Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Көркем шығармадағы реалиялардың қызметі (Смағұл Елубайдың «Ақ боз үй» романы негізінде)

Реалиялар – ұлттық кодтың тілдік көрінісі. Олар белгілі бір ұлттың географиялық ортасынан, тарихынан, тұрмыс-тіршілігінен, салт-дәстүрінен, шаруашылығынан танымдық хабар береді. Сондай-ақ,олардыңстилистикалыққызметідебар.Көркемшығармадағыреалиялардыөзгетілдерге аударғанда реалиялардың танымдық мәні сақталғанымен, прагматикалық және стилистикалық қызметі қалып қояды. Aударматану саласында көркем шығармадағы реалиялардың қызметіне тоқтаған зерттеулер саны кемде-кем. Берілген мақалада реалиялардың қызметтерін қарастырған зерттеулерге шолу жасалып, Смағұл Елубайдың «Ақ боз үй» романындағы реалиялардың қызметі атап көрсетілген. Автор романдағы мәдени маркері бар лексикалық бірліктердің танымдық, оның ішінде уақыттық, географиялық, этномәдени қызметімен қатар, стилистикалық, яғни символдық, бағалаушы, ассоциативтік, характерологиялық және экспрессиялық функцияларын анықтаған. Сондай-ақ, реалиялардың қызметін аударма жасауда ескерудің маңызын атап көрсеткен.

Кіріспе

Қазіргі таңда мәдениетаралық қарымқатынас, аударматану, әдебиеттану, этнология, т.б. салалардағы өзекті тақырыптардың бірі реалиялардың лексика-семантикалық ерекшеліктері, аударылуы, маңызы мен қызметі мәселелері. Реалиялар – белгілі бір ұлттың, этникалық топтың, т.б. тарихына, мәдениетіне, т.б. қатысты лексикалық бірліктер. Сәйкесінше, реалиялар белгілі бір ұлттың ерекше белгілерінен, рухынан хабардар етеді. Елба сы Н.Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында халқымыздың алға бастар ұлттық қасиеттерін жаһандану кезеңінде сақтаудың маңызын алға қояды (Nazarbayev, 2017). Ал осы ұлттық қасиеттер мен ұлттық рух көркем шығармаларда, оның ішінде реалияларда көрініс табатынын ескерсек, мәдени маркері бар лексикалық бірліктерді зерттеудің өзектілігі барынша айшықталады. Демек, реалияларды ұлттық кодтың тілдегі көрінісі деп атауға әбден болады.

Смағұл Елубайдың 1932 жылғы аштық пен 1937 жылғы репрессия туралы жазылған «Ақ боз үй» романы этномәдени ақпарат беретін тілдік бірліктерге аса бай. Сонымен қатар, автордың бұл шығармасы әдебиеттану, аударматану, мәдениеттану, этнология, т.б. тұрғыдан арнайы зерттелуге әбден лайық. Осы орайда Рымғали Нұрғалидың «Ақ боз үй» романы туралы пікірін атап айтқымыз келеді: «Роман көркемдігінің басты кілті тілінде. Соны тілге кез болдық. Әңгіме етіп отырған аймақтың жері мен желінен, адамдар тіршілігінен пайда болған тіл шығармада өз орнын тапқан. Мойындау керек, біз бұл кезде қызық заманды бастан кешіріп жатырмыз ғой: тіл жоқ, бірақ сөз бар, тіл жоқ, бірақ шығарма бар. Осының салдарынан көмескі сурет, хабарлама оқиға, дәмсіз сөз шығарма бетін қаптайды. Романдағы көш суреті, дала кейпі, аштық айдаған жолаушылар жайы, махаббат күйі болсын – бар бәрі де тартымды, тың тіл қуатымен жанданған» (Nurgali: http://adebiportal. kz/ru/retailing/view/337). Рымғали Нұрғали «романда ... тіл жоқ, бірақ сөз бар, тіл жоқ, бірақ шығарма бар» деп, С. Елубайдың халқымыздың тұрмыс-тіршілігін бұлжытпай суреттегенін атап көрсетеді. Роман қазақтың ең таңдаулы жүз романы сериясы бойынша басылып, орыс, түрік, ағылшын тілдеріне аударылған.

