Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Әлеуметтік лингвистика саласының саяси дұрыс тіркестерінің қазақ тіл білімінде термин және ұғым ретінде қалыптасу жолдары

Мақалада этнография, әлеуметтік лингвистика, мәдениеттану сияқты гуманитарлық ғылым салаларында, сонымен қатар тіл саясаты аясында жиі қолданысқа ие саяси дұрыс тіркестер жайында сөз қозғалады. Саяси дұрыстылық қағидасы жыныстық сипаты бар сөздерді бейтарап сөздермен алмастыруды талап етеді. Сонымен қатар физикалық ақаулары бар тұлғаларды атау кезінде дәстүрлі «соқыр», «мылқау», «ақсақ» сөздерінің орнына ағылшын тілінде «challenged» («ерекше қажеттіліктерге ие тұлға») тіркесі қолданыс табуда.

Саяси дұрыстылық ұғымын ғылыми дұрыстылықпен шатастырмау керек. Кейде саяси дұрыс тіркестер жалпы қолданыстағы ғылыми дұрыс тіркестерге қайшы келеді, бұл жағдайда саяси дұрыстылықтың жақтастары ғылыми дұрыс терминдерді саяси дұрыс терминдермен алмастыруды талап етуде. Алайда кейде ғылыми дұрыс терминдер саяси дұрыс терминдерге сай келеді.

Саяси дұрыс тіркестердің ағылшын тілінің америкалық нұсқасында алғаш пайда болуы анықталып, олардың қазақ тіл білімінде термин ретінде қалыптасу жолдары қарастырылады.

АҚШ-та ХХ ғасырдың 70-жылдарының соңында және 80-жылдарында әлеуметтік қозғалыстардың нәтижесінде пайда болған саяси дұрыстылық (politically correctness) ұғымы философия, мәдениеттану және тілбілімі салаларының мамандарының едәуір қызығушылығын туғызды. Д. Адлер [1, 214]; Г. Бирд и К. Серф [11, 195]; Б. Брайсон [13, 450]; Д. Д’Соуза [15, 250]; Д. Равич [18, 167]; С. Уолкер [19, 167]; Ю. Л. Гуманова [3, 91]; А. В. Остроух [5, 57]; С. Г. Тер-Минасова [7, 57] және басқа да ғалымдар саяси дұрыстылық құбылысына түрлі тұрғыдан сипаттама беруге тырысты. Ең алдымен, бұл ұғым қоғамдағы кез-келген құбылысқа деген ерекше тілдік шыдамдылық, мәдениеттілік-әдептік және тілдік беталыс, тілдік қозғалыс және идеологиялық шындық ретінде қарастырылады. Алайда, Тер-Минасованың ойынша, саяси дұрыстылық терминінің әу баста тіркес ретінде пайда болуында бір қателік жатыр [7, 57]. Себебі, «саяси» деген анықтауышының өзі объективті көзқарастың болуын қамтамасыз ете алмайды. Бірақ, бұл тіркестің тұрақтылығы және әлемнің көптеген тілдеріне сіңісіп кетуі оның өміршеңдігін қамтамасыз етуде.

Саяси дұрыстылық ұғымының кең таралғанына қарамастан, оның көпшілікке ортақ анықтамасы әлі қалыптаса алмады. Н. Г. Комлевтың айтуынша, «саяси дұрыстылық америка саясатының либералды бағытын айқындайтын, мазмұнынан гөрі, символикалық образдар мен тілдік кодты дұрыстаумен шұғылданатын ұранұғым [4, 36]. Сөйлеу әдебі антинәсілділіктің, экологизмнің, ұлттық және жыныстық кіші топтардың, ЖИТС-ке қарсы күрестің белгілерімен шартты түрде кодталады». Бұл бір-біріне қарама-қайшы бағалау мен жол табу кезеңінде саяси дұрыстылық ұғымын ерекше мәдениеттілікәдептік және тілдік категория ретінде қарастырған жөн. Шынтуайтында, бұл құбылысты пәнаралық тәсілмен анықтау оның интегративті табиғатын аша түспек. Саяси дұрыстылық ерекше мазмұнға ие. Идеологиялық және саналық тұрғыдан ұлтаралық, мәдениаралық, этносаралық қарама-қайшылықтар мен қақтығыстардың алдын алуға және оларды болдырмауға мүмкіндік береді, сонымен қатар, әртүрлі деңгейдегі тілдік құралдарды таңдау барысында мүмкіндігінше орынды тілдік құралды табуға жәрдемдеседі. Бұл тұрғыдан, саяси дұрыстылық категориясы АҚШ-тың тілдік және мәдени тәжірибесіне тән құбылыс.

