Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Мәдениаралық қатысым "адам – тіл – мәдениет" парадигмасында

Мақала мәдениаралық қатысым, оның өзіне тән ерекшеліктері, қазіргі таңдағы мәдениаралық қатысымның өзекті тұстары мен келешегі мәселелеріне арналады. ХХ ғасырдың соңғы жылдары дами бастаған тіл білімінің антропологиялық парадигмаға көшу үрдісі – "адам – тіл – мәдениет" және "адам – тіл – ойлау" үштігіне сүйенетін гуманитарлық зерттеулердің жаңа бағыттарына жол ашылғаны белгілі. Тілді, тілдік бірліктерді адами факторлармен, адами құндылықтармен бірлікте қарастыру қазіргі тіл білімінің алға тартып отырған басты бағыттарының бірі. Бүгінгі күні адами факторларға ерекше мән беріп, тіл иесінің тілдік бірліктерді дұрыс, ұтымды қолдану, мән-мағыналарын терең түсіну мәселесі ғылыми еңбектерде жиі көтерілуде. Сондай бір жаңа бағыттың бірі – мәдениаралық қатысым мәселесі жаһанданудың өзара әріптестік пен өзара түсіністік аспектісінде бүгінгі таңда аса өзекті болып отыр. Біз осы мақалада мәдениаралық қатысымның кейбір ерекше қырларын ашуға, даулы мәселелерге жауап беруге тырыстық.

ХХ ғасырдың соңғы жылдары дами бастаған тіл білімінің антропологиялық парадигмаға көшу үрдісі "адам-тіл-мәдениет" және "адам-тіл-ойлау" үштігіне сүйенетін гуманитарлық зерттеулердің жаңа бағыттарына жол ашты. Бұған дейінгі салыстырмалы-салғастырмалы түрде жүргізілген зерттеу жұмыстары құрылымдық-мағыналық бағытта ғана қарастырылып келсе, бүгінгі таңда антропоөзектік бағыттағы уақыт көшінде әртүрлі тілдерді салыстыра-салғастыра зерттеу ерекше қызығушылық танытуда. Салыстырмалы-салғастырмалы лингвомәдени сараптама өзгенікін біліп, өзіңдікін дұрыс бағалап, тереңіне бойлауға жол ашады. Тілді, тілдік бірліктерді адами факторлармен, адами құндылықтармен бірлікте қарастыру қазіргі тіл білімінің алға тартып отырған басты бағыттарының бірі.

Мәдениаралық қатысым мәселесі жаһанданудың өзара әріптестік пен өзара түсіністік аспектісінде бүгінгі таңда аса өзекті болып отыр. Ықпалдастық процестер әлемді өзара байланысты, біртұтас етуде. Мәдениаралық қатысым дағдыларын халықаралық менеджмент және маркетинг саласында, БАҚ қызметінде, трансұлттық корпорациялар және трансұлттық саясат, сондай-ақ мәдениаралық қатысым зерттеулеріне түрткі болған – мәдениет саласында қолдануға болады. Мәдениеттер диалогы, өркениеттер диалогы негізінде жатқан мәдениаралық қатысым идеяларын халықаралық ұйымда, саяси көшбасшылар, мемлекет басшылары, үкіметтік емес ұйымдар көп қолданады.

Мәдениаралық қатысым деп отырғанымыздың өзі мәдениаралық өзара ықпалдасу негізінде субъектілер (жеке тұлғалар, әлеуметтік топтар, қауымдастықтар, мәдениеттер, өркениеттер) арасындағы байланыстар негізінде пайда болған құндылықтармен және құндылықты ұстанымдармен өзара алмасу процесі болып табылады. Біз осы мақаламызда мәдениаралық қатысым аясындағы негізгі мәселелерге тоқталып өтсек.

Мәдениаралық қатысымдағы негізгі өзекті мәселелердің бірі – мәдениаралық қақтығыстар. Мәдениаралық қақтығыстардың пайда болу себептері айтарлықтай ауқымды: қақтығыс негізінде тілді жеткілікті деңгейде білмеу мен тілдесетін адамды түсінбеуге байланысты себептер ғана емес, одан да терең деңгейдегі себептер жатыр. Оны қарым-қатынасқа қатысушы адамдардың өзі анық сезіне алмайды. Туындаған қақтығыстарды байланыс барысының тек диструктивті жағы деп қарастыруға болмайды. Олардың да өзінің жағымды аспектілері бар. Позитивті қақтығыс теориясы бойынша, келіспеушіліктер күнделікті өмірдегі қашып құтыла алмайтын өмір сүру формасы ретінде түсіндіріледі және өзімен бірге міндетті түрде дисфункционалды сипат арқалап жүреді [1, 24].

