Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жапон және қазақ тілдеріндегі еліктеу сөздерінің зерттелу мәселесі

Бұл мақала ең әуелі еліктеу сөздерге түсініктеме беріліп, олардың жапон және қазақ тілдеріндегі ауызекі тілдегі және көркем әдебиеттегі, мақал-мәтелдер мен әжуа әңгімелердегі қолдану аясына шолу жасалынып, мысалдар берілген. Мақалада еліктеу сөздерінің зерттелу тарихы жайлы сөз қозғай келе, қазақ тілінде еліктеу сөздері әуелде біресе одағайдың, біресе үстеудің ішінде қарастырылып келіп, ХХ ғасырдың 60 жылдарынан бастап жеке сөз табы ретінде қарастырыла бастаса, ал жапон тілінде көне заманнан, көптеген ғалымдардың зерттеу объектісіне айналғаны белгілі болды. Еліктеу сөздер тобына жататын сөздердің екі тілдегі пайдалану аясы жөнінде айтар болсақ, аталмыш тілдерде бұл топтағы сөздер ауызекі тілмен қатар әдебиетте шығармаға ерекше мән беріп, көркемділігін арттыруда таптырмас құрал болып табылады екен. Соның ішінде, жапон дәстүрлі поэзиясында, оның ішінде хайку жанрында бұл сөздер кең қолданысқа ие.

Еліктеу сөз табына жататын сөздер адамды қоршаған табиғат құбылыстарының және айналадағы заттардың қозғалуынан шыққан дыбыстарға еліктеуден немесе адамның түрлі жағдайға байланысты әрекетіне, қозғалысына қатысты көріністердің, сонымен бірге желдің гуілі, жапырақтың сыбдыры, найзағайдың жарқылдауы, күннің күркіреуі, өзеннің сылдырап ағуы, заттардың құлап түсуі, домалауы, соқтығысуларына еліктеуден пайда болған мәнмағынаны білдіретін ұғым атаулары, сол сөздердің жиыны.

Қазақ тілі адамның көру, есту мүшелері арқылы түйсіну, ұғыну қабілетінен пайда болған мұндай еліктеу сөздерге өте бай. Олар ауызекі тілде де, әдеби тілде де кеңінен қолданылады. Ойды дәл де ықшам, жинақты да көрікті етіп жеткізуде ерекше көркемдік мән үстейтін сөздер. Мысалы: Төрт-бес ат суға түсіп, шомылып, жүндері жылт-жылт етіп,

[Ugetsu na koe wo korosu to dokidoki shite]

秋の蚊のよよよよド 来ど人は刺す。( 正正池正) 明明 көлшімектің жағасындағы балғын шалғынды

34年(

1901)

бырт-бырт орады.(С.Сейфулин); деген сөйлемдегі «жылт-жылт, бырт-бырт» еліктеу сөздері айтылған ойды көріктендіріп тұр.

Еліктеу сөздер көркем әдебиетте көп кездесетін, айтатын ойды дәл жеткізу жағынан ерекше мәні бар, тілімізге әрдайым әсемдік,

[Aki no ka no yoroyoro to kite hito wo sasu]

Вака жанрының ішіндегі танкада (31 буыннан құралған, бес қатардан түратын жапнның қысқа өлең жолдары) хайкудағыдай көп болмағанымен, бірлі-жарым кездеседі. Мысалы:

ひドひきど物は思へへ秋の池の稲稲ののよド のの人の

ықшамдылық, көріктік сипат беріп тұратын,

かき( 変変・

584・ ・・・)

шығарма тілін бейнелеп, мәнерлеп тұратын сөздер. Мысалы: Жақып шошып кеткендей, қысыңқырап отырған көзін бажыраң етіп ашып алды.(Ғ.Мұстафин).

Бұл сөздер мақал-мәтелдерде де көп кездеседі. Мұндай жағдайда да олар мақалмәтелдерге ықшамдылық, жинақтылық сипат беріп, оларды көріктендіріп отырады. Мысалы:

Бала күнде баланың бәрі бала-ақ, Үлкейген соң балағы дала-далақ.

