«Цифрлы қазақстан», заманауи технологиялар және жастар

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарлама іспеттес мақаласында «Цифрлі Қазақстан» сияқты бағдарламаны жүзеге асырудың маңыздылығын «ұлтымызды, яғни барша Қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлау қамы» деп айқын түрде көрсеткен болатын.

«Рухани жаңғыру» жобасынДа көрініс тапқан ұлттық бірегейлік, ұлттық «Меннің» ішкі өзегі мен ұлттық рухтың сақталу мәселелеріне және стуДенттерДің бойынДа сананың ашықтығы, өзінДік ұлттық коД, ұлттық сана-сезім, рухани жаңғыру, бәсекеге қабілеттілік, реализм, прагматизм, сыни ойлау, білімге ұмтылыс қасиеттерін қалыптастыруға, оларДың әДілДік, намыс, еркінДік және тағы басқа ДүниетанымДық ұғымДарДы игеруіне, сонымен қатар, толеранттық құнДылықтарын, мәДениетаралық сұқбат пен бейбіт өмір сүру мәДениетін нығайтуға және Дамытуға бағытталған. сана жаңғыруынДағы, қазіргі жаһанДық мінДеттерДі шешуДегі рөліне айрықша көңіл бөлінген.

Біздің заманымыз жаңа мүмкіндіктер мен жаңа идеялар, заманауи технологиялардың қарыштаған кезеңі. Бұл дегеніміз ендігі кезекте біздің еліміздің тағдыры біздің тағдырымызбен айқындалады. Елдің бәсекеге қабілеттілігі, әрбір азаматтың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік туғызатын қолайлы жағдайлардың жиынтығымен анықталады. Олардың әзірлік деңгейі, білімі мен жеке басының дамуы, ғылым мен технологияны ұтымды пайдалануы барлығы дерлік жастардың бәсекеге қабілеттілігін сипаттайды.

Н.Ә. Назарбаев: «Жаңа құндылықтар жастардың жүрегіне тезірек жол табады» деген болатын. Ендеше жылдар бойы жасалынып келе жатқан өзгерістер мен заман ағымындағы технологиялар тікелей жастарға арналады және жастар өмірінде маңызы зор. Сондықтан мен заманауи технологиялардың жастар өміріндегі орнына тоқталғанды жөн көрдім.

Жалпы ауқымды және ғылыми техникалық прогресс процесі, әсіресе жаңа ақпараттық және телокоммуникация технологиялардың дамуы бірегей мүкіндіктер ұсынады. Бүгінде әлемде өте көп заманауи технологиялар пайда боды, тіпті он-он бес жыл бұрын елестете алмаған. Бұл элетрондық медицина және ғылымның барлық салаларындағы гаджеттер, бизнес, құрылыс және басқада көптеген нәрселер смартфондар, планшеттер т.б. Бұл технологиялардың ешқайсысы да Қазақстанды айналып өткен емес. Әр уақыттада өзгерістереден қалыс қалмай дамып келеміз. Мәселен, жиырма жыл бұрын адамдар аурулардан көп қайтыс болатын,ал қазір дамыған медицина арқылы көптеген мүмкіндіктерге қол жеткіздік. Заманауи технологиялар әрқайсысымызды айналамызда. Мысалы, компьютер, телефон, телевизор, кір жуғыш машина т.б. Ал бизнесте бұл жаңалықтар мүлде басқа сатыда. Әрбір 2-3 ай сайын әлемге әйгілі корпорация ретінде Samsung, Арріе, Noto, Mkrosoft, Sony және де көптеген жаңа анағұрлым күрделі және көп функциялы өнімдер шығып тұрады. Дегенменде барлық заманаи тенологиялардың үлкен пайдасы және үлкен зияны болады. Соның ішінде қазір ең озық қарыштап тұрған технология-компьютер және интернет желісі [1,21б].

Интернеттің озық қолданушылары, үлкен мүмкіншіліктерді жүзеге асырушылары жастар болғандықтан, жастар өміріндегі маңызына тоқтала кетейік. Қазірге кезде заманауи тенологи жастар өміріне берік еніп, жыл сайын сұранысы артып келеді. Ия рас қазір барлығымыз үшін ең тиімді тұстары жұмысты мейлінше оңайлатып, өмірімізді жеңілдендіреді. Мысалы қашықтықтан онлайн оқу, қалаған тілдеріңді меңгеру, әлемде болып жатқан соңғы жаңалықтар мен ақпараттарды естіп-көру, электронды кітаптар оқу, алыс-жақынды достарың мен туыстарың мен ара-қатынаста болу, жарнамалау немесе қалаған затымызға тапсырыс беру, білім-ғылымдада басқа мемлекет жастарымен қарым-қатынас орнату, көптеген шетелдік гранттарға қол жеткізу, ойсананы кеңейтуге, кәсіптік, бизнестік тәжірибе алмастыруға болады.

