Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Мелатониннің темпераменттік әсері

Тақырыптың өзектілігі:

Адамда темпераменттің әр түрінің белгілі бір пайыздық мөлшері болады. Бұл темпераменттік мөлшерді (модельді) білу өзіндік бақылауды және өз істеріне баға беруді тиімді атқаруға мүмкіндік туғызады. Қазіргі кезеңде психология ғылымы белгілі жүйеде темперамент түрлерінің бәріне толық психологиялық сипаттама беруге негіз боларлықтай деректер топтаған. Дәстүрлі қабылданған темпераменттің төрт (сангвиник, холерик, флегматик, меланхолик) түрі бар *4,5+. Адамның мінез темпераменттеріне сипаттаманы Гиппократ, И.П. Павлов берген.

Томпақ дене гормондары- мелатонин және серотонин белгілі бір деңгейде мінез темпераменттерінің қалыптасуна әсер ететіндігі дәлелденді *8,11+ Мелатонин және серотонин нейропептидтерінің әсері өзара қарама қарсы болып келеді. Өз кезегінде, мелатонин серотониннен түзіледі, күндізгі уақытта қанға серотонин бөлініп, мөлшері бір қалыпты сақталып тұрады. Түнде, керісінше, қанға мелатонин бөлініп, мөлшері бір қалыпты деңгейде сақталып тұрады *2,3+.

Қазіргі таңда Мелатонин (табиғи гормон) және Мелаксен (синтетикалық гормон) препараттарының ұйқы бұзылыстарын, күйзелістік жағдайларды емдеуде, жалпы ағзаның иммундық жүйесін көтеруде, антиоксиданттық қорғаныс ретінде тиімділігі дәлелденген *1,7,9+. Осы төрт түрлі темпераментті адамдарға Мелатонин препаратын беру қарым-қатынас жасаудың тиімді түрлерін және әдістері мен тәсілдерін дұрыс талдауда, өз іс-әрекетін сауатты жүргізуде, жолдастық жақсы қарым-қатынастар орнатуда жақсы әсерін көрсетпек. Бұл мақалада медицина мен психологияға ортақ мәселелер қарастырылған.

Зерттеу мақсаты: Адамның әр түрлі мінез темпераменттеріне сәйкес Мелатонин препаратының әсерін зерттеу.

Зерттеу әдістері: Мінез темпераменттеріне сәйкес 4 топ (әр топта 10 адамнан) (сангвиник, холерик, флегматик, меланхолик) бөлініп алынды. Зерттеу екі бөлімнен тұрады. Зерттеудің бірінші бөлімінде аталған төрт темперамент түрлері бойынша адамдар іріктелді. Зерттеудің екінші бөлімінде аталған топқа Мелатонин препараты 3 мг/тәул, 4 апта бойы берілді. Зерттеу нәтижелері әр түрлі темпераменттің адамдарына өмір сүру барысында белгілі бір қолайсыздықтар туғызатын, яғни, мінездің теріс сипаттары бойыша бағаланды.

Мелатониннің темпераменттік әсері

Мелатонин (Ñ-ацетил-5- метокситриптамин) . Мелатонин- ми безі- эпифиздің (томпақ дене) секреторлы жасушалары- пинеалоциттермен синтезделетін және жануарлар мен адам организміне бірегей әсер көрсететін нейропептид *2+. Мелатонин гормонын 1958 жылы А. Б. Лернер ашты *13+. Супрахиазматикалық ядролар мен шеткі мүшелер арасында ″делдал″ бола отырып, эпифиз мелатониннің көмегімен тәуліктік кезеңді үрдістердің реттелуіне қатысады. Эпифиз гипоталамустың супрахиазматикалық ядроларымен бірге «ішкі уақыт есебі» мен қартаю механизмінде маңызды рөл атақаратын орагнизмнің биологиялық сағат жүйесіне кіреді *1,8+. Эпифиздің организмдегі негізгі қызметтері: циркадианды және маусымдық ырғақтарды реттеу, репродуктивті жүйе қызметін реттеу, антиоксидантты және ісікке қарсы қорғаныс көрсетеді *2+.

