Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Үш дыбысты CVC, VCс тұлғалы моносиллабтық жүйедегі антропонимдердің нормалану мәселесі

Мақалада қазақ тіліндегі антропонимдік жүйенің бастау көздері тілдің тарихымен байланысты пайда болып, жетілу, даму кезеңдері лингвистикалық тарихпен бір негізде өрілетіндігі айтылады. Антропонимдік жүйенің материалы – антропонимдер. Қазақ есімдерінің бастау көздері қандай тұлғада болды, алғашқы есімдер қанша дыбыстық тіркестен тұрды, ең кіші мағыналық бөлшегінің формасы қандайлық дәрежеде еді деген сауалдарға жауап іздейді. Үш дыбысты CvC, vCC тұлғадағы моносиллаб антропонимдердің аясында зерттеулер жүргізілді. Есімдердің дәуірленуін өткен мақаламызда жеті кезеңнен тұратындығын атап көрсеткен болатынбыз. Сондағы кезеңдердің алғашқы дәуірі «Көне түркі дәуіріне дейінгі кезеңнен» бастап, осы күнгі қолданыстағы есімдердің синтетикалық жолмен болсын, аналитикалық жолмен болсын, дара тұлғалы дисиллаб болсын, дара тұғалы полисиллаб болсын есімдердің түп негіздерін үш дыбысты CvC, vCC тұлғадағы моносиллаб есімдерден алатындығы көрініс береді. Тіпті, сөз болып отырған үш дыбысты CvC, vCC тұлғадағы моносиллаб антропонимдердің өзге тарихи кезеңдерде дыбыстық тұрпат жағынан ешқандай өзгеріске түспей, екшелмей, тілдің өзіндік табиғи қалпын сақтап жеткені де анықталады.

Кісі аттары қазақ тіл танымында түрлі қырынан зерттеліп келе жатқан тіл бірліктерінің ерекше қабаты. Жалқы есімдер қолданылу аясы мен атқарар қызметі жағынан тілдік жүйеде кең және белсенді деп айту әбден орынды. Кісі аттарының "...негізігі грамматикалық қызметі – сөйлемде бастауыш пен толықтауыш қызметін атқару, ал негізігі лексикалық қызметі атау"[1, 276] десек те, жалқы есімдердің бойында тарихи қыртыстардан жинақталған ақпарат пен тарихи қабаттар қалыптастырған құпия грамматикалық бөлшек-деректердің мәнін айқындап аша түсу ғылым үшін әлі де өте-мөте қажет. "Антропонимдік жүйе атау берудің ғасырлық тәжірибенің нәтижесі ретінде дәстүр, әдет-ғұрып, алғашқы қауымдық культ және көзқарас, аталмыш қоғам тарихында болған әртүрлі этномәдени үрдістер сияқты экстролингвистикалық факторлармен шығу тегі бойынша байланысқан әртүрлі антропонимдік модельдер жиынтығынан тұрады"[2, 17]. Антропонимдер атауыштық-даралауыштық қызметті атқарғанымен, бойында бай мағына, тари хи қабаттардан жинақталған ақпараттар бар дедік. Қазіргі кезде қазақ антропонимдерінің дыбыстық таңбалану мәселесі күрделі жағдайда тұрғаны жасырын емес. Мұны түрліше толтырылып жатқан құжаттардан көруге әбден болады. Құжаттарда орын алып жатқан өрескел қателердің көбі кісі аттарында, мысал келтірсек, " Әйгерімді он екі түрлі нұсқада жазу орын алған, 1.Әйгерім, 2. Айгерім, 3. Айкерім, 4. Айгерем, 5. Айгерим, 6. Әйгерим, 7. Айгера, 8. Айгерым , 9. Айкерим, 10. Айгерим, 11. Айгорым, 12. Айгерм; Мөлдір – 13; Әсел – 7; Ләйлә – 8; Ләйлә – 8; Әнел – 8" [3; 12] Аталған мәселелер (антропонимдердің түрлі нұсқада таңбаланып жүргені) антропонимдерге қатысты зерттеулерде біраздан бері айтылып, жазылып келеді. Кісі аттарының басындағы осы мәселені тілдің моносиллабтық жүйесінен бастағанды жөн көрдік. Тілдік жүйедегі моносиллабтардың тарихы ерте замандарда жатыр. Тіліміздегі көп сөздердің соның ішінде антропонимдердің де түп-төркіні, негізгі мағыналары моносиллабтарда жатыр, себебі моносиллабты түбір сөздер сөздің мағыналы ең кіші бөлшегі деуге әбден болады. Зерттеуші-ғалымдар арасында бұрындары түбір сөздің ең кіші мағыналы бөлшегі морфема деп келсе, қазіргі тіл білімі морф деуге бірауыздан келіседі, ал сол морф моносиллабтан

