Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Студенттердің ерікті және еріксіз есте сақтау қабілетін зерттеу

Ес үрдістерінің бірі, жаңадан түсіп жатқан ақпаратты жадыға енгізуді белгілейді. Адамның есте сақтау қабілеті үнемі дамып, жетіліп отырады. Адам баласы 20 минут ішінде естіген ақпараттың 30%-ын, ал жарты сағатта 50%-ын ұмытып қалады екен. Еріксіз есте сақтау күнделікті болған оқиғалардың элементтерінің есте қалуы, яғни ол адамның еркінсіз жадыда сақталатын ақпараттар. Күнделікті іс-әрекеттің қалыпты түрде қайталануы да, адамға еріксіз ақпараттың сақталуына алып келеді. Ерікті түрде есте сақтаудың бір ерекшелігі адамның еркінен тыс мәжбүрлі түрде немесе қажеттілігі туындаған жағдайда мақсатты түрде есте сақтау болып табылады. Адам ерікті түрде сақталған ақпаратты қажетіне жарату мақсатында қолданылады. Кей жағдайда ол адам үшін жүктеу болса, ал кей жағдайда өте дұрыс шешімнің бірі болып табылады. Осыған байланысты біз, студенттердің ерікті және еріксіз есте сақтау қабілеттерін зерттедік. Олардың қаншалықты ақпаратты қабылдайтындығы туралы, есте сақталған ақпаратты қаншалықты қолданатындығы туралы қарастырдық.

Зерттеу жұмысының мақсаты. Студенттердің ерікті және еріксіз есте сақтау қабілетін зерттеу.

Жұмыстың мшдеттері:

Бақылау және тәжірибелік топ студенттерінің суреттермен сандарды бірге жадыда сақтау арқылы реттілікке, толықтай жан-жақты зерттеуге үйренуін анықтау.

Студенттердің мағынасыз буындар мен қысқартылған сөздерді қолдану бойынша ерікті түрде есте сақтау қабілетінің артуын анықтау

Студенттердің геометриялық фигураларды қолдану арқылы ақпараттың жылдам және оңай түрде ерікті және еріксіз есте сақталатынын анықтау.

Адамның есте сақтау қабілеті тылсым дүние, ол үрдістің қалай іске асатыны толық белгілі емес. Бірақ ми кейде бізге керекті ақпараттарды ұмытып қалып жатады немесе адамда есімдерді, жерлерді жаттау қабілеті жақсы дамыған болуы мүмкін. Есесіне сандарды есте сақтауда қиналады. Бірақ бұл қабілеттерді дамытуға болады. Ми да адамның бұлшықеттері секілді, оны жаттықтырмаса, әлсіз болады. Күнделікті жаттығу арқасында мидың жаттау қабілетін дамытуға болады.

Есте сақтау динамикасын психодиагностикалау әдістемесі - адамның есте сақтауының динамикалық сипаттарын анықтауға көмектеседі, көбіне бұл әдістемелер адам қаншалықты тез есте сақтайтынын және ақпаратты өндеуін анықтайды. Ес түрлері бір-бірімен өзара байланысты. Мысалы, сөздік-мағыналық ес мағыналы болумен бірге еріксіз не ерікті де болады. Сондай-ақ, ол қысқа мерзімді не түпкілікті болуы да мүмкін. Ес бірнеше дара процестерден тұрады. Олардың негізгілері: есте қалдыру, қайта жаңғырту, ұмыту [1].

Есте қалдыру дегеніміз жаңадан қабылданған бейнелер мен материалдарды, олардың мәнін есте бұрынғы сақталғандармен байланыстырып отыру. Еріксіз есте қалдыруда адам алдына арнайы мақсат қоймайды. Ол үшін мынадай шарттар қажет: арнайы мақсат қою, оны меңгеруге ұмтылу; есте қалдырудың қоғамдық, тәжірибелік мәнінің адам қажетіне байланысты болуы; есте қалдыруды жоспарлап, оқыған материалдардың ішінен еске түсерлік түйінді мәселелердің мәнін білу; сол мән-мағыналарды түсіну үшін оларды ойлау процесімен тығыз ұштастыру.