Химиялық құрылымы бойынша мелатонин (Ñ-ацетил-5- метокситриптамин) биогенді амин серотониннің туындысы болып табылады, ал серотонин өз кезегінде тамақпен бірге түсетін амин қышқылы триптофаннан синтезделеді. Серотониннен N-ацетилтрансфераза ферментінің көмегімен мелатонин түзіледі *13+. Мелатонин эпифиз жасушаларында түзіліп, қанға бөлінуі тәуліктің қараңғы уақытында жүретіндігі; ал таңда және күндізгі уақытта гормон түзілуі айтарлықтай азаятындығы дәлелденді. Сыртқы жарық туралы мәліметті эпифиз құрылымында гипоталамустың супрахиазматикалық ядролары маңызды орын алатын құрылысы күрделі жүйке жолы арқылы алады.

Ақпарат көздің торлы қабатынан көру жүйкесі талшықтарының бойымен супрахиазматикалық ядроларға барады; бұдан кейін бұл сигналдар (белгілер) төмен қарай гипоталамус арқылы ми бағаны бойымен жұлынның мойын бөліміне жетеді; бұл жерде симпатикалық жүйке жүйесі талшықтарымен бас сүйек тесіктері арқылы қайтадан бас миына, ең соңында эпифизға жетеді *3,4+. Түнде супрахиазматикалық ядролар нейрондарының көп бөлігі қызмет атқармайды, бұл жүйке ұштары эпифиз жасушаларында (пинеалоциттер) мелатониннің түзілуін белсендіретін ферменттердің синтезін жоғарылататын норадреналин бөледі *3+. Қандағы гормон деңгейі жасқа, ұйқыға, жынысқа (әйелдерде ерлермен салыстырғанда гормон мөлшері жоғары), қоршаған орта температурасы мен электромагнитті өрістер әсер етуіне байланысты. Адам қанындағы мелатонин деңгейі мамыр айынан шілде айына дейінгі аралықта төмеңгі мөлшерде, яғни, күннің ең ұзақ мезгілі мен жарықтың ең көп болатын уақытына сай (тәуліктің ұзақтығына байланысты) *2+.

Мамыр айында, сонымен қатар, мелатонин деңгейінің тәулік бойғы ең аз (күндізгі) және ең көп (түңгі) деңгейлері арасындағы амплитуда ең жоғары деңгейге жетеді *15+. Мелатонин деңгейінің жоғары көтерілуінің ең ұзақ кезеңі қысқы уақытқа сай, бұл гипоталамус GnRH секрециясы белсенділігінің төмендеуіне белгі болып табылады. Осы өзгерістер қысқы уақытта ұрықтану қабілеттілігінің төмендеуіне әкеледі *2,14+. Гормон концентрациясы күндіз ең аз (1-3 пг/мл), әдеттегі ұйқыға жатар уақыттан 2 сағат бұрын оның концетрациясы жоғарылай бастайды. Қан сарысуындағы оның концентрациясы түнде күндізбен салыстырғанда 5-10 есе көп және мелотонин белсенділігінің ең жоғарғы мөлшері түнгі сағат 3-те байқалады да, таңғы сағат 7- лерде оның мөлшері азайып, кешке дейін өте төмен деңгейде сақталады *2,11+.

