Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Тұрмағамбет шығармаларындағы «кеуіл» сөзінің қолданысы

Аталмыш мақалада қазақ әдебиеттану ғылымында суреткер шығармашылығын зерттеген ғалымдар еңбектері мен пікірлері салыстырмалы түрде беріледі. Сонымен бірге ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар ақынның бірі – Тұрмағамбет Ізтілеуұлының шығармашылығы талданады. Сыр сүлейінің суреткерлік таланты мен шеберлігін, ақындық-азаматтық мұратын танытатын ең сүбелі туындылары ұзақ жылдар оқырман назарынан да, ғалымдар назарынан да тыс қалып келгендігі, ақынның адамның жан дүниесі, ішкі әлемі, психологиялық иірімдері туралы сөз еткен өлеңдеріндегі көңіл аударар бір нәрсе оның «кеуіл» сөзін жиі қолданып, оған аса мән бере қарауын зерттеуге өзек еткен. Бұның мәні исламның ең басты және негізгі ерекшелігі – иман, имандылық деп түсінген ақын дүниетанымында жатқандығын дәлелдейді. Осы «иман», «имандылық» ұғымының мәні мен маңызына терең түсініктеме береді.

Кез келген суреткер шығармашылығын зерттеу күрделі мәселе. Өйткені суреткердің өзі күрделі һәм құпиясы мол құбылыс. Сондықтан оны зерттеу мен зерделеуде ақынның шығармашылық және жеке өмір жолын, өскен ортасын, қалыптасқан дүниетанымы мен білімбілігін тұтастыра, байланыстыра қарастыру ғана нәтижелі болмақ. Ал ең бастысы ақынның ішкі жан дүниесі, оның психологиялық иірімдері есте болғаны абзал. Яки, ақын шығармаларын суреткердің шығармашылық лабораториясынсыз зерттеу нәтиже бере бермейтіні анық.

Қазақ әдебиеттану ғылымында суреткерлік лабораторияны зерттеген көптеген еңбектер бар. Солардың арасында ақындық тіл мәселесін қаузаған ғылыми зерттеулер де жоқ емес. Бірақ біз жасыра алмайтын бір шындық, көбіне ақындық тіл, стиль мәселесін лингвистғалымдарға жүктей салу. Әдебиет зерттеушілері тарапынан көбінесе ол тіл білімінің зерттеу нысаны деп қараушылық та. Әрине, біз оны жоққа шығара алмаймыз. Дегенмен, ақындық тіл, сөз қоры мен сөз қолданысы әдебиеттану ғылымы мен лингвистиканың тел зерттеу нысаны екендігі даусыз. «Стиль – тілге де, әдебиетке де тән құбылыс болғаны себепті жалпыфилологиялық ұғым. Міне осындай жалпылық табиғаты оны әр ғылымға тән нақтылауды қажет етеді»[1, 12]. Ал Г.О.Винокурдың айтуынша: «Тіл көркемөнер ауқымында бола отырып, тек стилистикалық айшықтаулар болудан қалады да, екінші образдық ақиқатқа айналады» [2, 247]. Ендеше, тілдің, нақтылап айтқанда сөз қолданысының әдебиеттану ғылымына қатысын да осы тұрғыдан қарап, қарастыруымыз қажет сынды.

ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар ақынның бірі – Тұрмағамбет Ізтілеуұлы. Ақын мұралары әдебиеттану, тіл білімі ғылымында бұдан бірнеше онжылдықтар бұрын зерттеу нысанына айналғанымен, түбегейлі зерттелді деп айта алмаймыз. Өйткені Сыр сүлейінің суреткерлік таланты мен шеберлігін, ақындық-азаматтық мұратын танытатын ең сүбелі туындылары ұзақ жылдар оқырман назарынан да ғалымдар назарынан да тыс қалып келді. Әсіресе, ақынның діни-ағартушылық бағыттағы еңбектеріне біз тәуелсіздік алғаннан кейін ғана қол жеткізіп отырмыз.

Тұрмағамбет Сыр бойынан шығып Орта Азияның өркениетті қалаларында білім алған қазақ жастарының бірі. Оның сол кезеңдерде Орта Азияға танымал «Көкілташ», «Мир Араб» медреселерінде білім алуы ақынның дін тарихын, дін философиясын терең игеруіне әсер етті. Сонымен бірге 1910 жылы шыққан Абайдың алғашқы өлеңдер жинағымен танысуы да ақынның өлең әлеміндегі ұстанымына әсер еткендігін көрсетеді. Тұрмағамбеттің шығармаларындағы діни-философиялық ой түйіндеулері мен жаратушы, жан, дін туралы ой-пікірлерінің Шығыс ойшылдары, Абай философиясымен үндес болуының да басты себебі осыдан болса керек. Соның бір ғана көрінісін ақынның адам жан дүниесі, оның ішкі әлемі туралы пайымдауларынан көруімізге болады.