Еліктеуіш сөздер жұмбақтарда да көп кездеседі. Мысалы:

Жылт-жылт еткен,

Жырадан өткен.

Еліктеуіш сөздер, әсіресе күлкі, әжуа, мысқыл, юморға байланысты көп қолданылады. Сондықтан олар сықақ әңгімелерде, фельетондарда көп кездеседі де, ғылыми, саяси әдебиеттерде кездесуі некен саяқ болады. Мысалы: Андасбаевтың айналасына ерген бірен-саран аңқаулар мен жалқаулар да жоқ емес. Аңдығаны қысыр әңгіме, пыш-пыш, сыбыр-сыбыр, жыбыр-жыбыр...

Еліктеуіш сөздер жапон тіліндегі ауызекі тіл мен әдеби шығармашылықтың да бөлінбес бөлшегі болып табылады. Мысалы:

「 彼はははははドはドド 叩きききき」 «Ол есікті тарс-тарс қақты»

[Kare ha doa wo don don tatakimashita]

Еліктеуіштердің эстетиткалық потенциалының ауқымдылығы оның көркем шығармада кеңінен қолданылуының бірден бір себебі. Еліктеуіштердің семантикалық вариативтілігінің арқасында, жазушы шығармаға ерекше өң, терең мағына беріп, образды нақты, дәл беруде ұтымды пайдалана алады.

Белгілі бір ритмді қалыптастыруда еліктеуіш сөздер поэзияда да, соның ішінде мысалы хайкуда (XIV ғасырдан бастап әйгілі болған вака дәстүрлі жапон лирикалық поэзиясының жанры) эмоционалдылықты күшейтіп, образды нақ жеткізу үшін қолданлады.

雨雨かか声は殺すド どきどききど( 池池池池) 「 ゆく 船」 平平12年( 2000)

[Hitori shite mono wo omoheba aki no ta no inaba no soyo to ifujin no naki]

春の野のきのき草稲の妻妻ひひド ひき・雉のほよよドぞ鳴く ( 同・ 1033・ 平平平)

[Haru no ya no shigeki kusawa no tsumakoi hini tobitatsu kijino hororo to sonaku ]

Сөз табы ретінде еліктеу сөз тілде кеңінен танылған сөздердің тобы. Ол түркі тілдерінің ертеректе шыққан грамматикаларында одағай сөз табының құрамында қаралып келген. Түркі тілдерінде еліктеу сөздерді өз алдына одағайдан алғаш рет бөліп, оның 115-тен артық құрылымдық түрі барын анықтаған чуваш ғалымы Н.И.Ашмарин болатын. Түркі тіліндегі еліктеу сөздерді бұдан кейінгі кезеңде өз алдына бөліп одағай сөзден айырмашылығын көрсеткен келесі ғалым Л.Н.Харитонов еді.

Қазақ тілінде біресе үстеудің, біресе одағайдың ішінде қарастырылып келген еліктеу сөздердің жеке сөз табы болып бөлініп даралануы профессор А.Ысқақовтың есімімен байланысты. Ахмеди Ысқақов қазіргі қазақ тілінде «еліктеу сөздер» өзгеше бір сөздер тобына жататынын баспа беттерінде елуінші жылдардың басында жариялаған мақалаларында-ақ дәлелдеді. Бұған дейін жалпы түркологиядағы сияқты қазақ тіл білімнде де жеке аталмай басқа сөз таптарының ішінде аралас беріліп келген еліктеу сөз, осыдан кейін қазақ тілі грамматикаларына жеке сөз табы ретінде еніп, 60-жылдардан бастап ғалымдардың назарына ілініп маңызды ғылыми тақырыпқа айналды. Еліктеу сөзге арнап Ш.Сарыбаева кітап шығарса, Б.Катембаева ғылыми жұмысының тақырыбы етеді.

