Сөйлеу жанры мәтінінің прагматикалық құрылымында кездесетін фразеологизмдердің окказионалды өзектіленуі

Бұл мақалада сөйлеу тілі прагмосемантикасындағы фразеологизмдердің окказионалды өзектілеудің прагматикалық тәсілі туралы айтылады. Қазіргі кезде прагматикалық тәсілге көп көңіл бөлініп жүр, себебі оның шығармашылық және ғылыми қыры басым. Бұл тәсіл зерттеушіге көркем мәтінді оның оқырманға қалай әсер ететіндігі жағынан, сонымен бірге осы мәтіннің семантикалық және құрылымдық-компоненттік байланысуы тұрғысынан талдау жасауына көп мүмкіндік береді.

Cөйлеу жанры мәтіні арқылы автор оқырманға өзінің әлемді – зат, құбылыс, олардың ерекшелігі мен арақатынасын түйсінуі әрі тануы арқылы хабарлайды, осылайша ол өзінің болжаған прагматикалық тиімділігіне қол жеткізуді көздейді. Себебі бұл мәтіндердің құрылымының прагматикалық мәні соңғы нәтижені, тиімділікті қарастыру барысында анықталады.

Көркем мәтіндерде фразеологиялық тұлғаның (әрі қарай – ФТ) окказионалды өзектіленуі оның жанр ретінде қалыптасу процесінде маңызды қызметін атқарады. Өйткені көптеген жағдайда, эмотивтік әсердің жасалуы мен оның тиімділігін арттыру барысында тура осындай фразеологиялық тұлғалардың өзіндік негізгі прагматикалық жүктемелері болады. Ал ФТ мәтіннің бір бөлігі болғандықтан, ол көркем мәтіндерде мәтін құрайтын тұлға болып келеді, сондықтан ең алдымен мәтін ұғымының көлемін анықтау қажет.

Мәтін ұғымын талқылаудағы көптік пен әралуандылық зерттеу объектісінің күрделілігіне байланысты туындайды. Мәтінді, оның шеңбері мен құрамын анықтау мәселелерімен қазіргі ғылымның мына салалары айналысады: философия, лингвистика, мәдениеттану, әдебиеттану. Бұл салалар мәтінді әр түрлі қырынан қарастырады, дегенмен де, көбінесе, әдеби көркем және «нормаға» сәйкес ғылыми жазбаша мәтіндер зерттеу пәні болады оны М.М. Бахтин (1986); В.В. Виноградов (1963, 1980); Ю.М. Лотман (1996) және т.б. ғалымдар еңбегінен көруге болады. Бұл ғылыми әдебиеттегі мәтін ұғымының көптігі мен әралуандылығын анықтайды. Мәтіннің ауызша, жазбаша формалары жөніндегі мәселені зерттеу барлық зерттеушілер үшін аса маңызды мәселе. И.Р. Гальперин, Е.С. Кубрякова және О.В. Александрова сынды ғалымдар мәтін сөйлеу тілінің жазбаша формасын жасайды деп есептейді. Ал, Н.В. Болотнова [1, 21-22] мәтінді «ақпараттық-мағыналық және прагматикалық мәні бар қарым-қатынастың белгілі бір аясындағы тілдік жүйені жүзеге асыратын коммуникациялық бейімделген, контекстік (концептуалды) шартталған нәтиже» деп қарастырады.

Қазіргі лингвистиканың ең басты ерекшелігі – тілдік процестерді зерттеуге шығармашылық қадам жасау. Сөйлеу тілі шығармашылығы ретінде мәтін тіл қызметін жасаудың бір тәсілі болып саналады.

Қазіргі лингвистиканың сөйлеу тілін аса қызығушылықпен қарастыруының нәтижесінде сөйлеу тілі жанры, қарым-қатынас жанры деген ұғымдармен қатар осыған ұқсас зерттеулер көбейді.