Мелатониннің адам организміндегі негізгі қызметтері. Маусымдық биоырғақтылықты реттейді; иммундық жүйе қызметін күшейтеді *2,14+; иммунитеттің төмендеген жағдайында оның айқын белсенуі және оны аз дозада қайталап енгізгенде антидене өндірілуі өзгеріп, вирусқа қарсы тұрақтылықты жоғарылатады *16+; антиоксидантты қызметі қартаюға қарсы әсер көрсетеді (оттегінің бос радикалдарын байланыстыра отырып, сонымен бір мезгілде супероксиддисмутаза мен каталазаны белсендіру арқылы организмнің антиоксидантты қорғаныс жүйесін қосады *12+; сағаттық белдеулер бойынша орын ауыстырғанда бейімделу үрдістерін күшейтеді *9+; қартаю үрдісіндегі зат алмасу өзгерістерінде көмірсу және май алмасуына жақсы әсер көрсете отырып қандағы холестерин мөлшерін төмендетеді; липидтердің тотығу үрдісін реттей отырып, атеросклероздың даму қаупін төмендетіп, жасты ұзартады *3,12+; АКТГ, норадреналин, вазопрессин және ренин бөлінуін төмендете отырып, артериалдық қан қысымының гормоналды реттелуіне қатысады және қартаю үрдістерін баяулатады *7+; ісікке қарсы әсер көрсетеді *15+.

Мелатониді мінез темпераменттеріне байланысты қолдану.

Темперамент - адамның психикалық әрекетінің нақты динамикасын айқындайтын психиканың дара қасиет- терінің жиынтығы. Бұл психикалық ерекшеліктер адамның барша іс-әрекетінде оның мазмұны, мақсаты және сеп-түрткілеріне тәуелсіз бірқалыпты көрінеді, есейген шақта да өзгеріске түспей, өзара байланыста темперамент кейпін өрнектейді *4+. Ол қасиеттер: қозу мен тежелу процестерінің күші, тепе-теңдігі, қозғалмалылығы. Осы үш қасиетті негізге ала отырып, И. П. Павлов жүйке процесінің күшіне орай және күшті тип пен әлсіз типті айыра, дәстүрлі Гиппократ типологиясына жақын жүйке жүйесінің төрт негізгі типін ажыратты *17+:

  • күшті, қозу мен тежелуі теңдей, қозғалмалы - сангвиник;
  • күшті, қозу мен тежелуі теңдей, салғырт - флегматик;
  • күшті, қозуы басым - холерик;
  • әлсіз тип - меланхолик.

Сангвиник - жоғары дәрежелі әрекетшең адам, дегенмен, бұл әрекетшеңдік оның белсенділік қасиетіне сай, қозу мен тежелуі тепе-тең. Назарын тартқанның бәріне араласа кетеді, ым-ишарасы мен қозғалыс қимылдары мәнерлі, шапшаң. Сәл нәрседен қарқылдап күледі, болмашы себептен көңілі қалып, мұңаяды. Бет- жүзінен көңіл-күйі, заттар мен адамдарға болған қатынасы білініп тұрады. Сезімталдығы өте жоғары, сондықтан ол оншама әсері болмаған дыбыстар мен жарыққа елеңдей бермейді. Мұндай адам көтеріңкі белсенділікке ие, жұмыс қабілеті мен қуатының жоғары болуынан жаңа іске қаймықпай кіріседі, ұзақ уақыт талып-шаршамастан қызметін жалғастыра алады. Зейінін таңдаған объектіне тез шоғырландырады, тәртіпті, қажет болса, өзінің ырықсыз әрекеттері мен сезімдеріне тоқтау, тиым бере алады. Әрекеті жедел, ақылы-ойы икемді, тапқыр, сөйлеу қарқыны шапшаң. Сезімдері, көңіл-күйі, қызығулары мен ниеттері өзгерген жағдайға байланысты жеңіл ауысып отырады. Сангвиник төңірегіндегілермен тіл табысқыш, жаңа талаптар мен жағдайларға икемшіл. Қиналмастан бір істен екіншісіне ауыса алады, қажет болса, қайта үйреніп, жаңа дағыларды қабылдауға шебер. Әдетте, бұл типті адам өткенімен болашағын болжастыруда өзінің субъективті пайымдауларының жетегінде қалып қоймай, көбірек сыртқы әсерлерді объектив бағамдауға бейім, экстраверт. [4,17]

