Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Көркем шығарманың композициясын талдау

Мақалада көркем шығарманың барлық деңгейлерін ұйымдастыратын композициялық тәсілдер мен композициялық құрылым мәселесі қарастырылады. Композицияның екі функциясы: оның көркем пішіннің құрылымы ретінде мәтіндегі элементтерін, құрамдас бөліктерін белгілі бір тәртіппен, рет-ретімен, жүйелі ұйымдастыруы және сол образдарды орналастыру арқылы белгілі бір көркемдік мағына жүктеуі әдеби туындыларды талдау барысында мысалдармен дәлелденеді. Көркем шығарма құрылымын талдауда оның алуан түрлі қырларын: суреттелетін оқиғалардың орналасуын (сюжет композициясын), кейіпкерлер жүйесі мен олардың арақатынасын, заттық-психологиялық болмысты беру, бейнелеу ерекшеліктерін (портрет, пейзаж, ішкі көрініс, диалог, монолог), баяндау тәсілдерінің динамикасын, тілдік бірліктердің сабақтастығын назардан тыс қалдырмау қажеттілігі негізделеді. Сонымен қатар мақалада композициялық тәсілдер: қайталау, күшейту, қарама-қарсы қою, монтаж, т.б. мәселелер көркем туынды негізінде айқындалады.

Композиция – көркем шығармадағы элементтердің, құрамдас бөліктердің, образдардың белгілі бір тәртіппен, рет-ретімен, жүйелі орналасуы. Әдеби туындыларға қатысты "композиция" ұғымының түрлі деңгейдегі синонимдері ретінде кейбір жағдайларда "архитектоника""құрылым""диспозиция" терминдері

де қатар жұмсалады. Ол шығарма мазмұнымен тікелей байланысты. Кемел композициясыз жақсы шығарма тууы мүмкін емес. Композиция – көркем шығарманың пішіндік құрылымын ғана реттеп қоймай, ішкі әлемін де үйлесімге келтіреді. "Нағыз кемел туындыда, дейді Л.Н. Толстой, бір өлеңді, бір көріністі, бір айшықты сөз тіркесін, бір бөлшекті шығарманың тұтастығына, бүтін бітіміне нұқсан келтірмей, өз орнынан басқа жерге ауыстыра алмайсыз" [1, 131]. Ойшылдың бұл пікірі, ең алдымен, шығарма композициясына, оның тұтастық сипатына қатысты.

Кең мағынасында композиция – көркем пішіннің құрылымы және оның ең бірінші қызметі бір бүтіннің барлық бөлшектерін біріктіру. Екінші қызметі – шығармадағы образдарды жүйе-жүйесімен орналастыра отырып, белгілі бір көркемдік мағына жүктеу.

Композицияны шартты түрде сыртқы және ішкі деп жіктеуге болады. Шығарма композициясын талдау барысында жиі кездесетін кемшілік студенттер көбінесе оның сыртқы құрылымына: томдарына, бөлімдеріне, тарауларына көп тоқталып жатады. Туындыны тарауларға бөлудің көмекші сипаты ғана бар, ол композициялық құрылымның ішкі қабаттарына бағынады.

Туынды құрылымын біртіндеп, сатылай талдаудың тиімді жолын Т.Есембеков ұсынады [2, 52]:

  1. сыртқы композиция компоненттерін анықтау
  2. сюжет пен фабуланың құрылымын талдау
  3. идеялық-тақырыптық жүйенің композициядағы қызметін
  4. образдар қатары мен құрамының жүйесін айқындау
  5. уақыт пен кеңістік, мекеншақ композициясын көрсету
  6. баяндау түрлерінің мәтіндегі ұйымдастырылуы.

Шығарманың көркемдік пішіні жекеленген образдардан тұрады. Пішін арқылы бейнеленген мазмұнның сырын түсіну үшін образдардың шығармадағы орналасу реті мен олардың өзара байланысын міндетті түрде талдау қажет. Мысалы, М.Жұмабаевтың "Жатыр" өлеңінде бодандыққа түскен қазақ халқының мүшкіл халі ұқсас образдар арқылы бейнеленген: "сұр жылан қан-сөлін сорып жатыр""кең жері құрып жатыр""шәкірттер медреседе шіріп жатыр""жемтікші құзғын болып кіріп жатыр""қармаққа талай жасты іліп жатыр""шешек жарған қазақ гүлі сарғайып, су тимей солып жатыр". Бұл образдар қатары соңғы шумақта қорытынды түйінге, ең жоғары нүктесіне жеткен:

Мінекей, қазақ солай бітіп жатыр, Күннен күн артқа қарай кетіп жатыр. Сезінбей өз өлгенін, өзінікін,

Аты өшкір оқығандар неғып жатыр?!

