Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Дастандық эпостың басылымдық ерекшеліктері

Дастан эпосының эдициялық немесе басылымдық ерекшеліктерін қарастыру үшін шығыстық сюжетке құрылған «Қисса Зияда, Шаһмұрат» атты дастанның жариялануын, кеңес кезеңінде және тәуелсіздік дәуіріндегі басылымдардағы өзгерістерді сөз етеміз. Бұл дастан 1890, 1892, 1896 жылдары Қазан қаласындағы Университет баспаханасында Ш.Құсайынов қаражатымен басылып шыққан. 1912 жылы Домбровский баспаханасынан Құсайынов мұрагерлері шығарған.

Шығарма тақырыбы – қос жұптың махаббаты, сүйіспеншілік. Дастан оқиғасы Бағдат патшасы Мұхтардың ұлы Зияданы, Мысыр патшасы Заданың егіз қызы Хорлы мен Ғайын және ұлы Шаһмұратты қатар таныстырудан басталады. Дастан сюжетінің негізгі элементтері мынадай: кәрі ата-ананың баласыздық мотиві, сұрап алған баланың ерекше сұлулығы, батырлық қасиеттерінің ерте көрінуі, түс көру мотиві, Ирамбақты іздеу, теңіз оқиғасы, жолдағы қауіп-қатер.

Махаббат тақырыбы дастанда ертегілік-таңғажайып сипатта суреттелген. «Любовь в дастанах – главный двигатель сюжета, а романическая идеализация любовного чувства героев составляет еще одну специфическую (жанровую) особенность подобных произведений»[1, 124], – дейді дастан эпосын зерттеуші Б.Әзібаева. Асқан сұлу қызды түсінде көріп, сырттай ғашық болуы Зияданың алыс та қатерлі сапарға аттануына бірден-бір себеп болады. Ес-түссіз ғашық болған Зияда түсінде көрген сүйгенін бір көрмесе айықпайтын ауруға шалдығады. Молдалардың «ғашығыңнан бір белгі болмаса, іздемей кідіре тұр» деген насихатын тыңдамай, ел-жұртымен, ата-анасымен қоштасып, түсіндегі белгісіз бір сұлуды іздеп жолға шығады.

Зияданың әкесі ұлының қызға ғашық болуын «Алладан пәрмен болған соң» деп, тағдырға мойынсұнады, жалғыз ұлының беймәлім, алыс та қатерлі сапарға аттануына кедергі болмай, жол жабдығын қамдап, сапарға дайындық жасауына көмектеседі. Зияда он екі мың әскер алып аттанғанымен жолдағы қиындықтардан кейін жолдасы Қосмалия екеуі ғана аман қалады. Қиял-ғажайып ертегілерде, шығыстық сюжетке құрылған дастандарда кейіпкер, патшаның жалғыз ұлы болса да, әке-шешесіне айтпай жолға жасырын шығып немесе бір жолдасымен ғана іздеп мұратына жетеді. Сол себептен қалың қолдың жолда қаза табуы дәлелді.

Қыз бен жігіттің махаббат сезімі түсінде бірбіріне өз жайы туралы баяндауы арқылы көрініс тапқан. Жыршы дастанда монологты кең пайдаланған. Екі жастың ғашықтық іңкәрлігін, қайғы-қасіретін суреттеуге көп көңіл бөлінген. Сұлу қыздың портретін беруде асыл тастарға, аспан денелеріне теңеу, әсірелей суреттеу фольклорда қалыптасқан дәстүр екені белгілі. Сұлулық пен махаббат дастанда асқақтала дәріптеледі.

«Қисса Зияда, Шаһмұрат» дастанында мінсіз кейіпкерлер жүйесі қалыптасқан, қыз әкесі 

Мысыр патшасы да, суыт хабар жеткізуші нөкер қыз Малиға да ғашықтардың қосылуына көмектесу ниетінде. Малиға атты нөкер қыз көптеген ғашықтық дастандардың кейіпкері, ол қос ғашықты айыру үшін қыздың әкесіне не шешесіне хабарлап, сосын да қастық әрекетінен танбайды. Ал бұл дастандағы нөкер қыздың атқаратын ролі басқаша. Қыз ағасы Шаһмұраттың сапарға шығу мотивировкасы – қарындасының түсінде көрген ғашығын тауып беру. Ертегілерде қыз ағасы мен әкесі болашақ күйеуге түрлі сынақ-шарт қойып, қызды сүйгеніне қоспау үшін кедергі келтіретін, ал бұл дастанда осы жағдай өзгеріске ұшыраған.