тұратындығы баршаға аян. Моносиллаб сөздер

  • сөздердің ең бастау көзі десек, ерте дәуірлерде қолданылған тілдік қабаттардың болмысы өте күрделі болып келетіні, зерттеу барысында олардың мағыналары ашылып қолданыстағы сөздердің түпкі мәндері айқындалып жататыны зерттеу-тұжырымдар тарихынан белгілі.

«Қай дәуірде болмасын мемлекеттердің өз ішіндегі қарым-қатынас антропонимдердің құрылымдарының жүйеленуіне себепші болса, сыртқы елдермен байланыс кірме сөздер арқылы лексикалық құрамының жаңа есімдерімен толығуына себепші болады»[4, 6]. Кей жағдайда грамматикалық тұрпаты көрші елдің сөзіне ұқсағанымен зерттеу барсында ол сөздің түркі тілдеріне тән екендігі көрініс тауып жатады.

Қазіргі түркі тілдері моносиллабтар жүйесінде саны жағынан басым үш дыбысты (CvC) моделдікөнетүркіжазбаескерткішертіліндедеең көп қолданылатын дербес лексемалар қатарына жатады. Қазақ тіліндегі ескерткіштердің әдеби аудармасында toni kok нұсқасы қолданылады (М. Жолдасбеков, Н.Келімбетов). В.М. Наделяев жоғарыда айтылған антропонимнің компоненттерін tujuq «копыто», oq «стрела» негізінде талдайды. Қ. Сартқожаұлы n, nj түрінде оқылып жүрген таңбаны В. Томсеннің ізімен j деп оқудың дұрыстығын бірнеше аргументтер арқылы дәйектей отырып, антропонимнің tujyin және uquq, uq «ой, сана, ақыл, парасат» сөздері арқылы жасалғандығын көрсетеді. tun тұлғасы қазақ тілінде тұңғыш сөзінің құрамында айқын сақталғанымен, кейбір басқа түркі тілдерінде дербес лексема ретінде қазір де қолданылады: тува тілінде dun, қырғыз, хақас тілдерінде tun

«тұңғыш».

Жоғарыда келтірілеген деректер көрсеткендей үш дыбысты моносиллабтардың ертеден келе жатқандығын байқаймыз. Үш дыбысты моносиллабты онимдер қазіргі қазақ есімдерінде де кездеседі. Аса көп кедеспесе де, тым сирек емес. Қос дыбысты моносиллабтар секілді, үш дыбысты есімдер көптеген антропоним жасауға негіз, тірек болған онимдер қатарынан орын алады. Мысалы, Нұр, Нұр-ым, Нұр-махан, Нұржан, Нұр-лан, Нұр-сұлтан, Нұр-ай, Нұр-айым, Нұр-ғаным, Нұр-сәуле т. б. Үш дыбысты моносиллаб антропонимдер: Бақ, Бек, Бай, Гүл, Дос, Жан, Наз, Нәр, Нұр, Рай, Рәш, Сәт, Тау, Таң, , Шер, т.б. кездестіруге болады. Үш дыбысты моносиллаб сөздерді ғалым М. Ескеева CvC және

vCСтұлғалы деп екі топқа бөліп қарастырып жүр. Аталған мәселе үш дыбысты моносилаб жүйедегі антропонимдерге де қатысты деп толық айта аламыз.

Үш дыбысты CvC тұлғалы моносиллабтық жүйедегі антропонимдер

Үш дыбысты CvC тұлғалы моносиллаб есмдерді дауыссыз дыбыстан басталып, дауыссыз дыбыстан аяқталатын, ортасында әрқашан дауысты дыбыс келетін кісі аттары қазақ тіліндегі және басқа да түркі тілдерінің антропонимдеріне негіз болған. Аталған CvC тұлғалы моносиллаб антропонимдерді бітеу буынды белгілейтін шартты таңба ВАВ морфемдік есімдер деп те атауға болады.

