Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақ журналистикасының өзекті мәселелері

Мақалада қазақ журналистикасының өзекті мәселелері сөз болады. Әр мемлекетте баспасөздің ұлттық және тәуелсіз сипат алуы қарап тұрсаңыз, егемендік пен еркіндіктің символындай болып көрінеді. Елдің тарихының өткенін зерттеп, бүгінін талдап, ертеңіне дейін болжап жазар баспасөз – мемлекеттің әр мүшесінің ақпарат көзіне айналған. Барлық басылымдар саяси-әлеуметтік, әдеби-қоғамдық ұстаным мен бағыттарына қарай ел тынысын, жаңалығы мен жалпы хабарын сол сипатта мазмұндайды.

Дегенмен бұл тақырыпта сөз қозғамас бұрын, алдымен, баспасөзді ақпаратпен қамтитын журналистиканың жеке өз алдына ғылым ретінде тану − көптеген мамандармен мойындалмай жүргендігін айта кеткен жөн. Бұл отандық көлемдегі дәйек қана емес, жалпы әлемдік журналистиканың ғылымның критерийлеріне сай еместігінің дәлелі. Әлбетте, кез келген ең жеңіл деген әрекеттің өзі теорияға негізделеді. Бұл – бүгінгі таңда журналистиканы ғылыми-теориялық негіздеу және нығайтуды өзекті мәселеге айналдыру қажеттілігін туындатып отыр.

Әр мемлекетте баспасөздің ұлттық және тәуелсіз сипат алуы бір қарап тұрсаңыз, егемендік пен еркіндіктің символындай болып көрінеді. Елдің тарихының өткенін зерттеп, бүгінін талдап, ертеңіне дейін болжап жазар баспасөз – мемлекеттің әр мүшесінің ақпарат көзіне айналған. Барлық басылымдар саясиәлеуметтік, әдеби-қоғамдық ұстаным мен бағыттарына қарай ел тынысын, жаңалығы мен жалпы хабарын сол сипатта мазмұндайды.

Дегенмен, бұл тақырыпта сөз қозғамас бұрын, алдымен баспасөзді ақпаратпен қамтитын журналистиканың жеке өз алдына ғылым ретінде тану − көптеген мамандармен мойындалмай жүргендігін айта кеткен жөн. Бұл отандық көлемдегі дәйек қана емес, жалпы әлемдік журналистиканың ғылымның критерийлеріне сай еместігінің дәлелі. Әлбетте, кез-келген ең жеңіл деген әрекеттің өзі теорияға негізделеді. Бұл – бүгінгі таңда журналистиканы ғылыми-теориялық негіздеу және нығайтуды өзекті мәселеге айналдыру қажеттілігін туындатып отыр. Журналистика саласының осы бағыттағы /әрекеттер негізінде/ нағыз өзекті мәселелер жиынтығын мысалға келтірейік. Сонымен, ғылым қалыптастырған қағидаттар мен БАҚ еңбегінің нәтижесі бір арнаға тоғыса алмай келеді. Егерде біз бүгінгі күні өзекті болып тұрған осы мәселені өз алдымызға сұрақ етіп қояр болсақ, оған /журналистикалық әрекеттер барысында/ негіз болар кейбір дәлелдерді себеп етіп көрелік.

Біріншіден, ғылымның түпнегізінде этиканың жатқандығы көп нәрсені түсіндіреді. Бұл – дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома десек те, егер дәлелмен нақтылайтын болсақ, бұл – бүгінгі күні ғалымдардың негіздеуімен ғылымда мойындалған теория. Ғалым Александров бұл тақырып барысында көп ізденіп, ғылымның этикасыз өмір сүре алмайтындығын дәлелдеді. Ол өз тұжырымдамасын Будда ілімінің қалыптасуын мысалға келтіру арқылы дәлелдейді. Мысалы, тарихи аңызда былай деп беріледі:

«Будда үйінен шығып, айналасындағы азғындалуды, адамдардың азабын, кедейлердің қорлығы мен байлардың зомбылығын көреді. Осыдан оның көкірегенде мұқтаждарға көмектесіп, азғындалғандарды оң бағытқа бұру тілегі оянады.»