Шаһмұрат бейнесі сүйгенін ойлап күндізтүні аһ ұрудан аспайтын, әрекетке бармайтын ғашықтық дастандар кейіпкерінен өзгеше сомдалған. Ол зәңгілер елінде тұтқында болғанда ақыл-айласының арқасында зынданнан шығып, діни кейіпкерлер секілді Мұртазаның (Мұхаммед пайғамбардың) ақ туын қолына ұстап, наркескенін алып, көп зәңгімен жалғыз шайқасады.

Зияда Сейпілмәлік сияқты сырттай ғашық болған қызды іздеп теңізге түседі, зәңгілер елінде тұтқында болады. Сейпілмәлік отын тасып жүрген жерінен қашып кетсе, Зияда ерлікпен шайқасады, бұл жағынан Баһрамға ұқсайды. Осы шығармада ғашығын іздеп көп азап тартқан Сейпілмәлік пен Баһрамның есімі аталып отырады.

Зияда мен Хорлының, Шаһмұрат пен Ләззатбалдың оқиғасы қатар баяндалады, бұл – осы дастанның ерекшелігі. Пері қызы Ләззатбал түсінде көрген сүйгенін ұшатын перілерге іздетеді. Пері тілін білетін Хайдардың көмегімен перілер ханшасы Ләззатбал мен Шаһмұрат табысады. Зияда пері қызы Ләззатбалдың көмегімен сүйгеніне қосылып, дегеніне жетеді. Белсенді әрекетке бармағанымен, Зияданың да, Шаһмұраттың да жолда көрген азаптары сүйгендеріне қосылуына лайықты алғышарт секілді. Сол себепті де шығарма әдеттегідей қос ғашықтың атымен емес, ғашықтық жолында көп азап шеккен екі жігіттің атымен аталған.

Қатерлі сапарға патшаның мұрагер ұлы бір күнде туған адал досы, көбіне уәзірдің ұлымен аттанатын. Дастандағы Қосмалия он екі мың әскерден аман қалған серіктес жолдас қана, сөйтсе де Хорлымен бірге туған Ғайынды алып сұлтанға теңеледі. Той көрінісі, ұзату тойы, келін түсіру, қалыңдықтың жасауы, т.б. жанжақты суреттеледі. Елге сүйінші сұрап бұрын келген Хайдардың Хорлыға айтқан жұмбағы, оны Хорлының шешуі ХІХ ғасырдағы қазақтың жұмбақ айтыстарын еске түсіреді.

Осы дастанға байланысты А.Е.Алекторов былай дейді: «В этой киргизской книжке, писанной стихами размера «ремель» и конченной писанием 15 апреля 1884 г.повествуется о Зияде, сын багдадского царя Мурата. Издатель – Шемсуддин Хусеинов (Каталог А.Т.Соловьева и Н.Ф.Катанова, стр.390. Печаталась также в 1896 году. Автор – Якуб, сын Биджигита «Деятель» за 1897 г. стр.693-694.)» [2,5]. А.Е.Алекторов Бағдат патшасының атын Мұрат (дастанда – Мұхтар) деп қателескен, ал дастандағы екінші кейіпкерді – Шаһмұратты атамайды.

Дастанды Жақып Бижігітұлы 1884 жылы баспаға дайындап жібергені туралы мәлімет кітап соңында берілген.

Дегенмен «Зияда, Шаһмұрат» дастанын профессор Б.Кенжебаев «ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті» атты зерттеуінде ақын Әріп Тәңірбергенов жазған деген тұжырым айтады [3, 176-182]. Абай Әріпті: «Мен айттым әзірет Әлі, айдаһарсыз, менде жоқ алтын иек, сарала қыз», – деп сынаған. Сонда Әріптің қай шығармасын айтып отыр, демек Жақып Бижігітұлы Әріптің лақап аты болуы мүмкін деген қорытындыға келеді Бейсембай Кенжебаев.

