Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Көркем мәтіндегі денотаттық семаларды талдау ерекшелігі

Тілдік семантика ғылымында лексикалық мағынаның құрылымындағы кіші мағыналық бөліктер көптеген ғалымдардың зерттеу назарында жүр. Алдымен, шетелдік және Ресей тілшілері қарастырған бұл көкейкесті мәселе соңғы кезде қазақ тіл білімінде де жүйелі зерттелу үстінде. Лексикалық семантика ғылымында лексикалық мағынаның сема деп аталатын микрокомпоненттерінің өзіндік түрленімін нақты көркем мәтіннен талдау мағынаның әртүрлі өзгерісін көрсетеді. Мақалада көркем мәтіндегі лексикалық мағынаның денотаттық семаларының ерекшеліктері семантиканы зерттеп жүрген белгілі ғалымдардың пікірлері арқылы кеңінен талданады.

Лексикалық мағынадағы семаларды орыс тіл білімінде жүйелі зерттеген И.А. Стернин көркем мәтіннен семаларды айырып алу қиындық туғызатынын жазған еді. Бұндағы қиындық лексикалық мағынаның құрылымындағы семалардың түрлері мен олардың мәнмәтіннің ерекшелігіне орай өзектенуінде жатыр. Жоғары мектепте көркем мәтінді лингвистикалық талдау және қазіргі қазақ тілі лексикологиясы мен фразеологиясы пәндерінде лексикалық мағынаны талдау студенттердің дағдылық білімдерін жетілдіреді. Сол себепті, лексикалық мағынаның заттық (денотаттық) бөлігін құрайтын семаларды, яғни лексикалық мағынаның ең кіші бөлшектерін көркем мәтіннен көріп, талдау үшін олардың түрлерін білу қажет.

Тіл жүйесіне қатысы бойынша, бұл микрокомпоненттер – узуалды және окказионалды, системалық немесе топтық және жекелік семаларға бөлінеді [1, 56]. Узуалды семалар – сөздің системалық мағынасы енетін, окказионалды сөздің системалық мағынасына енбейтін, тек контекст кейбір жағдайда, коммуникативті акт кезінде енгізетін сема. Сөздің жүйелік мағынасын құрайтын узуалды семаларды түсіндірме сөздіктен байқауға болады, өйткені, бұл семаларсыз сөзді түсіндіру мүмкін емес. Мысалы: «Туфли» зат. «Әр түрлі формада тігілетін ерлер мен әйелдердің қонышсыз, өкшелі аяқ киімі» [ҚТТС, 9-т., 259]. Мұндағы узуалды сема «ерлер мен әйелдердің қонышсыз аяқ киімі». Окказионалды семаны сөздіктерде мүлде кездеспейді деуге болады, оған мысалы келтірелік: «Арпалыспен өткен бірер шақырым үстінде жекешіл сенің номеріңді он рет оқыған» [М. Мағауин, 1997, 158]. Мұндағы «жеке машинасы бар» окказионал семасы, әдетте, «жекешіл» сөзінің мағынасына енбейді. Мына мысалдардан да окказионал семаны байқауға болады.

«– Ту, қалай өмір сүресіңдер-ей, жалғыз, деді әлден соң ол айналасына қарап. Бұл жерде танысы да болмайтын шығар.

  • Болады, неге болмайды, дедім қыжырым қайнап.
  • Е, қойшы, Кімдер билейді?
  • Қошқарлар мен саулықтар» [Д. Исабеков, 1993, 184].

Окказионал сема «жақтырмау, кемсіту», ал «билеу» семасы «қошқар, саулық» сөзінің мағыналық жүйесіне енбейді. Сондай-ақ, мына мысалды қаралық:

«– Үйлеріңде арақ бар ма? деді дауысын бәсеңдетіп. – Қойшының ауылында неғылған арақ? – Ал, шылым ше? – Біздің үйде ешкім шылым шекпейді.

  • Ту, өздерің қандай адамсыңдар, мәдениет дегеннен жұрдай екенсіңдер ғой!» [Исабеков].

«Мәдениет» сөзінің мағыналық жүйесіне «арақ, шылым»" сөздері енбейтіні белгілі, яғни «мәдениет» сөзі арқылы «артта қалған, дамымаған» окказионал семалары беріліп тұр.