Өлеңнің образдар қатары мен композициясын талдау арқылы ақынның ой-көзқарасын танып қана қоймай, шығарманың эмоциялық әлеміне бойлаймыз, ақынның халқының болашағына алаңдап, оның қамын жеген мұң-қайғысын терең сезіне түсеміз. Ол, ең алдымен, шығармадағы негізгі ойды тұтастырып тұрған композициялық тәсіл арқылы жүзеге асқан.

Әдеби шығармадағы тілдік құрылым мен баяндаудың да өз композициясы болады. Әсіресе, эпикалық туындыларда баяндау түрлерінің ұйымдастырылуы маңызды орын алады. Көркем шығармада "көпдауыстылық", оқиғаның әртүрлі көзқарас тұрғысынан суреттелуі, баяндаушылар мен баяндау арнасының ауысып отыруы құрылымдық қызмет атқарады. Сондықтан шығарма құрылысының ерекшелігін түсіну үшін баяндау композициясын талдау қажет. Егер мәтінде эпикалық дәстүрге сай бір ғана баяндаушы болып, көркем тіл бірдауысты баяндауға құрылса, оны шығарма композициясын талдауда назардан тыс қалдыруға болады.

Ж.Аймауытовтың"Ақбілек" романында баяндау барысы өзгеріп отырады. Мұны романның сыртқы композициясынан да көреміз, кейіпкерлердің есімімен аталған "Бекболат""Офицер""Мұқаш" тарауларында автормен қатар оқиға қаһармандары да баяндаушының қызметін атқарады. Автор "Бекболат"""Мұқаш" бөлімдеріндегі баяндау мәнерін ауызекі сөйлеу тіліне жақындатқан. "Офицер" бөліміндегі баяндау басқаша: бұл барлығына өз көзқарасы бар, талдау жасай алатын, бірақ өзін биік, үстем санайтын өзімшіл оқыған адамның сөзі. Шығармада баяндау мәнерінің әр бөлімде ауысып отыруы ерекше көркемдік композициялық мағына жүктеген.

Ә.Кекілбаевтың "Аңыздың ақыры" романында қаһармандар монологтары басты композициялық, сюжеттік функция атқарады, оған терең лирикалық сипат береді. Романның өн бойында кейіпкерлердің ішкі рухани әлемін, жан дүние қалтарыстарын, жалпы табиғатын тану мақсатында қолданылатын ішкі монологтың көркемдік қызметі, оның шығарма композициясындағы салмақты орны айқын көрінеді. Мұнара романның композициялық кіндігі, басты символы ғана емес, қаһармандардың мұнараны қабылдауы арқылы олардың мінез ерекшелігін де аңғарамыз. Роман композициясы төрт тараудан тұрады. "Қызыл алма" тарауында Әміршінің мұнараны қабылдауы, онымен қарым-қатынасы, екеуінің арасындағы үнсіз текетіресі, сол арқылы Әміршінің өмір мен өлім, жақсы мен жаман, даңқ пен дақпырт, т.б. құндылықтар туралы философиялық толғанысы, ой-тебіренісі, ішкі монологы суреттеледі. Мұнда оқиға Әміршінің көзімен баяндалады. "Мұнара" тарауында оқиға Жаппардың қабылдауы арқылы баяндалады, оның мұнараны дүниеге әкелудегі мехнаты, шығармашылық азабы, терең сезімі, махаббат қайғысы, ой толғанысы суреттеледі. Жаппардың өзі болып мұнара тіл қатады. "Махаббат" атты үшінші тарауда ханымның мұнарамен үнсіз сұхбаты, күн ұзақ мұнараға тесіле қараудан туған алуан түрлі сезімдері, ойлары, психологиялық ахуалы баяндалған.

Композицияның ең қарапайым және жиі кездесетін тәсілдерінің бірі – қайталау. Ол шығарманың бас-аяғын көмкеріп, композициялық жинақылық береді. Әсіресе сақиналы композицияда туындының басы мен соңындағы қайталаулар композициялық үндестік тудырып, шығармаға ерекше көркемдік мән үстейді.

