Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Елдік пен ерлік

Мақалада қазақ халқының тарихи жырлары туралы сөз болады. Бұл жырлар жас ұрпақты патриоттықотаншылдыққа тәрбиелейтін құнды мұра.Осы ретте тарихи жырлардың («Еңсегей бойлы ер Есім», «Абылай хан», «Қаракерей Қабанбай батыр», «Қанжығалы Бөгенбай батыр», «Шақшақ Жәнібек батыр», «Райымбек батыр», «Ер Жәнібек», «Олжабай батыр», «Өтеген батыр», «Исатай-Махамбет», «Досан батыр», «Сұраншы батыр», «Бекет батыр», «Кенесары-Наурызбай», «Жанқожа батыр», «Арқалық батыр», «Ер Әжібай», т.б.) негізгі идеялық мазмұны елді басқыншы жаулардан қорғап, ел мен жердің бүтіндігін сақтау болып келеді.

Тарихи жырлардағы батырлар (Ер Есім, Төле би, Қабанбай, Бөгенбай, Абылай, Шақшақ Жәнібек, Райымбек, Олжабай, Ер Жәнібек, Барақ, Ер Әжібай, т.б.) қорқуды білмейтін, жаужүрек жандар. Жырда батырлардың жекпежектері мен мінген аттарына ғана мән беріліп қоймай, олардың сыртқы тұлға-бітімдеріне де назар аударып, жалпы жұртқа үлгі ете жырлаған. Сөйтіп, елдік пен ерлік туралы халық идеясын жарқырата ашқан. Батырларға портреттік сипаттама берумен бірге олардың адамгершілік қасиеттері де қаға беріс қалмаған. Осы ретте хандар да жырдың негізгі қаһармандары қатарында көрінеді. Ханның әділ болуы – елдің бағы. Елін құрап, ерін біріктіріп берекеге шақырса, бұл – ханның ақылдылығы. Ел тағдырын ойлап, әр істі ақылдасып шешу де ханға қажет әрекет. Біз сөз еткен жырлардағы хандар – ел мүддесін алғы кезекке қойған жақсы істерімен жарқырап көрінетін тұлғалар. Сондықтан олардың іс-әрекеттері мадақ етіледі, барынша шынайылықпен өрнектеледі.

Қазақ халқының тарихи жырлары – жас ұрпақты патриоттық-отаншылдыққа тәрбиелейтін құнды мұра. Өйткені жерді, елді қорғау – басты борыш. Отанын қорғау – елдік, азаматтық мұрат десек, осы жолда көптің көзіне түсіп, ерлік көрсеткен батырлар жайында шығарылған эпикалық туындылардың халық әдебиеті тарихынан алатын орны ерекше. Себебі, елдік пен ерлік адамзат қоғамының ұзына бойында күн тәртібінен түспей келе жатқан мәселелердің бірі. Қазақ жұрты орыс, қытай, моңғолдармен көршілес жатқандықтан әр уақыт қырағы болу қажет болды. Сондықтан, «Жау жоқ деме жар астында» сиықты қанатты сөзді ұрпақ санасына сіңіріп отырған. Бұл мәселе өз бастауын арыдан алатынын айта кеткен орынды. Мәселен, «Күлтегін», «Тоныкөк» тас жазуларында vІ-vІІІ ғасырлардағы жортуыл-жорықтардың рухы таңбаланғаны белгілі. Осы ретте тарихи жырлардың («Еңсегей бойлы ер Есім», «Абылай хан», «Қаракерей Қабанбай батыр», «Қанжығалы Бөгенбай батыр», «Шақшақ Жәнібек батыр», «Райымбек батыр», «Ер Жәнібек», «Олжабай батыр», «Өтеген батыр», «Исатай-Махамбет», «Досан батыр», «Сұраншы батыр», «Бекет батыр», «Кенесары-Наурызбай», «Жанқожа батыр», «Арқалық батыр», «Ер Әжібай», т.б.) негізгі идеялық мазмұны елді басқыншы жаулардан қорғап, ел мен жердің бүтіндігін сақтау болып келеді.