Түркі тілдері түбір сөздер жүйесіндегі CvC тұлғасының сандық көрсеткішінің басқа моделдерге қарағанда жоғары екені көптеген зерттеушілерден белегілі, оған көне түркі жазаба ескерткіштері тіліндегі CvC құрылымды түбірлер мен түбір негіздердің қолданыс деңгейі де дәлел бола алады. Өз дәуірінде бейнелі де көркем тіл болған көне түркілер тілінің базистік лексикасы қазіргі тілдердегі бір буынды түбірлер мен түбір-негіздерден айрықша ерекшеленбейді. Көк түркілер дәуіріне дейін де бірнеше тари хи кезеңдерді басынан өткізген жалпы түркілік лингвоэволюция барысында моносиллабтар жүйесі де кезең-кезеңімен даму жолынан өткені белгілі. Көне түркі жазба ескеркіштер тілінде билеуші тап өкілдеріне, қағанның туыстары мен балаларына тән титуларалық лексема beg моносилаббы да көне түркілер антропожүйесіндегі екі құрамды атаулардың компоненті ретінде жиі қолданылады. «Жалпы түркі тілдеріндегі bek~beg~bej~bij түбірлес моносиллабтар кешеніне кіретін қазақ тіліндегі бек, би сөздері мағыналық жағынан сараланған. Түркі тілдеріндегі титуларалық лексемаларға тән ерекше белгі ретінде олардың моносиллабтық компонентін сақтай отырып, гендерлік негізде жіктелуін айтуға болады: бек~бегім, би

~бике~бикеш~бибі~бүбі» [5, 320]. Көне түркі заманында актив қолданылған Бек есімі, қазіргі қазақ тілі антропожүйесінде де қолданылады. Қоданылып қана қоймай антропонимжасамдық қабілеті жағынан да белсенді рөлге ие. Қазіргі кезде Бек есімінен жасалған Бегім, Бекен, Бекжан, Бекзат, Бекзада, Бекмырза, Бекбо лат, Бекнұр, Бекмұрат, Бекарыс, т. б. Бек есімі екінші компонентте тұрып Айбек, Нұрбек,

Қазбек, Иманбек, Елбек, Темірбек, Нұрлыбек т. б. есімдерді жасауға актив қатысады. Көне түркі жазаба ескерткіштер тілінде бек-тен бөлек те CvC тұлғалы моносиллаб антропонимдер қоданылғанын байқауға болды. Олар, Kul, teg, tut моносиллаб есімдер. Бұлар қазіргі тілімізде жеке тұрып қолданылмаса да, есімжасауға негіз болады. Бірнешеуін атап айтсақ, Күлтай, Күлпаш, Күлбай, Күлпан, Тектібай, Тұтқабай, т. б. Қазіргі уақытта жиі қолданылатын CvC тұлғалы моносиллаб есмдер: Бақ, Бек, Гүл, Дос, Жан, Рай, Рәш, Наз, Нәр, Нұр, Сәт, Тау, Таң, Шер, т. б. Бұл есімдерді тіліміздің табиғи қалпын бұзбайтындай етіп таңбалау – ұлт тілінің тазалығынсақтауменбірге, есімдердінормалауға зор септігі тиеді. Тілдік қатысым барысында адресант Бақ, Бійек, Гүл, Дос, Жан, Наз, Нұр, Ырай, Ірәш, Сәт, Тау, Таң, Шійер деп айтатыны орфоэпиялық заңдылықтан белгілі. Айтушыадресанттың айтқан есімдерін сол қалпында тыңдаушы (адресат) Бақ, Бійек, Гүл, Дос, Жан, Наз, Нұр, Ырай, Ірәш, Сәт, Тау, Таң, Шійер қабылдағанмен жазуда осы күйінде таңбалау мүлдем орфографиялық заңдылықтырға қайшы келеді. Жазуда Бақ, Бек, Гүл, Дос, Жан, Рай, Рәш, Наз, Нәр, Нұр, Сәт, Тау, Таң, Шер деп жазу орынды, тілдің заңдылықтарын сақтайды. Қос тілдің, ықпалында қалған сөз қолданушы коммуникаторлар Бах~Бак, Бек, Гуль, Дос~Дас, Джан, Наз, Нар, Нур, Рай, Раджч~Ряш, Сат, Тау, Тан, Шер деп өзге тілдің заңдылығында айтқанымен, жазуда былай таңбалау мүлдем қате, қазақ тілінің заңдылық-тәртібін бұзушы болып табылады.