Холерик. Сангвиник сияқты жай әсерлерге берілмейді, әрекетшең және белсенді. Бірақ холериктің әрекетшеңдігі белсенділіктен басымдау, сондықтан ол ұстамсыз, шыдамсыз, қызба. Сангвиникке қарағанда салғырттау, икемі кемірек. Осыдан - ниеттері мен қызығулары тұрақтылау, табанды, зейінін ауыстыруы қиындау, сезімі көбіне сырттай көрінеді, сондықтан - толық экстраверт *4,18+.

Флегматик - әрекеті енжар, сезімталдығы мен көңіл шарпулары кем көріністі. Оны күлдіру де, мұңайту да оңай емес, төңіректің бәрі күлкіден жығылып жатқанда, ол мізбақпас. Қай жағдайда да сабырлылығы мен байсалдылығын жоймайды. Ым-ишара жоқ, сөзі сылбыр, әрекеті жай. Жаңарған жағдайға икемделуі қиын, дағдылары мен әрекет-терін өзгертуі ауыр. Солай да болса, флегматик өте қуатты, жұмыстан шаршамайды. Шыдамды, ұстамды, сезімге берілмейді. Әдетте, жаңа адамдармен араласып кете бермейді, сырттай әсерге төзімді. Бар білгені ішінде - интраверт *4,17+.

Меланхолик. Өте сезімтал, бірақ әрекетшеңдігі кем адам. Болмашы нәрседен көзіне жас үйіріліп, өкпелегіш, сырттай әсерді күйзеліспен қабылдайды. Ым-ишарасы жоқтың қасында, дауысы мен қозғалысы өте сылбыр. Әдетте, өзіне сенімсіз, үркек, болмашы қиындықтан шегінеді. Меланхоликтің жігері кем, тез шаршайды, қызметі болымсыз. Зейіні тұрақсыз, оның барша психикалық процестері әлсіз. Көпшілік меланхоликтердің өздерінің тұйықтығы мен адамдардан оқшаулануынан ішіне түйгені көп- толық интраверт [4].

Мелатониннің темпераменттік әсерін зерттеу Мелатониннің темпераменттік әсерін зерттеу 2 бөлімнен тұрды.

  1. бөлім. Адамдардың мінез темпераментін анықтау.

Қатысушылардың көпшілігі өздерінің мінез темпераментін білмегендіктен және зерттеудің II бөліміне саны нақты адамдар тобын бөліп алу үшін (зерттеу нәтижесінде пайыздық көрсеткіштерді салыстыру үшін) зерттеуге 18-40 жас аралығындағы дені сау N- санды (саны белгісіз) адам қатысты.

  1. бөлім. I бөлімде анықталған төрт топ зерттеушілерге (төрт темпераментке сай) Мелатонин препаратының әсерін анықтау.

I бөлім. 18-40 жас аралығындағы зерттеушілерді алуымыздың себебі: 18 жаста адамның мінезі толық қалыптасады, ал 40- тан асқан адамдарда қартаю үрдістері басталуы және салыстырмалы түрде соматикалық аурулар жоғарылауы себепті өзін өзі субъективті бағалауы оң- жалған немесе жалған- оң нәтижелер беруі мүмкін.

Зерттеуге дайындық. Зерттелушілер саны бастапқы кезеңде белгісіз болғандықтан, сауалнамаларды өз темпераментін анықтағысы келген барлық адамдарға тараттық. Зерттеудің екінші кезеңінде Мелатонин препаратын қабылдау керектігі және препараттың әсері, мүмкін жанама әсерлері, мөлшері туралы алдын ала мәлімет берілмеді. Өз еркімен қатысушылар саны 55 адам, оларға 55 темперамент анықтау сауалнамасы үлестірілді *18+.