Жүйелік немесе топтың семалар барлық сөйлеушілерге белгілі семема құрылымына енетін семалар. Ал жекелік семалар бәріне белгілі болмайды, тек жеке қолданыста өмір сүреді. Семаларды бұлай алғаш бөліп, шектеуші ғалым Б. Плотников болатын [2, 49-50]. Топтық семаларды сөздің мағына құрылымына адамдар тобы енгізетінін айту қажет. Бұл адамдар тобы ғалымдар, актерлер, официанттар т.б. болуы мүмкін, сол себепті топтық семаларды өз ішінен ғылыми және кәсіби семалар деп бөлген дұрыс болады. Бұл семалар кәсіби және ғылыми лексикаға енетін сөздер мағыналарының құрылымында негізгі рөл атқарады. Мысалы:

  • Шал-ау, деді, бір жігіт екі күн өткен соң орағын жерге қадап отыра кетті де, – Мына бала сіздің көмекшіңіз бе?
  • Қайсы? Ергешжанымды айтасың ба? Әлбетте, көмекшім.
  • Атасының еркесі, атасының көмекшісі екенін білеміз ғой. Көмекші болғанда қандай көмекші. Бізге сол жағын ашып алу керек [Исабеков, 275]. «Көмекші» сөзінде жұмысшы кәсіби семасы анық байқалады. Системалық немесе топтық семалар әдет-ғұрып, табиғат, жыл мезгілдерін білдіретін сөздерде айқын көрінеді, бұл сөздер мағынасының бөліктері бәріне таныс, ортақ болып келеді. Мысалы: – Әже деймін, көктем қашан шығады?
  • Ертең шығады.
  • Ертең шықса, бүгін неге қар жауады? – Бұл «құс қанаты» ғой, қарағым. Қыс ызғары осымен бірге кетеді. Есіне енді түсті. Бұл – қыстың соңы «құс қанаты». Бұдан соң қар түспейді» [Ә. Кекілбаев, 2 т. 1989, 105]. «Құс қанаты» сөзіндегі топтық сема «табиғат құбылысы, жыл мезгілінің бірі», сондай-ақ, Қазақстанның батыс өңірінде «құс қанаты» сөзі нің архисемасы «көктем мейрамы». Топтық семалар жекелік семаға, жекелік сема – топтық семаға ауысуы мүмкін. Жекелік сема сөйлеушінің өмірлік тәжірибесіне тікелей қатысты, оның үстіне жекелік семалардың саны мен мазмүлы көптеген факторлардан – мамандығынан, жынысынан, жасынан т.б. құралады, яғни сол факторларға тәуелді болады. Мысалы: – Өзен сағасының орташа жылдық су қоры 7,56 м.куб. секундке есептеледі [Д. Досжанов. 1-т., 308.]. Бұндағы «мөлшер» ғылыми топтық сема «су қоры 7,56 м.куб. секунд» тіркесі арқылы беріліп тұр. Топтық сема жекелік семаға ауысқанын сөйлеушінің үнемі қолданатын кәсіби не ғылыми сөздерінен байқауға болады. Мысалы: – Мынадай абстракцияыңызбен бар ғой, деді Жасын қызға кеудесін сәл төндіре түсіп. – Сіз ішкі істер министрлігінде тергеуші боп қызмет атқара аласыз [Д. Исабеков. «Қарғын», 100]. Абстракция сөзінде актуалданған жекелік сема «ойлау дәрежесі». Жекелік сема «р адамдарда әртүрлі болатынын зауыт, университет, соғыс, түрме, аурухана, ауыл, туған жер сөздеріне эксперимент жүргізбей-ақ дәлелдеуге болады. Жекелік семалар уақытқа байланысты өзгеріп отырады, оның үстіне коннотативті семалар жекелік сема бола алады. Мысалы: Міне, қызық, түрмеге кеткен адам да аман оралады екен-ау [М. Мағауин, 225]. Жекелік сема «қайтпас жер». Жекелік семада эмоционалдылық мәні байқалып тұрады, Мысалы:
  • Сур, деді Мәлике сөзге араласып.
  • Сен папаңа тым еркелей берме. Біздің көңілімізге келіп қалады, бөлектеген боласың. Солай емес пе, сэр?
  • Қалай, қалай? Сур, сэр деген не? – Қаратай үшеуіне кезек-кезек қарады.
  • Сур деген сурет. Сэр деген Сәргел. – Мәлике аяғын тастай суға малып отырып, мәнжайды оп-оңай түсіндіріп шықты [Д.И. «Қарғын», 112]. Сурет, (яғни «Бағила – кейіпкер аты) сөзінің мағынасында «әдемілік» семасы, сэр сөзінде «құрметтеу, сыйлау» жекелік семалары актуалданып тұр. Жекелік семалар