Генетика және молекулярлық физиологияның, сонымен қатар кибернетиканың дамуына байланысты соңғы бірнеше онжылдықта естің биологиялық негіздері мен физиологиялық амалдарын зерттеу өзіне ерекше назар аударды. Бұл зерттеулердің бір бөлігі нейрондық деңгейде, демек, жекелеген жүйке жасушаларының жұмысын зерттеу деңгейінде және олардың кешендері еске сақтау үрдісінде жүргізілді. Бірақ ақпараттың есте қалдыруы және қайта жаңғыру үрдістерінде мидың әртүрлі жасушаларының рөлі туралы, сонымен қатар молекулярлық деңгейде іске асып жатқан өзгерістердің ес үшін маңызы туралы сұрақтарға толықтай біржақты, сендіретіндей жауаптар әзірше алынған емес. Осыған байланысты ес жұмысының заңдарын түсіну үшін ерекше пайдалы және оны басқарудың тәсілдерін талдау естің психологиялық теориялары болып табылады [1,2,5,6,7].

Кроссвордтар мен түрлі логикалық есептерді шешіп, немесе қара өлең атауларын жатқа оқып, шет тілдерінен сабақ алу - есте сақтау қабілетінің ең мықты қалыптасуының себепкері екен. Бұл - миға жұмыс берудің ең оңай тәсілдері саналады. Есте сақтаудың тиімді түрлері: Есте сақтаудың жетекші түріне сүйену керек. Көлемді және шағын материалдармен жұмыс істегенде, үлкенінен бастаған дұрыс. Есте сақтаудың шоғырланған түрінен гөрі үлестірмелі түрі тиімдірек. Бәріненде тиімдісі саналы түрде есте сақтау. Сондықтан материалды ойланып, аздап оқу тиімді. Бірнеше рет жай оқығаннан гөрі, есте сақтай отырып оқуға жіберген уақыт тиімдірек. Егер екі тапсырмамен жұмыс істесең, үлкенінен бастаған дұрыс. әрқайсысымыздың есте сақтау қабілетіміз әр түрлі. Біреуіміз көру арқылы жақсы есте сақтаймыз, ал екіншіміз есту арқылы жақсы есте сақтаймыз. Белгілі бір нәрсені ұзақ уақыт есте сақтау үшін біздің соны әлденеше рет қайталауымыз қажет болады [3,4,8,9,10].

Зерттеу материалдары мен әдістері. Зерттеу 2018 оқу жылының қаңтарынан бастап, 2019 оқу жылының наурыз айлары арасында өткізілді. Жұмыс жоспарға сәйкес және келесі кезеңдерге бөлініп жүргізілді: 1-топтарды құру (бақылау және тәжірибелік), 2-екі топқа деңгей бойынша берілетін әдістерді өңдеу, 3-тәжірибелік топқа жыл бойы сабақ жүргізу, 4-ағымдағы көрсеткіштерін жинау, 5-зерттеу нәтижелерін өңдеу.

Бақылау тобына ҚазҰУ биология және биотехнолоия факультетінің «5В060700-Биология» мамандығының 3 және 4 курс студенттері, 200 адам, оның ішінде қыздар - 145, ұлдар -55 арасында жүргізілді. Зерттеу жұмысы барысында мынадай әдістер қолданылды: П.И. Зинченконың сурет және сандар бойынша есте сақтау әдісі, Эббингауз әдісі, сандар қатарын есте сақтау әдістемесі, А. Р. Лурияның «Пиктограмма әдістемесі», геометриялық фигураларды қолдану арқылы есте сақтау әдістемесі.

Зерттеу нәтижесі.