Жоғарыда айтылған «жақсы» ниеттегі саяси дұрыстылық ұғымын асыра қолдану жағдайлары да аз емес. Бұл құбылыс саяси тұрғыдан жағымсыз тақырыптардың жайылуын тоқтату мен қоғамдық ой-сананы қажетті арнаға бұру арқылы мәлімет жеткізу мен ақпараттық кеңістікті жүйелеу мен ережелерге бағындыруда аса ірі рөл ойнайды. Мысалы, дәстүрлі емес жыныстық бағыттағы тұлғалар өз құқықтарын ашық және саяси дұрыс тәсілмен қорғай алады. Алайда, оларға қарсы пікір көрсеткендер саяси «дұрыс» көзқарасқа ие тұлғалар тарапынан гомофоб аталуы әбден мүмкін. Осылайша, саяси дұрыстылықты кез-келген қарсылық білдіру көңіл-күйін басу және қоғам мүшелерінің ойсанасына әсер ету мақсатында қоғамдық көзқарасты қажетті арнаға бұрудың амалы ретінде де қарастыруға болады. Бұл орайда, саяси дұрыстылық қоғамның кіші топтарының мүддесін қорғауға негізделген деп айтуға әбден мүмкін.

Соңғы кездері АҚШ-та саяси дұрыстылық аясында көпмәденилілік (multiculturalism) пен тілдік код (speech code) тақырыптары қызығушылық тудыра бастады. Бұл орайда, көпмәденилілік «әртүрлі мәдениеттердің адамзат тарихына қосқан үлесін айқындайтын философиялық құрылым» [12, 325] ретінде анықталады. Көпмәденилілікті жақтаушылар батыстық немесе «еуроорталықтық» қағидалар негізінде білім беру мен тәрбиелеуден бастарту керек екендігін алға тартуда. Көпмәденилілік ұғымы ұлғая келе, тек қана нәсілдік және этникалық топтарды ғана емес, сонымен қатар, жыныстық, діни, қоғамдық-саяси қозғалыстарды қамтуда.

Тілдік код ұғымы 1962 жылы америкалық социолингвистер тарапынан қолданысқа енгізілген болатын. Р. Т. Беллдің пайымдауынша, «жеке тұлға қоғамдық жерлерде белгілі бір әдептік қалыптарын сақтауы шарт және бұл қалыптардың бірқатары тілдік әдеп қалыптарына сәйкес келеді» [2, 318]. Демек, саяси дұрыстылық құбылысы заманауи ағылшын тіліндегі тілдік әдептің қалыптарының өзгеруіне тікелей байланысты.

Адлердің [1, 214] тұжырымдауынша, қазіргі таңдағы ағылшын тіліндегі басты беталыс – тіркестерді қолдану барысында ешкімді ренжітпеу ниетін білдіретін оның «инклюзивті» (inclusive) мазмұнында. Сәйкесінше, белгілі себептердің арқасында саяси дұрыстылық шекарасынан шығып кеткен тіркестер «инклюзивті» терминтермен алмастырылуда, яғни, тілдік код өзгерісі орын алуда.

Тілдік код алмасуына ең жиі ұшырайтын терминдер тобы ұлттық, нәсілдік және этникалық топтарға жататын тұлғаларға қатысты.

Бұрын қолданыста болған тіркестердің көбі қазіргі таңда саяси дұрыстылық тұрғысынан орынсыз немесе тіл тигізуші, қорлаушы ұғымдар ретінде қабылдануда. Осыған орай, этноорталықтық, яғни, бағыныңқы мәдениеттерді жәбірлеу және еуроорталықтық, яғни, батыс, еуропа мәдениетін алдыңғы қатарлы деп санау тәріздес ұғымдар пайда болды. Ал бұл мақаланың зерттеу объектісі болып табылатын тіл саясаты саласындағы саяси дұрыс тіркестер алдыңғы сөйлемде аталып өткен екі ұғымды жоққа шығару нәтижесінде тілдік код мәртебесіне ие болып отыр.

Тіл саясатының саяси дұрыс тіркестері әлеуметтік лингвистика, этнография, шетел тілін оқыту, мәдениеттану тәріздес ғылым салаларынан бастау алған. Олардың ең алғашқы мысалдары ретінде АҚШ-та ХХ ғасырдың екінші жартысына дейін қолданыста болған Африка құрлығының тұрғындарын немесе олардың ұрпақтарын білдіретін «негр» (negro) термині еді. ХХ ғаcырдың 30-40-жылдарында «Африка нәсілі өкілдерінің басқа да этникалық топтармен теңдігін және олардың ар-ұжданынын мойындау» ретінде бұл термин бас әріппен жазыла бастады [9, 258]. Алайда, азаматтық құқық қозғалысының күшейюі барысында «Негр» сөзі испан тілінен енген кірме сөз және құлдық ұғымымен тығыз байланысты болғандықтан, «қара» (black) сөзімен алмастырылды. Уақыт өте келе «қара» сөзіне де қарсы пікірлер бой көтере бастады. Қазіргі таңда 1880 жылы ойлап табылған, алайда бірденен қолдау таба алмаған афроамерикалық (African-American) тіркесі қолданылуда. Біл тіркес қара нәсілді америкалықтарды туған құрлығымен байланысын айқындайтындықтан, өте орынды деп есептеледі. Сонымен қатар, Африка диаспорасы немесе қара нәсілді азамат тіркестері де кездеседі.