Келіспеушілік ұғымының астарында текетірестің кез келген түрі мен қызығушылықтар қайшылығы жатады. Қақтығыс үнемі динамикалық сипатқа ие және әр түрлі жағдайда орын алатын оқиғалардың ең соңын көрініс береді. Текетірестің пайда болуы байланысқа түсушілердің қатынасы үзілді дегенді білдірмейді. Оның артында жағдайға байланысты пайда болған қақтығыстан шығудың жаңа жолдарын қарастыру тұрады. Бұдан арғы қатынастың дамуы оң ықпалда немесе теріс сипатта өрбуі мүмкін. Өзге мәдениеттің өкілдерімен байланысқа түсу барысында пайда болатын қақтығыс пен түсініспеушіліктің негізгі себептері тек өзіне тән қасиеттердің қателігі боп саналады. Мәдени өзгешіліктер мен діни ерекшеліктер, идеологиялық аспектілер туралы білімнің деңгейі өзіндік құндылықтарды құру барысында үлкен маңызға ие. Мұндай ақпараттарды білудің арқасында нақты бір мәдениетке қатысты маңызды ақпаратты меңгеріп, неге тыйым салынған, неге рұқсат етілгенін қаперде ұстайсың. Тілдесіп отырған адамдардың қандай тұлғалық қасиеттері арқасында туған мәдениеті қалыптасқанын, оның мәдениаралық қатысымға ықпалын бағамдауға мүмкіндік туады. Қатынасқа түсу сәті екі немесе одан да көп индивидтің қатысуымен жүзеге асатыны жалпыға таныс. Тілдесу жағдайына, олардың әрқайсысы психологиялық, мәдени ерекшеліктерін, жеке тәжірибесін, өзіндік дүниетанымын енгізеді. Мәдениеттің, бір жағынан, дүниенің жекелеген көрінісінің қалыптасуы мен мінез-құлықтың жекелеген үлгісінің (оның ішінде, қарым-қатынас үлгісі де бар), екінші жағынан, туған мәдениеттің ықпал ету деңгейі әр түрлі болуы мүмкін, ал ол бірнеше факторға тәуелді. Мәдениаралық диалогқа қатысушы білікті адамның (немесе біліксіз) қолда бар тұлғалық мінездемесіне түзетулер енгізудің қажеттілігі байланыс жағдайы мен оның даму қисынына көңіл аударып, мән беруге мәжбүрлейді.

Төменде біз мәдениаралық қатысым біліктілігінің құрылымын ашып көрсетуге тырыстық (1-кесте):

Мәдениаралық қатысым құзыретінің құрылымын сараптау тұлғаның күрделі компоненттері сияқты бір мезгілде бірнеше талаптарға сай жүзеге асады. Мысалы, тұлғаның психологиялық мінездемесі, когнитивті-коммуникативтік қабілеті, негізгі білім және т.б.

Мәдениаралық қатысымды зерттеудің коммуникативті-прагматикалық бағыты – кейбір коммуникативтік теорияларды сараптауға арналған. Соның негізінде мәдениаралық тілдесудің жай-күйі қарастырылады. Осыған байланысты ой-тұжырымды тудыру мен түсінуге әсер ететін мәдени шартты фактораларды (ұстанымдары мен заңдылықтары) зерттеудің потенциалды тиімділігіне баға беру талпынысы орын алған. Теорияның жіктелуі олардың әрқайсысы мәдениаралық қарым-қатынастың бір-бір аспектісін бұрыштың басына қоятынын көрсетті. Олар: этникалық, танымдық, түсіндірмелі және әлеуметтік-прагматикалық.

Кесте 1

Мәдениаралық қатысым біліктілігінің құрылымы

Тұлғалық талаптар

  1. Әр түрлі адамдарда әлем әр алуан көрініспен бейнеленетінін мойындау қасиеті;
  2. Ұқсастықтарға қарағанда, пікірлерде, көзқарастар мен баға беруде айырмашылықтардың көп болатынына іштей дайын болу;
  3. Әр мәдениеттің қайталанбас, ерекшелігін мойындау;
  4. Өзіндік бірізділік пен ұқсастыққа құрметпеу қарау және өзгенің бірізділік құқығын мойындау;
  5. Ұқсастық болмаған жағдайда аса қатты алаңдаушылық танытпау;
  6. Бақылаудың ішкі локусы;
  7. Тілдесушінің іс-әрекетіндегі кері аспектілерді аса зорайтып қабылдамауға дайын болу.

Ақпаратты хабарлау мен қабылдауға байланысты шеберлік

  1. Ақпаратты вербалды, бейвербалды, контекстуалды тәрізді әр түрлі арналардан шығарып алу қасиеті;
  2. Өзі туралы ақпаратты дәл әрі мүмкіндігінше ашық түрде жеткізу қабілеті мен қалауы және тілдесіп отырған адамды қошеметтеп отыру қабілеті.

