Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Нарықтық жағдайдағы бизнес терминдерінің көпмағыналық себептері

Соңы кездердегі қоғамның дамуы, саяси, мәдени және экономикалық өзгерістер және жаңалықтармен бірге тілде жаңа ұғымдар пайда болды. Соның бірі – бизнес ұғымы. Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуіне байланысты қоғамдағы тілдік қалыптасу қазіргі таңда бизнес тілі деп аталады. Бұл мәселе енді ғана қолға алынып зерттеліп жатыр. Қазақ тіл білімінде термин қалыптастыру ХХ ғасырдың бас кезінен бастап қолға алынғанымен, әлі күнге дейін шешімін таппаған аса өзекті, күрделі мәселе болып қалып отыр. Бұның бір себебі, қоғам ардайым даму, өзгеру үстінде. Нақтырақ айтсақ, қазақ тіліндегі бизнес терминдері қалыптасу кезеңін бастан кешіріп отыр. Дегенмен терминдердің басым бөлігі қазақ тілінде XVIII ғасырдан бастап қолданысқа енген. Олардың басым бөлігі, соның ішінде кірме терминдер қолданыстан шыққан, бірақ та қазіргі таңда олардың тілге қайта оралу үдерісі байқалуда. Идеология қоғамның әлеуметтік дамуының бір факторы ретінде зерттеу нысанына алынған терминологиялық жүйенің дамуы мен қолданылуына ықпал етеді.

Бизнес терминдерінің «ескі» семантикалық құрылымын ұғымдық жағынан қайта бағыттау жоғарыда аталған жүйенің қалыптасуындағы елеулі кезеңдердің бірін құрайды Ендігі кезекте бизнес терминін талқылайтын болсақ қазіргі сөздіктерде және интернет көздерінен бизнес сөзіне мынадай анықтама береді: Бизнес – (англ, business – іс, кәсіпкерлік) – инициативті экономикалық іс-шара,несиеге алынған қаражатқа немесе өз қаражатына құрылған, адамның тәуекелдікке және өз жауапкершілігіне негізделген, негізгі мақсаты пайда табу және өз жеке кәсібін дамыту мақсатындағы іс. [1, 895]

Осыдан келе бизнес саласына жататын терминдер көп мағынағада ие болып жатады. Оның себебі қазақ тілінде әлі күнге дейін баламасы жоқ, шет тілдерден енген терминдер. Олыр көбінде сол қалпында қазақ тілінің кейбір сөздерінің тіркесуімен және жалғаулардың жалғануымен қолданылады.

Сөздің қатарынан бірнеше мағынаға ие болу қабілетін білдіретін полисемия құбылысы тіл құралдарын үнемдеу заңдылығынан туындайды. Өйткені, В.В. Виноградовтың пікірі бойынша, «бірде-бір тіл әрбір нақты ойды жеке дара сөзбен немесе нақты бір элементпен білдіре алмайды. Тәжірибе нақтылығы шексіз, ал ең бай тілдің қоры қатаң түрде шектеулі» [2, 190].

Алайда терминдердің тілде іс жүзіндегі қолданысы олардың орыс әдеби тіліне, соның ішінде полисемияға тән барлық лексикалықсемантикалық үдерістеріне бағынатындығын дәлелдейді. Термин табиғаты белгілі бір дәрежеде ондағы көпмағыналықтың көрінісін шектей алады, бірақ та оған көпмағыналықтан арылуға көмектесе алмайды, ал оның бір мағыналығын Л.Н. Зенкованың пайымдауы бойынша, тек қана үрдіс, оңтайлы құрылған терминологияға қойылған талап немесе тілекке сәйкес сипат ретінде қарастыру керек [3, 95].

В.М. Лейчик терминнің көпмағыналығына келесідей анықтама береді: «Терминнің көпмағыналығы – білім аясын белгілеу, осы ретте терминнің көпмағыналық мағынасында бірдей арнайы семалар болады» [4, 34].

