Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Бағаны мемлекеттік реттеудің негізгі алғы шарттары

Дәрілік заттарға баға қалыптастыру экономикалық жағынан маңызды категориялардың бірі болып табылады. Дәрілік заттарға бағаны қалыптастыру әртүрлі факторларға тәуелді болады. Атап айтар болсақ: сұраныс, ұсыныс және экономикалық жағдай. Бұл мақалада біз дәрілік заттардың импорт көлемін анықтап, бағаны қалай белгілеумәселелерін талдадық.

Өзектілік. Дәрілік заттарға баға қалыптастыру экономикалық жағынан маңызды категориялардың бірі болып табылады. Дәрілік заттарға бағаны қалыптастыру әртүрлі факторларға тәуелді, яғни сұраныс, ұсыныс және экономикалық жағдай. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында дәрі-дәрмектерге деген баға құбылмалы болып тұруда. Әсіресе, шет мемлекеттерден әкелінетін фармацевтикалық өнімдердің құны шарықтауда. Тек былтырғы жылдың өзінде мемлекетте импорт көлемі экспорт көлемінен 43 ретке өсті [1]. Қазақстанныңфармацевтикалық бағыты шет ел импортына өте тәуелді болып келеді. Алайда, осы импорттық фармацевтикалық өнімдердің барлығы дерлік Қазақстанда ресми тіркелген.

Бұл жағдай қарапайым халықтың қалтасына салмақ түсіретіні сөзсіз. Алайда алдағы уақытта елімізде дәрі- дәрмектің баға саясатын бақылауға аса мән берілмек. Елбасының жолдауында: «Заңнамалық тұрғыдан барлық дәрі-дәрмектің бағасын реттеуді енгізу қажет», - деп аталып көрсетілген[2]. Бүгінде бұл жолдауда жүктеген міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда.

