Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы ұлттық колоритті аудару тәсілдері

Мақалада әлем әдебиетінің классигі Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының орыс тіліне аударылу мәселесі қарастырылады. Аудармашылардың ұлттық колоритті аудару тәсілдерінің қандай деңгейде қолданылғаны, аудармашының классикалық шығарманы меңгеру мүмкіндігін саралай келіп, аударманың орындалу ерекшелігі туралы айтылады. Ұлт санасы және мәдениетімен тығыз байланыстағы реалий сөздер, жалқы есімдер, мақал-мәтелдер мен тұрақты сөз тіркестері секілді тіл құбылыстарының, роман-эпопеядағы көшпенділер мәдениеті, салт-дәстүрлері сөз етілген тұстардың орыс тіліне аудару кезінде қалыпты дәрежеде орын алған мәселелермен қатар, аударма сапасына кері әсерін тигізген факторлар сараланады.

М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы алдымен орыс тіліне, содан кейін негізінен орыс тілді нұсқасынан әлемнің көптеген өзге тілдеріне, соның ішінде кезінде Оңтүстік-Батыс Азияда ғана емес, Таяу Шығыс, Ресей, Орта Азия, Оңтүстік Еуропа жұртының әдеби тілдеріне аударылды. 60 жылдан астам уақыт бұрын жарық көрген роман-эпопея күні бүгінге дейін әлемнің 40 тіліне тәржімаланса, соның ішінде орысшаға екі рет аударылған. Алғашқы аудармасын Л. Соболевтің басшылығымен бір топ аудармашылар (Н.Анов, З.Кедрина, Т.Нұртазин, Л.Соболев, А.Никольская) жүзеге асырған. Аудармаға автордың өзі тікелей қатысып, шығарма аудармашыларының әрқайсысымен жеке-жеке барынша ыждаһатты және мұқият жұмыс жүргізді. Ал екінші, жаңа, 2007 жылы жарияланған аударманың авторы Ресей жазушысы Анатолий Ким. Жаңа жасалған, қайта қолға алынған аударманың осы күнде өзектілігі ерекше.

Реалий-жекелеген заттардың, материалдық әлемнің болмысы. Реалий сөздер негізінен қандай да бір халыққа, елге немесе өңірге тән тұрмыстық реалий мен қоғамдық өмірдің сипаттайтын тілдегі лексемалар болып табылады. Аударматануда эквивалентілік немесе экзотизмдер деп аталады. Тақырыптық жүйеге сай оларды бірнеше топқа бөлуге болады. 1) Тұрмыстық құрылым реалийлер: ранчо (Венесуэла), фавела (Бразилия), пончо (накидка), текила (Мексика), боливиано (Боливия); 2) Этнографиялық реалийлер: гаучо (Аргентина), самбо (Бразилия), туливьеха (мифтік құс);

  1. Табиғат әлемінің реалийлері: лама, гуанако, каранчо (жануарлар), манго, жакейра, папайо (өсімдіктер), сельва, саванна (ормандар түрлері); 4) Қоғамдық-саяси реалийлер: кабильдо (Уругвай), карабинер (Чили), менсу (Бразилия). Көркем аудармада реалийді жеткізудің мынадай түрлері бар:
  2. транскрипция, транслитерация;
  3. аналогтық аударма. Бұлар ұлттық не тарихи реалийлерге тән емес;
  4. калька, жартылай калька, меңгеру;
  5. ауыстыру, тектік-түрлік ауыстыру, функционалдық ұқсастық, сипатталу, түсіндіру, талдау.

А.В. Федоров былай дейдi: «Көбінесе аудармадағы тілдің төмен деңгейі түпнұсқаны жеткілікті, анық түсінбеудің тікелей салдары, шетел тілін білмеу немесе сөз болып отырған сол заттарды білмеудің нәтижесі болып табылады. Түпнұсқада көрініс тапқан шындықты түсіну, түпнұсқа тілін білу, аударма жасалып отырған тілді белсенді қолдану сипаты араларында тығыз байланыс бар» [1, 131].

Негізінен, М.Әуезовтің «Абай жолы» романэпопеясының аудармашылары реалийлерді аударуда төрт әдісті қолданған.

1. Транслитерация немесе баламасы бар сөздердің аударылмауы:

Түпнұсқа

Л.Соболев аудармасы

А. Ким аудармасы

Түсініктемелер

жент

жент (сілтеме: творог растертый со сливочным маслом и медом)

жент

Жент–диірменге тартылған немесе келіге түйілген тарының сөгіне жылқының майын немесе сары майды қосып, қант, бал, мейіз, ірімшік қосып жасалатын тағам.