Туындыда жиі қайталанатын детальдың немесе образдың шығарманың лейтмотивіне айналатын тұстары да бар. Мысалы, М.Әуезовтің "Қаралы сұлу" әңгімесіндегі жас, қайратты арудың драмалық жағдайын суреттейтін ыстық "қара жыландардың" метафоралық бейнесі, О.Бөкеевтің "Атау-кере" повесіндегі Тағанның "Неге біз осы? " деп басталатын мәңгілік сұрағы, Ш.Айтматовтың "Боранды бекет" романындағы "батыстан шығысқа" және "шығыстан батысқа" зулап жатқан поездардың бейнесі. Ш.Айтматов "Бұл өлкеде пойыздар шығыстан батысқа қарай, батыстан шығысқа қарай жүйткіп жатады... Бұл өлкеде темір жолдың қос қапталынан басталып сақара сар даланың кіндік тұсы – Сарыөзектің үланғайыр жазығы көсіліп жатады. Бұл өлкеде қашықтық атаулы, уақыттың Гринвич меридианы бойынша өлшенгеніндей, темір жолдың алыс-жақыңдығына қарай өлшенеді. Ал, пойыздар шығыстан батысқа, батыстан шығысқа қарай жүйткіп жатады... " деген жолдарды романның әр тұсында үнемі қайталай отырып, өмірдің өткіншілігі туралы идеяны лейтмотивке айналдырған.

Сақиналы композицияның бір үлгісі болған Т.Ахметжанның "Сұлу мен суретші" повесі "Қуғыншы" суретін баяндаудан басталады: "...Көз алдына ақ шағи көрпесін қымтана бүркеніп, бұйығып жатқан Алтайдың қыземшек жоталары елестеді. Үкідей үлпілдеген ұлпа қардың үстінде соңына түскен қуғыншыдан құтылмаққа жандәрмен күш салып, бар айла-тәсілін сарп еткен алтайы қыр сұлуы құйғыта ұшып барады. Бірде оңға, бірде солға бір бұлт етіп, одан қалды жалт бұрылып, кері қашқанымен де жарау ат мінген қуғыншы қыр соңынан қалмай діңкелетіп, өкпесін өшіріп барып тура қара тұмсықтан ала темірдей қатты сойылмен сілтеп өткенде түз тағысы екі бүктетіліп барып омақаса құлады. Қара тұмсықтан қып-қызыл қан дірдектеді... Әппақ қарға қып-қызыл қан тамды...Қып-қызыл қан... ".

Повестің экспозициясында осы суретті сипаттау "Ақжаймаға қып-қызыл қан тамды" деген сөйлеммен шығарманың шымылдығын ашуы болашақ жағдайдың трагедиялық, асқақтық табиғатын аңғартады. "Қуғыншы" суретінің шығарманың үш жерінде – басында, ортасында және соңында қайталануы сюжеттік баяндаумен тығыз байланысты. Жарты беттен ұзақтау үзіндінің көркемдік қызметі маңызды. Ол сюжет түйінінің күрделі және шешуші тұсында баяндаудағы ширыққан сәтке эмоциялық ажар береді. Осы ретте "қып-қызыл қан" сөзіне айрықша акцент жасалатынын байқаймыз. Лейтмотив болған үзіндідегі күшейтпелі сын есімдер арқылы жасалған антитеза (қара тұмсық, қып-қызыл қан, әппақ қар), бірнеше рет әдейі қайталанып, символдық, әрі эмоционалдық мән арқалаған. Сол арқылы бір-біріне алыстау үш жерде қайталанған тұтастай үзінді шығармада ерекше ырғақ тудырады. Қайталау мәтіннің жеке бөліктерінің арасында ассоциативті байланыс орнатып қана қоймай, авторлық позицияны айқын көрсетеді. Сол арқылы көркем шығарма тінінде кездейсоқ ешнәрсе болмайтынына көзімізді жетеді.

Қайталауға жақын тәсілдің бірі – күшейту. Бұл тәсіл шығармада жай қайталап қою жеткіліксіз болғанда, бірыңғай детальдар не месе образдарды санамалай отырып,көркемдік әсерді күшейту мақсатында қолданылады. М.Жұмабаевтың "Сен сұлу" өлеңінің композициясы осы тәсілге құрылған: автор Май сұлу, найзағай сұлу, Ай сұлу, жел сұлу, жер сұлу, су сұлу, күн сұлу, түн сұлу дей келіп, "толып жатыр түрлі сұлу дүниеде, бәрінен де маған, сәулем, сен сұлу" деп аяқтайды.