Аударматану саласы бойынша жүргізілген ғылымиеңбектердіңкөпшілігіндереалиялардың өзге тілдер мен мәдениеттерге берілу тәсілдері, оның ішінде көркем шығармалардағы тәржімасы ғана қарастырылады. Ал осындай ұлттық маркері бар лексикалық бірліктердің шығармадағы қызметін талдау шет қалып қояды. Алайда, бұл лексикалық топтың өзге тілдерге барабар жеткізілуі оның түпнұсқадағы прагматикалық қызметін толық анықтауға тікелей тәуелді. Реалиялардың түпнұсқадағы функционалдық-прагматикалық аспектілерін қарастыру аударманы оңтайландыруға, сапасын арттыруға, аударма мәтінінің дұрыс қабылдануына әсер етеді.

Көптеген ғалымдардың еңбектерінде реалиялардың қызметі ұлттық және тарихи нақышты білдіретін лексемалар ретінде қарастырылған. Мәселен, белгілі болгар ғалымдары Влахов пен Флориннің пікірінше, реалиялардың өзге сөздерден айрықша ерекшелігі – оның заттық мағынасында, яғни реалия атайтын заттың, түсініктің, құбылыстың, яғни референттің, бір жағынан, халықпен (мемлекетпен), тайпамен не қандай да бір әлеуметтік топпен немесе, екінші жағынан, тарихи уақыт аралығымен тығыз байланысында (Vlahov, Florin, 1980: 30). Сәйкесінше, олардың белгілі бір ұлттық (жергілікті) және/немесе тарихи нақышы бар. Бұл ғалымдар реалияларға мынадай анықтама береді: «Біздің түсінігімізше, реалиялар дегеніміз белгілі халықтың өміріне (тұрмысына, мәдениетіне, әлеуметтік және тарихи дамуына) тән, ал өзге халыққа жат заттарды атайтын сөздер (сөз тіркестері)» (Vlahov, Florin, 1980: 47).

И.Р. Абкадырова «К. Фуэнтестың «Старый Гринго» романындағы мексикалық мәдениет реалияларының рөлі мен қызметі» атты еңбегінде реалиялардың тақырыптық топтастырылуы бойынша қызметтерін анықтаған. Мәселен, табиғи-географиялық ортаға қатысты реалиялар, ғалымның пікірінше, мекендік (локализациялаушы) қызмет атқарады. Оларға географиялық атаулар, флора және фауна бірліктері жатады. Антропонимдер, оның ішінде тарихи тұлғалардың есімдері, сондай-ақ, тарихи және саяси оқиға атаулары шығармадағы оқиға уақытын білдіреді, тарихилық және шынайылық белгілерін береді. Тұрмысқа, өлшем бірліктеріне, салт-дәстүрлерге қатысты реалиялар, сонымен қатар, негізгі ұлттық концептілер белгілі бір ұлтты ерекшелейді. Ғалымның пікірінше, ұлттық қанатты сөздер мен дәйексөздер – ұлт мәдениеті туралы қосымша ақпарат беріп, интертекстуалды қызмет атқаратын реалиялар (Abkadyrova, 2013: 17). Д.В. Гурова өзге тілден енген сөздердің прагматикалық қызметтерін зерттеген ғалым С.И. Манинаның концепциясын негізге ала отырып, Л.Эскивельдің «Malinche» және «Como agua para chocolate» атты романдарындағы реалиялардың бірнеше қызметін анықтайды (Gurova D.V., http://www.alba-translating.ru/ru/ru/ articles/2015/gurova-d-v.html):

  1. Дәуірлік нақыш. Бұл қызметті белгілі бір тарихи дәуірге тән реалия-персоналиялар атқарады.
  2. Ұлттық (мәдени) нақыш. Бұл қызметті салтдәстүрлер атаулары, мифологиялық кейіпкерлер мен фольклор бірліктері, т.б. атқарады.
  3. Географиялық (жергілікті) нақыш. Бұл қызметті, көп жағдайда, топонимдер атқарады.
  4. Дескриптивті қызмет ұлттық киімдердің, тағамдар мен сусындардың сипатталуында көрініс табады.