Жастардың қолынан барлығы келеді. Сондықтанда мемлекетіміз ұлтжанды, білімді жастары болып, елдердің көш басында жүрерлік болсақ, уақытымызды қажетсіз қалта телефонына қарауға салмай, маңызды істерге жұмылдыруымыз қажет. Заман көшінен қалмай, алға қарай ұмтылу жауапкершілікті сезуіміз керек. Дегенмен Елбасымыздың биылғы Жолдауынағы «Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс» делінген бір міндетінде көрсеткендей, жаңа технологияларды енгізу бұл экономикамыздың қарыштап дамуына жол ашатыны сөзсіз. Тәуелсіздігіміздің 27 жылында еліміз қарқынды дамуы осы заманауи технологияның үздіксіз дамуынан. Жаһандану кезеңінде бұл жастардың озық техниканы, электрониканы меңгере отырып, Елбасы айтқандай, жасқанбай алға ұмтылуға сенім береді. Оған қажырлы еңбек, үлкен құлшыныс керек.

Білім беру жүйесіндегі Цифрлы Қазақстан: мәселелер, даму болашағы қандай деген сұраққа келсек, адамзат тарихы түрлі даму сатыларынан өтіп бүгінгі күнге жетті. Мысалға алатын болсақ сонау палеолиттен қола, темір дәуіреріне жетіп қазіргі таңда өркендеген жаңа өндірістік төңкеріс дәуірінде өмір сүреміз. Жан-жағымызға қарасақ бірінен-бірі асып түсуге ұмтылған елдерді көреміз, цифрлы технологиялар әлемінде күнделікті сұраныста болмасаң дамыған елдер көлеңкесінде қалатының анық, сондықтан бәсекелестік бүгінгі күннің негізгі мәселесіне айналды[2, 33б].

Бәсекелестік тек өзге елдерде қалыптасқан үдеріс емес, қазіргі таңда Қазақстанда да белең алып қалыптасқан. Қазақстан өз тәуелсіздігін алғанан бері 1991 жылдан 2018 жылға дейін тұп-тура 27 жыл өтті. Осындай аз уақытқа қарамастан еліміз дамыған 50 елдің қатарына еніп, ендігі кезекте дамыған 30 елдің қатарына кіруді мақсат етіп отыр. Мақсатқа жету жолында елбасымыз жыл сайын көгілдір экран алдында жолдау жолдаса, ал газет-журнал беттеріндегі мақалаларында елімізге мақсатқа жету жолындағы бағыттарымызды айқындап береді. Елбасымыз ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы 1-бөлімінде негізгі 6 бағытты ұсынады. Оның ішінде ең негізгі бағытбәсекелестік. Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алатыны баршамызға мәлім. Елбасымыз «Бәсекелік қабілет дегеніміз ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы. Бұл материалдық өнім ғана емес, сонымен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстары болуы мүмкін.»дегендей, болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың санатында[3,102б].

Сол себепті, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамын жейміз.

Бағдарламаны іске асырудың бес негізгі бағыты:

  1. «Экономика салаларын цифрландыру» - еңбек өнімділігін арттыруға және капиталдандырудың өсуіне алып келетін озық технологиялар мен мүмкіндіктерді пайдалана отырып, Қазақстан Республикасы экономикасының дәстүрлі салаларын түрлендіру бағыты.
  2. «Цифрлық мемлекетке көшу» қажеттіліктерін күні бұрын біліп халық пен бизнеске қызмет көрсету инфрақұрылымы ретінде мемлекеттің функцияларын түрлендіру бағыты.
  3. «Цифрлық Жібек жолын іске асыру» ішкі контур үшін де, Қазақстан Республикасының транзиттік әлеуетін іске асыру үшін деректерді берудің, сақтаудың және өңдеудің жылдамдығы жоғары және қорғалған инфрақұрылымын дамыту бағыты.
  4. «Адами капиталды дамыту» жаңа жағдайға білім экономикасына көшуді қамтамасыз ету үшін креативті қоғам деп аталатынды құруды қамтитын түрлендіру бағыты.
  5. «Инновациялық экожүйені құру» бизнес, ғылыми сала және мемлекет арасындағы орнықты көлденең байланыстармен технологиялық кәсіпкерлік пен инновацияны дамыту үшін жағдай жасау бағыты. Мемлекет инновацияларды өндіріске шығаруға, бейімдеуге және енгізуге қабілетті экожүйе катализаторы ретінде әрекет етеді.

Көрсетілген бес бағыттың шеңберінде 17 бастама мен 100-ден астам іс-шара қалыптастырылды, оларды іске асырудан түсетін қайтарылымды алдағы жылдардың ішінде айқын көруге болады, сондай-ақ болашақ экономикасының жаңа саласы ретінде цифрлық секторды қалыптастыруға негіз болатын ісшаралардың негізгі нәтижесін келесі онжылдықтан байқауға болады. Бағдарламаны іске асыру республикалық бюджет қаражатынан 141 млрд. теңге көлемінде қаржыландыруды тартуды болжайды. Сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінен 169 млрд. теңге қаражат тартылады деп күтілуде.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Назарбаев Н. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру // Егемен Қазақстан. 2017. 12 сәуір
  2. Назарбаев Н. Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамуыдың жаңа мүмкіндіктері // Эканомика. 2018. № (540). С. 81-86.
  3. Назарбаев Н. Тәуелсіздік дәуірі. Астана, 2017. 508 б.
Жыл: 2018
Қала: Алматы
Категория: Медицина