сөйлеушіні ерекшелендіріп, бөлектеп тұрады, яғни мағынасында жекелік семалар бар сөздерді бір ғана сөйлеуші (индивид) жиі қолданады, ал басқалары бұл сөздердің мағынасын ұқпауы да мүмкін. Мысалы: – Запперме жолдас! деді Уәкіл жарыла жаздап.

  • Бұл не сабатаж? Сайлаушыларың қайда?
  • Бәрі дауыс берді, деді атам да күреңітіп.
  • Тек, әлгі, Жүніс байғұс қана, кемпірімен екеуі...
  • Айналдырған отыз жеті адамның екеуі деңіз. Факт! [М. Мағауин. 250, «Ең әділ сайлау»]. М.Мағауиннің әңгімесіндегі уәкілдің

«запперма жолдас», «сабатаж», «факт» сөздерінің мағынасында «маңыздылық, бастықтық» жекелік семалары бар. Немесе жекелік семалардың бұл ерекшелігі осы сөздерді қайталаудан анық байқалады.

«– Жүнісіңізді қоя тұрыңыз, факт! деді Уәкіл бұрынғыдан әрмен шытынап.

Сайлауды сарбат ете жаздады. Сол ма, озатыңыз? Жарар, тексереміз, анығына жетеміз. Факт! – Бірінші дауысқа Қарекең лайық, деді, атам сәл төменшіктеп. Так. Факт. Қарымсақов... тойыс. Қарымсақ Сарымсақов жолдас, әлемдегі ең әділ, ең төте, ең еркін сайлауда біздің участке бойынша бірінші болып дауыс беру құрметі сізге жүктеледі. Қол соғып қояйық, жолдастар!» [М. Мағауин, 248].

Жекелік семалардың ауызекі сөйлеу кезінде немесе мағынаны ұғыну кезінде үлкен рөл атқаратыны сөзсіз, себебі осы семалар ғана мағынаға ерекшелік және индивидтік қасиетін үстейді. Жекелік семаларды зерттеудегі лингвистке келтіретін негізгі кедергі оларды бөліп алудың, танудың қиындығы, оның үстіне бұл мәселе бөліп алу, айыру үшін зерттеудің әдейі талданған әдістерін қажет етеді. Жалпы алғанда, мағынаның жекелік жағдайлары жаңа ғылым – психосемантиканың зерттеу объектісіне енеді. Ал психосемантика болса, мағынаны жеке ойлауға, түйсінуге және индивидуалды қызмет процесі кезіндегі жағдайына байланысты зерттейді. Тіл жүйесіне деген қатынасы бойынша семаларды бөлгенде, ең алдымен олардың тіларалық қатынасы анық байқалады. Мәселен, узуалды, жүйелі, топтық семалар сөздің жүйелік қатарын құрайтын сема болғандықтан, оның денотаттық, сигнификаттық компоненттерін құрайды. Ал бұл компоненттер сөз мағынасының құрылымдық бөліктері екені белгілі. Тілге деген қатынасы бойынша мағына компоненттеріне «жасырын» еніп тұратын, анықтауға қиын соғатын жекелік, окказионалды семалар мағынаның басқа да компоненттеріне ауысып жатады.

Айыру күшіне байланысты семалар – интегралды немесе архисема және дифференциалды семаларға бөлінеді.

Сөздер тобының мағыналарына ортақ болатын семаны интегралды сема деп атаймыз. Интегралды семаның дифференциалды (айырушы) семадан ерекшелігі, ол сөздер тобында айырушы қызмет атқармайды, сөздер мағыналарының айырушы қызметін дифференциалды семалар атқаратындықтан, бұл семаларды дифференциалаушы сема деп атайды.

