Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында латындандыру мәселесі

Қазіргі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл саясатының негізгі даму жолдары айқындалып, қалыптасқан мәселелері мен қайшылықтарына талдау жүргізілді. Сондай-ақ, қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру туралы «Қазақстан-2050» стратегиялық жоспарда және «Рухани жаңғыру» бағдарламасында мақсат етілген міндеттемеге сәйкес түркі тілдес мемлекеттердің тәжірибелері қарастырылды. Мақалда латын қарпіне көшудегі тарихи дәне құқықытық реттеу, түркітілдес мемлекеттердегі латындандыру тәжірибесінің тиімділі тоқталу және Қазақстанда латын қарпіне 2025 жылға дейін толыққанды көшу мәселелері.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты елбасының стратегиялық мақаласында: қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық. Қазақ тілінің әліпбиі тым тереңнен тамыр тартатынын білесіздер. Қоғамдық сана жаңғырудың негізгі қағидаларын қалыптастыруды ғана емес, сонымен бірге, біздің заман сынағына лайықты төтеп беруімізге қажетті нақты жобаларды жүзеге асыруымызды да талап етеді.

Қазіргі таңда кирилл әліпбиін латынға ауыстыру мәселесі ортаға тартылудан бері мемлекеттік-әкімшілік органдары мен қоғам инститтуттары арасында түрлі көзқарастар мен пайымдауларға толығуда. Сол сияқты, түркі тілдес халықтарының басым көпшілігі латын әліпбиі саласында айтарлықтай қадамдар жасап, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатында сәтті жүзеге асыруда. Қазақстанның Президенті Н.Ә. Назарбаев айтып кеткендей дүние жүзі елдерінің 80%-ы латын қарпін қолданады. Ол өзгеде мемлекеттермен қарым-қатынас жасау үшін де маңызды. Соған сәйкес латынға көшу мәселесі Қазақстанның 2050 жылғы жаңа старатегиялық жоспарына қосылған.

КСРО дәуіріндегі Қазақстанның тілдік жағдайына тоқталсақ, араб әліпбиінен латынға көшу саясаты ХХ ғасырдың 20-39 жылдарда. 20ғасырдың бірінші жартысында латын әліпбиіне көшу мәселесі тек, ағартушы- реформаторлардың жеке инициативалары аясында ғана талқыланып, ортаға салынған. Пікір-талас үш негізгі сауал төңірегінде өтті, яғни:

  1. Араб әліпбиін сақтап қалу;
  2. түркі тілдес елдердің мәдени стиліне лайықты, араб әліпбиіне реформа жасау (А.Байтұрсынов, А. Шарафов);
  3. араб әліпбиінен бас тартып, латын әліпбиіне көшу (А.В. Луначарский және В.И. Ленин).

30-шы жылдардың ортасында «Біртұтас орыс ұлты» идеологиясы негізінде жаңа ұлттық тіл саясаты қадамын басты. «КСРО халықтарының мәдени деңгейінің өсуіне байланысты, латын тілі тілдердің даму қажеттілігін қанағаттандыра алмады, яғни «Ұлы орыс халықтарының» жұмылуын қамтамасыз ете алмады» деген сылтаумен, латын қарпінен кириллицаға көшу реформасы басталды.

1936 жылы КСРО халқын кириллицаға көшіруде жаңа науқан басталып 1940 жылы аяқталды [1]. Тәуелсіз Қазақстан Республикасындағы қалыптасқан тілдік жағдай

1989-2001 ж.ж. Мемлекеттік тіл саясатының негізгі саяси-құқықтық заңнамалары қалыптасты, яғни 1995 жылы Республика Конституциясында мемлекеттік тіл дәрежесі қайта бекітіліп, 1996 жылы шыққан «Тілдер туралы тұжырымдамада» мемлекеттік тілдің беделі мен қағидалары көрсетіліп, 1997 жылы мемлекеттік тілдің құқықтық мәртебесі «Тілдер туралы» Заңда ресми түрде айқындалады.

