Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Филолог-маманның қатысымдық құзыреттілігін қалыптастырудың жолдары

Мақалада құзырет, құзыреттілік, біліктілік терминдері ғылыми тұрғыда жан-жақты талданып, анықтамалары мен дəйектемелер салыстырылып беріледі. Сонымен қатар бұл терминдердің білім беру жүйесіндегі қолданысы да сөз болады.

Құзыреттіліктің түрлеріне талдау жасай отырып, мақалаға өзек болып отырған қатысымдық құзыреттілікке нақты тоқталып, оны қалыптастыру жолдары айтылады.

Мақалада филолог-маманның қатысымдық құзыреттілігін қалыптастырудың шарттарын жүйелеу қажеттігін айта келіп, оларды іске асыру жолдары да айтылады.

Оқытушы студенттің бойына қатысымдық құзыреттілікті қалыптастырмастан бұрын өзі қатысымдық құзыреттілігін жетілдіруі қажет деп есептейді.

Қатысымдық құзыреттілік оқытушы осы мəселе төңірегінде не білетінімен, оқытушы өз білімін практикада қалай қолданатындығымен, оқытушы өз қызметіне қалай қарайтындығымен өлшенетіндіктен оқытушы, атаана, мектеп, оқушы, əріптестерімен жұмыс істегенде қалай жүзеге асыратындығы арқылы көрінеді. Сонымен қатар оқытушының басқа адамдармен бірлесіп жұмыс жасаудағы қарым-қатынасы, өзара түсінуі мен оған көмектесуі, педагогикалық тактісі мен стилі арқылы да байқалады.

1960-1970 жылдары батыста, 1980 жылдардың аяғынан бастап Ресейде «компетентность» жəне «компетенция» терминдері білім беру жүйесінде қолданыла бастағаны белгілі. Қазіргі таңда «құзіреттілік», «құзірет» терминдері қазақ тілін оқыту əдістемесіне де дендеп енді. Бұл терминдермен қоса «біліктілік», «кəсіби шеберлік», «педагогикалық мəдениет» ұғымдары да қатар қолданылып келеді.

Жалпы Еуропа кеңесі бес құзіреттілікті түйінді құзіреттіліктер деп есептейді:

  • Саяси жəне əлеуметтік құзіреттілік. Құзіреттіліктің бұл түрі демократиялық интитуттардың дамуына үлес қосуы, əр түрлі жағдаяттарды бейбіт түрде шеше алуы, өзіне жауапкершілік алуы, бірігіп жұмыс істей білуі тəрізді жұмыстар арқылы көрінеді.
  • Мəдениаралық құзіреттілік көп мəдениетті қоғамда өмір сүре алуы, рассизмге жол бермеуі, басқа ұлттың мəдениетін, салт-дəстүрін, дінін құрметтей алуы сияқты қабілеттерінен байқалады.
  • Ауызша жəне жазбаша тілдік қарым-қатынасты меңгеру құзіреттілігі бірнеше тілді игеруі арқылы көрініс табады.
  • Қоғамдағы ақпаратпен байланысты құзіреттілік. Бұл құзіреттілік жаңа технологияларды игеруі, оларды түсініп, қолдануы, түрлі ақпараттарға сыни көзқараспен қарауы арқылы қалыптасады.
  • Жеке жəне қоғамдық өмірде өзінің кəсіби жоспарын іске асыру мақсатында үздіксіз іздену мен оқуға деген қызығушылықтарды қамтитын құзіреттілік.

Д.И.Ушаковтың түсіндірме сөздігінде «құзірет» ақпаратты білуі, беделді болуы, «құзіреттілік» тұлғаның өзінің беделі, танымы, тəжірибесі т.б. арқылы меңгерген сұрақтар жиынтығы деген анықтама берілген [1].

Кей ғалымдар құзіретті белгілі бір салада туындаған мəселені шешуге қажетті білім мен дағды, ойлау жəне түсінудің жиынтығы деп есептейді [2].

Енді бір топ ғалымдар тұлғаның жеке сапасы, жұмысында қабілеті мен іскерлігін практикалық тұрғыда қолдана білуі, ұйымдастырушылық қабілетінің болуы деп санайды.