Біздің көзқарасымыз бойынша, И.Р. Гальпериннің анықтамасы мәтінге толық әрі ұтымды берілген анықтама: «Мәтін дегеніміз – аяқталған ойды білдіретін, жазбаша құрал ретінде объектілік бағыты бар, сөйлеу тілі шығармашылық процесінің туындысы; ол тақырып және лексикалық, грамматикалық, логикалық, белгілі бір мақсат-бағдары бар стилистикалық байланыстың әр алуан түрлері арқылы біріктірілген негізгі бірліктер қатарынан тұратын туынды [2, 18].

Сөйлеу тілі жанрларын зерттей отырып, Т.В. Шмелева [3] оның маңызды белгісі мен бір формалық белгісін бөлді: 1) сөйлеушінің адресаттың біліміне, эмоциялық көңіл-күйі немесе мінезіне тікелей әсер ету нәтижесіндегі осы жанрдың коммуникациялық мақсаты;

2) автордың концепциясы; 3) сөйлеу барысында сөйлеушінің адресат өзіне қандай қарымқатынаста болатыны туралы ойлау, сөйлеу

барысында айтылған ой олардың әрқайсысына қалай әсер етеді, әрі осы сөйлеу алдыңғы және кейінгі мәтіндермен қалай байланысатындығын білдіретіндігімен айқындалатын адресат концепциясы; 4) оқиғалық мазмұны;

  1. коммуникативтік өткен шақ факторы;
  2. келер шақ факторы – автор тұжырымдамасына, оның тыңдаушы айтқан сөзді қалай қабылдайтындығына қатысты болжамына жатады; 7) тілдің нақты жүзеге асуы.

М.М. Бахтиннің сөйлеу жанрларын бөлуі қарым-қатынастың түрлі салаларындағы сөйлеу қызметінің принципіне негізделген, және ол «сөйлеу жанрларының арасындағы бейфункционалды сипаты бар екендігін көрсетеді» [4, 147]. Сөйлеу жанрлары «жүзеге асырудың ең басты орталығы» жазбаша сөйлеу тілі болатындығымен ерекшеленеді. Бұл жанрлар да өзінің қызметі мен қалыптасу орталығына қарай әр алуан болады. «Сөйлеу тілі жанры өте күрделі және жоғарғы деңгейде дамыған әрі ұйымдастырылған мәдени қарымқатынас (жазбашаға қатысты) барысында пайда болады, бұл жағдайда оның белгілі бір деңгейде трансформацияланған қарым-қатынастың тұрмыстық аясындағы сөйлеу жанры түріндегі ұқсастықтары болады» [4, 146-147].

Ғалым М.Ю. Федосюк: «Сөйлеу тілдік түсінігі жанрына келетін болсақ, оның қолданыс мүмкіндігінің аясы тек қана сөйлеумен шектелмейді, М.М. Бахтиннің теориясын дәлелдей отырып, сөйлеу тілі жанрын – сөйлеудің емес, мәтіннің тұрақты тақырыптық, композициялық және стилистикалық түрлері деп санауымыз қолайлы болады», – деп жазды [5, 104].

Сөйлеу жанрлары арқылы коммуникация пайда болады, осылайша олардың көлемі мен семантикалық құрамына қарасты тұтастығы коммуникацияға сүйенеді. Қажетіне қарай бұл мәтіндер ірі әдеби көркем мәтін күйіне дейін жете алады.

Сөйлеу жанры мәтіндеріне толық форматты әдеби-көркем мәтіндердің ерекшеліктері тән.

Мәтін тұтастығы белгілі бір мақсатқа жету, сөйлеу тілінен тыс міндеттерді шешуге функционалды түрде бағытталған оның мазмұндық ұйымдасуы арқылы анықталады. Мәтіннің тұтастығы лингвистикалық жолмен анықталмайды: тек қана ұсынылған мақсатқа сәйкес тұлға ретінде қабылданатын мәтін тұтас бола алады (осыған орай ол мәтін болып саналады).

Мәтін байланыстылығы «мәтіннің түрлі деңгейлерінде (фонетикалық деңгейден бастап, синтаксистік деңгейге дейін, сонымен стилистикалық және құрылымдық деңгей) және жеке оқиғалардың әр түрлі жиынтығында, басқа параметрлерде пайда болады.