Ақынның адамның жан дүниесі, ішкі әлемі, психологиялық иірімдері туралы сөз еткен өлеңдеріндегі көңіл аударар бір нәрсе оның «кеуіл» сөзін жиі қолданып, оған аса мән бере қарауы. Тұрмағамбет шығармашылығындағы бұл ерекшелік әсіресе, имандылық, шүкіршілік, нәпсіден тыйылу мәселесінде анық көрінеді. Бұның мәні исламның ең басты және негізгі ерекшелігі – иман, имандылық деп түсінген ақын дүниетанымында жатса керек. Осы «иман», «имандылық» ұғымының мәні мен маңызына терең бойлай қарасақ оның исламдық танымның түпнегізі екеніне көзіміз жетеді. Иман: 1. Алладан басқа ешбір тәңірі жоқтығына, Мұхаммедтің Пайғамбардың Алланың құлы әрі елшісі болғандығына 2. Алланың періштелеріне

Алланың кітаптарына 4. Алланың бүкіл пайғамбарларына 5. Өлгеннен кейін тірілуге (Ахирет күніне) 6. Жақсылық пен жамандықтың Алланың тағдырымен және жаратуымен болатындығына сену болып табылады. Бұл алты ереже иманның негізі, Ислам сенімінің іргетасы. Ержеткен әр ақыл иесі міндетті түрде бұларға сенуі парыз. Аллаға сену – адамзат баласының рухын көтереді. «Аллаға иланып, көңілін Оған байлаған бір мүһмін, адамзаттың қолы жететін ең жоғары дәрежеге ұласады. Бұндай бір иман иесін жамандықтардан, арам ойлардан алыстатады. Оның көңіліне жамандық кірмейтін болады, жамандықтан жиренеді. Әр істеген ісін, ойына келген әр нәрсені, бір көріп, бақылап тұрушының болғандығын, бұлардың әрбірінен бір күні Алланың хұзырына міндетті түрде есеп беретіндігін ойлайды. Сондықтан әр түрлі жамандықтан қолын, тілін және көңілін аулаққа салады» [3, 9]. Егер осы тұрғыдан ой көзін жіберер болсақ, ақынның «кеуіл» сөзіне соншалықты мән бере қарағанының астары ашыла түсетіндей. Қазіргі әдеби тілдегі «көңіл» сөзін ақын «кеуіл» түрінде бірде тура, бірде ауыспалы, бүркеме мағынада пайдаланады. Мәселен:

Тәубе етіп, Тәңірі өмірін тұтып бекем, Ертерек ыждағаттың тісін тісе.

Көркейіп кеуіл бақшаң гүлденер ед, Кешікпей кеңдік бұлты күркіресе. Қадыр Хақ қалайда да берер еді-ау! Мұқтажын мұсылманның шын тілесе [4, 156].

Ақын ел азуы мен дінге деген көзқарастың төмендеуі нәтижесінде адам баласынан имандылықтың азайып бара жатқандығына бей-жай қарай алмайды. Адамгершілік атаулының түп қазығы – имандылықтың азуы ақын жанын түршіктіреді. Азаматтық-ақындықдүниетанымы мұсылмандық тұрғыда қалыптасқан ол осындай келеңсіздіктердің барлығына тек бір Алладан ғана жәрдем күтеді. «Кеуіл бақшаның гүлденуі» астарында адамның жан тазалығы деген үлкен философиялық-діни ұғым жатыр. Екінші бір көңіл аударар мәселе, осы шумақтағы поэтикалық тіл. Тұрмағамбет «кеуіл бақша» тіркесі арқылы адамның ішкі жан дүниесі, ішкі сарайы, жүрек тазалығы деген исламдықадамгершілік ойды бере білген.

Тұрмағамбет Сыр сүлейлері арасында Кеңестік идеология саясатының құрбаны болған ақынның бірі. Оған ұлтшыл, ескішіл, діншіл, тыңшы деген небір айыптар тағылып, бірнеше жыл қыспақта жүреді, бірнеше мәрте темір тордың дәмін де татады. «Дешті Қыпшақ» баспасынан 2007 жылы белгілі әдебиеттанушығалым Берік Жүсіптің құрастыруымен шыққан Т.Ізтілеуұлының шығармалар жинағында ақынның саяси қыспақта жүріп жазған өлеңдері

«Қапастағы жырлар: сәлем, арзу-хаттар, мұңшер өлеңдер» деп топтастырылып беріліпті. Бір айта кетерлік мәселе осы уақытқа дейін баспа бетін көрген ақын шығармаларының неғұрлым түпнұсқаға сай әрі толық нұсқасы осы жинақ екендігінде сөз жоқ. Жинаққа Тұрмағамбеттің бұрын-соңды баспа бетін көрмеген өлеңжырлары, сондай-ақ кеңестік кезеңде цензураға ұшыраған өлеңдерінің түпнұсқасы берілгендігі көңіл қуантады. Бұл жинақты құрастырушы Б.Жүсіптің еңбегі екендігін де атап кетуіміз керек. Енді осы «Қапастағы жырлардың» біріне көңіл аударсақ. «Қайбір іс, Қадыр Алла, өзіңе асан» деп аталатын өлеңінде ақын:

Шек, шүбә қайткенменен көрінбейді, Кеше күн кеуіл бағын араласам.