CvC тұлғалы моносиллабтық жүйедегі антропонимдердің сөз басындағы дыбыстық өзгерістері «Қазақ тілінде қонар дыбыстардың (протеза) пайда болуы екіге бөлінеді. Біріншісі, Л, Р дыбыстарынан басталған сөздердің алдынан Ұ, Ү, Ы, І, О дауысты дыбыстарының қойылып айтылуы. Мысалы, рұқсат-ұрықсат, рет-ірет, русь-орыс т.б. Сондай-ақ, басқа тілден ауысқан ст, шт, шк сияқты қос дауыссыздан басталатын сөздердің басында да дауысты дыбыс қойып айту бар. Мысалы, стакан-ыстакан, штабыштаб, шкап-ышкап т. б.»[6,158].

Протеза құбылысы CvC тұлғалы моносиллабтық антропонимдердің де басында болатын заңдылық. Мысалы, Рай – Ырай, Рәш – Ірәш т. б. Келтірілген мысалдағы протеза құбылысы

орофэпия заңдылығына тән. Жазуда мұндай өзгерістер ескерілмейді.

CvC тұлғалы моносиллабтық жүйедегі антропонимдердің сөз ортасындағы дыбыстық өзгерістері

«Екі дыбыстың аралығына қосалқы дыбыстың келіп кірігуі эпентеза құбылыс деп аталады. Мысалы, метр, литр деген сөздерге қазақша метір, литір түрінде айтылады»[7, 260 б.]. Біздің айтпағымыз дәл осы қағидаттай болмаса да, осыған ұқсас, яғни CvC тұлғалы моносиллабтық антропонимдердің арасына кірігетін дыбысқа байланысты. Мысалы, Бек, Шер кісі аттарын айтқанда арасында, ортасындағы е құранды дауысты дыбысының алдында і+й+е ~ й+і+е дыбыстыры айтылады деген пікірлерді ұстану, қолдау. Бұл туралы

«Е фонемасының алдынан әнтек й айтылады» [8, 26 б.]. десе, Ә. Жүнісбеков «е-нің й және і дыбыстарының қосындысынан (йі) тұратынын (й-40, і-60 пайыз болатынын)» экспериментті жолмен анықтайды. Қазақ грамматикасында « Е дауысты құранды дыбыс. Й тектес үнді дауысты дыбыстан (бағынышты сыңары) басталып, І тектес қысаң дауысты дыбыспен (басым сыңары) аяқталады» [6, 19 б.], – деген пікірлер айтылады. Біз де осындай пікірлерді қолдай отырып Бек, Шер есімдерін айту барысында Бек ~ Бійек, Шер ~ Шійер айтылатынына күмән келтірмейміз. Бұлар (Бійек, Шійер есімдері) атылуда осылай болады, жазуда осы қалыпты сақтау тілдік нормаға сай болмай шығады.

Үш дыбысты vCC тұлғалы моносиллабтық жүйедегі антропонимдер

vCC тұлғалы моносиллабтық сөздерді алғашқы дауыстыны, екі консонантизм дыбыстар жауып тұратын АВВ, яғни тұйық буынды морф десек қателеспеспіз.

vCC тұлғалы моносиллабтық сөздер қазақ тілінде сирек кездеседі. Түркі тілдерінде vCC тұлғалы түбір-негіздердің сандық көрсеткіші тым аз екені белгілі. Қазіргі қазақ тілі бойынша vCC моделді 19 лексема тіркелсе, А, М. Щербак реконструкциялаған жалпы түркілік бір буынды сөздер тізімімен 6 сөзді ғана кездестіруге болады: ant, alt, ark, art, ork, urk. А. М. Щербак жалпы түркілікмоносиллабтардыңархитипінанықтауға негізінен түркі жазба ескерткіштері лексикасы мен қазіргі түркі тілдерінің көпшілігіне ортақ лексемаларға сүйенгендіктен, бұл көрініс Орхон, Енисей, Талас ескерткіштері тіліндегі моносиллабтар жүйесінде де қайталанады. А. Н. Кононов «жалпы түркілік alp сөзін монғол тіліндегі alban «служба» сөзімен байланыстыра отырып, al «алу» етістігінен таратады» [9,54]. Г. Г. Левин тува тіліндегі alban «служба, служебный» лексемасы мен көнетүркілік alp сөзін салыстыру барысында: « Мы определели тувинскую alban как поздный рефлекс древнотюркского alp» [9, 57]. Э. В. Севортян alp, alban лексемалардың бірлікте қарастырудың семантикалық негізі жеткіліксіз деп санайтын пікірлердің де бар екенін көрсетеді. «Қазақ тілі этнонимдер жүйесіндегі alban атауының alp лексемасына қатыс-дәрежесі де анықтауды қажет ететін мәселе, alban түркі-монғол тілдеріне ортақ элемент болуы мүмкін. Көне түркілік alp сөзі қазақ тіліндегі alpamsadai, alpawit лексемаларының, alpamis антропонимінің құрамында сақталған. alip сөзінің құрамындағы і сына дыбысы қазақ тілінің орфографиялық ережелеріне сай орнықса керек» [5, 320 б.]. Көне түркілік ars моносиллабынан таралатын arslan сөзінің кейініректе, антропонимге айналуы жайлы да, алғашқы ars моносиллабының негіз болуы мүмкін екендігі туралы осындай болжам айтуға болады.