Сауалнамада әрбір темпераментке 20 түрлі сипаттамадан 80 сипаттама (20 х4 =80) аралас жазылған. Темперамент түрін анықтау әдістемесі төменде берілген төрт кестенің қосындысы түріндегі сауалнама ретінде ұсынылды. Адамдар қасиеттер жазылған мәтінді оқи отырып, егер оның кейбірі өз бойынан байқалатын болса, онда «иә» деп жауап беру немесе қасиет тұсында «+» белгісін қоюы қажет.

Нәтижелерді өңдеу алгоритмі. Алдымен, «иә» деп берілген жауаптардың жалпы санын шығару керек. 80 қасиеттің кемінде 20- сында «иә» немесе «+» белгісі тұрса, сауалнама толтырған адамның темпераменті төмендегі кестеге сәйкес анықталды.

1 кесте - Сангвиник [17]

Қасиеттер

 

1

Шыдамсызсыз

 

2

Қызбасыз, ашушаңсыз

 

3

Тік мінездісіз, адамдармен қарым қатынаста дөрекісіз

 

4

Батыл және бастамашылсыз

 

5

Бірбеткейсіз

 

6

Пікірталаста тапқырсыз

 

7

¥мтылыспен жүмыс істейсіз

 

8

Кекшілсіз және ренжігішсіз

 

9

Сөзіңіз тез, қызба, дауыс ырғағы ретсіз

 

10

¥шқалақсыз, қызба мінездісіз

 

11

Агрессивті, сотқарсыз

 

12

Тәуекелге бейімсіз

 

13

Кемшіліктерге төзімсізсіз

 

14

Мәнерлі ымды тез түсінгішсіз

 

15

Тез және шешімді қимылға қабілеттісіз

 

16

Жаңалыққа ұмтылғышсыз

 

17

Шалт және шұғыл қозғалатын адамсыз

 

18

Қойылған мақсатқа жетуде табандысыз

 

19

Әбігершілсіз

 

20

Көңіл-күйдің тез ауысуына бейімсіз

 

2 кесте - Холерик [17]

Қасиеттер

 

1

Көңілдісіз

 

2

Қуатты және іскерсіз

 

3

Көбіне істі соңына дейін жеткізбейсіз

 

4

Өзіңізді асыра бағалауға бейімсіз

 

5

Жаңаны тез ұғып алуға қабілеттісіз

 

6

Қызығушылықтарыңыз бен бейімділіктеріңіз тұрақсыз

 

7

Сәтсіздіктер мен жаманшылықтарды жеңіл қабылдайсыз

 

8

Әртүрлі жағдайларға тез бейімделесіз

 

9

Іске қызығып кірісесіз

 

10

Егер іс қызықтырмаса, тез айнып қаласыз

 

11

Жаңа жүмысқа тез кірісіп кетесіз, бір жүмыстан екіншісіне тез ауыса аласыз

 

12

Күнделікті жұмыстың бірыңғайлылығы тез шаршатады

 

13

Көпшілсіз, қайырымдысыз, жаңа адамдар шаршатпайды, қысылмайсыз

 

14

Шыдамдысыз және еңбекке қабілеттісіз

 

15

Мәнерлі қимылдар мен ишараларды қолдана отырып тез, анық сөйлей аласыз

 

16

Кенеттен болатын жағдайларда өзіңізді ұстай білесіз

 

17

Барлық кезде сергек күйдесіз

 

18

¥йқыға тез кетіп, тез оянасыз

 

19

Ақжарқынсыз

 

20

Шешімдер қабылдауда көбінесе жинақы емес, асығыссыз

 

3 кесте - Флегматик [17]

Қасиеттер

 

1

Сіз байыпты, сабырлысыз

 

2

Істе жүйелі және байсалдысыз

 

3

Сақ жүресіз және парасаттысыз

 

4

Күте білесіз

 

5

Тұйықсыз және бос сөйлегенді ұнатпайсыз

 

6

Қатты эмоция, қимылдар мен ишараларсыз, байсалды және бірқалыпты сөйлейсіз

 