Жалпы мемлекеттік тіл мәселесі айтарлықтай өзекті мәселеге айналғанымен, халық арасында орыс тілі айқын түрде басымдыққа ие болды. Мысалы 1994 жылғы мектепке дейінгі мекемелер мен жоғарғы оқу орындардағы статистикалық мәліметтерді келтіретін болсақ: [2].

Түйін:

  1. Мемлекеттік тілді дамытуда саясибюрократиялық, психологиялық, қаржылық, ұйымдастырушылық сияқты факторлардың болуы.
  2. Саяси-әлеуметтік қатынаста тілге деген сұраныстың жоқтығы.
  3. Демографиялық аспект (ресми мәліметтерге сүйенетін болсақ 90-жылдары Қазақстанда төл ұлтының пайыздық көрсеткіші шамамен 41%).

2001-2010 ж.ж. Қазақстан өз алдына ұлттық құндылықтарды дамыту мен жаһандану заманында бәсекелестікке төтеп беруді мақсат етуді алдына қояды. Тілдерді дамытуға байланысты байланысты түрлі бағдарламалар, қаулылар және іс-шаралар бекітілді. Яғни, «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына арнаған Президенттің Жолдауы негізінде жаңа «Үш тұғырлы тіл саясаты» атты мәдени жоба жарияланды, «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бекітілді, оны жүзеге асыруда арнайы 2008 жылдың қыркүйек айында «Мемлекеттік тілді дамытудың Президенттік қоры» құрылды. Президенттік қордың негізгі ерекшелігі қазақ тілінің мәселесін орыс тілінде насихаттауында. Б. Әбдіғалиев бойынша, бүгінгі қазақ тілінің мемлекеттік тілдің мәселесі қазақ тілділер ортасындағы пікірталастан ары аспайды, сол үшін біз оны орыс тілінде де насихаттауымыз жөн [3].

Қазіргі таңда мемлекеттік тіл аясында келесідей жаңаша ахуалдардың пайда болғанын көреміз:

  1. Әлеуметтік желілер арқылы белсенді түрде қазақ тілін мазмұнды насихаттау және қарымқатынас аясын нығайту процесінің жоғары болуы (twitter, facebook және т.с.с.);
  2. Қазақ әліпбиін кириллица қарпінен латынға көшіру мәселесі.

Қазақ әліпбиін кириллица қарпінен латынға көшіру мәселесі 

Латын әліпбиіне көшу туралы мәселе тәуелсіздік алған жылдардан бермен қарай көтеріліп келеді. 2006 жылы Президент Н.Ә. Назарбаев ХІІ Қазақстан халқы Ассамблеясында қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі туралы сауалға қайта оралуымыз қажет және де арнайы мамандар жарты жыл аралығында аталмыш бағыттағы мәселені қарастырып, шынайы ұсыныстарымен шығу қажеттігін айтып кеткен болатын [4].

2012 жылдың 14-желтоқсан айында Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауында Қазақстанның болашақ даму стратегиясы айқындалды, соның ішінде қазақ тілінің латын әліпбиіне көшетіні туралы қорытынды пікір айтылды.

Латын әліпбиіне алдымен Түркия 1928 жылы, Кеңес Одағы құлдырағаннан кейін Әзірбайжан, Өзбекстан республикалары латын қарпіне ауысты [5].

Өзбек латын қарпінің ерекшелігі арнайы символдар мен диакритикалық белгілердің жоқтығы (тек апострофтар ғана бар). Классикалық латын кириллицамен

салыстырғанда 7 әріпке кем, сондықтан арнайы белгілер мен символдардың жоқ болу есесінен кейбір әріптерді екі еселеуге тура келді. Нәтижесінде апострофпен қосқанда 29 әріптен тұратын өзбек латын әліпбиі құрылды [6].