Интегралды семалар әр түрлі абстракциялық деңгейде болуы мүмкін, сол себепті зерттеушілер бұл микрокомпоненттің түрін әр түрлі деңгей аясында бөледі. Абстракцияның жоғары деңгейіндегі интегралды семаларды архисема (Гак), ядерлі (Васильев), идентификациялаушы (Гайсина), маркер (Катц, Фодор), инвариантты семалар (Комарова) категориалды-лексикалық (Кузнецова) деп атайды. Дифференциалды семаны да әр зерттеуші өзінше атайды: дистингвишер (Катц, Фодор), индивидуалды, диагностикалық (Арнольд), перифериялы (Васильев). Әр ғалым өзінше атау бергенімен, семантикалық кіші компоненттердің міндеті мен қызметі бір, сол себепті әр атаудың өзіндік ерекшелігі мүлде жоқ деуге болады. Біз де И.В. Стернин сияқты «интегралды семаны» салыстырмалы барлық сөздердің ортақ семасы ретінде, ал «архисеманы» жеке сөздің лексикалық мағынасының ортақ семасы ретінде ұғынып, сол қызметте қолданамыз. Ал дифференциалды семаға кез келген сема енеді, тек семема құрамындағы архисеманы нақтыласа болғаны, сол жетіп жатыр деп ойлаймыз.

Архисема семема құрылымында негізінен екі өзіндік ерекшелігімен көрінеді. Біріншіден, ол семаның тірегі, ортасы болады, яғни семема құрылымында архисема ешкімге тәуелді емес, ал басқа семалар тікелей немесе басқа семалар арқылы архисеманы анықтайды, нақтылайды. Екіншіден, архисеманы ерекшелендіретін қасиет оның жалпылығы, яғни жалғыз болмауы, басқаша айтқанда кез келген мағына үшін бірқатар архисемалардың болуы. Мағына құрылымында әр түрлі архисемалардың болуы бір затты әр түрлі жағынан және әр түрлі абстракция деңгейінде қараудан болса керек. Мәселен, кітап сөзін жансыз зат ретінде, қағаздық қосындысы ретінде, оқыту, көркем әдебиет құралы ретінде қарауға болады. Үстел – сөзін мебель ретінде, ағаштан немесе темір, пластмассадан істелінген конструкция ретінде анықтауға болады. Сондай-ақ, алдау сөзі – жаман іс, зиян тигізу, оңбағандық; қасқыр жаман, зұлым аң түрі, обыр, қомағай, қырып салғыш, жыртқыш; суға бату тұншығу, өлу, қиналу, су жұту, қорқу деп анықтауға болады.

Архисемалар мағына құрылымында қатар түзеді, алайда бұл қатардағы архисемалар әр түрлі деңгейде болады, яғни тең емес. Сөздіктерде архисеманың информациялық түрін береді, өйткені лексикографияда бұл ең практикалық жол болып саналады. Сөздіктердегі архисема абстракцияның төменгі деңгейінде болады. Мәселен: Береке. зат. 1. Ырыс, молшылық, құт. Астық – ол бүкіл елдің берекесі, Астық – ол бейбіт күннің мерекесі [О. Шипин. Өмір]. 2. Мереке, көптің түбі – береке (Мақал) [ҚТТС, т-2. 266]. Осындағы «береке» сөзіндегі архисемалар қатары – «ырыс, молшылық, құт. Ауыз бірлік, ынтымақ». Архисема бір зат, құбылысты сипаттамайды, ол осы зат не құбылыстың барлық белгілерінің жиынтығынан логикалық ойлау арқылы қалыптасқан нәтиже. Архисеманың мағына құрылымында қандай қызметте болатыны мағынаның қызметіне байланысты, яғни коммуникативті акт кезінде немесе жеке тұрған кезінде. Көбіне сөз мағынасында мынадай архисемалар болады: зат, құбылыс, адам, жан-жануар, жүйе, құрал, өсімдік т.б. Алайда архисемалар мұнымен бітпейді, әртүрлі ойлау деңгейіне байланысты сөз мағынасынан көріне береді. В.Г. Гак архисемаларды текті («родовой») семантикалық компонент, ал дифференциалды семаларды түрлі («видовой») семантикалық компонент деп атайды [3, 81]. Э.В. Кузнецова архисеманы категориалды-лексикалық сема деп атап, оларды грамматикалық семалар және кіші семалар арасында аралық қызмет атқарады деп есептейді [4, 73]. Л.Новиков «архисема дегеніміз единицалардың белгілі бір класының жалпы белгілерін (қасиетін) бейнелейтін сема» дегенді айтады [5, 117]. Д.Н. Шмелев семантикалық белгілерді интегралды және дифференциалды деп бөледі [6, 153]. Бұл семалар жалпылық қасиеті арқылы грамматикалық семаларға жақын келгенімен, өзіндік формалды көріну құралы жоқтығымен грамматикалық семалардан ерекшеленеді. Мәселен, «орындық» сөзінің мағынасында грамматикалық сема «зат», «мебель» архисемасымен нақтыланады. Бұған «отыру үшін қажетті», «арқалығы бар» сияқты дифферренциалды семалар бағынып, оны нақтылай түседі. Э. Кузнецова, Г. Гак, Л. Васильев,