7

¥стамды әрі шыдамдысыз

 

8

Басталған істі аяғына дейін жеткізесіз

 

9

Күшіңізді босқа жұмсамайсыз

 

10

Өмірде тәртіпті, жұмыста жүйені қатаң ұстанасыз

 

11

Қарқынды жеңіл тежейсіз

 

12

Мақтау мен даттауға көп көңіл бөлмейсіз

 

13

Кекшіл емессіз. Қонақтарға кішіпейілділік білдіресіз

 

14

Қызығушылықтар мен қарым-қатынастарда тұрақтысыз

 

15

Жұмысқа және бір істен екінші іске жай кірісесіз

 

16

Адамдармен қатынаста бір қалыптысыз

 

17

Барлық істе ұқыптылық пен тәртіпті ұнатасыз

 

18

Жаңа жағдайға қинала бейімделесіз

 

19

¥стамдысыз

 

20

Аз қозғаласыз, салғыртсыз,босаңсыз

 

4 кесте - Меланхолик [17]

Қасиеттер

 

1

Сіз ұяңсыз, ұялшақсыз

 

2

Тосын жағдайда абыржып қаласыз

 

3

Бейтаныстармен байланыс орнатуға қиналасыз

 

4

Өз күшіңізге сенбейсіз

 

5

Жалғыздықты жеңіл көтересіз

 

6

Сәтсіздікте абдырап қаласыз және ұнжырғаңыз түсіп кетеді

 

7

ұяңсыз, тұйықсыз

 

8

Тез шаршайсыз

 

9

Кейде сыбырлап, өлсіз дауыспен сөйлейсіз

 

10

Өзге адам мінезіне амалсыз бейімделесіз

 

11

Мақтау мен даттауды қолайсыз көресіз

 

12

Өзіңізге және өзгелерге үлкен талап қоясыз

 

13

Күмәншілсіз

 

14

Армандауға бейімсіз

 

15

Өте сезімталсыз және тез ренжисіз

 

16

Әсерленгішсіз

 

17

Тез ренжисіз

 

18

Тұйықсыз, көпшіл емессіз

 

19

Басқалардың көмектесуі мен ниеттес болғанын қалайсыз.

 

¯¯20

Белсенді емес, жасқаншақсыз

 

Зерттеу нәтижелері. Зерттеудің I кезеңіне қатысқан 55 адамнан 40 адам ( 10 сангвиник, 10 холерик, 10 флегматик, 10 меланхолик) зерттеудің II кезеңіне алынды. Қалған 15 адамның мінез темпераменті аралас түрі (жартылай флегматик, жартылай меланхолик немесе жартылай сангвиник, жартылай холерик типті) болғандықтан, темпераменттің нақты төрт түріне Мелатониннің әсерін зерттеу сатысына алынбады.

II бөлім.

5 кесте +Мелатонин 3 мг/тәул, 4 апта. Сангвиник (10 адам).

Төрт түрлі темпераменттің «жақсы» және «жаман» қасиеттері әр түрлі болғандықтан, Мелатониннің әсерін зерттеу үшін төрт топқа бірдей көрсеткіштер алу мүмкін емес. Таңдап алынған 4 топтың әрқайсысына (10 адам) Мелатонин ең аз терапевттік дозада 3 мг/тәул, 4 апта бойы берілді. 4 топқа арналған көрсеткіштер осы топ адамдарына өмір сүру барысында ең көп қолайсыздықтар туғызатын 6 белгі бойынша алынды.

Белгілер

Емге дейін,%

Емнен кейін, %

Емдеу курсынан кейін жақсару, %

шыдамсыздық

100

40 ~

60

ашушаңдық

100

50

50

ренжігіштік

90

40

50

агрессивтілік

80

30

50

тез қозғалушылық

100

30

70

көңіл күйдің тез ауысуы

90

30

60

6 кесте -Мелатонин 3 мг/тәул, 4 апта. Холерик (10 адам).

