Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ақындық мектеп дәстүрінің Б. Өтепұлы шығармашылығына әсері

Бұл мақалада Қазалы, Арал өңiрлерiндегi ақындық мектеп дәстүрiнiң поэтикалық табиғаты жалпы қазақ әдебиеті тарихының даму заңдылықтарынан ауытқымайтындығы айқындалған. Аталған аймақта өмір сүрген және жаңа қоғамның қалыптасу кезеңін басынан өткізген Байназар Өтепұлының шығармалары да ұлттық әдебиетiмiздiң рухани қазынасы болып саналады. Мақала авторлары ақындық мектеп дәстүрiнiң қазақ даласының барлық өңiрлерiндегi ықпалды шығармашылық орта болғандықтарына жүйелi сипаттама жасаған. Байназар Өтепұлы – қазақтың ақындық поэзиясы дәстүрi жолының көркемдiк жалғастығы жүйесiнде өзiндiк шығармашылық мұрасын қалыптастырған тұлға екендігі ашылған. Б. Өтепұлының шығармашылық ерекшелiктерi қазақ әдебиетi тарихындағы дәстүрлi сипаттар бойынша танылатындығы баяндалады. Ақынның әдеби мұралары негiзiнде ақындық поэзия дәстүрiнiң көркемдiк жалғастығы жүйесiнiң үздiксiз шығармашылық қозғалыстағы болмысы айқындалады. Қазақ халқының талай мыңжылдықтар белестерiнен өткен, ендi қазiргi жаңа тарихының мәңгiлiк болашаққа ұласатын даңғыл жолында ақындық поэзия дәстүрiнiң ұлттық сипатын сақтай, жаңғыра жалғаса беретiнi айқындалады.

Ақындық мектеп – әдеби дамудағы көркемдiк ойлау дүниетанымы, көзқарастары, стильдiк мәнерi үндес қалыптасқан шығармашылық жеке тұлғалардың эстетикалық дәстүрi. Ақындық мектеп ұғымының аясында стиль, ағым, бағыт категориялары қамтылады. Бұл орайда академик З.Қабдоловтың пiкiрiн басшылыққа аламыз:

«... стиль – бiр жазушыға тән творчестволық ерекшелiк болса, ағым – бiрнеше жазушыға тән творчестволық бiрлiк; стиль – әр жазушының дара қасиетi болса, ағым – әр жазушының ортақ сипаты; стиль – жалқыға тән ұғым болса, ағым жалпыға тән ұғым; стиль – әр жазушының әдеби бетi болса, ағым – әр жазушының әдеби бағыты» [1. 346]. Ақындық мектеп дәстүрi қазақ әдебиетi дамуының бiртұтас жүйесiндегi осындай әралуан бояулы өрнектердi қалыптастырды. Сондықтан да, ұлттық әдебиеттiң көркемдiк мазмұнынан, шығармашылық тұлғалардың даралық стильдерiнен құралған ортақ бағыттағы ағымдық көзқарастарды танимыз.

Қазақстанныңбарлықаймақтардағысөзөнерi мұралары осындай теориялық тұжырымдарға сәйкес бағаланады. Мысалы, Сырдария өзенiнiң төменгi атырабы және Арал теңiзi айналасы төңiрегiндегi ақындық өнер мұраларында осындай ерекшелiктер анық аңғарылады. Қазалы, Арал өңiрлерiндегi ақындық мектеп дәстүрiнiң поэтикалық табиғаты жалпы әдеби даму заңдылықтарынан ауытқымайды. Қазалы, Арал, өңiрлерi – қазақ халқының ежелгi тарихынан бергi негiзгi атамекендерi. Профессор Е.Исмайылов ақындық орта, дәстүр мәселелерiн саралай келiп, қоршаған табиғаттың, жаратылыстың ықпалына да ерекше баға бередi: «...талант оянып, ақындық орта жасалуына қосымша көп себептердiң бiрi – қолайлы географиялық орта. Әдемi таулы, өзендi, дария, теңiздi жерлер ақындық көркемдiк сезiмнiң ерте оянып, қалыптасуына әсер ететiнi сөзсiз. Көкшетау, Баян, Шыңғыс, Қарқаралы, Қаратау, Алатау, Жайық, Сырдария, Каспий, Арал бойлары – ақындық жыр, ән-күйге таусылмас тақырып, аңыз, мотив берiп келе жатқаны тегiн емес» [2, 97].