И. Стернин, М. Оразов, А. Новиков т.б. зерттеушілер архисеманың лексико-семантикалық топты құруға негіз болатынын көрсе теді. Бір топқа біріккен сөздердің мағыналарында бір ортақ архисема болады, сол себепті архисема топтың семантикалық негізін құрайды.

Дифференциалды семалар да архисемалар сияқты белгілі бір қатар түзеді, архисеманы әр қырынан нақтылайды. Дифференциалды семалардың қатары архисеманың мынадай қырларын көрсетеді: 1) «қолданылу, қызметі»;

2) «Формасы, пішіні»; 3) «қасиеті». Мысалы:

«Бағлан». зат. 1. Жетілген семіз қозы; марқа; кепе. Мұндағы архисема «үй жануары». Дифференциалды сема: 1) «Адамдар үшін»; 2) «қозының түрі»; 3) «еті дәмді, яғни семіз қозы». Негізінде сөздіктегі анықтама дұрыс берілмеген, себебі қошақан, марқа, кепе қой атаулары, бағланнан «жас мөлшері» дифференциалды семасы арқылы ерекшеленеді. Дәлелге осы сөзді түсіндіруде берілген мынадай мысалды ұсынуға болады: «Қошақаннан қозы, қозыдан марқа, марқадан бағлан, бағланнан кепе, кепеден тоқты болып жетіледі [Б.Қыдырбекұлы,

«Шайтан шатағы»] [Қ.Т.Т.С. т-2.,12]. Архисема мен дифференциалды семаның қолданылу жағдайы М. Мағауиннің «Шақан шері» романындағы «жолбарыс» сөзінің мағынасына мысал келтіріп қаралық. «Жолбарыс» сөзіндегі негізгі архисема «тағы, жыртқыш, аң», ал дифференциалды семалық қатар: «мысық тұқымдас, тарғыл, сары түсті, жолағы бар, ең ірі аңдардың бірі» т.б. 1. «Есіктен тайдай сары тарғыл мысық сұғынып тұр екен» [М.М., 1993, 11]. Мұндағы архисема «аң», дифференциалды сема «жолбарыс». Үй хайуанаты мысықтың архисемасы «аң, хайуанат» бұл сөйлемде алдыңғы қатарға шығып, «жыртқыш» архисемасы» кейінгі қатарға жылжыған. Бұл мысалда М.Никитиннің сөзімен айтқанда «импликационалдың күшеюі» байқалады. 2. «Жолбарыс балаға қараған да жоқ. Аспанды тітірете гүр еткен де, бұл кезде есік пен төрдей келіп қалған әйелдің басына бір-ақ қарғыған» (Сонда, 13). Мұнда «жыртқыш» архисемасы айқындалып, дифференциалды белгі солғындап, тіпті көрінбей тұр. Оның орнына «қорқынышты дауыс», «тез қимылдайтын» потенциалды семалары қолданылып тұр.

Қорыта айтқанда, мағынаның кіші бөлшектерін көркем мәтіннен талдай білу болашақ маманға өзінің кәсіби деңгейін көтеруге көп септігін тигізеді.

 

Әдебиеттер

  1. Стернин И.А. Лексическое значение слова в речи. – Воронеж, 1985.
  2. Плотников Б.М. Основы семасиологии. – Минск, 1984.
  3. Гак В.Г. К проблеме семантической синтагматики. – М., 1971-1972.
  4. Кузнецова Э.В. Лексикология русского языка. – Свердловск, 1989.
  5. Новиков Л.А. Семантика русского языка. – М.: Высшая школа, 1982.
  6. Шмелев Д.Н. Проблемы семантического анализа лексики. – М., Наука, 1973.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.