Қазіргі кезде vCC тұлғалы моносиллаб антропонимдер тілімізде мүлдем сақталмағаны тілдік деректерді тексеру барысында анықталды. Тіпті, мұндай сөздердің өзі тілімізде сирек екенін жоғарыда айттық. Қазіргі кезде ондай есімдер қалмаса да, жоғарыда келтірген саралауларға сүйеніп, қазіргі таңда Алпамыс, Арыстан сөздерінің түбірінде (alp,ars) ғана сақталғанын көруге болады. Жалпы түркі түбірлерінің тарихи эволюциясы тұрғысынан қарағанда vCC моделі түркілік тектіл кезеңдерінде қалыптаса бастаған екінші, үшінші дәрежелі моносиллабтар болуы мүмкін.

Үш дыбыстан тұратын, алайда дисиллаб болатын антропонимдер де тілімізде кездеседі. Олар: Ару, Әбу, Әби,Әди, Әлі, Әли, Иба, Иса, Эра, т. б. Мұндай дисиллабты есімдерді коммуникаторлар коммуникация барысында орфэпиялық заңдылықтарды сақтап қатысым әрекетін жүргізеді. Осындай жағдаятта Арұу, Әбүу, Әбіи, Әдіи, Әлі, Әліи, Иба, Иса, Эра атты антропонимдер өздерінің тіл табиғатының тазалық қалпын сақтап, тілдік қатысымдағы айту шы тыңдаушыға жеткізгенімен, қабылдаушы табиғи қалпында санада қорытқанымен, жазуда орфография заңдылықтарын мүлде бұзбауға

Үш дыбысты CVC тұлғалы моносиллабтар жүйесіндегі антропонимдердің орфографиялық нормамен жазылуы

Үш дыбысты CVC тұлғалы моносиллабтар жүйесіндегі антропонимдердің орфоэпиялық нормамен жазылуы, яғни айтылу барысында антропонимдердің сөз басында, сөз ортасында болатын дыбыстық құбылыстары

Үш дыбысты CVC тұлғалы моносиллабтар жүйесіндегі антропонимдер

Үш дыбысты CVC тұлғалы моносил лабтар жүйесіндегі антропонимдер сөз басындағы дыбыстық өзгерістер

Үш дыбысты CVC тұлғалы моносил лабтар жүйесіндегі антропонимдер сөз ортасындағы дыбыстық өзгерістер

Үш дыбысты VСC тұлғалы моносиллабтар жүйесіндегі антропонимдер

Бақ, Бек, Гүл, Дос, Жан, Рай, Рәш, Наз, Нәр, Нұр, Сәт, Тау, Таң, Шер, т.б.

Рай – Ырай, Рәш – Ірәш, т. б.

Бек ~ Бійек, Шер ~ Шійер, т. б.

Үш дыбысты VСC тұлғалы моносиллабты антропонимдер қазіргі тілімізде сақталмаған, алайда ертедегі түркі тілдерінің Алпамыс, Арыстан сөздерінің

Үш дыбыстан тұратын, алайда дисиллаб болатын антропонимдер де тілімізде кездеседі. Олар: Ару, Әбу, Әби,Әди, Әлі, Әли, Иба, Иса, Эра, т. б. Мұндай дисиллабты есімдерді коммуникаторлар коммуникация барысында орфэпиялық заңдылықтарды сақтап қатысым әрекетін жүргізеді. Осындай жағдаятта Арұу, Әбүу, Әбіи, Әдіи, Әлі, Әліи, Иба, Иса, Эра атты антропонимдер өздерінің тіл табиғатының тазалық қалпын сақтап, тілдік қатысымдағы айтушы тыңдаушыға жеткізгенімен, қабылдаушы табиғи қалпында санада қорытқанымен, жазуда орфография заңдылықтарын мүлде бұзбауға тырысады.