Демек, Қазалы, Арал аймағы ақындарының шығармашылық ерекшелiктерi де қазақ әдебиетi тарихындағы дәстүрлi сипаттар бойынша танылады.

Ақындық мектеп – көрнектi шығармашылық тұлғалардың ықпалымен қалыптасатын көркемдiк дәстүр. Қазiргi Қызылорда облысы өңiрiнде халыққа танымал болған көрнектi ақындардың есiмдерiмен аталатын бiрнеше ақындық мектептер дәстүрi бар. Олар әдеби бағыттары тектес ақындар. Бұл ақындардың поэтикалық мәнерi, исламдық-ағартушылық бағдардағы дидактикалық сарындары үндес болды. Белгiлi географиялық аймақтағы ақындардың әдеби мектептер жүйесiн қалыптастырған топтарын хронологиялық уақыт сабақтастығы тұрғысында жiктеймiз, жүйелеймiз. Аталған аймақтарғы ақындық мектептер өкiлдерiн шартты түрде былайша жiктеп қарастыруға болады:

Бiрiншiсi – дәстүрлi жыраулық-ақындық поэзияны ислам ағартушылығы, Шығыстың фольклоры мен классикалық әдебиетi дәстүрлерiмен ұштастырған тұлғалар. Мысалы:

Базар Оңдасынұлы (1984-1911), Ерiмбет Көлдейбекұлы (1844-1916), Тұрымбет Салқынбайұлы(1868-1946),Темiрбайжырау(1868-1933), Даңмұрын Кенжебекұлы (1870-1923), Жүсiп Ешниязұлы (1871-1927), Жүсiп Кәдiрбергенұлы (1873-1923), Рахмет Мәзхожаев (1881-1976), Жаңаберген Бiтiмбайұлы (1886-1946), Нұртуған Кенжеғұлұлы (1887-1930), Құлжан Келiмбердiұлы (1887-1969), Айманкүл Тәжiбаева (18881952), Әлiбек Бәйкенов (1889-1944), Жалғасбай Аралбаев (1843-1984), Қуаныш Баймағамбетов (1895-1973), Жәмет Сайымқұлұлы (1895-1970), Төлеубай Үркiмбаев (1898-1956), Кенжеқожа Құлмырзаев (1898-1945), Қали Нұрпейiсов (1890-1968) және т.б.

Екiншiсi – ақындық поэзия мен кәсiби жаңа жазба әдебиет дәстүрлерiн ұштастырған тұлғалар. Мысалы:

Нұрсұлтан Жұбатұлы (1900-1974), Молдағали Құлмұрзаев (1900-1974), Байназар Өтепұлы (1903-1984), Дәрiғұл Өмiрқұлұлы (1904-1957), Мұзарап Жүсiпов (1905-1972), Нұғыман Молыбаев (1906-1975), Әбзәли Егiзбаев (1907-1945), Смағұл Исаұлы (1907-1958), Бердалы Оразалиев (1914-1961), Әбдiлда Жүргенбаев (19141984), Асқар Қожахметов (1915-1975), Әбiлхан Маханұлы (1922-1991), Смағзам Қоразов (19281965) және т.б.

Арал, Қазалы өңiрлерi ақындары шығармаларының аймаққа жыршылық-термешiлiк өнер арқылы таралуы, ұрпақ тәлiм-тәрбиесi қызметiне жұмсалуы Сырдария және Амудария өзендерi аралығындағы, одан бергi Қаратау атырабындағы дәстүрлi ақындық мектептердің ұстанған бағытымен тығыз байланысты. Бұл қазақ әдебиетi тарихын құрайтын дәстүрлi ақындық мектептер жүйесiнiң көрсеткiшi. Бұл орайда, «Сыр бойының жыраулық-жыршылық дәстүрi» аттызерттеужазғанғалым Б.Жүсiповтiң Сыр бойындағы дәстүрлi мектептер туралы айтқан пiкiрiн назарға аламыз: «Сырдың жыраулық-жыршылық дәстүрi жергiлiктi атау ретiнде Жиенбай, Нартай, Сәрсенбай, Нұртуған ақындардың жыр мектебi болып төрт топқа бөлiнiп жүр.