сал, сері

сал и сэри (сілтеме: профессиональные певцы и акыны раъезжавшие по аулам в яркой разноцветной одежде)

салы, сэри

Маңына ақын, әнші, домбырашы, палуан неше түрлі өнерлі жастарды жинап, серілік, салдық жолына түскен, өнер жолына бір жола өмірін арнаған, ит жүгіртіп, құс салып, аңшылық құрған әнші-ақындарды сал, серілер деп атаған.

ұрын (келу,

бару)

қалып кеткен

(справить) урын, свадьба поездка жениха к родителям невесты

Болашақ күйеу қыз ауылына өзінше

«көрінбеген» болып, бірақ қараңғы түсе салтанатпен, жолдас жораларымен келеді. Мұны « есік көру» көбінесе «ұрын келу» деп айтады. Күйеу осы жолы өзінің болашақ жарын көріп танысып білісіп, тілдесіп көңілін демдейді.«Ұрын той» өткізіліп күйеуге және оның жолдастарына құрмет көрсетіліп, сый тартылып, олар еліне қайтады.

құдай

бог

кудай, бог

бог, всевышний

тұздық

туздык

туздык

Тұздық, ет сорпасы бетінің майына жуа, көкөніс қосып ас бетіне құйылу үшін жасалады. Орыс тілінде оны подливка дейді. Екі аудармада да сілтеме берілмеген.

құрт, іркіт

курт, иркит

курт, иркит

Құрт–қой, сиыр сүтінен әзірленеді. Ашыған

     

сүттен іркіт жинап, қазанға құйып қайнатып, суыған соң қапшыққа салып суын сорғытып, сосын әртүрлі үлгіде жасап кептіреді.

төр

переднее место

тор

А.Ким төрді тор деп транслитерация тәсілімен берген де, түсініктеме бермеген. Романда төр бір емес, сан рет қолданылып, кездессе де екі аудармада да түсініктеме берілмеген. Қазақ халқының түсінігінде төрдің, төр орынның маңыздылығы ескерілмеген.

қазы

казы

колбасы казы

Қазыны аудармада транслитерация тәсілімен беріп, қосымша түсініктеме берілу қажет. А.Кимнің колбасы казы дегені, колбаса, называемая казы деген ұғымға сәйкес келеді.

жұт

джут

джут (сілтеме: стихийное бедствие из за сильных снегопадов ибуранов)

Жұт ұзаққа созылған қалың қыс, боран кезінде ас, шөп жетіспеушілігінен малдың жаппай қырылуы. Соболев аудармасында сілтеме берілмеген, Кимнің берген түсініктемесі бұрыс.

әже

бабушка

аже

бабушка

келін

келин, невестка

келин, невестка

Екі аудармада да, келінге әр тұста әр түрлі балама берілген. Негізгі, тура баламасы невестка, сондықтан белгілі бір жүйемен барлық жағдайда да невестка деп берсе оқырманға түсінікті болар еді.

апа

апа

апа

Сол заманда шешені апа деп атаған. Аудармада транслитерация тәсілімен берілсе де, сілтемемен орыс оқырманна түсініктеме берген жөн.

аға

ага

ага

брат, дядя (сілтеме берілмеген)

Төмендегі келтірілген мысалды не транслитерацияға, не басқа топқа

жатқызу орынсыз:

  1. «Осы әніңмен, осы сәніңмен өт жалғаннан!

- Әмин, әже!» [2, 74]

« Дай тебе бог, дорогая, всю жизнь прожить с такой песней и в таком почете!

  • Аминь, бабушка!» [3, 356]

« Да прожить тебе на свете в красоте и веселье души, келин пригожая!

  • Живи долго во здравии, аже!» [4, 83]
  1. « Барамыз, оқимыз. Қалаға апар! – десіп, асыға, қызыға уәде берісті». [5, 50]

« Мы поедем учиться! Вези нас скорее в город!» [3, 339]

« Поедем учиться! Вези нас скорее в город, ата!» [4, 55]

  1. «Әр жағын салмақтап, ойлап ойлап келіп, ақырында қарсы болған жоқ» [5, 50]

«Хорошенько поразмыслив, мысленно бросив кумалаки за и против...» [4, 56]