Қарама-қайшы пікірлер басқа да ұлттық және этникалық топтарды атау кезінде орын алды. Үндіс (Indian) сөзі саяси тұрғыдан дұрыс деп есептелмегендіктен, оның орнына ағылшын тілінде indigenous person немесе Native American тіркестері қолданыла бастады. Алайда бұл саяси дұрыс тіркестердің алғашқысы ғана қазақ тілбілімінде термин ретінде «жергілікті америкалық» болып қалыптасып, екіншісі шет қалып қойды. Эскимос (Eskimo) сөзі де жергілікті аляскалық (Native Alaskan) тіркесімен алмастырылды. АҚШ-та Латын Америкасынан келген эмигранттардың көбеюіне байланысты ХХ жүзжылдың 70-жылдары латынамерикалықтарды білдіретін Hispanics жалпы термині қалыптасқан еді. Алайда бұл сөз «табысы төмен, жаңажағдайларға нашар бейімделген» азаматтар коннотациясына ие болғандықтан, «латын америкалық» (Latino/Latina) нұсқасы ұсынылды [8, 25]. Сол сияқты, азияттықтарды білдіретін Oriental сөзі тарапсыз деп есептелетін Asian сөзімен алмастырылды. Алайда бұл соңғы берілген өзгеріс Қазақстанның географиялық және саяси-қоғамдық ерекшеліктеріне байланысты қазақ тілбілімінде көрініс таппады.

Жоғарыда келтірілген саяси дұрыстылық мысалдарының барлығы дерлік АҚШ-тың ұлттық құрамының өзгеруімен, түрленуімен тығыз байланысты. Тіл саясаты саласының саяси дұрыс тіркестері де АҚШ-тың қостілді және көптілді білім беру немесе алу барысында саны кіші этникалық топтардың өкілдерін ар-ожданына қол сұқпау, оларды кемсітпеу мақсатында бұрын қалыптасқан тіркестерді ысыра бастады. Мәселен, Garcia айтуынша АҚШ-та тіл білмегендіктен жапа шеккендерді білдіретін «English language learner» (сөзбе сөз: «ағылшын тілін үйренуші» автордың аудармасы) тіркесінің орнына «emergent bilingual», яғни, «бастауыш қостілді (адам)» тіркесі ұсынылды [17, 48-49]. Ал заманауи Қазақстанда шетел немесе кез-келген тілді үйренушілерге қоғамның қандай да болсын мүшесі тарапынан ешқандай қысым немесе жәбірлеушілік көрсетілмегендіктен, қазақ тілінде бұл тіркестің анау айтқан болымсыз коннотациясы жоқ, сәйкесінше, қазақ тілбілімінде термин ретінде қалыптаспады. Бұл тәріздес мысалдар қатарына алғаш америкалық ағылшын тілінде қолданысқа ие болған «heritage language» тіркесін де жатқызуға болады. Cho, Shin және Krashen (2004) анықтамасы бойынша иммигранттардың балалары немесе жастайынан басқа елден көшіп келгендердің тілдерін білдіретін [14, 54-61], ал Wiley (2005) толықтыруы бойынша бұрын колонияда болған тілдер мен босқындар тілін білдіретін кемсітуші коннотацияға ие «minority language» (сөзбе сөз: «миноритарлы тіл» автордың аудармасы) қазақ тіліне «мирас тіл» деп аударылатын тіркеспен алмастырылды [20, 248].

Ағылшын тілінің әлемнің түкпір-түкпірінде жаппай оқытылатынына байланысты британдық ағылшын тілінде TESL (Teaching English as a Second Language – ағылшын тілін екінші тіл ретінде оқыту), TEFL (Teaching English as a Foreign Language – ағылшын тілін шетел тілі ретінде оқыту), ал АҚШ-та және Канадада TESOL (Teaching English to Speakers of Other Languages – ағылшын тілін басқа тілде сөйлейтіндерге оқыту) тәріздес терминдер жиі қолданыла бастады. Бір қызығы, Еуропа Одағы парламенті әдетте саяси дұрыстылықтың бесігі болып саналатын Американың TESOL терминіндегі «басқа» сөзін кемсіту ретінде бағалап, оны қолдануды тыйым салуға бағытталған іс-әрекеттер жасаған. Алайда, ол іске аспай, нәтижесінде, шетел тілін үйрету саласының түрлі деңгейдері мамандары үш бірдей терминді жағдайға байланысты пайдалануда.