Зерттеу нәтижесі. Қазіргі таңда медикаменттердің жиынтық нарығы шамамен 8000 атауды қамтиды.Оның ішінде, рецептурамен босататын дәрілер 72%- ды, ал рецептсіз босататын дәрілер 28%-ды құрайды. Осы ретте отандық өндірушілер,халықты дәрілік заттармен тек 30 пайызға ғана қамтиды. Себебі,Қазақстан Республикасында дәрі-дәрмекөндірісі баяу дамуда. Соңғы 15 жыл ішінде отандық өндірушілердің дәрілік нарық көлеміндегі ақшалай көріністегі үлесі үш пайыздан он пайызға ғана ұлғайған. Яғни, отандық өндірушілер тұтынылатын дәрі-дәрмектер көлемін он пайыздан аспайтын өнімін шығарады. Қазақстан Республикасында фармацевтика мен медицина өнімін өндірушілерінің жалпы 89 кәсіпорыны бар [3]. Ірі зауыттар үлесіне Қазақстанда шығарылатын барлық дәрі- дәрмектердің ақшалай көріністе тоқсан пайыздан астамы ғана тиесілі.Бұл ретте келесі, отандық кәсіпорындарды атап өтеуге болады:«Химфарм» АҚ, «Глобал Фарм БК» ЖШС, «Нобел АФФ» АҚ, «Қарағанды фармацевтика кешені»АҚ.Отандық фармацевтикалық өнеркәсіптің баяу дамуына негізгі проблемасы- арзан және ауқымсыз отандық ассортименті болып табылады. Бұл ретте отандық өндірушілердің өнім портфелінің негізгі бөлігін рентабелділігі төмен дженерикті препараттар (олардың жалпы нарық көлеміндегі үлесі 85%) құрайды, ал ерекше препараттар нарығы 15 %-ды құрайды. Бұл дәрі-дәрмек өндірушілеріне өз пайдасын жаңа ерекше дәрілік препараттарды зерттеу мен әзірлеуге бөлуге мүмкіндік бермейді. Қазақстан Республикасының отандық фармацевтикалықөндірісі шетел компанияларымен салыстырғанда жалпы дәрілік заттың саны бойынша артта қалып келеді. Бұл шетел компанияларының барлық дәрі- дәрмектері Қазақстанда тіркелген.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының фармацевтикалық өнімдерінің импорт үлесі 70 пайызға жетіп отыр. Бұл мәселені, яғни шетелден жеткізілетін фармацевтикалық өнімдерді уақытылы, толық қамтамасыз етуді,шешу мақсатында мемлекет тарапынан біріңғай дистрибьютор«СК-Фармация» АҚқұрылған болатын. Бұл ұйымның негізгі міндеті медикаменттерді барынша тез жеткізу маңызды рөлде болып тұр. Шетелден келетін фармацевтика өнімдердің басты жабдықтаушылары ТМД мен АҚШ компаниялары болып отыр. Бұл өнімдердің көбісі дистрибьютерлік компаниялары «Медсервис плюс»ЖШС, «Стофарм»ЖШС, «Аманат»ЖШС, арқылы келеді. Өндірушілердің баға белгілеу стратегиясықарастыру мақсатында, біз прайс- парақтарына сүйенсе отырып, олардың өз бағаларын АҚШ долларында бекітетінін анықтадық. Біздің елімізде валюта бір қалыпты жағдайда тұрмағанына байланысты,шетелден келетін дәрі- дәрмектерде әр түрлі баға болады. Сондықтан, әр елден келеін бір дәрі-дәрмекке баға әртүрлі болып бекітілінеді. Елімізге келетін дәрі-дәрмектердің көбі шетелден жеткізілетін болғандықтан, оны тасымалдау жұмысымен әзірге жеке меншік фирмалар ғана айналасады. Сондықтан олар дәрі-дәрмектердің бағасына жол шығынын, салықты және өздерінің үстеме пайыздарын қосады. Бірақ ол фирмалардың үстем ақысының қандай мөлшерде болу керектігін ешкім бақылауға алмайды. Өйткені барлық шетел мемлекеттерімен келісім-шарт жасалып қойылған.Мысалы, мемлекет МККК негізінде осы жылы бір ампула димедролдың бағасын 6,99 теңгеге бекіткен. Ал дәріханаларда ол 22 теңгеге дейін жеткен. Яғни оған бөлшек саудада бағаны 3 есеге көтерген.

Бүгінгі таңда мемлекет нарықтағы дәрі-дәрмектердің тек 54% пайызын ғана бақылайды, ал қалған 44% бақылаусыз болып қалуда. Көптеген сарапшылар еліміздің фармацевтикалық нарығын зерттеп, біздің өзіміз бүкіл дәрі- дәрмектерді жасай алатын шамада екенімізді айтып өтеді.Фармацевтикалық нарықтың заманауи жағдайы көбінесе шет елдік валютаның теңге бағамына тәуелді болып келеді. Мысалы, айта кетсек,2015 жылы болған девальвациядан кейін, көтерме дистрибьюторлардың орташа баға өсімі 30,2 пайызды құрады, ал бөлшек сауданың орташа баға өсімі 44 пайызды құраған. Бұл деректер 7 дәрілік заттарға талдау жасау арқылы, Алматы қалаларында орналасқан ЖШС«ТурСад» дистрибьюторлық компаниясынан және ЖК «Садирмекова» дәріханасынан алынған (кесте 1).

Фармацевтикалық нарықтың заманауи жағдайы көбінесе шет елдік валютаның теңге бағамына тәуелді.