Күшейту мен қайталаудан оқшаулау тұрған қарама-қарсы-қою тәсілі. Атынан айқын болғандай, бұл композициялық тәсіл образдарды қарама-қарсы қою, антитезаға арқылы жасалады, мысалы, М.Жұмабаевтың "Өмір" өлеңіндегі: "Жайнаған жаз көреді адам алдын, // Өткен күн – көңілсіз күз, желді салқын. // Қуаныш қайғыменен қатар жүрмек, // Болмайды

толық минут жүзі жарқын". Мұндағы белгіленген метафоралар композициялық мән үстеген қарама-қарсылыққа құрылған.

К.Ахметованың "Соңғы хабар" өлеңінде қарама-қарсылық тұтастай өлеңді қамтып, шығарма композициясы кереғар бастаулардың майданына құрылған өмір туралы идеяны негіздеуге қызмет еткен:

Қарашы!

Ақ пен көктің арасы, Хақ пен көптің арасы, Бар мен жоқтың арасы, Аш пен тоқтың арасы,

Қасірет пен шапағаттың арасы, Зұлымдық пен махаббаттың арасы, Адалдық пен арамдықтың арасы, Жақсылық пен жамандықтың арасы, Өтірік пен шындықтардың арасы, Тазалық пен ұрлықтардың арасы, Теңіздер мен құрлықтардың арасы, Сұлулық пен сұмдықтардың арасы Күннен-күнге ұлғайған

Арпалысты бір майдан!

Қарама-қарсы қою – шығарма композициясын талдауда назар аударуды қажет ететін тиімді әрі күшті тәсілдің бірі.

Қазіргі әдебиеттануда зерттеліп жүрген композицияның тағы бір түрі – монтаж. Кино өнерінен әдебиетке көшкен бұл ұғым шығарма құрылысының бірнеше бөліктерге бөлініп, "құранды", "үзік" сипат алуын көрсетеді. Орыс зерттеушілері монтажды авангардизм, модернизм эстетикасымен байланыстырады.

Бүгінде "монтаж" сөзі кең мағынаға ие болған. Монтажды композицияда шығармадағы кейіпкерлердің, оқиғалардың, детальдардың, әркелкі эпизодтардың арасында сырттай қарағанда қисынды байланыс жоқ сияқты көрінеді. Алайда олар алыстан ой арқылы қиыстырылған. Автор үшін кеңістіктік-уақыттық, себепсалдарлық сыртқы байланыстан гөрі ішкі, эмоционалдық, мағыналық байланыс пен ой үндестігі маңыздырақ.

Монтажды композиция көп жағдайда бірбірімен қиысуы қиын әркелкі эпизодтарға, "кірме" әңгімелерге, лирикалық шегіністерге құрылған, "оқиға ішінде оқиғасы" бар көп желілі сюжетті шығармаларда кездеседі.

Мұндай күрделі композиция түрі Ш.Айтматовтың бірқатар романдарына тән. "Боранды бекет" шығармасында шегіністер, естеліктер арқылы Едігенің өткені мен бүгінгі өмірін суреттеген негізгі оқиғамен қатар бірнеше басқа желілер де бар. Олар: Найман ана мен

мәңгүрт, Раймалы аға жайындағы аңыздар, "ғарышкерлік" хикая, күн жүйесінен тыс орналаскан Орман Төс планетасының өмірі, кейіннен қосымша тарау ретінде қосылған "Шыңғысханның ақша бұлты" әңгімесі. Романда осы оқиғалар мен ондағы қаһармандар арасында тікелей қарым-қатынас көрінбейді, жеке желілер арасындағы уақыттық, кеңістіктік жалғастық та әлсіз, уақыт барысындағы алмастырулар мол. Алайда бейнеленген барлық үзік оқиғалардың басы мағыналық тұрғыда бір бағанға берік байланып, автордың адам мен қоғам, адам мен табиғат туралы ортақ ой-көзқарастарының төңірегіне топтастырылған.

ХХ ғасыр әдебиетінде баяндау барысын кілт үзіп, қаһармандардың түрлі кезеңдегі өмірін суреттеп кету, кенет күтпеген философиялық пайымдауларға бару, кейінге, алыс өткен күндерге лириалық шегініс жасау, болмаса болашаққа "озып ету", күнделікті өмір көріністерін үзілмелі кескінде бейнелеу кеңінен тараған. Лирикалық шегіністер – ең алдымен, автордың жеке суреткерлік тұлғасы, ішкі сезімдері, дүниені қабылдауы көрініс беретін, автордың өз дүниетанымын бейнелейтін поэтикалық форма. Кейде баяндаушы шығармада оқиғаны әңгімелеп қана қоймай, өзінің оқиғаға қатысын, сезім-күйлерін, қуанышы мен ренішін білдіреді, оқиғаны кейіпкерлермен бірге өз басынан кешіреді және кейіпкерлерінің тағдырына селқос, немқұрайлы қарай алмайтынын аңғартып қояды.