Ақпаратты сараптау мен бағалауға қатысты шеберлігі

  1. Тым қатал бағалау мінездемесінен аулақ болу қабілеті;
  2. Тілдесушінің қажеттіліктері мен талаптарын ажырата білу икемдігі;
  3. Бір мезгілде өзіне де, тілдесіп отырған адамға да назар аудара білу қабілеті;
  4. Әңгімелесіп отырған адамның жай-күйін ескере білу қасиеті;
  5. Жеке қасиеттер мен жағдайға байланысты факторлардың тілдесуші іс-әрекетіне әсер ету деңгейін әділ бағалау икемдігі;
  6. Әңгімелесушінің іс-әрекетіне дұрыс түсіндірме іздеуге дайын болу қасиеті.

Қарым-қатынастық және іс-әрекеттік жоспарлар

  1. Бірлескен қызметке байланысты мәселелерді бір уақытта шешу қабілеті және пікір алмасушымен қатынасты ретке келтіру;
  2. Өзін-өзі бақылау мен бағдарлауды жүзеге асыр білу қасиеті;
  3. Қарым-қатынас кезінде көздеген мақсатқа жету үшін өз іс-әрекетін құбылта білу шеберлігі;
  4. Күтпеген жағдайға жылдам икемделу қабілеті;
  5. Өзара тілдесу амалдарын басқара білу қасиеті (әңгімені бастау, пікір алмасушыға деген құрметін байқату).

Сондай-ақ, мәдениаралық қатысымда өзіндік лингвистикалық аспектілерге еш көңіл бөлінбейді. Атап айтқанда, интерпретативті аспектілерді зерттеу когнитивтi операциялар мен пікірталас стратегияларын оқытумен толығуы тиіс. Ол тілдесуге қатысушы адамдардың дұрыс түсінікке қол жеткізуі үшін қолданылады. Сонымен қатар, вербалдану процесінің және пікірлерді толық түсінудің тілдік құралдары мен прагматикалық факторлары арасындағы қарым-қатынас параметрлері түсініксіз күйде қала бермек. Осы орайда, әлемнің тілдік бейнелері арасындағы әр алуан нұсқаларды да қарастырудың маңызы зор [2, 17]. Өйткені тілдесуге қатысушы адамдардың әрқайсысы өзіне ыңғайлы ана тілінде пікір білдіруі мүмкін. Ал ол тіл екінші адамға шет тілінде түсіндіруі мүмкін. Немесе олар екеуіне де ортақ қолайлы дәнекер тілді таңдауы ықтимал. Болмаса, олар пікір алмасу үшін аудармашының қызметіне жүгінері хақ.

Мәдениаралық қатысымдағы қақтығыстармен қатар тағы бір үлкен даулы мәселенің бірі мәдениаралық қатысымдағы сәтсіздіктер. Ол тілдесу барысындағы әрбір әңгімелесушінің бойынан табылатын әлем туралы бастапқы білімнің ұйымы, тобының әсер етуі. Аталған білімдердің формасы мен ұйымдастыру тәсілдері көбінесе индивидтің мәдени әлем бейнесіне тәуелді болады. Сонымен қоса, олар анықталып, әлемнің тілдік бейнесінде көрініс бере алады [3, 9].

Демек, мынадай қорытынды шығаруға болады: қатысым теориясы тұрғысынан қарағанда, мәдениаралық қатысымды оқыту барысы ақпаратты қабылдау мен беру әмбебеп танымдық тетіктер арқылы жүзеге асуы тиіс. Сол сияқты, осы процеске қатысатын барлық компоненттердің мәдени-спецификалық сипаттамасын да ескеру керек. Атап айтқанда, әлемнің мәдени бейнесінің тілдесуге, қатысушыларға әсер етуін де ескеру міндетті. Оның әр түрлі арналар арқылы ақпараттарды ала алатын қабілетін ұмытпау қажет. Сонымен қатар, оның туған мәдениетіне негізделген қарым-қатынастағы мінез-құлық өзгешеліктері де назарда болу керек. Оны зерттеу барысы үш түрлі семиотикалық қатынас аясындағы көптеген параметрлерге арқа сүйейді: белгі – зат, зат – зат, зат – адам. Бұл параметрлер былайша жүзеге асады:

  • Шарттар мен тілдесушілердің әлеуметтік мәдени мінездемелері;
  • Қарым-қатынас барысында қолданыста болатын танымдық тетіктер және байланысу, іс-әрекет жоспарлары;
  • Байланыс мақсатына жетудің вербалды және бейвербалды құралдары.

Көріп отырғанымыздай, мәдениаралық қатысым көпжоспарлы сипат алатын әлеуметтік психологиялық ерекше феномен.

 

Әдебиеттер

  1. Тер-Минасова С.Г. Язык и межкультурная коммуникация. – М.: Слово, 2000. – C. 24.
  2. Гришаева Л.И., Цурикова Л.В. Введение в теорию межкультурной коммуникации. Воронеж, 2003. – C. 17. 3 Гудков Д.Б. Теория и практика межкультурной коммуникации. М.: Гнозис, 2003. – C. 9.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.