Будда этикасының ғұмыры − дәуірлерді қамтыған ілімнің қалыптасуына алып келді. Карл Маркстың да адамдарға көп нәрсені анықтаған еңбегінің жазылуына түрткі болған жәйттерден, көзқарастарынан − бұндай әрекет аңғарылады. Демек ғылымның қозғаушы күші – этика − адамдардың қажеттілігін өтеуге деген ұмтылыс. Осы тұста объективтіліктің қажеттілігі тайға басылған таңбадай-ақ көрініп тұр. Адам басқаның қажеттілігін өтейтін әрекеттер жасау үшін ең бірінші кезекте өзіндік «меннен» арылуы тиіс. Бұндай қадамға барардан бұрын, алдымен оның талабына қол жеткізбей, не мән бермеген жандар тарапынан үлкен қателіктер кетіп жатады. Мысалға қарапайым ғана ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты алайық: анасының жақсы пиғылының перзентіне кері әсер етуі, әбден мүмкін немесе медицинадан хабары жоқ адамның өзі қаламаса да, емделушіге залалын тигізуі т.б. Ғылыммен айналысатын адам өзгелердің қажеттілігін ешқандай сезімдердің тұмшалануынсыз көре білуі керек. Міне − этиканың болмысы. Осыдан журналистиканың ең өзекті мәселесі туындайды – этикаға негізделмеуі, ал салдары ғылым ретінде әлеуеттен өз орнын ойып ала-алмауында болып тұр.

Ғылымның түп негізі есебіндегі этиканың журналистикадағы рөлі қаншалықты.? Өкінішке орай, тек адамдардың қажеттілігіне негізделетін объективті ақпаратты кезіктіру – өте қиын шаруа. Бұның орын алуына мына факторлар әсер етеді: сенсация қуушылық, журналистің өзіндік «менін» жеңе алмауы, саяси ықпал, толыққанды қауіпсіздіктің қамтамасыз етілмеуі. Бұлардың әр қайсысына тоқталар болсақ:

Бүгінде PR жасаудың бір жолы болып саналатын сенсация – бұрын ешкім естімеген, таңғалдыратын жаңалық болуы керек. Өмір заңдылығынан, логикалық тұжырымдамаларға сүйенсек, табиғи сенсацияның апта сайын, кейде тіпті ай немесе жыл сайын орын алуы мүмкін емес. Ал, басылымдар айлық, апталық, күнделікті жиілікте шығады. Және олардың алдында тираж көбейту, рейтинг көтеру, журнал немес газеттің сатылымын өсіру секілді мақсат тұрады. Ал, бұған сенсация арқылы қол жеткізуге ұмтылатындардың саны күн санап өсіп келеді. Таңғаларлық жағдайдың күнделікті қажеттіліге негізделген еңбек − этикалық нормаларға қаншалықты деңгейде сәйкес бола алады? Адамдардың қажеттілігін өтеу емес, керісінше жалған көзбояушылыққа арбап, материалдық және рухани зиянын тигізу алдыңғы орынға шығып кетеді. «Караван», «Жас Алаш», «КТК» сынды БАҚ өкілдері бұл фактордың практикадағы көрінісінің мысалы бола алады. Бұндай жағдайда журналистің адам ретіндегі жекебас мәдениетінің рөлін де жоққа шығара алмасақ керек, бұл тұрғыда аға буын, тәжірибелі сыншы, журналистің ой түйініне тоқтала кетейік: «Интеллигент дегенді зиялы, интеллигенцияны – зиялы қауым атап жүрміз. Ал, түптеп келгенде, бұлар тепе-тең ұғымдар емес. Хас зиялылық – рухани ақсүйектік – ТабиғатТәңірдің берер сыйы; адам баласына тән және ең ізгі қасиеттердің квинтэссенциялық жиынтығы, тұнып тұрған парасат пен мәдениет. Хас зиялыға жан дүние, жан-жүйкенің үнемі жетіліп отыруы, осы жетілу барысында ашыла түсер тыныс-дем тән.»[1, 111]

Екінші факторды мынадай мысал тұрғысынан қарастыралық. 2012 жылы қазан айында Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қабырғасында өткен Олжас Сүлейменов, Поллад Бюь-бюль-оглу, Төлеген Мұхаммеджановпен студенттердің кездесуінің жаңалықтардағы көрінісі еліміздің әр арнасынан әр түрлі мағынада көрініс тапты. Мысалы, П.Бюль-бюльоглу өз баяндамасында:«бейбітшіліктің маңыздылығын, бұрынғы метрополя Ресей сынды мемлекетте елші болудың өзіндік қиындықтарын» атап кеткен болатын.«Хабар» телеарнасынан аталмыш автор баяндамысының «бейбітшілікке қатысты сөздері» қиып алынылған нұсқасы ұсынылса, жеке меншік басылымдарда, «Ресей доминанттығының қиындықтары» хақындағы айтқандары берілген. Осы бір жиылыстың екі жағдайда қорытылуы, журналистің бірінші кезекке аудиторияның қажеттілігін толыққанды өтеуді емес, /өз қыз мет орнының/ яғни, басылымның немесе телевизияның «менін» алға қойғандығынан пайда болып тұрған нәтиже. Міне, теориялы мазмұнға құрылмаған жалаң ақпараттық жүйенің ғылыммен қайшы келер тұсы деп қарастыруға болады.