  1. жылдың 16 маусымында осы заңды жүзеге асырушы мемлекеттік бағдарлама бекітіліп, осы бағдарлама негізінде орта және жоғары білім беретін мекемелерде өзбек тілі мен әдебиетінің оқулықтарын, өзбек тілінің сөздіктерін жасау жоспарланды .
  2. жылы өзбек латын әліпбиі модернизацияланды, мұнда бастысы ретінде «ыз», «ың» дауысты әріптерінің жазылуын ағылшын тілінің жазылу стиліне өзгертуі еді. Өзбекстан Республикасы мәжілісінің 1995 жылы 21 желтоқсанда қабылдаған «Мемлекеттік тіл туралы Өзбекстан Республикасының заңын жүзеге асыру тәртібіне қатысты» жарлығы бойынша Өзбекстан Республикасының латын жазуына көшуінің соңғы кезеңі болып 2005 жылдың 1 қыркүйегінде қабылданды [7].

2002 жылы латындандыру процесін 2005-ші жылға өзгертеді, бұл саясаттың жүзеге аспауының нәтижесінде аталмыш саясатты тағы бес жылға созады, 2010 жылы комиссия латынға толыққанды көшу процесін қайта қарастырып, қайта кейінге қалдырған болатын. Латындандыру саясаты негізінде:

  • ЖОО мен колледждерде, сол сияқты орта білім беру ордаларында орыс тілді білім беретін сағаттардың саны күрт қысқартылды;
  • орыс тілді БАҚ ретротрансляциясы минимум деңгейіне көшірілді;
  • орыс тілінде шығарылатын баспа кітаптарының саны да қысқартылып, орыс тіліне деген тұтынушылық қажеттілігі төмендей бастады[8].

Түйін. Өзбекстан қоғамы латындандыру реформасы нәтижесінде күрделі жағдайға тап болды, себебі қоғам киррилица қарпімен домендік сипатқа ие екі кеңістікте өмір сүріп жатыр (латын және кириллица). 1993 жылы құрылған заң нормаларына сәйкес үкімет тарапынан қоғамға деген белгілі бір талаптар да қойылмайды, және сол құқықтық-нормаларды үкіметте жүзеге асыруға әзірше мүдделі емес. Себебі:

  • Өзбек және Түркия арасындағы қарымқатынастар суып, 2006 жылы Анталияда өткен түріктілдес мемлекеттердің саммитіне Өзбекстан қатыспады. Соған қарағанда Түркияның Өзбекстанға деген әсері жоқ, не екі мемлекетке де екі жақтық серіктестікті нығайтуға мүдделі емес.
  • Еуропа мен АҚШ елдерімен қарымқатынастың нашарлауы да латын қарпіне әсерін тигізді.
  • 2001 жылы Әзірбайжан латын әліпбиіне көшті. 1925 жылдарға дейін Әзірбайжанда ресми әліпби рөлін араб тілі атқарды, 1926 1939 ж.ж. латын әліпбиін қолданса, 1940-2001

ж. ж. кириллица, және 2001 жылдары латын әліпбиіне қайта көшірілді.

Әзірбайжан Респуликасының Президенті Г. Алиевтің бұйрығы бойынша «Әзірбайжан тілі және Әзірбайжан әліпбиінің Күнін құру жайлы» 9 тамыз 2001 жылдан бастап мейрам ретінде елде әр тамыз айының 1-де тойланады.

«Мемлекеттік тіл» туралы заңға сәйкес, Әзірбайжанның бүкіл алаңдары мен көше аттары тек латын қарпі бойынша және әзірбайжан тілінде жазылды.

Әзірбайжан тілін меңгермеген азамат жұмысқа орналаса алмайды, себебі басым көпшілік мекемелер мен кәсіпорындардағы іс қағаздар мемлекеттік тілде.

Түйін:

  • Әзірбайжан Республикасында әліпбиді латын тіліне көшіру процесі саясиланбады, негізінде саяси стратегиялық идеология жатқанның өзінде, билік те, оппозиция да, қоғамда латынға көшуді қолдап, белгілі бір компромисте болды, мәселені жұмылып шешуге ұмтылды.
  • Латындандыру саясатындағы негізгі бағытбағдар Түркия еліне негізделе отырып атқарылды. Себебі, Әзірбайжан тілінің дыбыстық жүйесіне негізделген латын графикасындағы жазу Түркия әліпбиімен ұқсас болып келеді және саяси стратегиялық серіктестік байланыстары жоғары.