Мәтіннің контекстік-мағыналық аяқталуына И.Р. Гальперин мынадай анықтама береді: «Мәтін дегеніміз – өзіндік мазмұны бар аяқталған хабар, әдеби тілде бұрыннан қалыптасқан хабар формаларының (функционалдық стиль, оның түрлері мен жанрлары) абстрактілі бір моделі бойынша ұйымдастырылған және өзінің белгілері арқылы сипатталатын хабар» [2, 16]. Сөйлеу жанры мәтіндеріне қатысты М.М. Бахтин контекстік-мағыналық аяқталуды былайша сипаттайды: «сөйлеудің аяқталуы бұл – сөйлеу субьектілерінің ішкі жағының ауысуы: бұл ауысу сөйлеуші бар ойын айтқанда (немесе жазғанда), ол осы уақытта өз ойын айтқысы келгенде жүзеге асуы мүмкін. Тыңдап немесе оқи отырып, біз сөйлеудің аяқталғандығын анық сеземіз. Бұл аяқталу – ерекше және ол ерекше критерийлер арқылы аяқталады. Сөйлеудің аяқталуының бірінші әрі маңызды критерийі – бұл оған жауап беру мүмкіндігі, кеңірек әрі нақтырақ айтсақ, оның жауап позициясын иеленуі» [4, 268-269].

Біз тұтастық пен байланыстылықты сөйлеу жанры мәтіндерінің ең елеулі сипаты деп ойлаймыз. Біздің ойымызша, сөйлеу жанры мәтіндерінің имплицитті сипаттамасы ретіндегі тұтастық «референттік көзқарас, ассоциация және жанама-сигнификативті компоненттер «қосылатын» денотативті жағдайдың мәтінмен өзара байланысы болып табылады. Мұның бәрі мәтіннің мағыналық және прагматикалық құрылымы ретінде анықталады.

М.М. Бахтин айтқандай, бір жағынан кез келген сөйлеудің аяқталуын және оның жауап позициясын иелену мүмкіндігін білдіретін, екінші жағынан, белгілі бір жанрлық форманы анықтайтын маңызды фактор – сөйлеушінің түпкі ойы. Ол: «Әрбір сөйлеу тілінен – бір сөзді тұрмыстық репликадан ірі репликаға, ғылым мен әдебиеттің күрделі шығармалары негізінен біз тұтас ой, оның көлемі мен шекарасын анықтайтын сөйлеу ойын біз еркін түсінеміз, сезінеміз, байқаймыз. Сөйлеуші осы ойы мен еркі арқылы нені айтқысы келгендігін де елестете аламыз және сөйлеудің аяқталуын топшылаймыз. Бұл түпкі ой бір объекті, сонымен бірге оның мән-мағыналық сипаты ретінде анықталады»,-деп жазды [4, 270]. Бахтиннің сөйлеушінің түпкі ой термині мен сөйлеу қызметі теориясындағы иллокутивті күш термині сәйкеседі. П.Ф. Стросян былай деп жазды:

«Расында да, сөйлеудің иллокутивті күші өз мәні бойынша сөйлеушінің тыңдаушыға бағытталған ниетін анықтауға және сөйлеушінің оны тануға арналған танымы жатады» [6, 149]. Лингвистика саласында маңызы бар прагматикалық зерттеулердің ықпалының нәтижесінде мәтіннің лингвопрагматикасы сияқты бағыт жасалынады. Бұл бағыт оқырманның мәтінді адекватты тұрғыда түсінуіне көмек беретін, осылайша оқылған ойға реакция беру мәтінін құрастыратын прагматикалық ережелерді суреттеу және анықтаумен айналысады; мәтіннің лингвопрагматикасы автордың оқырманға әсер ету мақсатында құрылатын немесе білінетін контекстік-оқиғалық ортасына негізделіп жасалады.