Айыбымды өзге түрлі етпеуіңе, Менің көп таңырқаулы таң-тамашам. Болған соң анық құлың азсам-тозсам,

Өзіңе қорғаламай қайда қашам?[4, 143]

деп көңілдегі күпті ойын аңғартады. Соны мен бірге тек бір Алладан ғана көмек күтеді.

«Шек, шүбә қайткенменен көрінбейді, кеше күн кеуіл бағын араласам» деп өзінің арожданының таза, адал екендігінен хабар береді. Ақын қолданысындағы «кеуіл бағы» тіркесі поэтикалық тұрғыдан қарағанда мән-маңызы мен көркемдігі бірін-бірі толықтырып тұрған тың, ойлы тіркес екендігінде дау жоқ. Тіркесті ар, жан тазалығы деген ұғыммен синоним-

дес пайдалану өлеңнің ішкі мазмұнымен қоса тіл көріктілігіне де ажар беріп тұрғандығы суреткерлік шеберліктің айқын көрінісі.

Ал «Шошынып сұм нәпсінің сылайынан» деген өлеңіндегі «кеуіл» сөзінің атқарып тұрған қызметі тіптен жоғары:

Ей, Алла, ғафу айлап тауфиқ-тәуба, Пендеңді бұлт шөгетін шығар тауға. Кеуліңнен кетірем деп иман нұрын, Қылып жүр Ханнас малғұн қатаң қауға [4, 91].

Адамзат баласын тура жолдан тайдырушы шайтанның мақсат-мұраты Адам Ата Хауа Ана кезінен басталады. Ол туралы Құран Кәримнің Ағраф сүресінде: «Алла: Әй Адам! Сен және жұбайың жаннатқа орналас. Екеуің қалағандарыңша жеңдер. Алайда осы ағашқа жоламаңдар. Сонда залымдардан боласыңдар. Сонда шайтан ол екеуінің ұятты жерлерінің ашылуы үшін азғырды да: «Раббыларың сендері осы ағаштан, екеуің періште болып кетеді немесе мәңгі қалып қояды деп ғана тыйған. Шынында мен екеуіңді үгіттеушілерденмін деп ант ішті. Сөйтіп екеуін алдап түсірді. Сонда екеуі ағаштан татқан сәтте, ұятты жерлері ашылып кетті»,-дейді [5, 152]. Осы Ағраф сүресінде:

«Әй, Адам баласы! Шайтан ата-аналарыңның ұятты жерлерін көрсету үшін киімдерін шешіп, жаннаттан шығарған сияқты сендерге де сұмдық жасамасын. Өйткені ол және оның сыбайластары сендер оларды көрмеген жерден көреді. Шайтандарды иман келтірмейтіндерге дос қылдық»,дейді [5, 153]. Осы үзіндіден ұғатынымыз біздің бүгінгі өміріміздегі әрбір сәтімізге де шайтанның араласып отыратындығы. Ол қашаннан адамзат баласын тура жолдан тайдыруды мақсат етті. Мұсылмандық дүниетанымда Ібіліс – шайтанның уасуасына ермеудің, оның алдау-арбауына сенбеудің бір ғана жолы – Зікір ету. Яғни әрқашан Алла тағаланың атын есімізге алып отыру, одан шүкіршілік пен қанағат, тәуба мен тауфиқ беруін жалына-жалбарына сұрау. Алла тағаланың есімін қаншалықты көп айтқан сайын, шайтан бізден алыстай түседі. Ал Алланы ұмытқан сайын, ол біздің күнделікті өмірімізге араласып, тура жолдан тайдырып, көңілімізге нәпсіқұмарлықтың арам сезімін сіңіре түседі.

Ақынның жоғарыда айтып отырғаны да осы. Алла тағаладан «көңілдегі иман нұрын кетірмеуіне» жәрдем етуді сұрайды. Жалпы аталған өлең жанры жағынан мінажат өлең. Ал поэзиялық бұл жанрдың генеаологиялық жағына үңілер болсақ, оның түп негізі Алла тағалаға мінажат етуден бастау алатындығына көз жеткізу қиын емес.