Зерттеуші Алма Қыраубаева осы пікірге қосыла келіп, «Әріп шығармашылығын зерттеп, қолтаңбасын, басқа жағдайларын салыстырып зерттеу арқылы бұл мәселені анықтау керекақ» [4, 30], – деп түйеді.

«Қисса Зияда, Шаһмұрат» дастанының соңында өзі туралы мәлімет берген Жақып Бижігітұлы баспаға «Қожа Ғаффан», «Таһир» және «Нұрғұзарын» дастандарын жібергенін сөз етеді. Ә.Тәңірбергеновтің шығармашылығын зерттеуші Б.Ердембеков Жақып Бижігітұлын Әріп Тәңірбергенұлы деген үзілді-кесілді пікір ұстанған [5, 325-330]. Бізге зерттеушінің келтірген дәлелдері сенімсіз көрінді. Себебі «Қисса Зияда, Шаһмұрат» дастанын Жақып Бижігітұлы баспаға жібердім деген жоғары да аты аталған дастандармен салыстырады. Ә.Тәңірбергенұлының авторлығы күмән туғызбайтын басқа дастандармен салыстырған дұрыс болар еді. Әрине Жақып Бижігітұлының баспаға кітап дайындаушы ретіндегі еңбегін ескеру қажет. Бірақ Әріп Тәңірбергенұлына «Қисса Зияда, Шаһмұрат» дастанын жан-жақты зерттеусіз тели салу орынсыз болмақ.

Бұл дастан 1986 жылы «Қисса-дастандар» атты ғылыми-көпшілік жинақта жарияланды [6, 237-284]. Жинақты құрастырып, алғы сөзін, ғылыми түсініктерін жазған Ү.Сұбханбердина.

«Біз жинаққа тоқсан жылдан астам баспа бетін көрмеген, ертеде Қазанда басылып шыққан нұсқасын беріп отырмыз» [6, 7] – деп, құрастырушы қай жылғы басылымды алып отырғанын нақты көрсетпейді.

1912 жылғы Қазан басылымы мен жинақтағы мәтінге текстологиялық салыстыру жұмысы жүргізіліп, жинақта жарияланған мәтін осы басылымнан дайындалғаны анықталды.

Дастанның басында қиссашыл ақындар дәстүрі бойынша, Алла Тағалаға мадақ, Мұхаммед пайғамбар мен оның шаһариарларына салауат айтылатын 14 өлең жолы және соңында қыз ұзату тойы мен келін түсіру тойларын суреттеу, ондағы қыруар байлық пен сән-салтанат көрінісі кеңестік кезеңде басы артық сипаттама ретінде бағаланып, 564 өлең жолы алынып тасталған, жалпы 855 жол қысқарған. Текстологиялық жұмыстың нәтижесінен бірнеше мысал келтірейік. Мәтіндегі өлең жолының саны жақшаның ішінде берілді.

1912 жылғы Қазан басылымында

1986 жылғыбасылымда

Жад қылып сиынады

Сиынып ауызға алды

бір Құдайды (1119-

бір Құдайды (889-жол)

жол)

Осылай қайғы-мұңмен

Неше күн мұның бір-

көп күн өтті (1309)

лән көп күн өтті (1536)

Көп көрді не азапты су

Көп көрді қайғы қат-

үстінде (1566)

ты су үстінде (1831)

Сайрандау үшін оны

Сайранетпек жан

салдырыпты (1618)

үшін салдырыпты

Ел-елге, ат шаптырды

(1883)

әр тарапқа (1923)

Айтқызды мағлұмнаме

 

һәр тарапқа (2214)

 

Енді мәтіндік салғастыруда байқаған қорытындыларымызды жинақтасақ, мәтіндегі өзгерістер мына сипатта орын алған:

  1. түпнұсқада патша, шаһзада, ханша сөзі кейде өлеңнің буын санына қарай падиша, шаһизада, ханыша түрінде де оқылады. Жинақта көппадиша – талай патша болып, падиша – біздің патша, ол патша, патша қыз немесе патша-ңыз түрінде, шаһизада – шаһзадаңыз немесе шаһзада да болып, ханышажан – ханша солай түрінде берілген. Осыдан сөзге орынсыз жалғау қосуға тура келген немесе контекстегі сөз ма-ғынасының бұрмалануына әкелген.
  2. басқа тілден енген сөздер өзгертілген: кейде аударылып берілсе, енді бірде мағынасы дұрыс танылмаған.