Көптеген зерттеушілер құзіретті білімді меңгеріп қана қоймай, алған білімін кез келген жағдаятта ұтымды қолдана білу қабілеттілігі деп қарастырады. Құзіреттің белгілерін танытатын төмендегідей деңгейлерді көрсетеді:

  • білім мен қабілетті меңгеру деңгейі;
  • білім мен қабелеттің диапазоны мен кеңдігі;
  • арнайы тапсырмаларды орындау қабілеті;
  • жұмысын жоспарлау мен ұйымдастыра алу қабілеті;
  • таныс емес жағдаяттарда алған білімі мен қабілетін дұрыс қолдана алуы.

Г.М.Коджаспирова «педагог құзіретті мұғалім болу үшін арнайы педагогикалық қабілеттерге ие болуы тиіс» деп есептейді [3].

Р.С.Рахметова «құзырет студенттің білуі қажет нəрсе болса, құзыреттілік осы нəрсені жақсы істеуі, өзін-өзі танытуы, білімі, білігі, өзінөзі бағалауы т.б. мəселелерді қамтиды» деп екеуінің ара жігін ашып көрсетеді [4].

Қазіргі білім беру саласында құзірет, құзіреттілік, біліктілік терминдері қатар қолданылып жүр. Бүгінгі күні стандарттар мен оқу бағдарламаларында түйінді құзіреттіліктің төрт түрі (ақпараттық, танымдық, қатысымдық, проблемалардың шешімін табу) нақты көрсетілуде. Оқушы немесе студенттің білімі құзіреттілік тұрғысынан бағамдала бастады. Олардың құзіреттілігін қалыптастыруға айрықша мəн берілуде. Филолог-маманның құзіреттілігін жетілдіру бір күннің жұмысы емес. Құзіреттілік өмір бойы қалыптасады десек артық айтқандық емес. Ф.Ш. Оразбаева мен Р.С. Рахметова құзіреттіліктің үнемі жетілу үстінде болатынын айтады: «Адамдардың қатысымдық құзіреттілігі бəрінде бірдей болмайды. Ана тілінде сөйлейтін адамдардың өзінде де қатысымдық құзіреттілік бір деңгейде кездеспейді. Ол əр адамның қабілетіне, қоршаған ортасына байланысты өзгеріп отырады. Адам жас кезінде қарапайым құзіреттіліктен бастап, өзінің даму барысында аралық құзіреттіліктен өтеді. Ересек болғанда оның бірқалыпты тілдік қатысымдық құзіреттілігі қалыптасады, алайда ол əр адамның тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты болады» [5].

А. Жапбаров қатысымдық біліктіліктің төмендегідей ұғымдар негізінде жүзеге асатынын дəлелдейді:

  1. тіл жəне оның теориялық жағынан нақты білімінің болуы (халықтық норма жүйесінде); тілдік құралдарды қарым-қатынастық шарты, жағдайы, міндеттері мен мақсатына байланысты қолдана алу əрекет шеберлігінің жетілуі;
  2. тіл мəдениетін сақтап, əлеуметтік мінезқұлық нормалары, ұлттық ерекшеліктері негізінде сөйлеуді ұйымдастыра білу икемділігінің қалыптасуы [6].

Қатысымдық құзіреттілік топпен, ұжыммен жұмыс істеуді бағалау, адамдардың бір-біріне деген сенімділігі, бірін-бірі түсінуі, тыңдап, сыйлай білуі, қарапайым этикет нормаларын сақтауы, өз қателігін түсінуі, басқа адамдармен жұмыс істей білуі тəрізді қабілеттерді қамтиды. Ф.Ш. Оразбаева мен Р.С. Рахметова еңбектерінде «қатысымдық құзіреттілікті қалыптастыру үшін сабақ үрдісінде орындалатын жұмыстар қатысымдық тұрғыдан жүргізілуі қажет» деп санайды да, оның төмендегідей жұмыстардан көрінетінін санамалап көрсетеді:

Оқушының ұйымдастырушылық қабілеті оның:

  • топ мүшелерін басқара білуінен;
  • тапсырманы орындауда ұжымды жəне өзінің іс-əрекетін ұйымдастыра алу іскерлігінен;
  • тапсырманы орындауға қажетті мəліметтерді тиімді жинап, бағыттай алуынан;
  • əңгімені мақсатты түрде жүргізуінен;
  • топты құра білу жəне олармен жұмыс жасауынан;
  • ынтымақтастық ахуалды ұстай білуінен;
  • топ мүшелерімен достық қарым-қатынасынан;
  • топ мүшелерінің жағымсыз мінез-құлықтарын түзетуінен;
  • мəселені шешу мақсатында тиімді талдау жəне келіссөз жүргізуінен;
  • сөз сөйлеуді ұйымдастыруынан көрінеді.
  • Қатысымдық іскерлік ќабілеті:
  • өз пікірін, құқығын қарым-қатынасты бұзбай қорғауынан;
  • жаңа идея жəне жоспар арқылы іс-əрекетке ынталандыра білуінен;
  • дұрыс сұрақтар қоя білу жəне əңгімелесушінің эмоционалды жəне ақпараттық деңгейін анықтауынан;
  • екіжақты коммуникация бағытын құра білуінен;
  • өзге адамдарды дұрыс сынай білу жəне қолдауынан;
  • келіссөз жүргізе білу іскерлігінен;
  • Аудиторияның қызығушылығын анықтай алуынан;
  • тыңдаушыны сендіре білу жəне шешендік дағдыларға ие болуынан;
  • қиын сұрақтарға дəлелді түрде жауап беріп, келіспеушілікті жеңе алуынан;
  • пікірталасты мəдени түрде жүргізе білуінен;
  • талдай алу, ұсыну, жүргізе білу іскерлігінен;
  • «қиын» топ мүшесімен қарым-қатынас кезінде əңгімелесуді ұтымды жүргізуінен;
  • тыңдаушымен жағымды қарым-қатынас орнатып, кеңес бере білуінен байқалады.

Яғни филолог-маманның қатысымдық құзіреттілігін қалыптастыру үшін жұмыстарды ұтымды түрде жүйелеп алу қажет. Кредиттік оқу жүйесі студенттің өз бетімен ізденуіне көп мүмкіндік тудырады. Оқытушы сабақ үрдісінде қатысымдық құзіреттілікті жетілдіру үшін көптеген жұмыстар атқаруы тиіс. Студентке дəріс, семинар сабақтары мен СӨЖ, СОӨЖ тапсырмаларын орындату барысында олардың өзіндік пікірлерін тыңдауға көбірек мəн бергені жөн. Сол сияқты топтық, ұжымдық тапсырмаларды да жиі пайдаланған дұрыс. Мысалы, дəріс сабақтарында дəріс мəтінінің кейбір көкейтесті тұстарын топтық жұмыс ретінде ұсыну, олардың қатысымдық құзіреттілігін жетілдіруге ықпал етеді. Студенттер дəріс мəтініндегі ең керекті, мазмұнды тұстарын тауып, топ ішінде талқылайды. Содан кейін өз тұжырымдарын жеткізуге тырысады. Бұл олардың топпен жұмыс істеу қабілетін, ұйымдастырушылығын, басқалардың пікірімен санасуын қажет етеді. Нəтижесінде олар өз пікірлерін айтуға жаттығады. Дəрісті жай тыңдап отырғаннан гөрі өзіндік тұжырым шығаруға дағдыланады.

Əдіскерлер оқытушы студенттің бойына қатысымдық құзіреттілікті қалыптастырмастан бұрын өзі қатысымдық құзіреттілігін жетілдіруі қажет деп есептейді. Қатысымдық құзіреттілік алады. Кейбір кездерде студенттер тарапынан жасалған ұсыныстарды да қабылдау қажет. Себебі бұл жағдаят студенттің оқытушыға деген құрметін арттырады. Оның пікірімен де санасатыны студенттің өзіне деген сенімін күшейтеді. Семинар сабақтарында ойталқы, ойбөліс ұйымдастыру маманның қатысымдық құзіреттілігін жетілдіруге ықпал етеді. Бірақ оқытушы атқаратын жұмысты нақты беруі қажет. Мы-

үш негізгі ойдан, тұжырымнан тұрады: оқы- тушы осы мəселе төңірегінде не біледі; оқыту- шы өз білімін практикада қалай қолданады; оқытушы өз қызметіне қалай қарайды. Осы үш тұжырым оқытушы ата-ана, мектеп, оқушы, əріптестерімен жұмыс істегенде қалай жүзеге асады сол арқылы көрінеді. Сонымен қатар оқытушының басқа адамдармен бірлесіп жұ- мыс жасаудағы қарым-қатынасы, өзара түсінуі мен оған көмектесуі, педагогикалық тактісі мен стилі арқылы да байқалады.

Оқытушы педагогикалық іс-əрекетті жүзеге асыру үшін əр оқушының атқаратын жұмысына деген қызығушылығын тудыра алуы қажет. Себебі қызығушылық тудыра алу жұмыс нəти- жесінің сапалы болуына тікелей əсер етеді. Оқушының қызығушылығын тудыру үшін оқы- тушы ол оқушының деңгейін жақсы білуі шарт. Ол үшін оқытушы өзінің қатысымдық құзірет- тілігін жетілдіруі керек.