Еліктеу сөздің жеке сөз табы болып танылуы:

олардың бәріне ортақ дыбысқа, бейнеге еліктеу мағынасының бар. Еліктеу сөздер өздерінің шығуы мен құрылысы жағынан еш сөз табына қосылмайды. Тілдің шығуы туралы пікірлердің бірі – дыбысқа еліктеу теориясы бойынша табиғаттардағы дыбыстарға еліктеуден алғашқы сөздер жасалып, ол сөздер сол

заттардың атауларына айналған делінеді. Түрлі тілдерде қарқ-қарқ, мияу-мияу, гу-гу, тарстарс тәрізді еліктеуіш сөздер және олардан жасалған қарқылдау, мияулау, гуіл, гуілдеу, тарсыл, тарсылдау тәрізді туынды сөздер жасалған. Бұдан тілдің шығуы еліктеу сөздерге байланысты болған деген пікірдің жаны бар екені көрінеді. Мұндай сөздер тілімізде көп, әрі бұл туралы түрлі теориялар қазақ тіл білімінде айтылып та жүр. Бұған Қ.Хұсайыновтың қазақ тілінде нағыз дыбыс пен бейнеге еліктеу ұғымына байланысты ортақ мағынасы болатыны, ондай сөздер еліктеу сөздер тобына жататыны туралы ғылыми тұжырымы дәлел.

оларды түрлендіретін морфологиялық көрсеткішінің жоқ және оларды басқа сөз таптарынан бөліп тұратын айырықша белгі олардың дыбыстық құрамы жағынан өздеріне тән жүйесі бар. Профессор Ш. Сарыбаева қазақ тіліндегі еліктеу сөздер дыбыстық құрамының бес түрін көрсетеді. 1) «Дауыссыз-дауысты» дыбыстардан құралған үлгі-модель. Бұған «ду, гу, зу» сияқты екі дыбыстан тұратын еліктеу сөздерді жатқызады. 2) Дыбыстық құрамының қатары

«Дауыссыз-дауысты-дауыссыз» болып үш дыбыстан құралған модельді еліктеулерге «сар, маң, шыр» т.с.с. сөздерді келтіреді. 3) «Дауыссыз-дауысты-дауыссыз-дауыссыз» ретімен құрамы төрт дыбыстан тұратындарына «былқ, сырт, дүрс» сөздерін жатқызады. 4) «Дауыссыз-дауысты-дауыссыз-дауысты-дауыссыз» дыбыстардан тұратын үлгіге «жа-лаң, қылаң, сылаң, ырсың, ербең» т.с.с. бес дыбыстан құралған еліктеу сөздерді жатқызады. 5) «Дауыссыз-дауысты-дауыссыз-дауыссыз-дауысты-дауыссыз» үлгісіне негізінен туынды түбір болатын «жал-баң, қорб-аң, жалт-ың, кірж-ің» т.б.

Жоғарыда айтып кеткеніміздей, қазақ тілінде еліктеуіш сөздер жеке сөз табы ретінде тек XX ғасырда ғана қаралып, зерттелінсе, жапон тілінде көне заманнан бастап еліктеуіш сөздерге ерекше мән берілген. Жапон тіліндегі еліктеуіш сөздердің зерттелуі Эдо дәуірінде (16031868ж.ж.) өмір сүрген Сузуки ғалымның «雅雅雅声雅» («Көне әдеби тілдегі фонетика») атты еңбегі мен түрлі сөздіктерінен бастау алады десек қателеспеспіз. Сол кездің өзінде еліктеуіш сөздер жеке топ ретінде қарастырылған. Ал, Мейдзи дәуірінде (1868-1912 ж.ж.) риторикалық әдістің бір түрі ретінде ұсынылып, содан бері әр түрлі зерттеулер мен ғалымдардың зерттеу объектісі болып келген.

Еліктеуіш сөздерді жапон тілінде екі топқа

бөліп қарастырып, олардың әр қайсысына 擬 雅 雅

(гионго)、擬擬雅(гитаиго), қазақша аударғанда дыбыс еліктеуіштері мен бейнелеуіш еліктеуіштер, деп атайды. Ал, кейінгі кезде олардың бәрін біріктіріп, オオオオペ(ономатопе) деп ортақ атаумен де атайды. Ономатопоеа сөзі көне гректің ὀνοματοποιΐα (латын транскприпциясында onomatopoeia — сөз жасау, мұндағы ὀνομα — ат, атау және ποιεω — істеймін, жасаймын) деген сөзінен шыққан, дыбыстарға еліктеуден шыққан сөз деген мағынаны білдіреді. Ал жапон

тілінде ономатопоеа сөзі, шет тілден енген кірме сөздерге арнаған, ката-кана әліппесімен オオオオペдеп жазылып, [ono-ma-tope] деп оқылады.