Кейбір араб, парсы, түрік, орыс сөзі қазақ тіліне аударылып берілген: махкам – бекем, әуара – есуас, әуре, фариад – дауыс салып, беңзі нұрлы – өңі нұрлы, парахотты – кемелерін.

Беңзі (түрік) сөзінің «бет, жүз, кескін, бет пішіні» деген мағынасы берілмей, басқа сөзбен ауыстырылған: қайғыдан беңзім кетіп – меңзең болып (931), беңзі кетіп – есі кетіп (1539), дұрысы: өңі кетіп болуы керек еді. Сүйікті, ғашық мағынасындағы мағшұқ пен махбүб деген араб сөздері бірінің орнына бірі қолданылған немесе олардың орнына ғашық сөзі алынған: мағшұқ жар – ғашық жар (110), мағшұғы – ғашығы (233), махбүбтің – ғашықтың (247), махбүбті – мағшұқты (338). Мағруф сөзінің мағынасы – белгілі, мақұлданған болса, мағриф (дұрысы мағриб) – батыс, күнбатыс деген мағына береді. 1986 жылғы басылымда қате оқылған: Мағруф құлға берген туған айын Мағриф қолға берген туған айын (120). Хасыл сөзінің мағынасы – орындалу, жүзеге асу; нәтиже, қорытынды. Хасыл сөзі 1995 жылғы басылымда асыл деп берілген. Гуя (түрік) – бейне, секілді, сияқты деген мағына беретіні дұрыс танылмаған: Тоты құс, бұлбұл гуя баушарбағы – Тоты құс, бұлбұл толы бау-шарбағы.

Мәтінді дұрыс танымаудан туған қателік діни ұғымды жете түсінбеуге алып келген. Алла Тағала рақым етпеуі мүмкін, рақым айтпайды: Етпесе рақым өзі Хақ Тағала – Айтпаса рақым өзі Хақ Тағала.Алла Тағаланың 99 ұлық есімінің бірі дұрыс танылмаған: Жөнелді қуат әйлап бәрі-бәрін (617) емес, былай оқылуы керек: Жөнелді қуат әйлап Бір уа Барын (842). Аб кәусар – ақ кәусар (408) болып өзгеріске түскен, мұндағы араб, парсы сөздерінің мағынасы мынадай: аб /п/ – су, кәусар /а/ – молшылық, яғни жұмақта орналасқан өзен.Изін /а/ рұқсат деген мағынадағы араб сөзі дұрыс танылмай, қате оқылған: Артынан изін етіп жылап қалды – Артынан азан айтып жылап қалды (738). Азан айтылмайды, мешітте азан шақыратыны белгілі. Ата-анасының рұқсатын беріп шығарып салып тұрып жалғыз баласымен қимай қоштасуы суреттелген.

  1. көне түркілік сөз қолданысы, сөздің көне формасы сақталмаған.

Көне түркілік формаларды қазіргі қолданыстағы нормаға түсіру басым: қарадылар – қарап қапты,теңелділер – теңеледі, алдылар – алды олар, тыңдастылар – тыңдасыпты, сұрадылар – сұрайтын-ды, жиылдылар – көп жиылды,

қарадылар – қарап алды, болдырғаш – болдырған соң, қай етейін – қайтейін (екі формасы да кездеседі), олған – болған, сеніңмен – сенімен, бірлән, илә – менен, мен, пен, һеш – еш, һәрбір – әрбір, һәр түрлі – әр түрлі.

Түркілік әйла сөзін басқа етістікпен алмастыру: ғазал әйлап – ғазал айтып (833), әйласын қуат – қолдасын (984), афған әйлап – афған етіп (1399), нәсіп әйлап – нәсіп айдап (2251). Етістіктің көне формасын сақтамау: кезлегенмен – көздегенмен, сөзлегенмен – сөйлегенмен, сауал сұрған – сауал сұраған.