Тұрмағамбет шығармаларындағы «кеуіл» сөзінің қолданысы туралы айтқанда «Әй, Кәрім, көптің кеуілін басты қайғы», «Әй, Кәрім, кеуілін көркейт мұсылманның», «Әй, Кәрім, кеуілін көркейт жұмла жұрттың» деп аталатын үш туындысына тоқталмай кету мүмкін емес. Бір-біріне айтар ойымен де, поэтикалық көркемдігімен де жақын бұл үш өлең ақынның мінажат жанрындағы туындылары болып есептеледі. Жоғарыда айтып кеткеніміздей мінажат – Алла тағалаға құлшылық етіп, сыйынудан туған әдеби жанр болғанымен, кейін бұл жанр мазмұндық жағынан біршама өзгеріске түскенін де байқаймыз. Бұл туралы шығыстанушы-ғалым И.Жеменей: «Қазақ хандығы құрылған соң мінажат өзінің илаһи сарынын сақтай отырып, қазақ халқының қоғамдық-әлеуметтік, саясиидеологиялық, психологиялық-философиялық бағыттарда ағартушылық міндетін атқарып, қазақ поэзиясының бір бөлшегіне айналды»,дейді [6, 213]. Тұрмағамбеттің біз сөз еткелі отырған үш мәнажат өлеңінен де осы сарынды байқауымызға болады. «Әй, Кәрім, көптің кеуілін басты қайғы» деген өлеңінде ХХ ғасыр басындағы ұлтты рухани отарлау мәселесі, соның салдарынан мұсылмандықтың жойылып бара жатқандығы туралы айтылады:

Әй, Кәрім, көптің кеуілін басты қайғы, Кешіріп, кеңшілік қыл болса айыбы.

Жоюға жиһад қылып жауыздар жүр, Дініңді ислам атты бір талайғы.

Адасып ақылынан оның үшін, Мүміндер мұңайып тұр бұл маңайғы. Мұңайып мұнша құлың тұрғанында, Шат қылу шәніңнің еді лайығы [4, 138].

Кәрім – Алла тағаланың бір аты. Қадірлі, ұлы Алла дегенді білдіреді. Ақын осы Алла тағаладан заман салған лаңнан пейілі өзгере басты өз халқы үшін кешірім сұрайды. Оның алдағы болашағы жарқын болуы үшін Алла тағаладан медет күтеді. Ал «Әй, Кәрім, кеуілін көркейт мұсылманның», «Әй, Кәрім, кеуілін көркейт жұмла жұрттың» деген өлеңдерінде осы ой тереңдей түседі. Сеңдей соғылысқан халықтықтың мұң-зары жанына батқан ақын жақсылықты тек бір Алладан ғана күтеді. Сол үшін де Аллаға мінажат етеді.

Әдеби туындының көркемдік әлемі қаламгердің дүниетанымы мен өмірлік көзқарасының, ой тереңдігінің жемісі. Тұрмағамбет шығармаларының поэтикалық сүрлеуі де тереңде. Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің тізгінін тең ұстаған ақын шығыстың небір жауһар жырларынан сусындады. Сонымен бірге Орта Азияның белгілі оқу орындарында білім алуы да ақынның дүниетанымын кеңейтіп, діни білімін тереңдетті. Тұрмағамбет шығармаларындағы поэтикалық сырдың астарын да осыдан іздеуімізге болады. Ақын Құран Кәрим, шариғат заңдарында кездесетін діни терминдермен қоса, исламдық философияның ұғымдарын да өз шығармаларында асқан шеберлікпен пайдалана алған. Біз жоғарыда сөз еткен «кеуіл» сөзінің қолданысын да осы тұрғыдан қабылдауымызға болар еді. Абай, Шәкәрім шығармаларында жан тазалығы ұғымы «жүрек» арқылы берілсе, иманға қатысты жан тазалығы Тұрмағамбетте «кеуіл» арқылы берілген.

 

Әдебиеттер

  1. Тілешова Қ. Поэтикалық тіл және стиль. – Астана: Зерде, 2007.
  2. Винокур Г.О. Избранные работы по русскому языку. – Москва: Учпедгиз, 1959.
  3. С. Меһмет. Ғылымхал (Исламның бес парызы), Өңдеп толықтырып, қазақшаға аударған Халифа Алтай. – Істанбұл, 1991.
  4. Ізтілеуұлы Т. Шығармалары. – Алматы: Дешті Қыпшақ, 2007.
  5. Құран Кәрім. Қазақша мағына және түсінігі. Аударған Халифа Алтай. – Сауд Арабиясы, 1991. 6 Жеменей И. Мұхаммед Хайдар Дулат тарихшы – қаламгер. – Алматы: Зерде, 2007.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.