...Ғасырдың басында Сыр бойының бiр ауылынан ғана жүзден аса ақын-жыршылардың бой тiктегенiн ескерсек, аталмыш төрт мектептiң ара салмағы шарттылана бермек. Әрбiр өнер өкiлдерi, тұлға – жеке мектеп негiзiн қалаушылар. Аталмыш төрт мектеп өкiлi заманының оза шапқан көрнектiлерiнiң бiрi деп ұғуымыз шарт» [3, 10].

Бұл–қазақтарихыныңХiХ-ХХғасырлардағы кезеңдерiнде өзара жалғаса, сабақтаса өркендеген ақындық өнер дәстүрiнiң көрсеткiшi. Бұлар ақындық тағылымы, халықтың эстетикалық талғам таразысы арқылы уақыт сынынан өт кен тұлғалар. Әрине, әрқайсысының артын да қалған әдеби мұраларының көлемдерi де бiркелкi емес, әр түрлi, әр көлемде. Бiрақ, осы дәстүрлi халықтық поэзия өкiлдерiнiң шығармаларын ақындық мектептер тұрғысында бағалау орынды секiлдi. Себебi, осылардың iшiнде Қазалы, Арал өңiрлерiн мекендеген қазақ ауылдарының арасында ұлттық тарихымыздың Алтын Орда дәуiрiндегi жыраулық-ақындық поэзия дәстүрiнiң ықпалы көбiрек сақталғаны аңғарылады. Сырдария өзенiнiң төменгi ағысы мен Арал теңiзi жағалаулары алқаптарындағы жыраулық, жыршы-ақындық поэзияда сол кезеңнiң тарихына құрылған сюжеттi тарихи жырлар мол сақталған. Терме-толғауларды, дастандарды орындаудағы термешiлер, жыршылардың мақамдары мен саздары да Қазақстанның басқа аймақтарына қарағанда өзгешелiктерiмен ерекшеленедi. Зерттеушi Б.Жүсiпов Сыр бойындағы дәстүрлi жыршы-ақындар мектептерiнiң үздiксiз жалғасқан жолын саралай келiп, сөзiмiздiң нысанындағы аймақтың ақындық мектеп туралы былай дейдi: «...қазiргi таңда жыр құмар қауымның санасында қайта жаңғырығып, маржан жыр, мақпал мақаммен жан дүниеңдi лезде баурап әкететiн өзiнiң бiрнеше циклдық жырлардан (ноғайлы жырлары мен тарихи тақырыптағы жырлар) тұратын қалыпты репертуары бар Сырдың iрi жыраулық мектептерiнiң бiрi. Бiр шетi Қарақалпақ, Шымбай, Өзбекстан, Торғай; – ендi бiр шетi Қазалы, Сексеуiл Шалқар, Ақтөбе төңiрегiн түгел дерлiк қамтып жатқан

Арал өңiрiндегi Бәйiмбет Нұртуған ақынның жыраулық мектебi» [4, 19].

Арал, Қазалы өңiрлерiндегi аталған осы ақындық мектептiң көрнектi тұлғасы Бай назар Өтепұлының шығармалары да ұлттық әдебиетiмiздiң рухани қазынасын құрайды. Өтепұлы Байназар (1903–1984) – қазақтың ақындық поэзиясы дәстүрi жолының көркемдiк жалғастығы жүйесiнде өзiндiк шығармашылық мұрасын қалыптастырған тұлға. Ол қазiргi Қызылорда облысы Қазалы ауданына қарасты Сарытөбе атанған Аранды мекенiнде дүниеге келген. Әкесi Егiзекбаласы Өтеп диханшылық кәсiбiмен жұртшылыққа сыйлы болған, балаларының (Әлеш, Әлназар, Ерназар, Байназар) да тиянақты азаматтар болып қалыптасуына ықпал еткен.

Байназар әуелде ауыл молдасынан сауатын ашып, 1918–1920 жылдар аралығында. Қазалы қаласындағы татар медресесiнде оқып бiлiм алған. 1920 жылы Қазалыдағы мұғалiмдер дайындайтын бiр жылдық курсты бiтiрген. Осы жылы Қазақстанның сол кездегi астанасы Орынбордан келген бiлiмдi ұстаздардан дәрiс алуы, Бүкiл Шығыс жастарының көсемi Ғани Мұратбаевпен дидарласуы оның қоғамдықәлеуметтiк және әдеби шығармашылық дүниетанымының кеңеюiне зор әсер еткен.