И.В. Плоткина «Прагматика реалий в двуязычном аспекте (на материале произведений С. Шелдона)» атты еңбегінде реалиялар қызметінің статистикасын анықтаған. Оның есептеуінше, зерттелген ұлттық маркері бар лексиканың 30% әлемнің тілдік бейнесін, 26% дәуірлік нақышты, 17,5% АҚШ-тың арнайы мәдени фонын, 15% АҚШ-тағы өмірдің этнографиялық ерекшеліктерін, 10,5% америкалық емес нақышты көрсету үшін қолданылған (Plotkina I.V., http:// cyberleninka.ru/article/n/pragmatika-realiy-vdvuyazychnom-aspekte-na-materiale-proizvedeniyc-sheldona).

Осылайша, жоғарыда аталған авторлар реалиялардың белгілі бір ұлтқа қатысты номинативті және денотативті қызметін қарастырған. Әлбетте, белгілі бір этникалық топтың әлемдік тілдік бейнесін осы реалиялар білдіреді. Дегенмен, реалиялардың қызметі мұнымен шектеліп қоймайды.

Н.А. Фененко жоғарыда аталған номинативті қызметтерден басқа реалиялардың символдық қызметін атап көрсетеді. Бұл жағдайда нақты референтті атайтын R-реалия (зат) белгілі бір символды білдіретін С-реалияға (концепт) айналады. Сондай-ақ, ғалым ассоциациялық қызметті атап көрсетеді. Оның мәні – реалиялардың көркем шығарманың атауында қолданылуында (Fenenko, 2014: 159). Гуменнің пікірінше, реалиялардың, сонымен қатар, бағалаушы және характерологиялық қызметтері бар. Бағалаушы қызмет оқырманға белгілі бір затты не құбылысты бағалауға мүмкіндік жасайтын ақпарат береді. Характерологиялық қызметі бар реалиялар сөз болып отырған зат туралы белгілі бір қорытынды жасауға мүмкіндік береді (Gumen, 2004: 8).

Н.В. Карповская реалиялардың қызметтерін үлкен екі топқа бөледі (Karpovskaya, 2009: 101):

  1. Кумулятивті қызмет белгілі бір этникалық топтың жинаған тәжірибесін, тарихын, материалдық және рухани мәдениетін, жалпы құндылықтарын көрсетеді.
  2. Стилистикалық қызмет шығармаға экспрессивті-көркемдік және эмоционалды-экспрессивті мағына береді. Бұл қызмет одағай, бағалаушы мәні бар зат есімдер, мәдени мәні бар морфемалар, метафоралар арқылы жүзеге асады.

Эксперимент

Жоғарыда аталған еңбектерге сүйене отырып, Смағұл Елубайдың «Ақ боз үй» романындағы реалиялардың қызметін анықтау керек. Бұл мақсатта романдағы реалиялар жиналып, олардың номинативті мәнімен қатар қосалқы коннотациялары анықталды. Осы орайда, жинақтау, сұрыптау, топтау және талдау әдістері пайдаланылды. Трилогияның үш бөлімінен жиналған реалиялардың саны – 1130 лексикалық бірлік.

Нәтиже мен талқы

Талдаунәтижесіндеромандағыреалиялардың қызметін кумулятивті және стилистикалық атты үлкен екі топқа бөлуге болады. Кумулятивті қызмет реалиялардың номинативті, денотативті, индикативті мәнін қамтыса, стилистикалық қызмет реалиялардың R-реалиядан C-реалияға айналып, белгілі бір эмоционалды-экспрессивті мәнде қолданылуын қамтиды.

Кумулятивті қызмет бойынша реалиялардың мынадай мәні бар:

  1. Топонимдер, географиялық атаулар, жергілікті флора және фауна атаулары оқиға орнынан хабар беріп, мекендік қызмет атқарады. Мәселен, көшпелілердің қыстауға баратын жолы суреттелгенде, әр түрлі жер атаулары аталады:

Сонау Самдағы жылы қора-қыстауларына енді бір-екі жұма өткізіп көшерміз деп отырған шаруа ауыл қатты дүрлікті (Yelubay, 2008: 32).

Мал нобайлап туып, қозы аяқтана бастасымен, Самды қыстаған қалың ел козғалып ақырын жылжып сонау ит арқасы қиян теріскейдегі жаз жайлауы – Жем бойына қарай лықсыды (Yelubay, 2008:48).

Ақ тазы ерткен қара арғымақ атты Бұлыш түстік беттегі қарауытып жатқан көлденең жотадан әрі асып көрінбей кетті. Бағыты – Сарыбай құмы (Yelubay, 2008:16).