Қазіргі уақытта қарым-қатынастың негізгі бірлігі деп лингвистика саласы мәтін мен оның ішкі құрылымын атайды, ал бұл мәтіннің туындауына шешімді ықпал ететін факторлардың таңдау қажеттігін туғызады. Бұл нақты оқиғаға сәйкес, ол ең алдымен, коммуникацияның құрылымы мен соңғы мақсатын орындауға бағытталған коммуникациялық бірліктердің құрылымы және семантикасының өзара қарым-қатынасын, коммуникациядағы әңгімелесушілердің бір-біріне тигізетін әсерін айқындауды білдіреді. Әсер етудің бұл механизмі: 1) ақпарат берушінің мақсатына қарай тілдік тұлғалардың қолданылу тәуелділігін;

  1. ақпарат алушы алатын әсердің сипаты мен деңгейін білдіреді. Мәселен, И.П. Сусов сөйлеудің прагматикалық құрылымын сегіз мүшелі туынды деп түсінеді: «Мен – саған – осындай уақытта – осындай жерде – осы ой арқылы
  2. не себепті екендігіне қарай – осындай мақсатпен – осындай алғышарт, оқиғаға сәйкес – осындай тәсілмен – мынадай әлеуметтік-маңызды және жеке қарым-қатынастар негізінде
  3. осы жайлы – хабарлаймын» [7, 10-11], мұндағы семантикалық болып табылатын «осы жайлы» + «хабарлаймын» компоненттерінен басқа компоненттердің барлығы прагматикаға жатады.

Көркем мәтін тілінің адамға әсер етуін зерттеу адамдардың саналы және ұғынықсыз мінезіне басым әсер ететін тәсілдер мен құралдар өңдеу арқылы анықталады. Міне, осы жағдай белгілі бір жанр формасын таңдауға мүмкіндік береді – бұл арқылы автор өз ойының иллокутивті күші туралы, яғни осы автордың айқын коммуникациялық мақсатын сипаттайтын белгілердің комплексі туралы оқырманға хабарлайды. Бұл авторға иллокутивті мақсатқа, яки оқырманның білімі, еркі немесе санасына әсер етуі үшін, сол мақсатқа жетуі үшін қажет. Сөйлеу жанрлары мәтіндеріне қатысты осы ұсынылған прагматикалық құрылымды түзетулер мен өзгертулер енгізу арқылы жанрлық ерекшелік деп қабылдауымызға болады

Сонымен, сөйлеу қызметі мәтіні арқылы автор оқырманға өзінің әлемді – зат, құбылыс, олардың ерекшелігі мен арақатынасын түйсінуі әрі тануы арқылы хабарлайды, осылайша ол өзінің болжаған прагматикалық тиімділігіне қол жеткізуді көздейді, яғни оқырман жағынан сөйлеу немесе үнсіз қимыл туындату мақсатында оған әсер етеді. Хабар алушы естігенін/ оқығанын өз уақытында интерпретациялауы қажет. Прагматикалық интерпретация термині кең мағынада түсіну стратегиясын білдіреді.

Сөйлеу жанры түрлеріне қатысты синтагматикалық негізде құрылған мәтіндер жаңа реляциялық мағынаның пайда болуына қатысты тенденциялар арқылы сипатталады. Бұл жаңа реляциялық мағына мәтіннің семантикалық элементтерінің болмыс (денотат) объектілері және осы синтагматикалық конструкциямен байланысуы арқылы жасалады. Осылайша, берілген мәтіннің құрамындағы тілдік бірліктердің узуалды семантикасына әр түрлі реляциялық мағыналардың туындауы немесе ұлғаюы барысында пайда болады. Бұл түрлі ассоциациялардың пайда болуына ықпалын тигізеді. Осыған орай, мәтіннің нақты синтагматикалық ұйымы (құрылымы, құрамы) неғұрлым көп болған сайын (бұл әсіресе сөйлеу жанры мәтіндеріне қатысты), семантикалық байланыс та еркін әрі ассоциациялық бола түседі.