Сонымен бірге саяси ықпалдың көріністері мемлекетке тиесілі бұқаралық ақпарат құралдарынан ғана емес, нейтралды, кейде тіпті оппозициялық көзқарастағы журналистердің еңбектерінен де көрінеді. БАҚ қай кезде де саяси идеологияның күшті насихаттаушысы бола білді. Осы тұрғыда халықтың рухани қажеттілігін өтеумен емес, санасын белгілі бір идеямен улау арқылы этиканың өрескел бұзылушылығын көрсетті.

Кезінде «кеңестік интиллегенция тұтастай қарастырғанда «психикасымен де, физикасымен де ағымдағы ағынға аңсары ауды да тұрды. Зады, ағымшыл азаймай ой ағыны тазармайды.

...Бірнеше буын ауыспайынша интеллигенция «жалған көсемдік синдромынан құтыла алмайды. Бірнеше ұрпақ ауысқан соң болашақ қазақ зиялысы, өз анықтамасына сай, шын мәніндегі рухани ақсүйек қуатты күшке айналарына сенгім келеді.»[2, 130]

Бүгінгі күні халық арасында ««Хабар» -дағы Қазақстан», ««Жас Алаш»-тағы Қазақстан» секілді сөз тіркестері жиі қолдалынады. Расында, кейбір жаңалықтардан өзіңіздің жұмақта күн кешіп жүргеніңізге кәдімгідей сеніп қалсаңыз, енді бірінен өзің өмір сүріп отырған қоғамның жағымсыз, жоқшылықты, қылмысты тұстарын терген ақпараттарға куә болып сүреңсіз көңіл күйге түсесіз. Бұл − журналистиканың ғылымға қатыссыз жалаң тұстарын сипаттайтын, қоғамның тіршілік тынысын баққан, биліктің ақпаратын таратушы саяси-әлеуметтік құралы ретінде дәлелдейтін деректі фактілер болып табылады. Бұдан этиканың басты критерийі объективтіліктің ең қауіпті жауы − саяси ықпал екендігі көрінеді. Сондай-ақ, толыққанды қауіпсіздіктің қамтамасыз етілмеуі салдарынан халықтың шынайы қажеттілігін өтеуді көздеген көптеген талантты журналистердің о дүниеге аттанғандығы да ешкімге құпия емес. Бұл − қоғам шындығы және жекебас трагедиясы. Бұл көпшілік журналист талап етіп жүргендей БАҚ заңдарына өзгеріс енгізудің қажеттігін емес, керісінше қабылданған заң ережелерінің қағидаға айналып қоғамда бұлтармай толыққанды орындалуымен шешілетін мәселе. Алайда, қауіпсіздіктің кепілді болуы мүмкін емес деп қарайтын болсақ, БАҚ қызметіне өзін толықтай арнаған әрбір тұлғаның ғылыммен айналысуы да шетін нәрсе секілді, дегенмен журналист жоғары білімді маман ретінде өз білімін ғылыммен ұштастыруға құқылы. Әйтседе, салқын аудиторияда берілген дәрістен, өмірдің қайнаған қызуында жүріп алған сабақ шәкіртжурналисті өз ісіне тез бейімдеп, мамандығының ыстық-суығына төзімді жауынгер етіп тағайындары шындық қана емес ақиқат. Бұл мақсатта журналистика мамандығына медицинаның маманды қалыптастыру үрдісін тәжірибе үлгісінде қарастыруына да болатындай. Мысалы, алғашқы екі жылын теориялық негіздеуге арнаған студент, өзін келесі екі жылда арнайы бағдарлама негізінде жоспарланған тәжірибеде шынықтырып келіп, осы төрт жылдық оқу-білім және еңбек тәжірибесі негізінде теориялық жұмыс жазып қорғаса, ол әлдеқайда журналистика мамандығының табиғатына жақынырақ және дәлелді болар еді. Міне, бұл сәт − біздің ойымызша мүмкін журналистика мамандығы үрдісіндегі ғылым мен тәжірибенің ұштасар бастапқы тұсы болар еді.

Қорыта келе айтарымыз, қазақ журналистикасының бүгінгі таңда туындап отырған кейбір басты да маңызды мәселелері өз алдына ғылым саласы болып қабылданбауына келіп тіреледі.

 

Әдебиеттер

  1. Бөпежанова Ә. Қазақ зиялылары:өткені, бүгіні, ертеңі.// Кітапта: Дүние имани құбылыс. Алматы: Өлке. 2001.
  2. Сүлейменов А. Шындық − көп, ақиқат − жалқы.// Кітапта: Дүние имани құбылыс. − Алматы: Өлке, 2001.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.