Сам, Жем, Сарыбай құмы секілді топоним-реалиялар шығармадағы локация жайынан ақпарат береді. Жергілікті өсімдік атаулары да оқиғаның орны туралы ақпарат береді. Мәселен:

  1. Уақыттық нақышты белгілі тұлғалардың есімдері, сондай-ақ саяси және тарихи оқиғалардың атаулары береді. Мәселен,

Мекалайдың заманы келмеске кеткен. Бүгінде батыраққа қол тигізгенге статья бар (Yelubay, 2008: 27).

Мұндағы Мекалай – Ресей император лары Николай I мен Николай II есімдерінің бұрмаланған түрі. Ол оқиғаның аталмыш билеушілердің заманынан кейін болғанын көрсетеді.

Пахраддин салықтан құтыла алмай жатқанда, ел шетіне «Қызыл отау» дегені келді (Yelubay, 2008: 68).

«Қызыл отау» деген атауға ие болған шағын мәдени-қамту мекемелері XX ғасырда жиырмасыншы жылдардың аяғы, отызыншы жылдардың бас кезінде өмірге келді. Кеңес ағасы, ауылсовет, комсомол, т.б. советизмдер де осындай дәуірлік-саяси сипатқа ие.

Этнографиялық нақышты шығармадағы қазақтың тұрмыс-тіршілігі, өнері мен мәдениеті туралы ақпарат беретін реалиялар, сондай ақ этникалық нысандар, өлшем бірліктер мен ақша бірліктері көрсетеді. Мәселен, «қымыз»,«ірімшік», «қазы», т.б. қазақтың ұлттық тағамдары мен сусындары, «камзол», «бешпет», «сырма етік», «тымақ», т.б. ұлттық киімдері, «сандық», «кебеже», «кесе», «тай қазан», «шаңырақ» секілді т.б. үй, жиһаз атаулары,

«сүйменшот», «кетпен», «балта» секілді еңбек құралдары, «келе», «құнан», «астау» деген сияқты мал шаруашылығына қатысты реалиялар, т.б. этномәдени ақпарат береді (Yelubay S., 2008).

Реалиялардың стилистикалық қызметі олардың тікелей номинативті мәнімен қатар, қосымша ассоциативті, экспрессивті ақпарат беруінде көрініс табады. Бұл қызметтің бірнеше сипаты бар:

  1. Бағалаушы сипат мына сөйлемдерде көрініс табады:

Мынау Шегенің жаман қоңыр үйі. Анау ауыл ортасында айдыны шығып тұрған үлкен ақ боз үй – Хансұлудың үйі (Yelubay, 2008: 17).

Қазақ қоғамында дәулетті адамдар бес-алты қанаттан тұратын ақ боз үй, ал орташалар төрт қанаттан тұратын қоңыр тіккен (Omarbekov T. et al., 2016: 168). Ал кедейдің үйі – қараша үй. Бұл реалиялар арқылы автор Хансұлу мен Шегенің әлеуметтік статусын көрсеткен.

Шығармада Шәріптің баласы Шеге туралы «Жігіт болып қалыпты-ау өзі» (Yelubay S.2008:

38) деген ойы келтірілген. Бұл жағдайда жігіт реалиясы – ер «жеткен, кәмелетке толған ер азамат, бозбала ғана емес», «өнеге көрген, тәрбие алған, ой-өрісі қалыптаса бастаған адамды» нұсқайды (Kazakhstan: National Encyclopedia, 1998).

  1. Символдық сипат. Заттық R-реалия концепттік С-реалияға айналып, қосымша коннотацияларға ие болып, белгілі бір символды бейнелейді. «Ақ боз үй» романында бұл сипат қаратпа сөз-реалияларда көрініс табады. Мәселен, Балқияның Бұлышқа айтылған «Арысым» деген сөзі (Yelubay, 2008: 43). Ол арбаның артқы бөлігі мен алдынғы бөлігін байланыстыратын бөлшекті білдіреді (Kazakhstan: National Encyclopedia, 1998), яғни арыс – арбаның негізгі тіреуіші. Бұл заттық реалия концептке айналып, адамға қатысты қолданылады, Балқия үшін Бұлыштың қаншалықты маңызды екендігі меңзеледі. Бұл қазақтың «арысым атқа мінсе белі, арбаға мінсе, арысы майысқан» деген батырға қатысты айтылатын фразада да көрінеді.