Түркия. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін қалыптасқан әлемдік тәртіпте мемлекеттің позициясын сақтап қалу үшін, саяси жүйені тек модернизациялау процесі жеткіліксіз болды. Соған байланысты мемлекеттің қоғамдық және мәдени құрылымдары түбегейлі өзгерістерді қажет етті. Мұстафа Ататүрікпен жүргізілген реформалардың бірі тіл қарпі аясында еді. Тілді реформалаудың мақсаты:

  • Латын қарпін енгізу арқылы араб мәдениетінен арылып, Еуропаның өмір сүру мәдениеті мен өркениетіне интеграциялануы. Сол сияқты батыс елдерімен саясиэкономикалық байланыстарды нығайту.
  • КСРО-ның құрамындағы болған түркі тілдес тілдерді түгелдей латын қарпіне көшіре бастаған халықтармен саяси стратегиялық қатынастарын нығайту.
  • Президенттік-парламенттік мемлекеттік басқару құрылымы негізінде, зайырлы демократиялық мемлекет қалыптастыру.
  • Осман империясында төрт тіл ресми қолданысқа ие болған:
  1. Араб тілі діннің, діни ғылым мен білімнің тілі;
  2. «Османдық» (араб тілі негізінде) ресми және әдебиет тілі;
  3. з. Парсы тілі мәдениет, өнер, әдебиет және ағартушылықтың тілі;
  4. Түрік тілі қатынас тілі, халықтың тілі, сол сияқты жазуы жоқ.

Осы жерде, түрік халқын түрік тілі негізінде бүкіл халықты жұмылдыру, қуатты мемлекет құру.

1928 жылы түрік тілінің реформасы туралы парламент заң қабылдап, 1929 жылы латын әліпбиіне көшу саясатын бастады. 1929 жылдың 1-маусымына дейін ғана қатар қолданылып келген араб графикасына ісқағаздар жүргізуде мүлдем тыйым салынды.

Латындандырылған түрік тілінің ерекшелігі фонетикалық қағиданы ұстану, яғни сөздер естілуіне байланысты жазылуы.

Түркітілдес елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, мемлекеттік тіл саясатына да латын әліпбиіне көшу арқылы Қазақстан мемлекеті келесі қағидаларды ұстану керек:

  • Қазақстанда этносаралық қатынастар тілі орыс тілі, соған байланысты қазақ әліпбиін латынға көшіру процесі жеңіл болмасы анық, бірақ Әзірбайжан мен Түркия тәжірибесі көрсеткендей саяси билік, оппозиция және қоғамның жұмылып жұмысты атқаруы бұл салада өз жемісін береді. Сол сияқты, шет мемлекеттердегі қазақ этносы мен өзгеде ұлт өкілдеріне латын әліпбиі арқылы мемлекеттік тілді үйрену тиімділігі артатындығы анық деуге болады.
  • Саяси стратегиялық перспектива тұрғысынан латын әліпбиіне көшу арқылы Америка, Еуропа және түркітілдес халықтарымен ақпараттық кеңістік саласы арқылы интеграциялануға өз септігін тигізеді.
  • Сол сияқты, латын әліпбиіне көшу барысында, Қазақстан 1993 жылы Түркия мемлекетінің бастамасымен жалпы түркі елдеріне ортақ әліпбиін негізге алмай, классикалық латынағылшын графикасындағы таңбалардың негізінде қазақ алфавитінің нұсқасын мемлекет үшін тиімдірек. Оны Әзірбайжан, Өзбекстан, Түркіменстан елдерінің тәжірибелерінен көреміз. Бастапқыда Әзірбайжан, Өзбекстан, Түркіменстан үшеу де ортақ алфавитті қолданысқа енгізді. Жоғарыда көрсетіп кеткеніміздей, бұл мемлекеттерде оқулықтар, ғылыми кітаптар, бұқаралық ақпарат құралдары латын графикасына дайын емес еді. Елдегі ғылыми базасының 80-90 пайызы орыс тілінде болды. Сондықтан, алғаш болып Әзірбайжан елі ортақ латын графикасын қолдана бастағанда, оның ақпараттық кеңістігіне Түркияның газет-журналдары мен әртүрлі әдебиеттері еркін кіріп, жаулай бастады. КСРО құрамынан әрең дегенде шыққан Әзірбайжан үшін бұл күтпеген соққы болды. Екінші бір елге ақпараттық тәуелділікке түсудің қаупін көргендіктен ортақ алфавиттен бас тартып, жеке әліпби жасайды. Түркіменстан да осы кепті киіп, артынша бас тартты. Өзбекстандағы жағдай одан да қиынырақ болды. Мектепте биология, химия, география сынды пәндерге арналған латын тіліндегі оқулық жоқ болғандықтан, ғалымдары түркияның оқулықтарын қолдануды ұсынды. Бұның да соңы келесі бір елге ақпараттық мұқтаждыққа немесе тәуелдікке алып келіп еді. 1995 жылы Өзбекстан үкіметі де ол алфавиттен бас тартып, жеке әліпби жасауға көшкен.