Эпикалық жырлардағы арыдан арқау тартатын ерлік сарын бірден-бірге ауысып, дәстүрге айналған. Халық елі мен жері үшін басын бәйгеге тіккен ерлерді мадақ етіп, даңқын асыруға ерекше көңіл бөлген. Себебі ел мен жердің бүтіндігі, халықтың бостандығы үшін жасалатындықтан мұндай әлеуметтік дәстүр қоғамдық жағдайларға байланысты жалғастық тауып отырған. «Еңсегей бойлы ер Есім» жырында Есім хан Қазақ хандығының билеушісі (1598-1645) болғандықтан әркез «алты ауыз ала болудан» сақтандырып отырады. Ел мен жер ге көз алартатындардың көп екенін айтып, бір туғандай елге айналу қажеттігін ескертіп отырады. Бірде хан Тұрсын қазақ еліне шабуыл жасайды. Жырда:

Қара жерін қандады,

Төрт түлік малын айдады. Тозығы шығып қазақтың

Бір бөлегі ауды Бұхарға [1, 88], – делінген. Осындай сәтте Есім хан есе жібермеуге әрекет етіп, үш алашқа өз байлауын жолдайды. «Тағы түстім жарысқа, ер өледі намысқа». Бұрынғы ата-бабалар аманатын, ерлік салтын сақтауға шақырады.

Енді арманда қалмашы, Үш алаштың баласы... Басың болса өлімде, Малың болса таланда Осы ғой ада қалғаның, – деп елді бірлікке үндейді. Мұның түп-төркінінде қазақ елінің бүтіндігін сақтау идеясының жатқаны аян.

Тарихи жырлардағы басты мәселе – елдік пен ерлік. Сондықтан «оң мен солын да дұшпаны көп халқын» жұмылуға, бекем де берік болып, басқаға кіріптар болмауды бір сәт есінен шығармайды. ХvІ ғасырдың соңы мен ХvІІ ғасырдың басында қазақ елінің көршілес елдермен әскери-саяси, сауда-мәдени қарымқатынастарының нығая түскені белгілі. Мұндай жағдайлар кейде бақталастық та тудырып отырған. Жыр осындай қиын-қыспақ заманда үш жүздің басы біріксе ғана еркін елдікті сақтап қалуға болады дейтін ой ұсынады. Бейғамдық пен берекесіздік бар жерде қауіп те көп. Осы ретте қазақ қоғамының басты мәселесінің бірі күш біріктіріп елдікті сақтау болған. Өзі билік еткен жылдары Есім хан бұл істі іске асырып, елдікті сақтауды ұлттық мұратқа айналдырғанын аңғарамыз. Бұл мақсат жырдың өн бойына желі болып тартылған десе де болады. Аузы дуалы билер арқылы кең байтақ жерге иелік етіп отырған елді топтастыру – ел іргесінің бүтіндігі, бірлігі үшін мәнді мәселе. Есім хан да халық мүддесін бірлесіп шешуді жөн санаған. Өйткені хан болып, ел басқару жеңіл жұмыс емес. Көптің қамын ойлап, олардың жауынгерлік рухын көтеріп, тыныштықты сақтап отыруға қаншама ақыл-айла керек. Жырда Есім ханның ел сенімін ақтай білген адам болғаны тартымды бейнеленеді.

Жан емес Есім хан да қарапайым, Әр істің даналықпен білген жайын. Тілі өткір, ойы зерек, іске шебер,

Жаратқан оны артық бір құдайым [2, 187], –

дейді. Бұл – халық бағасы. Ел басқару ісін даналықпен жүргізе білген ел қамқоры ретінде сипатталады. Патриоттықты ел мен жерге деген сүйіспеншілік десек, аталған жырдан осыны аңғаруға болады.

Жүргізіп «Қасым ханның қасқа жолын», Жасаған «Есім ханның ескі жолын», –

деген жолдар оның халық сенімін ақтағандығын көрсетеді. Ол басқалардан ақылымен, жақсы ісімен дараланады.