Ғалымдар автордың коммуникациялық мақсатына көп назар аударады, себебі автордың өзі ғана алуан түрлі тілдік құралдардың ішінен өзінің ойына толық жауап бере алатынын таңдап алады. Сондықтан да кейбір ғалымдар «тіл құралдарының стилистикалық қолданылуы нақты мәтінді басым түрде түсінуді қамтамасыз ететін осындай тұлға немесе формаларды таңдаумен байланысты» болғандықтан, прагматиканы мәтінмен авторлық жұмыс әрі мәтін туындату барысында сөйлемнің грамматикалық моделі мен лексикалық құралдарды таңдау процесімен сәйкес екінші маңызды фактор коммуниканттың аялық білімі болып саналады.

Сөйлеу жанрлары мәтіндерінің авторлығы дәстүрлі ұғым тұрғысынан қарағанда жеткілікті деңгейде шартты болып табылады (анекдот, частушка, қалжың және т.б.)сондықтан да коммуниканттардың аялық білімі мәтін тудыру барысында айқындаушы білім болады. Осылайша, көркем мәтіннің прагматикалық құрылымын оқырманның аялық білімін ескере отырып, мәтіннің оған әсер етуі арқылы зерттейміз. Себебі бұл мәтіндердің құрылымының прагматикалық мәні соңғы нәтижені, тиімділікті қарастыру барысында анықталады. Мәтін құрамына енген ФТ мәтіннің элементі ретінде өз мазмұнының бүкіл компонентімен ассоциацияланатын, осыған сәйкес өзіндік жүктемесі бар, тұтас мәтіннің бір бөлігі ретінде қабылданады. Бұл тұлғалар мәтіннің экспрессивтік жоспары – коммуникациялық табиғаты тұрғысынан туынды болып есептелетін және прагматикалық міндеттерді жүзеге асыруға қажетті параметрлердің ішіндегі ең маңыздысы. Мұндағы мәтіннің мазмұнына және оқырманның эмоциялық, интеллектуалдық және ерік-жігеріне әсер етуді күшейтетін автордың қарым–қатынасын мәнерлі етіп көрсетуге мүмкіндік беретін осы мәтінде қолданылған тілдік құралдар жиынтығын мәтіннің экспрессивтілігі деп атаймыз.

Мәтіннің экспрессивтілігін арттыру үшін бағалауыштық, стилистикалық және ФТ-ға қатысты басқа да тілдік құралдар қолданылады. Әдебиеттің әр түрлі (комикалық және сатиралық) жанрларында ФТ маңыздылығы артады. Өйткені бұл тұлғалардың өзіндік бағасы болады, осылайша ол тікелей оқырманның эмоциясына бағытталады. Осындай мәтіндердің туындауына оның прагматикалық міндеті көп ықпал етеді. Көркем мәтіндердің негізгі прагматикалық міндеті – бұл әлемді эмотивті ракурста көрсету. Оның үстіне, осы міндеттердің көмегімен а) қалжыңдауда (анекдот айтуда) авторлар «сөйлеу қызметі үшін дайын формаларды меңгереді», осылайша коннатативті қарым–қатынастар анықталады; в) автор белгілі бір құбылысқа (құптау, кінәлау, ашулану және т.б.), соның ішінде саяси, қоғамдық жағдайларға сәйкес өз көзқарасын білдіреді (жасырын, бүркеншік атпен немесе үшінші жақтан, сыртынан бақылаушы ретінде). Бұл жағдайда прагматикалық ақпарат «жақсыжаман», «жағымды-бәрібір-жағымсыз» сияқты бағалауыштық қарама-қарсы сөздер арқылы оқырманға кекесін және күлкілі жағдайда әсер етеді. Қарастырылып отырған мәтіндердің экспрессивтілігі тілдің экспрессивті құралдары (ФТ, жаргонизм, ауызекі лексика және т.б.) және түрлі тәсілдер (гипербола, гротеск, тілдік ойын, стилистикалық келісу, каламбур және т.б.), тірек сөздер мен сөз тіркестерінің қайталануы, мәтіннің композициясы мен құрылымдық ерекшелігі, мәтіннің түрлі норма және стереотиптері (тілдік, әлеуметтік, мінез-құлықтық және т.б.), контаминация, көп мағыналылық арқылы анықталады. Бұл тілдік құралдар прагматикалық міндеттің орындалуына, яғни оқырманға әсер етуге көмек береді; Н.Д. Арутюнованың пікірінше: адам көзге оғаш, құлаққа жағымсыз кемісті құбылысты бірден байқайды: ол ретсіз аямен үйлеспейтіндігіне орай бірден айқындалады» [8]. Көркем мәтін жанрында жазылған, мәселен, анекдот, частушка, афоризм, әзіл және т.б. шығармалардың сатиралығы мен қазіргі үшін қажеттілігі олардың айқындаушы қасиеті болып табылады әрі олардың таратылуы мен танылуын қамтамасыз етеді.