1925–1929 жж. Ақтөбе – Қостам болыстығының жауапты хатшысы, 1929–1932 жж. «Қаракөл» (Құланбай балық колхозы) серiктестiгi, Аралдағы «Мардыма» балық кооперациясының төрағасы қызметiн атқарған. 1933– 1934 жж.

«Қожабақы» бастауыш мектебiнiң меңгерушiсi және Сырдарияның сол жағалық мектептерiнің оқу бөлiмiнiң инспекторы қызметтерiн атқарған. Ол – қазiргi Қожабақы аулындағы №25 қазақ орта мектебiнiң негiзiн қалаған алғашқы меңгерушiсi, әрi мұғалiмi.

Байназар Өтепұлының шығармашылығы – өзi оқып бiлiм алған, тәлiм-тәрбиесiнiң ықпалы сiңген Кеңес заманымен үндес мұра. Оның шығармашылығындағы өлеңдерiнiң, жазбаша айтыстарының, дастандарының мазмұны мен пiшiнi жүйесiнде замандастарының уақыт қозғалыстарымен үндескен iс-әрекеттерi, жан дүниесi поэтикалық сыршылдықпен жырланды. Ақынның барлық шығармаларына ортақ өзектi желi – адам еңбегiнiң құдiретi. Фәни дүниенiң бүкiл сұлулығын танытатын, адамның дене және ой еңбегi бiрлiгiнен құралған қоғамдық-әлеуметтiк тұлғасын лирикалық және эпикалық сипатпен жырлауы арқылы ақын жараты лыс қозғалыстарының барлығына да ақыл-ой ықпалымен әсер ететiн адамзат болмысының аса құдiреттi келбетiн дәлелдейдi.

Қазақ әдебиетi тарихындағы ақындық мектептер өкiлдерiнiң барлығы ұлттық сөз өнерi тарихындағы бұрынғы және тұстас көрнектi шығармашылық тұлғаларды өнеге, үлгi тұтады. Б.Өтепұлының «Бұл думан ақын-жыршы қосқан басын», «Жүйрiгi Асқар ақын бiздiң Сырдың» («Асқарға»), «Өткiр тiл, өр мiнездi Нұғыман ақын» («Нұғыманға»), «Жыр бұлағы» және т.б. шығармалары бар. Бұл өлеңдерде қазақ поэзиясындағы ақындық мектептерге ортақ ұлттық мақтаныш, құрмет сезiмi жырланады. Яғни, қазақ ақындарының барлығы да мекендеген жерлерiнiң шалғайлығына қарамастан ұлттық әдебиеттегi ұстаздық өнегесi анық тарихи тұлғаларды ардақтай сөз арнайды.

Ақындар – қазақ тарихының әр кезеңдерiнде барлық аймақтарымызда өмiр сүрген шығармашылық тұлғалардың тарихи сабақтастығын жырлайды. Қазақтың байтақ даласының қай қиырында жүрсе де барлық ақындар сөз өнерiн халықтың рухани сұранысын қанағаттандыру үшiн жұмсаған. Байназар Өтепұлы қазақ мәдениетiндегi ұлтқа ортақ тарихи тұлғаларды әрi даралай, әрi саралай жырлайды:

...Айтыс-жыр, ежелден де атам салты, Әлi жүр, халық аузында жоймай пәсiн. Атасы айтыс-жырдың Бiржан, Сара, Осылар бастағандар ең алғашын.

Дамытып айтыс жырды жалғастырған, Сүйiнбай, Тезек төре, Жарылғасын.

Даңмұрын, Балқы Базар, Майлықожа, Қозғалтқан құдiреттi сөзбен таудың тасын, Ерiмбет, Тұрмағамбет, Омар, Жүсiп, Үйгендер жыр дiңгегiн сұлпы басым.

Шернияз, Әбубәкiр, Қабақ Көбес, Сөзiмен тартқан халықтың ықыласын. Еспембет, Қаңлы Жүсiп, Нұртуғандар,

Жүйрiк – деп, халық айтады – Байұлы Қашым.