Төле би заманы қазақ халқының қоқан, жоңғар, ойрат басқыншыларына қарсы ел тәуелсіздігін қорғау жолындағы күрес жылдары еді. «Төле бидің тарихы» атты жырда аумалытөкпелі кезең шындығы нақтылы көрініс береді.

Алдымен шапты қалмақтар, Хан Тәукедей төреге.

Мұнан кейін Төлеге Қырсығына кеткен соң

Іс оңына келе ме? [1, 228].

Бұл – көп жойқын жорықтардың біріне куәлік ететін жыр жолдары. Бұл арада Тәуке мен Төле есімдерінің қатар аталып отыруының да себебі жоқ емес. Тәуке хан елдің тәуелсіздіктұтастығын сақтап қалуда қазақтың әйгілі үш

биіне (Төле, Қазыбек, Әйтеке) сүйенгені мәлім. Кейде ақ найзаның ұшы ғана емес, қызыл тілдің күші де үлкен рөл атқарған. Сондықтан елдің бірлігін сақтауда үш бидің еңбегі орасан зор болған. Олар барлық уақытта өздерінің ақылқабілеттерін халықтың тұтастығын сақтауға арнаған. Себебі, берекелі, ұйымшыл елден қандай жау болса да қаймыққан. Қазақтың үш кемеңгер биі үштік бірлікті сақтап, қазақ хандығын нығайтуға, жоңғар-ойратқа қарсы жауынгерлік одақ құру сияқты аса маңызды істер атқарғаны белгілі. Мұның бәрі де қазақ елін сақтап қалудың қамы еді.

Аталған жырда тарихи дәлдік басым екенін аңғару қиын емес. Жаугершілік заман тауқыметін тартқан халықтың мүшкіл халі жырда шынайы көрініс тауып отырады. Кейде тарихи дерек пен жыр бірін-бірі толықтырып отырғандай болады. Бұл кезде екі мәселенің басы ашық еді. Бірі – ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетпеу, екіншісі – елдікті сақтап қалу. Осындай өзекті мәселеге Төле белсене кіріседі. «Жүзге бөлінгеннің жүзі қара» деген даналық сөзін ұран еткен Төле бидің даңқы бүкіл қазақ даласына кең тараған. Ол – өз дәуірінің көрнекті қайраткері.

Қазақ халқы – ар-намысын аяққа бастырмайтын жаужүрек халықтың бірі. «Ер Өтеген» жырында Өтегеннің азаттық күрес жолындағы ерлігі орынды айтылады. Қазақ халқының даңқты батырлары көп. Солардың бірі – Өтеген. Оны жырда:

Батыр көпті қазақта, Қайрат еткен ел үшін, Адырлы қырқа белі үшін Биік таулы кең алқап Туып-өскен жері үшін, –

деп таныстырады.

ХvІІІ ғасырда туып-өскен жерін, қазақ деген елін қорғаған батырдың орнын тарихи жыр лайықты бағалайды. Бұл – сол кезеңдегі барлық батырларға ортақ қасиет. Жан-жақтан анталаған қалың жау тұрғанда ел қорғаны – батырларға тыныштық болмаған. Олардың басты мақсаты – елінің еркіндігі, халқының тұтастығы.

Халық идеялы басқа елге шапқыншылық жасауды ұнатпаған. Екіншіден, жоңғарлардың жорығы ұлт боп ұйысып отырған бүкіл қазақ қауымын қамтып, олардың бастарындағы бағын тайдырған. Сондықтан ақын-жыраулар ел қайғысын ұмытпай, шындықты кейінгі ұрпаққа тағлым етіп, батырларын үлгі-өнеге ете дәріптеген. «Қанжығалы қарт Бөгенбайдың бір жорығы» атты жырдан мынадай жолдарды оқуға болады.

Ел екен бейбіт жатқан қазақ Сырда, Қапыда қалмақ шауып қырғын қылды.