Тақырып бойынша жасалған теориялық шолу мен тәжірибелік іс-шаралар тіл саясаты саласының саяси дұрыс тіркестері ұлтаралық, мәдениаралық және этносаралық қақтығыстардың алдын алуға бағытталған идеологиялық және саналық реттеу механизміне ие екендігін көрсетеді. Сонымен қатар, олар әртүрлі деңгейдегі тілдік құралдарың ішінен ең орындысын таңдауға мүмкіндік береді. Ал мәдени-әдептік категория ретінде саяси дұрыстылық жағымсыз стереотиптерді болдырмауға және жәбірленуші топтарға деген шыдамдылықты дамытуға бағытталған қоғамда қалыптасқан мәдени және әдептік қалыптар жүйесін білдіреді және бұл топтардың теңдігін қамтамасыз етеді.

Осылайша, контекстерге лингвистилистикалық талдау жасау барысында саяси дұрыс тіркестер мен терминдер ағылшын тілінің жүйесіне едәуір әсер еткендігін байқауға болады. Алайда Қазақстанның этникалық және лингвистикалық жағдайының өзіндік ерекшеліктеріне байланысты бұл тіркестердің санаулылары ғана қазақ тілбілімінде көрініс тапқан.

 

Әдебиеттер

  1. Адлер Д.Борьба против политической корректности // Америка.– № 442.–1993. – С. 214.
  2. Белл Р.Т.Социолингвистика:цели, методы и проблемы.М.:Междунар. отношения.Социолингвистика.–1980. –С. 318.
  3. Гуманова Ю.Л. Политическая корректность как социокультурный процесс: на примере США: Дисс. канд. социол. наук. – Мәскеу, 1999. – С. 91.
  4. Комлев Н.Г.Словарь иностранных слов. – Мәскеу: Эксмо-пресс,1999. – С. 36.
  5. Остроух А.В. Политическая корректность в США: культурологический аспект: Дисс. … канд. культур.наук. – Мәскеу, 1998. – С. 57.
  6. Панин В.В. Политическая корректность как языковая и культурно-поведенческая категория. / В.В. Панин. // Межкультурная коммуникация: тенденции и опыт. – Нижний Тагил,2003. – С. 48.
  7. Тер-Минасова С.Г. Язык и межкультурная коммуникация. – Мәскеу: Слово, 2000. – С. 57.
  8. Трофимова З.С. Словарь новых слов и значений – Мәскеу: Павлин, 1993. – С. 25.
  9. Allen I.L. Unkind Words: Ethnic Labeling from Redskin to WASP – Bergin & Garvey, New York – Westport – London. – 1990. – 258 р.
  10. Bauman M. E., Beckwith, F. J. Are You Politically Correct? Debating America's Cultural Standards.Buffalo, NY. –1993. – 210 р.
  11. Beard H.Cerf C. The Official Politically Correct Dictionary and Handbook. -Villard Books, NY.– 1995. – 195 p.
  12. Beckwith F. J., Bauman M. E. Are You Politically Correct?: Debating America's cultural standards edited by – Prometeus Book, Buffalo. – 1995. – 325 p.
  13. Bryson B.Made in America.Minerva, London.–1995. –450 p.
  14. Cho G.Krashen K., & Shin F. What do we know about heritage languages? What do we need to know about them? Multicultural Education, 11(4).–2004. –Рp. 54-61.
  15. D'Souza D. Illiberal Education: the Politics of Race and Sex on Campus. – TheFree Press, NY.–1991. –250 p.
  16. Fishman J. 300-plus years of heritage language education in the United States. In J. K.Peyton, D. A. Ranard, & S. McGinnis (Eds.), Heritage languages in America: Preserving a national resource (pp. 81-89). Washington, DC & McHenry, IL: Center for Applied Linguistics & Delta Systems, 2001. –Рp. 18-22.
  17. Garcia G. The Decline of Men: How the American Male Is Getting Axed, Giving Up, and Flipping Off His Future. HarperCollins Publishers.2009. –Рp. 48-49.
  18. Ravitch D. Multiculturalism: E Pluribus Plures // Are You Politically Correct?:Debating America's Cultural Standards. Prometheus Books, Buffalo, NY. –1993. –Рp. 165-185.
  19. Walker S. Hate Speech: The history of American Controversy. – University of Nebraska Press, Lincoln and London. – 1994. – 167 p.
  20. Wiley T. G. Literacy and language diversity in the United States. (2nd ed.). Washington, DC: Center for Applied Linguistics, 2005. – 248 р.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.