жатыр, дала жатыр; Өртенген жан өксігін баспақ болып, Іргедегі дүкенге бара жатыр...

Тамыз...

Алаң...

Қара жұрт тарады ақыр,

Кетті алыстап қара шал, қара бақыр. Шал кеткенмен, бейнесі кетер емес,

Мұздай суық жанары санада тұр [1,56] деген жолдар бар. Осындағы «Жанарында – жазылмас жара», «Жүрегінде майдан» деген тіркестерге келгенде, ерекше сезімге бөленесің. Өлеңде бұл тіркестер тек қана ұйқас үшін ғана берілмегені көзі қарақты, сезімі сергек оқырманға аян. Ақын бұл өлең жолдарында қаһарманының ішкі əлеміне бойлап, адамды рухани азғындатқан тек қана жеке басындағы құлдырауы емес, заман, қоршаған ортасы екенін айтқысы келеді. Ақынның кейіпкерінің сонша рухани құлдырағанына қарамастан, оның жанарынан игіліктерді аңғарып, көре алуы, адамды кіналаудан бұрын, мəселенің себебін іздеуге деген талпынысын байқатады. Адамдардың мұндай келеңсіздікке ұшырауына айналасы, жақындарының жан жылуының жетіспейтіндігін де айтқысы келіп, адам тағдырына абайлап қарауға шақырады. Ақынның ол жан тебіренісі өлеңде былай өріледі:

Көзбен көр де ішпен ұқ. Жақындама! Жəбірлеме!

Қорлама! Тақымдама!

Қарт майдангер – қайыршы мына отырған, Шөлмек пенен білетін атын ғана...[1, 56]

Бұл өлеңдегі басты психологиялық құбылыс

– адамдардың өміріне, іс-əрекетіне немқұрайдылық танытпау, сезім сергектігі, ізгілікке ұмтылыс, кінəлаудан гөрі көмек қолын созуға деген ниет, сенім мен үміт деуге болады. Сонымен қатар ақынның өз кейіпкерінің психологиялық күйін түйсініп, сезіміне ортақтасуы, өзгенің бейнесіне енуі яғни эмпатияны басынан өткеруі болып отыр.

Ақын енді бір жырларында: Көңілім бүгін менің ғарыштайын, Көгімнен жұлдыз жауды...

Жарысты айым.

Шарт кетіп, сына жаздап барып-барып, Бір сезім атып шықты барыстайын.

Барыс – мұң, барыс – қайғы, барыс – арман, Бата алған фəни атты кəрі шалдан;

Сөз – жебе ағып өтті көкті тіліп

Махамбет, Абайлардан дəріс алған [2, 145] деген жолдарында психологиялық параллелизмді өзінің көңіл-күйін білдіру үшін немесе өмірде кездескен белгілі бір жайлардың мəнін түсіндіру үшін пайдаланған. Жыр жолдарында көңіл күйін ғарыш, аспан көгіне теңесе, бұрқ етіп шыққан сезім күйін, эмоцияны аң патшасы барысқа теңеуі параллель ретінде алынған. Өлеңнің екінші шумағындағы теңеулер мен жыр шумағының құрылуы да осы тəрізді. Ақынның:

«Бата алған фəни атты кəрі шалдан;

Сөз – жебе ағып өтті көкті тіліп» – деген жолдары да психологиялық параллелизм негізінде жасалған.

Мəселен, ақынның:

«Тіршілік – келсап... Сезімің – талқан... Жыр – келі...»

Күн өткен сайын күн кешу, білем, күрделі [2, 158] деген жолдарында өмірді дəнді дақылдарды түйетін, ұнтақтайтын қатты ағаштан жасалған «келсапқа», яғни тигенін талқандайтын түйгіш ағашқа теңеуі, жырды мықты, əрі жарылмайтын «келіге», адамдардың бір-бірімен қатынас жасау қажеттігінен туындайтын, біртіндеп дамып қалыптасып отыратын жан қуаты сезімді «талқанға» теңеуінде көркемдік қана емес, үлкен логикалық мəн, философиялық астар бар. Ақын əрбір теңеуде екі құбылысты салыстырып қана қоймайды, біреуіне тəн қасиетті екіншісіне тели отырып, оның мəні мен астарын ашып беруге жағдай жасайды.

Ақын жырларында табиғат пен өмірді салыстыра қатар қойып суреттеу өте жиі кездеседі. Мысалы,

Нұрлан Оразалин поэзиясындағы психологиялық параллелизм

«Түн қараңғы. Түндей көңіл қараңғы, Мұң-көк бөрі...

Ашатындай араңды.

Аспан толы мың-мың жұлдыз – мың аруақ», Бір жетім ой қаситындай жарамды» [2, 170]

деген жолдарда адам жанының күйі табиғат құбылыстарымен астастырыла суреттелген. Өлеңде адам жанын билеген көңілсіздік көзге түрткісіз, меңіреу қараңғы түнге, ондай кезде адамды билейтін мұң, көкке қарап үрген көк бөріге теңеліп, табиғат пен адам өмірі үйлесімділікте қарастырылып, психологиялық параллелизм сəтті көрініс берген.

«Құралайдың салқыны – өр үстінде,

Құралайдың салқыны – жер үстінде, Құралайдың салқыны – ой-санада, Құралайдың салқыны – төр үстінде» [2, 209]

деген өлең жолдарында ақын табиғат құбылысын суреттей келіп, қоғамдағы келеңсіз жайларды мамыр айының аяғына қарай болатын қатты суық күндердің бірі «Құралайдың салқынымен» салыстыра сипаттауы шеберліктің шыңы десе де болады.

Қорыта келгенде, Н. Оразалин психологизмі

– баяндау ауқымы кең, сезімтал, сырлы, адамның ішкі дүниесіне тереңдей еніп, тебірене толғаған, лирикалық сипатты мол психологизм.

 

Əдебеиеттер

  1. Оразалин Н. Үш томдық таңдамалы туындылар. 3-том. – Жыр кітабы. – Алматы: Жазушы, 2006.
  2. Оразалин Н. Қоздаған шоқ. Таңдамалы лирикалық жинағы. – Алматы: Атамұра, 2008.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.