Дүниеден өздерi өтiп кеткенменен, Қалдырған халыққа мұра сөз тазасын. Атасы – ақындардың Абай, Жамбыл, Жер жүзi бiлдi олардың даңазасын.

Ертеде Арқада өткен Бұқар жырау, Оқысаң ақыл-кеңес шығармасын.

Кезiнде құрмет тұтар дәуiр болмай, Өткiздi армандаумен өмiр жасын Қазiргi халқым осы мұралардың Көтердi ең биiкте дулығасын [5, 75-76].

Ақынның өлеңiндегi бұл жолдар сөз өнерi тұлғаларына тән дәстүрлi құрметтеу сезiмiнiң жалғастығын дәйектеп тұр. Қазақ әдебиетiнiң көп ғасырлық тарихын құрайтын әдеби дамудағы бұл үрдiс тұрақты сақталып келе жатқандығын аңғарамыз. Ежелгi замандардан өзiне дейiн жеткен әдеби-фольклорлық мұраларды үлгi-өнеге тұтқан шығармашылық тұлғалар сол арқылы өздерiн жетiлдiредi. Қазақ сөз өнерiндегi көркемдiк дәстүрлердiң жалғасуында дараланған поэтикалық тағылым осылайша даламыздың барлық түкпiрлерiндегi ақындық мектептердiң көркемдiк шеберлiкке шыңдалуына игi әсерiн тигiзедi. Байназар Өтепұлының Жамбылға арнаған өлеңiнен де ұлттық поэзиямыздың бүкiл қазақ халқына пайдасы мол эстетикалық-поэтикалық тәлiмтәрбиелiк ықпалы анық аңғарылады:

Қадiрлi жүз жасаған қарты көптiң, Қажымай халқың үшiн жырды төктiң... Халқыңмен қайғы, мұңда ортақ болып, Бостандық, еркiн дәуiрдi армен еттiң...

...Алыбы өлең-жырдың деген атың, Жазылды тарихына келешектiң.

Көрсетiп көркем жырдан өнегеңдi, Үйретiп жас ұрпаққа ұрпақ септiң...

...Тiрiсiң, өлген жоқсың мұраң анық, Атыңды алтынменен жазды тарих. Мыңдаған жас жеткiншек жырауың бар, Жырыңды жырлап жүрген үлгiңдi алып.

...Жер жүзiн көркем жырың аралады, Нұрымен шұғылалы қуаттанып.

Жырың жүр күнделiктi iсiмiзде, Шындық сыр жүрегiңнен шыққан жарып Әр сөзiң ұрпақтарға үлгi, өнеге,

Оқимыз өлеңiңдi құмарланып [5, 104-105].

Ақындық мектептердiң ықпалы әуелде ауылға, кейiннен аймаққа, одан әрi тұтас халықтың барлық атыраптарындағы ортасына таралады. ХХ ғасырдың бiрiншi жартысындағы қазақ поэзиясы дамуының әдеби ықпалдастық жүйесiнде де осындай дәстүрлi сабақтастықты байқаймыз. Ақындардың шығармашылығында ХiХ–ХХ ғғ. кезеңдерiндегi көрнектi ақын-жыраулардың шеберлiк тағлымын өнеге тұта жырлау сақталды. Ақындардың шығармалары халықтың жан дүниесiне рухани демеушi болу қызметiн мәңгi атқарып келедi. Қазақтың ұлттық тұрғыда тұлғалануында поэзияның осы көркемдiк ықпалы жалғаса бередi.

 

Әдебеиттер

  1. Қабдолов З. Сөз өнерi. – Алматы: Мектеп, 1982. – 367 б.
  2. Исмайылов Е. Ақындар. – Алматы: ҚМКӘБ, 1956. – 342 б.
  3. Жүсiпов Б. Жиделi-Байсын күйлерi. – Алматы: Ғылым, 2000. – 288 б.
  4. Жүсiпов Б. Мырзастағы жыр мектебi. – Алматы: Рауан-Демеу, 1992. – 136 б. 5 Өтепұлы Б. Халқым деп соққан жүрегiм. – Қызылорда: Тұмар, 2004. – 180 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.