А.Ким аудармасынан алынған бұл мысалдың бір ерекшелігін айтпай өтпеске болмайды. Жоқтан алынған «кумалаки» көзді сүзіп барады. Назарға алғаш ілінгенде, қазақша сонда қалай болғаны деп, ойға салып көретін, болсақ ештеңе шықпайды. Түпнұсқа бір басқа, аударма бір басқа болып шықты. Бұл мысал А. Кимде аудармашылық тәжірибенің жеткіліксіз деген пікірге тиек болуы ғажап емес. Әйтседе, А.Кимнің аудармашылық тәжірибесі кем деудің реті жоқ. Мұны аудармашының еркіндігінің нәтижесі деп білген жөн. Алайда аудармашының еркіндігінің мұндай үлгісін де ақылға қонымды, аударма талаптарына сай деп айту қиын. Шындығына келгенде, аудармашының бұл істеп отырғанын жауапкершіліктің жоқтығынан, еркіндіктен емес, еркінсуден туған сәйкессіздіктер қатарында қабылдағанымыз дұрыс. Бұл мысалдарды келтірудің мақсаты, А.Кимнің өз бетімен түпнұсқада жоқ реалий сөздерді транслитерация түрінде аудармаға қосқанын көрсету. Аудармашының ақталмайтын қателігі. «Аминь» мұсылмандарға ғана емес, сонымен қатар христиан дініне тән ишаратпен айтылатын сөз. Мұны аудармашының білмей «Живи долго во здравии» деп тілек айтып кеткені таң қалдырып көңілге өкініш ұялатады.

Аудармашылар стилінің ерекшелігі деп айту дұрыс па, жоқ сол белгілі бір ұстаным, стильдің жоқтығы ма, қалай атасақ та айтып өтуді қажет ететін тағы бір көзге түскен жайт. Роман барысында «Топайкөк» бірнеше рет айтылып өтілетін, сол заманның жастары арасындағы танымал ән, сондықтан оқырман көңілінде де ерекше әсер қалдыратын ән деп айтуға болады. Осы әннің атауын аудармашылар бірде транслитерация әдісімен «Топайкөк» [5, 42], «Топай-кок» [3, 333], «Топайкок» [4, 46] берсе, келесі тұста тікелей аударып берген «Топайкөк» [3, 272], «Статный конь» [3, 232], «Статный конь» [6, 349]. Негізінде транслитерация әдісімен беріп, ән атауының мағынасына түсініктеме беріп өту жөн болар еді.

  1. Реалийлерді аударуда қолданылған екінші әдіс аналог (немесе жуық аударма):

Түпнұсқа

Л.Соболев аудармасы

А. Ким

аудармасы

Түсініктемелер

кілем

ковер

ковер

Кілем-қойдың түсті жүнінен түрлі ою-өрнектер келтіріп, қолмен тоқылатын түкті тоқыма бұйым. Қазақ тұрмысында мықтап орын алған, бүгінгі күнде де маңызын жоймаған, өте тығыз тоқылатын, өте төзімді, ұзақ уақыт сақ-талатын бағалы үй бұйымдарының бірі.

алаша

ковер

ковер

Алаша деп әртүрлі жіптен өрмек арқылы арқау салып жолақтап тоқылған, көбінесе жерге төсейтін тақыр кілем, төсеніш түрін айтады.

тымақ

шапка, малахай

шапка, тымак (сілтеме берілмеген)

Тымақ – аңның, малдың терісінен тігілген қысқы баскиімдердің жылысы. Орыс халқына тән емес бас киімнің түрі, сондықтан транслитерация тәсілімен берген күнде, міндетті түрде сілтеме берілу қажет еді. Л.Соболев бір тұста малахай десе, басқа тұсында шапка деген. Шапканың тура баламасы бас киім, ал малақай өз алдына бас киімнің басқа түрі. Малақай – аң терісі мен елтіріден арасына жүн, мақта салып, сырып тігілетін, ұл балдар да, қыздар да кие беретін бас киім.

сырмақ

кошма

кошма

Төрге сыйлы қонақтардың астына төсе-летін, көші-қон кезінде түйеге артқан жүктің үстіне сәндік үшін жабылатын арнайы жасалған сәнді, көлемі 3-4 метрдей көлемдегі түрлі оюлармен өр-нектелген қолөнер бұйымы.

  1. Аударманың сипатталу, түсіндіру әдісі:

Түпнұсқа

Л. Соболев аудармасы

А. Ким аудармасы

Түсініктемелер

сыбаға

аудармада қалып қойған

сыбага – часть из какого-нибудь семейного при-

Сыбаға (дәстүр). Құрметті қонаққа немесе өздерінің жақын-туыстарына арнап сақтаған кәделі ет мүшелері «Сыбаға» деп

   

бытка

аталады.