Берілген әдіс бойынша тапсырма сурет және сандар ретінде берілді, оларды қайталаған сайын студенттер тез жаттай бастады. Сурет арқылы берілген тапсырма студенттер үшін қиындыққа соқпады және берілген суреттер балдық жүйемен бағаланды. Бақылау тобының студенттері сурет бойынша орындалған тапсырмада ерікті есте сақтау қабілеттілігі жоғары көрсеткішке ие болды. Яғни, максимальді 30 балл есеппен ерікті есте сақтау орташа есеппен 25,6 балл, еріксіз пассивті түрде есте сақтау 20,3 балл және еріксіз активті түрде есте сақтау 23,7 балл болды. Тәжірибелік топ студенттері сурет бойынша орындалған тапсырмада ерікті есте сақтау қабілеттілігі жоғары көрсеткішке ие болды. 30 балл есеппен ерікті есте сақтау орташа есеппен 10,8 балл, еріксіз пассивті түрде есте сақтау 16,2 балл және еріксіз активті түрде есте сақтау 13,7 балл болды. есте сақтау сақтау

  1. бақылау тобы
  2. тәжірибелік топ

Сурет 1 Бақылау және тәжірибелік топтардың сурет бойынша орындаған тапсырмасының нәтижесі, %

Екі топта да еріксіз пассивті есте сақтау басқаларға қарағанда төмен көрсеткіш көрсетті (сурет 1).

Тәжірибелік топтың бақылау тобына қарағанда көрсеткіші төмен болғандығын байқай аламыз. Ақыл-ой дамуының бұзылулары бар балалардағы еріксіз есте сақтаудың өнімділігінің жетіспеушілігінің негізгі себептерінің бірі олардың танымдық белсенділігінің төмендеуі болып табылады. Біздің байқауымыз бойынша, екі топтағы студенттердің берілген тәжірибедегі есте сақтаудың тұрақсыздығы, ұмыту жылдамдығы, эпизодтық ұмытшақтық және нашар еске алуымен ерекшеленді.

Ең жақсы көрсеткішке ие - ол ерікті есте сақтау. Суреттер ұсынылғаннан кейін студенттер тек объектілер мен құбылыстардың сыртқы белгілерін ғана есте сақтады.

Сандар бойынша берілген тапсырмада бақылау тобының студенттерінің ерікті есте сақтау қабілеттілігі жоғары, максимальді 30 балл есеппен ерікті есте сақтау орташа есеппен 20, 5 балл, еріксіз пассивті түрде есте сақтау 19, 2 балл және еріксіз активті түрде есте сақтау 16, 5 балл болды. Тәжірибелік топ студенттерінің ерікті есте сақтау қабілеттілігі жоғары, максимальді 30 балл есеппен ерікті есте сақтау орташа есеппен 20, 5 балл, еріксіз пассивті түрде есте сақтау 19, 2 балл және еріксіз активті түрде есте сақтау 16, 5 балл болды (сурет 2).

есте сақтау сақтау

  1. бақылау тобы
  2. тәжірибелік топ

Сурет 2 Бақылау және тәжірибелік топтардың сандар бойынша орындаған тапсырмасының нәтижесі, %

Зерттелген санаттағы балалардың үлкен қиындықтары қабылданған материалды еске түсіру қажеттілігіне себеп болды. Сандар тізбегіне қарағанда сурет бойынша жұмыс жасаған студенттер ұшін оңайырақ болды. Зерттеулер көрсеткендей, ерікті жад қалыптастырудың жеткілікті деңгейінсіз, оқу толыққанды білім алу мүмкін емес.

Г. Эббингауз ұсынған «қисық ұмыту сызығы» әдісі, яғни мағынасы жоқ буындарды немесе қысқартылған сөздерді студенттерге толығымен жаттау үшін бірнеше рет қайталау жасаттық. Алынған нәтиже бойынша бақылау тобы студенттері 9-шы рет қайталауда толығымен студенттер 20 мағынасыз буындарды және қысқартылған сөздерді жаттап алды (кесте 1).

Кесте 1 Бақылау және тәжірибелік топ студенттерінің қысқартылған сөздерді немесе мағынасыз буындарды есте сақтау дәрежесінің орташа көрсеткіші

Тәжірибелік топтағы студенттерде бақылау тобымен салыстырғанда қалыспады, барынша тырысты. Дегенмен,

толығымен барлық топ студенттері 11-ші қайталауда жаттап, айта алды (сурет 3).