Негізінен гионго және гитайго деген атау еліктеуіш сөздерге Мейдзи дәуірінде ғана берілген. Оған дейін еліктеуіш сөздер әр түрлі аталып келген. Мәселен, гионго ертеректе гисэйго( 擬 声 雅 ) , ал гитайго болса гиё: го ( 儀 儀 雅 ) деп аталған. Ал кейбір ғалымдар, гисэйгоны гионго мен гитайгоға ортақ атау ретінде берген. Сонымен, Эдо кезеңінен бері ғалымдардың еліктеу сөздеріне берілген атауларын бір тізбекке тізер болсақ, олардың саны оннан асып кететінін көреміз: 擬声、擬声雅 写写雅、象象雅、擬雅擬、 象象擬、疑儀雅、疑疑雅、擬擬雅、象象雅、雅象象、雅雅象象、雅声象象、雅音.

Осылайша, еліктеуіш пен бейнелеуіштердің жапон тілінде ертеден ерекше сөздер тобы ретінде қарастырылып, зерттеліп келгенімен, олардың атауы көптеген жылдар бойы нақты бір атау болып бекітілмегенін көреміз.

Қорытындылай айтқанда қазақ тілі мен жапон тіліндегі еліктеу сөздердің айырмашылықтары өте көп, зерттелу тарихы да өзгеше. Қазақ тіліндегі еліктеу сөздердің зерттелу тарихы өз бастауын түркі тілдеріндегі еліктеу сөздердің зерттелуінен бастау алса, жапон тіліндегі еліктеу сөздерінің зерттелу тарихы өз бастауын Эдо дәуірінен алады. Сонымен қатар еліктеу сөздерін зерттеген қазақ ғалымдары саусақпен санарлықтай ғана дейтін болсақ, еліктеу сөздерін зерттеген жапон ғалымдарының саны да, шет елдік ғалымдар саны да өте көп. Екі тілдегі еліктеу сөздерінің тағы бір айырмашылығы, қазақ тілінде еліктеу сөздері көпке дейін жеке тап ретінде емес, одағайдың құрамында қарастырылып келген. Ал, жапон тілінде еліктеу сөздер о заманнан тілде ерекше өзіндік орны бар сөздер тобы ретінде қарасты-рылып келген.

Қазақ тілі де, жапон тілі де Алтай тілдері тобына жататынын ескерсек, мұндай ерекшеліктердің молынан болуы қызық жағдай-ақ.

 

Әдебиеттер

  1. Ш.Сарыбаева. Қазақ тіліндегі еліктеуіш сөздер. – Алматы, 1960, 3-15
  2. Ғ.Әбуханов. Қазақ тілі. – Алматы. Мектеп, 1982, 135-138
  3. Б.Катенбаева. Подражательные слова в казахском языке. АКД. – Алматы, 1965
  4. К.Ш.Хұсайынов. Звукоизобразительности в казахском языке. – Алматы, 1988
  5. 中里理子「擬音語・擬態語の名所変遷について」上越教育大学紀要 第27券 平成20年2月, 4-6
  6. 田嶋 香織「オノマトペ(擬音語)について」関西外国語大学留学生別科日本語教育論集16号2008, 4-6
  7. 丹野 眞智俊「Onomatopoeia(擬音語擬態語)に関する音韻分節」Kobe Shinwa Women's uiversity, NII-Electronic Library Service, 13-20
  8. http://mrsgerrard.yvision.kz/post/250832
  9. http://dic.academic.ru/dic.nsf/lingvistic/443/звукоподражательные
  10. http://pisces.lib.utsunomiya-u.ac.jp/dspace/bitstream/10241/1840/1/KJ00000706209.pdf
  11. http://www.qmss.jp/i-student/i-student/u-tokyo/work3/3-01.pdf
  12. http://knowledge.allbest.ru/languages/3c0a65635a3ad78a5c43b89421316d37_0.html

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.