  1. кейбір сөздер сол мәндес басқа сөзбен алмастырылған: уақытында – кезінде, бала туып – ұл боп, белің қындай – көркің қандай, сұрау-сот – сұрасу.
  2. мағыналық өзгеріске ұшыраған алмастырулар да кездеседі: Шынжыры тұғры түсіп үзілмеген (22) – Үміті жақсылықтан үзілмеген

(8) Мысыр[да] бойдақ жолдас өңкей жасты

(42) – Баулыды бір өнерге өңкей жасты. Қымбатты бұл жүргізген һәр түрліктен (182) – Еліне жақсылықтың дәнін еккен. Биік тау, отырған үлкен қиқап (804) – Биік тау, өздерінше елі байтақ. Мысырдың ғашық еткен көл дала – Мысырдың шаңға айналып кең алабыҚуаты түгелді ме ер талабы (897-898) – Төмендеп шайқасқанда ер талабы. Ойлап ем зындан болайын (953) – Ойлап ем әділ болайын. Танысты бірін-бірі әлдеқайдан (1202) – Танысты бірі-біріне әлдеқайдан. Иесіз, дым сасыған баққа жетті (1229) – Иесіз қалып қойған баққа жетті. Ғашықта басым қалғалы (1323) – Алыста басым қалғалы. Жаралған жері жоқ еді (1609) – Мін тағар жері жоқ еді. Ойламай падишаны жатып алды (2045) – Ауырып сұлық түсіп жатып алды (1755). Ләззатбал көргеннен соң қайғы-зарды – Зарлаған бір адамның үні келді.

Түпнұсқада кейіпкерлердің жасын жекежеке көрсетсе, кеңестік кезеңдегі басылымда олардың жас мөлшерін жинақтап береді: Бірі – он жеті, біреуі он бес жаста – Он бес пен он жетіге келді екеуі. Топонимдік (жер-су) атауды ауыстыру: Сарыарқаның белімен – Туған елдің беліме; Өзен аққан Нілімен (707) – Сапарым оңдап осы жол Жүздестірсе жүздесем.

Бір ғана таңбамен берілген әріпті қате оқудан әскер мағынасындағы қол сөзі де, тұтқын болу деген ұғымды беретін қолды болу да құл болып танылған, соңғы мысалда сөйлем түгел дерлік мағыналық өзгеріске ұшыраған: Зәңгілер жеті мың қол айдап шықты – Зәңгілер жеті мың құл айдап шықты, Бәрі де өз заңынша

батыр мықты – Бәрі де өздерінше батыр мықты. Бір елге мені білмес қолды болды – Бір елдің азап шегіп құлы болды. Түпнұсқада адам етін қорек ететін, жалаңаш-жалпы жүретін жабайы елдің ортасына түскенде олардың хан ұлының етін жемек болуы айтылса, жинақта жылан сияқты халықтың адам етін тірілей жеу ниетін көрсетеді: Ап келсін, етін жеймін ханның ұлын 

– Ап келсін, тірі етін жеймін депті; Жиылды көп жалаңша зәңгі халық (907) – Жиылды көп жыланша әңгі халық.

  1. жеке сөздің мағынасы ауыстырылған;

Ғашығының дерегін білмей, бір хабарға зарыққан, соның жолында бар байлығын сарып етуге дайын ханзада жинақта Құдайдан көмек сұрап жалбарынған, жанын пида етпек жанкештіге айналады. «Жерін білсе бір адам, Дүние малын берем» деп – Құдайдан көмек сұрайды, «Жолыңа жанды берем» деп. Түпнұсқадағы шылау сөз мезгіл үстеумен өзгертілген: Халім сұрар сөйткенмен һеш адам жоқ (939-жол) – Халім сұрар бүгінде һеш адам жоқ. Етістіктің болымсыздық мағынасын беру тәсілі өзгертілген: Һешбірі жаралған жоқ сен сипатты – Һешбірі жаралмаған сен сипатты. Ерекше сұлу қыздың бір белгісі – жұпар шашты жай ғана қара шашқа ауыстырудың ықпалынан эмоционалды-экспрессивті әсер әлсіреген: Іздеуге ой қылады жұпар шашты (1356-жол) – Іздеуге ой қылады қара шашты.