Сөйлеу жанры мәтіндерінің прагматикалық құрылысын талдау барысында, біздің ойымызша, ФТ-ның прагматикалық бағыты мен берілген мәтіндердің құрылымындағы рөлін ескеру қажет. Осы тұрғыда оның екі бағытын байқаймыз:

  1. мәтіннің тілден тыс болмыспен байланысы оның мазмұны мен суреттеліп отырған оқиғалар арасындағы шынайы байланысты қамтиды;
  2. мәтіннің адамның сөйлеу санасы қызметімен өзара байланысы оның «өзара сәйкес коммуникациялық қызметінің логикалық байланысының құрылымынан көрініс табады». А.Г. Баранов мәтін ұйымдастырылуының семантикалық (денотативтік орта, денотативтік жағдай) және мағыналық (сигнификативтік орта) қабаттарын қарастырды. А.И. Новиков мәтіннің мазмұны мен мағынасын ажырата білу қажеттігі туралы айтты: «Мағына дегеніміз – бұл болмыс қалпы туралы ой, яғни мәтінде айтылатын ойдың интерпретациясы. Мағына интуициялық таныммен байланысты бірліктерге сүйенеді». Осылайша А.И. Новиков пен Г.Д. Чистякова [9, 37-48] мәтіннің мазмұндық-мағыналық құрылымы ақпараттың тілдік әрі экстралингвистикалық сипатының негізінде жасалады деген қорытындыға келеді. Бұл ақпаратты көбінесе мағынаның коннатативті аспектісі қолданады. Бұл мәтіннің мағыналық құрылымына оның перифериясы сәйкеседі. Оған түрлі пресуппозиция, ассоциациялық когезия, коммуникациялық мақсат, «тікелей контекст» деп аталатын прагматикалық әсер, сонымен бірге мәтіндік құндылық, бағалау және т.б. мағынасы жатады.

Тілден тыс болмысқа оның қатысы сияқты факторды есепке алмайынша, мәтіннің интерпретациялануы мен оның мағынасының ашылуы мүмкін емес. Мұндай жағдайда семантиканың логикалық және грамматикалық аспектісімен қатар ықтималдылық, мәтіннің коннатативті мазмұнының имплицитті қосымша семалары басты назарда болады. Таңбалық туынды ретіндегі мәтін адамзатты ойлау-сөйлеу туындыларын қамти отырып, өмірлік тәжірибесін анықтайды. Мәтін семантикасының ядролық және коннатативті қабатының (мәтін семантикасының ерекше перифериясы болып саналатын) өзара қызметі мәтін мазмұны мен автор ойының дұрыс және адекватты түсінілуіне мүмкіндік береді.

Көркем әдебиет мәтіндерінің коннатациясы семантикалық құрылымның елеулі элементі болып табылады. Ғалымдар оның құрамына эмотивтік, бағалаушы, стилистикалық таңбалауды жатқызады. Осы тұрғыда В.А. Маслованың пікірі орынды айтылған: «Мәтін эмотивтілігі дегеніміз – кез келген мәтіндер жасалынып, хабарланатын коммуникацияның прагматикалық мақсатына жету процесінде маңызды (кейде шешуші) рөл атқаратын сипаты» [10, 148]. Мәтіннің эмотивтілігін эмоциялық әсер етуге, оқырманның оқылған мәтін мазмұнына сәйкес эмоциясын өзгертуге қабілетті тілдік құралдардың жиынтығы, мәтіннің лингвистикалық сипаты ретінде түсінеміз.