Қазіргі кезде ақпарат кеңістігі ортақ қоғамда ортақ әліпби жасаудың астарында «тәуелділік саясаты» жатқаны анық. Сондықтан, қазақ тілінің дуыстық стилі негізде құрылған латынағылшын графикасы қазақ қоғамы үшін тиімді.

Әлеуметтік-экономикалық тұрғысынан мүмкін болатын мәселелер: бұл процесс қомақты қаржыны қажет етеді және үлкен жастағылар латынды, ал жастар кирилицаны түсінбей, екі ұрпақ арасы алшақтанып кетуі ықтимал. Мұның алдын алу үшін шамамен 5 жылда сатылап нақты көшіп болудың мемлекеттік жоспары жасалынып, оның орындалуын байсалды қадағалауды қажет етіп отыр.

Қазіргі уақытта латын әрпін қолдану, ең біріншіден, заман талабы болып отыр. Сондықтан да заманауи технологияларға тәуелді екенімізді мойындап, кез келген жаңа дүниелермен санасуымыз керек. Сол сияқты тәуелсіздікті сипаттаушы факторлардың бірі болып табылатын қазақ тілінің мәртебесін биік етіп, ұлт алдындағы ұлы мақсат болып табылатын тіл мәселесін шешу біздің басты міндетіміз. Себебі, жаһандану барысында тек бәсекеге қабілетті және тұғыры мығым тілдер ғана сақталмақ, ал мемлекеттік тіл осындай биіктен көріну үшін төл әліпбиімізді туындатуымыз керек.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Қайдар Ә. Мемлекеттік тіл және оған байланысты мәселелер туралы ой-толғау // Социалистік Қазақстан. 1989. 3 тамыз.
  2. Абдыгалиев Б. Языковая политика Республики Казахстан // Саясат. 1996. №5. С. 31-32
  3. Әбдығали Б. Мемлекеттік тілді дамыту қорын қазақ ұлтын дамыту қоры деп білемін // Айқын. 2009. 20 қаңтар
  4. Ақболат Д.Е. Мемлекеттік тілді дамыту саласындағы ҚР саясаты. к.дисс. Қазақстан Республикасы. Алматы: 2009. 132 б.
  5. Аналитический центр "Разумные решения" Латинизация алфавита. Узбекский опыт URL: // http://analitika.org/uzbekistan/uz-politics/606-20070519043222328.htmll
  6. Закон Республики Узбекистан О государственном языке Республики Узбекистан. Ташкент: 1989.
  7. Космарский А.А. Смыслы латинизации в Узбекистане (конец XX начало XXI века) // Вестн. Евразии. М.: 2003. №3(20). С. 62-85.
  8. Латын әліпбиіне көшу Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан елдерінде қалай жүргізілді? URL: http://www.abai.kz/content/latyn-elipbiine-koshu-t-rkiya-ezirbaizhan-ozbekstan-elderinde-kalai-zh-rgizildi
Жыл: 2018
Қала: Алматы
Категория: Медицина