ерулік

аудармада қалып қойған

ерулик –

освященное веками приношение

Ерулік(салт). Ауыл ортасына жаңа үй көшіп келсе, қоныстанса сол ауылдың адамдары жаңа үйге “ерулік” деп ас пісіріп табақ тартады. Бұл жаңа адамдарды бөтенсіретпей өз ортасына тартудың, сыйласудың үлкен белгісі.

тайтұяқ

абзац аударылмай қалып қойған

слиток серебра жеребенка – тайтуяк

Тайтұяқ – тай тұяғының көлеміндей құйма алтын не күміс. Сол уақыттағы жүз тұлпардың құны.

қойтұяқ

-

слиток в форме бараньего копытца – койтуяк

Қойтұяқ – қой тұяғының көлеміндей құйма алтын немесе күміс.

підия

-

общинного жертоприношени я – пидия

Підия қайтыс болған адамның өтей алмай кеткен борышы, бере алмай қалған қарызы немесе кінәсі болса, оны өтеуге берілетін төлем ақыны "підия" дейді. Ол жоқ-жітік, жетім-жесір, кемтар немесе мүсәпір адамдарға беріледі.

әмеңгер

жених молодой вдове

аменгер, новый муж для вдовы

Әмеңгер(ер)-күйеуі қайтыс болған әйелді әйелдікке алуға хұқы бар адам. Қазақ дәстүрі мен заңы бойынша әмеңгерлікке қайтыс болған адамның туған немесе жақын қайны ағалары мен қайны інілері жатады.

Сыбаға мен ерулік Л.Соболев аудармасында қалып қойған. Бұл халқымызға тән салт-дәстүр. Романда айтылған әрбір салт дәстүрдің өзіндік қолдану орны, тәсілі бар, автор әрбір салт дәстүр роман желісінде орын алған оқиғаға байланысты қолданылып, мәні ашылады. Оны аудармай қалдырып кету, мәнсіз бір етістік сөзді қалдырып кетумен бара-бар емес. Бұл аудармашы қателігі. Ал А.Кимде, реалий сөздерге көбіне сілтеме берілген. Дегенмен берілген сілтеме кейде анық, толық емес, кей тұста дұрыс емес. Мысалы, жоғарыда келтірілген реалий сөздерді Ким аудармада сілтемесіз, бірден сипаттап беріп өту тәсілін қолданған. Сондықтан, әр сөз мағынасына толықтай тоқталмай, үстіртін, аз сөзбен айтып өткен. Сыбаға, ерулік деген бір ұғымды беретін жай сөз емес, ол салт дәстүр. Ал, А.Ким бұл дәстүрлерді дәстүр деңгейінде жеткізе алмаған. Тайтұяқ, қойтұяқ сөздерінің мағынасын дұрыс ашпаған. Підияны да асығыс, үстіртін бір ауыз сөзбен айтып өтеді. Оқырман «общинное жертопожертвование» шын мәніндегі романда меңзеген мағынасын түсін-

бесі айдын анық. Әмеңгерлік дегеніміз де салт. Л. Соболев те, А.Ким де әмеңгердің де, әмеңгерлік салттың да мағынасын аша алмаған және де аудармаларында берілген сипаттамалары дұрыс емес, түсіндірме сөздікте берілген анықтамамен салыстырғанда шын мәніндегі мағынасынан алшақ.

Транслитерация әдісін қолдану көбінесе ғылыми әдебиеттерге тән. Бұл әдіс көркем аудармада да лайықты орнын тауып келеді. «Түпнұсқа тілінің арнайы лексикаларын аударма тілінде беру үшін транслитерация әдісін қолданады. Ол белгілі бір реалияны білдіретін тап сол сөзді немесе оның түбірін аударма жасалатын тілдің әріптерімен жазып, тікелей қолданумен іске асады» [7,141-142], дейді зерттеуші Б.Бекмухамедов. Ұлттық реалийлерді аударудың мұндай тәсілі халықтардың тарихи дамуының, тұрмыс-тіршіліктерінің әлеуметтікэкономикалық шарттарының әртүрлі болып келуіне, осы тілдер арасында ұзақ уақыт аударма жұмыстарының болмай келуіне байланысты.