тырысады. Егер адресант адресатпен мәтін арқылы коммуникацияға түссе онда да, орфография ережесін қатаң түрде сақтаған жөн. Ал, коммуникаторларға интерференцияның әсері болған жағдайда, олар есімдерді Ару, Абу, Аби, Ади, Али (Әлі), Али (Әли), Иба, Иса, Эра деп жазса, бұл адресанттың өрескел жіберген қателігі болып табылады; алдымен, мәтін арқылы қарамқатынасқа түсуші адресатқа түсініксіз жетеді; адресаттың тілдік сауаты төмен болса, оны болашақта да қателік жіберуіне адресанттың өз септігі тиюмен қатар, оқушы-коммуникаторды да интерференциялық күйге салады; егер, оқушы-адресаттың тілдік сауаты жоғары болса, онда адресанттың өз коммуникаторы алдын да беделіне нұқсан келеді. Сонымен, жоғарыда аталған антропонимдерді дұрыс жазудың үлгісі мынадай болмақ: Ару, Әбу, Әби,Әди, Әлі, Әли, Иба, Иса, Эра.

Үш дыбысты моносиллабтардың дисиллабқа ауысу жағдайы: CvC – C+v+C+vC=C(vC)vC – Бек~Бійек, CvC – v+CvC=(v)CvC – Рай~Ырай, CvC – v+CvC=(v)CvC – Рәш~Ірәш, CvC – C+v+C+vC=C(vC)vC – Шер~Шійер; Жоғарыдағы көрсеткіштердің, яғни моносиллабтардың дисиллабтарға ауысу процесі тек қана айты лу кезінде ғана іске асады. Басқаша айтқанда «сөз субтектілерінің» коммуникацияға түскен шағында байқалады. Мәтінді жазушы адресант жоғарыда келтірілген антропонимдерді қағаз бетіне жазып отырып іштен қайталау кезінде, және оны оқушы, қарым-қатынасты жүзеге асырушы адресаттың оқыған шағында аталған (моносиллабтың дисиллабқа ауысу процесі) заңдылық, яғни дисиллаб туындайды. Ал, мәтінде жазылуы тілдік-орфографиялық норманы берік сақтайды.

Антропнимдерімізді нормалау мәселесі қаншалықты маңызды екенін жоғарыда айтып кеттік, үш дыбыстан тұратын моносиллабты антропонимдердің дұрыс жазылуы тілден хабары бар, жазу сауаты қалыптасқан тұлғалар тарапынан қиындық туғызбайды. Лингвист болмаса да сауатты дегендердің өзіне дұрыс құжат толтыру қиын болып жатады, сондықтан антропонимдердің таңбалану-тұлғалану мәселесі тіл білімі дамыған елдерде өз шешімін тапқан. Біздің елде антропонимика ғылымы қалыптасып келеді, тұтас антропонимдерді жүйелі түрде нормалау алдағы уақытта шешілуге тиіс мәселе.

Үш дыбысты моносиллаб және дисил лаб антропонимдердің нормалануы (кесте түрінде).

 

Әдебиеттер

  1. 1 Суперанская А. В. Общая теория имени собственного. – Москва: Наука, 1973. – 366 б. 2 Махпиров В. У. Имена далеких предков. – Алматы, 1997. – 302 б.
  2. Әбдуәлиұлы Б. Қазақ антропоимжасамының теориялық және практикалық негіздері: докт. дисс. автореф. – Астана, 2010. – 47 б.
  3. Досжанов Б. Ә. Қазақ тіліндегі көне тұлғалы антропонимдер: филол. ғыл. канд. дис. автореф. – Астана, 2001. – 6 б. 5 Ескеева М. Көне түркі және қазіргі қыпшақ тілдерінің моносиллабтық негіздері. – Алматы: Арыс, 2007. – 360 б.
  4. Қазақ грамматикасы // Морфонология. – Астана, 2002. – 158 б.
  5. Аханов К. Тіл білімінің негіздері//Фонетикалық процестер. – Алматы: Санат, 1993. – 260 б. 8 Мырзабеков. С. Қазақ тілінің фонетикасы. – Алматы: Қазақ университеті, 1993. – 26 б.
  6. 9 Кононов А. Н. Родословная туркмен. – Москва-Ленинград: Изд-во АН СССР, 1958. – С. 97.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.