Белгілер

Емге дейін,%

Емнен кейін, %

Емдеу курсынан кейін жақсару, %

асығыстық

100 ~

50

50

тұрақсыздық

100

50

50

қызығушылық

100

40

60

Бастаған істі соңына дейін жеткізбеушілік

90

40

50

өзін асыра бағалаушылық

80

30

50

Тез оянушылық

90

40

50

7 кесте - Мелатонин 3 мг/тәул, 4 апта. Флегматик (10 адам).

Белгілер

Емге дейін,%

Емнен кейін, %

Емдеу курсынан кейін жақсару, %

салғырттық

70 ~

70

0

тұйықтылық

100

100

0

тәртіпті қатты ұстанушылық

90

90

0

жайлық

100

100

0

Бір істен екінші іске ауысу қиындығы

80

90

-

Жаңа жағдайларға бейімделудің төмендігі

90

90

0

8 кесте - Мелатонин 3 мг/тәул, 4 апта. Меланхолик (10 адам).

Белгілер

Емге дейін,%

Емнен кейін, %

Емдеу курсынан кейін жақсару, %

ұялшақтық

100 ~

100

0

өзіне өзі сенімсіздік

100

60

40

Күмәншілдік

100

70

30

пассивтілік

100

100

0

тез ренжігіштік

90

90

0

уайымдаушылық

100

70

30

Зерттеу нәтижесі. Зерттеудің II бөлімінің қорытындысы бойынша Мелатонин 3 мг/тәул, 4 апта бойы қабылдау сангвиник пен холерикте жақсы нәтиже берді. Сангвиникте өмір сүру барысында қолайсыздықтар тудыратын қасиеттер: шыдамсыздық- 60%, ашушаңдық- 50%, ренжігіштік- 50%, агрессивтілік- 50%, тез қозғалушылық- 70%, көңіл күйдің тез ауысуы- 60% төмендеді. Холерикте: асығыстық- 50%, тұрақсыздық- 50%, қызығушылық- 60%, бастаған істі соңына дейін жеткізбеушілік-50%, өзін асыра бағалаушылық- 50%, тез оянушылық- 50% төмендеді. Флегматикте: салғырттық, тұйықтылық, тәртіпті қатты ұстанушылық, жайлық, бір істен екінші іске ауысу қиындығы, жаңа жағдайларға бейімделу төмендігі көрсеткіштері өзгеріссіз қалды. Меланхоликте: ұялшақтық- өзгеріссіз, өзіне өзі сенімсіздік- 40%, күмәншілдік- 30%, пассивтілік- өзгеріссіз, тез ренжігіштік- өзгеріссіз, уайымдаушылық- 30% төмендеді. Осыдан шығатын қорытынды, сангвиник пен холериктерге Мелатонин препаратын 3 мг/тәул мөлшерде беру жоғарыда айтылған қасиеттердің төмендеуіне әкеліп, жалпы өмір сүру барысында мінезбен байланысты туындайтын қиыншылықтарды жеңуде жақсы әсер көрсетеді. Флегматикте Мелатонин әсерінен өзгеріс болмады, яғни, флегматик темпераментті адамдарға препараттың әсері жоқ. Меланхоликтерде Мелатонин екі көрсеткіш бойынша (өзіне өзі сенімсіздік пен уайымдаушылық) тиімді әсер етті. Меланхолик типті адамдар депрессивті жағдайлар мен күйзелістерге түсуге басқа типтермен салыстырғанда жақын болғандықтан, Мелатонин препараты өзінің антидепрессивті және күйзеліске қарсы әсерін тағы бір рет дәлелдеді.

Қорытынды.