«Ақ табан шұбырынды» дейтіні сол Жолшыбай аштан өліп көп қырылды [3, 7] – десе, «Шақшақ Жәнібек батыр» жырында: Ақ табан болды халық шұбырынды,

Әуелі қыс қатаң боп жұтқа ұрынды [4, 107] – деп хабарлайды. Аталған жырда болған оқиғаны шындық тұрғыдан суреттейді. «Елім-айлап» еңіреген заман көрінісі нақты бедерленген. Бұған төл тарихымыз да куәлік етеді.

Бір шоғыр тарихи жырлардан халық қайғысының қапысыз қамтылғанын көреміз. Халық басына қара бұлт үйірген жоңғар қалмақтарының озбырлығы еді. Көптеген тарихи жырларда осы нәубет айқын таңбаланып көрініс береді. Жырға жүгінейік.

Атаңа нағлет ит қалмақ, Жетісудан айырды [5].

Не:

Ел шетіне жау тиіп, Салып жатыр қиқуды. Етігімен су кешер

Ел басына күн туды [6, 114].

(Ер Жәнібек)

Немесе:

Бір қатар осыменен күндер өтті,

Арасы қазақ, қалмақ болған кекті [7, 18].

(Ер Әжібай)

Бұл жырлардың композициялық құрылымдарында тарихи факты-деректер сақталып, сол тұстағы қоғамдық-әлеуметтік өмірдің шынайы болмысы арқау болған.

Ал, «Олжабай батыр» жырында Сырдың бойын қуалап қалың қалмақ,

Түркістан, Ақмешітті алған басып [8, 268], – делінсе, «Қаракерей Қабанбайда»:

Жетпіс мың әскер төкті Қалдан-Серен, Түсіріп бар қазақтың басына мұң [9, 64]. 

деп нақтылай түседі. Осы келтіріліп отырған жыр жолдарының бәрі де жаугершілік заманның сарынын дәл елестетеді. «Ақ табан шұбырынды» тұсындағы халықтың мұң-зары естілгендей болады. «Жоңғарлықтар ХvІІІ ғасырдың бірінші жартысында қазақ еліне бірнеше дүркін шабуыл жасап, екі ел арасында 1710, 1717, 1718,

1723, 1728, 1730, 1741, 1743 жылдары қиянкескі ұрыстар болады» (10, 139 б.). Бұған қарағанда ақын-жыраулар қазақ еліне өздері келіп ұрынған жауларға қарсы күрес идеясын шындыққа жанасымды жырлаған. Осындай қиын-қыспақ заманда ел мен жерді сақтап қалу ең басты мақсатқа айналған. Сондықтан бүкіл қазақ халқы жұдырықтай жұмыла отырып, азаттық күреске аттанады.

Жерің мен сақта малыңды, Малсыз, жерсіз күнің жоқ. Ел үшін бер жаныңды

Ел үшін төк жаныңды [7, 32], –

деп тұжырымдайды «Барақ батыр» жыры.

Бұл сөздер әр қазақтың санасына сіңіп, тірлігінің тұғырына айналған. Тарихи жырлардың бәрі болған оқиғаны негіз етіп, ел басынан өткен сүркей кезең шындығын өлеңмен өрген. Бұл топтағы жырларды қазақ халқы мен баһадүр-батырлары жорықтарының шежіресі десек те артық айтқандық болмайды. Басқаша айтқанда, елдікті сақтап қалу жолындағы ұзақ уақыт күрескен халық қажыр-қайратының куәлігі десек те болады. Үлкен кеңістікке иелік етіп отыру оңай болмаған. Сыртқы жаулар қазақ жерінің есебінен өздерінің территориясын кеңейтуге жанталаса кіріседі. Бірде жеңіп, бірде жеңіледі. Алайда қазақ елін үлкен күйзеліске душар етеді. Осындай сәтте елім деп туған, елі үшін белін буған ер азаматтарға салмақ түседі. Себебі дер кезінде жауға тойтарыс бермесе, біреуге кіріптар болып, ел намысы аяққа басылады. Сондықтан халықтың басты арманы елдікті сақтап, ерлікті дәріптеу болады. Ел мүддесі алғы кезекке шығады. Дәл осындай сын сағатта қан майданға қасқайып шығып өзінің күш-қайратын көрсеткен, елдің рухын көтерген азаматтар аз болмаған. Олар екі-ақ жол барын жақсы ұққан.