  1. Реалийлердің дұрыс аударылмауы және сілтемесіз берілуі:

Түпнұсқа

Л.Соболев аудармасы

А. Ким аудармасы

Түсініктемелер

тақыр алаша

шерстяной ковер

шерстяной ковер

Түрлі-түсті жіптен арқау салып жолақтап тоқыйтын тақыр, көлемі жағынан кілемнен кіші, жеңіл төсеніш, алашаның бір түрі.

шымылдық

занавес

занавес

Шымылдықсалт бойынша бөлме ішіне безендіріліп тігілетін перде түрі. Бұл перде үйге келіннің жаңа түскендігін білдіріп, оның жаңа орнын білдіреді. Шымылдық шаңырақта бала дүниеге келгенше ілулі тұрады. Занавес деп берген аудармасына міндетті түрде сілтеме берілу қажет.

көрімдік

выкуп

выкуп

Көрімдік-жаңа түскен келінді күйеу жағы көру үшін жең-гелері көрімдік ұстатады. Немесе адам жаңа бір затқа ие болып, жаңа үйге көшіп, балалы болғанда, тойда берілетін сый-сияпат. Выкуп дегеніміз көбінесе қалың мал ұғымына сәйкес келеді.

Жоғарыда келтірілген әрбір сөздің ғылым мен әдебиетте де, халқымыздың санасында да қалыптасқан өзіндік мағынасы, сипаты, ұғымы, қолдану ерекшелігіне байланысты анықтамасы бар. Аталмыш анықтаманың иесі болып табылатын белгілі бір ұғым не сөз ғасырлар бойы бүкіл халықтың тұрмыс тіршілігін, тарихын басынан кешкен. Содықтан оны бұзуға не болмаса бұрмалауға ешкім де кұқылы емес. Егер алаша да, кілем де орыс тілінде бір мағынаны беретін болса, неліктен оны қазақ тілінде бөліп жарған?!Демек, екі түрлі атауы бар заттың екі түрлі мағы-насы бар және оған екі түрлі түсініктеме беру қажет.

Қорытындылай келгенде, ұлт санасы мен мәдениетімен тығыз байланыстағы реалий сөздер, жалқы есімдер, мақал-мәтелдер мен тұрақты сөз тіркестері секілді тіл құбылыстарының және романэпопеядағы көшпенділер мәдениеті, салт-дәстүрлері сөз етілген тұстардың орыс тіліне аудару кезінде қалыпты дәрежеде орын алған мәселелермен қатар, аударма сапасына кері әсерін тигізген факторларды саралағанымызды айта кеткен жөн. Осы аталған мәселелерге қатысты басты олқылықтардың негізгі себебі орыс аудармашысының түпнұсқа тілін білмеуі болып шығады.

Түпнұсқада сөз болып отырған өзге халық мәдениетіне, салт-дәстүріне, шаруашылық ерекшеліктеріне аудармашы ерекше назар аударуы керек. Аудармашы түпнұсқа тілі жүйесіндегі барлық көркемдік құралдарды аударма тілінде қайта туындатады. Шығармашылық еңбек ретінде қарағанда, аударма – көркем көшірме, көркем туынды. Аударма үдерісі нағыз шығармашылық сипатта болады. Аударманың орындаушылық өнерге ұқсайтынын күй тартатын домбырашының шеберлігімен салыстырып байқауға болады. Домбырашы күйшінің күйлерін жеткізіп орындайды, жаңа шығарма тудырмайды. Мұндай салыстырулардан аударма туынды шығарма, ал аудару үдерісі шығармашылық үдеріс екеніне тағы да көз жетеді.

 

Әдебиеттер

  1. Федоров А. Основы общей теории перевода (лингвистические проблемы): Учеб. пособие. – 4-е изд., перераб. и доп. – Москва: Высшая школа, 1983. – 303 б.
  2. Әуезов М. Абай жолы. 1 кітап. – Алматы: Жазушы, 2006. – 368 б. 3 Ауэзов М. Путь Абая. Книга 1. – Алма-ата: Жазушы, 1962. – 608 с.
  3. Ауэзов М. Путь Абая. книга 2. / Пер. А. Кима. – Алматы: Жибек жолы, 2007. – 454 с.
  4. Әуезов М. Абай жолы. 2 кітап. – Алматы: Жазушы, 2006. – 432 б.
  5. Ауезов М. Путь Абая. книга 1./ Пер. А. Кима. – Алматы: Жибек жолы, 2007. – 470 с.
  6. Бекмухамедов Б. О путях передачи лексических единиц языка / Аударманың лексико-стилистикалық мәселелері. – Алматы: Ғылым, 1987. – 152 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.