  1. сөз мағынасына айтарлықтай нұқсан келмейтін өзгертулер:

Есім сөзді қос сөзбен беру: Дұшпанның талай қиын көңлін басты – Дұшпанның талайталай көңлін басты (40), Қайғылы көкіректі еттің шоқ – Қайғылы көкіректі қылдың шоқшоқ (1325). Сан есімді ауыстырып қолдану: нөкері сегіз жүз қыз – елу төрт (122), жеті түрлі – әр түрлі (171), екі адамдар – әлгі адамдар (1711). Мәтіндегі тақырыпшада кездесетін бап (тарау, бөлім деген мағынадағы) сөзі үш жерде қалып қойған.

  1. ауызекі сөйлеу стилін әдеби нормаға түсіру.

Жарыса қолданылатын үстеу сөздерді бірінің орнына бірін ауыстыру және ауызекі сөйлеу стилін әдеби нормаға түсіру: сықылды – секілді, кеулесе – қаласа, зары қылған – зар жылаған, бұ – бұл, кеме саулап – кеме зулап, зар илеп – зар жылап, есік қылар – тайпап кетер, өйтіп – бүйтіп, суғарған – суарған.

Осы мәтін кейін 1995 жылы Ү.Сұбханбердина құрастырған «Батырлық дастандар» атты ғылыми-көпшілік жинақта еш өзгеріссіз қайта басылды [7, 269-318]. Салыстыру нәтижесінде 1986 және 1995 жылғы ғылыми-көпшілік жинақтарда жарияланған мәтін біршама түзетілген, әдеби редакцияланған. Құрастырушы кейбір сөздерді, сөйлемдерді өзгерткен. Дастанның ауызекі сөйлеу тілі ерекшеліктері сақталмай, әдеби нормамен алмастырылған. Дегенмен бұл өзгертулерді тек құрастырушының қателігі ғана емес, сондай-ақ сол кездегі фольклорлық шығарманы жариялаудағы кеңестік ұстаным және редакторлық түзету мен «ішкі цензордың» күштілігі деп түсіну де қажет.

Дастанның тілі, ондағы сол дәуірге тән стилдік, лексикалық және фонетикалық ерекшеліктердің сақталмауы фольклортанушылар ғана емес, тілтанушы ғалымдардың да жұмысына әсерін тигізуі ықтимал. Бұл осындай түпнұсқадан ауытқыған мәтінге сүйенген ғылымизерттеу жұмыстарының сапасын, дәйектілігін төмендетеді. Мәтінге қандай да болмасын өзгерту енгізбеу талабы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында дайындалған «Бабалар сөзі» сериясының томдарында қатаң сақталуда. «Қисса Зияда, Шаһмұрат» дастаны «Бабалар сөзі» атты серияның 18-томында түпнұсқадан еш өзгертусіз жарияланды [8, 211-295].

Сонымен, кеңестік кезеңде фольклорлық мәтінді жариялаудағы кемшіліктер мен орын алған өзгерістер, түпнұсқаны сақтамау себептері анықталды.

 

Әдебиеттер

  1. Азибаева Б. Казахский дастанный эпос. – Алматы: Ғылым, 1998. – 250 с.
  2. Алекторов А.Е. Указатель книг, журнальных и газетных статей о киргизах. – Казань, 1900. – 970 с.
  3. Кенжебаев Б. ХХ ғасыр басындағы әдебиет. – Алматы: Білім, 1993. – 248 б.
  4. Қыраубайқызы А. Шығыстық қисса-дастандар. – Алматы: Рауан, 1997. – 148 б.
  5. Ердембеков Б. Әріп Тәңірбергенұлы // Қазақ әдебиетінің тарихы. 4-том. – Алматы: Алматыақпарат, 2007.– 325-330 б.
  6. Қисса-дастандар / Құрастырып, алғы сөзі мен түсінігін жазған Ү.Сұбханбердина. – Алматы: Жазушы, 1986. – 330 б.
  7. Батырлық дастандар / Құрастырып, алғы сөзі мен түсінігін жазған Ү.Сұбханбердина. – Алматы: Жазушы, 1995. – 328 б.
  8. Бабалар сөзі. Жүз томдық. 18-том. Ғашықтық дастандар /Құрастырып, ғылыми қосымшаларын дайындағандар: Әзібаева Б., Әуесбаева П.,Рақышева Ж.– Астана: Фолиант, 2006. – 350 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.