С.Ерубаевтың "Менің құрдастарым" романының композициясы қызғылықты әрі күрделі. Шығарма монтажды композиция үлгісінде жазылған. Ол прологтан, кірме әңгімелерден, шегіністерден, сюжеттік шырғалаңы мол тараулардан тұрады. Шығарма Қарағанды көмір өндірісінің қайнаған өміріне үңіліп, жас мамандардың қалыптасу, өсу жолын, Рахмет пен Лиза арасындағы махаббатты суреттейді. Оқиға басталмас бұрын автор "Роман туралы әңгіме" немесе романның увертюрасы деп атаған прологында оқырмандарымен сырласып, романның жазылу тарихы туралы, шығармаға қалай кіріскені, оның жанына, сезіміне не әсер еткені туралы әңгімелейді. Бірінші жақтан "Мен" деп баяндалатын алғы сөзде жазушының балалық шағы жайындағы естеліктері, жазушыны толғандыратын, азаматтық тұлғасының қалыптасуына әсер еткен жағдайлар де сөз болады. Түйіндей айтқанда, роман композициясында бір-бірімен ой арқылы алыстан байланысқан авторлық ойлар, авторлық сезімдер, естеліктер мен оның өміріне қатысты кейбір сәттер, сюжетке қатысы жоқ кірме әңгімелер ("Терек пен қызыл гүл", "Мәңгілік өмір туралы жыр"), сюжеттік баяндау желісіндегі кейіпкерлердің қазіргі өмірін суреттей отырып, өткен тіршілігіне жасалған шегіністер (ретроспективтік тәсіл) үйлесімді өріліп кетеді.

Қазіргі қазақ әдебиетінде монтажды композиция модернистік ыңғайда жазып жүрген жазушылар шығармаларында көрінеді. Д. Амантайтайдың көп дау тудырған, композициясы күрделі "Гүлдер мен кітаптар"" романы Әлішердің тағдырын, автор толғаныстарымен аралысып келген көне түріктер туралы аңызды мозаикалық баяндауға құрылған. Бір қарағанда, роман сюжетінде Әлішерге қатысты бүгінгі күн оқиғалары мен ықылым замандардағы түркілердің көне тарихын қозғайтын хикаяның, гүлдер мен кітаптардың тізімі мен руханият турасындағы пайымдаулардың қабысуы қиын, бірақ олар бірбіріменқаламгердің ой қуаты арқылы өзара жалғанып, қиыстырылған. Әрине, бұл бір жағынан шығармаға құрылымдық өзгерістер енгізуге ұмтылатын жазушы жаңашылдығымен, ізденістерімен де ұштасып жатыр.

Композициялық тәсілдер шығарманың барлық деңгейлерімен байланысып жатады. Көркем шығарма құрылымының алуан түрлі қырлары бар. Оған кейіпкерлер жүйесі мен олардың ара-қатынасы, суреттелетін оқиғалардың орналасуы (сюжет композициясы), заттық-психологиялық болмысты беру, бейнелеу ерекшеліктері (портрет, пейзаж, ішкі көрініс, диалог, монолог), баяндау тәсілдерінің динамикасы, тілдік бірліктердің, оның ішінде өлең фор масы элементтерінің сабақтастығы да кіреді. Яғни, композиция туындының тұтастайкөркемдік пішінін түгел қамтып, әр бөлігін ретімен орналастырады. Түйіндей айтсақ, композиция шығарма құрылымының барлық деңгейлерін: идеялық-тақырыптық жүйені, образдар қатары мен кейіпкерлер жүйесін, сюжет пен фабуланың құрылымын, уақыт пен кеңістікті, көркем тіл мен баяндау түрлерін ұйымдастырады.

 

Әдебиеттер

  1. ТолстойЛ.Н. Полн. собр. соч.: В 90 т. –Т. 30. – С. 131.
  2. Есембеков Т.У. Көркем мәтінді талдау негіздері. – Алматы: Қазақ университеті, 2009. – 52 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.