Осыдан көркем мәтіндердің прагматикалық құрылымына тікелей қатысты оның екі деңгейлік құрылымын бөлеміз. ФТ-ның узуалды мағынасы мен оның окказионалды мағынасын бір-біріне қарама-қарсы қоюмыз осы жіктеуіміздің негізін құрайды: 1) жоғары деңгейдің негізі эксплицитті мағынадан тұрады: ФТ-ның контекстуалдық окказионалды мағынасы; оған ұғынуға қажетті элемент әрі қоғам өмірі немесе жеке адамның қызметтік фактілерін суреттеуге көмек беретін аялық білімі жатады;

төменгі деңгейге ФТ-ның эксплицитті немесе эксплицитті емес узуалды мағынасы жатады. Қарастырылып отырған мәтіндердің екі деңгейлік прагматикалық құрылымы ең алдымен осы мәтіндердің прагматикалық жабдықталуы арқылы анықталады: оқырманға эмотивтік әсер ету. Біздің зерттеуіміздің нысаны сөйлеу және көркем мәтін тілі болғандықтан, құрылымның бірінші деңгейі ФТ-ның немесе фразеологизмдердің (құрылымдық-семантикалық немесе жеке семантикалық сипат) окказионалды өзектіленуінің әр түрлі нұсқаларын қолдану арқылы эмотивтік әсер туғызу процесінің жасалуынан тұрады. «Мағына» және «мән» семантикалық категорияларының шеңберінде берілген мәтіндердің қос деңгейлік прагматикалық құрылымын сипаттай отырып, жоғары дейгей ФТ мәнінің, ал төменгі деңгей ФТ-ның узуалды мағынасының жүзеге асуын қамтиды. Автор мен оқырман мәдени-тарихи тәжірибесінің өне бойына сіңген фразеологиялық мағыналарын тұлғалық мағына ретінде қабылдайды. Фразеологиялық мағына мен мәннің арақатынасын осылай қабылдау семантикалық жүйеден бастап оның сөйлеу тілінің жүзеге асырылуына дейінгі зерттеу ойының қозғалысын, бағытын айқын көрсетеді.

 

Әдебиеттер

  1. Болотнова А.С. Художественный текст в коммуникативном аспекте и комплексный анализ единиц лексического уровня. – Томск: Изд. Томского ин-та, 1992. – 312 с.
  2. Гальперин И.Р. Информативность единиц языка. – М.: Наука, 1974. – 320 с.
  3. Шмелева Т.В. Речевой жанр: Опыт общефилологического осмысления // Междунар. научн-худож. журн. – 1995. – № 12. – С. 57-65.
  4. Бахтин М.М. Эстетика словесного творчества. – М.: Просвещение, 1975. – 423 с.
  5. Федосюк М.Ю. Нерешенные вопросы теории речевых жанров // Вопросы языкознания. – 1997. – №5. – С. 102-120.
  6. Стросян П.Ф. Намерение и конвенция в речевых актах // Новое в зарубежной лингвистике. – М., 1986. – Вып. 17. – С. 17-21.
  7. Сусов И.П. Прагматическая структура высказывания // Языковое общение и его единицы. – Калинин, 1986. – С. 15-21. 8 Арутюнова Н.Д. Аномалии и язык (к проблеме языковой картины мира) // Вопросы языкознания. – 1987. – № 3. – С. 5-11.
  8. Новиков А.И., Чистякова Г.Д. К вопросу о теме и денотате текста // Известия АН СССР. Сер. лит. и яз. – 1981. – № 1. – С. 48-53.
  9. Маслова В.А. Коммуникативный подход к проблеме коммуникативности текста // Коммуникативные аспекты значения: Межвуз. сб. науч. работ / Волгогр. гос. пед ин-т им. А.С. Серафимовича. – Волгоград: ВГПИ, 1990. – С. 148-156.
Жыл: 2014
Қала: Алматы
Категория: Филология