Зерттелуші жүйеде көпмағыналықтың көрініс табу себебін төмендегідей сипаттауға болады:

  1. Бизнес терминжүйесінде көпмағыналықтың пайда болуын былай түсіндіруге болады: гуманитарлық пәндер терминологиясы үшін полисемия өзіндік белгілердің бірі болып табылады, бұл олардың жалпы қолданыстағы лексикаға жақындығына байланысты. Коммерция (бизнес) қоғамдық өмірдегі құбылыстардың бірі бола отырып, осы тәрізді әсерықпалға ұшырайды.
  2. Біздің терминологиямыздағы полисемияның басты себептерінің біріне оларды «идеологиялық семантика» тұрғысынан регламенттеу жатады. Қазіргі таңда кейбір терминдер өз анықтамаларын өзгертуде. «Алып-сатарлық» (спекуляция) терминін алып қарастырайық. 1984 жылы аталмыш терминге «Заң терминдерінің сөздігінде» мынадай жағымсыз баға берілген: «Алып-сатарлық – кең қолданыстағы мүлікті, өнімді, тауарды жеңіл табыс табу мақсатында сатып алу және қайта сату». 1990 жылы осы терминнің бейтарап реңкке ие екінші мағынасы тіркеледі: «Биржалық құндылықтарды алып сату кезінде сатып алу және сату бағасының арасындағы айырмадан түсім алу мақсатында осы құндылықтарды сатып алу және сату». Бағаны ырықтандыру сәтінен бастап «алыпсатарлық» термині негізінен екінші мағынасында ғана қолданылады.
  3. Көпмағыналық себебін терминнің ерекшелігімен түсіндіруге болады. Бизнес тілінің дамуымен көптеген терминдер терминмен және терминологиялық сөз тіркесімен берілетін жаңа сипаттамаларға ие болады, олар терминнің жаңа қасиеттерін тағы бір мағынада көрсетеді. Мысалы, 1920-жылдары «акцепт» терминінің екі мағынасы белгілі болды: 1. екінші тараптың ұсынысына сәйкес келісімшарт жасауға берілген келісім;
  4. төлеушінің аударма вексель бойынша онда көрсетілген мерзім түскенде вексельді төлеу міндеттемесін қабылдауы. Қысқа іскери сөздікте аталмыш терминнің тағы екі мағынасы тіркелген: 1. банктің аударма вексельде көрсетілген соманы төлеуді кепілдендіруге келісімі;

2. шаруашылық ұйымдар арасындағы ақшасыз есеп айырысу түрлерінің бірі. Сонымен, «акцепт» терминінің бүгінгі таңда 4 мағынасы бар.

Термин сөздерде ғана емес, сондай-ақ терминологиялық сөз тіркестерінде де полисемиялық қатынастар дами алады. Бірқатар жағдайларда мұны былайша түсіндірсек болады: бірінші мағына терминдерді экономикалық қызмет саласымен байланыстырады және олардың негізінде коммерциялық қызметпен байланысты екінші мағына пайда болады, мәселен:

импорттық үлестеме (квота) 1. жалпы ұлттық шаруашылық үшінимпорттың маңызын сипаттайтын экономикалық көрсеткіш; 2. елге белгілі бір тауарларды әкелуді шектеудің бейтарифтік сандық тәсілдері [5, 50];

нарықтық құн 1. өндіріс қорларының құны;

2. тауардың, құнды қағаздардың, валютаның ағымдағы бағасы, сондай-ақ олардың сатып алынатын немесе сатылатын баға деңгейі [5, 78];

4. Терминнің жекелеген мағыналары өзара байланысты және бір-біріне бағыныңқы арнайы қатардағы түрлі градацияларды білдіреді, мәселен: облигация 1. облигация иесіне тұрақты құнының тиянақталған пайыз түрінде табыс беретін құнды қағаз. Осы мағынасында оның құнды қағаз түріне тиесілілігін байқауға болады. 2. мемлекеттің немесе кәсіпорынның ішкі қарызды шығаруда белгілі бір шартпен берілетін борыш міндеттемесі. Екінші мағынасында өзгеше түр айырмашылығын көреміз.

5.Мағынаның дербестелуі (кейде жалпылануы), яғни екі немесе одан да көп мағынаның айырмашылығы сыртқы пішінінде, мағынаның тарамдануында көрініс табуы мүмкін, мәселен: квота 1. белгілі бір салық салу бірлігіне келетін салық мөлшерлемесі; 2. қайта сақтандырушының тәуекелге қатысу үлесі; 3. әрбір картель қатысушысының жалпы өндірісте және өткізудегі үлесі [6, 32].