  1. бақылау тобы
  2. тәжірибелік топ

Қайталау саны

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

Бақылау тобы

5

8

11

14

16

18

18

19

20

   

Тәжірибелік топ

4

7

9

11

12

14

15

17

18

19

20

Сурет 3 Бақылау және тәжірибелік топ студенттерінің есте сақтау дәрежесінің орташа көрсеткіші

Сонымен барлығы екі топ бойынша 11 рет қайталау, оның ішінде толықтай 20 буынды ертерек жаттап айтып берген бақылау тобы болды. Әрбір қайталамада сәйкесінше қате саны да көбейді. Ақпараттың есте сақтау дәрежесі қайталау санының артуымен және есте сақталатын материалдың ұлғаюы азаяды. Ең қарқынды есте сақтау - қайталаудың бастапқы кезеңінде.

Студенттер үшін пиктограмма әдісі алдындағы қолданылған әдістермен салыстырғанда жеңіл және қызықты болды. Ал ерікті түрде берілген сөздер кішкене қиындау болды. Дәл осы реттілікпен тәжірибелік топ студенттеріде есте сақтау қабілеттіліктерін бақылап көрді. Дегенмен, бақылау тобына қарағанда есте қалған сөздер саны шамалы аздау болды. Тәжірибе барысы 2 кезеңнен

тұрды. 1-кезең барысында 20 сөз берілді, оның мағынасы іс- әрекеттер сипатта болды. Екінші кезеңде бірінші кезең

тақырыптарына ұқсас сипаттағы 20 сөз берілді. Есте сақтау үшін әр сөзді белгішемен белгілеу ұсынылды.

  1. бақылау тобы
  2. тәжірибелік топ

Жалпы пиктограмма бойынша берілген тапсырмада орта есеппен екі топты салыстырғанда ешбір айырмашылық болмады десек те болады (сурет 4).

Қорытындылай, геометриялық фигуралар арқылы орындалған тапсырмаларды есте сақтау қабілеттілікті арттыруға болатындығының дәлелі десек те болады.

жадында

жадында

есте сақтау

сақтау сақтау

  1. бақылау тобы
  2. тәжірибелік топ

Сурет 4 Бақылау және тәжірибелік топтың сөздерді пиктограмма бойынша ерікті және еріксіз есте сақтау қабілеті, орта есеппен %

Сурет 5 Бақылау және тәжірибелік топтардың геометриялық фигураларды бірнеше есте сақтау түрлерін
қолдану арқылы еріксіз түрде есте сақтау, %

Бақылау тобы мен тәжірибелік топ студенттерінің басым түрде еріксіз есте сақтау қабілеттілігі «көру-есту-моторлық есте сақтау» түрінде жоғары көрсеткіш болды. Ал «есту арқылы жадында сақтау» ең төменгі көрсеткіш көрсетті. Көрсетілген геометриялық фигураларды есту арқылы жадында сақтау тәжірибелік топ студенттері үшін қиындыққа соқты (сурет 5).

Қорытынды. Жұмысымды қорытындылай келе есте сақтаудың: ерікті және еріксіз екенін анықтауда бірнеше практикалық маңызы бар әдістер қолданылды. Атақты Эббингауздың «Қисық ұмыту» әдістемесі, Зинченко, А. Р. Лурияның «Пиктограмма әдістемесі» есте сақтаудың таптырмас әдістері болып табылды. Көптеген тапсырмалардың болуы, оның ішінде: сурет, сандар реттілігі, пиктограмма, сөздер арқылы орындалды. Бұл әдістердің үлкен бір ерекшелігі, бірнеше реттік жаттығудан кейінгі студенттердің есте сақтау қабілеттіліктерінің жадында сақталуы, әрбір болған іс-әрекетке баса назар аударылуы, қажет ақпаратты дер кезінде есте сақтауды үйретті.

  1. И.П.Зинченконың сурет және сандар бойынша есте сақтау әдісінде бақылау және тәжірибелік топтардың еріксіз түрде есте сақтауы өте жоғарғы көрсеткішті көрсетті. Ал ерікті түрдегі ерікті түрде активті есте сақтау, ерікті түрде пассивті есте сақтауға қарағанда жоғары болды. Үш тапсырмада тәжірибелік топ төменгі көрсеткішті көрсетті. Әдістің студенттер үшін негізгі пайдасы суреттермен сандарды бірге жадыда сақтау арқылы күрделі түрде реттілікке, толықтай жан-жақты зерттеуге үйретті.
  2. Студенттерінің сандар арқылы ақпаратты сақтау ерікті және еріксіз түрдеде есте сақтау кішігірім қиындық әкелді. Дегенмен осы тапсырмадан кейінгі студенттердің күрделі ақпараттың еркін қабылдауына алып келді.