Бірі – тағдырға көну, екіншісі – ерлікпен өлу. Әрине, бастарын бәйгеге тігіп, соңғы жолды таңдаған.

Тарихи жырлардың басты қаһармандарына айналған атақты батырлардың барлығы тартынбай жекпе-жекке шыққан. Жасақ басқарып ерлік көрсеткен. Батыр бабаларымыз еңселерін түсірмей, жауынгерлікрухтарын жоғары ұстаған.

«Күлтөбенің басында күнде жиын» өткізіп, бір тудың астына топтаса білген. ХvІІІ ғасырдағы белгілі батырлардың бәрі де қан майдан даласында ерлік көрсетіп, елдікті сақтап қалуға бар күш-жігерін жұмсаған тұлғалар болғаны ақиқат. Мұндай ерлік күрес ХІХ ғасырда да жалғастық тапқан. Тұтастай алғанда, тарихи жырларда халық қаһармандығының ұлы сарыны сақталған. Ерлік қоғамдық мәні бар істе көрінсе ғана көптің көңілінен шыққан, қошеметке бөленген. Тарихи жырлардағы батырлар да қара бастың қамы үшін емес, ел мен жер тағдыры үшін ереуіл атқа ер салған. Көптің үміт-сенімін ақтай білген. Сондықтан ел құрметіне бөленіп, ұлттық батыр деңгейіне көтерілген. Әр қайсысы біліктілігін де, жүректілігін де көрсетіп, күшқайрат, ерік-жігерлерінің арқасында қауіпті сыннан сүрінбей өткен. Қай тарихи жырды оқысақ та ондағы атақты батырлар тақ үшін де, байлық үшін де қолдарына қару алмаған. Ел мен жердің тәуелсіздігін сақтап қалу үшін күрескен. Тарихи жырларда батырлардың жеңіске жетуіне жақсы аттардың көмегі аз болмаған. Әр батырдың өзіне лайықты аты болған. Мәселен, Бөгенбайдың аты

  • Ақкекіл, Қабанбайдікі – Қубас, Райымбектікі
  • Көкойнақ, Олжабайдікі – Тайкөк, Абылайдікі – Нарқызыл, Ер Жәнібектікі – Көкдөнен, Барақтікі
  • Көкжал, Шақшақ Жәнібектікі – Асаукүрең, т.б. Бұл аттардың мықтылығы, жүйріктігі тым шалқыта жырланып, асыра дәріптелмейді. Қатардағы көп сәйгүліктің бірі ретінде сипатталады.