Мелатониннің адам ағзасындағы рөлі зор. Жалпы жүргізілген зерттеулердің көпшілігі мелатониннің адам ағзасындағы ырғақ түзуші, ұйқы реттеуші, қартаюға қарсы, иммунды жүйені ынталандырушы, тропты гормондардың бөлінуі мен репродуктивті жүйені реттеуші, қатерлі ісікке қарсы қызметтерін зерттеуге негізделген. Адамның мінез темпераменттеріне де мелатониннің әсері бар екендігі жүргізілген зерттеу нәтижесінде анықталды. Зерттеу нәтижесінде анықталғандай, Мелатонин препараты мінез  темпераменттеріне әр түрлі әсер көрсетеді. Сангвиник пен холерикке препарат тиімді әсер көрсететіндігі, флегматикке әсері жоқтығы және меланхоликте күйзелістік жағдайларда айтарлықтай әсері бар екендігі анықталды.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Анисимов В.Н. Молекулярные и физиологические механизмы старения. - СПб: Наука, 2003. - 467 с.
  2. В.Н. Анисимов, И.А. Виноградова Старение женской репродуктивной системы и мелатонин. Издательство «Система», 2008. - 44 с.
  3. 3. Анисимов В.Н., Рейтер Р.Д. Функции эпифиза при раке и старении //Вопросы онкологии. - 1990. - Т.36. - C.259-268.
  4. Сәбет Балтаұлы Бап-Баба (Бабаев). Алматы: Заң әдебиеті, 2006.-275 б.
  5. Арушанян Э.Б. Хронобиологические особенности невротических расстройств и анксиолитического эффекта психотропных средств//Рос. психиатр. журн. - 2000. - №1. - C.26-32.
  6. Арушанян Э.Б. Антидепрессанты. - Ставрополь: 2002. - 330C.
  7. Арушанян Э.Б. Антистрессорные возможности эпифизарного мелатонина. В кн.: Мелатонин в норме и патологии. - М.: 2004. - C.198-222.
  8. Арушанян Э.Б. Гормон эпифиза мелатонин - новое ноотропное средство? //Экспер. и клин. фармакол. - 2005. - Т. 68. - №3. - C.74-79.
  9. Арушанян Э.Б., Арушанян Л.Г., Симонов И.А. Физиологические и фармакологические особенности эпифизарных пептидов // Экспер. и клин. фармакол. - 2001. - Т. 64. - №.4. - C.73-79.
  10. Арушанян Э.Б., Арушанян Л.Г., Эльбекьян К.С. Место эпифизарно-адренокортикальных отношений в поправочной регуляции поведения // Успехи физиол.наук. - 1993. - Т.24. - №4. - C.12-28.
  11. Арушанян Э.Б., Батурин В.А. Депрессия, антидепрессанты и биологические часы // Журн. невропатол. и псхиатр. - 1995. - Т. 95. - №3. - C.85-89.
  12. Арушанян Э.Б., Батурин В.А., Попов А.В. О реципрокных отношениях между супрахиазматическими ядрами гипоталамуса и эпифизом в процессе перестройки циркадианной подвижности крыс при изменении светового режима // Журн. высш. нервн. деят. - 1993. - Т.43. - №1. - C.69-75.
  13. Arendt J. Melatonin and the mammalian pineal gland. Chapman and Hill. - London: 1994. - 214 p.
  14. Armstrong S.M. Melatonin the internal Zeitgeber of mammals? //Pineal Res. Rev. - 1989. - V.7. - P.157-202.
  15. Bartsch C., Bartsch H. Significance of melatonin in malignant diseases //Wien. Klin. Wochenschr. - 1997. - V.109. - P.722-729.
  16. Lieberman H.R., Lea A.E. Melatonin: effect on sleep and behavior in man. In: Melatonin. Clinical Perspectives. - Oxford Univ.Press: 1988. - P.118-127.
  17. Абрамова Г.С. Практическая психология. 6-е изд., перераб. и доп. - М.: Академический Проект, 2003 - 496 с.
  18. Немов Р.С. Психология . 1 том. - Юрайт: 2011. - 726 с

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.