Оқытушы оқушыға ескерту жасау кезінде, оны ренжітпейтіндей, бірақ сонымен қатар оның сабаққа деген ынтасын арттыратындай ескерту жасауға үйренгені дұрыс. Психологтар оқушыға ең алдымен «саған берілген уақыт тез өтіп жатыр, ол енді бітейін деп қалды. Мен қат- ты қобалжып тұрмын, сенің жұмысыңды тек- серіп үлгере алмай қаламын ба деп» деген тəрізді ескертулер жасаған дұрыс деп санайды.

Топтағы келіспеушілікті жою үшін, əр жаңа топтағы сабақты бастамас бұрын, олармен келі- сімшарт жасау пайдалы болады. Оқытушы өз сабағында студент орындауы тиіс жұмыстар мен бағалау нормаларын плакатқа жазып қоя- ды. Студенттер оқып, келісетін болса, қол қоя- ды. Кредиттік оқу жүйесінде бұл жұмыстар силлабуста қамтылады. Силлабуспен танысқан студент келіскен жағдайда қол қояды. Бұл қа- зіргі таңда көптеген жоо-да қолданылып жүр- ген тəсіл. Аталған тəсіл оқытушы мен студент арасындағы өзара жұмысты сапалы əрі нəти- желі атқаруға жағдай тудырады. Оқытушы са- бақ үрдсіне қойылатын талаптар мен атқары- латын жұмыстарды бірінші сабақта талдап салы:

  • проблеманы анықтаймыз;
  • оны шешудің бірнеше жолдарын ұсынамыз;
  • əрбір шешімнің нəтижесі мен оған жетудің жолдарын нақты фактілер арқылы береміз;
  • ең мықтысын таңдап аламыз;
  • оны орындауды іске асырамыз; нəтижесін шығарып, қорытынды жасаймыз.

Əр жұмысты осылай жүйелі орындау олардың іскерлік дағдыларын жетілдіруге септігін тигізеді. Студент əр жұмысты іске асырудың жолдарын жоспарлап үйренеді.

Қорыта келгенде, филолог-маманның қатысымдық құзіреттілігін жетілдіру екі жақты байланыс арқылы іске асады. Оқытушы мен студент арасындағы өзара түсінушілік, бірлесіп жұмыс жасауға деген ынта құзіреттілікті қалыптастыруға тікелей ықпал етеді. Ғалымдардың пікірімен түйіндесек, «оқушының дара тұлға ретінде кез келген жағдаятта, кез келген тақырыпта өз ойын еркін, жүйелі жеткізіп, бір ойдан екінші ойға бірден көшіп, кез келген адаммен еркін, ортақ тіл табыса алса, оның қатысымдық құзіреттілігінің деңгейі байқалады. Құзіреттілік – белгілі бір саладағы ісəрекетке қатысты жинақталған білім, білік, дағдысы, тəжірибесі болса, коммуникация – қарымқатынас, өзара пікірлесу, сөйлесу, ұғынысу дегенді білдіреді. Демек, қатысымдық құзіреттілік – бұл өзара байланыс, пікірлесу, сөйлесуге қатысты коммуниканттардың жинақталған білім, білік, дағдылармен қарулануы, білімдік қатысымды терең меңгеруі» [5].

 

Əдебиеттер

  1. Под ред. Д.И. Ушакова. Толковый словарь русского языка. В 4 т. – Т. 1. – М., 1935.
  2. Равен Дж. Компетентность в современном обществе. – М: КОГИТО-ЦЕНТР, 2002.
  3. Коджаспирова Г.М. Педагогика: Учебник. – М.: Гардарики, 2004.
  4. Рахметова Р.С. Қазақ тілі синтаксисін қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытудың ғылыми-əдістемелік негіздері (ЖОО филолог мамандықтары үшін). П.ғ.д. дəрежесін алу үшін жаз. Дисс. автореф. – Алматы, 2010.
  5. Оразбаева Ф.Ш., Рахметова Р.С. Қазақ тілін деңгейлік оқытудың ғылыми-методологиялық негіздері. Монография. – Алматы: Əрекет-Принт, 2012.
  6. Жапбаров А. Қазақ тілін оқыту арқылы тіл дамытудың əдіснамалық жəне əдістемелік негіздері (Ү–ІХ сыныптар): пед. ғыл. докт. ... автореф. – Алматы, 2004. 194

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.