Тарихи жырлардағы батырлар (Ер Есім, Төле би, Қабанбай, Бөгенбай, Абылай, Шақшақ Жәнібек, Райымбек, Олжабай, Ер Жәнібек, Барақ, Ер Әжібай, т.б.) қорқуды білмейтін, жаужүрек жандар. Жырда батырлардың жекпежектері мен мінген аттарына ғана мән беріліп қоймай, олардың сыртқы тұлға-бітімдеріне де назар аударып, жалпы жұртқа үлгі ете жырлаған. Сөйтіп елдік пен ерлік туралы халық идеясын жарқырата ашқан. Батырларға портреттік сипаттама берумен бірге олардың адамгершілік қасиеттері де қаға беріс қалмаған. Осы ретте хандар да жырдың негізгі қаһармандары қатарында көрінеді. Ханның әділ болуы – елдің бағы. Елін құрап, ерін біріктіріп берекеге шақырса, бұл – ханның ақылдылығы. Ел тағдырын ойлап, әр істі ақылдасып шешу де ханға қажет әрекет. Біз сөз еткен жырлардағы хандар – ел мүддесін алғы кезекке қойған жақсы істерімен жарқырап көрінетін тұлғалар. Сондықтан олардың іс-әрекеттері мадақ етіледі, барын ша шынайылықпен өрнектеледі. Қазақ елінің еркін, дербес өміріне үнемі алаңдап, соның жолын іздеп отыратын аңғарлы, ақылды адамдар екені көрсетіліп отырады. Тіпті сол тұстағы хандардың көбі елді де басқарған, батыр да болған. Реті келсе сайысқа түсуден қорықпаған. Тарихи жырлардың идеялық мазмұны ел тәуелсіздігі жолында күрескен хан-батыр, бибатырлардың өнегелі іс-әрекеттерін көрсету болғандықтан дәл өмірдегі қалпынан гөрі біршама әсірелей бейнеленуі мүмкін. Өйткені фольклорлық шығарма халықтың ой-түсінігін білдіреді. Жырдағы батырлар бейнесі де осы тұрғыдан суреттелген деп ұққанымыз жөн.

Атамекенін ерекше қадір тұтатын халықтың бірі – қазақ халқы. Өр рухты халқымыз ата қонысын жат жұрттық шапқыншылардан үнемі қорғай білген. Ұзақ уақытқа созылған жоңғар қалмақтары мен Қоқан-Хиуа хандықтарының шабуылына тойтарыс беріп, елдікті-тәуелсіздікті сақтап отыруды парыз санаған. Бұл үшін елдің күші бірлікте екенін жете ұғынып, ынтымақтың бұзылмауын қадағалаған. Елдің шетінде, жаудың өтінде тұрып күш-қайрат көрсететін үлкенді-кішілі батырлар бір-біріне сүйеніштірек бола білген. Даңқты батырларға қолбасы ретінде қарап, олардың ақыл-кеңестерін екі етпеуге тырысқан. Осы арқылы елді, тәуелсіздікті сақтауға мүмкіндік туған. Бір ғана мақсат үшін жұмыла білген. Қазақ деген халықтың намысы үшін шеру тартып, шеп құрған.

Қазақ халқының тарихы жалаң да, жадағай да емес, оның бел-белесі көп. Осы қат-қабат тарихтың бел ортасында халықтың шоқтықты тұлғалары тұрары хақ. Басқаша айтқанда, ел тағдыры жолында бастарын бәйгеге тіккен хан, би, батырлардың орны ерекше. Тарихи жырлардың негізгі арқауы – ел мен жердің бүтіндігін, тәуелсіз-дербестігін қорғап, елдікті сақтау және халықтың қамын ойлаған батырлардың ерлік жолдарын бейнелеу. Олардың өшпес өнегесін мадақ етіп, көпке үлгі-өнеге ретінде көрсету болмақ. Халық үшін елдік пен ерліктен қасиетті ұғым болған емес. Сондықтан тарихи жырлар – қазақ халқының бүтіндігі мен тәуелсіздігі жолындағы күресінің көркем шежіресі.

 

Әдебиеттер

  1. Байболұлы Қ. Төле би. – Алматы, 1991. – 318 б.
  2. Тарихи жырар. – Алматы, 1993. – 1-т. – 416 б.
  3. Қанжығалы қарт Бөгенбайдың жорығы. – Алматы, 2005. – 29 б.
  4. Шақшақ Жәнібек батыр. – Алматы, 1993. – 152 б.
  5. ӘӨИ қолжазбалар қоры. – 813 б.
  6. Ер Жәнібек. – Үрімжі, 2006. – 241 б.
  7. ӘӨИ қолжазба қоры. – 663 бума.
  8. 8 Жыр – керуен (құраст: Т. Әлібек). – Алматы, 2004. – 366 б.
  9. Қаракерей Қабанбай батыр. – Алматы, 1991. – 176 б.
  10. 10 Қасқабасов С. Қазақтың халық прозасы. – Алматы, 1984. – 272 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.