3.Эббингауздың «Қисық ұмыту сызығы» студенттерге оңай болмады. Себебі берілген тапсырмаларды жылдам түрде орындау қажет болды. Тез есте сақтау және қанша уақыт аралығында ұмытқандығын біле алдық. Сөздерді жаттаудың қиындыққа соққандығы олардың мағынасыз буындардан құралғандығы немесе қысқартылған сөздердің болғандығынан болды. Дегенмен толық бақылау тобы 9-ші реттік қайталауда, ал тіжірибелік топ 11-ші қайталауда толығымен берілген буындарды жаттап алды. Бұл әдістеме студенттерге ерікті түрде есте сақтауды дамытуына көмектесті. Тәжірибелік жұмыстың нәтижесінде А. Р. Лурияның «Пиктограмма әдістемесі» бойынша ерікті және еріксіз есте сақтаудың жылдам және оңай түрде жадыда сақталатыны байқалды. Есте сақтаудың таптырмас әдістемесі болып табылады. Екі топтың нәтижесінде ешбір айырмашылық болмады.

Адам өзінің қабілетіндегі төл мүмкіндіктерінің он пайызын ғана пайдаланады. Есті дамытып, жетілдіріп отырудың басты шарты - адамның әр түрлі іс-әрекеттері. Ақыл-ойды тарих жасаған білім қорымен үнемі байытып отыруға ұмтылу естің мән-мазмұнын тереңдете түспек. Есте қалдырудың сапасы оны қайталай алуға да байланысты. Қорыта келе, ерікті есте сақтау студенттер белгілі бір ақпаратты бірнеше рет қайталау арқылы еріксіз түрде жадында сақтады. Осылайша адамның есте сақтау қабілетінің артуын байқауымызға болады.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Tzipi HorowitzKraus and ZviaBreznitz. Can the Error Detection Mechanism Benefit from Training the Working Memory? A Comparison between Dyslexics and Controls // An ERP Study.PLoS One. 2009. №4(9). 7141 p.
  2. Tiina Salminen.Baddeley A., Hitch G. J. Working memory training: Transfer effects on executive control processes. Working memory. In G. A. Bower (Ed.) // Recent Advances in Learning and Motivation. New York: Academic Press, 1974. Vol. 8. P. 47-90.
  3. Маклаков А. Г. Общая психология. СПб.: Питер, 2001. 592 с.
  4. Jansen A.Sehlmeyer A., Pfleiderer C., Sommer B., Konrad J., Zwitserlood C., Knecht S.P. Assessment of Verbal Memory by fMRI: Lateralization and Functional Neuroanatomy // Clinical Neurology and Neurosurgery. 2009. Vol. Ill, issue 1.P. 57-62.
  5. Brashers-Krug Т.Shadmehr R., Bizzi E. Consolidation in human motor memory // Nature. 1996. №382. P. 252-255.
  6. Kantak S.S , Sullivan K.J., Fisher B.E., Knowlton B.J., Winstein C.J. Neural substrates of motor memory consolidation depend on practice structure // Nat Neurosci.2010. №13(8). P. 923-925.
  7. Squire L.R. Memory systems of the brain: A brief history and current perspective // Neurobiology of Learningand Memory. 2004. №82. P. 171-177.
  8. Bullemer P.Nissen MJ., Willingham D.B. On the Development of Procedural Knowledge // Journal of Experimental Psychology: Learning, Memory and Cognition. 1989. №15(6). P. 1047-1060.
  9. Magnussen S. Cognition and Neurosciences // Implicit visual working memory. 2009. №50.P. 532-542.
  10. Magnussen S.Greenlee M.W., Baumann 0.,Endestad T. Visual perceptual memory anno 2008 / In L. Ba"ckman& L. Nyberg (Eds.), Memory, aging and the brain Hove. UK: Psychology Press, 2009. P. 53-75.
  • Жыл: 2019
  • Қала: Алматы
  • Категория: Медицина

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.