Салааралық полисемия және бизнес терминологиясы

Көпмағыналы терминнің түрлі мағынасы әр түрлі терминологиялық жүйеге жататын болғандықтан да, зерттеушілердің барлығы бірдей «салааралық полисемияны» полисемияға жатқызбайды. А.В. Суперанскаяның, Н.В. Подольскаяның және Н.В. Васильеваның пікірлері бойынша, полисемия – бір терминологиялық өрістің құбылысы, ал түрлі өрістегі бірдей дыбысталатын терминдер омонимия болып табылады [7, 44]. Осы жерде арнайы лексиканың барлық сөздері өздері пайда болған немесе пішіні бойынша кездейсоқ сәйкес келген жалпы лексиканың сөздеріне омоним болып табылады деген тағы бір пікір бар. В.Д. Дородных осындай құбылыстарды терминдер арасындағы ұғымдық ортақтықтың болуы негізінде полисемияға жатқызады. Осы дәлелге орай келесідей пікір келтіріледі: «Түрлі ғылымдардың терминологиясын ретке келтіру шеңберінде полисемия мәселесінің дұрыс шешімі терминдердің өздері кіретін жүйесінің сипаттарына ықпал етіп қана қоймай, аралас жүйелердің сипаттарына қайшы келмеу үшін арақатынас орната алады» [8, 56] Мәселен, франко кеме борты немесе қысқартылған ФКБ теңіз және коммерциялық сияқты екі терминологиялық жүйеде «... тауарды бортқа тиеген соң оның сақталуын капитан қамтамасыз етуі тиістігі туралы құжат» мағынасында қолданылып жүрді [7, 214]. Сонымен қатар, бизнес терминологиясында аталмыш термин қосымша мағынаға ие болды: «Жеткізушінің тауарды тиеу құнын төлеуі»

Амортизация термині бизнес терминологиясында «негізгі қорлардың (машиналардың, құрал-жабдықтардың) өзгеруі салдарынан олардың құнының біртіндеп төмендеуі, сондай-ақ жаңарту мақсатында негізгі қорлардың құнын өндірілетін өнімге біртіндеп ауыстыру» деген мағынаға ие [9, 41]. Терминнің «Жеке тұлғаның немесе ұйымның мерзімді жарна немесе міндеттемені төлеу арқылы қарызын біртіндеп өтеуі» сияқты екінші мағынасы бизнес терминологиясында ғана емес, сондай-ақ дипломатиялық терминологияда да қолданысқа ие [9, 41].

«Сондықтан да басқа тілдер тәрізді қазақ тілінің де құрамы бұрыннан өзге тілден енген сөздер арқылы толығып, дамып отырады. Еліміздегі соңғы эылдары жүрып жатқан қоғамдық-саяси, экономикалық және басқа да салалардағы өзгерістер тілімізге де өзгерістердің, соның ішінде кірме сөздердің пайда болуына толығуына әкелді. Тілімізге шет тілдік сөздердің қарқанмен енуі кірме сөздерді зерттеуді өзекті мәселеге айналдырады. Сөздердің бір тілден екінші тілге енуіне эктралингвистикалық факторлар әсер етеді. Бұл факторлар; мемлекетаралық қатынастың кеңеюі, елдің қоғамдықсаяси өміріндегі өзгерістер, әлемдік экномикалық кеңістікте глобализация және интеграция процесінің өсіп, көптеген ұғымдар ментерминдердің халықаралық сипат алуы» дейді Г.А. Қожахметова өз мақаласында.[10, 45]

 

Әдебиеттер

  1. Борисов А.Б. Большой экономический словарь. – М.: Книжный мир, 2003. –895 с.
  2. Виноградов В.В. Вопросы современного русского словообразоания. –1986. – С. 190.
  3. Зенкова Л.Н. Cтруктурно-семантическая характеристика военной артиллерийской терминологии. Автор. дис. ...канд.филол.наук. –1991. –С. 19.
  4. Лейчик В.М. Методы и структура терминоведения. Автореф. дис…д-ра филол. наук. – М.: 1989. – С. 34. 5 Словарь терминов рыночной экономики / Под ред. Лукашевского В.М. – М.: «Менеджер», 1991. – С. 278.
  5. Русско-английский толковый словарь маркетинговых терминов и понятий / Под ред. В.Л. Греймана, И.Г. Курбатова. – М.Общество «Партнер», 1991. – С. 107.
  6. Суперанская А.В., Подолькая Н.В., Васильева Н.В. Общая терминология. Вопросы теории. – М.: Наука, 1989. – С. 246. 8 Дородных В.Д. Терминология генетики и проблема взаимодейтвия разичных лексических подсистем / В кн. Контекстуальная семантика. – 1982. – С. 123.
  7. Краткий внешне-экономический словарь-справочник / Под ред. В.А. Рыбалкина. – М.: Междунаодные отношения, 1991. – С. 234.
  8. Қожахметова Г.А. Шет тілдік лексиканың бұқаралық ақпарат құралдарында көрініс беруі. – Алматы, 2006. – C. 45.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.