Кесте 1 - Дәрілік заттардың 2014-2015 жылдардағы орташа баға өсімінін көрсеткіштері

Дәрілік зат

Көтерме орташа баға

Өсуі (%)

Бөлшек орташа баға

Өсуі (%)

   

2014ж

2015ж

 

2014ж

2015ж

 

1

Амбробене 30 мг №20 таблетка

565

811

30,6%

678

975

30,1%

2

Парацетамол 0,5 мг №10 таблетка

18

30

40%

25

40

38,7%

3

Вольтарен эмульгель 1% 20 гр гель

650

840

22,7%

780

1020

23,6%

4

Галазолин 0,1% 10

мл капли

190

355

46,4%

230

430

46,6%

5

Дексаметазон 0,004 мл 1 мл №25

1160

1445

20%

1392

1735

19,8%

6

Демотон- Б12 5 мл №5 ампула

1440

1820

20,2%

1750

2200

21,5%

7

Анаферон №20

таблетка

750

1100

32,3%

900

1320

32,1%

Біз талдау нәтижесінде, аталған дәрілік затқа баға беру жүйесі көтерме саудада және дәріханаларда бекітілген көрсеткіштер шегінде екеніанықтадық. Көтерме дистрибьюторлары -15 пайызға дейін, ал дәріханалар- 23-25 пайызға дейін үстеме бекітетіндігін айқындадық.

Қазіргі таңда Елбасы Н. Назарбаевтың тапсырмасын орындау мақсатында, «Денсаулық» мемлекеттік бағдарлама аясында денсаулық сақтау ұйымдарынан топтастырылған республикалық сараптама тобы құрылып, мемлекет тарапынан дәрі-дәрмектерге баға белгілеу мәселесі бойынша іске кірісуде. Аталған жұмыс тобының негізгі міндеті болып фармацевтикалық өнімді шығарушылардан бастап, дәріхана ұйымдарына дейін бағаларды бекіту бойынша ұсыныстарды қарастырып, баға құрудың әдістемесін әзірлеу болып табылады. Егер, дәрі-дәрмек тасымалдаумен айналысатын кейбір компаниялармен мемлекет арасында меморандумдар жасалғанын ескерсек, онда бағаны үнемі бақылауда ұстау қиынға соғатындығын атап өткен жөн, дәрі-дәрмекке деген баға күн сайын құбылуда.

2017 жылдың басында кейбір дәрілік препараттарға, соның ішінде ыстықты түсіретін, жөтелді басатын және тұмау, аллергия, басқа да жұқпалы ауруларға қарсы препараттардың бағасына мониторинг жүргізілу нәтижесінде, бірқатар дәріханада кейбірпрепараттардың бағасы 5-15%-ға дейін көтерілгені анықталды. Үкіметтің дерегі бойынша мемлекет қаржысына сатып алатын дәрі- дәрмектердің шамамен 30 пайызы ғана отандық өндірушілердікі екені анықталды. Ал қалған пайыздың орнын шетелдік қымбат дәрілер толтыратыны анықталды. Қорытынды. Қорыта келгенде, жоғарыда атап өткен мәселені ескере отырып, біз дәрі-дәрмек бағасын мемлекеттік реттеу жүйесін жасау қажеттілігін анықтадық. Сонымен қатар, отандық дәрі-дәрмектің үлесін арттырып, фармацевтикалық зауыттарды көбейту қажеттілігін атап көрсеттік. 2014 жыл және 2015 жыл аралығындағы валютанын теңгеге қатынасы салдарынан дәрі-дәрмек бағасы біркелкі емес өскенін анықтадық.

 

ӘДИБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Постановление Правительства Республики Казахстан от 16 марта 2016 года № 143 «Об утверждении Плана мероприятий по реализации Государственной программы развития здравоохранения Республики Казахстан "Денсаулық" на 2016 - 2019 годы». - Астана 2016.
  2. Приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 27 мая 2015 года № 392 «Об утверждении надлежащих фармацевтических практик». - Астана 2015.
  3. Указ Президента Республики Казахстан от 15 января 2016 года № 176 «Государственная программа развития здравоохранения Республики Казахстан «Денсаулық» на 2016-2019 годы.
  4. Государственный стандарт Республики Казахстан «Надлежащая аптечная практика». СТ РК 1615-2006. - [портал http://adilet.zan.kz].
  5. Фармацевтический обозрение Казахстана[ История, основные направления развития и текущее состояние] [ElectronicResource];-http://pharm.reviews/images/novosty/aquitas.pdf- М: Алматы, РК 2016 г.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.