«Арыс» реалиясы, осылайша, тіректің, күштің, қайрат-қуаттың символына айналған.

Символдық сипатқа «маралым» атты қаратпа сөз-реалия да ие. Бұл –Пахрадиннің өзінің аяулы жары Сырғаға айтылған сөзі. Бұл анималистік реалия тек Еуразия даласына тән фауна түрін ғана емес, сұлулықтың, паңдықтың, кербездіктің символы болып табылады. «Кер маралдай керілген», «Ақмаралым» секілді фразалар осы реалияның мәнін аша түседі.

  1. Характерологиялық сипат. Бұл жағдайда реалия арқылы белгілі бір кейіпкердің не заттың портреті не образы анықталады. Мәселен:

Пахраддин бәйбішеден, Әзберген тоқалдан туған. Әзберген өмірге өлердей ызалы. Әсіресе, «байлардың күні батуға таяу» деген, кеше жәрмеңкеде есіткен әңгімеден кейін ызалы (Yelubay, 2008:: 6).

Қазақ халқының ұғымында тоқалдан туған бала бәйбішеден туған баладан кейін тұрады. Адамның мәртебесін түсіретін «тоқалдан туған» деген сөз де кездесіп жатады. Осы дан Әзбергеннің өмірге неліктен сонша ызалы екендігі де анықталады.

Тарт! – деп айқайлады қауға алып тұрған атан жілік қара жігіт Бұлыш (Yelubay, 2008: 9).

деген мысалда автор кейіпкердің бейнесін «атан жілік» деген реалия арқылы суреттейді. Атан түйе шаруашылығында қолданылатын реалия, ірі жілікті, күші мол еркек түйені атауға қолданылады. Осы реалияны пайдалану арқылы автор Бұлыштың ірі денелі, қайратты ер адам екендігін көрсете алған.

  1. Ассоциативтік сипатқа мысал ретінде шығарманың тақырыбында қолданылған реалияларды алуға болады. Осы орайда романның атауы «Ақ боз үйді» қарастырайық. Жоғарыда атап өткеніміздей, ақ үйлер дәулетті қазақтардың баспанасы ретінде тігілген. Бұл – ақ боз үйдің бағалаушы сипаты, ал реалия ассоциативті сипатқа белгілі бір шығармада ғана ие бола ды. Мәселен, берілген романда ақ боз үйді мекендейтін отбасының ауыр тағдыры сипатталады, олар ақ боз үйдегі өмірді аңсайды, армандаған бейбіт өмір ұдайы елестеп отырады. Мәселен:

Сол-ақ екен, я, паруардігер, көзіне сенсін бе, сенбесін бе, әлгі ұзыннан шұбап сұлық жатқан жотаның үстінде томпиған бір үй тұр. Сағымнан жартылай шығып үлкен ақ боз үй тұр. Пахраддин ал кеп шұқшисын. Жоқ, айна қатесі жоқ, ақ күмбез үй тұр. Астапыралла, бұ қашан келіп қонған үй? Жүрегі өрекпіп кетті Пахраддиннің (Yelubay, 2008: 249).

Сәби Хансұлу абажадай үй ішінде тәй-тәй басып келеді. Еңселі ақ боз үйдің төрінен есігіне қарай тәлтіректеп жүріп келеді (Yelubay, 2008: 408).

  1. Экспрессивті сипат оқырманға не шығармадағы белгілі бір кейіпкердің ісәрекетіне әсер ету мақсатында қолданылған реалия арқылы беріледі. Мәселен, Мажан байдың дүниесі кәмпескеленгенде:

Жалаңдаған кедей жастар өршеленген үстіне өршеленіп, ... шапқылап жүріп уықтарды сыпырғанда, шайқалып кеткен қара шаңырақ, бақанмен тіреуге үлгертпей үйдің ортасына келіп гүрс ете түсті (Yelubay, 2008: 82).

Автордың киіз үйдің уық, кереге емес, дәл шаңырағын «құлатуының» өзіндік сыры бар. Шаңырақ– қазақхалқыүшінбірліктің, берекенің, отбасы мүшелерінің түгел болуының символы, сол себепті оның құлауы оқырманға әсер ететіні айдан анық. «Шаңырағы шайқалды», «шаңырағы ортасына түсті» деген фразеологиялық тіркестер де осындай экспрессияға ие. Бұл жайт роман кейіпкерлеріне де әсер еткен:

Күл-паршасы шыққан шаңырақты көріп жиналған жұрт тіксінді.

«Жайлауыңды – жау, қыстауыңды – өрт шалды» деген осы да! (Yelubay, 2008: 82)

Шаңырақ әлгінде ортаға түсіп күл-паршасы шыққанда бейне өз ордасы құлағандай төбе шашы тік тұрып еді Пахраддиннің... «Біткен екенбіз» деп іштей омырылды Пахраддин (Yelubay, 2008: 82).

Ендігі бір мысалда антропонимдік реалиялар морфемалық эпифора ретінде қолданылған:

Ай, Балжан! Наржан! Қалжан! Айжан, Гүлжан! Уай,

«жандарың» шықсын! (Yelubay, 2008: 34)

Автор қазақ халқының есім қоюдағы ең танымал морфемаларының бірі «жанды» пайдаланып, Шырылдауық Шәріптің сөзіндегі экспрессиялық қызметті үдете түскен.

Қорытынды

Осылайша, реалиялар көркем шығармада тек уақыттық-тарихи, этномәдени, географиялық ақпаратты атау үшін ғана емес, анафора, эпифора, градация, аллюзия, теңеу, метафора, паралеллизм т.б. стилистикалық тәсілдер арқылы ассоциациялық, характерологиялық, символдық, бағалаушы, экспрессиялық сипат беру үшін де қолданылады. Реалияларды өзге тілдерге барабар аудару үшін олардың осындай прагматикалық қызметін алдын ала анықтап алған жөн. Автор реалияларды тек белгілі бір ұлттың ерекшеліктерін атау үшін ғана емес, сондай-ақ стилистикалық, эмоционалдық-экспрессивтік бейне жасау үшін де пайдаланады.

 

Әдебиеттер

  1. Назарбаев, Н.Ә. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру [Текст] / Н. Назарбаев // Егемен Қазақстан. – 2017. – 12 сәуір. Рымғали Нұрғали. «Ақ боз үй». 05/10/2015. URL: http://adebiportal.kz/ru/retailing/view/337
  2. Влахов С.Флорин С. Непереводимое в переводе // Международные отношения. – 1980. – 343 с.
  3. Абкадырова И.Р. Роль и функции слов-реалий мексиканской культуры в романе К. Фуэнтеса «Старый Гринго» // Филологические науки. Вопросы теории и практики. – Тамбов: Грамота, 2013. – № 12. – Ч. 1. – С. 15-19.
  4. Гурова Д.В. Роль и функции слов-реалий мексиканской культуры в романах Л. Эскивель «Malinche» и «Como agua para chocolate». // «Актуальные вопросы переводоведения и практики перевода». – 2015. URL: http://www.alba-translating.ru/ru/ ru/articles/2015/gurova-d-v.html
  5. Плоткина И. В. Прагматика реалий в двуязычном аспекте (на материале произведений С. Шелдона) // ПНиО. – 2015. №3 (15). – URL: http://cyberleninka.ru/article/n/pragmatika-realiy-v-dvuyazychnom-aspekte-na-materiale-proizvedeniy-c-shel- dona
  6. Фененко Н.А. Функциональный потенциал реалий во французском тексте // Вестник Воронежского государственного университета. – 2014. – Выпуск 12. – С. 151-172.
  7. Гумен Ю.С. Функционирование культурно-специфической лексики в структуре поэтического текста (на материале современной англоязычной поэзии): автореферат дис. ... канд. филол. наук: 10.02.04. – Санкт-Петербург, 2004.
  8. Карповская, Н.В. Прагматический потенциал языковых единиц в свете детерминации переводческих решений (на материале испанского языка) [Текст]: монография. – Ростов-на-Дону: Изд-во ЮФУ, 2009. – 208 с.
  9. Елубай С. Ақ боз үй. Роман-трилогия. – Алматы: Атамұра, 2008. – 520 б. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1998.
  10. Омарбеков Т.Хабижанова Г., Нұртазина Н. Қазақстан (Қазақ елі) тарихы. 2 кітап: Қазақстан XIII-XVIII ғасырлардың алғашқы ширегінде. – 2016.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.